Атырау облысы



1) 1 000 000 000 000 ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
2) Атырау
3) Ақтөбе
4) ӨНДІРІСТІ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Өткен жыл облыс экономикасы үшін та¬быс¬сыз болған жоқ. Өнім өндіру көлемі бұрын¬ғы жылдарға қарағанда күрт өсті. Облыста алғаш рет 1 059, 7 миллиард теңгенің өнеркә¬сіптік өнімі өндіріліп, триллиондық межеге қол жетті. Мұндай жетістік жылдағыша мұнай-газ өнеркәсібі саласында басым бағытқа ие болып отыр. Былтыр осы салада 951,6 мил¬лиард теңгенің өнімі өндірілсе, соның ішінде “қара алтын” көлемі 17,2 миллион тоннаны құрады. Жалпы, қазыналы өңір экономикасы¬ның басты тегершігіне айналған мұнай-газ өнеркәсібі өзге салалардың да қарқынмен дамуына ықпал ететіні жасырын емес.
Облыс экономикасы осылайша жылма-жыл жедел өркендеген сайын электр қуатын тұ¬тыну¬ға сұраныс та артып тұр. Дерекке жүгінер болсақ, облыста бес жыл бұрын электр қуатын тұтыну 1 миллиард 860 миллион киловатт-са¬ғаттың шамасында болған екен. Қазір электр қуатына сұраныстың 2 миллиард 700 миллион киловатт-сағатқа артқаны байқалып отыр. Тек соңғы екі жылдың ішінде 286 мегаваттық қосымша қуат көзін пайдалануға 2600 заңды және 7100 жеке тұлғалардан өтініш түскенімен, энер¬гетиктер тарапынан 3,6 пайыздық сұраныс қана қанағаттандырылған. Неге? Бұл сауал¬дың нақты жауабын энергетиктер энергетика¬лық қамту нысандарының әбден тозығы жеткендігімен түсіндіреді. Өйткені, облыста осы саланың негізгі нысандары 30 жылдан астам мерзім бұрын пайдалануға беріліпті.
Тұтынушыдан тиындап болса да қаржы жи¬науға әбжіл энергетиктер екі шұқып, бір қарай¬тын электр желілері мен подстансалар жабдық¬тарына жан-жақты жүргізілген талдау мен сарап¬тама қорытындысы кім-кімді де алаңдатар¬лықтай. Облыс әкімі Аслан Мусиннің мәлім етуінше, электр жүйелері мен кабель желілерінің тозуы 25-54 пайыз аралығын, трансформатор подстансалары мен тарату нүктелерініңы жүргізілген талдау мен сарап¬тама қорытындысы кім-кімді де алаңдатар¬лықтай. Облыс әкімі Аслан Мусиннің мәлім етуінше, электр жүйелері мен кабель желілерінің тозуы 25-54 пайыз аралығын, трансформатор подстансалары мен тарату нүктелерінің тозуы 49 пайызды құрайды. 700 шақырымдық электр желісі мен 100 шамалы трансформатор подстан¬сасының әлі күнге иесі жоқ. Облыс энерге¬тикасында 40 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан ескі жабдықтар әлі де көптеп кез¬деседі. Осыдан кейін электр қуатын тұтынушы¬лар сұра¬нысының дер кезінде қанағаттандырылмауы¬ның астарында осындай себептер жатыр деуге негіз бардай. Қазірдің өзінде 600-ге жуық жеке тұрғын үй мен оншақты көп қабатты ғимарат тұрақты электр желісіне қосылмай тұр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Атырау Облысы

1 000 000 000 000 теңгенің өнімі өндірілді
 
Өткен жыл облыс экономикасы үшін табыссыз болған жоқ. Өнім өндіру көлемі
бұрынғы жылдарға қарағанда күрт өсті. Облыста алғаш рет 1 059, 7 миллиард
теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндіріліп, триллиондық межеге қол жетті.
Мұндай жетістік жылдағыша мұнай-газ өнеркәсібі саласында басым бағытқа
ие болып отыр. Былтыр осы салада 951,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілсе,
соның ішінде “қара алтын” көлемі 17,2 миллион тоннаны құрады. Жалпы,
қазыналы өңір экономикасының басты тегершігіне айналған мұнай-газ
өнеркәсібі өзге салалардың да қарқынмен дамуына ықпал ететіні жасырын
емес.
Облыс экономикасы осылайша жылма-жыл жедел өркендеген сайын электр қуатын
тұтынуға сұраныс та артып тұр. Дерекке жүгінер болсақ, облыста бес жыл
бұрын электр қуатын тұтыну 1 миллиард 860 миллион киловатт-сағаттың
шамасында болған екен. Қазір электр қуатына сұраныстың 2 миллиард 700
миллион киловатт-сағатқа артқаны байқалып отыр. Тек соңғы екі жылдың
ішінде 286 мегаваттық қосымша қуат көзін пайдалануға 2600 заңды және 7100
жеке тұлғалардан өтініш түскенімен, энергетиктер тарапынан 3,6 пайыздық
сұраныс қана қанағаттандырылған. Неге? Бұл сауалдың нақты жауабын
энергетиктер энергетикалық қамту нысандарының әбден тозығы жеткендігімен
түсіндіреді. Өйткені, облыста осы саланың негізгі нысандары 30 жылдан
астам мерзім бұрын пайдалануға беріліпті.
Тұтынушыдан тиындап болса да қаржы жинауға әбжіл энергетиктер екі шұқып,
бір қарайтын электр желілері мен подстансалар жабдықтарына жан-жақты
жүргізілген талдау мен сараптама қорытындысы кім-кімді де алаңдатарлықтай.
Облыс әкімі Аслан Мусиннің мәлім етуінше, электр жүйелері мен кабель
желілерінің тозуы 25-54 пайыз аралығын, трансформатор подстансалары мен
тарату нүктелерініңы жүргізілген талдау мен сараптама қорытындысы кім-кімді
де алаңдатарлықтай. Облыс әкімі Аслан Мусиннің мәлім етуінше, электр
жүйелері мен кабель желілерінің тозуы 25-54 пайыз аралығын, трансформатор
подстансалары мен тарату нүктелерінің тозуы 49 пайызды құрайды. 700
шақырымдық электр желісі мен 100 шамалы трансформатор подстансасының әлі
күнге иесі жоқ. Облыс энергетикасында 40 жылдан бері пайдаланылып келе
жатқан ескі жабдықтар әлі де көптеп кездеседі. Осыдан кейін электр қуатын
тұтынушылар сұранысының дер кезінде қанағаттандырылмауының астарында
осындай себептер жатыр деуге негіз бардай. Қазірдің өзінде 600-ге жуық
жеке тұрғын үй мен оншақты көп қабатты ғимарат тұрақты электр желісіне
қосылмай тұр.
Аймақтағы энергетиктерде электр қуатымен қамту жүйесін дамыту және
дағдарыстан шығаруды көздеген ұсыныс болмағанына қынжылыс білдірген облыс
әкімі: “Облыстың энергетика саласындағы түйінді мәселелер осылай жалғаса
беретін болса, алдағы 4-5 жыл ішінде атыраулық энергетиктердің тұйыққа
тірелу қаупі бар”, деп мәлімдеді. Бұл тек осы саланы дағдарысқа ұшыратып
қана қоймай, қазыналы аймақ экономикасына да кері әсерін тигізетіні анық.
Сондықтан электр желілерін дамытуға арналған жоспарлы бағдарламаны жүзеге
асыруға республикалық бюджеттен трансферт жолымен және жергілікті бюджет
қаржысы арқылы жылына 1 миллиард 108 миллион теңге қарастыра аламыз.
Осылайша, 5 жылда 6 миллиард теңге шамасындағы қаржы бюджеттен бөлінеді.
Бұдан өзге ТШО, Аджип секілді ірі инвесторлар жылына 9 миллион АҚШ
доллары (6,03 миллиард теңге) шамасында қаржы бөлуге келісім беріп отыр.
Ал 10,2 миллиард теңгені қуаттарды арттыруға және Атырау жылу-электр
орталығындағы технологиялық желілер мен жабдықтарды жаңғыртуға жұмсау
қажет. Бұл қаражат шаруашылық нысанымен электр энергиясын өткізуден түскен
табыспен өтеледі. “Атырау-Жарықтың” өзі қазіргі тарифті сақтап,
амортизациялық аударылымдар мен қолданыстағы активтерге табыс мөлшері
есебінен 5 жылда 597 миллион теңге инвестиция салуға мүмкіндігі бар, деп
есептейді облыстағылар.
Қорыта айтқанда, “Атырау қаласы мен Атырау облысында энергиямен жабдықтау
жүйесін үйлестіру және жаңғырту туралы” бағдарламаны іске асыруға 43,2
миллиард теңге шамасында инвестиция қажет. Облыс әкімдігінің бұл ұсынысын
кәсіпкерлер мен өзге де саланың өкілдері қуаттап отыр.

Атырау

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдары-ақ мұнайлы аймақ – Атырау өңіріне
дүние жүзіне белгілі инвесторларды тарту мәселесі қаралып, жүзеге асырыла
бастады. Бұл бір өте ауыр, ел тағдыры шешілер сәт еді. Елбасының тікелей
араласуымен, үлкен табандылықпен басталған бұл іс бүгін еліміз қол
жеткізген орасан зор жетістіктердің маңызды факторларының бірі болғанына,
бұл Елбасымыздың көрегендігінің дәлелі екеніне бәріңіз де қазір куәсіздер.

Осының арқасында Атырау облысы экономикасы өте жедел қарқынмен дамып келе
жатқан мұнай-газ өндірісінің орталығына айналды.

Осы сапарға шығар алдында облыстың экономикалық-әлеуметтік даму
көрсеткіштерімен таныса отырып байқағаным, облыстағы өнеркәсіп өнімі өткен
жылдың қорытындысы бойынша 1222,5 миллиард теңгені, немесе республика
көрсеткішінің 19 проценттен астамын құрайды екен.

Экономика дамуының негізгі көзі инвестицияны алсақ, өткен жылы облыс
өндірісіне 756,6 миллиард теңге инвестиция әкелінген. Бұл республикамызға
әкелінген барлық инвестицияның 27 процентіне жақын.

Былтырғы облысқа сыртқы сауда айналымынан түскен 11,2 миллиард АҚШ долларын
құрайтын табыс еліміз бойынша сыртқы сауды айналымының 18 проценттен
астамын құрайды. Бұлар айтуға тұрарлық үлкен көрсеткіштер және үлкен
бастамаларға негіз. Жалпы алғанда, өңірдегі экономикалық даму тұрғындардың
әл-ауқаты мен тұрмыстарын одан әрі жақсартуға берік негіз қалайды.

Жалпы алғанда, мемлекет елдің дамуы өңірлердегі даму қарқынымен үндес
болуына барлық жағдайды жасауда. Мемлекет Басшысының тапсырмасына орай
барлық облыстарда, соның ішінде Атырауда да жақын арада өндіріске жаңа
технологиялар мен материалдарды батыл іске қосатын қуатты жобалар жүзеге
асады. Бұған инвестиция салатын қаржылы әлеуетті топтың ішінде мемлекеттік
холдингтер бар.

Осылайша қалыптасқан күшті экономикалық база бүгінгі таңда еліміздің одан
әрі дамуына тың серпін береді. Соның ішінде ол елдегі саяси реформалардың
да сындарлы дамуына игі әсер етеді.

Жаңа Конституцияға сәйкес жүзеге асырылмақ реформалардың одан әрі өрістеуі
әрбір азаматқа үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Ол жауапкершілік алда
болатын саяси науқан – Парламент сайлауында жан-жақты көрінуі тиіс.

Өңірдегі қуатты экономикалық база халықтың әл-ауқатын көтеріп, тұрмыстарын
түзеп, олардың көңіл күйлерін жақсартады. Халықтың келешекке деген сенімін
оятады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығымен
жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың баянды болуына осылардың бәрі
тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші, әрбір азамат,
әрбір басшы-әкім бұл мәселенің мәні мен мазмұны терең екенін барынша
сезінулері тиіс.

Осы ретте басталған саяси реформалардың тегеурінді түрде жүруіне толық
негіз қалау бәрімізге парыз бен міндет. Осы міндетті орындау жолындағы іс-
шараларға баршамыз ұйымшылдықпен атсалысуымыз керек. Соның алғашқы сынағы,
алғашқы міндеті алдымызда өтетін Парламент Мәжілісі сайлауын өркениетті,
әрі әділ де ашық жүргізу болып табылады.

Осы орайда Атырау халқының елімізде жүргізіліп жатқан аса маңызды саяси
реформаларды барынша қолдап, түсіністік білдіруі біздің ортақ
міндеттеріміздің орындалуына алғышарт болады деп сенемін.

Алдағы сайлау нәтижесі Қазақстан халқының еркін дәл білдіретініне
сенімдімін. Елдегі жағдай, экономикалық және саяси өзгерістер
қазақстандықтардың бұған дейінгі уақытта да дұрыс қадам жасағандай, оң
шешім қабылдайтынына септігін тигізері сөзсіз. Бұған менің ешқандай күмәнім
жоқ.

2007 жылдың тамызында өтетін сайлау қоғамымыздың саяси көрегендігінің арта
түскенін, сындарлылығын, тәуелсіз Қазақстанның келешек өркендеуі мен
гүлденуі жолында халқымыздың бірлігінің нығая түскенін көрсететініне кәміл
сенемін.

Назарларыңызға рақмет, Сіздерге және барша атырау-лықтарға бақ-береке,
игілікті істеріңізге жаңа табыстар мен сәттіліктер тілеймін!
Облыс әкімі Елеусін Сағындықов өткізген бұл жолғы алқа мәжілісінен
аудандардың әкімдері мен департаменттердің директорлары терлеп шықты.
Мәжілісте көтерілген бірінші мәселе мемлекеттік органдар басшыларының
қызметтік тәртіпті нығайтуына және Ар-намыс кодексінің сақталуына арналды.
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 14 сәуірде облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының әкімдерімен өткізген кеңесте биліктің беделін арттыру,
жүргізіліп жатқан реформаларды халыққа жеткізу, қарапайым халықтың
проблемаларын шешу және барлық деңгейдегі әкімдердің өз беделдеріне нұқсан
келтірмеуі жөнінде қатты ескерткенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы туралы
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Атырау облысындағы аудандар
Атырау облысы, Махамбет ауданының бұзылған жерлердің топырағын бонотировкалық бағалау
Қазақстан Республикасының аймақтарының экономикалық даму стратегиясы
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Табиғат жағдайы және оған баға беру
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Атырау облысының радиациялық жағдайы
Пәндер