«Қыз құпиясы пәктікпен тазалықта»
1 Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесі
2 Қыз баланың жыныстық тәрбие туралы түсінігі

Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш кластар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жннақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші—сегізінші кластар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан еш нәрсе бүкпейді, қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең-керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру — басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан арқашан нұр болып төгіледі. Үшінші кезең тоғызыншы — он бірінші кластарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңмен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Қыз құпиясы пәктікпен тазалықта
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге
болады. Бастауыш кластар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа,
ұқыптылыққа, жннақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын
арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші—сегізінші кластар арасында
алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас
ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан еш нәрсе бүкпейді, қит еткен нәрсенің
бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың
келешегіне ең-керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор
болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру — басты борыш. Сонда бұл
сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі
болатын қыз баланың бойынан арқашан нұр болып төгіледі. Үшінші кезең
тоғызыншы — он бірінші кластарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы
кезеңмен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын
адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын,
ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын
сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор
ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-
тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу,
киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау —
ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған.
Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайынсіңлілерін атымен атамай
"Еркежан", "Шырайлым" деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе
жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып
салатын болған. "Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" дегендей,
қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілеіз солып
қалмауына қамқорлық жасаған. "Қызға қырық үйден тыю" деген мақал да осының
айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мұра
етіп қалдырып отырған.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру,
шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан
есу, көрпе көктеу т.б.-өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ
үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік
сезімін дарытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.
Қыздарымыздық асыл касиетті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі
болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан
білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп,
аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже
ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.
Ал, қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмағаня сүреңсіз
жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша
сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына,
кейбіреулері тіптен оны намыс көреді.
Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын
денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат алтын әшекейлер
тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық
жарасымдылығынан айрылады. Табиғаттың өзі қыздардың жан дүниесін сұлу,
нәзік, мейірбан етіп жаратқанына олар мән бермейді. "Жастықтың өзі
жастығымен әдемі" дегендей, жас қыздардың өздері-ақ кырдың қызыл гүліндей
әсем ғой. Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар.
Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен өздеріне тән нәзіктігімен,
сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары
ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы.
Қыз баланың жыныстық тәрбие туралы түсінігі
Кішкентай кезінен-ақ балалар өз жынысын аңғара бастайды. Өкіншке орай,
кейбір ата-аналар өздерінің қыздарын сен ұлсың деп, ұлша киіндіріп
шолжаңдатады, ал өтпелі кезең басталғанда осындай тәрбиеде өскен қыз не
істерін білмей ұнжырғасы түсіп, не ұлдарға, не қыздарға қосыла алмай
жүреді. Әрбір балаға өз жынысына тән тәрбие берген жөн. Баланың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz