Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Білім және Ғылым Министірлігі

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру

Орындаған: Танбаева Әмина

050103 - “Педагогика- Психология” мамандығы, Педагогика - Психология факультеті, сырттай бөлім

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к., доцент м/а Икрамова

“Қорғауға жіберілді” “ ---” 2009ж

Жалпы педагогика кафедрасының меңгерушісі А. Қ. Құсайынов

АЛМАТЫ, 2009

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3 бет

І-бөлім. Жас ұрпаққа эстетикалық мәдениет қалыптастырудың мәні мен міндеттері . . . 26 бет

1. 1. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениеті туралы түсінік . . . 39 бет

1. 2. Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдау . . . 43 бет

1. 3. Эстетикалық мәдениетті өнер құралдары арқылы қалыптастыру . . . 49бет

ІІ-бөлім. Эстетикалық және дене шынықтыру тәрбие істері . . . 63 бет

Қорытынды . . . 75бет

Пайдаланылған деректер тізімі . . . 77бет

Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанда болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін өзгеше құруды талап етуде. Әсіресе білім беру саласында ізгілендіру, демократияландыру үрдістері жүріп жатқан кезде, білім мазмұнын ұлттық ерекшеліктер құру, өсіп келе жатқан жас ұрпақты жан-жақты дамып жетілуіне: дүниеге көзқарасының, ойы мен есінің, сезімі мен эмоциясының, рухани және эстетикалық көзқарасының, мінезінің қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруға әсер етіп, оларды жан-жақты дамыған азамат болуына ықпал жасауды мақсат етеді.

Жас ұрпаққа эстетикалық мәдениет қалыптастыру тәрбиесі қазақтың халық педагогикасында ерекше мән берілсе, ежелгі жазба ескерткіштерінде "Күлтегін", "Тоныкөк", "Қорқыт ата кітабы ", "Оғызнама" сияқты т. б. туындыларда сөз өнерінің көркемдік сезім тәрбиесіндегі мәніне ерекше көңіл бөлінгенін көреміз. Сонымен қатар, қазақ топырағында туып өскен әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Йүгнеки, Ахмед Яссауи, т. б ғұлама ғалымдардың еңбектерінен де эстетикалық тәрбие идеяларын кездестіреміз. Олардың жалғасы ретінде ақын, философ, ғұлама Абай мұрасында да эстетикалық тәрбие идеяларының болуы заңды құбылыс. Олардың шығармалары арқылы жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру өте қажет.

Кез келген өнер туындысы адамдардың көркем сезімдерін оятуға емес, бизнес көзі ретінде сатылуына, кіріс әкелуіне қарай бағаланатын болып отыр. Осының өзі эстетикалық талғам мен құндылықтардың дағдарысқа ұшырауының басты себептерінің бірі. Белгілі ресейлік әлеуметтанушы П. А. Сорокин өткен ғасырдың 30-жылдарында айтқандай, өнер «абсолютті құндылықтар патшалығынан өндіріс тауарлары деңгейіне дейін төмендеді . . . Өнер кофе, дәрі-дәрмек, бензин, сағыз және сол секілділердің жарнамаларының қосымшасына айналды».

Осы іспетті көпшілік мәдениетпен қатар жастар арасында өзінше субьмәдениет пайда болып отырғанын да көріп отырмыз. Жас ұрпақтың эстетикалық талғамы мен құндылықтары ішкі жан дүниесі көп жағдайда, көркем сезімге, жоғары эстетикалық санаға емес, жеңіл-желпі көзқарастан: киім - бұйымға қызығу, мінез - құлық пен қарым - қатынасынан, дөрекілігінен және қыздарда «еркек шора», ұлдарда «қызтеке» сияқты белгілерден, сыртқы пішімінен, бейнесінен, жеңіл музыкаға қызығуынан, «секілдеп» босқа уақыт өткізу мен өмір салтынан байқалады. Бұндай келеңсіздіктерді жас ұрпақ арасында азайтып, дұрыс жолға салудың басты мекені тәлім-тәрбие мекемелері және ондағы мақсатты ұйымдастырылған эстетикалық тәрбие беру жұмыстары болмақ. Эстетикалық тәрбие - шетелдерден келген идеологиялық «басқыншылық» пен өнердегі «жасандылық», жас ұрпақ арасындағы дендеп келе жатқан бағасыз талғам, көркемдікті тани алмайтын көзқарасқа қарсы сезім қауқарын күшейтіп, сана қуатын арттыруға бағытталуы тиіс. Осыған орай қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттері, біздің пайымдауымызша, бірінші, эстетикалық сана мен сезімін эстетикалық қабылдауын ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу; эстетикалық ұғымдар, түсініктер мен эстетикалық ойлауын және бағалауын эстетикалық іс-әрекетке бағыттау болуы тиіс.

Бұл ретте институт, университет, мектеп және тағы басқа тәлім-тәрбие мекемелерінің басты міндеті - мәселенің күрделі де, қиындығына қарамастан өткеннен келе жатқан эстетикалық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру. Көзделген міндетті атқаруда қазіргі кездегі психо-этикалық, эстетикалық талғамдары мен ерекшеліктерін, заман үрдістерін ескере отырып, оқу үрдісінде және сабақтан тыс уақытта тәрбиелеуді жүзеге асыру мүмкіндігі кең қолданылмай келе жатқаны белгілі. Кейінгі кезде студент жастар мен мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мәселесіне қатысты еңбектердің жоқтың қасы екені және оқу-тәрбие мекемелерінде мүлде ескерілмей қалатыны да белгілі. Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда қандай шаралар қолданып, оны тәрбие беру мақсатында қолдану жолдарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеуді ұйғардық.

ХІХ ғасырда Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты даналардың көтерген ағартушылық қозғалыс туын ХХ ғасырдың басында қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде айшықты із қалдырып, республикада білім беру ісі мен жоғары педагогикалық мектептің ірге тасын қалауға белсене атсалысқан, сталиндік жүйенің қанды пышағына ілініп, есімдері әдейі ұмыттырылған халықтың кемеңгер ұлдары С. Аспандиаров, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Х. Досмұхамедов, Т. Шонанов, Н. Манаев, Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, О. Жандосов т. б. сынды азаматтар әркез жоғары ұстап, ұрпаққа үлгі боларлық іс тындырды. Сондықтан да олардың педагогикалық мұрасының бүгінгі таңда ғылыми мәні орасан зор.

Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы - қазіргі жасұрпақтың тәлім тәрбиесі мен білімдарлығына, зор саналылығына тікелей байланысты екендігі баршаға аян. Өзінен бұрын өткен ұлы бабалардың танымы мен тағлымын ту етіп ұстар - келер ұрпақ мәселесі қай заманда болсын уақыт талабынан түскен емес. Олай болса, қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар, халықтың сан ғасырлық рухани мұраларын әсіресе, оның тәлім-тәрбие, педагогика, психологияға байланысты асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, зерделей көрсете білуі тиіс.

Бұл тұрғыда өткен кезеңнің тәлім-тәрбие мәселелерінің тарихын зерттеуге елеулі үлес қосқан отандық ғалымдар аз емес. Мәселен, қазақтың педагогикалық ой-пікірін ғылыми жүйеге келтіріп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануда белгілі ғалымдар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Құнантаева, С. Ұзақбаева, А. Ильясова, Қ. Сейталиев т. б. аса зор еңбек сіңірді.

Зерттеу жұмысымызда отанымыздағы педагогика ғылымының дамуына ерен үлес қосқан ғалым әрі ағартушылар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, Қ. Жұбанов, К. Құнантаева, С. Қалиев, Т. Әлсатов, Ә. Қалыбекова, Г. Меңлібекова, т. б. еңбектеріндегі оқу-тәрбиеге қатысты пікірлерін негізге алдық.

Эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне қатысты Т. Тәжібаев, М. Х. Балтабаев, С. Ұзақбаева, А. Көбесов, И. Р. Халитова, Г. Шәймерденова, Г. Төретаева, Ж. Зейнуллина және т. б. зерттеушілеріміздің эстетика тұрысынан жазған жекелеген мақалаларын алуға болады.

Адамзат тарихында соның ішінде педагогика тарихында білім беру ісінің теориясы мен практикасын қалыптастыру жолында еңбек еткен жаңашыл педагогтар мен ғалымдардың, яғни жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың орны ерекше.

Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру туралы жазылған еңбектерінің яғни айтқан құнды ой-пікірлері мен демократиялық көзқарастарын жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісіне пайдаланудың маңызы жоғары демекпіз.

Қоғам дамуының қазіргі жай-күйі, халыққа білім беру ісінің алдына күрделі міндеттер қояды. Оларды шешу, сөз жоқ өткеннің көрнекті қайраткерлерінің педагогикалық мұрасына да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда болашақ ұрпаққа қалдырған құнды идеялары мен тәжірибе қазынасы орасан мол. Соның ішінде жас ұрпаққа эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мен педагогикалық негіздерін зерттеу өскелең ұрпақтың зейін-зердесі мен ой-өрісінің кеңеюіне және педагогика тарихы курсының ауқымын кеңейтіп, оны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіндігі зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.

Алайда, жас ұрақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, балалар мен жастарға адамгершілік тәрбие беру, олардың бойында ұлтжандылық сезімін қалыптастырудың тиімді ықпалы мен оларды орта және жоғары оқу орындарының оқу тәрбие процесінде пайдаланудың ойдағыдай болмай отырғаны аралығында қарама-қайшылық айқын байқалады.

Демек, осынау қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық, тәлім-тәрбиелік негіздерін, әдістемелік талдамаларын қарастыру біздің зерттеуіміздің проблемасын құрайды. Осы мәселені шешу диплом жұмысымыздың тақырыбын “Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру” деп алуымызға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты - Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды ғылыми-теориялық тұрғыдан дәлелдеу және эксперименттік-тәжірибеде тексеріп, ұсыныстар мен нұсқаулар беру.

Зерттеу нысанасы - Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу пәні - Жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Жас ұрпаққа эстетикалық мәдениет қалыптастыру білім алуда, сабақтан тыс уақытта нәтижелі және тиімді болады, егер де:

  • Оқу үрдісінің мазмұны, әдістері және жұмыс түрлері эстетикалық мәдениет беру бағытында қарастырылса;
  • Жас ұрпаққа эстетикалық мәдениет қалыптастырудың ұтымды жүйесі жасалса, онда бұл жас ұрпақтың эстетикалық мәдениет көзқарасын қалыптастырып, әдеби мұраларды эстетикалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жас ұрпаққа эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы дүниетанымдық және педагогикалық көзқарасының қалыптасуына қоғамдық-тарихи жағдайлардың ықпалын ашу.
  2. Жас ұрпақты эстетикалық мәдениетін қалыптастыру туралы айтылған ойшылдарымыздың идеяларын анықтау.
  3. Жас ұрпақты эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мазмұнын ашып көрсету.

Диплом жұмысты зерттеудегі алға қойған басты мәселе жас ұрпаққа эстетикалық мәдениет қалыптастыру, оны педагогикалық, психологиялық, философиялық тұстарын қарастыру арқылы оның жолдарын, түрлерін, әдістерін айқындау.

Зерттеудің әдіснамалық негізі: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; сирек кездесетін қолжазбалар өткен уақыттың тарихи-педагогикалық әдебиеттерін салыстырмалы түрде талдау.

Зерттеу көздері: Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қоры, Ы. Алтынсарин атындағы Білім Академиясының ғылыми кітапханасы, ХХ ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлер және ол туралы қазіргі философиялық-педагогикалық тұжырымдар мен монографиялық, диссертациялық зерттеулер. Мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар.

Зерттеудің кезеңдері :

Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге педагогикалық - теориялық талдау берілді; диплом жұмысының зерттелу дәрежесі, мақсаты, міндеттері, болжамы, әдіснамасы, жетекші пікірі және басқа да ғылыми тетіктері анықталды; Жас ұрпаққа эстетикалық қалыптастыруға қатысты тұстары айқындалды; оқытудың жаңа технологиясын сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта эстетикалық мәдениет қалыптастыру мақсатында қолдану мақсатына байланысты материалдар жинақталды;

Екінші кезеңде жинақталған материалдарды өңдеп, ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдау жасалынды. Педагогика, философиялық, эстетикалық мәдениетке талдау берілді. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері және болжамына байланысты тәжірибелік эксперимент жұмыстарының материалдары дайындалып, сабақ уақытында, сабақтан тыс уақыттағы жұмыста эстетикалық мәдениет қалыптастыруды жетілдіру жүйесі жасалды; эстетикалық тәрбие берудің өлшемдері мен көрсеткіштері, т. б. белгіленді.

Үшінші кезеңде жалпы зерттеу жұмысы, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері жүйелі талданып, зерделенді, ой елегінен өткізіліп, қорытынды жасалынды, нақты нұсқаулар мен ұсыныстар дайындалды. Диплом жұмысы рәсімделіп, әдеби даярлығы аяқталды.

Зерттеу әдістері : ғылыми-педагогикалық, теориялық әдебиеттерге талдау беру арқылы жіктеу, топтастыру, салыстырмалау; оқушылар арасында бақылау, байқау, әңгімелесу, сұхбаттасу, жазба жұмыстар, тестілеу, сауалнама арқылы оқушылардың білім, біліктерін тексеру; зерттеу нәтижелерін статистикалық зерделеу.

Зерттеу базасы: Талғардағы «Дарын» орта мектебінің 10-шы 11-ші сынып оқушылары

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі

  • Жас ұрпақты эстетикалық мәдениетін қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық-тарихи жағдайлар айқындалды.
  • Жас ұрпақты эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда ойшылдар мұрасының отандық педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі анықталды.
  • Жас ұрпақты эстетикалық мәдениетін қалыптастыру туралы ғылыми ой-пікірлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың жолдары айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

  • Оқушылардың эстетикалық мәдениетінің тәрбиелік деңгейлері мен білім, біліктерін анықтаудың тәсілдері тексерілді.
  • Жас ұрпаққа эстетикалық мәдениет қалыптастыруда зерттеу нәтижесіндегі қорытындылар мен ұсыныстарды қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар

Педагогика ғылымы саласында көтерген ойшылдар мен ғалымдарымыздың эстетикалық тәрбие беру туралы идеяларының оқушылар мен жастарды оқыту және тәрбиелеу талаптарына сәйкестігі;

  • Эстетикалық тәрбие беруде педагогикалық ой-пікірлердегі жеке тұлғаны әсемдікке, көркемдікке, дене тәрбиесіне тәрбиелеуге байланысты жүйе;
  • Жас ұрпаққа эстетикалық мәдениет қалыптастырудағы педагогикалық мұраларды тәрбие процесінде пайдаланудың жолдары;

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: негізгі пікірлердің әдіснамалық дәлелділігі, сапалық және сандық талдаулардың сабақтастығымен, жасалған өлшемдер жүйесімен, оқушылардың эстетикалық мәдениет қалыптастыру деңгейлеріндегі өзгерістерді анықтайтын көрсеткіштермен, деңгейлердің сәйкестігімен, педагогикалық-тәжірибелік жұмыс барысында алынған нәтижелерімен және эксперимент қорытындыларын талдаумен дәлелденді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы :

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі дәлелденіп, осы тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу мақсаты, нысанасы мен пәні, міндеттері, әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері берілді, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі тұжырымдалды.

дәлелденді.

Қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелері тұжырымдалды.

Негізгі бөлім

Білім беру үрдісінде көркем әдебиет арқылы жас ұрпақты эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу жалпы тәрбиенің бөлінбес құрамы екені белгілі. Өйткені эстетикалық тәрбие мен адамдар арасындағы қарым-қатынас нормалары әдеп, әдет, дағдылар тәрбиесі эстетикалық мәдениетке тәрбиелеудің өзегі болып табылады.

Көркем өнердің жас ұрпақтың сезіміне, жан-дүниесіне әсер ету мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып отырған шетелдік мәдениет құралдарының алпауыт иелері оны табыс көзіне айналдырып, құнсыз материалдармен жас ұрпақты санасыздық, ойсыздық селкілдеп бекер уақыт өткізу секілді жат істерге жетелеуде. Келе жатқан үрдіске қарсы Отанымызда «Мәдениет» туралы Қазақстан Республикасының Заңында өткеннен қалған мәдениет, әдебиет, өнер туындыларын тарихи құндылықтар ретінде жинақтап, сақтау және жас ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалану көзделсе, «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» жастардың рухани - эстетикалық тәрбиелеріне көңіл бөлу мәселелері көтерілген.

Эстетикалық мәдениет қалыптастыру дегеніміз - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өнер мен өмірдегі көркемдікті қабылдау, түсіну қабілеттерін тәрбиелеп, эстетикалық білім мен талғамдарын қалыптастырып, эстетикалық іс-әрекет нышандарын ары қарай дамыту - деп анықталған. Бұл мәселеге профессор Б. Лихачев эстетикалық мәдениет қалыптастыру тұрғысынан жуықтай келе эстетикалық тәрбиенің мақсатын- мақсатты түрде көркемдік, қасірет, асқақ, сиықсыз, әжуа секілді өмір құбылыстары мен көркемөнер туындыларын дұрыс қабылдап әсерлене алатын, оларды сезініп бағалай алатын «эстетикалық - көркемдік заңдылықтары» негізінде өмір сүретін, шығармашылық белсенді жас ұрпақ қалыптастыру үрдісі екендігін атап көрсеткен.

Еліміздің қоғамдық экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгерістерге түскен саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани жағдайлар жас ұрпақ тәрбиесінің мәселелерін жаңаша ойластыруды талап етеді. Бүгінде жастарға әлемдік деңгейде өркениетті негізде тәрбие беру мен ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңіру ғаламдық мәні бар мәселеге айналып отырғандығы мәлім. Тіпті бүгінгі қоғамның талабы, адам тәрбиесіне жаңа мазмұнымен қарауды керек етеді.

Білім беру жүйесінің басты міндеттері өз Отанын қадірлеуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу - деп оқушылардың бүгінгі тәрбиесін халықтық мұраларды меңгерту арқылы тәрбие беру.

Қазіргі таңда қоғамдағы кең етек алып келе жатқан ой-пікірлердің көбісінің дені бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне келіп тіреледі екен, өйткені В. Белинскийдің сөзімен айтқанда: «Тәрбие ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі». Жаңа мыңжылдық талаптары мен міндеттеріне жауап бере алатын рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін ерекше өзекті сипатқа ие болып отыр. Себебі, еліміз Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия мәдениетін бойына қатар сіңірген, әр түрлі халықтардың тарихи бағдырлары тамырласып жатқан Еуразия аймағына орналасқан, ықпалды да орнықты дәйек сынды сан алуан мәдени бояулы мемлекет екендігі сөзсіз.

Тәрбие мәселесі адамзат баласын ежелгі дәуірден бастап, бүгінгі күнге дейін қатты ойландырып келе жатқандығы да анық. Қоғамымыз дамып, өзгерген сайын тәрбиенің де мақсаты өзгеріп, жаңарып отыратыны қаншалықты шындыққа жанасса, қазіргі өмірде басты мақсаттардың бірі ғылым негізін игерумен қатар, жастардың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, тәрбиелеудің талап етілетіндігі соншалықты рас екендігі дәлел. Рухани білім беру, тәрбиелеу мәселесінің көкейтестілігі, әсіресе, мектеп жасында арта түседі. Жеткіншектер де өмірдегі өз орнына сын көзбен қарап, өзіне-өзі баға беруге талпынады. Өзін-өзі танып білу өзіндегі жағымды қасиеттерді, жағымсыз қылықтарды көруге және өзін-өзі жетілдіруге немесе өзін-өзі қайта тәрбиелеуге қатысты жұмыс жүргізуге үйретеді. Халық даналығы тіршілік барысында меңгерілетін білім, дағды, ептілік секілді қасиеттерге де ерекше маңыз берген. Осыған орай адамның білігі мен дүниетанымы, мінез, қасиеті, ой жүйесі, білімі қамтылған өнегелі тәрбиесі іс-тәжірибе үстінде белсенді әрекет арқылы қалыптасып отыратындығы аңғарылады. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы, дархан халқымыздың ертеңі - қазіргі жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесі мен білімдарлығына, саналығына тікелей байланысты екендігі айтпаса да барша жұртқа аян. Адамның тағдыры тәрбиелеумен, тәрбиемен шешілетіні де осыны айғақтайды. Сондықтан білім беру аясында жеткінше ктердің ішкі әлемін рухани тұрғыда жетілдіріп, байыту міндеті туындайды. Мұның шешімін іздестіруде адамгершілік - рухани тәрбие беру ерекше роль атқарады.

Десек те, жеке адамды тәрбиелеу жолдарын әр түрлі ғылым салалары қарастыратыны белгілі болса, бұл мәселеге етеме жақын келетін психологиялық ғылымдар ішіндегі педагогикалық психология саласы.

Қазіргі таңда білім беру психологиясы атауымен белгілі болып отырған бұл білім саласы пәнаралық сипатқа ие. Елімізде дәстүрлі түрде педагогикалық психология деп аталатын аталмыш пәннің маңызды бір бөлімі тәрбие психологиясы болып табылады. Білім беру үрдісі барысында тұлғаны қалыптастырудың негізгі қайнар көздері, заңдылықтары мен тұжырымдамалары, шарттары мен механизмдерін зерттеумен айналысатын тәрбие психологиясы оқыту мен тәрбиені ажырамас құрал ретінде қарастырады. Көрнекті психолог С. Л. Рубинштейін айтқандай, “Оқыта отырып, біз тәрбиелейміз, тәрбиелей отыра біз оқытамыз. Жалпы, тәрбие біртұтас әсер етуші фактор болғанымен, зерттеу мақсатында оның бірнеше түрін бөліп көрсетеміз”.

Педагогикалық психология саласы бойынша қазақ жеріндегі ана тіліміздегі алғашқы оқулықтың (“Педагогика”, “Баланы тәрбие қылу құралы”, 1922) авторы Мағжан Жұмабаев тәрбиенің төрт түрін бөліп көрсетеді: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық (эстетика) тәрбиесі және құлық тәрбиесі. Оның пікірі бойынша, адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе ғана, оның тәрбиесі түгел болғаны. Жоғарыда айтылып өтілген “құлық тәрбиесі” - бүгінгі терминология бойынша адамгершілік тәрбие екендігі түсінікті.

Білім беру үрдісі адам өмірінің елеулі кезеңдерін алады. Осы орайда оқыту барысында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкіндігін тиімді пайдаланған жөн. Бұл кездерде жеке адамның адамгершілік өрісі (сана, сезімнің, мінез-құлық, әдеттердің бір тұтастығы) тәрбиенің арнайы ұйымдастырылған жүйесінде табысты қалыптасады. Адамгершілік ережелері мен өлшем жазған қазақтың бірқатар ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев мұраларына, қазақтың заңғар ақын - жазушылары Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т. б. шығармаларына қайтадан бір тереңінен ой жүгіртіп, көз жүргізу адамгершілік тәрбие теориясын байытуға мүмкіндік берері хақ.

Сонымен, адамгершілік тәрбие берудің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық тәрбие мәнін зерттеу
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Мектепке дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру
Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
Эстетикалық тәрбие
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz