Мектепте тарихтан үйірме жұмысы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Тарих факультеті

Арнайы тарихи пәндер және

оқыту технологиясы кафедрасы

Диплом жұмысы

Мектепте тарихтан үйірме жұмысы

Орындаған: 4-курс студенті Шағатаева Мәншук

Ғылыми жетекшісі: Көккөзова Гүлнұр

Қорғауға жіберілді

« » 2008

Кафедра меңгерушісі:

т. ғ. д., профессор Сыздықов С. М.

Алматы 2008ж

Жоспар

І бөлім . Үйірме жұмысы - орта мектеп оқушыларының тарихи санасын

жетілдірудің қосымша бөлігі.

  1. Оқушылармен тарих үйірмесін жүргізудің маңызы мен мәні
  2. Тарих үйірме жұмысының оқу - тәрбиелік мүмкіндіктері

ІІ бөлім. Орта мектептің жоғары кластарында тарих үйірмесінің тиімді

жұмыс түрлерін қолдану және таңдау

  1. Тарих үйірме жұмысының түрлерін таңдау белгілері

(критерийлері)

  1. Мектептегі тарих үйірме жұмысының тиімді түрлері
  2. Тарих кабинеті - үйірме құралы

Қорытынды

Қосымша

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Сыныптан тыс жұмыстардың басты міндеттерінің бірі - оқушылардың білімін қоғам тарихының түрлі салаларынан хабар беретін жаңа фактілермен, ұғымдармен толықтыру. Өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды тарихи білімнің археология, қоғамтану т. б. қосымша салаларымен таныстырады.

Бұл жұмыстың тағы бір маңызды міндеті оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру. Сыныптан тыс жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, тарих пәніне деген оқушылардың көзқарасы мүлде өзгереді, олар тарихтың қоғамдағы маңызды ғылымдардың бірі ғана емес, сонымен қатар оның әрбр адамға күнделікті өмрде аса қажет білім саласы екенін саналылықпен ұғады.

Сыныптан тыс жұмыстардың көбірек тараған формаларының бірі - тарих үйірмесі. Оның кең тарайтын себебі оқушылардың талап -тілектерін ескеруге ыңғайлы, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, бәләмдерін толықтырады, әрі тереңдетеді, әр түрлі практикалық әске тартады. Шәкірттердің жеке және топ болып түрлі жұмыстарды ұштастыра жүргізуіне мүмкіндік береді, ғылыми зерттеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырады, оның жұмысы көбіне нақты тақырыпқа ұйымдастырылып, жоспарлы жүйелі жүргізіледі.

Үйірмені бюро немесе кеңес басқарады, олар оқушылардан сайланады, олардың арасынан төраға мен хатшы тағайындалады. Кейбір мектептердің үйірмелерінің аты, уставы, мүшелік билеті, омырауға тағатын белгісі болады. Үйірме талқыланып, бекітілген бір жылдық жоспармен жұмыс істейді. Әдетте мектептегі тарих үйірмелері мынадай тақырыптарды зерттеумен айналысады: ағымдағы саясат, тарихи-өмірбаяндық, тарихи-өмір зерттеушілік, алыс-жақын шетелдердің тарихын зерттеу, көрнекі құралдар дайындау, тарихи-өлкетанушылар т. б.

Тарих үйірмесінің жұмысын қамқорлыққа алған мұғалім мынандай ұстанымдарды ескеруі тиіс: жалпы жұмысқа мұғалім басшылыұ етеді; зерттеу әдісін қолданады; тақырыпты барынша ойластырып таңдайды; бастаған іс аяғына дейін жеткізіледі; жұмыстың нәтежесі міндетті түрде қорытылып, қағаз бетіне түсірілуі керек және оның жұмысының нәтежесін бүкіл мектеп білуі тиіс, сонда ғана үйірме жұмысының қоғамдық- пайдалы сипаты байқалады.

Орта мектеп оқушыларына оқу процесі барысында өздерін қызықтыратын әртүрлі үйірмелер көп көмек береді. Мысалға бұлар химиядан, жануартанудан, тарихтан басқа пәндерден жүргізілетін үйірмелер болуы мүмкін. Бұл үйірмелерді негізінен осы пәнмен тығыз байланысты ұстаздар жүргізеді. Мектеп үйірмелері мүшелеріне (оқушыларға) өзін қызықтыратын пәнді мектеп бағдарламасынан да тереңдете оқуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қала мен аудандық мектептерде тарих пәнінің үйірмелері жұмыс істейді. Біздің ойымызша, ең тиімді тәсіл, барлық мектептерде тарихтан үйірме жұмысын ұйымдастыруда. Егер үлкен қалалар мен ауыл оқушылары ғана тарихты сүйеді десек, ол шындыққа жанаспаған болар еді. Біздің ойымызша мұның негізгі себептері мұғалімдердің қосымша жұмыс істегісі келмеуден және мектеп басшылығы мен оқушыларының немқұрайдылығында. Бірақ та бұл салада барлығы да нашар деуге келмейді. Тарих пәнін сүйетін және үйірме жұмысын қызықтыра жүргізетін мұғалімдер де аз емес. Үйірме жұмысы оларға өздерін қызықтыратын тақырыпты түбегейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Мұғалім үйірме жұмысы барысында саяхатта, жорықта кең әңгімелесе отырып өз оқушыларының еліктеуі мен мінез - құлқы туралы және өз ісі туралы толық мағлұмат ала алады.

Үйірме жұмысының үлкен тәрбиелік мәні бар. Бірақ та мұғалімнің үйірмені басқаруға дайын болмауы, өз алдына қойылған мақсатты дұрыс түсінбеуі немесе қажетті білімнің аздық етуіне мүлдем болмауы қажетсіз нәтежеге соқтыруы мүмкін. Оған оқушылардың жалпы тарих пәніне, үйірме жұмысына қызығушылығын жоққа шығару, берілген тапсырмаға, тереңдете білім алуға селқос қарау, тек көрсеткішке ұмтылу, тарихшы ұстаздың беделінің түсуі жатады.

Қазіргі кездегі өзекті міндеттердің бірі мектепте тарих үйірмесін ұйымдастыру. Бұл қиын жұмысты әрбір өзін және өз пәнін сыйлайтын тарихшы ұстаз жүргізуі керек. Кластан тыс жұмс әрбір ұстаздың (кәсіптік) деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Тарих үйірмесін ұйымдастырудың маңыздылығы мынада, қазіргі таңда бұқаралық саяси ақпарат құралдары осы уақытқа дейін күмәнсіз сеніп келген тарихымызды күнделікті әшкерелеп, теріске шығарып жатқанда оқушы түгілі үлкен адамның өзі қай жағына шығарын білмей екі ойлы болып қалады. Мектеп үйірмелерін дұрыс ұйымдастыру оқушыларға шиеленіскен түйінді, тарихи шындықты бұрмалауды дұрыс шешуге көмектеседі. Біз егеменді Қазақстан мемлекетінде тұратындықтан, мектептерде Қазақстан тарихын оқыту үшін тарих үйірмесінің маңызы зор. Ешкімнен жасырын емес, көптеген оқушыларымыз Қазақстан тарихымен үстірт таныс, негізгі ұт оқушыларымыз өз ана тілін толық меңгермеген және өз елінің тарихын нашар біледі. Егер де балалар жазғы демалыста өз елінің, жерінің, бүкіл Қазақстанның тарихи көрікті орындарын көріп білуіне мүмкіндік болса қандай жақсы болар еді.

Өлкетану үйірме мүшелерінің өз жерінің өткеніне ғана емес, бүгінгі өміріне де қызыға қарауына ықпал етеді. Тарихи жерлерді зерттеу олардың туған жерге деген мақтанышын өсіріп қоймай, практикалық іске жұмылдыруға да әсерін тигізеді. Тарих үйірмелерінің үлкен де жемісті еңбегінің де нәтежесі мектеп музейін құру. Музей жұмысының тәжірибесі әртүрлі көптеген музей түрін шығарды: тарихи, тарихи-өлкетану (комплексті), тарихи-әдеби және басқа. Мектеп музейлерінің негізгі ерекшелігі олардың мектеп бағдарламасымен байланыстылығында. Біздің зерттеуіміздің негізгі тәсілі диалектикалық таным әдісі. Диалектиклық материализм тұрғысынан қарағанда, тәжірибе тек шындық критерийі ғана емес, негізгі таным пункті болып табылады.

Тарихты оқыту барысында біз оқушылардың жоғары тарихи санасын ғана жетілдіріп қоймай, тәжірибелік қажеттілігін де көрсете білуіміз керек, бұған тарих үйірмелерінде тереңдете оқыту арқылы жетуге болады. зерттеу жұмысы мынадай тәсілдер арқылы жүргізіледі: тарихи және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, тарих ұстаздарының іс -әрекетін бақылау, анкета жүргізу, өз бетімен зерттеу жүргізу.

Қазіргі кезде мектеп үйірме жұмысының мәселесін қозғайтын көптеген әдебиеттер бар. Мысал ретінде біразына тоқталайын: А. Сейненскийдің «Музей жастарды (ұландарды) тәрбиелейді» атты кітабында мектеп музейлерінің құрамы мен мақсатын белгілейді. Олардың шыуы мен жетілуінің әлеуметтік -педагогикалық алғы шарттарын айқындайды. Тәжірибе жұмысы және жаппай көпшілік тәжірибесін зерттеу негізінде мектеп музейлерінің нәтижелі ісін жетілдірудің педагогикалық негізі, оларды ұйымдастыру мен жұмыс принциптерін құру көрсетіледі.

Кітапта мектеп музейлерінің түрлі тақырыптары туралы, музей коллекцияларын жинау және есепке алу, сақтау т. б. туралы айтылады.

Жұмыс негізі -мектеп музейлерінің тәжірибесін талдау және бақылау, олардың жұмысы мен автор ғылыми командировка кезінде, музей құрған ұстаздармен, өлкетанушы-оқушылармен болған көптеген кездесулер кезінде танысқан.

Өз тәжірибелеріне сүйене отырып, жазған тарихшы мұғалімдердің мақалалар жинағы өте қызықты. Жинақ «Тарихтан кластан тыс жұмыс түрлері» деп аталады.

Ф. Михайличенко деген мұғалімнің VI-VIII класс оқушыларының қазба жұмысын қызыға, бар ынтасымен жүргізетіндігі, өз қолымен тарихи көне естеліктерді тауып, салыстыра талдау жасауы қорытындылауы туралы жазған мақаласы өте қызықтырарлық. Автордың археологиялық зерттеу кезінде балалардың өмірін көрсете білуі маңызды. Мақалада бұл жұмыстардың үлкен тәрбиелік мәні бар екендігі көрсетілген. (47, 24)

М. Дземанның мақаласы өлкетануға арналған, онда ұстаз өз оқушыларымен бірге туған ауылының көне тарихымен бүгінгі таңдағы тарихын зерттейді. Автор мұғалімге де көп ізденіп, еңбек етуге тура келетіндігі туралы айтады. (17, 33)

ГИМ-нің ғылыми қызметкері И. Василевскаяның да мақаласы қызықты. Мақалада музейде 40-шы жылдардан бері археологиялық, тарихи үйірмелердің жұмыс істейтіндігі туралы айтылады. Әрбір оқу жылына музейдің ғылыми-әдістеме кеңесі үйірме тақырыбы мен жоспарын бекітеді. Үйірмелерді ғылыми оқу ағарту бөлімінің қызметкерлері, экспозиция мен фонд бөлімдері басқарады. Мақалада жұмысын халыққа әзірлеу ісіне көп көңіл бөлінеді: радио хабар беру, тарих ұстаздарының кеңесінде музей қызметкерлерінің баяндама жасауы, қала мектептерінде жарнама бетерін тарату. Теориялық дайындықтан соң, оқушыларды бір күндік археологиялық қазба жұмысына жұмылдыру қызықтыру әдісі болып табылады. Балалар дала жұмысына төселеді, еңбек етуді үйренеді. Тарихқа қызықтыру үшін тарих музейі ахеология үйірмесі мүшелерінің таңдаулыларын, 16өжасқа толғандарын Ғылым Академиялық Институт пен музейлер ұйымдастыратын ірі археологиялық экспедицияларға тартуды ұсынады.

Россияның еңбегі сіңген мұғалімі З. Вихревтің «Оқушылардың ата -тегімен жұмыс» атты мақаласы да қызықты. (11, 111)

Мақалада мектеп оқушыларының ата -тегімен 6 - жыл жұмыс істеп келе жатқандығытуралы айтылады. Негізінен 9 класс оқушылары жұмыс істейді. Тапсырма оқу жылының басында беріледі. Балаларға алдын-ала жұмыстың оңай еместігі ескертіледі. Ізденіске барлық туыстарды қамту керек, біреулеріне хат жазып, біреулеріне демалыс кездерібарып кездесіп, ата-тегі туралыауызша айтқандарын жазып алу қажет. Оқушыларға әке мен шеше жағынан жанұя шығу тегінің схемасын қалай құру керек екендігі көрсетіледі. Осындай әңгімелер ата-аналармен де жүргізіледі. Ата-тегімен жұмыс істеу оқушылардың жеке басына, азаматтық қалыптасуына көп әсер етері күмәнсіз.

Айтылған мәселелер бойынша зерттеудің мақсаты: үйірме жұмысының ең тиімді түрлерін таңдау арқылы оқушылардың жоғары тарихи санасын жетілдіру.

Алдымызға қойылған мақсатқа жету үшін екі мәселені шешу керек: Бірінші мәселе - орта мектеп оқушыларының тарихи санасын жетілдірудегі үйірме жұмысының орны мен рөлін анықтау.

Екінші мәселе - орта мектептің жоғары кластары үшін тарих үйірмесінің тиімді жұмыс түрлерін таңдау және қолдану.

Тарих үйірмесі оқушылардың көзқарасын кеңейтеді, басқа елдердің тарихи дамуының ұқсас заңдылықтарымен таныстырады. Археологиялық жұмыс кезінде оқушылар еңбекке үйренеді, тарихи ескерткіштерді күтіп ұқыптауға үйренеді, іздену, қалпына келтіру жұмыстарының алғашқы дағдыларына үйренеді. Тарих үйірмесі жас жеткіншектердің тарихи ойлау қабілетінің жетілуіне, келешекте қалаған мамандығын дұрыс таңдауына мысалы тарихшы, археолог, архив жұмысшысы т. б. әсер етеді.

І бөлім. Үйірме жұмысы - орта мектеп оқушыларының

тарихи санасын жетілдірудің қосымша бөлігі.

  1. Оқушылармен тарих үйірмесін жүргізудің

маңызы мен мәні.

«Үйірме дегеніміз - барлық кластан тыс жұмыс түрлерін қамту үшін қажетті бөлім. (топ) . . . Сыныптан тыс жұмыстың дұрыс қойылуына үйірме кепілдік бере алады. Сыныптан тыс жұмыс дұрыс жолға қойылуы үшін бар іс тек үйірменің жүргізуімен және ұйымдастыруымен ғана емес, сол үйірме арқылы, соның ықпал арқылы жүргізілуі тиіс» - деп жазады ғалым Н. Баранский. (3, 389-390)

Белгілі әдіскер тарихшы А. Вагин былай дейді: «үйірме сыныптан тыс жұмыстың ұйымдастырушы орталығы болып табылатын ең икмді түрі». (9, 311 )

Үйірме жұмысының жоғары бағалануы кездейсоқтық емес. Үйірме кластан кластан жұмыстың әрқилы түрлерін қолдануға байланыстыруға мүмкіндік береді.

Мектеп үйірмесі оқушылардың тарих сабағынан алған біліміне негізделеді. Ол белгілі бір бағдарлама бойынша, белгілі құраммен оқуды жүйелеп ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тарих үйірме жұмысы оқушыларды мұғалімнің сыныптан тыс жұмысты жүргізуіне, сабақты өткізуіне қолғабыс тигізуіне әсер етеді. Үйірме жұмысының жемісі жетекшінің ептілігі мен тлегіне, ынтасы мен біліміне байланысты.

Тарихтан сыныптан тыс жұмыс көпшілік, топтық, жекеше болып бөлінеді. Көпшілік (жаппай) түрі - кештер, олимпиядалар, викториналар, конференция мен клубтар, мектепте тарихи музейлер құру, тарихи оқиғалардың кейіпкерлерімен, куәгерлерімен кездесулер, өлкетану ойындары және басқалар.

Топтық түрі - үйірме, қоғам, саяхат, жорықтар, археологиялық, экспедициялар, лекторилер және басқалар.

Өлкетанудан жекеше жұмысқа тарихи әдебиеттерді оқу, архив материалдарының құжаттарымен жұмыс, музейдің заттай естеліктерімен, реферат дайындау, естеліктер жазу, тарихи, мәдени ескерткіштерді суреттеу, көрнекі құралдар дайындау және басқалары жатады.

Оқу процесіндегі орнына қарай тарих үйірме жұмысын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) Алғашқы, бұл кезде үйірме жұмысы мазмұнына қарай сабақ материалын қамтиды. Біздің ойымызша, бұл кезде көбіне сезім арқылы қолдауды жетілдіруге, қоршаған ортада «тірек нүктесін құруға, болашақта сабақ негізін құруға, қорытындылауға, толықтыруға үлкен назар аударылады. Үйірме мүшелері пайымдаудан абстракты ойлауға жетеді. 2) Жалғастырушы: бұл кезде үйірме жұмысы жалпы тарихтан өтілетін материалмен қатар орындалады. 3) Кезекті топ - тарих үйірме жұмысы мазмұнына қарай мектеп бағдарламасына ілесіп отырады. Бұл кезде үйірме мүшелері теориялық білімі негізінде алған білімдерін баянды етіп толықтырып, кейде кейбір түсінікті, ұғымды өзгертіп те отырады. Бұл жағдайда үйірме мүшелері жалпы жайдан нақты шындыққа жетеді. Сабақтан алынған білім айналадағы болмыспен дәлелденеді.

Қазір метептерде тарих үйірмесінің екі түрі белгілі (әйгілі) : а) тарих материалының барлық комплексін қамтитын. б) тақырыптық пәндік үйірмелер (тарихи - өлкетану, әдеби - өлкетану т. т. ) . Тарихи - өлкетану үйірмесі мазмұнына қарай этнографиялық, археологиялық, жалпы тарихтық және басқа болып келеді.

Тарихи - өлкетану үйірмесінің жұмысы екі жолмен іске асады: 1) теориялық (әңгімелер, лекциялар баяндамалар, конференция, викториналар, өздік жұмыстар), 2) практикалық немесе тәжірибелік (саяхаттар, жорықтар, археологиялық экспедициялар, музей кітапхана тәжірибесі, архив жұмысы)

Үйірме жетекшісі, көбіне тарихшы болғандықтан тарих үйірмесіне ғылыми және әдіскерлік басшылық етеді: жұмыс тәсілі туралы кеңес берңп отырады, қолданылатын әдебиеттерді көрсетіп, зерттелетін тақырып не затқа жоспар құруға көмектеседі, жинақталған материалды бірыңғайлауға, бағалауға, қорытындылауға көмектеседі. Мектепте тарих үйірмесінің жұмысында тақырыпты таңдауға әдебиеттерді анықтауға және жоспарлауға ерекше назар аудару қажет. Біздің ойымызша тәжірибе жүзінде мұғалімдер тақырыпты көбейтіп, әр түрін қолданумен айналысады, не тіпті қысқартып тастайды. Бірінші жағдайда бұл мұғалімнің өз күшін шашыратып алуына, соның әсерінен оқушыларға дұрыс толық кеңес бере алмауына, ғылыми - тәлімгерлік көмек бере алмауына, ал екінші жайда тартымдылықты жоғалтып алуға сабақтың бірсарынды болуына, үйірме мүшелерінің қызығушылығын төмендетуге әкеп соғады.

Біздің ойымызша, тарих үйірмесінің тақырыбын анықтау үшін дайын материалды қолдану міндетті емес. Үйірме мүшелерінің өз беттерімен материал тауып, ізденуі, жинақтауы тартымды жұмыс. Үйірме мүшелерімен қоса жетекшінің де бірлесе атсалысып ізденуі оларды қызықтыра түседі.

Тарих үйірме жұмысының бір түріне толығырақ тоқталайық, мысалға өлкетанудың маңызы мен педагогикалық мағынасы.

Ең алғаш «өлкетану» сөзі (термині) педагогикалық әдебиетте 1914 жылы қолданыла бастады, тек кеңес үкіметі кезінде ғана жаппай қолданыла бастады.

Қазіргі жайда мектеп мүмкіншілігі мен жинақтаған тәжірибесіне қарай, өлкені зерттеу оқу - тәрбие жұмысымен, ғылыми мақсатпен жүргізілуі мүмкін, бұлардың барлығы бірдей бірыңғай түрде емес, бір - бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.

20-шы жылдары ғылым В. Герд былай деп жазған: «Мектеп өлкетануы мен ғылыми өлкетану бір бірімен тығыз байланысады, өйткені екеуі де бір затты немесе объектіні, бірдей (әдебиеттерді) материалға сүйене отырып зерттейді. Танымдық мақсат оқу - тәрбиемен, ғылыммен тығыз байланыстырады». (20, 132)

Тарих үйірмесінің толық қызметі үшін бағдарламасының мәні зор. Үйірме жұмысының бағдарламасында екі жайды бөліп көрсеткен дұрыс: Өлке тарихы мен бөліктерінің бүкіл ел тарихымен байланысын және өлкенің тарихи дамуының ерекшелігін.

Тарих үйірме жұмысының жоспары мыналарды еске ала жасалуы мүмкін: а) мектеп бағдарламасының ең қиын сұрақтарын ескере, б) тарих сабағында толық ашылып үлгерілмеген бағдарлама сұрағы бойынша, в) сабақта мүлдем ашылмаған, бағдарламада бар проблемалар бойынша, г) оқ бағдарламасына кірмеген проблема бойынша.

Тарих үйірме жұмысының жоспарын жазғы, қысқы демалыстарды кіргізе отырып бір жылға жасаған дұрыс. Жоспарда тарих үйірмесінің мақсаты мен бірге жұмысының әр түрлі көрсетіледі: тарихи оқиғалардың куәгерлерімен кездесу, саяхатқа шығу, кештер өткізу, топтық, жекелей жүргізілетін зерттеудің тізімі музей құру.

Көбінесе күзгі уақытта үйірме жұмысы аз қамтылады. Үйірме жұмысы бірқалыпты болуы үшін осы уақытқа саяхаттарды, кездесулерді, алдыңғы оқу жылында дайындалған баяндамалардың кейбірін жоспарлауға болады.

Үйірме жұмысы қорытынды сабақпен аяқталады. Ол кеш не конференция түрінде өтуі мүмкін. Қорытынды сабақта қысқаша есеп беріледі, ең жақсы 2-3 баяндама тыңдалады.

Сонымен оқушылардың үйірме жұмысына деген қызығушылығын арттыра отырып, жұмыс әдісі мен тәсілін өзгертіп отыру, теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, білгірлікпен кезектестіру қажет: лекцияны саяхатпен, диафильм көрумен, баяндамаларды тыңдап, талдаумен алмастыру, рефератты - жорықпен не кинофильм көрумен т. б. алмастыру.

Үйірме жұмысы процесінде көптеген альбом түрінде, баяндама, реферат, фотоматериал, кештердің конференцияның дайын жоспары т. б. көптеген қызықты, бай материалдар жинақталады.

Тарих үйірмесі жұмысының жекелеген сатысының қорытындысы ретінде қолжазба кітаптар мен журналдарды шығаруға болады. Осы жұмыстардың барлығы мектеп музейінде жинақталып тарих үйірмесінің жұмысына пайдаланылуы тиіс. Тарих үйірмесінің толыққанды жұмыс жасауы үшін оның ұйымдық құрылымының, негізінен уставының маңызы зор. Мысал ретінде Ташкент қаласындағы мұғалімдердің білімін жетілдіру институтындағы тарих және география кабинетінің меңгерушісі Н. М. Ремелева басқаратын мектеп тарихи үйірмесінің уставын келтірейік.

Уставтың 17 пункті бар. Солардың кейбіреуін атап көрсететін болсақ: 1) «4» пен «5»ке талпыну

2) Тарихтан тоқсанға 4 - тен төмен баға алмау

3) Тарихи - археологиялық үйірмеге қабылдау немесе шығару үйірменің

барлық мүшесінің қатысуымен ашық дауыс беру негізінде жүргізіледі

4) Үйірмеге кіргісі келушілер кандидат ретінде сынақ мерзімінен өтеді.

5) Үйірменің күнделікті жұмысын үйірменің ұйымдық бюросы басқарады.

6) Ұйымдық бюроның тапсырмасын орындамаған үйірме мүшесі жиналыста

талқыға салынады.

7) Ұйымдық бюроның жұмысымен қолынан келмеген бюро мүшесі қайтадан

сайланады.

8) Үйірме мүшелері өздерінің мүшелік билеттерін сақтауы тиіс.

9) Әрқашан тарихи объектілерді іздеп оны зерттеп жүруі және әртүрлі аңыз

әңгімелерді, естеліктер мен өлеңдерді жазып алып оны тарих кабинетіне

өткізіп тұруы тиіс.

Уставтың 1 пункті әсіресе бәсеке туғызды. Өздерінің бос уақыттарын қйірме жұмысына арнаған оқушылар көп, бірақ кейде ол үйірмеге кері әсерін тигізіп кететін кездер болады, сондықтан 1 пунктте атап айтылғандай үйірмеге кірем деген оқушының алдымен сабақ үлгерімі жақсы болуы тиіс.

Ал 4 пунктті практиканың өзі көрсетіп отырғандай, кірем деушілердің барлығын бірден ала бергенмен, бұл үйірменің құрамының тұрақтылығына кері әсерән тигізеді. Сондықтан үйірмеге кірем деушілерді біз алдымен кандидаттар тізімін алып, сонан соң жиналыстарда тапсырмалар беріп, олардың жұмысқа деген құштарлықтары мен мүмкіндіктерін тексердік. Міне осындай жағдайда ғана үйірмеге шынымен тарихпен және археологиямен қызығатын оқушылар таңдалып алынады. Үйірме мүшелері тарих музейінде жиі болып тұрады. Музей дирекциясының келісімімен балалар үйірме билеттерін көрсетіп музей залдары мен қызмет үйлеріне де еш кедергісіз кіре алады. Сонымен қатар газет, журнал редакцияларына, мекемелерге және кейде үйлерге барғанда да осы үйірме билетінің мәні зор.

Үйірме жұмысының негізгі зерттеу, іздену және басқа жұмыстар ептілік пен дағдыны қалыптастыру үшін ғана емес, тек адамгершілік пен еңбекке тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар үйірме мүшелерінің тарихи санасын жетілдіріп, тарихи дамудың әлемдік заңдылықтарын түсінуінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінен сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Оқушыларды сыныптан тыс үйірме жұмыстарында майлы бояумен жұмыс жазудың қыр-сырына үйрету
Химия сабақтарының жіктелуі
Кескіндеме өнерін сабақтан тыс үйірме жұмыстарында қолдану
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫ МАКЕТ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУ» «ОҚУ ҒИМАРАТЫ» 100Х80 Х40, пвх
Бейнелеу өнері сабағында көне мұраларды оқыту арқылы оқушылардың рухани білімін дамыту
Бейнелеу өнерін оқытудың негізі
Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихын зерттеудің маңыздылығы
Бейнелеу өнері сабақтарында және сабақтан тыс үйірме жұмыстарында кескіндеме оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz