Сөз таптарының жақтылығы немесе жақтық көрсеткіші


КІРІСПЕ
Тіл үнемі дамып отыратын құбылыс. Тілдік құрылыс та дамып отыратыны сияқты тілдік зерттеулер де үнемі дамып отырады. Соңғы 20-30 жылдар көлемінде тілге жаңа бағыт келіп қосыла бастады. Ол - функционалды грамматика.
Әрбір грамматиканың өзіндік зерттеу обьектісі сияқты функционалдық грамматиканың да өзіндік орны мен обьектісі бар.
Функционалды грамматиканың өзіндік обьектілері әзірше мыналар: темпоральность, персональность залоговость, посесивность, локативті, кондидициональность сияқты орыс тіл білімінде де онша келе бермейтін батыстық терминдер. Қазақ, орыс тілдері негізінде функционалды грамматиканы зерттеген З. Қ. Ахметжанова бұларға тағы да модальность, количество деген түрлерін қосып, оның аясын кеңейте түседі.
Функционалды грамматиканың осы түрлерінің ішінде біздің қарасты-ратынымыз персональность бөлімі. Персональность терминін қазақ тілінде жақтылық деп аудару орынды. Персональность деген сөз person-деген ағылшын сөзі. Жақ мәселесі, оның обьектілері бүтіндей персональность немесе жақтылық мәселесін шешуге көмегі анық. Функционалды грамматиканың жоғарыда аталған түрлерінің ішінде ең көп кездесетіні де осы - персональность. Өйткені жақтылық мәселесі сөйлемнің негізі ретінде алынатын предикативтілікпен тығыз байланысты. Ал предикативтілік сөйлемнің негізгі қазығы. Функционалды грамматикада жақтылық мәселесін кең көлемде алуға себеп неде? Осы мәселе едәуір ойландыра-ды. Жақтылық жалпы функционалдық грамматиканың кең көлемдегі обьектісі болса, осы жақтылық обьектісі де айқындалуы тиіс. Өйткені жақтылық әр түрлі тілдік құбылыстардың жиынтығы ретінде алынғаннан кейін, ол жиынтықтардың көрінісі айқындалуы тиіс.
Жалпы жақтылық тілдің қай саласын қамтитыны туралы да әр түрлі пікір баршылық. Негізінде жақтылық лексика, морфология мен синтаксис саласында қаралуы тиіс. Өйткені жақтылыққа негіз болатын жіктеу есімдітері лексиканың да обьектісі. Олай болса, бұрын жоқ мәселесі әрі морфология мен синтаксисте жеке-жеке қаралып келгенімен, бәрібір өзара байланыс орын алып отыратын. Бірақ ондай кездегі олардың өзара қарым-қатынасы функционалды грамматика тұрғысынан сөз болғаны белгілі.
Екінші мәселе жақтылық мәселенің бұрыннан сөз болып келе жатқан саласының бірі- морфология.
В. В. Винаградов етістіктің көріністері есімдік дей келіп, “В строго определенных типах предложений отношение к лицу может выражаться также посредством особых интонации, например, требования, побуждения, просьбы приказы или упреки, жилания и т. д. ” деп интонацияны да осы топқа енгізеді. Н. Б. Вахтин жіктеу есімдіктері, етістік жалғаулары сілтеу есімдігі, негізгі есім, А. В. Бондарко етістік, жіктеу есімдігі, лексикалық тәсіл, Г. А. Золотова тюб. Осы бағытта ой тастайды. Әсіресе жақ туралы диссертация жазған татар ғалымы Д. Ш. Шайхайдарова жақтылықтың обьектісі ретінде морфологиялық, синтаксистік, лексикалық және етістіктің жақ категориясы мәселелерін көрсеткен.
Жіктік жағау тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Солай болса, жіктік жалғау баяндауышқа ғана тән жалғау.
Жіктік категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет. Олай дейтін себебіміз бастауышы жіктеу есімдіктерінен болған сөйлемде баяндауыш болатын сөз (қай сөз табынан болуы шарт емес) әрқашан бастауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауды қабылдайды. Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, басқа бір жалпы я жалқы есімнен болатындай жағдайда, оның баяндауышы әдетте, үшінші жағында тұрады. Мысалы: ол отыр - бала отыр, ол келді - бала келді, ол көрсін - бала көрсін т. б.
Тақырыптың өзектілігі. Зат есімнің грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуінің бір жолы - оның жіктелуі деп оның грамматикалық үш жақтық әрқайсысына тән жіктік жалғауының қабылдауын айтады. Сөзге жіктік жалғауының жалғануы - бастауыш пен баяндауыштың сөйлем ішінде бір-бірімен синтаксистік қарым-қатынасқа түсуінің негізгі амалы. Қазақ тілінде, әсіресе барша түркі тілдерінде, баяндауыш болуға қабілеті бар сөз табының қай-қай түрі де жіктеле алады. Алайда бұл категорияның есім сөздерден гөрі етістікке тән екені мәлім.
Есім сөздердің жіктелуін түркі тілдерінің морфология жүйесінің өзге тілдерден, айталық, еуропа тілдерінен басты бір ерекшелігі деп білуіміз керек. Мәселен, орыс тілін алатын болсақ, ондағы есім сөздерге мұндай жіктелгіштік қасиет жоқ. Орыс тілінде есім сөздерде мұндай жіктелгіштік қасиет жоқ. Орыс тілінде есім сөз баяндауыш қасиетін атқару үшін ол сөйлем ішінде белгілі бір орын тәртібінің сақталуын, немесе бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы грамматоикалық дәнекердің болуын қажет етеді. Ал түркі тілдерінде есім сөздердің жіктелуі - оның
баяндауыш болатындығының кепілі. Сондықтан да түркологияда жіктік жалғауы баяндауыш жалғауы (суффикс сказуемости), я предикаттық қосымша (суффикс предикативности) деп те аталады.
Есім сөздерден, яғни зат есім, сын есім, есімдік және үстеулерден болған баяндауыштар етістік баяндауыштан бірде-бір кем емес. Олапрдың да жақтық көрсеткіші болатынын көрнсетуді мақсат етеміз.
Қазіргі жақтылық категориясына жатқызылып отырған осы мәселелердің әрқайсысының тілдегі орны, тіпті оны зерттеушілер тілдің әр саласында көрініс табылатыдығы айқын. Сонда бұл мәселеге морфологиядан есімдер, етістік тіпті екпін т. б. жеке-жеке зерттелініп, олар туралы бірнеше мақала, монографиялар шыққаны да белгілі. Осы тілдіке фактілер сол зерттеушілерде әрқайсысы жеке-жеке сөз болды. Сонда осыншама әр түрлі салада қарастырылатын лексикалық, морфологиялық және синтак-систік категориялардың басын біріктіріп, бір функционалды грамматиканың обьектісі ретінде беруде осыншама мәселелердің бір жақтық мағынамен ұштасуында. Осыншама тілдік фактілердің бәрпінде де өзара бьайланыс, өзара тілдік бірлік бар. Сол тілдік байланыс, бірлік сұрыпталып келіп жақтылықты құрауда осы фактілер себкп болып отыр.
Сол сияқты жақтылықтың жалпы мәселесі де тағы да айқындала түсетіні белгілі. Осы жақ арқылы сөйлемнің бір құрамды, екі құрамды түрлері жақты, жақтыз, белгілі жақты, белгіліз жақты жалпылама жақты мәселелері, сол сияқты тілдігі мезгілдік мән, модальдік предикативтілік мәселесі т. б. ұштасып жатады да олардың жоғарыдағы обьектілерінің үстіне тағы да қосымша осы сияқты фактілер қосылу да оның аясын кеңейтіп жібереді. Осыдан барып жақтылықтың бүтіндей жүйелілік системасы комплексті түрде қарау мәселесі туындайды. Міне, осы фактілердің негізінде жақтылық мәселесінің обьектілерінің айқындалуына сәйкес енді оның өзінің қарастыратын өзекті мәселелері айқындалып, олар
жүйелі түрде жеке-жеке қарастыруды қажет етеді.
Қорыта айтқанда, келешекте функционалды грамматика мәселелерінің көріністерін қазақ тілі білімінде де көрсетуге болады.
Зерттеудің нысаны. Қазіргі қазақ тіл білімінде сөз таптарының алатын орны ерекше, ауқымы кең. Сөз таптарының тілімізде, сөйлеу процесінде алатын орны, атқаратын қызметі, топтардан айқындылығы, ажыратылу шегі, түрлену жүйесі, жетілу дәрежесі бірдей емес. Өздерінің қалыптасып, дамып отыратын жүйесі бар. Сөз табы - синтаксистік, семантикалық қасиеттердің ортақ болу негізінде ерекшеленетін сөз таптары. Толық мағыналы сөз таптары - зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу және көмекші. Яғни осының негізінде қазіргі қазақ тілінің сөз таптарының жаққа қатысы қазіргі таңда ауқымы кең мәселе болып отыр.
Зерттеу нысаны мен міндеттері. Жақ категориясының, жалпы жақтылықтың және де жақтық қатынастың зерттелуін саралау. Қазіргі қазақ тіліндегі жақтың жасалуын, яғни жақтық көрсеткіштерді, сонымен қатар олардың жақтық қатынасқа түскендегі ерекшеліктер мен өзгерістерді қарастыру.
Бұл тұжырымды тілдің ішкі заңдылығына сай қазақ тіліне қолданар болсақ, “жақтық қатынас” ұғымының көп жағдайда “субъект-предикаттық қатынас” ұғымының көп жағдайда “субъект-предикаттық қатынас” ұғымына сәйкес келетіндігін байқауға болады. Себебі, түркі тілінде, оның ішінде қазақ тілінде де сөйлем мүшелерінің, әсіресе баяндауыштың орны тұрақты деп есептеледі. Баяндауыштың осы ерекшелігіне сай үнемі сөйлемнің соңғы орында келіп предикат қызметін атқаруы немесе предикат құрамында келуі баяндауыштың актуалдану мүмкіншілігінің басымдылығын көрсетеді.
Сондықтан да ғалымдар сөйлемде оның баяндауышының болу міндеттілігін есепке алады. Ал баяндауыштың болуы барлық уақытта міндетті деп есептелмейді. Осыған байланысты да сөйлемді жақты, жақсыз деп қарастырады.
Дегенмен, қазіргі тіл ғылымының даму деңгейі бұл ұғымдарды ажырата қарауды талап етеді. В. З. Панфиловтың пікіріне сүйенсек, “баяндауыштық қатынас” өзінің атауына сай сөйлемнің синтаксистік құрылымның негізіне бастауыш пен баяндауыштың қатынасын білдіретін ұғым ретінде қолдауға тиіс. Мұндай жағдайда ол сөйлем құрауға қатысатын басқа да әр түрлі грамматикалық қатынастардың бірі ғана, бірақ оның ерекшелігі - сөйлемді ұйымдастырушы, тиянақтаушы ең негізгі мүше. Ал, “предикативтік қатынас” баяндауыштық қатынастың логикалық баламасы емес, пікірге де сөйлемге де тән ортақ белгінің атауы ретінде саналуға тиіс. Нақтырақ айтқанда сөйлем мазмұнының шындыққа қатысын сөйлеуші тарапынан білдіретін ұғым көрінісі болып табылады. Ал енді “жақтық қатынас” ұғымы - қазіргідей синтаксистік қиысудың баламасы емес, одан әрі кеңірек болатын предикативтік қатынастың бір ғана компоненті болатын, сол предикативтік қатынастың жасалуының бір ғана тәсілі болатын логика-грамматикалық категория.
Мұндай жағдайда сөйлемнің құрылымына тек ондағы баяндауыш мүшенің қатысы ғана емес, жалпы сөйлем мазмұнына жақтық қатынасы, бүкіл сөйлем құрылымы арқылы жақтық ұғымның пайда болуы еске алынады. Себебі, сөйлемді пікір білдіру тұрғысынан қарағанда да, тілдік тұрғыдан қарағанда да оны құрайтын элементтердің ішінде ойдың негізгі қазығы ретінде белгілі бір жақ (субъект) немесе жақтар жүреді. Ол жақ мейлі адам мен заттың, құбылыс пен сапаның тіпті қимылдың атауы ретінде берілсін, мейлі грамматикалық немесе логикалық тұрғыдан көрінсін, қалай болғанда да оның ойға, сөйлем мазмұнына қатысы болады. Яғни жақтық қатысуынсыз ешпір пікір не сөйлем болмайды.
Осының негізінде біз әрбір сөз табындағы жақтық көріністердің берілу жолдарын анықтауды көздейміз. Бұл мәселелер тіл білімінде бұрыннан зерттесіп келе жатқанымен, олар әрқайсысы жеке-жеке, бір-біріне байланыссыз, сабақтассыз сөз болып келді. Ал біз болсақ әр сөз табына жеке-жеке тоқталып, олардың жақтық көрсеткіштерін атқаратын қызметіне қарай: сөйлемдегі жақ көрсеткіш және тәуелдік және септік жалғаулы жақ көрсеткіш болып екі түрлі жағдайда келетінін көрсетуді мақсат еттік.
Бұл жаңа мәселені көтеріп отыр, сондықтан да қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарының жақтық көріністерін айқындауды мақсат етеміз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сөз таптарының жақтылығы немесе жақтық көрсеткіші тұңғыш рет қарастырылып, жан\жақты сипатталды. Олар нақты фактілермен түсіндіріліп, мысалдармен толықтырылып көрсетілді және де жақтық көрсеткіштердің әрбір сөз табында бар екендігі жіктік жалғаулардың негізінде көрініс тапты. Жақтылықтың зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу тіпті көмекші сөздердің негізінде болатынын, және сол арқылы жақтылыққа қатысын, жақтық көрсеткіш болатынына көз жеткіздік.
Зерттеудің әдісі мен материалдары. Зерттеуде негізінен салыстырмалы әдіс пен сипаттамалы әдістер қолданылған. Сонымен бірге баяндау мен түрлі мәселелерді анықтау үшін грамматиканың әдіс те пайдаланылады. Сөз таптарының жақтылығын анықтау үшін салыстыру әдісін де, қолдану жиілігін анықтау мақсатында санау да (статалингвистикалық әдіс) қолданылады.
Негізгі тілдік материал ретінде И. И. Меизанинов, В. В. Виноградов, А. А. Потребня т. б. орыс ғылымының еңбектерімен қатар, бұл салада еңбек еткен А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, М. Балақаев, Ә. Төлеуов, Ж. Сәдуақасов, Т. Сайрамбаев сияқты т. б. ғалымдардың еңбектері пайдаланылады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
1. Әрбір сөз табы зат есім, сын есім, сан есім, үстеу есімді жеке-жеке жақты көрсетеді.
2. Сөз таптарының жіктеліп барып жақтылықты көрсетуі.
3. Жіктік жалғаулары жатыс, шығыс септіктерінің жалғануы арқылы жақтықты көрсетуі.
4. Нөлдік тұлғадағы жақтық көрсеткіш.
5. Көптік жалғаудағы жақтық көрсеткіш.
6. Тәуелдік тұлғадағы жақтық көрсеткіш.
7. Сөз таптарына көмекші сөздердің жалғануы арқылы жасалған жақтық көрсеткіш.
8. Көркем әдебиет бойынша мысалдарды жүйелеу.
9. Тақырыпқа қатысты ғылыми әдебиеттер.
10. Теориялық материалдарды фактіге сүйене отырып, мағыналық жағынан танымдық тұрғыдан анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Бұл салада көптеген ғалымдар еңбек еткенімен, олар жақтылық мәселесі жайында айтқан пікірлері болмаса, ол жөнінде жазған еңбектер жоқтың қасы. Бұлардың ішінде Ж. Сәдуақасов жақ категориясын етістікке байланысты зерттеп, етістіктің жақтық қасиетін сөз етеді. Ал Т. Сайрамбаев болса оның функционалдық жағына баса назар аударады. Осы екі автор ғана жақ категориясы туралы жеке еңбегін берген және де сөз табы мен жақтық арасындағы байланысты көрсеткен.
Жақ категориясы морфология мен синтаксисте жиі көрінетін құбылыс. Осы күнге дейін жақ категориясы морфологияда тек етістік сөз табында ғана сөз болса, енді барлық сөз таптарында қаралуы ғажап емес.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, жақ категориясының зерттелуіне тоқталған көптеген ғалымдардың еңбектері көрсетілген.
Екінші бөлімде әрбір сөз табына жеке-жеке тоқталып олардың жақтық көрсеткіші әр түрлі тілдік фактілерге сүйеніп жазылған және осылардың негізінде қорытынды жасалды.
І ЖАҚ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТЕЛУІ
Алдымен жақтылық мәселесі туралы, яғни жақ категориясы туралы айтатын болсақ орыс тіл білімінде бұл мәселелер бұрыннан сөз болып келе жатқанымен, ол тілдерде бұл мәселенің әрқайсысы жеке-жеке бір-біріне байланыссыз, сабақтассыз сөз ғана болып келді. Дегенмен И. И. Мещанинов, В. В. Виноградов, А. А. Потебня, Ф. И. Бусалаев, шетел ғалымдары Р. О. Япобсон, Е. Курилович, Э. Кошмидер, Э. Венвенист, А. Мартине соңғы кезде А. М. Арутюнова, А. В. Бондоренко, И. И. Ковтунова, Г. А. Золотовалар бұл мәселеде сөз ете білді. Ал Н. Ильминский, М. Терентьев, П. Мелоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов еңбектерінде тәуелдік жалғауы жіктеу есімдігінің қысқарған түрі ретінде танылып, есімдікке байланысты сөз болып келді.
Қазақ тіліндегі жақтылық мәселесін А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, М. Балақаев, С. Омарбеков, С. Исаев, Ә. Төлеуов, А. Айғабылұлы, Ж. Сәдуақасов, Т. Сайрамбаев сынды ғалымдар сөз еткен. Жақты бөлек алып қарастыру А. Байтұрсынұлы еңбектерінен басталады. Осы авторлардың ішінде Ж. Сәдуақасов пен Т. Сайрамбаев қана жақ категориясы туралы жеке еңбегін берген. Бірақ бұл еңбектердің зерттелу дәрежесіне қарай үш топқа бөліп көрсетуге болады. С. Омарбеков, Ә. Төлеуов жақ мәселесін зат есім төңірегінде ғана сөз етсе, Н. Сауранбаев, Н. Оралбаева, С. Исаев, Ж. Сәдуақасов, А. Айғабылұлы жақ категориясын етістікке байланысты зерттеп, етістіктің жақтық қасиетін сөз етеді. Ал Т. Сайрамбаев болса оның функционалдық жағына баса назар аударады.
Жақ - грамматикада сөйлеушінің істелінген іс пен зат арасындағы қатынасын білдіретін зат есім мен етістік категориясы.
Жақ ұғымы кимыл, іс әрекеттің қай жақ арқылы (сөйлеуші ме, тыңдаушы ма, бөгде ме) іске асатынын немесе белгілі қасиетінің қай жаққа қатысты екенін яқасиеттің иесі қаи жақ болып тұрғанын білдіру болып табылады да, оның мәні екі сөздің, субьекті мен предикаттың арасындағы семантикалық және грамматикалық қатыныс пен қызметінен көрініп, айқындалады. Бұл тұрғыдан келгенде жақ ұғымы тілдің грамматикалық құрлысы синттаксистік сипатының көрінісі ретінде өмір сүреді. Бірақ жақ ұғымының (жіктелудің) морфологиялық сипатын ескермеуге болмайды, өйткені жіктік жалғау - үш жақта (және жекеше, көпше болып), әрқайсысына (сол жаққа, бұл грамматикалық мағына) тән арнайы грамматикалық тұлғалар бар парадигмалық түрлену жүйесі болып табылады. Сондықтан да жақ (жіктік) категориясы немесе жіктелу оның түрлену тұлғасы (жіктік) жалғау, баяндауыштық қосымша деп аталса да, синтаксистік сипаты мол болса да, морфологиялық категория болып саналады. Өйткені біріншіден, жіктеудің мәні, ең алдымен грамматикалық тұлғалар (жіктік жалғау формалары) мен солар білдіретін грамматикалық мағыналар сәйкестігі арқылы анықталады, екіншіден, сөз түрлендіру тұлғалары жиынтығынан құралатын грамматикалық категориялардың синтаксистік қызметін атқару қасиеті, мысалы, тәуелдік жалғауының ілік септік жалғаулы сөзбен анықтауыштық қатынаста матаса байланысуы, септік жалғауларының обьектілік, мезгілдік, мекендік қатынастарда екінші сөзбен меңгеріле байланысуы - заңды құбылыс. Сондықтан-да жақ(жіктік) категориясын, жіктелу жүйесін бір ғана қырынан түсіну, сөйтіп, категориялық сипатын синтаксистік қызметінен ғана айқындау, морфологиялық түрлену (парадигмалық) жүйесін, соған сәйкес бір тектес өз ішінде қарама - қайшы мәнді грамматикалық мағыналар жиынтығын ескермеу бұл тілдік құбылыстың (жіктік жалғаудың) мәнін толық ашпайды, грамматикалық мәнін толық ашпайды, грамматикалық сипатын терең айқындай алмайды. Өйткені жақ категориясының, жіктеу жүйесінің грамматикалық сипатын айқындайтын ерекшелік оның синтаксистік қатынасы мен қызметінде емес, жіктік жалғау, яғни морфологиялық түрлену жүйесінде жатыр да, көрсетілген синтаксистік қатынаста жіктік жалғаудың сөйлеу процесіндегі атқаратын қызметінен туындап отыр.
Жақ категориясы негізінде логикалық категория болып табылады. Іс-әрекеттің қай жақта болып отыратындығын оның тілдегі грамматикалық көрінісі арқылы анықтаймыз. Мысалы, Мен суретшімін деген сөйлемнің мағынасы І жақтық екендігін мен деген І жақтық жіктеу есімдігі арқылы білеміз. Бұдан жақтық грамматикалық көрсеткіші болатыны көрінеді. Жақ категориясы тілде бірнеше жолдармен беріледі.
Қазақ тілінде жақ бастауыш арқылы, яғнй атау формасы арқылы, баяндауыш қиысқан жіктік жалғаулары арқылы және ілік, барыс формалары арқылы беріледі. Мысалы: 1. Мен баламын. 2. Баламын. 3. Маған кетуге тура келіп тұр. 4. Менің кеткім келіп тұр.
Бастауыш атау формасы арқылы және баяндауыштық жалғау арқылы берілгенде, бастауыш пен баяндауыш арасында қиысу болады, ал жақтық мағына ілік я барыс септік формалары арқылы берілгенде, ол сөздер бастауыштың орнында тұрып, сол сөйлемдегі қимылдың, баяндауыштық иесі бола тұрса да, форма жағынан баяндауышпен қиыспайды, сондықтан да ол сөздер грамматикалық бастауыш бола алмайды. Бірақ сол мүшелердің анықтауыш я толықтауыш болудан гөрі қимыл иесі, жақты сипаты басым екені анық байқалады. Мысалы, Менің кеткім келеді деген сөйлемдегі менің деген ілік септіктегі есімдіктің анықтауыш болуынан сол сөйлемдегі қимыл иесінің көрінісі екендігі айқын . Сол сияқты Маған кетуге тура келеді деген сөйлемдегі барыс септікте тұрған есімдіктің де қызметі толықтауыш болудан гөрі мағыналық бастауышқа жақын, бірақ грамматикалық бастауыш емес. Сондықтан мұны да жақ категориясының граматика арқылы берілуінің тағы бір жолы деп қарау керек. [ 2; 160]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz