Қазақтың ақын жыраулары



1 НҰРЫМ ЖАРШАҒҰЛЫ
2 ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ
3 Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Дәстүрлі жыраулық сарынды жалғастырушы, бұқара халықтың мұңын, ел бірлігі мен ер тірілігін көксеген, он екі ата байұлының әйгілі ақыны. Ақынның өз сөзімен айтсақ, ол туралы былай депті:

Он екі ата байұлы
Сахараның мен Нұрамы,
Су тағының кұлыны,
Тайпалмас жұйрік, жорғасы,
Бұл сөздерінде ол өзін коркем сөзге алдына салмас өрен жүйрік, сауырынан су төгилмес, төрт аяғы тең жорға, саңлақ бейнесінде танытады. Асылы, ақынның өзіне берген бұл бағасы шындықтан алыс емес.
Нұрым қазіргі Маңғыстауға қарасты Қарақия деген жерде, Жайық жайлап, Тайсойған, Бүйрек қыстаған адай елінде туып-өскен. Әкесі Жаршағул шаруа болған. Нұрым жасында ауыл молдасынан оқып, ислам діні бағытында тәрбие алган.
Қазақ және көрші түрікмен елдерін жас шағында аралап, білім алу жолында біраз ізденген. Халық ақындарының дәстүрлі мектебінен өткен. Хиуада мұсылманша оқыған.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
НҰРЫМ ЖАРШАҒҰЛЫ
(1825 - 1998)

Дәстүрлі жыраулық сарынды жалғастырушы, бұқара халықтың мұңын, ел
бірлігі мен ер тірілігін көксеген, он екі ата байұлының әйгілі ақыны.
Ақынның өз сөзімен айтсақ, ол туралы былай депті:

Он екі ата байұлы Су тағының кұлыны,
Сахараның мен Нұрамы, Тайпалмас жұйрік, жорғасы,

Бұл сөздерінде ол өзін коркем сөзге алдына салмас өрен жүйрік,
сауырынан су төгилмес, төрт аяғы тең жорға, саңлақ бейнесінде танытады.
Асылы, ақынның өзіне берген бұл бағасы шындықтан алыс емес.
Нұрым қазіргі Маңғыстауға қарасты Қарақия деген жерде, Жайық жайлап,
Тайсойған, Бүйрек қыстаған адай елінде туып-өскен. Әкесі Жаршағул шаруа
болған. Нұрым жасында ауыл молдасынан оқып, ислам діні бағытында тәрбие
алган.
Қазақ және көрші түрікмен елдерін жас шағында аралап, білім алу
жолында біраз ізденген. Халық ақындарының дәстүрлі мектебінен өткен.
Хиуада мұсылманша оқыған.

Хиуада пірдің мәскері, Оқыған соң мен білдім,
Көриуге діннің қастерін, Құранның аят- дәрісін...
Одан да талап ойланып, Парлап жазған бұл сөзим,
Алаштың көрдім жат жерін ... Болмаса рас жалған ба ?

Оқытушы кезінде, жас шағында, Нұрым да ескі ақындар дәстүрі бойынша
озі жаттаған араб әріптерін жыр еткен. Ескі әліппеге тән арбір әріпке
койылатын атауларды ұйқастырған.

Әлін – бір алда, тұр Науқы менен мақпозға
карап, Періштелер жиналып,
Біз жүрміз жаттап үйреніп Тамам діннің дерегі
Би менен тидің екеуің Әдетпенен иланып,
Тілге басшы болсын деп, Сиындық жапар аллаға.
Кағазға жазған ұйғарып,

Өлеңде мұсылман жазуын таратушылардан саналатын Науқы мен Мақпоз
әулиелердің аттары, олар туралы аңыздарды еске салады. Дұрысында Науқы
мен Мақпоздар періштелер қолдаған әулие емес. Христиандардағы Кирил мен
Мефоди сияқты алғашқы зиялылар болса керек. Егер олай болса, бұлар басқаша
көзқараста, ғылымға еңбегі сіңген адамдар ретінде танылуы абзал.
Нұрымның дүниетанымы өз уақтындағы мұсылмандар түсінігі тұрғысынан
аса алмағаны кумәнсіз.
Мұсылманша оқыған ақын болғанымен, Нұрым дін жолына беріліп те
кетпей, жастайынан ел аралап, өлең-жыр айтумен ерте шұғылданған. Нұрымның
Жаскелең, Әубәкір молда, Қашаған, Балмырза, Беріш қызы, Тананың төрт ақыны
тағы басқа кейбір ақындармен айтыстары мәлім.
Нұрымның Әубәкір молдамен айтысында молдалардың қулық-сұмдығы
сыналады. Ақын Әубәкірді Қазақтың жебір, арамза молдасы деп айыптайды.

Мен келдім Мырзалының ордасына,
Жолықтым Әубәкірдей молдасына.
Бір жүйрік осы арада бар деген соң,
Көңілім тоқтамады бармасыма.
Жолықпай бұл қазағым журген шығар,
Кесетін қорғасынды алмасына.
Қазақтың молдалары жейді харам,
Болғанда тәңірі мақшар кисап күні
Береді не деп жауап алласына

Ал Жаскелеңмен айтысқанда Нұрым адайдың елі мен жерін, Есеттей ерін
дәріптеп, оларды тіліне тиек етеді.

Маңғыстауда берекет, Көлденең қазақ баласы
Әнекей сонда керемет. Көркемдікке тең емес...
Кетсе кемін толтырған, Есетім менің ер болды.
Адайдан шыкты Ер Есет. Дін үшін емес, күн үшін.
Садуакас сом бидің Мыңнан саулық қоздаған,
Жомарттығы кем емес, Жүзден інген боздаған...

Нұрым да басқа айтыс ақындары сияқты елін мақтайды. Халқым шетінен
дәулетті, әркімнің алдында Мың саулық қоздаған деп, өз жұртын жер-көкке
көтереді. Енді Нұрым мен Беріш қызы диалогінен бір мысал келтіре кетелік:
Нұрым :
Айтайын ал дегеннен, ақын апа-ай
Сөзимнен салған жерден сені жанай.
Ерегес екі талай болған жерде,
Салдыртып озып жүрміз біздер талай.
Байрағын бізге берген талай жүйрік
Дуниеден кім көшпейді болса бұйрық,
Кезегін енді сөздің сізге бердік.

Қыз:
Сен, жігіт, мазамды алдың айқай салып,
Беріш кыз атым менің тұрсаң танып.
Қорықпай қыз тұсына келемін деп,
Сан жүйрік кұр сандалған есі танып.
Көрмеген бұрын жүзін кұрбы екенсің,
Айт маған аты жөнің танысалық.

Айтыс осындай танысу создерден басталып, ары қарай жалғаса береді.
Бұл айтыстан да Нұрымның сөз тапқыр, ойы жүйрік ақын екені бірден көрінеді.
Нұрымның табан асты сөз тапқыр шешен ақын болғандығына оның Жиенбет
елінің төрт бірдей ақынымен тіл қағысып, оларды бірден басқа ұрғандай
тоқтатып кеуіде куә бола алады. Ел аралап жүрген Нұрым жол тоспайлап,
сөзден бөгемек боп тап берген төрт ақынның ауыздарына былай деп кұм кұйып
кетіпті:
Пәлеге тап болдым ғой таналаған,
Көп қарға бір сұңкарды паналаған,
Ортаңа мен бір келген көкжал бөрі
Төрт төбет айналамда аблаған.

Бұл сөздер тана руынан шыққан төрт ақынға оқтай боп тиеді. Олар әр
карай айтысыуға жасқанып, Нұрымға сыйсияпат көрсетеді.
Ақынның жеке тақырыптарға жазған өлеңдерінің де әлеуметтік мәні
жоғары, ойлы, парасатты. Оның шығармаларында адамгершілік сарын басым.
Кейбір өлеңдерінде діни ұғымдар кездессе де, ол өмирден түңілмейді,
адамның болашағына сенім білдіріп , оның ынта- жігерін ардақтайды. Адамның
қоғамдағы мәні, өмірден алар орны туралы пікірлері де көңіл аударарлық.
Ақын адамды дуниенің сәні, маржаны, өмірдің қожасы, зор алып куш деп
ерекше бағалайды.

Жақұт, маржан секілді, Дуннеге келді сәп болып,
Адамзаттың баласы. Алыптай кушти нән болып...

Нұрым- халық ерлігін ардақтап ұзак толғаулар шығарып айтқан жырау.
Оның Жауміт шапқанда атты ел басына екіталай кун туғанда ерлік іс
көрсеткен батырларды жырлаған толғауы мәлім. Бұл жырдың ұзын ырғасы 200
жолдан астам. Ақынның бұл толғауы былай басталады.

Ойыл, Киыл, Жем, Қайнар, Маңғыстаудың ойынан
Көлденең жатқан ел жайлар, Көшип шыққан көп байлар,
Бөтегесі бөлден шық. Желпіндіріп ат сайлар,
Жегендерді желдентіп, Желбіретіп ту байлар...
Қонушы еді карыштап,

Жырда ақын ел тарихын, адайдың көші-қону мекендерін, жау айбынар
ерлерін, әділғазы билерін жырлайды.

Ардақтап өскен ел үшін, Сонда берди кұдайым
Арулап өскен қыз үшін Бұрынғы ердиң үлгісін...
Еңіреп туған мұңды үшін Мыңбай батыр бас болып,
-Мен садақа деп еді. Саманың шеті жарқудық
Миллион байтақ ел үшін. Тағы келді жиылып.

Ақынның жырлауында көзінде елге басшы боп қол ертіп, сөз ұстаған Төлеп
би мен Мыңбай батырлар – нағыз халық ұлдары, миллион байтақ ел үшін еңбек
еткен адал азаматтар. Олар – жауға қарсы халықты жұмылдыра, біріктіре
білген басшылар. Тентегін тиіп, түзу жолды ұстағандар, ар-намысты
жібермей халқына қызмет еткендер.

Көктен нұрлар кұйылып, Тататұғын тұз-нәсіп,
Тебеген аяқ, тең жүріс, әркімге содан бұйырып...
Тентектер іштен тиылып

Нұрманның бир өлеңі 1908 жылы баспа бетін көрген. Ол –ақынның ел іші,
ру арасы тартыстарын сипаттайтын 84 жолды толғауы. Елдегі жікшілдікті
сынап, ақын ел арасындағы рулар наразлығын қоздырушыларға қарсы шығады.
Жеке адамлар арасында болатын кейбір қырқылжың келіспестіктің екі елді
жауластыруға дейин қозатынын көрсетіп, ондай даурыкпалыққа ақылы бар
адамдар бармасқа тиіс, - деп, адамгершіл ақылдар айтады. Ақынның
Атамбекке арнауы осындай.

Айтса дағы айналма, Әшкере болған ісің бар,
Көрінгеннің сөзіне. Жиылған жұрттың көзіне,

деп басталатын бұл толғауда , кезінде ел бастаған адай Атамбек
батырдың адамгершілікке жат бір ісіне ақын наразылық білдіреді. Елдегі
дауды басудың орнына оны өршіте тускеніне қынжылады.

Айдыннан ұшқан аққудай Жауһәрлі болат секілді,
Қоныушы едік өңменіп , Қарасам тақсыр өңіңе,
Дарияның жарқын көліне. Ғаделет ісін болса да
Сізден кетсек қонармыз Қарамай айтам көңіліңе...
Елсіз де жердің шөліне,

Ел бастаймын деген адам өзінің жеке басы мүддесінен халық мұңын жоғары
ұстай білуі керек деп, халық ынтымағы туралы ұзақ толғайды. Ел берекесін
кетіретін мансапшылдық ниеттен туған жеке егестердің халық тілегіне жат
екенін айтып тоқтатады. Ел – жұрттың тыныштығын кетіретін егестен аулақ
болуды тілейді. Береке - бірліктің кұдіретін ардақтайды.
Бұл жерде ақын батырды әдейі көтермелей сөйлеп барып, қатты сынайды.
Оның алдында халық талабын ұсынып, бұл тілектері орындалмаса, одан қол
үзуге даяр екенін білдіреді.
Яғный , елін тыңдамаса, ер тұл боп, екі ара біржола айрылып кететіні
ескертіледі. Халық бақыты, жоқ- жітік камы әрбір ер-азаматтың алдына қояр
мақсаты деп біледі.

Дареже қонған басың бар, Әзледе бақыт тіленіп,
Бақытың аз кун артылып. Хауа халқың жөн алған,
Жеделдес өскен жақсыны Пақырлар келсе төр алған,
Кунде тілер деймісіз, Жауабымен сөз алған,
Біз де келіп сарсылып, Бұл тілегім бермесең,
Тусінбеске сөз айтсаң, Екінші әрі айналып,
Есікті көтер сарт ұрып. Босаганды көре алман.

Атаның ұлы болсаң, берекесіздікке жол бермей, ізгілікке ұмтыл,
азғындарды ауыздықта деп ақыл береді жырау Атамбекке.
Нұрым - өмірді болжаған ойлы ақын. Өмір ағамы туралы түйіндері бір
кездеги халық түсініктерін танытқандай. Өткінші дүниеден қапы қалмай,
маңызды – мәнді істер жасап өтуді ұсынады.

Нешелі шешен өткен жок, Нешелер батыр өткен жоқ,
Қу домбыра қолға алып, Қу найзасын саптаған,
Нещелі сұлу жоқ, Елдің шетін сақтаған,
Ақ бетін күнге қақтаған. Бір өлімнің айласын,
Шыбын жанның пайдасын,
Ешкім ойлап таппаған

Өмірдің қызығы жастық шақ, қарттық оған қарама қарсы – ажарсыз,
реңсіз. Сондықтан жастықтағы қызықта қымбат. Жас шағына адам немкұрайды
қарамауы керек. Оның жақсы, пайдалы өтуін қамтамасыз етер болар. Әр нәрсе
өзінің ретімен, сәнімен жаралған. Ал адам үшін сәнді де, мәнді де кезең
жастық, - дейді ақын.

Арқар дейтін аң болар, Құйрығы менен жал болар,
Ол арқардың мекені- Жал- құйрықтан айрылса,
Асқар ала тау болар Шұбар шолақ тай болар.
Бәйгіден келген бозшұбар, Қартайғанда сұм өмір
Бұны көркем көрсеткен Жас шағында ду болар.

Жастық пен адамгершілік ұштасып, бір адамның басынан табылса, лндай
жігіт ел тілегін ақтайды. Жастық талап, жігер, қайрат адамгершіл парасат
үшін қызмет етсе, одан күтер нәтиже көп. Адам қолы жеткенге масаттанып,
тәкәппарсып, менмендікке ұрынса, одан жақсы қасиеттер аулақ қашады. Ондай
адам елді бүлдірмесе, елдіұстап отыра алмайды. Басшы адамға керек қасиет
–кішіпейілділік, ізгілік, адалдық, адамгершілк. Халқы үшін қызмет етуді
бұндай жақсылар бірінші орынға қойса, керек. Досқа күлкі, душпанға таба
болу-болмау да осы қасиеттердің арақатысына байланысты. Өтембекке
арнауында осы ізгі пікірлерін былай түйеді :

Хақ, қәлемнің жолында, Зар боларсың күні
Тәубесі қабыл болмайды, Халқыңның көңілін қалдырма,
Тәкәппарболған менменнің... Есікті кетсе сарт ұрып

Нұрым жай үгіт айтып, ақыл сөз термелеп қоймайды. Соған қоса, елге
үлгі болар адам образын танытыуға талаптанады. Адамның жақсы қасиеттерін
термелей отырып, ақын ерлікті бірінші орынға қояды. Елі үші еңіреп туған ер
азаматқа деген ақын ықыласы бөлек. Өзінің Шенен ер деген жоқтау
үлгісіндегі толғауында ол азамат ердің тұлғасын сұйсіне жырлайды.

Кешегі кеткен Шенен ер Қара кылды қақ жарған,
Қатепті қара нар еді. Алысқа кеткен атағы
Төс табаны түрілген Қайыспас қара нар еді,
Жүйрік еді саңлақты Қозғалмайтын қатебі
Байрақты жерде жүгірген Ажарым еді Шенен ер
Жапырақтай жайқалған, Душшаның бетін қайтарған
Жау жағыма пана еді,

Нұрым өлеңдері нақылдылығына қоса суретті. Ол адам бейнесін, сұлу
келбетін айқын теңеу, эпитеттер арқалы шебер суреттеп бере алады. Өзінің
бір ұзатылғалы жатқан ел сұлуымен қоштасу ретінде айтқан өлеңінде ол:

Қырымның жұрт жиылған қызығындай,
Бедерің бес жасыңнан тұр бұзылмай.
Қып – қызыл екі бетің алмадайын,
Базарда пұлықымбат қырмызыдай
Бай болсын, мырза болсын бұландаған,
Жүйріктің жері болмас сыналмаған
Сейілдеп серуенге шыға келсең,
Қорынып қасыңда ешкім тұра алмаған
Асылдай ақ күмістен айырулы – ай
Қасиетті бір мінезің абиұрлы-ай
Ақ бетің ақ жауқазын айға меңзес,
Бұқардың пұлы қымбат ақ ұнындай ...!

Сұлуға тән қасиетті, оның бетажар көркіне ұштастыра табиғи портрет
жасайды. Асылға тән керемет кескін –келбет суреттеледі :

Бір гулсің бақшадағы ашылмаған ,
Науқаның әзір күнге басылмаған
Ажары ақ бетіңнің айға меңзес,
Бұл дәурен бір күн – ақ-ты қайта келмес

Ақын өзінің суырып салма өнеріне шебер, тілге ұсташешен болғандығын
мақтан етеді. Өз бойындағы ақындық талантты аруаққа сүйене біткен қас
жүйріктің екпініндей тулы-шулы қасиет деп танытады.

Мен қашанғы жүйрігің Сөз айтады сыртымнан
Той ішінде толғанған Қас жүйріктің белгісі
Шыныменен шырқасам, Айтулы жүйрік мен едім,
Бабам Қыдыр қолдаған Дуды көрсе жулқынған,
Көре алмаған біреулер Салдырмай қамшы ұмтылған

Асылы, ақын өз бойындағы ақындық талантты болжайда, бағалай да
білген. Басқа да ақындар сияқты мен- мен – сіп, кеуделегенмен, орындыжерде
сөз тауып айта алатын заманының даңқты ділмәрі болғаны сөзсіз.
Ақын, әзірше, осы талданған санаулы толғау, терме, арнау өлеңдермен
мәлім боп отыр. Олардың ішінде әзірге баспаға шығып, кең тарағандары : Мен
қашанғы жүйрігің, Ұсынсам Қолым жетер ме? , Әлеумет келдің қаумалап,
Қоштасу, Той бастар, Көңіл айту сияқты салт өлеңдер үлгілері және
Өтембекке, Шенен ер арнаулары.
Нұрым өлеңді көп шығарған. Жеке толғау, арнаулардан басқа, сюжетке
құрылған жыр, дастандары да болған. Кейбір кәриялар осы кунге дейін айтып
жүрген оның Жәуміт шапқанда, Балуанияз батыр, Тоғыз ауыл, т.б.
толғау, жырлары осыны растайды. Оның жырларын Гурьев обласы, Маңғыстау
аудананың ақыны Мұрын Сеңгірбаев (1860-1954) ұзақ жылдар бойы жырлап
келген. Осы Мұрыннан жазылып алынған қолжазбалардың ішінде Нұрым мен
Қашаған өлеңдері көп.

ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ
(1831- 1892)
Қазіргі Шымкент обласы, Созақ ауданы, Жартытөбе деген жерде туып
өскен. Әкесі көп семьялы кедей шаруа болған. Құлыншақ отыз жасқа келіп, өз
бойындағы талантын танытқанға дейін кедейлік зардабын тартқан. Тек өмірінің
соңғы жылдарында ғана орташа дәулет жиып, ел қатарына қосылады. Құлыншақ он
беске келген кезде-ақ жұрт назарын өзіне аударады. Алғашқыда жаттап өлеңдер
айтып, сауық-сайрандарға араласады. Ұрымтал ақын оқыған адамдарға жақын
жүріп, өзбетімен ізденіп, сауатын алады. Сөйтіп, хат таңыған ақынның қолы
шығыс қиссалары мен ақын-жазушыларының шығармаларына ерте жетеді. Сөйтсе де
Құлыншақ ел ақындары дәстүрінде тәрбиеленіп, өз өлеңдерін ауызекі айтып
таратады. Айтыстарға туседі. Ел сынынан өтеді. Ақындық жолға тусу себебін
ол ескі наным тұрғысында түсіндіреді. Жас шағын еске алған сөзінде ақын
маған қара кісі боп келген пірім ұйықтап жатқанымда аян бергенді, ол маған:
Көген тілеймісің, өлең тілеймісің деген еді. Мен өлеңді қаладым, деп
түсіндірмек болады. Әріне ол пірі қолдап емес, елдегі көптеген ақындық
өнердің ықпалы нәтижесінде ақын болғаны сөзсіз. Сыр бойы, Түркістан өлкесі,
Қаратау, Жетісу жерлерін түгел аралап көп ақындармен кездесіп, айтысу
арқалы ақын боп қалыптасқанға ұқсайды. Кейінгі ақындар оны ерекше
ардақтайды. Молда Мұса деген ақынның оны ерекше ардақтайды. Молда Мұса
деген ақынның айтуынша , Құлыншақ ешбір ақыннан жеңілмеген көрінеді.
Айтыстарының ішінде, әсіресе, оның Майлықожамен, айтысы көңіл аударарлық.
Ол Майлымен жүздесіп тілдесумен бірге хат арқалы да айтысып жүріпті. Оның
бұл айтысы – Майлы өленің сараң байларын сынаудан басталады. Құлыншақтың
Көлбайға, Дүйсенбі датқаға атты толғауларынан ақыннаң шабыты ғана
емес, сонымен бірге өз кезіндегі әлеуметтік мәселелерге үн қосқан ақын
болғаны да танылады.
Айтысқан ақынына мін таққыш, табан асты сөз тапқыш Құлыншақ халық
ішінде беделді болған. Оның шешендігіне, шыншылдығына ел риза боп
ардақтаған. Әсіресе, заманында билікті қолына ұстап, өз дегенін істеп, еш
нәрседен шіміркенбейтін қара пейіл ұстемдерді, сараң байларды өлтіре
әжуалап отырған. Сондай-ақ әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтеріп ,
адамгершілікті ақылдар айтқан. Мәселен Дүниеде не ғаріп толғауында ақын
табиғи құбылыстарды адам өмірмен ұштастыра термелеп, терең ой қозғайды.

Енесі жүдеп нашарлап, Көк ала жылқы болмаса,
Ертелеп туған төл ғаріп Бетегелі бел ғаріп.
әуеденжауын кем болып, Қаз, үйрегі болмаса,
от шықпай қалса, жер ғаріп Айдынды шалқар көл ғаріп
басшысы нашар жолығып, Қатарынан кем тартып,
ынтымақ кетсе, ел ғаріп Қуаты қашқан өр ғаріп

Суырып салма өнеріне жетік, ділмар ақынның өзінің өмірі туралы
толғаулары да тартымды. Нағыз жүлдегер жүйріктерге тән қаракет-
қасиеттермен көрініп, көп жүйріктен суырылып озып шыққан өрен саңлақтың
өзін танытады. Өзінің бар өмірің, бойындағы бар өнерін халқына ғана
арналған ақынның тағдырына бас имей, тіршіліктің қамын ойлап, ел-жұртына
өнер шашуды мақсат өтуі – оның азаматтық мұратының куәсі дерлік.

Менің атым Құлыншақ, Асыл біздей жылтылдап
Ал сөйлеп көр тіл мен жақ Домбырам, байғұс сен сөйле,
Дауысым байғус шығып бак, Екі шегің тыңқылдап
Саулы інгендей ыңқылдап Он саусағым, қимылда,
Жорға тайдай бұлтылдап

Құлыншақ өзінің біраз өлеңдерін арнау ретінде шығарған. Ол кезінде
бай, бек, датқа болған немесе болғысы бар дәреже – дәулет құмарлар тобын
сынап, солардың өзімшіл, құлқынқұмар мінездерін ажуалап отырады.
Оңдыбайға деген өлеңі елді билеп- төстеген болысты сынауға арналады.
Әсіресе, оның қонақасыға сараңдығын бетіне басады :

Болысеке, бұл өлең қайдан шықты,
Үйіңде бесінде ішкен шайдан шықты
Сабада сапырулы қымыз тұрып,
Күбіден айнып кеткен айран шықты.
Қайыр-қош, болысеке көргенімше,
Бұл қорлық естеп кетпес өлгенімше,
Қос қосалғы арқалап құрыған жақсы,
Итке артып, аттың басынжүргенімше.

Аталмыш ақын арнауы болыстың өзі жоқта үйіне түскен қонақтың құрмет
көре алмай аттануына байланысты айтылған. Оңдыбайдың сараң әйеліне мін
таққан ақын басқа біткен дәулетті дұрыс баға алмай, сарандыққа салынып,
керек жерде бере алмайтын пейілсіздік мінезді әшкерлейді. Адамның жақсылығы
оның сыртқы өңінде де, бет ажарында да емес, адамгершілігінде,
жомарттығында деп біледі. Оңдыбайтап осындай әйелінің өңі мен келбеті
келісті, бірақ көңілі тар, адамшылығы кем бейшара ретінде бейнеленеді.

Сәлемде Оңдыбайға Құлыншақтан,
Есектен не туады айғыр шапқан
Жалтыраған бетіне әуес болмай,
Адамның баласын ал, кісі баққан
Қызарған не қыласың бетің нұрын,
Салады көрген жігіт көздің қырын
Оңдыбайдың аулына барамыз деп,
Қайдан таныс боламыз үш жыл бұрын,

Деп ақын Оңдыбайдың ақыл беру арқалы кейінгіжастарғада ой салып, әйел
таңдауға тек қана бет ажарына ғана қарап, бекерге алданбай, оның
адамгершілігіне ақыл-парасатына назар аударудың керектігін ескертеді.
Қоғамдық қайшылықтарға немқұрайды болмағанының біркуәсі ақынның
Дүйсенбі датқаға арнауы. Аталмыш толғауында ол:

Әлсізді аз ғана күн амалдайсың ,
Жақсылық бұл пейіліңнен таба алмайсың,
Жеріңе ерегіскен қан-қара боп,
Бұлттай жауатұғын табандайсың,

Дей келіп датқаны таяғы тимеген, тізесі батпаған жер кемде – кем
екенін айтып, оның елді жылатып жатқанын бетіне басады. Үстемдер арасындағы
бақталастық халыққа жабысқан дерттей елдегі кемтарлықты көбейтіп жоқшылыққа
ұшратуда дейді.
Әріне, қаймықпай қарсы-айтылған сөз датқаға жақсын ба, Құлыншақ біраз
қүғынға ұшыраса керек. Мұны:

Тізесі дүйсенбінің маған өтті,
Қайсысыңды мендей қуып еңіретті?

Деген жолдардан айқын ағаруға болады.
Әлеуметтік маңызы жағынан ақынның Қуды мініп, құланды құрықтап жүр
толғауы ерекше. Бұл тұста ол қазақ елін жайлаған қулық-сұмдықтарды, олардың
датқалармен ауыз жаласып, елді бүлдіріп жатқанын әшкерелейді.
Ақын халықты олардан сақтандырып, әділет жолын уағыздайды. Енді бір
өлеңінде ақын түйені түгімен жұтып жатқан қуларды:

Бір түлкі тұра қашты, қудым тыңнан,
Ұсынса қол жетпейтін биік шыңнан.
Қаз мойын, қарға тұмсық бір қу екен,
Төбесін бір-ақ көрдім тарғыл қумнан
Бір жылан, бір айдаһар жолдас бопты,
Түк қалмас бере-берсең жиған малдан

Деп сынайды, оларды араны ашылған айдаһарға, жыланға балап өзінше
образдар жасайды.
Құлыншақтың Майлымен айтысы және басқа шығармалары әлі толық жиналып,
баспа бетін көрмей жүр. Оның ақындық шабытын танытар жолдарды біз қолда бар
деректерден келтірдік. Ақын – халық поэзиясын үлгісін берік ұстаған суырып
салманың өзі. Ел ақындары дәстүрінде сөз бастап, төгілте өлең термелейді.
Мысал үшін оның Майлымен айтысынан үзінділер келтіре кетейік:

Жиылдық үлкен- кіші үйден түзден,
Жүйрік ат топтан озып бәйге сүзген
Қоңыратта Майлықожа, Қулыншақ боп,
Екеуміз шығып едік орта жүзден
Қосылдық екі жүйрік сайымызға,
Бір нұқсан түспегей деп пайымызға,
Тақсыр-ау, өлеңінді енді қамда,
Бозбала қоймас болды жайымызға

Ақынның суырып салма өнеріне, халықтың салт өлеңдері үлгісіне жетігін
оның, анасына арналған жоқтауынанда көруге болады.

Тал бесігін таянған, Өлеңдетіп әндеткен,
Түнде тұрып оянған Айналаны сәнді еткен,
Тар құрсағын кеңейткен, Уақыты жетіп демді біткен,
Тас емшегін жібіткен, Айналайын ақ шешем

Құлыншақ даңқы қазақ еліне кең жайылған. Оны тұстас ақындарынан
бастап, қазіргі заман халық жыраулары жатқа айтады. Ақында қадір тұтып,
оданүйреніп өскендіктерін жасармайды. Заманымыздың жыр алыбы Жамбылдың өзі
Құлыншақ атын құрметпен атағаны мәлім. Ол:

Қаздай қалқып ерінбей, Орын берді қасынан,
өлең тердім жасымнан Майлықожа Құлыншақ
майкәт ақын, Құлманбет Пірім еді бас ұрған,

Депті. Құлыншақты еске алған ақындар ішінде көлемді естелік қалдырған
Сұлтанбек Аққожаев деген жырау. Ол ақын өмірін ұзақ толғап, оның өмірінен
көптеген деректер, береді.

Әкесі Құлыншақтың Кемел еді,
Сүйген екен немере, шөберені
Алты ұлы алты ауыл болып журе берді
Адамға бұдан артық не керегі?

Сұлтанбектің айтуынша, Құлыншақтың әкесі Кемел көзі ашық, көңілі
сергек адам болған. Ол баласының ақындық бетін қайтармай, қайта жөн сілтеп,
ел аралауға ерік беріп белгілі аруақты ақындардан бата алуға жіберіп,
баласына оң сапар тілейді.
Ақынның ізденіс сапарлары, өсу жолы туралы Сұлтанбек жырау былай
дейді:

Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп,
Үш тоғыз дүниемен жібереді
Шөженің ақ батасын алып қайтты.
Адамзат дуаменен көгереді
Келген соң киіндіріп ат мінгізіп
Баланы еркіменен қоя берді
Күнде той, той күнде жиын , күнде өлең ғып
Кұңірентіп жібереді жүрген жерді

Жыраудың деректеріне қарағанда , Құлыншақ қазақтың көп өлкесін
аралап, талай тарландармен кезігіп, тіл қағысқан. Олардан өнер үйреніп ,
ақындық дәстүрледі қабылдап отырған. Қазақ ақын жырауларына қанағаттанып
қалмай, шығыс әдебиееті классиктерін де оқыған және оның кейбіреулерінің
сюжет желісін өзінше толғап , қисса ретінде жырлаған. Сондай шығарманың
бірі – Шырын-Шекер. Қулыншақтыкөрген ел ақындары аталмыш қисса ұзақ
жырланатын, тамаша лирикалы қызық шығарма еді деп тамсана еске алады. Бұл
жөнінде Сұлтанбек жырау :

Сылдырап қоңыраудай тіл көмейі,
Жаңғыртқан терезенің көгінде енді
ән қандай, өлең мындай күйідегі
Шырын-Шекер сөз бопты тіліндегі
Жеткенше жиырмаға тоқтай алмай,
Сейіл ғып аралады елді,

Деп жырлаған.
Сұлтанбек жырау өзін Құлыншақтың шәкірті ретінде таңыстырады. Ол
өз ұстазын ерекше талант иесі еді деп дәріптейді:

Ұстазым – Орта жүздің Құлыншағы
Өлеңнен кем болған жоқ оның бағы,
Қосылып құнанында ат бәйгеге
Тынбай шауып көп жүрді сынбай сағы.

Құлыншақ талантына Сұлтанбек сияқты бас июшілер көп болған. Кейінгі
кезең дәуірінің танымал ақындары да оны еске алады. Белгілі ақын Асқар
Тоқмағанбетов те:

Ақсумбе Абақ батыр Созақтаға,
Кем еді қай батырдан қазақтағы,
Қулыншақ, Бердібек пен Айтжан ақын
Талайды сөзбен орап тұзақтады,

Деп жырлаған.
Құлыншақтың Қисық батырмен тілдесуі соңғы жылдары табылып, баспа
бетін көрді. Аталмыш шығармада көрінетін ақиқат, ол – Құлыншақтың табан
асты өлең шығарып айтуға дағдыланған ақпа ақын екендігі. Ол басына төнген
қиындықтан өлеңнің күшіменқүтылады. Ойда жоқта бақас батырдың қаһарына
ұшыраған ақын тапжылмай тұрып жауап қайырады. Баса көктеп ұйіне кірген
ақынды батыр қынабынан қылышын суырыпалып басын кеспек болады. Басын
кеспек болса да тіл кеспек жоқ деген емеспе? Ақын қорықса да саспай,
батырға тіл қатып, оны тоқтатады. Қаһарлы қылыш қынабына қайта салынып,
сыннан өтіп, сый-сияпат көреді. Қисық бабатырдың сырткелбеті адам
түршігерлік кеспірсіз, кескен томардай дөңкиген болғанына қарамастан ақын
оны алтын тақта отырған патшаға балайды. Артық туған адамның асылысың деп
мақтай жөнеледі:

Жақсыға анық тартып, туып едің,
Жақсылық туғаннан-ақ куып едің
Даңқыңды Алатаудай естіген соң,
Көруге дидарыңды келіп едім
Іліндің атақ жастан сөйлер сөзге
Көріндің адам болып көрер көзге
Мақсұдын алла тағала бергеннен соң
міндіңіз алтын таққа осы кезде
Мұбәрік құтты болсын мінген тағың
Құдайым аямасын берген бағын
Бұл кунде ел билген батыр бопсың,
Зейінмен ажыратып істің ағын

Ақынның мадақ сөзіне риза болған Қисық батыр ақынды байқау үшінсоны
талаптар қойып, өзі туралы қорықпай сөйлеп, бойындағы мінін жасырмай айтуды
талап етеді. Батардың қара қоңыз сияқты домалақ тұлғасын, бақадай бақалтақ
бой-сойын, бірбеткей мінезді адам екенін, асыл тегі де оңды еместігін батыл
әшкерелеп шығады. Ақынның айтар сөзге тапжылмай сөйлегіптігін таныған
Қисық, оның жәй ақын ғана емес, батыр ақын екенін таниды. Оған ризаболады.
Сый-сияпат көрсетеді. Қисық батырды мінеген сөздерінен бір мысал:

Былжыраған сен туыпсың атың Қисық,
Қисайып отырасың елге тисіп,
Алыстан іздеп келген мейман едім,
Япырай, маған салдың жаман түйсік
Артыңнан атқа мінсең бақадайсың
Ат басқан жерге түскен тақадайсың ...
Бойың тұрған жерінде бағың тұрып,
Ашуың келіп қалса қаһардайсың
Тәрізді бақсы ұстаған қобыздай боп
Пішінің жаман екен доңыздай боп
Қаттының таңдап алған сұлу екен
Қойныңда жатамысың қоңыздай боп ...

Қисық батырды бейнелеуге , әсіресе оны даттауға арналған сөздері -
өткір. Ақынның адамды сынап мінеуге шебер екенін танытқандай. Бұрын-соңды
еш ақын қолданбаған айшақты тіл тауып қолдана біледі. Тәрізді шөлдеу
жердің масасындай, Пішінің диуананың асасындай деген өлең жолдарындағы
теңеулері өзіндік және айқын.
Қисықты даттағанда төрт түлік малдың ең нашарларын таңдаш, соларға
балайды. Мысалы :

Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі,
Шалбардай жұртта қалғанбетің ескі...
Болар ең, түйе болсаң қотыр қоспақ
Алар ем , ел көшкенде босқа қостап...
Болар ең, жылқы болсаң, кәтті ғана,
Міннетін бір сорлының аты ғана...
Болар ең, сиыр болсаң, қара тана,
Қаноқлап мінер еді бала-шаға...

Қазақ әдебиетті (1987, Х) газетінде Әсілхан Оспан ұлы жариялаған екі-
үш өлең –ақынның талғамдарын тани түсуге көмеге бар шығармалар. Олар :
Дуние – ол бір көлдің қасқалдағы, Мазақ қылма Көлбайым, Әркім әуес
қолда жоғын. Аталмыш туындылар – көлемі жағынан шағын болғанымен,
Құлыншақтың мұраларын тереңдей талдауға жәрдемі терлік құнды еңбектер. Өмір
құбылыстарын болжап, ой түйіп, адамгершіл ақылдар айтып, ар-иманды таза
ұстай біліуге, әділет жолында аянбай еңбек еттиуге үндейді. Аталмыш ақын
шығармалары - өзіндік өрнектерінен хабар берерлік көркем дұниелер.
Тірішлік қамтын ойлай жеке бастың ойлау жеке бастың ғана қамымен
болып, арам-адалға қарамай, дуниеқоңызға берілу емес екенін ескертіп,арадан
безіп
Елге жексұрын аталудан сақтандырады. Итін күшіктетін, оны малға
айырбастау арқалы байымақ болған жағымсыз қылықты мазақтауы –шебер
мысқылшыл ақының байқатады.

Алты күшік болыпты алты тоқты
әркім әуес қылады қолда жоқты
Ит сатқанның ауылы атанарсың,
Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты,

Дейді ақын жоқтан өзгеден табыс іздеп, ел арынадақ түсірер болымсыз
іспен шұғылданыушы замандасының біріне.
Өз төрінде отырып, көкіресіп , күпсіген әкімсымақтарғаарналған сөздері
де мысқылға құрылады. Көлбай есімді өркөкіректі ол бір ауыз өлеңмен-ақ
жөнге салып, ақындық өнердің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Ешкімге
пайдасы жоқ адамның өмірі нәтижесіз, керексіз, сондықтан оның қазасы да
қасиетсіз. Адам өз халқына сіңірген еңбегімен бағалы. Ал-жұртын ауызына
қаратқан дуалы ауызды арлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүлеймен Бақырғанидың өмірі жайлы түсінік
Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Философияның даналық және адамзат қоғамының дамуы
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты
Қазақ халқының материалдық мәдениетінің белгілері
Үмбетей жырау шығармашылығы
Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
Пәндер