Аушы құстардың мінез-құлығы туралы

Аушы құстардың мінез-құлығы туралы
Аушы құстардың мінез-құлығы туралы. Алайда "Ат шаппайды, бап шабады"
дегендей, құсбегілер бүркіттің әуелі сынына, екіншіден оның "жүректілігіне"
басты назар аударады. Балапан ұясында өз өкшесімен тұрмай тұрып, ұядан алып
қолға түсірсе, ол асырауға көнбейді деседі. Балапанның астына жұмсақ
төсеніш төсеп, жемді істікке шаншып беріп үйретеді. Бүркіт балапанын қанаты
әбден қатайып топшысы бекіп, еріп ұша алатын халге жеткен кезде ғана
ұшырады екен. Оған дейін қауіп төнсе, адам көзінен аулаққа алып кетіп
баулиды. Құсбегілер құсты мінезіне қарай у-шуға тез көндігетін, қолға тез
үйренетінін ақпейіл, ал керісінше баптауға қиындау, көне бермейтінін қыңғы
деп екіге бөледі. Қыңғыларының мінезі қатал, иесінен басқа үйренбеген жанға
тұмсығын, аяғын ала жүгіретін, қанатымен соғып жіберетін әдеттері бар. Ал
аңға түскенде көрсететін мінезінде олжаға түсуді жақсылап үйретіп баулымаса
олақтанып, аяғын шайнататын дарақылар осындай мінезділерден шығады. Ал,
ақпейіл құс алғашқы күннен адамнан қымсынбай тез үйреніп, томаға, баудан
тайсалмайтын, қашпайтын болады.
Батыл құсты баптап салса, ол еш нәрседен тайсалмайды.Бүркіттің бір
күдіреті осында. Жазушы С. Мүқанов еңбегінде бүркіттің ерлігі туралы
деректер келтіреді: 1930 жылдары Еділ бойы балықшылары дариядағы алып
қортпа балыққа түсіп, су бетінде қанаты қалқып тұрған бүркіттің ерлігі
туралы "Известия" газетінде жарияланған дейді. Сонда алып балықты көтеріп
әкете алмаған бүркіт түяғын батырып оның сүңгуін тежеп, қанатын жайып
жібермей қарсылық көрсетсе керек. Авиацияның дамуы басталған кездерде
бүркіттің ұшақтарға шабуылдағаны әр елдерде тіркелген. Қазақстандық зоолог-
эколог А. Лесняк бүркіт еліктің лағын іліп әкетпек болғанда, лақ енесінің
артқы аяғының арасына тығылғанын өзі көрген. Осы кезде оның енесіне
шабуылдап, арқасын бүріп, төбесін шеңгелдеп, шірене тартқандығы туралы
жазады. Аспанда ұшып келе жатып, топ арасынан өзіндей шілді іліп әкету
қаршығаның "ісі". Қаршығаның ұстаған аңының жан шықпайынша ауыз салмай
күтетін әдеті бар. Бірақ, өте төзімсіз, әрнені қызықтап отыратын және
аумалы-төкпелі мінезі бар. Ашушаң болғандықтан шошынса, көңілі қалса
өрекпіп, шалқақтап ашуы ұзаққа дейін жалғасады. Қаршығаның тағы бір
ерекшелігі, ол лашын, ителгі тәрізді кетіп қалмайды, қуған аң-құсын іле
алмаса, иесінен ұзамай, сол маңайдан кетпейді. Соңынан барып шақырғанда
иесінің қолына оңай келіп қонады. Бүркіт өте ақылды, жершіл құс
болғандықтан ересек тау бүркітін ойға әкеліп қайырса, ештеңе іле алмай,
жүдеп-жадап, азып кетеді. Сондықтан ұядан алған балапан болмаса алыс жаққа
апара бермейді. Бүркіттің бір мекенде қысы-жазы тұратындары, аң-құс аз, ауа
райы қолайсыз болса, адамдарша қыстау, жайлауын таңдайтындары да бар.
Жаңадан ұстаған түз құсы мен ұядан алған балапанды қолға үйретуді,
жуасытуды күз айларында бастайды. Асау бүркітті қолға үйрету ептілікті,
төзімділікті, мейірімділікті қажет етеді. Өйткені бүркіт өте сезімтал да
қатал, кекшіл келеді.
Оның етін ауыртып, қол жұмсап шошытып, ашумен қағыпсоқса, жуырда ұмытпай,
кек сақтайды. Бүркітті томағалағанда
басын қысып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz