Жасанды сұрыптау



1 Жасанды сұрыптау
2 Сәндік құс шаруашылығы
3 Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік
4 Табиғи сұрыпталу
Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын ашуда Дарвин, ең алдымен, үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің көп түрлілігіне назар аударды. «Мұндай көптүрлілік қалай пайда болды?» дегенг сұрақ оны қатты ойландырды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, адам өте ертеден-ақ тұқым алып, көбейту үшін, жануарлар мен өсімдіктердің мол өнімді немесе басқа да жағымды қасиеттері бар түрлерін сақтап қалып отырған. Ол қасиеттер тұқым қуалау нәтижесінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп, адамға пайдалы белгілері бар жануарлардың жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің іріктемелері алынған. Мұны Дарвин жасанды сұрыптаудың нәтижесі деп тауып, оның мақсатсыз және әдістемелік сұрыптау деген екі формасын ажыратты.
Мақсатсыз сұрыптау адамзат тарихында мыңдаған жалдардан бері жүргізіліп келеді. Мұнда адам үй хайуанаттарының етті және сүттілерін тұқымдыққа алып, егуге пайдаланған. Осындай сұрыптаудың нәтижесінде күні бүгінге дейін жануарлар мен өсімдіктердің жағымды қасиеттері бар алуан түрлі формалары сақталып келді. Әдістемелік сұрыптау кезінде адам саналы түрде алдына мақсат қойып, арнайы бір бағытқа сай қолтұқым немесе іріктеме шығаруды көздеп, сұрыптау жүргізеді. Мысалы, қазіргі кезде Қытайда бамбук ағашының 63 іріктемесі егіледі. Дүние жүзінде жүзімнің 1 мыңға жуық іріктемесі болса, ірі қараның 400-ге, қойдың 250-ге жуық, иттің 350-ден артық, кептердің 150-дей тұқымдары бар.
Жасанды сұрыптау нәтижесінде ата тегі бір жабайы огранизмдерден адамның талабына сай өзгертілген тұқымдар мен іріктемелер алынады. Олар бірте-бірте ата тегін және өзара ұқсамайтын және формларға айналды. Олай болса, үй хайуанаттарының жаңа қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығаруда тұқым қуалайтын өзгергіштік пен жасанды сұрыптау негізгі қозғаушы күш болып табылады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жасанды сұрыптау. Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын ашуда
Дарвин, ең алдымен, үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің көп
түрлілігіне назар аударды. Мұндай көптүрлілік қалай пайда болды? дегенг
сұрақ оны қатты ойландырды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, адам өте ертеден-ақ тұқым алып, көбейту
үшін, жануарлар мен өсімдіктердің мол өнімді немесе басқа да жағымды
қасиеттері бар түрлерін сақтап қалып отырған. Ол қасиеттер тұқым қуалау
нәтижесінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп, адамға пайдалы белгілері бар
жануарлардың жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің іріктемелері алынған. Мұны
Дарвин жасанды сұрыптаудың нәтижесі деп тауып, оның мақсатсыз және
әдістемелік сұрыптау деген екі формасын ажыратты.
Мақсатсыз сұрыптау адамзат тарихында мыңдаған жалдардан бері
жүргізіліп келеді. Мұнда адам үй хайуанаттарының етті және сүттілерін
тұқымдыққа алып, егуге пайдаланған. Осындай сұрыптаудың нәтижесінде күні
бүгінге дейін жануарлар мен өсімдіктердің жағымды қасиеттері бар алуан
түрлі формалары сақталып келді. Әдістемелік сұрыптау кезінде адам саналы
түрде алдына мақсат қойып, арнайы бір бағытқа сай қолтұқым немесе іріктеме
шығаруды көздеп, сұрыптау жүргізеді. Мысалы, қазіргі кезде Қытайда бамбук
ағашының 63 іріктемесі егіледі. Дүние жүзінде жүзімнің 1 мыңға жуық
іріктемесі болса, ірі қараның 400-ге, қойдың 250-ге жуық, иттің 350-ден
артық, кептердің 150-дей тұқымдары бар.
Жасанды сұрыптау нәтижесінде ата тегі бір жабайы огранизмдерден
адамның талабына сай өзгертілген тұқымдар мен іріктемелер алынады. Олар
бірте-бірте ата тегін және өзара ұқсамайтын және формларға айналды. Олай
болса, үй хайуанаттарының жаңа қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің жаңа
іріктемелерін шығаруда тұқым қуалайтын өзгергіштік пен жасанды сұрыптау
негізгі қозғаушы күш болып табылады.
Жануралар тұқымдарының ерекшеліктері қорек және жаттығу жағдайларымен
байланысты белгілі бағыттарды сұрыптау арқылы қалыптасты. Бұған тауық
тұқымдарын шығару процесі дәлел болады. Тауықтың қазіргі тұқымдарының
шыққан ата тегі жабайы банкив тауығы.
Оның мекен ететін ареалы солтүстік Индия, Малакка, Үнді Кытай,
Филиппин аралдары және арал архипилагы. Ол ормандарда мекендейді;
бұталардың астына топырақтан және бұтақтардан ұя жасап, 4-13 жұмыртқа
салады. Банкив тауығы ықшам денелі (500 – 1250 г.), түсі өте құбылмалы
ормандық құс, қолға тез үйренді. Солтүстік Индияда осыдан 5000 жыл бұрын
асыранды тауықтар болған.
Селекциясының негізгі бес бағытына сәйкес қазіргі тауықтардың барлық
тұқымдары мына топтарға бөлінеді: 1) таласқыш, 2) сәндік, 3) етті, 4)
жұмыртқалығыш және 5) жалпы пайдалы.
Таласқыш тұқымдар тек спорттық мақсат үшін шығарылды. Бұлардың
белгілері банкив қораздарына жақын келеді. Бұл, шын мәнінде өте мықты
тұмсықты кішкене аласа айдырлы, қауырсындары денесіне тығыз жанасып жатқан
және өткір ұзын тепкілі, жартылай жабайы форма. Олардың әр түрлі
тұқымдарының түсі әрқилы болады. Таласқыш қораздарды құнды ететін негізгі
саласы сотқарлығы мен сымбатты мүсіні. Қораздарды таластыру бәсекесі
Ертедегі Грецияда біздің эрадан 500 ж. бұрын болатын. XII ғасырдан бастап
бастап бұл Англияда өріс алған спортқа айналды
XVIII ғасырдың аяғына дейін ағылшын парламентінде жыл сайын қораздар
таластыру бәсекесі болып отырды. Тек 1849 жылы ғана спорттың бұл түріне
ресми тиым салынды. Одан кейін таласқыш тауықтар тұқымдары сәндік құс
шаруашылығының сәндік тобының санына енді.
Сәндік құс шаруашылығы көптеген көп сымбатты және өзінше тұқымдар
шығарды. Осылардың бірі парктерді сәедендіру мақсатымен шығарылған ерекше
ұзын құйрықты жапондық әсемфеникс қоразы және кішкентай бентамкалар.
Бентамкалар ертедегі Грецияда да болған. Ол кезде, храмдарда, тауықтар
киелі жануар деп танылатын, бұлар да сонда шығарылған болуы керек.
Селекциясының басқа үш бағытындағы тауықтардың шығарылуы құнды
шаруашылық белгілермен – етті мол беруі мен жұмыртқалағыштығына байланысты.
Селекция осы екі белгілі негізінде жүргізілген жағдайда, жалпы пайдалы
тұқымдар – ірі денелі, салмақтылары алынды. Бұлар 6-7 айға толысымен
жұмыртқалай бастайды. Жылына 150-ден аса жұмыртқа салады. Бұған етті де,
жұмыртқалағыш келетін плимутроктар жатады. Бірақ, осы екі белгілердің ары
қарай дамуы компенсациялық тәуелділікте болады: бір белгісінің күшеюі. Оның
есесіне бір жылда 100-ден де аз жұмыртқа салатын тұқымдары бар. Бұған ең
алдымен конхинхин тұқымын жатқызуға болады. Жұмыртқалағыш тауықтар, мысалы
леггорндер ықшам денелі, салмағы 2,3-2,8 кг. аралығында болады. Оның
есесіне 4-5 айға толысымен жұмыртқалай бастап жылына 250-ге дейін жұмыртқа
береді. Құс өсірушілер ленгорндері әрдайым жақсартуда сұрыптаумен
байланыстыра отырып күтімін және корегін жақсартудың нәтижесінде, қазір
жылына бұлардың мекиендерінің жұмыртқасының саны 300-350-ге жетті.
Қандай бағытта тұқым шығарылатын болса да, сонымен қатар оған
эстетикалық та талап қойылады. Сол себепті басқа пайдалы белгілерімен қатар
тауық тұқымдарының барлығының да қауырсындарының түрі, басының әшекейлері
жөнінен әр түрлі болып келеді. Мысалы қауырсының түсі жөнінен тауықтардың
20-дан астам типі бар. Бір сыпыра жағдайда қораздың дауысына да үлкен мән
беріліп отырылды. Қораз әуенің әуес қойлары Орлов қораздарын шығарды.
Капустаның әр түрлі сорттарының арасындағы айырмашылықтардың үлкен
екендігі белгілі. Жерорта теңізінің маңында бірнеше жерде әр мезгілде
капуста егіле бастаған болуы мүмкін . Мәдени капустаның әр түрлі
формаларының арғы тегі бірнеше жабайы түрлерден шыққан, соның бір өкілі –
кәдімгі капуста. Тіпті, ертедегі Греция мен Римде капустаның 10 сорты
белгілі болатын. Қазіргі негізгі сорттар XVI ғасырдан бері бар. Айтарлықтай
нәрсе, капустаны сұрыптау жағдайда негізінен, вегетативтік органдарын
өзгерту бағында жүргізіліп отырылды, сол себепті капуста сорттарындағы
айырмашылықтарды жапырақтары мен сабағынан көреміз. Жабайы капустаға ең
жақыны дегелекті жапырақты капуста. Качанды капустада жапырақ бүршіктерінің
дамуы нәтижесінде тығыз кочан пайда болады. Савой капустаның кочаны кіші,
жапырақтары жұқа қатпарлы. Брюссель капустасында ұсақ кочандары көп ұзын
сабақ болады. Кольраби капустаның сабағы жер бетінде жуанданып, шалқан
тәрізді форма түзеді. Мал азықтық капустаның сабағының биіктігі 2 метірден
асады. Гүлді капустада жетілмеген көп гүлдер пайда болып, тығыз шоқпарбас
құрайды.
Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік. Дарвин өзінің эвалюциялық ілімінде
органикалық дүниенің тарихи дамуының қозғаушы күштері – тұқым қуалайтын
өзгергішітік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп көрсетті. Кез
келген тірі организмге тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері тән.
Дарвиннің кезінде тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің себептері аз
зерттеліп, көп уақыт түсініксіз болып келеді. Генетика ғылымының
қалыптасуына байланысты қазіргі кезде тұқым қуалаушылықтың хромосомаларда
орналасқан гендер арқылы іске асырылатыны белгілі болды. Тұқым қуалаушылық
организмге тән ерекшеліктер мен қасиеттердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі
болса, өзгергіштік жаңа белгілердің, айырмашылықтардың қалыптасуы болып
табылады. Дарвин өзгергіштіктің тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын
формаларын ажыратты. Тұқым қуаламайтын өзгергіштікті ол топтық немесе
айқын өзгергіштік деп атады. Өйткені мұндай өзгерістер нақты бір орта
жағдайларына байланысты бір түрдің барлық дараларында біркелкі байқалады.
Ал тұқым қуалайтын өзгерістер кенеттен, кезлейсоқ бір түрдің жеке
дараларында ғана байқалады. Оларды Дарвин айқын емес, жеке, дара
өзгергіштік деп атады. Мысалы, картоп түйнегін бірнешеге бөліп отырғызса,
әр бөліктен біркелкі өсімдіктер өсіп шықпайды. Сол сияқты қорадағы бір
тұқымнан тараған қойлардың әрқайсысы өзіндік ерекше белгілермен
ажыратылады.
Қазіргі генетикада тұқым қуалайтын өзгергіштікті мутациялық және
комбинативтік өзгергіштік деп атайды.
Организмдердің көбею қарқындылығы және тіршілік үшін күрес. Барлық
тірі организмдер көп мөлшерде ұрпақ қалдыруға бейім келеді. Мысалы, бір
аналық майшабақ жыл сайын орташа есеппен 40 мыңға жуық, бекіре - млн,
жасыл бақа – 10 мыңға жуық уылдырық шашады. Торғайдың бір жұбының ұрпақ
саны 10 жыл ішінде 2000 млрд-қа жетсе, пілдің бір жұбынан 750 жыл ішінде 19
млн дара таралады, ал бақбақ өсімдігі 10 жылда жердің бетін 20 см
қалыңдықпен жапқан болар еді. Бірақ табиғатта осынша көп мөлшерде ұрпақ
дамып жетілмейді. Өйткені олардың басым көпшілігі қоректің, судың,
жарықтың жетіспеуінен, т.б. себептерден тіршілігін жояды. Организмдердің
шексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресурстарының
арасындағы қарама-қайшылық тіршілік үшін күресті туғызады. Дарвин тіршілік
үшін күрестің үш формасын атап көрсетті. Олар: тіршілік, түраралық және
қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес.
Тіршілік күрес – бір түрге жататын даралар арасында жүреді. Тіршілік
үшін күрестің бұл формасы өте шиеленіскен жағдайда өтеді. Өйткені бір
популяциядағы даралар бірдей қорек, жылу, жарық, су, т.б. қажет етеді.
Сондықтан олар өзара жарысып, бәсекеге түседі. Мысалы, қарағайлардың
арасындағы жарық үшін күрес, бір түрге жататын құстардың ұя салатын жер
үшін таласуы, қасқырлардың жемтігі үшін бір-бірімен қақтығысы, т.б. Мұндай
бәсекеде ең мықтылары, сол ортаға жақсы бейімделгендері ғана жеңіп шығып,
түрдің сақталуына мүмкіндік жасайды.
Түраралық күрес - әр түрге жататын даралар арасында жүреді. Оған
арамшөптер мен мәдени өсімдіктердің, жыртқыштар мен үй жануарларының, түлкі
мен қоянның арасындағы тіршілік үшін күресті мысалға келтіруге болады.
Кей жағдайда әр түрге жататын даралар бір-біріне зиянын тигізбей,
пайда келтіре отырып тіршілік етеді. Мысалы, жәндіктер мен құстар
қоректену кезінде гүлді өсімдіктерді тозаңдандырады, қына өсімдігінде жасыл
балдырлар мен саңырауқұлақ селбесіп тіршілік етеді.
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес - әсіресе ылғалы мен
мол немесе ауа райы құрғақ аудандарда және жазы ыстық, қысы суық жерлерде
айқын байқалады. Мұндай қолайсыз ортада тіршілігін сақтап қалу үшін
организмдерде әр түрлі бейімділік белгілері пайда болады. Мысалы, шөлді
жерлердегі өсімдіктер аласа болып, олардың жапырақтары тілімделіп немесе
тікенекке айналып, тамырлары өте тереңге кетеді. Қысы суық аудандарда
жануарлардың жүн жамылғысы қалың өседі, ал аңызақ желді аралдарда тіршілік
ететін жәндіктердің қанаттары өте жақсы жетіледі немесе мүлде қанатсыз
болып келеді.
Табиғи сұрыпталу. Тіршілік үшін күресте Дарвин әрдайым нақты бір орта
жағдайларында өзіне пайдалы ерекшеліктері бар организмдер ғана тіршілігін
сақтап қалатынын байқайды. Олай болса, табиғатта өздігінен таңдамалы түрде
бір даралар тіршілігін жойса, екінші біреулері көбейіп, әрі қарай дамиды.
Бұл құбылысты Дарвин табиғи сұрыпталу немесе аса жақсы бейімделе
алғандардың тірі қалуы деп атады. Табиғи сұрыпталу – бірнеше ғасырларды
қамтып, үздіксіз жүріп жататын әрекет. Бұл әрекетке қажетті материал –
ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалап нығая түсетін шағын өзгерістер. Табиғи
сұрыпталудың нәтижесінде тіршілік ортасына сәйкес бейімделген жаңа түрлі
түзіледі.
Қорыта айтқанда, Дарвин ілімі органикалық дүниенің даму барысын
бірізділікпен, дәлелді мәліметтермен сипаттады. Эвалюцияның себептерін
ашып, көптеген табиғи құбылыстары мен заңдылықтарын түсіндірді. Дарвин
бірінші болып тірі табиғат эвалюциясының ең өзекті екі мәселесін – түр
түзілу мен бейімделушіліктің себептерін теория болып бүкіл дүние жүзінде
қолдау тапты.
Бейімделушіліктің пайда болуы және түрлері. Организмдер эвалюция
барысында өзін қоршаған орта жағдайларына бейімделеді. Бейімделушілік деп
организмдердің нақтылы ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз
ететін жаңа қасиеттердің пайда болуын айтады. Бейімделушіліктің қалыптасуы
тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталуға тікелей байланысты.
Мысалы, құстардың ұшуға, кейбіреулерінің суда жүзуге бейім келуі, топырақ
астында тіршілік ететін көртышқанның күрек тістерінің және алдыңғы
аяқтарының қуатты болуы, т.б. Сол сияқты өсімдіктердің қуаншылыққа немесе
ылғалға мол ортаға бейімделуі, айқас тозаңданатын өсімдіктердің жел немесе
жәндіктер арқылы тозаңдануға бейімделуі т.б. Бейімделушіліктің бірнеше түрі
бар.
Бүркеніш рең. Бейімделушіліктің бұл түрі – ашық жерлерде тіршілік
ететін организмдердің жауыннан қорғану белгісі. Көптеген көбелектер мен
қоңыздарды қанаттарының немесе денесінің түрлі түсті болуына сәйкес
өсімдіктер арасынан ажырату қиын. Жапырақпен қоректенетін кейбір жәндіктер
мен олардың жұлдыз құрттары жасыл реңді болса, қиыр солтүстіктегі көп
жануарлардың реңі ақ түсті болып келеді (ақ аю, ақ құр, т.б.). Орманды,
далалы жерлердегі жануарлардың дене жамылғысы жолақты немесе теңбілді
болып, ағаштар мен шөптердің арасынан аса байқалмайды. Мысалы, зебра,
жираф, жолбарыс, жылан және кейбір құстардың (құр, тентекқұс, т.б.)
жолақты немесе теңбіл түстері мекен ететін ортасындағы жарық пен көлеңкенің
тез алмасып отыруына сәйкес келеді.
Жасырушы рең. Бірқатар жануарлардың дене пішімі мен реңі айналасындағы
заттарға ұқсайды. Мысалы, тропиктік орманда тіршілік ететін жыландарды
ондағы лианалардан ажырату мүмкін емес. Судағы қалың өскен балдырлар
арасынан теңіз атбасы мен инебалықты ажырату да оңайға түспейді.
Мүлкөбектің жұлдызқұрты бұтаққа ұқсайды. Кллимат туысына жататын
көбелектің және оңтүстік америкалық көк шегірткенің қанаттарының пішіні мен
жүйкеленуі жапыраққа өте ұқсас. Бразилияда тіршілік ететін жапырақ балықтың
реңі де жапыраққа ұқсайды, айырмашылығы – ол реңін өзгерте алады.
Сақтандыру рең – көбінесе және шағатын жәндіктерге тән белгі. Улы
жылан, плашты кесіртке, батбат кесіртке, сона мен аралар түрлі түсті
жолақты ашық реңіне және айбат шегуіне байланысты бірден көзге түседі.
Бұлардың денесінде улы және жағымсыз иісті зат болғандықтан, жануарлар
жемейді. Мысалы бұзаубастың үстіңгі қанаттары жасырушы, астыңғы қанаттары
сақтандырушы реңді болады. Қауіп төнген кезде үстіңгі қанаттарын көтеріп
жіберіп, астыңғы ашық түсті сақтандырушы реңді қанаттарын жайып, жауын
үркітіп жіберід.
Қорғаныш рең. Бейімділіктің бұл түрі қорғана алмайтын жәндіктерде
байқалады. Кейбір қауіпсіз жәндіктер пішіні, реңі және мінез-құлқы
тұрғысынан улы, шағатын, қауәпті жәндіктерге ұқсайды. Мысалы, шағатын
шыбын, әдетте араға ұқсас келеді, улы емес жыландарға ұқсайды.
Өсімдеіктерде де дәл осындай алуан түрлі бейімділік белгілері
кездеседі. Бірақ табиғатта тіршілік жағдайларына нағыз бейімделген формалар
жоқ. Кез келген бейімделу белгілері нақты орта герсе, ол белгілер қажетсіз
болып қалуы да мүмкін. Мысалы, ақ құр қыстың ашық күндері қар бетіне түскен
өз көлеңкесімен көрініп қалады. Жартқыш балықтан қашып, су бетіне шоршып
шыққан ұшқыш балықты альбатрос қағып алып ейді. Кірпінің инелері оны
жауынан жақсы қорғаныммен, үкі кірпі денесін бірнеше бөлікке бөліп тастап,
әр бөлікті инесімен қоса жұтып қояды. Олай болса, бейімделушілік –
салыстырмалы сипатта болатын эвалюциялық әрекеттің көрінісі.
Дарвин эвалюциялық ілімде органикалық дүниенің тарихи даму
заңдылықтарын ашып, оның қозғаушы күштерін атап көрсетті. Ол ілім жарыққа
шыққаннан кейін де биология ғылымының түрлі салаларында эвалюциялық
процесті дәлелдейтін материалдар көптеп жинақтала берді.
Салыстырмалы анатомиялық дәлелдемелер. Тірі организмдердің клеткадан
тұратыны, жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының құрлысы мен атқаратын
қызметі, химиялық құрамы ұқсас екені айтылды. Бұл барлық тірі
организмдердің шығу тегінің бір екендігіне айқын дәлел болды. Омыртқалы
жануарлар қаңқасының жалпы көрінісіне назар аударайық. Олардың денесі екі
жақты симметриялық болады. Омыртқа жотасы бас сүйекке жалғасады және аяқ-
қол сүйектерінің құрлысы ұқсас келеді. Миы 5 бөліктен тұрады, омыртқа
жотасының өзегіндегі жұлын орналасқан, ішкі мүшелерінің құрылысы мен
орналасуы да ұқсас. Алайда тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты
организмдердің құрылысы да әр түрлі ортаға бейімделіп өзгереді. Мысалы, кит
алдыңғы аяқтарымен суда өсіп жүруге, көртышқан топырақты қазуға, адам
алуан түрлі жұмыстар істеуге бейімделген. Мұндай жалпы құрлысы және шығу
тегі бір мүшелерді гомологиялық мүшелер деп атайды.
Сонымен қатар әр түрлі топтарға жататын кейбір жануарлар мен
өсімдіктерде ұқсас қызмет атқаратын мүшелер бар. Мысалы, балықтың және өзен
бұзаубастың аяқтары, құстың, жарғанаттың, көбелектің ұшу қанаттары ұқсас
қызмет атқарады. Құс пен жарғанаттың қанаттары - өзгерген алдыңғы аяқтары,
ал көбелектің анаты – көкірегінің арқа өсіндісі.
Мұндай ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі баса
мүшелер аналогиялық мүшелер деп атады.
Эмбриологиялық дәлелдемелер. Организмдер ұрығының дамуын зерттейтін
ғылым саласы эмбриология деп аталады. Бұл саладағы зерттеу жұмыстары көп
клеткалы организмдердің барлығы ұрықтанған жұмыртқа клеткадан дамып
жетіледі деп көрсетті. Құс пен жарғанаттың қанаттары - өзгерген алдыңғы
аяқтары, ал көбелектің қанаты – көкірегінің арқа өсіндісі. Ұрықтық дамудың
алғашқы сатысында барлық омыртқалылардың ұрықтары құрлысы жағынан бір-
біріне ұқсас келеді.
Денелері бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлініп, одан арғы
сатыларда әр клпасс өкілдеріне, класс ішіндегі отряд, туыс, түрдің өзіне
тән белгілері қалыптаса бастайтыны суреттен көрініп тұр. Сондықтан жалпы
дене құрылысы біртекті жануарлардың ересек дараларына қарағанда ұрықтары
өазара ұқсас келеді. ММұның бәрі омыртқалылардың шығу тегінің бір екенін
дәлелдейді.
Палеонтологиялық дәлелдемелер. Өліп біткен организмдердің қазба
қалдықтарын зерттейтін ғылым саласы палеонтология деп аталады. Органикалық
қазба қалдықтарды зерттеп салыстыру әр түрлі геологиялық замандағы
тіршіліктің бейнесін көз алдымызға елестетеді. Мысалы, өте ертеректе
түзілген жер қабаттарында бұрын тіршілік етіп, кейін жойылып кеткен
омыртқасыз жануарлардың хитин қаңқалары, бақалшақтары сақталған. Ал одан
кейінірек пайда болған қабаттардан хордалылардың жақ сүйектері, кейінірек
пайда болған қабаттардан хордалылардың жақ сүйектері, тістері, мүйіздері,
тері қабыршақтары мен сауыттары табылған. Осындай қазба қалдықтарды
салыстыру арқылы әр түрлі кезеңдерде тіршілік еткен жүйелік топтардың
арасындағы туыстық байланысты анықтайды. Мұндай жағдайда өтпелі формалар
маңызды рөл атқарады. Мысалы, қазбадан табылған тұқымды папоротникте
олардың өздеріне тән белгілермен қатар қазіргі ашық тұқымды папоритникте
олардың өздеріне тән белгілермен қатар қазіргі ашық тұқымдыларға тән
белгілер де байқалған. Қазбадан табылған археоптерикс (көнеқұс) жоғалушылар
мен құстардын арасындағы өтпелі форма болып табылады. Себебі археоптериксте
құстардағы сияқты қауырсын қанаттары мен артқы аяғында желіншік сүиегі
болса, жоғарлаушыларға ұқсаитын қабырға сүйектері, ұзын омыртқадан тұратын
құйрығы және біркелкі тістер бар.
Ал сүтқоректілердің жорғалаушылардан шыққандығын дәлелдейтін өтпелі
форма қазбалық аңтісті жорғалаушылар деп есептелінеді. Өиткені аңтісті
жорғалаушылардың ми сауытының құрылысы, омыртқа жотасы мен аяқ-қолдарының
орналасу, тістерінің әркелкі болуы сүтқоректілерге ұқсас.
Биографиялық дәлелдемелер. Жер шарының түрлі материктеріндегі
өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін зерттеу олардың тарихи дамуы, яғни
эволюциялық процестің жүру барысы туралы мәлімет береді. Ағылшын ғалымы
А.Р. Уоллес 6 биологиялық аймақты атап көрсетті. Олар: 1) палеоарктикалық,
2) неоарктикалық, 3) эфиопиялық, 4) үндімалазиялық аймағы, 5) неотропиктік,
6) аустралиялық аймақ. Бұл аталған аймақтардағы өсімдіктер әлемі мен
жануарлар дүниесінің ұқсастығы мен айырмашылық дәрежесі әр түрлі.
Зерттеулерге қарағанда, материктер бір-біріне туыстық формалардың саны да
көп болады. Неғұрлым ертерек айырмашылығы да анығырақ байқалады. Мысалы,
Аустралия Оңтүстік Азиядан осыдан 100 млн жылдай бұрын бөлініп кеткен.
Сондықтан бұл аймақта басқа еш жерде кездеспейтін өсімдіктер мен
жануарлардың түрлері сақталған (қалталы сүтқоректілер, үйректұмсық, ағаш
тәрізді папоротниктер, т.б.)

Түр туралы ұғымдардың қалыптасу тарихы

Органикалық табиғат түрлері деп аталатын өзінің әр алуан құлпырған
формаларымен біздің көз алдымызда жайдары көрініс беріп тұрады. Осы көп
түрлік жайында мынандай кейбір цифрлар түсінік береді. Мысалы, зоологтар
жануарлардың белгілі түрлерінің жалпы саны 2 500 000-ға жуық есептейді.
Қазіргі кездегі өсімдіктердің түрлерінің саны 500 000 жетеді. Алайда
қазіргі кездегі жануарлармен өсімдіктердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарын өнімділігі бойынша сұрыптау
Популяция генетикасы, популяция және таза линия жайында түсінік
Өсімдік иммунитетінің маңызы мен мақсаты
Генетика және селекция
Ауыл шаруашылық малдарын бағалау және сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру
Селекцияның генетикалық негіздері
Құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Биотехнология ғылымы
Адам эволюциясына әсер ететін факторлар
Ауру қоздырғыштардың физиологиялық рассалары және олардың төзімділікті арттырудағы селекцияны қолдану
Пәндер