Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша неке шарты


Еламанова Әлия Оразалықызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ

БОЙЫНША НЕКЕ ШАРТЫ

(Мамандығы - «6N0301 -азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы»,

2010-2011 жж. )

Құқық магистрі академиялық деңгейін ізденуге ұсынылған

магистрлік диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы . Диссертациялық зерттеуде Қазақстан Республикасында неке қатынастарының азаматтық құқықтық сипаты, неке ұғымы және оның құқықтық реттеу объектісі ретіндегі табиғаты, Қазақстан Республикасындағы некелік қатынастардың азаматтық-құқықтық мәні және ерекшеліктері, Қазақстан Республикасы заңдары бойынша ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарының реттелуі, ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міңдеттерінің заңды режимі, ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары, неке шарты қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . ҚР Конституциясында некелік-отбасылық қатынастарға арнайы тоғызыншы тарау бөлініп, үш бірдей бап арналған, Конституцияның 50-52-53 баптарында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқы бар. Неке ерлі - зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқылық теңдігіне негізделеді. Ата - аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың міндеті - балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту. Отбасы, ана, әке болу және балалық шақ қоғам мен мемлекеттің қорғауында болады» - [1] деп көрсетілген.

Ел Президенті Н. Назарбаев "Қазақстан-2030" Қазақстан халқына Жолдауының ұзақ мерзімді басымдығында ("Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты") : "Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғыз басты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір - бірінің алдындағы , ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейте түсуге тиіспіз. Ата - аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата - аналарына камқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан - жақты қорғау қажет", [2, 233 б. ] - деген болатын.

Адамзат қоғамының құрамдас бөлігі және әрбір адамның калыпты өмір сүруінің мәні отбасылық қатынастар болып табылатындығы белгілі. Осы отбасылық қатынастарда адам өзінің өмірлік маңызды мүдделерін жүзеге асырса, ал өз кезегінде отбасы қоғамдық қатынастардың дамуы мен өзгеруіне елеулі әсер етеді (мысалы: адам ұрпағының дамуы, демографиялық дүмпулер мен дағдарыстар, бала тәрбиесі, олардың тұлға ретінде қалыптасуы және де басқа жағдайлар) .

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтық қатынастары 1998 жылғы 17-ші желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңымен реттеледі [3] .

Көптеген заңнамаларда «неке шарты» деген термин кездескенімен, тәжірибеде «неке контрактісі» немесе «неке келісімі» деген терминдер қолданылады. Олардың барлығы синонимдер болып табылады. «Контракт» деген термин латын тілінен (contract) алынған, ол да шарт деп аударылады. [4, 24 б. ]

Отбасы заңнамалары арқылы ерлі-зайыптылардың қатынастары құқықтық реттелуге жатады. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында ерлі-зайыптылардың мүліктік шарттық режим институтына бірқатар нормаларды енгізген.

Отбасында неке шарты жанжалды болдырмайды, өйткені мүлікті талап ету жолдары шартта көрсетілген. Адам алдағы өмірін болжай алмағанмен, неке шарты тағдырдың соққысын жеңілдетуге себебін тигізеді. Егер ерлі-зайыптылар некеге тұру кезінде неке шартын жасаса, бұл құжат артықшылық етпейді. Мұндай шарт басқадай құжат сияқты заңның қорғауында болады.

Неке шартының ең тиімді жағы - ерлі-зайыптылардың арасындағы бітпес дау, орынсыз кикілжіңдерді болдырмай, бар мәселені заңмен шешетіндігінде болып отыр.

Заңгерлер неке шартының белең алмауларының себептерінің бірі-кеңес менталитетінің басылмағандығы, онда жоғары моральдік принциптері, мәңгі махаббат және әртүрлі меншіктікке күресті басшылыққа алған еді.

Неке шарты еліміздегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың теориялық та, практикалық та маңызы өте зор. Оның теориялық маңызы жеткілікті дәрежеде неке шартын реттейтін арнайы нормативтік актілердің болмауында. Ал оның практикалық маңызы некеге тұрушы немесе некеде тұрған көптеген азаматтар ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, неке шартын жасамайды.

Неке шартын жасау қажеттілігін ерлі-зайыптылар өздерінің қалауы бойынша шеше алады. Кейбіреулері бұған ойланбастан келіседі, ал кейбіреулері қарсылықтарын білдіреді. Неке шарты алғашында мүліктік қатынастарды реттейді, кейіннен әлеуметтік және жеке қатынастарды реттеуі мүмкін. Неке шарты әйел мен еркектің мүліктің мүдделерін тең дәрежеде қорғайды. Дегенмен, неке шартын жасамас бұрын, оның ережелерімен танысып, заңгерлермен кеңесіп алған артықтық етпейді.

Бұл жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - ұлттық тілде бұл тақырыпта зерттелген жұмыстар аздық танытып отыр. Сондықтан осы қазақ тілінде зерттеліп отырған жұмыстың ғылымға қосатын үлесі зор болады деп ойлаймыз.

Сондықтан отбасылық қатынастар әр адам және тұтастай алғанда қоғам үшін маңыздылығына орай тек мораль, әдет-ғұрып, діни нормалармен ғана реттелініп қоймай, мемлекеттегі құқық жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын азаматтық, отбасылық т. б. зандарымен де реттелінеді. Ал отбасылық қатынастарды құқықтық реттеу, ең алдымен отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың арасында өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке, бір - бірілерінің алдында өзара жауапкершілік пен көмекке негізделген қатынас қалыптастыруға, отбасында балаларды тәрбиелеуге қажетті барлық жағдайларды қалыптастыруға бағытталады.

Алайда, кейінгі кездері бұрын ұлтымыздың салт дәстүрінде, әдет-ғұрпында болмаған, қанымызға жат - жас аналардың нәрестелерін сәбилер үйіне, перзентқанаға өткізуі, далаға тастап кетуі, некенің тіркелгенінен көп уақыт өтпей жатып бұзылып жатуы, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың өрши түсуі және отбасылық қатынастардағы басқа да келеңсіз жағдайлардың кең етек алуы қоғамымыздағы өткір де, өзекті мәселе болып отыр. Мәселен, соңғы 2009 жылғы елімізде өткізілген халық санағының нәтижесіне сәйкес 2007 жылы 75 744 неке тіркелген, ажырасқандардаң саны 21 804 адамды құрады, туылғандардың саны 188 785 болды. Ал 2008 жылы 69467 адам некеге отырды, 20 542 айырылысты, туылғандар 210 717 санды құрады. 2009 жылдың шілде айына дейінгі деректерге сүйенсек, республика бойынша 72 025 неке тіркелді, 22 978 адам ажырасты, сондай-ақ туылғандар саны 210 604 адамға жетті [5] .

Осындай жағдайларға орай, мемлекеттің отбасыға назар аударуының соңғы екі-үш жылда арта түскеніне қарамастан (атаулы әлеуметтік көмек, бала туылғанда берілетін біржолғы ақшалай көмек), ол материалдық жағынан да (көп балалалы отбасыға, мүгедектерге, жалғызбасты аналарға және басқа да мұқтаж тұлғаларға), және құқықтық реттеу жағынан да қиындықтарға ұшырауда. Өйткені бұл салада қабылданып жатқан заңдардың көпшілігі орындалуға жарамсыз болып қалуда немесе көп жағдайда отбасының мүдделеріне сәйкес келе бермейді. Себебі неке, отбасы және оны құқыктық реттеу мәні бойынша басқа қоғамдық құбылыстардан айрықшаланатын ерекшеліктерге ие қоғамдық құбылыс болып табылады. Сонымен қатар, еліміздің жаңа қоғамдық қатынастарға өтуі мен экономикадағы түбірлі өзгерістер конституциялық құқық нормаларынан бастау алатын отбасылық құқықтың пәнін анықтауда да елеулі өзгерістерді талап етуде. Сәйкесінше, еліміздегі жалпы және конституциялық құқық теорияларының қайта, жаңаша тұрғыда дамуы бұл мәселелерді өзге де позицияларда талдауға мүмкіндік береді. [6, 27 б. ]

Тақырыптың зерттелу деңгейі . Отбасылық қатынастарды конституциялық-құқықтық реттеудің, оның ішіңде, отбасылық қатынастарды құқықтық реттеудің еліміздегі даму тарихы мен ерлі-зайыптылар мен бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес, жеке қатынастарды құқықтық реттеудің тәжірибелік және теориялық мәселелері көп жылдардан бері заңгер ғалымдардың назарын өзіне аударып, зерттеу тақырыптарының өзегі болып келеді. Отбасылық қатынастарды құқықтық реттеудің даму тарихы, қазақ қоғамындағы отбасылық қатынастардың кұқықпен және әдет-ғұрып, діни нормаларымен реттеліну ерекшеліктері мен мәселелері белгілі отандық ғалымдар Базарбаев Б. Б., Баймаханова Д. М., Баққұлов С. Д., Баудиярова Қ. Б. Биримжанова С. Э., Ибраева А. С., Калышев А. Б., Қарашаева Ж., Карпушина Т. Д., Кенжалиев З. Ж., Мұқанова М. Ж., Жандарбек Б., Жақыпова А., Жетпісбаев Б. А. , Зиманов С. З., Сартаев С. С., Сабикенов С. Н., Сман К. А., Сейітова Н. З., Н. Өсерұлының еңбектерінде жан-жақты зерттелініп, және шетелдік авторлардан Абашин Э. А., Антокольская М. В., Бондова С. Н., Максимович Л. Г., Нечаева А. М., Пономорев А. П., Сергунина В. М., Сосипатрова Н. Е., Шершеневич Г. Ф., редакциясы бойынша жазылған оқулықтары терең талдауларға түскен.

Зерттеу объектісі . Диссертациялық зерттеудің объектісін ерлі-зайыптылардың құқықтары мен бостандықтары болып табылады, олар отбасылық құқық аясындағы қоғамдық қатынастар жүйесінің жиынтығын құрайды.

Зерттеу пәні . Диссертациялық жұмыстың пәнін неке қатынастарының азаматтық құқықтық негіздері, неке институтын азаматтық құқықтық тұрғыда жүзеге асыру тетігі құрайды.

Диссертацияның мақсаты мен міндеттері . Диссертациялық жұмысты зерттеудің мақсаты азаматтық-құқыктық заңдардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, неке институтының азаматтық-құқықтық негіздерін, ҚР заңнамасы бойынша неке шартын кешенді түрде сарапқа салу және неке институтын азаматтық реттеуді жетілдіру жөнінде нақтылы тәжірибелік, теориялық маңызы бар ұсыныстар беру болып табылады. [7, 24б. ] .

Осы аталған мақсатқа жету үшін ізденуші өз алдына төмендегідей міндеттерді шешуді қойып отыр:

-Неке ұғымын және оның құқықтық реттеу обьектісі ретіндегі табиғатын;

-Қазакстан Републикасындағы некелік қатынастардың азаматтық-құқықтық мәні және ерекшеліктерін;

-неке шартының шетел мемлекеттеріндегі құқықтық сипатын;

- неке шартының өзгертілуі мен тоқтатылу тәртібін, мерзімін;

- неке шартының жарамсыздығын тану және оның құқықтық салдарын;

- Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттерін қарастыру.

Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізін қоғам, мемлекет, отбасы және жеке тұлғаның өзара байланысының зандылықтары туралы көзқарастар мен ғылыми тұжырымдар және оларды тануға білуге арналған теориялар мен түсініктер, философияның ғылыми заңдары, әдістері, диалектика құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Диссертациялық зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасындағы неке шартының азаматтық-құқықтық негіздері кешенді тұрғыда арнайы зерттеліп, айқындалып отыр. Сонымен қатар, неке шартына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, жалпы неке институтының азаматтық-құқықтық табиғаты, оның азаматтық-құқықтық тұрғыда даму кезендері жүйелі тұрғыда сараланып, талданған. Неке шартынан туындайтын жауапкершіліктің негіздері де зерделеуге түскен.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  1. Тарихи мәлімет көрсеткендей, неке мен некелік келісімшарт инситуты теңдестірілді, бірақ неке мен некелік келісімшарт инситутының қазіргі кезеңін ҚР заңдылығына сәйкес бір тәртіпте қарастыруға болмайды, себебі некенің әлеуметтік функциялары мен мазмұны некелік келісімшартқа қарағанда кең. Некелік келісімшарт некеден тараптардың келісімі ретінде туындаған және некеге қатысты акцессорлық сипатта.
  2. Некелік келісімшарт дербес азаматтық-құқықтық келісім болып табылады, себебі оның мақсаттық бағыты (кауза) басқа азаматтық-құқықтық келісімдермен сәйкес келмейді. Мұнымен қатар некелік келісімшарт құрамында мүліктің заңды тағдырын анықтайтын түрлі келісім элементтері болады, бұл болса келісімшарттың кешендік сипатты екенін дәлелдейді.
  3. Некелік келісімшарттың төмендегідей жітегіштік сипатты белгілері бар: консенсуалдық, өзара, ақылы, қатысушылардың пайдасына каузалдық, басымдылықпен мерзімсіз.
  4. Некелік келісімшарт бұл - ерлі-зайыптылардың бір-бірінің табысына қатысу әдісімен, отбасылық шығынды бөлісу, некені бұзу жағдайында жұбайына берілетін мүлікті анықтау, мүліктікке қатысты басқа да жағдайлар қосылатын, сондай-ақ ҚР заңдылығында тиым салынбаған құқықтардан басқа жеке мүліктік емес қатынастардан құралған некеге тұрғалы жатқан тұлғалардың немесе өзара мазмұн бойынша құқықтар мен міндеттері бар ерлі-зайыптылардың мүліктерінің ең тиімді құқықтық тәртібін жасауға бағытталған азаматтық-құқықтық келісім.
  5. Жеке мүліктік емес қатынастарды некелік келісімшартпен реттеу мұндай қатынастарды реттеу қажеттігіне байланысты, бірақ оларды орындау тек құқықтық құралдар арқылы ғана қамтамасыз етіледі.
  6. Некелік келісімшартта жеке мүліктік емес құқықтарға қатысты мәселелерді реттеу мойындалады: бірлесіп немесе жеке өмір сүру, өзара келісім бойынша ерлі-зайыптының ортақ фамилиясын, кәсіби қызметтің орынын және тәртібін, сондай-ақ болашақ балалары туралы ережені, асырап алу, суррогаттық ана туралы келісім туралы және ерлі-зайыптының келісімінің мәні бола алатын пайда болған қатынастардан шығатын мүліктік емес құқықтарды анықтау.
  7. «Некелесетін тұлғалар» түсінігін нақтылау жолымен, болмаса мерзімін көрсетіп некелік келісімшартты жасасуға құқығы бар тұлғалар тобын заңды түрде анықтау қажет.
  8. Отбасылық заңдылыққа келесі ережелерді енгізу қажет:

1. неке келісімшартын жасасқан кезде өкілдікке рұқсат етілмейді;

2. қарызгер ерлі-зайыптының неке келісімшартын жасасу, өзгерту және бұзу туралы кредиторларға хабарлау міндеттемесі туралы.

Автор жүргізген зерттеуі негізінде оның мазмұнын толық көрсететін тұрпатты неке келісімшартының жобасын ұсынады.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмысты жазу барысында тұжырымдалған қорытындылар, ұсыныстар мен пікірлер некелік қатынастарды, ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің теориясын тереңдете түседі деп ойлаймыз.

Зерттеу мәселелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі теориялық қағидалары мен негізгі тұжырымдары, тәжірибелік ұсыныстары мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларда көрініс тапты, «Қазақстандық даму жолы : тәуелсіздікке 20 жыл» атты ҚазГЗУ- да өткен жас ғалымдардың, магистранттардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында және ғылыми-практикалық, оқу-әдістемелік конференцияларда, семинарларда талқылауға ұсынылды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу объектісі мен пәні, жұмыс мақсаты мен міндеттері, зерттеудің әдістері және әдістемесі, зерттеудің ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар, оның теориялық және тәжірибелік маңызы, зерттеу мәселелерінің сыннан өтуі және диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі туралы деректер көрсетілген.

Жұмыстың бірінші бөлімі «Неке шартының құқықтық-теориялық мәселелері» деп аталып, ол 3 бөлімшеден тұрады.

1. 1 бөлімше « Неке ұғымы және оның құқықтық реттеу обьектісі ретіндегі табиғаты » деп аталады. Ғылымның қай саласы болмасын өзі зерттейтін мәселені түбегейлі түп-тамырымен тарихи тұрғыдан айқындап көрсетуге ұмтылады. Кез келген қоғамдық кұбылысты зерттеуде осы мәселе басты назарда болмаса оның даму сатыларын, не себепті бір сатыдан екіншіге немесе басқа түрге, топқа өзгергенін таба алмаған болар едік. Некелік қатынастар жайында сөз қозғамас бұрын жоғарыда айтылған қағидаға сай, ең алдымен "отбасы-неке", "неке және отбасы" деген ұғымдардың, түсініктердің қалай пайда болғанын, бір-бірінен айырмашылығы мен ара-қатынастарының калай болғанын ұғынуымыз керек. Осы ізденіс әрине, жүйелі түрде арғы-бергі тарихқа жүгініп, талдау жасауды талап етеді.

Біз дәстүрлі қазақ қоғамындағы некеге байланысты мәселелерді негізінен жазба деректер бар XIX ғасыр мен XX ғасырдың басын қосып отырып қамтимыз, бұлай ету себебіміз осы уақыт аралығында отбасында, онын ішінде әйелдерге байланысты бұрыннан келе жатқан көптеген ережелер, әдет-ғұрып заңдары қайта қаралды. Олай болуы елде экономикалық өзгерістер басталды, Ресейдің де кейбір мемлекеттік басқаруындағы өзгешеліктері қазақ қоғамына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осыларды айта келе біздің елде үш түрлі заңды күші іс жүзінде көрінетін ережелер болды деп айта аламыз.

1. Қазақ әдет-ғұрып заңдары.

2. Шариат заңдары.

3. Ресейдің шығарған заңдары.

Қазақ халқының әдет-ғұрпын зерттеуші ғалым Т. М. Күлтелеевтің пайымдануынша XVIII ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда халық көшпелі немесе жартылай көшпелі шаруашылық жүргізді, сондықтан жергілікті шонжарларға жазбалы шариат заңынан гөрі, бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрып заңдары тиімді болды дейді [8, 56 б. ] . Әдет-ғұрыппен шариат бір-бірімен тығыз байланыста болып отырды, ал ол тікелей некелік қатынастарда қалай көрінді, енді соны байқап көрелік. Шариатта некенің тұрақты және уақытша түрлері орын алған, ал біздің елімізде ежелден осы күнге дейін жалғасып келе жатқан ол тек тұракты некенің болуы. Осы жайлы белгілі шығыстанушы ғалым Н. Өсерұлы былай деп келтіреді: "Қазақтар некесіз өмір сүруді арам санаған. Тіпті мұсылман діні рұқсат еткен "уақытша некені" де қабылдамаған" [9, 3 б] . Некеге тұрушылардың жасына келсек көп жағдайларда қыздар 13-14 жасында ұзатылып, ер балалар 15-16 жасында үйленетін болған, бұл жерде айта кететініміз ол қыздарын ерте беру немесе кеш беру ол әке-шешесінің

әл-ауқатына және де ауыл арасындағы беделіне де тығыз байланысты болған. Бұл мәселеге байланысты өзінің көзқарасын Ш. Уәлиханов та кезінде қарсылық білдірген, ерте тұрмысқа шығу әйел организмін тез қартайтуға апаратынын ескерткен [10, 4] . Некені қию жайлы айтар болсақ бізде де шариаттағыдай екі куәнің көзінше молда некені қияды, бұл дәстүр әлі жалғасып келеді, қазір де мешітке барып неке қиюшылар өте көп, бірақ оның мемлекет алдында заңды күші жоқ.

Неке мәнінің өзі әйел адам мен ер адамның ерікті негізде, ерлі-зайыптылардың тендігіне негізделген одақты құруға тырысушылығы болып табылады. Ерлі-зайыптылардың бұл одағы сонымен бірге, олардың өзара сүйіспеншілігіне, құрметіне және бір-бірі үшін жаупкершілігіне негізделеді. Неке өзінің бірігіп өмір сүруге еркін білдірген екі жақтың келісіміне негізделетін шарттың ерекше түрі болып табылады.

Неке-отбасы қатынастары құқықтық реттеуді қажет ететін аса маңызды әрі айрықша сипатқа ие қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі болып табылады. Әрине, бұл қатынастардың мазмұндық сипатының айрықша болуы әуелден неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеумен толық қамтудың мүмкін еместігімен байланысты. Бірақ, соған қарамастан, бұл қатынастар тәуелсіз Қазақстанның тарихында арнайы құқықтық нормалармен, яғни 1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған «Неке және отбасы туралы» заңмен, ал, ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік сипаттағы қатынастар Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің нормаларымен реттелген болатын. Бүгінде барлық дамыған елдердегідей, Қазақстанда да неке-отбасы қатынастарын құқықтық реттеу және осы құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері мемлекеттіміздің әрдайым назарында деп айтуға болады.

1998 жылғы 17 желтоқсандағы №321-1 «Неке және отбасы туралы» ҚР заңының 1-бабының 1-тармағында некеге «ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ» деген анықтама берілген. Осы анықтамадан шығатыны, некеге тұрудың бірден-бір мақсаты - отбасын құру. Отбасы болса жалғыз неке емес, сол сияқты туыстықтан, бала асырап немесе тәрбиелеп алу сияқты өзге де нысандардан туындауы мүмкін. Олай болса, алғаш отбасы ұғымын анықтап алған жөн болар.

Социология тұрғысынан алғанда, отбасы қоғамымыздың ең кіші бірлігі деп айта аламыз. Осы кіші әлеуметтік бірліктердің дамуының нәтижесінде қоғам қалыптасуда. Социология тұрғыдағы отбасы ұғымын құқықтық тұрғыдан да отбасы деп тануға болады. Осы тұрғыдан алғанда отбасы өте ескіден келе жатқанына қарамастан, тарихта әртүрлі өзгерістерге ұшыраған әлеуметтік

институттардың бірі болады. Осыған орай құқықтық тұрғыдан да отбасы ұғымы әр кезеңде және әр қоғамда бірдей мағынада болмаған.

Әр қоғам өзінің тарихи даму кезеңдерінде отбасына сан түрлі анықтама берді. Оларға қысқаша тоқтала кетсек:

Ең көп тараған отбасына берілген ұғым бір тектен тарағандарды, яғни әулетті (династия) белгілеу үшін қолданылды [11, 44 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерлі-зайыптылардың теңдігі
Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы
Ата - ана мен бала арасындағы құқықтық қатынас
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасы бойынша баланың құқықтары
Балалармен ата - аналардың арасындағы қатынастар
Халықаралық жеке құқықтағы отбасы - неке қатынастары
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
Қазақстан респулаксының неке жане отбасы заңы
Неке шартының құқықтық табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz