Нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. ҚР - да жер задарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің, жалпы құқықтың сипаттамасы . . . 6

1. 1 Жер задарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі және мазмұны . . . 6

1. 2 Жер задарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің негізі және оның белгілері . . . 15

1. 3 Жер задарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің жиеленген түрлері . . . 19

ІІ. Жер - құқытық қорғау объектісі ретінде . . . 40

2. 1 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау . . . 40

2. 2 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығына зиянды өтеу . . . 46

2. 3 Жер дауларын шешу тәртібі және ерекшеліктері . . . 54

қорытынды . . . 67

пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 69

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Мемлекетімізде жер реформасын жүргізу мемлекеттік монополияны жойып, жерге жеке меншік құқығының кеңінен етек жаюына алып келді. Қазіргі таңда мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне үш млн. жер учаскелері немесе 589, 9 мың гектар жер берілген [1] . Жер құқықтық өзгерістерінің нәтижесінде туындаған жерге мемлекеттің монополиясының жойылуы, жекелеген жер санаттарына жеке меншік құқығының пайда болуы, ақылы жер пайдалануға көшу, жерді жеке меншікке немесе пайдалануға алғаны үшін ақы төлеу, жердегі шаруашылық етуші субъектілердің тең құқықты дамуы, жер нарығының қалыптасуы сияқты әрекеттер орынды құбылыс болып табылады.

Мемлекетіміздің табиғи байлықтарының қайнар-көзі болып табылатын жер ресурстары Республика халқының өмірі мен қызметінің негізі болып саналады. Жердің мемлекет, қоғам және адамзат үшін қажеттілігі оның өндіріс, экономика саласында атқаратын рөліне де байланысты болады. Сонымен қатар, жердің кез келген мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумағының біртұтастығының басты кепілі екендігі, мемлекеттіктің негізі екендігі баршаға мәлім. Осы тұрғыда жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, қоғам мен халық мүддесі үшін пайдалануды білдіреді.

Қазақстан Республикасының егеменді ел ретінде қалыптасып нарықтық экономикаға бейімделуі жер құқық қатынастарын дамыту арқылы экономиканың өзге салаларын өркендеруді мақсат етті.

Жер учаскелері жеке меншікке берілгенге дейін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждары үшін алып қою қалыпты жағдай болатын. Жер учаскелері тек мемлекет меншігінде ғана болды және оны меншік иесі ретінде мемлекет кез келген уақытта алып қоюға құқылы болды. Себебі, жер пайдалану құқығы азаматтарға тегін берілді. Ал қазір жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы азаматтар мен заңды тұлғаларға ақылы түрде сатылып беріледі.

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару қатынастары жер құқық қатынастары ішіндегі ең даулысы және өзектісі. Жер құқық қатынастары тұрғын үй қатынастарымен, азаматтық-құқықтық қатынастармен, әкімшілік-құқықтық қатынастармен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған Қазақстанды әлемнің дамыған елу елінің қатарына қосу мәселесі халқымыз тарапынан үлкен қолдауға ие болып, осы жолда көптеген ісшаралар атқарылып жатын. Еліміздің экономикасының дамуы инфрақұрылымдарды жетілдіруді, тұрғын үй құрылысын жандандыруды, автокөлік жолдарын кеңейтуді және қала құрылысын қолға алуды қажет етіп отып. Жер кодексінің енгізілуімен елді мекендер жерімен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге де меншік құқығы танылып жер нарығы шарықтау шегіне жетті. Жоғарыда айтылған құрылыс нысандарын салу үшін мемлекет жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін нарықтық бағамен сатып алуға мәжбүр болып отыр. Алайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару коп жағдайда жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарының бұзылуына негіз болуда. Осы мәселелерді жан-жақты зерттеу бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр.

Қазіргі кезде қоғамымызда орын алып отырған жер дауларының басым бөлігі қолданыстағы заңдардың орындалмауынан емес, сол жер заңдарында қарастырылған мәселелердің дұрыс шешімін таппауында болып отыр. Сол себепті жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өздеріне тиесілі жер учаскесін мемлекет мұқтаждары үшін алып қою барысында меншік иесі немесе жер пайдаланушы ретінде Конституциямен кепілдік берілген өз құқықтарының толық қорғалуы жергілікті атқарушы органдар мен сот органдарының өз міндеттерін жүйелі түрде, заңға сәйкес жүзеге асыруына байланысты. Жер учаскелерін мемлекет мұқтаждары үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты туындап отырған дау-дамайлар осы жерге орналастыру аясындағы заңдардын өрескел бұзылуы мен жергілікті атқарушы органдардың заңдарға қайшы шешімдер қабылдауынан және мұндай шешімдірдің заңдылығын қадағалау тетіктерінің жетілмегенінен болып отыр.

Нарықтық қоғам жағдайында жер учаскелерін мемлекет мұқтаждары үшін сатып алу арқылы өнеркәсіптік кешенді, нақтырақ айтсақ, қала мен қала құрылысын нарық қиыншылығының құрсауынан шығаруға және дамытуға байланысты үлкен экономикалық үміт артылып отыр. Бұл мақсаттарға жету үшін алдымен құзіретті органдардың жер учаскесін мемлекет мұқтаждары үшін алып қою аясындағы қызметін реттейтін құқықтық тетіктерді одан әрі жетілдіру қажет. Заң әдебиеттері мен ғылыми мақалаларда меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мемлекет мұқтаждары үшін сатып алуға байланысты құқықтық шараларды жетілдіру мен дамыту мұқтажы көп айтылып жүр. Себебі, нарық заңы қала құрылысы мен коммуналдық жүйелерді жаңарту мемлекет қаражаты есебінен жүзеге асырғаннан гөрі, жер учаскелерін үшінші тұлғалардың, яғни инвесторлардың мүддесі үшін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу арқылы жүзеге асырған тиімді, әрі перспективалы екендігін анық дәлелдеп, оның өміршеңдігін көрсетіп отыр. Бірақ, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мемлекет мұқтаждары үшін алып қою барысында жер учаскесі мен онда орналасқан жылжымайтын мүлік пен ала алмай қалған пайданы, көп жылдық екпені бағалау аясындағы мәселелер құқық теориясында ұзақ талқыланғанымен заң жүзінде нақты шешімін таппауы, бұл қатынастарды құқықтық реттеуде бірқатар қиындықтар тудырып отыр. Сол себепті, жер құқығы ғылымының ең өзекті бағыттарының бірі - жер учаскесін мемлекет мұқтаждары үшін алып қоюды құқықтық реттеудің теориялық мәселелерін зерттеу.

Тақырыптың зерттелу деңгейi . Отандық заң ғылымында жер құқығы қатынастарының мәселесін Б. Ж. Әбдірайымов, С. Б. Байсалов, Д. Л. Байделдинов, А. Е. Бектұрғанов, А. Е. Еренов, Н. Б. Мұхитдинов, М. С. Сахипов, А. С. Стамқұлов, С. Ш. Тюлеубекова, К. А. Шайбеков зерттеді.

Шетел азаматтары мен ұйымдарының жерді пайдалану мен қорғау құқығының жекелеген сұрақтары А. Е. Бектұрғановтың, Н. Б. Мухитдиновтың, Д. Л. Байдельдиновтың және өзге отандық ғалымдардың жұмысында қарастырылған.

Жер реформасының қазіргі мәселелері Л. К. Еркінбаеваның, С. Т. Күлтелеевтің, Л. Н. Насырованың, А. Төкеевтің, Е. Ш. Рахметовтың, А. Х. Хаджиевтің еңбектерінде көрініс тапты. Қазақстан Республикасында жерді сақтап қоюды құқықтық ретту мәселелеріне арналған кешенді монографиялық деңгейдегі еңбектер жоқтың қасы.

Дипломдық жұмыс объектісі жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық

Дипломдық жұмыс пәні ретінде жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін жүзеге асырудың құқықтық тетігі танылады.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізіне мемлекет пен құқық туралы ілімдер, жалпы танылған жер заңдарының қағидалары мен жерді пайдалану мен қорғау ережелері, жер қатынастары саласындағы конституциялық ережелер қызмет етеді. Дипломдық жұмыс нәтижелерін қол жеткізу үшін ғылыми-танымдық сипаттағы салыстырмалы-құқықтық, қисындық, жүйелік, тарихи және басқа әдістер қолданылды.

Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстанның жер және өзге де қолданыстағы заңдары, зерттеу тақырыбына қатысы бар нормативтік құқықтық актілерді қамтиды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру.

Жұмыстың міндеттері:

  • жер учаскесін алып қою құқықтық қатынастарының құқықтық табиғатын зерттеп, олардың жер құқық қатынастарында алатын орнын анықтау;
  • жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару негіздерін қарастыру;
  • Нақты жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және қолданылатын деректер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемi. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде осы тақырыптың өзектілігі, оның зерттелу деңгейі, мақсаттары мен міндеттері және құрылысы көрсетілген. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Қорытындыда жұмыс барысында қарастырылған барлық мәселелер бір тоқтамға келтіріліп тұжырымдалады.

І. ҚР - да жер задарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің, жалпы құқықтың сипаттамасы

1. 1 Жер задарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі және мазмұны

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Заңды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен кұқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.

Шарттың міндетін бұзған азамат немесе кәсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады [2] .

Заңды жауапкершілік - тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық - іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.

1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.

2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.

3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады.

Жер заңдарын бұзу дегеніміз осы заңның қағидаттарына негізделген жерге меншік құқығына, жер пайдалану құқығына және олардың заңды иелерінің осы құқықтарына байланысты басқа да мүдделеріне зиян келген немесе зиян келуі мүмкін заң бұзушылық әрекеттер мен әрекетсіздіктер.

Бүгінгі күні жер заңдарының бұзылуының қайнар көздерінің бірі ауыл шаруашылығы өндірісі болып отыр. Ауыл шаруашылығы аясында әртүрлі ауыл шаруашылығы ұйымдарының тарапынан жердің тиімсіз пайдаланылуы және топырақтың құнарлы қабатының бүлінуі мен оның жел эрозиясына ұшырауы жер пайдаланудың құқықтық талаптарын сақтамаудың тікелей қайнар көзі ретінде танылып отыр. Арнайы техникалар мен құрал жабдықтардың тапшылығы мен лестицидтер, гербицидтер және өзге де тыңайтқаштардың жоқтығы салдарынын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, атап айтсақ жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылар жердің құнарлылығын арттыру шаралары мен өсімдіктерді дәрілеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктері болмай отыр.

Ауыл шаруашылық алқаптарын бүлдіру жерді ластаудың теріс экологиялық зардаптарының негізгісі болып табылады. Негізі, жердің бүлінуі құнарлы қабаттың бұзылуынан немесе жер алқаптарының құнарлылығының төмендеуінен туындайды. Суармалы егін шаруашылығы аудандарында мөлшерден асыра суару нәтижесінде топырақтың сортаңдануы мен қышқылдануы үлкен қауіп тудырып отыр.

Ауыл шаруашылығы жер қатынастары аясы үшін тұрақтылықты, яғни, заңдылықты бұзатын жағдайлар: топырақтың құнарлылыған арттыру мен сақтауға байланысты және топырақты жел эрозиясы мен басқа да теріс процесстерден қорғауға байланысты міндетті шараларды орындамау, уақытша бос емес жерлерді пайдалану үшін жарамды қалыпқа келтіруге байланысты міндетті атқармау, жерді қорғау шараларын атқаруға бағытталған құралдарды меңгермеу болып табылады.

Бірақ, заңи жауапкершіліктің қызметі ауыл шарушылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етумен ғана шектелмейді.

Жауапкершілік сонымен қатар, бір мезгілде жерді қорғаудың құқықтық талаптарын бұзушы кінәлі тұлғаға қатысты басқа да маңызды қызметтерді жүзеге асырады. Атап айтатын болсақ, саналылыққа тәрбиелеу, жерді аялау, сақтау т. б.

Жерді қорғаудағы жауапкершіліктің қызметін барынша нығайту мен жер қатынастары аясындағы заңдылықты күшейту мұқтажы жерді қорғау жөніндегі құқықтық нормалардың өрескел бұзылғандығы мен жер пайдаланудағы кемшіліктердің көлемінің ұлғаюынан болып отыр. Жерді қорғаудың құқықтық талаптары жер пайдаланушылардың өздерімен және жер пайдаланушы емес субъектілердің әрекеттерімен бұзылады.

Жер заңдарының талаптарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік субъектілері мемлекеттік билік және басқару органдарының лауазымды тұлғалары, жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылар, азаматтар мен өзге коммерциялық ұйымдар болып табылады.

Жерді экологиялық қорғаудың бір түрі жер заңдарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершілік болып табылады. Мүліктік жауапкершілікті кей жағдайларда мүліктік қатынастардан тұратын болғандықтан азаматтық құқықтық жауапкершілікке жатқызамыз. Бірақ, азаматтық құқықтық жауапкершілік пен мүліктік жауапкершіліктің ерекшеліктері бар. Мүліктік зиянды өтеу әрқашанда азаматтық заңдармен реттеле бермейді. Себебі, жер заңдарын бұзғаны үшін туындайтын мүліктік зиянды өтеу тәртібі тек азаматтық заңдармен ғана емес, сонымен қатар жер заңдарымен де реттеледі. Мысалы: Жер кодексінің 165-ші бабында меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығынды өтеудің негіздері қарастырылған.

Жер заңдарын бұзғаны үшін мүліктік жауапкершілік қолдану үшін мынадай жағдайлардың болуы шарт:

Біріншіден; өтеуге жататын келтірілген шығынның болуы. Мысалы, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан экологиялық жағдайдың нашарлауы. Бұл орайда экологиялық жағдайға келтірілген зиянды өтеу ақшалай бағалауға немесе өзге де мүліктік бағамда бағалануы тиіс. Жер құқығында зиян ұғымын қандайда бір құндылықтарды жоғалтумен байланыстыруға болады. Топырақ құнарлылығы қоғамдық құндылықтардың бірі болып табылады, сол себепті оны ақшалай бағалау ауыл шаруашылығы алқаптарының құнарлылығын төмендеткен кінәлі тұлғаларды мүліктік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, мүліктік жауапкершілік кез-келген зиянды өтеу үшін қолданылмайды, ол тек кінәлі тұлғаның құқыққа қайшы іс әрекеті нәтижесінде пайда болған зиянды өтеу үшін қолданылады. Егер жер учаскесі нашарласа және оны қалыпқа келтіру қажет болса, жер пайдаланушыны мүліктік жауапкершілікке тарту мәселесі оның жер учаскесінің нашарлауына кінәлілігіне байланысты болады. Жер учаскесінің нашарлауы жер учаскесін пайдаланушы тұлғаның кінәсінен емес, табиғат жағдайларының салдарынан болса мүліктік жауапкершілік қолданылмайды.

Үшіншіден, зиян келтірген құқыққа қайшы әрекет, тек әрекет пен туындаған мүліктік салдар арасында себепті байланыс болған жағдайда ғана мүліктік жауапкершіліктің пайда болуына негіз болады. Мысалы, тыңайтқыштарды шектен тыс көп мөлшерде пайдалану мен оның салдарынан топырақ құнарлылығының өзгеріп, арамшөптердің қаптап өсуінің арасындағы себепті байланыс.

Төртіншіден, мүліктік жауапкершілікке кінәлі тұлғаның зиян келтірген іс әрекеті тартылады.

Кінәлі тұлғаларды мүліктік жауапкершілікке тартудың барлық жағдайларында зиянды өтеудің жеңілдетілген режимі қолданылуы мүмкін [3] .

Жер заңдарын бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеуге байланысты қатынастардың бір ерекшелігі талап-арызды қанағаттандыратын сот шешімінің заңды күшіне енуі мен орындалуы жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің тиімді жүзеге асырылғанын білдірмейді. Мүліктік жауапкершіліктің негізгі мақсаты зиян келтірушіден өндірілген ақша сомасының бұзылған құқықтарды, оның ішінде бүлінген жер учаскесін қалпына келтіруге жұмсалуында.

Азаматтық кодекстің 224-ші бабында көрсетілгендей, егер шаруа (фермер) қожалығының жер учаскесі оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен оларға ортақ бірлескен меншік құқығымен тиесілі болса жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік кімге жүктеледі? Бұл мәселе заңда толық қарастырылмағанымен заң әдебиеттеріне сүйене отырып жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершгілік шаруа (фермер) қожалығының басшысына (сенім білдірілген өкіл ретінде) жүктелгенімен шығындарды өтеу мен айыппұлдарды төлеу шаруашылық кірісінен жүзеге асырылатынына көз жеткізуге болады.

Жер заңдарының талаптарын бұзғаны үшін жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылар материалдық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін.

Материалдық жауапкершілік құқық бұзушыға жүктелетін жағымсыз салдардың бір түрі ретінде қарастырылады [4] . Оны қолдануға негіз болып кінәлі тұлғаның келтірген шығыны мен зиянды іс әрекеті танылады. Жағымсыз салдар кінәлі тұлғаның өзі келтірген шығынды заңдарда бекітілген мөлшерде өтеу міндеті түрінде көрініс табады. Осы белгілері бойынша материалдық жауапкершілік мүліктік жауапкершілікке ұқсас болғанымен, оның бір түрі ретінде танылмайды.

Материалдық жауапкершілік мүліктік жауапкершіліктен субъектілік құрамымен, келтірілген шығынды есептеу және оны өндіріп алу әдісімен ерекшеленеді. Материалдық жауапкершіліктің субъектісі ретінде жәбірленуші тұлғамен еңбек қатынасында немесе мүшелік еңбек қатынасында (шаруа (фермер) қожалықтары, өндірістік кооперативтер) болатын тұлғалар танылады. Бұл тұлғалар өздерінің кінәлі іс әрекетімен жұмыс уақтысында келтірген нақты шығындарын ғана өтейді. Өндірістік процестің әрбір жұмысшысы кәсіби еңбекті жүзеге асыру барысында жұмыс берушінің мүлкі мен меншігіне белгілі бір дәрежеде абайсызда зиян келтіру қаупі әрқашанда болады. Сол себепті материалдық жауапкершілікте кінәлі тұлғамен келтірілген шығын азаматтық-құқықтық жауапкершіліктегідей толық көлемде өтелмей, тек заңда белгіленген шектерде ғана өтеледі. Тек қасақана ниетпен келтірілген шығын ғана толық көлемде өтелеуі мүмкін. Материалдық жауапкершілікте келтірілген шығын жұмыс берушінің еркі бойынша зиян келтірушінің жалақысынан ұстап қалу жолымен де өтелуі мүмкін. Келтірілген шығынды өтеудің мұндай тәртібі азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тән құбылыс емес.

Агроөнеркәсіптік өндірістерде жұмыс істейтін тұлғалардың материалдық жауапкершілігі әртүрлі заңдармен және өзге нормативтік құқықтық актілермен реттелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңының 13-ші бабында шаруа (фермер) қожалығындағы жұмыстарды орындауға еңбек келісімі немесе шарты негізінде жұмыс істейтін азаматтар тартылуы мүмкін екендігі көрсетілген [5] . Демек, бұл шаруашылықтағы еңбек қатынастары оның мүшелерінің келісімімен анықталады және реттеледі. Олардың өз әрекеттерімен шаруашылықтарына келтірген шығындарын өтеу тәртібі Заңда қарастырылмаған. Бұл, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің өздерінің шаруашылықтарына жұмыс барысында келтірген шығындары үшін материалдық жауапкершіліктерін өзін-өзі реттеу қағидасы негізінде отбасылық және шаруалар дәстүрі бойынша өтелетіндігін білдіреді.

Жұмысшының кінәсімен байланысты емес, қалыпты өндірістік шаруашылық тәуекелге жататын шығындарға материалдық жауапкершілік қолданылмайды.

Шаруа (фермер) қожалығында жұмыс істейтін тұлғалар шаруашылықпен жасасқан еңбек шартының негізінде жұмыс кезеңінде келтірген шығындары үшін шаруашылық алдында еңбек туралы заңдарда белгіленген ережелерге сәйкес жауап береді. Бұл туралы «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» заңда нақты айтылып кеткен. Заңның 13-ші бабының 2-ші тармағында шаруа (фермер) қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен белгіленеді делінген.

Қазақстан Республикасының “Еңбек кодексінде» қызметкерлердің жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауы, сондай-ақ, жұмыс процесінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтіруге жол бермеу жөніндегі міндеттері көрсетілген. Алайда, жұмыс беруші жұмысшылардың қалыпты еңбек етуі мен өздеріне сеніп тапсырылған мүлікті толық сақтауын қамтамасыз етуі үшін қолайлы жағдайлар туғызуы қажет.

Қызметкерлер мынадай жағдайларда келтірген зияндары үшін толық материалдық жауапты болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕР ІС ЖҮРГІЗУ НОРМАЛАРЫ – ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗІ
Нарықтың дамуы жағдайында жер учаскесіне құқықтарды тоқтату негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту
Жер құқығы пәнінен дәрістер
Мамандықтың пәндер каталогы
Қазақстан Республикасының құқығы құқық ұғымы және оның мәні
Орман қорын құқықтық қорғау
Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігі,объектілері, субъектілері және мазмұны.
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін қағидаларға адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы жəне оның табиғатты қорғау міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz