Поэзия


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Поэзия сөз өнері көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Ол айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы. Біздің қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік-эстетикалық сезіміміздің үлкен, өнімді саласы. Сондықтан поэзиядағы сөз суреттілігі, бейнелілігі өмір шындығынан нәр алып, соған тікелей жалғас туады.

Поэзия тілінің сипат ерекшелігін сөз еткенде, оны поэзиялық туындылардың, өлең-жырлардың мазмұнынан бөлек алып қарауға болмайды. Өйткені, поэзияның, өлеңнің тілі, оның негізгі ерекшеліктері көркем шығарманың идеялық мазмұнын ашу, жеткізу талабына сай қалыптасады. Поэзияда тек тіл, сөз ғана көркем емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой-сезім тереңдігі, өткірлігі, әсерлілігі. Поэзия өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді. Поэзиядағы, өлең-жырлардағы бейнелі, өрнекті сөздер әлдеқандай бір ерекше сұлулап сөйлеуге әуестіктен емес, эстетикалық сезімнен, образды, бейнелі ойдан, дүниені ақынша, суреткерше қабылдаудан туады. Поэзия тіліндегі көп ерекшеліктерді дұрыс түсіну үшін ақындық ойдың, көркем ойдың өзгешелігін, дүниені эстетикалық жағынан қабылдап-танудың өзгешелігін жақсы ұғу шарт.

«Ақын образбен ойлайды, ол шындықты дәлелдемейді, оны көзге елестетіп көрсетеді», дейді.

Поэзия қандай затты, құбылысты болсын жіктеп-бөлшектемей, оның өзгеге ортақ жалпы сипатын шолуы, өзіндік сипатынан ажыратып бөліп алмай, тұтас күйінде, өмірдегі қалпына сәйкес етіп алуға ұмтылады. Өмір құбылыстарының құпия сырын, терең жатқан мәнін, өмірдегі санқилы қатынас қайшылықтарды. Көп нәрсенің ұқсас, ортақ сипаттарын ашып көрсететін орасан зор күш-қуат поэзияда да бар. Көптеген құбылыстарға ортақ сипат-қасиеттерді, аса маңызды ерекшеліктерді бір нақтылы суреттің, бір көркем бейненің бойына жиыстырып, типтік дрежеге көтеріп көрсету көркемөнердің, соның ішінде поэзияның негізгі әдісі.

Әдебиетке, поэзияға тән өмір шындығын көрнекі, айқын образ, бейне, нақтылы сурет арқылы ашып көрсету әдісі дүниенің шексіз мол, саналуан құбылыс-көріністерін кеңінен қамтуға және оларды ішкі-сыртқы ерекшеліктермен жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді. Сөз шеберінің құдіретті өнерінің туындысы болған осындай көркем бейне бойына жан бітіріп, қан жүргізіп қойғандай, бетінің нұры, көзінің жан, ары сәуле беріп, жүрегінің соғуы, тыныс-демі бәрі сезіліп тұрғандай әсер қалдырады.

Поэзиядағы өмір суретінде қандай да болсын құбылыстар, заттар өзінің нақтылы бейнелілік сиптын сақтап бөлшектемей, тұтас, табиғи қалпында алатындықтан, кейде сырт көзге осындай суреттер оп-оңай, дайын күйінде туа қалатын өмірдің көшірмесі сияқты көрінуі де ықтимал.

В. Г. Белинский «Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу» деген еңбегінде лирика хақында былай дейді: «Поэзияның өзге шығармалары сияқты лирикалық шығңарма да ойды сөзбен жеткізеді, бірақ ой тікелей бой көрсетпей адамның дүниені сезінуі арқылы аңғарылады да, ол туғызған елес көріністі белгілі, үйреншікті ұғымдармен айқын, анық етіп айтып беру қиынға соғады. Мұның өте-мөте қиын болатындығы таза лирикалық шығарма сурет-картина тәрізді, алайда ондағы негізгі нәрсе картинаның өзі емес, біздің көңіліміздегі ол туғызған сезім».

Поэзия өмір құбылыстарының ішкі сырын, мәнін терең ашып беретін, олардың сипат-қасиеттерін, типтік тұрғыдан жалғап, саралап көрсететін шындық. Сондықтан өлең сөз сезімге толы, мейлінше әсерлі, көркем, бейнелі болып кетеді. Өмірді көркемдік жолмен қабылдап, сезіну эстетикалық, ақындық сезім, айрықша эмоционалдық, сезімталдық поэзия тілінің басты ерекшеліктерін, міне, осылар белгілейді. Өлең тілінің бейнелі, көркем, кестелі болып келуі поэзиядағы ой-сезімнің әсерлі көркемдігін, бейнелілігін, сұлулығын танытады. Бейнелі сөз не сөз тіркесінің өлеңнің мазмұнынан, идеясынан нәр алып, қуаттанып әдеттегісінен гөрі анағұрлым зор мағынаға ие болып шығатынын мазмұн мен түр байланысының, мазмұнның көркем түрге жасайтын әсерінің мазмұнды көркем түрге айналдыратын поэзияның керемет күшінің жаңа бір көрінісі болып табылатынын білуіміз керек.

Әлем тіліндегі поэзиялық шығармаларды ана тілімізге аудару қашан да өз маңызын жойған емес. Қай халықтың болмасын шоқтығы биік, терең мағыналы шығармаларын аудару бүгінгі кездегі игілікті істердің бірі екендігі даусыз мәселе. Түпнұсқа белгілі бір халықтың ұлттық ақынының шығармасы болса, ондай жағдайда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар үлкен талантты талап етеді.

Тәржімашының таланты айрықша талант. Оны дұрыс бағалай білу керек. прозалық шығармалардың аудармасы мен поэзиялық шығармалардың аудармаларының арасында біраз айырмашылықтар бар.

В. Жуковский былай дейді: «Переводчик прозы раб, переводчик поэзии соперник». Көркем шығармаларды аударушы түпнұсқаның жолынан шықпай, оның жүйесінен ауытқымай еңбектенеді. Ал өлең сөзді аударғанда аудармашы өз ойын автордың ойымен астастыра, жарастыра отырып өзінің лирикалық сезіміне жол береді. Аудармашы түпнұсқадан алшақтап, мазмұн мен пішіні жағынан ауытқымайды. «Ақынға, ақынның белгілі өлеңінің тууына негіз болған өмір құбылыстарының тобын танып, таразылай отырып, ақынның ойлау, сезіну даралығын, оның шығармашылық тұрғысы мен нысанасын түсінгенде ғана аудармашының еңбегі шығармашылық дәрежеге көтеріліп, поэтикалық қасиетке ие болады.

Поэзиялық шығармаларды аударғанда әрбір сөзге жармаса бермей, автордың ойын жеткізумен шұғылданған жөн.

Аударма дегеніміз бір тілде ауызша айтылған ой-пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек аударма туынды деп аталады.

Гиви Гачечиладзенің пікірі бойынша «аударма түпнұсқаның бейнесі, осыған орай түпнұсқа болмыстың бейнеленуі. Әдебиет ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы. Шығарма арқауы шындық» /1, 26/

Поэзияда әдебиетте салыстыру арқылы аңғартылған шындық дайын күйінде айтылған ақиқат-тұжырым емес, ол әдетте оқушының жан-сезімін оятып, оған ой салатын және көбінше астарлы мағынасы бар, кейде тіпті тұспал, ишара секілді мағынасы бар бейне, сурет түрінде көрінеді.

Сөйтіп эпитет, теңеу, метафора, метонимия, аллегория, символ секілді бейнелеу, көріктеу тәсілдері не екі нәрсені тура, тікелей салыстыру түрінде жасалады. Не болмаса екі нәрсенің арасындағы жалғастық, ұқсастық ескеріліп, соның негізінде ауыспалы мағынасы бар бейнелі сөз туады.

Аудармашының шығармашылық жолында дүниетанымдық қорының баға жетпес көзі ретінде белсенді рөл атқарады. Атақты өнер шеберлері аударманың жазушы шығармашылығы, сол секілді ұлттық төл әдебиеттің өркендеуі үшін қаншалықты маңызды екендігі жайында салмақты сын-пікірлер қалдырған.

Бұл жөнінде немістің ұлы ақыны Иоганнес Бехердің мынадай сөздерін айтуға болады: «Мәнді (құнарлы) ұлттық әдебиеттің жақсы (сапалы) аударма әдебиетсіз болуы мүмкін емес».

Қазақ елінің мәдени даму ерекшеліктеріне қарай аудармада түрлі әдіс орын алады. Біріншісі еркін аударма, бұл тәсіл түпнұсқа тілін әдеби ырғағын жетік білмеуден, түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтадан гөрі, аудармашының өзіне тиімділік жағын қарастырудан туады. Аудармадағы екінші әдіс сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсілді көбінесе түпнұсқа тілін жақсы білетін аудармашылар қолданады, түпнұсқадан пышақ жүзіндей ауытқымайтын кемшілік те осыдан туады. Сөйтіп, басқа халық өкілдері жаза басудан қаймығып, жеке сөздерді, тіпті нүктесін қисайтпай да түсіруді күйттеп кетеді.

Аудармашының үшінші тәсілі балама аударма. Бұл аударманың ең қиын түрі. Мұны екі тілді жетік білумен қатар, сол түпнұсқаның жан-жүрегін, ішкі сырын сарқа түсінетіндер қолданады. Оның үстіне автордың стилін, жазу мәнерін, тіл мүсінін қалтықсыз, жете ұғынатындар жасайды.

Байрон өлеңдерін, поэмаларына қарағанда, біздің аудармашыларымыз-дың тәржімалаған аудармасында сөзбе-сөз, еркін, балама және нәзира үлгісі де бар. Дж. Г. Байрон өлеңін нәзира үлгісімен берген ең алғаш болып, қазақ оқырмандарына таныстырған Абай Құнанбаев. Содан соң Ғ. Қайырбеков, І. Мәмбетов, Т. Жароков, Қ. Бекхожин, С. Асанов, С. Мәуленов, Т. Исмаилов және т. б. ақындарымыз өз үлестерін қосқан.

Осы ақындарымыздың ішіндегі Дж. Г. Байрон өлеңдерінің көркемдігін, мағынасын, стилін сақтап еркін аударма жасаған І. Мәмбетов.

Ұлы сыншы Белинский: «Всякий великий поэт потому велик, что корни его страдания и блаженства глубоко выросли в почву общественности и истории, что он есть орган и представитель общества, времени человечества», деп айтқандай, Байрон өз заманының көрнекті суреткері еді. Ол ХІХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі бүкіл ағылшын поэзиясы ғана емес, жалпы Еуропалық поэзияда да революцияшыл романтизмінің аса ірі ақындарының бірі болып дара тұрады.

І ТАРАУ

Дж. Г. Байрон өлеңдерінің аударылуы

Ұлы мұхиттар мен айдыны шексіз теңіздердің құдыреті заманалар қанша ұтып, өзгертіп жатса да, талайғы айбынды қалпында болмақ. Ағылшынның атақты ұлы ақыны Дж. Г. Байронды кейінірек шыққан дүние жүзіндегі талай атақты ақындар-ақ оны «Ой пікірді билеуш» деп өздеріне ұстаз тұтты. Басқаларды айтпағанда, П. Л. Мицкевич сынды поэзия кеменгерлерінің өзі Дж. Г. Байронның ақындық даналығын аса жоғары қадірлеп, оның шығармасындағы әлеуметтік асқақ, қайсар үнін өздеріне өнеге санады. Орыстың ұлы сыншысы Белинский «Әрбір ұлы ақынның ұлылығының өзі оның қасіреті мен қуанышы қоғам өмірімен, тарихымен терең тамырлас болуында» /2, 63/ - дейді.

Дж. Г. Байрон болады деп сүйсіне айтады. 1788 жылы 22 қаңтарда Дж. Г. Байрон Лондонда дүниеге келді. Дж. Г. Байронның балалық шағы Шотландияда өтті. Ал, оның буырқанған ақындың әлеуметтік күрескер дәурені шетелдерде өтті. Лондонның билеуші топтарымен озбыр, өзімшіл қауымдарымен тартысқа түсіп сыйыса алмаған тәкаппар ақын азаттық күрес ұрандары дауылдап жатқан шет жұртшылықтарға сапар шегеді.

Байрон 1809 жылдан бастап өзінің өмірінің ақырына дейін шет елдерге саяхат жасап, Испания, Швейцария, Италия, Албания, Греция секілді Европа елдерде болып, сол өлкедегі халықтардың саяси әлеуметтік күрестеріне, азаттық ұрандарына өз жырымен тебірене, дабыл қағады. Ағылшынның әділетсіз, озбыр таптарымен саяси тартысы әбден шиеленіскенде өр ақынның жүрегіне некелі әйелімен ажырасуы да қатаң соққы болып тиеді.

Билеуші таптардың қудалау себебінен, ақын 1816 жылы шет журтшылыққа біржола сапар шегеді. Сол сапарында барған жерлеріндегі саяси күрестерге жалындай қатысқан және шет елдерде жүріп қаншама ұлы мұралар жазып қалдырған кеменгер ақын, ақырында өз жырларында мейлінше ардақтаған аяулы Грецияны түрік басқыншыларынан азат ету соғысына қатысып жүріп, 1824 жылдың 19 сәуірінде грек жерінде қаза болады.

Байрон ақындық өнерге де, саясат мәселеріне де жастайынан құлшына беріледі. 1812 жылы өзінің алғашқы шетел сапарынан кейін атақты дастаны Чайльд-Гарольд сапарын жазған ақын, сол шығармада азаттық ұрандарын жаңғырта келе, тап сол 1812 жылы ағылшын парламентінде сөйлеген сөзінде күрескер Байрон станокты талқандаған жұмысшыларды атып аспақ болған парламент заңына тебірене қарсы шығып, жұмысшы жұртшылығының бишаралық тұрмыс күйіне аяныш білдірді, оларды жауыздық әрекеттен қорғады. Байрон жасаған ұлы дастандар мен драмалық поэмалар жер жүзі әдебиетінің ең асыл қазыналарының төрінен орын алады. Көп қадірлі мұраларының қатарынан бүкіл әлемге әйгілі Чайльд-Гарльд, «Теңіз көкжалы», «Дон Жуан Мазепа» т. б. сынды келелі драмалық поэмаларымен және сондайлық арыны асау, арнасы кең лирикалық, сатиралық шығармаларын бөліп атауға болады. Байрон дауысын қазақ даласына там-тұмдап болса да ең алғаш жеткізген ұлы ақынымыз Абай болды.

Абай Лермонтовтың орысша аудармасы арқылы Байронның «Көңілім менің қараңғы бол, бол ақын» деген өлеңін халқымызға өз ана тілінде ең бұрын жеткізген болатын. Қазақ ақындары осыдан 20-25 жыл бұрын Байрон шығармасына айрықша ынта қоя бастады

Ұлы сыншы Белинский: «Всякий великий поэт потому велик, что корни его страдания и блаженства глубоко выросли в почву общественности и истории, что он есть орган и представитель общества, времени человечества»/ - деп айтқандай, Байрон өз заманының көрнекті суреткері еді. Ол он тоғызыншы ғасырдың алғашқы ширегіндегі бүкіл ағылшын поэзиясы ғана емес, жалпы Еуропалық поэзияда да революцияшыл романтизмнің аса ірі ақындарының бірі болып дара тұрады.

Кеңес үкіметі дәуірінде қазақ ақындары 1935-1940-шы жылдардан бастап Байрон шығармаларына айрықша ынта қоя бастады. Соның нәтижесінде 1960-шы жылы Байронның «Таңдамалы» шығармалар жинағы жарық көрді. Бұл жинаққа қатысқан аудармашылар: Т. Жароков, К. Бекхожин, Х. Ерғалиев, С. Мауленов, Ғ. Қайырбеков, І. Мәмбетов, Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев т. б.

Д. Г. Байрон шығармалары орыс тіліне әлденеше рет аударылды. Байрон есімі, Байрон жырлары қазақ оқушыларына да көптен таныс. Оның тамаша лирикалары, романтикаға толы аскақ та ойлы әуені қазақ ауылына ең алғаш орыс тілі арқылы Пушкин мен Лермонтов аудармалары арқылы келді. ” Байрон жырларының тұңғыш аудармашысы ұлы Абай”/3, 56/.

Байронды алғаш рет нәзира үлгісімен аударған да Абай деп толық айта аламыз. Абай М. Ю. Лермонтовтың аудармасы арқылы қазақ ұғымына сай етіп “Көңілім менің қараңғы. Бол, бол ақын. ” деп аударады. Шынында да, Абайдың бұл тәржімасын тікелей аударма дей алмаймыз.

“М. Лермонтов Байронның әсерімен “Еврей сазын” жазған, сол сазды шығыстың нәзира үлгісімен Абай қазақша кестелеп шыққан.

Қазақшасы:

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол ақын

Алтынды домбыраңмен келші жақын.

Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,

Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.

Егер сорым түбімен әкетпесе

Керек қой көңілді үміт тебірентсе,

Қатып қалған көзімде бір тамшы жас

Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?

1830 жылы М. Ю. Лермонтов алғаш рет өлеңді орыс тіліне «Душа моя мрачна» деп аударады. Лермонтовтың аудармасы ұтымды болғанымен орыс сыншылары ондағы еркіндіктің белгілерін байқайды.

Түпнұсқада:

My soul is dark - oh quickly string.

The harp I yet can brook to hear,

And let thy gentle fingers fling

Its melting murmurs o’er mine ear. (4, 176)

М. Ю. Лермонтов оны:

Душа моя мрачна. Скорей, певец, скорей!

Вот арфа золотая:

Пускай персты твои, промчавшиися по ней,

Пробудят в струнах звуки рая. (5, 94)

Егер де түпнұсқаға көңіл аударсақ, онда арфа алтын екені мүлдем айтылмаған, «звуки рая» ойдан қосылған. Бірақ, мұнда М. Лермонтовтың аудармасына артық сөздердің қосылуы сөзбе-сөз аударманың қағидаларын бұзбаса, өлең ырғағына әсер келтіріп, ерекше ренк беріп тұр. Мысалы, мына орыстың тағы бір көрнекті аудармашысы Николай Гнедичтің аудармасына көңіл аударайық:

Душе моей грустно. Спой песню, певец!

Любезен глас арфы душе и унылой…

Мой слух очаруй ты волшебством сердец,

Гармонии сладкой всемощною силой. (6, 94)

Мұнда Байронның асқан шеберлігі, жарқын романтизмі қарапайымды-лықтың тұтқынына түскенін бірдей байқауға болады. М. Лермонтов бере білген поэзиялық үндестік Н. Гнедичтің аудармасында сезілмейді.

Осы өлеңді 1997 жылы ақын Ғафу Қайырбеков «Көңілім сұп-сұр» деп М. Ю. Лермонтовтан аударған. Аудармашы Абай сияқты нәзира үлгісімен емес, дәлдікті негізге ала отырып қазақша сөйлетпекші болған. Бірақ аударма сәтсіз шыққан. Оны бірінші шумақтың өзінен байқаға болады:

«Көңілім сұп-сұр. Қайда енші, келші бермен,

Алтын сынды арфаны шерт жігермен.

Қалтырамай саусағын қақсын безек,

үнін оят жұмақтың естиін мен. /7, 82/.

Абай аудармасымен салыстырсақ, «көңілім менің қараңғы» деген поэзиялық тіркес Ғафу Қайырбековтің «көңілім сұп-сұр» дегенінен жақсырақ, көркемдірек естіледі. Әрине, Ғ. Қайырбеков Байронның өлеңін Абай сияқты нәзира үлгісімен емес, төрт шумақ етіп, түпнұсқа мен М. Лермонтов аудармасына жақындағысы келді. Бірақ, Н. А. Добролюбовтың пайымдауынша, «Аудару үшін түпнұсқаның мағынасын сақтап, тілді дұрыс қолдану, тіл тазалығын бере білу - бұл аз, аудару үшін түпнұсқадағы өмірді бере білу керек. » Содан келе, біз Абай аудармасы нәзира үлгісінде және қазақ ұғымына сай етіп аударылғанын көреміз. Мысалы, «арфа золотая» дегенді Абай былай береді: «алтын домбыраңмен келші жақын». Осыны егерде Абай «арфа» күйінде аударса, Абай өмір сүрген заманда, сол кездегі қазақ оқырманында «арфа» деген болған жоқ қой. Сол кезеңде қазақ халқына домбырадан асқан жан тебірентер музыкалық аспап болған емес. Ендеше, Ғ. Қайырбековтың аудармасын мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Ол «Душа моя мрачна» деген өлеңді қазақ халқына жаңаша жырлап берді. Оны төрт шумақ көлемінде лексикасын толық сақтап тәржімалады. Оның өзіндік жетістігі осында.

« Абай - Лермонтов - Байрон» көңіл-күйін ұштастырған, көзге көрінбейтін жіп сәуле арқылы сиқыршыдай септестірген, серіктестірген сондағысы - киелі аспаптың үн - күйі көрінеді. Шынында да еш елдің ұлы классик ақындарының ұлылығын осы бір өлең көлемінде көре алдық» /7, 54/.

Ауызға алына бермес ішкі сұмдықты қағазға кестелеп түсіре білген, жан шуағын өзгелер де сезіне жүрсін деген ақын мен ақын үндестігі - жер шалғайына, уақыт үзігіне, тағдыр басқалығына мүлде қарамайды екен. Ақын мезгіл періштесі, адамзат емшісі, олар шекараны, тіл мен тілдің өзгешелігін елемейді, сары сахараның бетінде желдей есіп тірлік кешкен қазақ ақыны Абай мен өкірген көк теңіздің толқынына бата жаздап домалақ жерді шырқ айналған Байрон үндестігі, бірін-бірі сезінуі, түсінуі, шерлесе, мұңдаса білуі өнердегі таңғажайып құбылыс ендеше».

Абайдың аудармашылық шеберлігі жайлы Әбділда Тәжібаев өз мақаласында: «Абай бұл жағынан келгенде… бізден анағұрлым биіктер. Өз өнерімен осылайша биіктеген Абай қазақ еліне Пушкин, Лермонтов, Гете, Байронды жеткізіп беруде де бізден әлдеқайда ілгері»/8, 32/ - деп жазды.

Енді Еуропа әлемінің аса ірі классигі Дж. Г. Байрон шығармаларының қазақ тіліне қалай, қандай тәсілмен, қандай дәрежеде аударылғандығына көз салар болсақ, ақынның өмір алдамшылығынан қажып, ақсүйектердің екі жақты мінездерінен айнып, балалық пәк жасына қайта оралғысы келетінін бейнелеген «Оралса екен жас күнім алыс қалған» өлеңінің аудармаларына мысал ретінде көз салайық, өлеңді орыс тілінен І. Мәмбетов, К. Бекхожин, С. Асанов аударған. Ал орысша сөйлеткендер: В. Брюсов, А. Левик. Осы аудармаларды қарастыра отырып, қазақша, орысша, ағылшынша нұсқаларды өзара салыстырып көрелік. Ақын І. Мәмбетов өз аудармасына В. Брюсовтың аудармасын негіз етіп алған.

Орысша нұсқасы:

«Хочу я быть ребенком вольным

И снова жить в родных горах.

Скитаться по лесам раздольным

Качаться на морских волнах…(7, 26)

Қазақша нұсқасы :

Оралса екен жас күнім алыс қалған

Кезсем, шіркін, тау ішін таныс маған,

Тербетілсем теңіздің толқынында

Болмай қойса орманым табыспаған. (8, 23)

Орысша нұсқадағы «Хочу я быть ребенком вольным» деген жолдар түпнұсқадағы « I would I were a careless child » деген жолдарға мағына жағынан сайма-сай келеді. Ал қазақшада «Оралса екен жас күнім алыс қалған» деп (І. Мәмбетов) аударылған С. Асанов: «Еркін бір сәби болар ма ем…» деп еркін тәсілді жақсы қолдана отырып аударған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поэзия- тіл патшасы
Поэзия мен проза
Поэзиялық шығармаларды аудару
ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫ ЖӘНЕ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Әль-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Әл-Муалим ас-Сани, Әбу Наср әл-Фараби грек ғылымы мен ислам идеясы арасындағы насихаттаушы тұлға
ПОЭЗИЯ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТӘЖІ
АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢІН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz