Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні


Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
ТҮЙІН
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының, 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығыны сырттай білім беру факультетінің бітіруші МИП-27-1 тобының студенті Айтбайтегі Сырғабектің «Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні» тақырыбында жазған дипломдық жұмысы.
Зерттеу пәні: мектеп музыка сабағында Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасын игерту;
Зерттеу мақсаты: Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәнін анықтау;
Дипломдық жұмыс : кіріспе, негізгі бөлім, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
АННОТАЦИЯ
На дипломную работу студента группы МИП-27-1., специальности 5В010600 «Музыкальное образование», факультета заочного образования, Таразского государственного педагогического института Айтбайтеги Сыргабека, выполненную на тему: «Воспитательное значение музыкального наследия Мукана Тулебаева» .
Предмет исследования - изучения музыкального наследия Мукана Тулебаева на уроках музыки ;
Цель исследования - определить значение музыкального наследия Мукана Тулебаева;
Структура дипломной работы- дипломная работа состоит из введения, двух глав, заключения и списка использованной литературы .
Annotation
On the thesis of the student of group MIP-27-1., specialities 5В010600 "Music education", faculty of correspondence formation, Taraz of state pedagogical institute Ajtbajtegi Syrgabeka, executed on a theme: «Educational value of a musical heritage of Mukana Tulebaeva».
Subject of research - of studying of a musical heritage of Mukana Tulebaeva at music lessons;
Research objective - to define value of a musical heritage of Mukana Tulebaeva;
The structure of degree work - the thesis consists of the introduction, two heads, the conclusion and the list of the used literature.
Жұмыстың мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы
1. 1 Мұқан Төлебаевтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар . . . 7 1. 2 Мұқан Төлебаевтың педагогикалық және шығармашылақ жолы . . . 15
ТҰЖЫРЫМ . . . 24
2. Мұқан Төлебаевтың музыкалық шығармаларының музыкалық педагогикалық сипаттамасы
2. 1 Музыкалық-эстетикалық тәрбие берудегі Мұқан Төлебаевтың
шығармаларының маңызды орны . . . 26
2. 2 Мұқан Төлебаевтың музыкалық-педагогикалық мұрасының халықтық бағытының ерекшелігі . . . 42
2. 3. Мектептегі музыкалық- эстетикалық тәрбиесі үрдісінде Мұқан Төлебаев шығармаларын пайдаланудың әдістемелік жолдары . . . 47
ТҰЖЫРЫМ . . . 57
Қорытынды. . . . 59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 61
К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан білім беру жүйесінің әлемдік білім беру моделіне өтуі еліміздің ғаламдық өркениетке кешенді түрде бет бұруының маңызды заманауи жаңашыл бағытының жарқын көрінісі болып табылады. Әлем мемлекеттерінің дамуының басты көрсеткіші халқының білімділігінің алдыңғы қатарлы орында болуы. Қазақстан мемлекеті Еуразиядағы алғашқылардың бірі болып білім беруді жаңа заман талабына қарай жаңашыл құруымен ерекшеленеді.
Халқымыздың ежелден дамып келе жатқан жас ұрпаққа тәлім-тәрбие бере отыра қоршаған ортаға бейімдеу атадан балаға мұра болып қалыптасқан үрдіс. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігі өмір сүру кезеңіндегі барлық жақсылығы да, қиыншылығыда ән мен күй өнерімен сарындатып, болған өмірін табиғаттың ерекше бояулы әуенге айналдыруында болып табылады.
Қазақ музыка өнерінің бастауы халық шығармашылығынан таралған. Атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын тапқан. Қазақ халқының құдіретті музыка өнерінің қайнар бұлағынан сусындаған, қазақ музыка өнерін кәсіби музыка өнеріне айналдырған, әлемге паш еткен композиторлары өмірге осылай келген.
Халқымыздың осынау ерекше киелі музыка өнерін, оның түрлі саласын жас өрендеріміз қәзіргі кезеңде балабақша, мектеп қабырғасынан танысып, үйреніп, жалпы музыкалық білімдерін дамытып, қалыптастырады. Қазақ музыка өнерінің мектеп жүйесінде игертілуі, болашағымыздың тірегі жас өрендерімізді әсемдікке, сұлулыққа, белгілі бір деңгейде қалыптасқан өнерлі ерекше тұлға болып қалыптасуына алып келеді.
«Бүгінгі таңда жастарға әлеуметтік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, олардың рухани қоры мен мәдениетін, ойлай білу мүмкіншілігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады» [19. 2]
Бұл міндетті жүзеге асыруда басты рөл мектепке жүктеледі, өйткені тәрбиенің бастауы балалық шақтан басталатыны белгілі.
Жас адамның нағыз адамдық көзқарасы, сенімі білімнің негізінде ғана емес, ой-пікірлерінің жетілуі барысында, олар сезімге, эмоцияға, моральға айналғанда ғана қалыптасады. Бұл арада маңызды рөлді, әлбетте- өнер атқарады. Орыстың ұлы жазушысы Л. Толстой айтқандай: - ғылым ақиқатты дәлелдейді, ал өнер сонымен «әсерленеді».
Өнер өсіп жетілу барысында адамға әлемді танып, білуге көмектеседі, ойын ұшқырлап, қиялына қанат бітіреді, халықтың рухани мәдениетін меңгерту арқылы патриоттық сезімін қалыптастырып, адамгершілік және азаматтық белсенділігін оятады. Сөйтіп, осының нәтижесінде қоғамға қажетті, кемелі жеткен жеке тұлғаның дамуына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда өнер шығармаларын пайдаланбайтын оқу-тәрбие процесін көзге елестету қиын. Өнерді дәстүрлі гуманитарлық оқу пәндерін- әдебиетті, тарихты, музыканы беру барысында ғана емес, тіпті одан өзінің мазмұны жағынан өте алыс, мәселен, географияда, биологияда, физикада да қолдануға талпыныс жасалуда.
Тәжірибе көрсеткендей, оқу-тәрбие процесін жетілдіруде- білімді, эмоцияналды тұлғада қабылдауда әлемге аттары әйгілі болған Қазақстан композиторлары- М. Төлебаев, А. Жұбанов, Б. Байқадамов және т. б. музыкалық шығармашылығын пайдаланудың мүмкіндіктері анағұрлым жоғары екендігі байқалады.
Композиторлардың ішінде М. Төлебаевтың музыкалық шығармалары өзінің мазмұны жағынан біздің заманымызбен үндесіп жатыр. Олай дейтініміз, олар халықтық, ұлттық негізде жазылған. Оларда қазақ халқы өмірінің күнделікті тіршілік қарекетінің, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарының, туған жер табиғатының өзіндік, ұлттық ерекшеліктері көрініс тапқан. Олардың бейнелілік ортасы, әсерлі амал-жолдары, әдіс- тәсілдері әрбір тыңдарманға жақын да, түсінікті. Мұқан Төлебаевқа тән қасиет әлемді үйлесімділікте көре білу мен сезімнің көтеріңкі екпінділігі. Музыкадағы осы қасиеттердің бәрі- тілінің айшықтылығы, сезімді өзіне баурап, тартып әкететін шыншылдығы, нақты эмоциялық күш-қуаты, ретінде пайдалануға итермелейді.
Орыс педагогикасында өнердің баланың қалыптасуындағы рөлі жайлы В. Г. Белинский, Д. И. Писарев, И. Г. Чернышевский, А. Саножников, П. Чистяков және т. б. жазған.
Музыка өнері тәрбиенің құралы ретінде пайдалану туралы идеялар белгілі педагогтардың да еңбектерінде орын тапқан (А. В. Луначарский, С. Т. Шацкий, И. П. Белинский, Б. Б. Кабалевский, С. А. Ұзақбаева, М. Х. Балтабаев, Р. Дүйсембінова және т. б. )
Өкінішке орай, педагогика ғылымы саласында жарық көрген бұл зерттеулерде Қазақстан сазгерлерінің, соның ішінде, М. Төлебаевтің музыкалық шығармаларын тәрбиені жүзеге асыру мақсатында пайдалану қажеттігі жайлы сөз қозғалмаған.
М. Төлебаевтың танымал өнер шебері болған тұсы баспа сөз беттерінде, кітап- жинақтарда (А. Жұбанов, Л. Гончарова, Ә. Ақмұрзаева, Б. Жылысбаев, З. Коспаков және т. б. ) жақсы көрініс тапқан. Оларда М. Төлебаевтың өмірі, қызметі, азаматтығы, өнерпаздығы әр қырынан суреттелген. Қазақ музыка өнерінің інжу-маржан қорына енген, шығармаларына талдау жасалған.
М. Төлебаевтың шығармашылық мұрасының кейбір бағыттары өнертану ғылымы саласында да зерттелген. Оған Н. С. Кетегенова мен Т. К. Жұмағалиеваның еңбектері жатады. Авторлар М. Төлебаевтың әуендеріндегі халықтық бастауларды, «Біржан мен Сара» операсындағы ұлттық дәстүрлерді музыка өнер тұрғысында жан-жақты ашып көрсетуге талпынған. Демек, Қазақстанның педагогика ғылымының даму деңгейін жетілдіруге байланысты бүгін көтеріліп отырған әлеуметтік тапсырма мен оның кейбір саласының педагогикалық теорияда жеткіліксіз мазмұндалуы арасындағы қайшылық айқын байқалады. Бұл қайшылық Төлебаевтің музыкалық шығармашылығының тағымдылық мүмкіндіктерін зерттеп, жүйеге келтіріп, жеткіншектер тәрбиесінде пайдалануы жолдарын қарастыруды қажет етеді. М. Төлебаевтың музыкалық шығармашылығын зерттеу мақсатында, соның ішінде сазгердің музыкалық мұрасының эстетикалық тәрбиелік мәнін анықтауда зертеу тақырыбын «Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні» деп таңдадық.
Зерттеу мақсаты : Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының эстетикалық тәрбиелік мәнінің мазмұнын анықтау;
Зерттеу обьектісі : мектеп жүйесінде Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының эстетикалық тәрбие беру мазмұндары;
Зерттеу пәні : мектеп оқушысына Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасы туралы білімдерін қалыптастыру, игерту үрдісі;
Зерттеудің болжамы : Мектепте Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасы туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыра отыра, оқушылардың ұлттық музыка өнеріне, соның ішінде сазгерлік музыканың асыл мұрасына айналған Мұқан Төлебаевтың шығармашылығына деген сүйіспеншілігі, музыка мәдениеті туралы жалпы білімін қалыптастыра аламыз.
Зерттеудің міндеттері :
- Мұқан Төлебаевтың музыкалық шығармашылығының ғылыми - теориялық негіздерін анықтау;
- оқушылардың Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасы туралы білімдерін қалыптастыра отыра эстетикалық тәрбиелеудің маңызын анықтау;
Зерттеу әдістері : Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми педагогикалық, тарихи - анықтамалық, музыкалық, аспаптану, мектеп пәндік оқулықтарға, әдебиеттерге шолу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы :
- Мұқан Төлебаевтың музыкалық педагогикалық шығармашылығы ғылыми- педагогикалық тұрғыда негізделді;
- Мұқан Төлебаевтың шығарған музыкалық шығармаларының негізінде музыкалық мұрасына анықтама берілді;
- Мұқан Төлебаевтың қазақ музыка өнеріне қосқан ерекше еңбегінің орны анықталды;
Зерттеудің практикалық маңызы : зерттеу нәтижелерін мектептегі музыка сабағын оқытуда, сыныптан тыс үйірмелік музыкалық тәрбиелік іс - шараларға, жоғары және орта оқу орындарындағы « музыкалық білім» мамандығына дәріс алып жатқан студенттермен жүргізілетін жұмыстарға пайдалануға болады;
Зерттеу кезеңдері :
1 кезеңде /2011ж., қыркүйек - желтоқсан айлары/ зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, музыкалық, аспаптану, тарихи - анықтамалық, әдебиеттер мен материалдарға шолу, талдау жасалды;
2 кезеңде / 2012 ж., қаңтар - мамыр айлары/ зерттеу тақырыбына байланысты материалдар қайтадан өңделіп, жұмыстың негізгі бөлім, кіріспе, қорытынды дайындалды;
Дипломдық жұмыс құрылымы :
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, эксперимент нәтижелерінен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады;
Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, обьектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, базасы, кезеңдері, құрылымы қамтылды;
Негізгі бөлімнің бірінші тарауында Мұқан Төлебаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы жазылды;
Екінші тарауда Мұқан Төлебаевтың музыкалық эстетикалық тәрбие берудегі музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні туралы жазылды; Қорытындыда зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде дайындалған тұжырымдамалар мен ұсыныстар берілді.
1. Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының қалыптасуы мен дамуы
- Мұқан Төлебаевтың дүниетанымын қалыптастырған әлеуметтік жағдайлар
ҚССР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаевтың есімі ТМД халықтарының мәдениетінің тарихына алтын әріппен жазылған. Аса көрнекті композитор, қазақ музыкасының негізін қалаушылардың бірі - Мұқан Төлебаевтің шығармалары өзіне тән идеялық мазмұндылығымен, көркемдік құндылығымен, асқан шеберлік тілімен классикалық маңызға ие болып, халқымыздың асыл мұрасына айналып отыр. Оның асқақ әуенді музыкасы азаматтық үнімен, әдемі лирикалық сарынымен, эпикалық серпінімен, өзіне ғана тән айшықты бояуымен жұртшылық жүрегіне жол тауып, өнер өлкесінде өзінің лайықты бағасын алды.
«Өлді деуге болама ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»-
деп кемеңгер Абай айтқандай, қырық жеті жылдай ғана өмір сүріп, оның жиырма екі жылын қазақ музыкасына арнаған, осы саланы ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан аса дарынды композиторлардың аз мерзімде қыруар жұмыс тындырғанын замандастары да кейінгі толқын жастар да айрықша бағалайды. Әрине, мұндай жетістіктерге Мұқан Төлебаевтың оңайшылықпен жете қоймағаны белгілі.
Мұқан Төлебаев өмір сүрген кезең қазақ халқының басынан кешірген қилы-қилы тарихи оқиғаларға- Ақпан, Қазан төңкерісіне, Кеңес үкіметінің орнауына, азамат (1918-1920 жж. ) және Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж. ) мен олардан кейінгі жылдардағы елеулі өзгерістерге (Қазақстанның жаңа экономикалық саясатқа көшуі, халық шаруашылығын қайта құру, білім, өнер, мәдениет, әдебиет салаларының дамыту және т. б. ) тікелей байланысты болды.
Бұл жағдайлардың Мұқан Төлебаевтың дүниетанымдық көзқарасына ықпал еткені даусыз. Әйткенменде, жеке тұлғаның қалыптасуын сөз еткенде оған ең алдымен- отбасының, өскен ортаның және тағы басқа да факторлардың әсер ететінін естен шығармаған дұрыс. Олай болса, Мұқан Төлебаевтың да дүниетанымының қалыптасып, табиғи музыкалық дарының жетілуіне, ұлттық музыкаға сүйіспеншілігінің артуына, сонымен бірге осындай биік деңгейге көтеріліп, даңққа бөленуіне ықпал еткен факторлар болды. Енді соларға тоқталайық.
«Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегендей, Мұқан Төлебаевтың жеке тұлға болып қалыптасып, ой-өрісінің кеңеюіне отбасы (әке-шешесі) мен туған-туыстары ерекше әсер етті. Мұқан Төлебаевтың анасы Тәжібала ерекше өнерлі адам болған. Оның өнері, суырып салма орындаушылық қасиеті ел арасында кең тараған. Ол туралы кезінде ақын Қуат Терібаев Мәриям Хакімжановамен болған әңгімесінде былай деген көрінеді:
«Лепсі өзенінің бойында Қарашыған деп аталатын жер бар. Халық ақындарын тізімге алып жатыр дегенді естісе, ол әйел де өзі келіп тіркелер әлі. Азу тісі балғадай, жалын жалап, от шайнаған ақын. Қарапайым қазақ әйелінің одан өткен сөзге жүйрік дүл-дүлін өзім көрген де, естіген де емеспін. Тәжі-баланың әсерлі үні тыңдаушыларын еріксіз елжіретіп, еліктіріп отыратын. Мен өзім айтысып көргенім жоқ. Бірен-саран жұрт жиналған жерде кездесіп қалғаным бар. Сонда байқағаным, айтса айтқандай екен. От ауызды, орақ тілді, өткір де өжет кісіні жасқандырып отыратын ғажайып қасиеті бар. Айтысқа түскенде, ешкімнің бет жүзіне қарамайды. Қарсыласының еліндегі парақорды да, жалақорды да тайға таңба басқандай, бар шындығымен әшкерелеп суреттейді екен. Бір ғажабы, Тәжі-баланың ақындығымен қатар айтқыштығы, саңқылдаған таза үні жиналғандарды еріксіз өзіне табындырып отырады. Мұндай қасиет екінің бірінде кездесе бермейді. Ал, жай отырғанның өзінде Тәжібаланың айбын келбеті, адуынды үні, бірбеткей мінезі өзінен өзі көзге ұрып, әрі жарасып тұрады. Сондықтан да ол ескі әдет-ғұрыптың шеңберіне сыймай, өнер жолына өз тірлігімен, өз таланты мен мүмкіндік алған дарынды әйел». Бұл суреттемеден Мұқан Төлебаевтың анасының өнерлі, ер мінезді, шыншыл болғанын байқаймыз. Демек, сазгердің бойына біткен дарын ана сүтінен берілген. Жөргекте жатқан күндерінен бастап анасының бесік жырын айтып әлдилеген әуенінен, асқақтата салған әнінен, ыстық аналық құшағынан, домбырада күмбірлете тартқан күйінен, естіген халық әдебиеті үлгілерінен сіңісті болған.
Мұқан тіпті есейген шағында да анасынан халық әндерін үйренуден жалықпаған. Мұқанның асыл адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әкесі Төлебайдың да орны ерекше. Ол тумасынан ақылды, мейірімді, ұстамды, көпшіл, ақыл, кеңес, көмек сұраушыларға әрдайым даяр тұратын адам болған. Мұқан да әкесіне тартып көпшіл болды, оның да жұпыны, қарапайым пәтерінде жазушылар, композиторлар, актерлер музыканттар жиі-жиі бас қосқан. Есімде қалғаны деп жазады композитор Е. Рахымбердиев: « . . . ол кейбіреулерге ұқсап қарқылдап күліп, не болмаса артық сөйлеп көп уәде беріп, көпіртіп айтып, жүре беретін кісі болмайтын. Ақырындап қана сөйлеп, ақырындап миығынан күлетін» [2. 3]
Мұқан Төлебаевтың өнерге көзқарасының дұрыс қалыптасып, табиғи дарынының жетіле түсуіне немере ағасы, ақын Апырбайдың ықпалы зор болды. Мұқанның бала жастан ән-күйге деген ықыласын ерте байқаған Апырбай оны той-жиын, ойын-сауықтарға, үлкен айтыстарға бірге қалдырмай алып жүрген. Мұндай кездесулер Мұқанның адамдық асыл қасиеттерінің, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер етті. Оны Апырбайдың жұпайы Зылиханың:
«Келсем де сексен асып, тоқсан жасқа
Ертеден пана болған біздің басқа,
Адамдық бар қасиет өз бойында
Кере қарыс маңдайы, нағыз қысқа!»
деген сөзінен байқауға болады. Мұқанның ән айту қабілеті мен халық әуеніне деген құштарлығына, сезімталдығына сүйіспеншілігіне де осы жиын -тойлардың тікелей ықпалы болды. Есейе келе өзі де осы жиын-тойларда ән салып, домбыра шертіп, сырнайда ойнаған, қобыз тартқан. Зылиха жеңешесінің сөзімен айтқанды:
«Шырқатып ән салғанда құйқылжытып,
Дауысы ұшқан құстай қалқып еді».
Тіпті қазақтың ұлттық ойындары- көкпар тарту, қыз қуу, ат үстінде сайыс, теңге алу, жаяу жарыс, күреске де қатысқан көрінеді.
Мұқан Төленбаевтың балалық шағы, өскен ауылы бір жағы жанатты Жетісуға жататын Лепсі өзенінің жалғасы да, екінші жағы айдынды және Балқаш көліне ұласқан. Ілияс Жансүгіровтің сөзімен айтқанды:
«Ыстық көл жер айнасы мөлтілдейді,
Балқашты қамыс қамап желпілдейді
Аттанған алты өзені Жетісудің,
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді» [3. 198]
Табиғаттың осы бір ғажайып көріністері, жайқалып өскен ну ормандары, жасыл кілем іспеттес шалғындары, сарқырап аққан өзен көлдері Мұқанның жанына бала кезден ерекше әсер беріп, ләззат сезімін ұялатқаны сөзсіз. Оған дәлел оның күн шұғыласындай жайдары, адамның жан-сезімін қозғайтын лирикаға толы музыкалық шығармалары.
Мәселен, Мұқан Төлебаевтың туып-өскен жерінің табиғатының әсем де әсерлі көріністерін оның «Біржан-Сара» операсының бірінші бөлімінен байқау қиын емес. Бұл өңірдің тағы бір ерекшелігі- ол баршаға батырларының ерлігімен (Қабанбай батыр), ақындарының, термешілерінің, жырау-жыршыларының өнерімен (Апырбай Әуелбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қадау Баймұхамедов және т. б. ) белгілі. Олардың өнерінен бала жастан ғибрат алуы Мұқанның ой-өрісінің кеңеюіне, эстетикалық, музыкалық талғамының жетілуіне әсер етті.
Мұқан Төлебаев әрбір орындалған ән-күй, жыр толғаулардың шығу тарихына, мазмұнына, мақамына мән берді. Олардан халықтың өткендегі әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-қарекетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын түсінді. Халқының азаттығы үшін қасық қанын аямаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шоқшақұлы Жәнібек, Сіргелі Тілеуке, Шапырашты Наурызбай, Әлібекұлы Сыпатай, Кеңесары, Ләппай, Жауғыш, Райымбек сынды батырлардың ерлік істеріне, биік адамгершілік қасиеттеріне тәнті болды.
Оның өз халқының мәдениетін, өнерін ауызекі шығармашылығы саласындағы сарқылмас қазынасын бала жастан қанып тыңдауы, құйма құлағына сіңіріп, олардың сазды әуеніне қызығуы бекер болған жоқ. Оларды өзінің шығармаларының негізі етіп алды. Оны Мұқан Төлебаевтың: «Осындай қызықты думандардан алған әсерлерімді қазір музыка тілінде сөйлетіп жүрмін. Өз көзіңмен көріп, құлағыңмен тыңдап, көкейіңе құйып алған дүниең ұмытылмайды екен. Адамдардың шат-шадыман, қуанышты үндері мен күлкілері, жүйрік аттардың әсем желісі мен шабысы, тұяқтарының дүбірі, жиналған халықтың көтермелеген айқай-шуы есіме түскен сайын мені музыка сазына қарай жетектеп тұрады», - деп жақын достарына айтқан сөздерінен және оның халық ақындарымен болған семинарда (1951) бір жас ақынның мына сұрағына берген жауабынан көруге болады. [1. 88]
Сұрақ:
- Қадірлі Мұқа. Біз сізді тамаша композитор, тұлғалы туынды «Біржан-Сара» операсының авторы ретінде білетін едік, ал сіз халық поэзиясын музыкадан кем білмейтін сияқтысыз. Бұл неліктен?
Жауап:
- Сен шырағым, мысалы жас ақынсың. Ал ақындар да композитор, себебі поэзиямен музыка бір-бірімен егіз. Ұлы Абайды алып қараңыз. Ол тек ұлы ақын емес, сонымен бірге композитор да. Біржан, Ақан сері, Жаяу Мұса, Әсет- осылардың бәрі суырып салма ақындар, сонымен бірге тамаша композиторлар. Сондықтан да біздің халқымыз өз ішінен шыққан талантты адамдарды ешқашан ұмытпайды. Ол басқа да, көптеген мысалдар келтіреді. [4. 3]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz