Иран



1 ТАБИҒАТЫ
2 ТАРИХЫ
3 ЭКОНОМИКАСЫ
4 ӘДЕБИЕТІ
5 ӨНЕРІ
6 ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Иран Ислам Республикасы – Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км2. Халқы 65,2 млн адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы – Тегеран қаласы (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн), Исфаһан (1 млн), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі – парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шиит тармағы. Ислам – діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министрлер Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган – бір палаталы парламент – ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан – Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі – риал.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ИРАН

Иран Ислам Республикасы – Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан
мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км2. Халқы 65,2 млн адам (1999). Халқының
ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар,
түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%.
Астанасы – Тегеран қаласы (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа
Мешхед (1,5 млн), Исфаһан (1 млн), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты
ірі қалалар бар. Ресми тілі – парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің
шиит тармағы. Ислам – діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла
Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед
Хатами) 4 жылға сайланады және Министрлер Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң
шығарушы орган – бір палаталы парламент – ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4
жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы
бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы
11 ақпан – Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі – риал.

ТАБИҒАТЫ. Иран Армян таулы қыратының оңтүстік-шығысы мен Иран таулы
қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солтүстік Иран
(Эльбрус, Түрікмен - Хорасан), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығыс Иран
(Серхед, Пеленган, Боран, Келат) таулары, орталығында Кухруд жотасы, Деште-
Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солтүстік-батысын Оңтүстік Каспий және
Кура-Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы, оңтүстігін –
Гермезир шөлі алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік,
континенттік, жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы.
Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік. Қаңтардағы
орташа температура 20 С-тан 19,40 С-қа дейін, шілде айында 29,4 – 32,50 С.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм. Эльбрус тауы беткейінде 2000 мм,
Систан ойысында 50-60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері – Карун, Сефидруд,
Гильменд, Қиыр солтүстігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Таулы аудандарда
көптеген көлдер кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты. Тау
беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран
жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен
жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы
қазыналары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б.

ТАРИХЫ: Иран жеріне адам баласы тым ерте заманнан бері қоныстанған.
Б.з.б. III мыңжылдықта қазіргі Иранның оңтүстік-батысында алғашқы
мемлекеттер құрыла бастады. Б.з.б. II мыңжылдықта бұл аймаққа Орта Азиядан
арий тайпалары келіп қоныстанды. Б.з.б. 673-672 жылы қазір Иранның
солтүстік-батысында Мидия мемлекеті пайда болып, 616-615 ж. Ассирияны
талқандап, аса ірі мемлекетке айналды. Б.з.б. 550 жылы өкімет билігі
парсылық Ахемен әулетіне көшті (қ.Ахемен әулеті). Ахемен әулеті
мемлекетінің шекарасы шығыста Үнді өзенінен батыста Эгей теңізіне дейін,
солтүстікте Армениядан оңтүстігінде Ніл өзендеріне дейін жетті. Батыс пен
Шығысты жалғастыратын сауда жолдары үшін бұл мемлекет гректермен ұзаққа
созылған соғыс жүргізді. Сақтар еліне бірнеше дүркін басқыншылық жорықтар
жасады. Ахемен әулеті мемлекетін б.з.б. 330 жылы Александар Македонский
талқандады. Иран эллиндік мемлекеттердің билігіне көшіп, б.з.б. II ғасырдың
орта тұсынан бастап Парфия патшалығына бағынды. 224 жылы Парфия мемлекеті
құлап, орнына Сасани әулеті мемлекеті Оңтүстік Арабияны, Сирияны,
Палестинаны, Мысырды жаулап алды. Византияға қауіп төндірді, Түрік
қағанатымен соғыс жүргізді. Бірақ Сасани әулету шабуылынан құлап, VII
ғасырдың II жартысында Иран Араб халифаты құрамына қосылды. VIII ғасырда
Араб халифатының билеушісі Әбу әл-Аббас әс-Саффах халифат астанасын
Бағдадқа көшірді. Иран аумағы ұзақ жылдар бойы Аббас әулеті билеген Бағдад
халифаты құрамында болып, мәдени және экономикалық дамуды басынан кешірді.
IX-X ғасырларда елде Араб халифатына шартты түрде ғана тәуелді болған
әмірліктер құрылды. Елде экономикалық және мәдени өрлеу байқалып, қалалар
өсе бастады. Сондай әмірліктердің бірі Самани әулеті биліктен кеткеннен
кейін Шығыс Иран Ауғанстанмен және Орта Азияның бір бөлігімен бірге түркі
тектес Ғазнауи әулеті билеген мемлекеттік құрамына кірді (қ.Ғазнауи
әулеті). XI ғасырда Иранға түрік-оғыздар (селжұқ) басып кіре бастады. Көп
ұзамай олар Ғазнауи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды және көрші
елдерді басып алып салжұқтар мемлекетін құрды. XII ғасырда салжұқтар
бірнеше сұлтандыққа бөлініп кетті де, осы ғасырдың аяғына таман бүкіл
Иранды түркі қыпшақ тайпасынан шыққан Хорезм шаһы Текеш басып алды. 1220-
1256 жылы Иранды Шыңғыс хан әулеті жаулап алды. Олар елде Хулагу әулетіне
қарайтын ильхандар мемлекетін құрды. XIV ғасырдың 30-жылдары ильхандар
мемлекеті бірнеше иелікке бөлініп кетті де, 1380-1393 жылдары Иранды Әмір
Темір әскерлері басып алды. Әмір Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір
әулетінің билігінде қалып, Батыс Иранда Қарақойлы мемлекеті құрылды. XVI
ғасырда Кіші Азиядан шыққан түркі тайпалары (қызылбастар) Иранға басып
кіріп, 1501-1610 жылы елді толығымен бағындырып, Сефеви әулеті мемлекетін
құрды. XVII-XVIII ғасырларда Иранның экономикасы құлдырап, халықтың жағдайы
нашарлап кетті. Ұсақ халықтар (ауғандар, түрікмендер, әзербайжандар,
күрдтер, армяндар, грузиндер) орталықтың езгісіне қарсы жиі-жиі көтеріліс
жасап тұрды. Әсіресе, XVIII ғасырдың 2-жартысында елдегі үстемдік үшін екі
әулеттік (Зенд және Каджар) арасындағы үздіксіз соғыс халықты әбден
қалжыратты. XVIII ғасырдың аяғында билікке Қаджар әулеті келді. Осы кезден
елдің ішкі істеріне еуропалық мемлекеттер (Англия, Франция) араласа
бастады. XIX ғасырдың басында болған орыс-иран соғысынан кейін елде
шетелдіктердің билігі күшейіп кетті. XIX ғасырдың аяғына таман Иран
еуропалық мемлекеттердің жартылай отарына айнала бастады. 1901 жылы
ағылшындар Иран мұнайын шығаруға рұқсат алып, 1909 жылы бірлескен ағылшын-
парсы мұнай компаниясы құрылды. Елдің солтүстігіне Ресей, оңтүстігіне
Ұлыбритания қожалық ете бастады. 1905-1911 жылы елде шетелдіктерге қарсы
ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті. Оның барысында конституция жарияланып,
меджлис шақырылды, ақсүйектік дәрежелер жойылды. Бірақ 1918 жылы ағылшындар
бүкіл Иранды басып алып, 1919 жылы оны кіріптарлық шарттарға қол қоюға
мәжбүр етті. Елде ағылшын үстемдігіне қарсы жаңа толқулар басталды. 1921
жылы ақпанда әскерилер Реза ханның басшылығымен мемлекеттік төңкеріс
ұйымдастырып, жаңа үкімет құрды. Жаңа үкімет халықтың қысымымен 1919 жылы
ағылшын-парсы шартын жойылды деп жариялады. Армияға сүйенген Реза хан
Орталықтың билігін күшейту үшін сепаратистік пиғылдағы ИТран ақсүйектерімен
үздіксіз күрес жүргізді. 1925 жылы 31 қазанда 5-меджлис Қаджар әулетін
тақтан түсті деп жариялады, 12 желтоқсанда Құрылтай жиналысы Реза ханды
Реза шаһ Пехлеви деп жариялады. Елде нарықтық қатынастар тез дами бастады.
Халықтың мәдени және тұрмыстық өміріне көптеген өзгерістер болып өтті.
Алайда, 1929-1933 жылы болған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Иран
экономикасын тұралатып тастады. Халықтың тұрмысы нашарлап, елде толқулар
басталды. Ол толқулар күшпен басылып отырды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарыда
Иранға одақтастар әскерлері енгізілді (1941 ж. тамызда ағылшын және кеңес
әскерлері, 1942 жылдың аяғына таман АҚШ әскерлері). 1941 жылы 16 қыркүйекте
Реза шаһ тақтан өз еркімен бас тартып, орнына баласы Мұхаммед Реза Пехлеви
шаһ болды. 1942 жылы 29 қаңтарда Иран КСРО және Ұлыбритания мемлекеттерімен
одақтастық туралы шартқа қол қойды. 1943 жылы 9 қыркүйекте Иран Германияға
соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына араласқан жоқ. Тегеран
конференциясы кезінде 1943 жылы 1 желтоқсанда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания
үкіметтері Иранға территорилық тұтастығын сақтауға әзір екендіктерін
мәлімдеді. Соғыстан кейін Иран үкіметі Батыс елдерімен тығыз байланыс
орнатты. 1953 жылы ел тәуелсіздігін күшейтуге тырысқан М.Мосаддық үкіметі
құлатылды. Иран шаһы М.Р.Пехлевидің көмегімен АҚШ елдің ішкі өміріне
белсене араласа бастады. Ел 1955 жылы АҚШ-пен әскери келісімдер жасасты,
1960 жылдан бастап Батыс үлгісінде дами бастады. Елде шет ел капиталының
үстемдік алуы, ұлттық құндылықтардың аяққа басылуы 1978-1979 жылы халықтың
шаһ үкіметіне қарсы жаппай бас көтеруіне алып келді. Оны елдегі шиит
дінбасылары басқарды. 1979 жылы 11 ақпанда болған революция нәтижесінде шаһ
үкіметі құлап, 1 сәуірден бастап Иран Ислам Республикасы жарияланды. Үкімет
басына шиит дінбасыларының көсемі аятолла Р.Хомейни келді. Саяси
партияларға тыйым салынды, шаһ үкіметі жойылды, Батыстың иелігіндегі барлық
компаниялар мүлкі мемлекет меншігіне алынды, ел СЕАТО блогынан шығып,
Блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болып енді. 1980-1990 жылдары болған
иран-ирак соғысы ел экономикасына өте ауыр (700 млрд АҚШ долларынан астам)
зардаптар әкелді. Қазіргі кезде Иран үкіметі Батыс елдері қолданып отырған
оқшаулау саясаты ықпалын бәсеңдету үшін белсенді сыртқы саясат жүргізуде.

ЭКОНОМИКАСЫ. Ел экономикасының негізгі мұнай және мұнай мен газ өңдеу
өнеркәсіптері. Мемлекеттік кірістің 13 және экспорттың 90%-ына жуығы осы
салалардан алынады. Елде жыл сайын 180 млн тоннаға жуық мұнай, 58 млрд м3
газ (қоры 14 трл. м3 шамасында) өндіріледі. Экономиканың басқа салалары да
дамыған, бірақ сыртқы экономикалық байланыстардың нашарлығынан және қаржы
жетіспеушілігінен толық қуатымен жұмыс істей алмауда. Өнеркәсіпке қажетті
құрал-саймандар 90%-ға дейін шеттен әкелінеді Ауыл шаруашылығы нашар
дамыған. Тұрғындар үшін бидай, күріш, қант, өсімдік майы, т.б. шеттен (жыл
сайын 2 млрд АҚШ долларына) әкелінеді. Соңғы жылдары туризм дами бастады.
Ұлттық байлықтың 36%-ы өнеркәсіптен, 22%-ы ауыл шаруашылығынан, қалғаны
қызмет көрсету секторынан тұрады. Мұнай экспортынан жыл сайын 16,3 млрд АҚШ
доллары шамасында. Елдегі басты проблеманың бірі – жұмыссыздық (3,5 млн
адам. Мұнайдан басқа экспортқа кейбір өнеркәсіп тауарлары, ауыл шаруашылығы
өнімдері, кілем, халық тұтыну тауарлары шығарылады. Шеттен – азық-түлік
өнімдері (30%), машина, құрал-жабдықтар, кейбір өнеркәсіп шикізаттары
әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания,
Түркия, Италия, араб елдері.

ӘДЕБИЕТІ. Иран әдебиеті ежелгі дәуірде және орта ғасырларда парсы тілі
тобына жататын халықтар (парсы, тәжік, ауған, күрд) мен түркі тілінде
сөйлейтін (өзбек, түрікмен, әзербайжан) халықтардың әдебиеті арқылы
қалыптасты. Иран әдебиетінің классикалық дәуірін (VII-XVI ғасырлар) парсы
не парсы-тәжік әдебиеті деп атанды. Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты
басып алған соң (VII ғасыр), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы
тіліндегі құнды шығармалар араб тіліне аударылды (Қалила мен Димна,
т.б.). Парсы тіліндегі әдебиет, әсіресе, Рудаки (860-941 тұсында толық
қалыптасты, кейін Фирдауси (940-1020 ж.ш.) Шаһнама эпопеясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иран мен Ирактың соғысқа әскери дайындықтары
Иран Ислам Республикасы
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат
Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты
Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары
Қазақстан – иран қатынастары
Иран-Америка қақтығысы
Иран - діни мемлекет
ХХ ғ. аяғы және ХХІ ғ. басындағы жаңа геосаясат және иран ұстанымы
Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру
Пәндер