Орталық азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.9

І ТАРАУ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ .ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.18
1.1. «Қауіпсіздік» және «ынтымақтастық» саясаттанудың категориясы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.15
1.2. Аймақтық қауіпсіздіктің негізгі концепциялары ... ... ... ... ... ... ... ..16.18
1.3. Аймақтың қауіпсіздікті зерттеудің әдісі және әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.19

ІІ ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.35
2.1. Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сыртқы саяси факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.28 2.2. Сыртқы экономикалық факторлар, Орталық Азия қауіпсіздігінің негізі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.35

ІІІ ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ІШКІ ФАКТОРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36.52
3.1.Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Орталық Азия мемлекеттеріндегі проблемаларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36.47
3.2.Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48.52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53.54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55.57
Соңғы жылдары аймақтық интеграция,ғаламдастыру процесімен қатар,мемлекеттер арасындғы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды.Орталық Азияда аймақтандыру процесін дамыту үшін қолайлы алғышарттар бар.Бұл ең алдымен, аймақты мекендейтін халықтардың тарихи-географиялық,мәдени және, тілдік бірлігі.Сондықан Орталық Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.Орталық Азия мемлекеттерімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынас, біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.Орталық Азия мемлекеттері арасындағы байланыс көбінсе аймақтық қауіпсіздік мәселесіне келіп тіреледі.Магистірлік зерттеу жұмысында аймақтық қауіпсіздік мәселесінің теориялық-әдістмелік негіздері ашып көрсетілген,және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары,соның ішінде экономикалық, сыртқы саяси факторлар жан-жақты талданған.
Тақырыптың өзектілігі.
Казіргі кезде әлемде болып жатқан ғаламданумен қатар,Орталық Азия мемлекеттерінде халықаралық қатынастардың аймақтануы жүріп жатыр.Орталық Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (ОАҚ) көптеген ұйымдарға мүше.Соның ішінде Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі(ҰҚК),Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы(ШЫҰ),Азиядағы іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК).Бұл әскери-саяси ұйымдар БҰҰ нығаюына және дүниежүзілік ұжымдық қауіпсіздіктің нығаюына алып келеді. Олардың қызметтері Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатында негізгі орын алады және олардың басымдықтары болып қала береді.Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі меселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың "Сындарлы он жыл"атты еңбегінде былай делінген:"Әлемдік тәжірибе деңгейінде қауымдастық негізінде қауіпсіздік саласы бойынша мемлекеттік және аймақтық қауіпсіздікті және шараны нығайту қажет,Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Орталық Азия аймағының қауіпсіздігімен тығыз байланыста болуы керек."[1]
Бұл тақырыптың тағы бір өзектілігі -Орталық Азия әлемдегі ішкі мәселелері толық шешілмген даулы аймақтардың бірі болы табылады.Оған біріншіден,мемлекетаралық шекаралардың көп уақыттар бойына делимитацияланбауы, су-энергетика ресурстарының бөлінуі, ұлтаралық және конфессиялық даулардың шешілмеуі.Сонымен қатар,Орталық Азия мемлекеттеріндегі діни-саяси экстремизм, халықарлық терроризм, есірткі бизнесін айтуға болады.Бұл аймақтағы мемлекеттердің әскери-саяси мәселелерін үйрену ең негізгі өзекті мәселе болып табылады.Орталық Азиядағы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп алмай,аймақтық қауіпсізікті қамтамасыз ету мүмкін емес.Орталық Азия қауымдастығы көлеміндегі, аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастығының дамуы, Евразиялық экономикалық қауымдастық (ЕврАзЭС),аймақтық қауіпсіздіктің тұрақты жүйесін құрудың ең басты бағыттары болып табылады. Әлемдік тәжірбие көрсеткендей,мемлекетарплық интеграция әсіресе экономикалық салада көрініс табады.Бұған дәлел ретінде Еуропалық Одақ тәжірбиесі,Еркін сауда жөніндегі Солтүстік-Американдық келісім, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Асосациясы (АСЕАН).
1. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народы Казахстана .-Алматы:Білім,1997.-с.11.
2.Назарбаев Н. Ә. Қазақстан экономикалық ,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы:Атамұра,2005.-45бет.
3.Чэнь Циминь . Центральная Азия : политические процессы и региональная безопасность. Алматы : 2002. –с. 24.
4. Бурнашев Р.О. О возможности системы региональной безопасности в Центральной Азии (методологические аспекты) // Центральная Азия и Кавказ.- 2001.-№ 1(13).- стр.14-25.
5. Исингарин Н.К. Проблемы интеграции в СНГ . –Алматы:Атамұра, 1998.-с.75.
6. Касенов У.Т. Безопасность Центральной Азии: национальные, региональные и глобальные прблемы. – Алматы: Университет «Қайнар», 1998.-с.280.
7. Решение Глав государств Республики Казахстан , Кыргызской Республики и Республики Узбекистан о создании межгосударственного совета в составе Президентов и Премьер-Министров. Алматы// Казахстанская правда. -1994.-8июля.Заявление глав государств Республики Казахстан , Кыргызской Республики и Республики Узбекистан о дальнейшем углублении региональной интеграции // Казахстанская правда .-1998.- 28 марта. Сборник документов по вопросам интеграции Республики Казахстан , Кыргызской Республики и Республики Узбекистан .Алматы: Исполком Межгосударственного Совета Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Республики Узбекистан,1995.
8.Журавская Е.Г. Региональная интеграция в развивающемся мире: немарксистские теории и реальность (на примере АСЕАН).М.:Наука.-1990.-с.7.
9. Маслов В.И. Региональная безопасность: история и проблемы новых независимых государств ЦА.(Отв.ред.В.М. Плоских) – Бишкек: Кыргызско- Россиский Словенский университет, 2000.- с.196.
10. Акимбеков С. Авганский узел ипроблемы безопасности Центральной Азии. – Изд.2-е. испр.и дополнение. – Алматы: Таймас Приндхаус, 2003.-с.400.
11.Сонда.
12.Касенов У.Т. Центральная Азия : национальные и региональные аспекты безапосности // Казахстан и мировое сообщество. -1996.-№1.
13. Кушкумбаев С.К. Геополитические факторы интеграционных процессов в постсоветской Центральной Азии .Автореф. дисс. канд.полит.наук.-Алматы,1999.-с. 27
14.Лаумулин М.Т. Геополитика в Центральной Азии и безопасность Республики Казахстан .Автореф. дисс. на соиск.учен. степ. доктора политических наук.-Алматы.2003.-с.10.
15.Примбетов С.Д. Центральная Азия на пути интеграции // Аль-Пари.-1997.-№4.
16.Белокреницский В.Я.Геополитическая вертикаль в Сердце Азии// Proet Contra.Т.2.№2. 1997. с99.
17. . Ашимбаев М. С. Концептуальные проблемы и угрозы безопасности Каспийско –Центральноазиатского региона // Аналитик.-2003.-№3.
18. Намазбаев Д. “Большая игра ”США на Кавказе и в Центральной Азии// Саясат .-2003.-№11.
19. Артыкбаев М. Проблемы совершенствования политических процессов стран Центральной Азии// Саясат.-2003.-№5.
20. Бакаев Л.К. Интеграция новых независимых государств :сб.науч. ст. –Алматы,1998.ч2.-с.128.
21.Акинер Ш. Региональное сотрудничество в Центральной Азии // Аналитик . -2001.-№3.
22. Чэнь Циминь. Центральная Азия :политические процессы и региональная безопасность.-Алматы,2002.-.159с.
23. Узбекистан обрел “большого” покровителя в лице США //Институт по освещению войны и мира < http: //www . burana. bu. ru/>.
24. Ертысбаев Е. Казахстан и Назарбаев : логика перемен .-Астана : Елорда,2001.-576с.
25. Бжезинский З. Великая шахматная доска . Господство Америки и его геостратегические императивы .-М.:Междунар.отношения ,2000.-256с.
26.Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. – Алматы: Атамұра, 2003.-с.240.
27. Ахметгалиева Б.Р. , Базаров А.А. Казахстан в интеграционном процессе в постсоветском пространстве //Казахстан-спектр .-1997.-№1-2.
28.Барановский В.Г. Политическая интеграция вЗападной Европе .Некоторые вопросы теории и практики.-М.:Наука,1983.-с.31.
29. Кыдырбекулы Д.Б. Казахстан в системе региональной интеграции // Мысль. -1995.-№8.
30. Белокреницкий В.Я. Центральноазиатское единство миф или реальность? // Восток . -1996.-№6.
31.Барановский В.Г. Политическая интеграция вЗападной Европе .Некоторые вопросы теории и практики.-М.:Наука,1983.-с.31.
32. Мюрдаль Г. Мировая экономика .Проблемы и перспективы.-М.:Иностранная литература.1958.-с.122.
33. Барановский В.Г. Политическая интеграция вЗападной Европе .Некоторые вопросы теории и практики.-М.:Наука,1983.-с.31.
34. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народы Казахстана .-Алматы:Білім,1997.-с.11.
35. Лаумулин М.Т. Геополитика в Центральной Азии и безопасность Республики Казахстан .Автореф. дисс. на соиск.учен. степ. доктора политических наук.-Алматы.2003.-с.15.
36.Примбетов С.Д. Интеграция в центральноазиатском регионе : проблемы и перспективы // Казахстан и мировое сообщество .-1995.-№3(4).
37.Сонда.
38.Ашимбаев М.С. К проблеме формирования системы региональной безопасности // Аналитик.- 2000 - №1.- стр.3-5.
39.Сонда.
40.Токаев К.К. Казахстанская дипломатия: первые итоги, новые задачи.// Мысль. - 1995 - №5.
41. Гаджиев К.С. Геополитика .-М.:Международные отношения ,1997.-384с.
42. Суюнбаев М. Интеграция Центральной Евразии : геополитические и геоэкономические факторы // Центральная Азия .-1998.-№4.
43.Кушкумбаев С.К. Региональная интеграция в Центральной Азии// Саясат ,август.-1998.-с.67.
44.Сонда.
45.Токаев К.К.Некотырые аспекты практической реализации внешнополитического курса Казахстана.// Саясат, 1995.-№5.
46. Лаумулин М.Т. Геополитика в Центральной Азии и безопасность Республики Казахстан .Автореф. дисс. на соиск.учен. степ. доктора политических наук.-Алматы.2003.-с.15.
47. Актуальные проблемы внешней политики Казахстана. Сб.ст.- М.:Руский паритет.1998,-с.157.
48.Сонда.
49. Рыбалкин В.Е. Международные экономические отношения .-М.: Юнити-Дана , 1999.-с.227.
50. Овчинников Г.П. Международная экономика . –Спб. :Полиус,1998.-с.295.
51. Бакаев Л.К. Интеграция новых независимых государств :сб.науч. ст. –Алматы,1998.ч2.-с.128.
52. Кушкумбаев С.К. Геополитические факторы интеграционных процессов в постсоветской Центральной Азии .Автореф. дисс. канд.полит.наук.-Алматы,1999.-с. 27.
53. Сейлеханов Е. Центральная Азия : тернистый путь к единству // Мир Евразии .-2004.№2(5).с.17.
54.Токаев К.К. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы: Білім, 1997.-377с.
55.Сонда.
56.Назарбаев Н.А. На пороге ХХвека.- Алматы: Өнер, 1997.-108с.
57.Проблемы мира и безопасности в Азии.- М.:Наука, 1987.-302с.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРА БӨЛІМІ
САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРЫ

Орындаған:_________________________ ________________Рахалиева А.А.
(қолы, күні)

Ғылыми жетекші :
с.ғ.к.,доцент______________________ __________________Көшкінбаев С.Қ
(қолы, күні)
Рецензент :
соц.ғ.д.,профессор_________________ ___________________Биекенов К.Ү. (қолы, күні)

Норма бақылаушы:_________________________ __________Есимова Д.Г.
(қолы,күні)
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
С.ғ.д.,профессор___________________ __________________Иватова Л.М. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ (қолы, күні)

АЛМАТЫ 2005

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары.
Жұмыстың көлемі: 57 бет.
Жұмыстың құрылысы: Жұмыс кіріспеден , үш тараудан , қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
Жұмыстың мазмұны: Жұмыс барысы үш тарауды құрайды. Бірінші тарауда Аймақтық қауіпсіздікті зерттеудің теориялық- әдістемелік негіздері. Мұнда қауіпсіздіктің теориясы, әдіснамасы талқыланды. Екінші тарауда Орталық Азиядағы аймақтық қауісіздікті қамтамасыз етудің сыртқы факторлары. Бұл тарауда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сыртқы факторлары сараланады.Үшінші тарау Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі факторлары атты тарауда қауіпсіздік проблемасының ішкі факторлары сөз болады.
Жұмысты орындауға қолданылатын әдістер:Зерттеу жұмысы барысында тарихи-салыстырмалы, талдау, сараптау, индекс әдістері негізге алынды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттердің серіктестігіне көпжақтылы талдау жасау негізгі мақсат болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін:
-Аймақты қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекетаралық серіктестікті зерттеудегі концептуалды және теориялық- әдістемелік негіздерді ашып алу қажет;
-Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық тұрақтылығын нығайтудағы экономикалық факторды аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі ретінде бөліп қарастыру.;
-АӨСШК,ҰҚК, ШЫҰ сияқты Орталық Азия аймағындағы әскери-саяси серіктестіктердің тәжірибиесі негізінде зерттеу.
-Орталық Азиядағы мемлекеттердегі діни-саяси экстремизм,халықаралық терроризм, есірткі бизнесі сияқты мәселелерге анализ жасау.
Зерттеудің пәні-Орталық Азиядағы тәуелсіз мемлекеттердің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы болып табылады.
Жұмыстың қорытындысы: Қорытынды бөлімінде жұмыс мазмұны түйінделіп , тұжырымдар жасалды. Жүргізген сараптамалар халықаралық терроризм мен діни саяси экcтремизм аймақтық қауіпсіздік жүйесі үшін қауіп- қатердің құралы болып табылады және әлемнің кейбір мемлекеттерінің геосаяси мүддесін көрсетудің құралы болып жатыр.
Тірек сөздер:қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, ынтымақтастық, қауымдастық, экстремизм, терроризм, геосаясат, глобалистика, Орталық Азия , держава, сепаратизм, ұжымдық қауіпсіздік,аймақтық қауіпсіздік, халықаралық терроризм.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-9

І ТАРАУ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ -ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-18
1.1. Қауіпсіздік және ынтымақтастық саясаттанудың категориясы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-15
1.2. Аймақтық қауіпсіздіктің негізгі концепциялары ... ... ... ... ... .. ... ... 16-18
1.3. Аймақтың қауіпсіздікті зерттеудің әдісі және әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-19

ІІ ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ...20-35
2.1. Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сыртқы саяси факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-28 2.2. Сыртқы экономикалық факторлар, Орталық Азия қауіпсіздігінің негізі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-35

ІІІ ТАРАУ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ІШКІ ФАКТОРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .36-52
3.1.Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Орталық Азия мемлекеттеріндегі проблемаларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36-47
3.2.Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48-52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53 -54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 55- 57

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ:

АӨСШК-Азиядағы Өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңес.
АЖТ- арнайы жұмыс тобы.
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы.
ДНЯО- ядролық қаруды таратпау туралы шарт.
ДВЗЯН- ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу шарты.
ЕҚЫҰ- Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы.
ҰҚК-Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі.
ШЫҰ-Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы.
ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.
ҚХР- Қытай Халық Республикасы.
НПО- үкіметтік емес ұйымдар.

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары аймақтық интеграция,ғаламдастыру процесімен қатар,мемлекеттер арасындғы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды.Орталық Азияда аймақтандыру процесін дамыту үшін қолайлы алғышарттар бар.Бұл ең алдымен, аймақты мекендейтін халықтардың тарихи-географиялық,мәдени және, тілдік бірлігі.Сондықан Орталық Азиядағы мемлекеттермен ынтымақтастықты ұлғайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.Орталық Азия мемлекеттерімен өзара тату көршілік, тұрақты қарым-қатынас, біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторы.Орталық Азия мемлекеттері арасындағы байланыс көбінсе аймақтық қауіпсіздік мәселесіне келіп тіреледі.Магистірлік зерттеу жұмысында аймақтық қауіпсіздік мәселесінің теориялық-әдістмелік негіздері ашып көрсетілген,және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы факторлары,соның ішінде экономикалық, сыртқы саяси факторлар жан-жақты талданған.
Тақырыптың өзектілігі.
Казіргі кезде әлемде болып жатқан ғаламданумен қатар,Орталық Азия мемлекеттерінде халықаралық қатынастардың аймақтануы жүріп жатыр.Орталық Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (ОАҚ) көптеген ұйымдарға мүше.Соның ішінде Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі(ҰҚК),Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы(ШЫҰ),Азиядағы іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК).Бұл әскери-саяси ұйымдар БҰҰ нығаюына және дүниежүзілік ұжымдық қауіпсіздіктің нығаюына алып келеді. Олардың қызметтері Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатында негізгі орын алады және олардың басымдықтары болып қала береді.Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі меселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың "Сындарлы он жыл"атты еңбегінде былай делінген:"Әлемдік тәжірибе деңгейінде қауымдастық негізінде қауіпсіздік саласы бойынша мемлекеттік және аймақтық қауіпсіздікті және шараны нығайту қажет,Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Орталық Азия аймағының қауіпсіздігімен тығыз байланыста болуы керек."[1]
Бұл тақырыптың тағы бір өзектілігі -Орталық Азия әлемдегі ішкі мәселелері толық шешілмген даулы аймақтардың бірі болы табылады.Оған біріншіден,мемлекетаралық шекаралардың көп уақыттар бойына делимитацияланбауы, су-энергетика ресурстарының бөлінуі, ұлтаралық және конфессиялық даулардың шешілмеуі.Сонымен қатар,Орталық Азия мемлекеттеріндегі діни-саяси экстремизм, халықарлық терроризм, есірткі бизнесін айтуға болады.Бұл аймақтағы мемлекеттердің әскери-саяси мәселелерін үйрену ең негізгі өзекті мәселе болып табылады.Орталық Азиядағы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп алмай,аймақтық қауіпсізікті қамтамасыз ету мүмкін емес.Орталық Азия қауымдастығы көлеміндегі, аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастығының дамуы, Евразиялық экономикалық қауымдастық (ЕврАзЭС),аймақтық қауіпсіздіктің тұрақты жүйесін құрудың ең басты бағыттары болып табылады. Әлемдік тәжірбие көрсеткендей,мемлекетарплық интеграция әсіресе экономикалық салада көрініс табады.Бұған дәлел ретінде Еуропалық Одақ тәжірбиесі,Еркін сауда жөніндегі Солтүстік-Американдық келісім, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Асосациясы (АСЕАН).
Жұмыстың зерттелу деңгейі.
Аймақтық қауіпсіздік мәселесін зерттеуге көптеген Орталық Азия ғалымдарының еңбектері ғана емес, шетел зерттеушілерінің де еңбектері арналған. "Орталық Азия аймағы "деген ұғым кең көлемде талданбайды. Бұл аймаққа тек қана Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстаннан басқа да мемлекеттер де кіреді -дейді ЮНЕСКО эксперттері.
Олар алты томдық "Орталық Азияның өркениет тарихы" атты еңбекті талдай келе,бұл аймаққа бұрынғы КСРО-ның Орталық Азия республикаларынан басқа, Ауғаныстан, Солтүстік Үндістан, Солтүстік Иранды қосады.[2]Магистрлік диссертацияда сонымен бірге, Орталық Азия аймағының қауіпсіздік саласында және солармен жалпы шекаралас немесе геосаяси мүдделерін орнатқан мемлекеттер (Ресей,Қытай, АҚШ, Иран,Ауғанстан)де қаралады.Ең бірінші "қауіпсіздік" түсінігі саяси ғылым категориясы ретінде "саяси реализм"мектебінде қарала бастады. Сонымен бірге ТМД зерттеушілерінің еңбектері , атап айтқанда, В.Ярочкиннің[3], Р.Бурнашевтің[4], С.Власовтың[5], еңбектерінде аймақтық қауіпсіздік жүйесі және оның құрылымдық элементтері туралы жазылған.Саяси реализм мектебін жақтаушы В.И Ярочкин былай дейді:" Қауіпсіздік жеке тұлғаның,қоғамның, мемлекеттің мүделерін қорғауға бағытталған. Сол мақсатқа жету үшін,барлық адамзат қауымы бірлесуі қажет."
Аймақтық қауіпсіздік мәселесін зерттеуде ерекше қызығушылық танытқан А.Митрофанова[6] ,А.Неклесс[7], Ю.Вкосов[8], В.И Маслов[9], сияқты орыс ғалымдарының еңбектері айтарлықтай құнды болып табылады.Солардың ішінде ресейлік халықаралық қатынастар маманы А.Митрофанованың еңбегін ерекше атап өтуге болады.Өз еңбегінде қауіпсіздік жүйесін кең көлемде қарастырады.
Қауіпсіздік мәселесі өз кезегінде қазақстандық зерттеушілердің де назарын аудартты. Аймақтық қауіпсіздік мәеселесін қарастыруда ерекше зеттеу жұмысын жүргізген С.Акимбеков[10], К.Н Бұрханов [11], У.Хасенов[12], С.Кушкумбаев[13], М.Лаумуллин[14], Е.Т.Садықов [15], К.Л.Сыроежкин [16], сияқты ғалымдар болды. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ,аймақтық бірлестік және де Кавказ және Орталық Азиядағы мемлекеттердің геосаяси жағдайы туралы еңбек жазған қазақстандық зерттеуші,саясаттанушы Бурханов.К.Н. болды. Ол, "Аймақтық қауіпсіздік мәселесін шешу көп жағдайда аймақтағы мемлекеттердің мемлекетаралық арасындағы интеграция мәселесінен туындайды"-дейді.Орталық Азиядағы қауіпсіздік жүйесін және интеграция мәселесін зерттеуші отандық саясаттанушы С.К.Кушкумбаев:"Мемлекеттер арасындағы интеграциялық процестер, интенсивті сауда-экономикалық қатынастарды арттырады"-дейді. Садықов Е.Т. өз зерттеуінде ұлтттық қауіпсіздікті экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан қарастырады.Мемлекеттердің халықаралық серіктестігіндегі қауіпсіздікті қам- тамасыз етуде автор жүйелілік тәсіл әдісін қолданады.
Сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ,Қазақстанның сыртқы саясатын зерттеуде танымал қазақстандық саясаттанушыларЕ.Ертісбаев,М.М Иватова,Т.А.Мансуров, М.Б.Мұхамедов, К.К.Тоқаевтың еңбектері бар. Осы тақырыпты қамту барысында ұлттық қауіпсіздік жүйесінің элементтерін зерттеуге өз еңбектерін арнаған отандық саясаттанушыларды атап айтуға болады. Солардың ішінен әсіресе М.С. Ашимбаев [17], М.М.Тажин [18], (ұлттық қауіпсіздік) ,А.Н.Нысанбаев [19], Л.К.Бакаев [20], Н.Урпекова[21] , (әскери қауіпсіздік) Е.Т. Карин [22], Б.Жусупов [23], (саяси қауіпсіздік) еңбектерін атауға болады.Саяси қауіпсіздік саласын зерттеуде Е.Т.Карин: жеке қауіпсіздікті қоғамның және қоршаған ортаның негізі ретінде қарастырады.Оның ойынша.: жеке тұлға қауіпсіздігі кез-келген ұлттық қауіпсіздік концепциясысының негізгі критериі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттердің серіктестігіне көпжақтылы талдау жасау негізгі мақсат болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін:
-Аймақты қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекетаралық серіктестікті зерттеудегі концептуалды және теориялық- әдістемелік негіздерді ашып алу қажет;
-Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық тұрақтылығын нығайтудағы экономикалық факторды аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі ретінде бөліп қарастыру.;
-АӨСШК,ҰҚК, ШЫҰ сияқты Орталық Азия аймағындағы әскери-саяси серіктестіктердің тәжірибиесі негізінде зерттеу.
-Орталық Азиядағы мемлекеттердегі діни-саяси экстремизм,халықаралық терроризм, есірткі бизнесі сияқты мәселелерге анализ жасау.
Зерттеудің пәні-Орталық Азиядағы тәуелсіз мемлекеттердің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы болып табылады.
Зерттеудің объектісі.
Орталық Азиядағы тәуелсіз мемлекеттердің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі серіктестігі зерттеудің объектісі болып табылады.
Жұмысты орындауға қолданылатын әдістер.
Зерттеудің әдістемелік негізі халықаралық қатнастардағы идеализм,реализм мектептерінің концепцияларына сүйенеді.Зерттеуде Орталық Азия аймағындағы әлеуметтік-саяси процестерінің динамикасын талдайтын тарихилық принцип қолданылады.Сонымен қатар,магистрант геосаясаттың классикалық принципін И.Д.Гредер [24], З.Бжезинский [25],еңбектеріне сүйене отырып, негізге алады.
Теориялық негізі.
Диссертациялық зерттеу аймақтық қауіпсіздік және мемлекетаралық серіктестік мәселелеріне арналған саяси реализм,неореализм сияқты ғылыми теориялық мектептерді негізге ала отырып жазылды.
Жұмыстың дерек көздері.
Тақырыпты зерттеу барысында орыс, қазақ тілдеріндегі дерек көздерін қолдандым.Бұл пайдаланылған деректерді үш топқа бөліп қарастырдым.
Деректердің біріші тобына: Аймақтық қауіпсіздік мәселесіне арналған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбегі жатады [26].Екінші топқа: Қазақстан Республикасының Конститутциясы, және Қазқстан республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Халықаралық заңдылық актілер жатады.
Үшінші топқа: Қауіпсіздік саласына байланысты үкіметаралық келісімдер, келіссөздер, дипломатиялық жинақтар және вестниктер, Орталық Азия республикасының шетелдер министрлерінің материалдары жатады.
Аталған деректер магистрлік диссертация жұмысын зерттеуде көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Алғаш рет қазақстандық саяаси ғылымда теориялық материалды зерттеуде магистрант Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тәуелсіз мемлекеттердің серіктестігіне комплексті талдау жасады.
Зерттеу жүргізу барысында мынандай жаңа қорытындыларға қол жеткізді:
-Қауіпсіздік мәселесіне теориялық-әдістемелік талдау жүргізген.
-Мемлекетаралық аймақтық серіктесік түсінігін ашып көрсетіп, авторлық талдау жасаған.
-Орталық Азия мемлекеттерінің өзара сауда-экономикалық байланыстарының спецификасымен сипатын ашып көрсеткен.Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің су және энергетика ресурстарын қалыптастыруға талдау жасаған.
-Орталық Азиядағы әскери-саяси қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі АӨСШК,ШЫҰ,ҰҚКсияқты ұйымдардың қызметіне сипаттама берілген.Және де шекара, ұлтаралық мәселелер ,діни-саяси экстремизм, халықаралық терроризм, есірткі бизнесі сияқты даулы мәселелерге Орталық Азия мемлекеттерінің бірлесіп күресуі нақтылы көрсаетілген.
-Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кемшіліктер мен қарама-қайшылық тенденцияларымен спецификасы көрсетілген.
Орталық Азия елдерінің саяси өзара іс-қимылы және экономикалық байланысы олардың аймақтық экономикалық интеграцияға жіті көңіл бөлуіне байланысты.Осы жаңа үрдісті ескере отырып, Президент Н.Ә.Назарбаев Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарлама құру туралы бастама көтерген болатын,ол екі басты мақсатты көздеді: аймақ мемлекеттерінің арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту және Орталық Азия елдерінің Еуропамен сондай-ақ Азиямен серіктестігін дамыту. Орталық Азия елдерінің тиісті шарттарымен келісімдерінің орындалуына талдау жасау олардың саяси, сауда-экономикалық, әскери-саяси мәселелердің кең ауқымы бойынша серіктестікті дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Қазақстанның ұстанымы өзара тиімді байланыстарды және әртарапты серіктестікті тереңдету жөніндегі қарқынды жұмысты жалғастыру қажеттігіне көңіл бөлуінен көрінеді.
Түптеп келгенде бұрынғы біртұтас одақтың бөлшегі, оның саяси, экономикалық, әскери және әлеуметтік -мәдени тұтастығы аясында өмір сүріп келген Орталық Азия аймағы КСРО тарағаннан кейін өте күрделі жағдайда қалған болатын.
Жұмыстың мақұлдануы. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның орны Материалы Международной научно-практической конференции Политологические проблемы МО и глобального развития в рамках шестых Мустафинских политологических чтений.
Жүмыстың құрылымы . Магистрлік диссертация кіріспеден , үш тараудан , қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

І ТАРАУ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1.ҚАУІПСІЗДІКЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰҒЫМЫ САЯСАТТАНУДЫҢ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Саясаттанумен халықаралық қатынастардың теориясын байланыстырушы элемент бола отырып қауіпсіздік және ынтымақтастық ұғымдары халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейлердегі саяси процесстерді зерттеуде операциялық категория болып табылады. Бұл категориялар саяси реализм, идеализм, федерализм, функционализм және тағы басқа теориялар мен парадигмаларды тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде жасалуда қолданылады.
Т.Кун парадигманы ғылыми қауымдастықтың мүшелерін біріктіретін ережелер мен тұжырымдамалардың жиынтығы ретінде анықтайды және соған сәйкес бұл ғылыми қауымдастық осмы парадигманы мойындайтын адамдардан тұрады. [27]
Халықаралық қатынастардың мәселелерін зерттеуде қауіпсіздік ұғымы ынтымақтастық ұғымымен тоғысады. Ал оларды әлемдік деңгейде зерттеу бұл ұғымдардың жалпы сипатын көрсетеді. Бұл ауқымда олар тек саясаттануда ғана емес, сонымен қатар пәнаралық категрия ретінде көрінеді.
Ең алғаш рет қауіпсіздік ұғымы саяси реализм мектебінің талқылауында да саясаттану категориясының белгілерін иелене бастады. Саяси реализм және басқа саясаттану мектептерінің жақтаушылары қауіпсіздік жеке мектептің немесе мемлекет тобының мүдделерін қорғау жүйесі ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда қауіпсіздік және ынтымақтастық ұғымдары түйіспейді, жеке мемлекеттің немесе мемлекеттер тобының саясатының негізгі болып жеке көрінеді. Бірақта бұл саяси реализм, неореализм, структурализм және басқа саясаттану мектебінің өкілдері қауіпсіздік және ынтымақтастық ұғымдарын өзара тоғысқан жағдайда мүлдем қарастырылмады деуге негіз бермейді. Олардың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа көзқарастары либералдық-идеалистік бағыттың өкілдерінің парадигмасынан өзгеше болды.
Саяси реализм мектебінің өкілдері ұлттық мүдделерді қорғау жүйесі ретінде ұлттық қауіпсіздік концепциясының негізін салғанын атай кеткен орынды. Ресей зерттеушілері мүдделерді қорғау қауіпсіздік ұғымының автоматты пайда болуын білдірмейді деп есептейді.
АҚШ зерттеушісі Г.Смиттің пікірі бойынша ұлттық мүдде ұғымы тарихи келешектері қоғам мен биліктің байланысының дамуындағы барлық ұлттардың мүдделері бейнеленген династияның мүддесіне бастап мемлекеттік пайымдауға дейін өркендеді.
Танымал Американ саясаттанушысы Г.Моргентау мемлекеттердің бәсекелестік тәртібі мен бұлардың бұл күресте өздерінің мүддесін қорғауға ұмтылысының алғашқы себептерін іздеуге тырысты. Соған сәйкес ол әр мемлекеттің сыртқы саясаты әскери стратегия мен дипломатияның көмегімен, ұлттық мүдденің негізінде құрылады. Осылайша оларға қауіп төндіретін басқа мемлекеттерге қарсы тұруға бағытталады деп есептеледі. Бұл ұлттық мүдделер адамның өзі, оның тілі, мәдениеті сияқты тұрақты сондықтан деді Г.Моргентау ұлттық қауіпсіздік концепциясы ешқашан өзгермейді.[28]
Ең бірінші рет ұлттық қауіпсіздік ұғымын АҚШ президенті Т.Рузбельт 1904 жылы атады.
Ұлттық қауіпсіздік концепциясын алғашқылардың бірі болып Американ зерттеушісі У.Липпман жасады. Ол: Ұлт соғыстан қашу үшін өзінің заңды мүдделерін құрбан етпеген кезде өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және бұл мүдделерге қауіп төнген кезде оларды соғыстың көмегімен қорғауға дайын -деді.
Саяси реализм мектебінің құрметті өкілі А.Уолферс қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұғымының сәйкестілігінің қарастыра отырып былай деп көрсетеді: Қауіпсіздік мемлекет аз немесе көп мөлшерде иеленетін құндылық. Ол күш және байлықпен көп жағдайда ортақ. Күш пен байлық халыаралық істердегі екі басқа маңызды құндылық.
Қауіпсіздік пен ынтымақтастық категорияларының байланысын негіздей отырып А.Уолферс мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлерінің екі бағытын табуға болады деп есептеді- ішке және сыртқа бағытталған ынтымақтастық. Оның көзқарасынша ішке бағытталған ынтымақтастық белгілі бір әлеуметтік топтың ішіндегі қатынастарды жақсартуға мемлекеттің ұмтылысын білдіреді. Мемлекетке жалпы сыртқы қауіпке қарсы тұру үшін сыртқа бағытталған ынтымақтастық арқылы білдіреді.
Ынтымақтастықтың екі түрінен басқа А.Уолфрес тағы бір өзара қарым-қатынас минимумы жағдайы ретінде бейнеленген түрді көрсетеді. Ынтымақтастықтың бұл түрін түсіндіре келіп, зерттеуші бұндай жағдайда оқшаулану саясатын жүргізетін мемлекет түседі деп есептейді,
Неореализмнің негізін салушы Кеннент Уолц қауіпсіздікті, тұлғаның қауіпсіздігі, мемлекеттің қауіпсіздігі және әлемнің қауіпсіздігі деп бөледі. Уолц мемлекеттің барлық әрекеттері қауіпсіздікке жетуге бағытталған, сондықтан осының маңында олардың сыртқы саясаты күштердің ара салмағына бағатталып құрылады деп санады.
Ұлттық мүдде концепциясы базасында өздерінің теорияларын Француз реалистері де жасады. Бұл бағыттың алғашқы Француз теоретиктерінің бірі танымал ғалым Р.Арон болды. Ол Ұлттар арасындағы бейбітшілік пен соғыс кітабында ұлттық мүдде концепциясына жаңа көзқарас білдірді. Арон бойынша қауіпсіздік ұғымы мемлекеттің өмір сүруінің негізі, саяси процесс категориясы болып табылады. Зерттеуші мемлекеттік мақсаттардың үш тобын бөліп көрсетеді: қауіпсіздік, күш, даңқ.
Аронның халықаралық қатынастарының теориясындағы кейбір ережелердің келесі Француз зерттеушісі Ж.Б.Дюрозель дамытты. Ол байлыққа жету мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі деп есептеді. Ол мемлекеттің басты мақсаты-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты және абсолютты ретінде сипаттайды.
Реализм бағыттарының бірі структурализмнің өкілі Б.Бузан қауіпсіздік ұғымы басқа ұғым, ұлттық қауіпсіздіктің мағынасын түсіндіру қабілетті өлшем болу үшін толық талқыланбаған деп есептейді. Жалпы алғанда зерттеуші қауіпсіздік категориясын жалпы ұғым ретінде, ал оның құраушы бөліктернің (ұлттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік және тағы басқалар) – белгілі бір шындықтың атрибуттары ретінде қарастырады.
Қауіпсіздікті мәні бойынша Б.Бузан пәнаралық категория ретінде қарастырды.
Х.Минлер мемлекеттер арсындағы ынтымақтастықтың алты себебін көрсетті:
1. Мемлекет басқа мемлекеттермен байланысқа қандай да бір мүмкін болатын қауіп пен қатерлерден қашу үшін барады, яғни бұны қауіпсіздік –экономикалық , саяси, әскери және тағы басқалар үшін жасайды.
2. Ынтымақтастықтың қатысушылар минимумы бар және көзқарастарының сәйкестілігінің үлкен мүмкінділігі бар жерде мүмкін.
3. Барынша ұзақ уақыт бірлескен мемлекет, халықаралық қатынастардың жоғарғы деңгейі – ынтымақтастыққа қол жеткізуге көп мүмкіндіктері бар.
4. Мемлекетаралық сипаттағы әртүрлі мәселерді шешу үшін халықаралық режимдер жасаушы мемлекеттер біртіндеп ынтымақтастыққа тартылады.
5. Мемлекетаралық бірлестіктерді зерттеуші арнайы институттардың болуы ынтымақтастықты халықаралық қатынастардың тамаша нұсқасы ретінде эксперттердің кеңес беруіне әкеледі.
6. Белгілі бір аймақтық геосаяси орталығы болып табылатын мемлекет басқа мемлекеттерден қандайда да бір мәселелер бірігіп шешу процесіне тарта бастайды, яғни ынтымақтастыққа.
“Интеграция ” терминін алғаш рет ХХ ғасырдың 30шы жылдары бірқатар неміс және швед ғалымдары қолданысқа енгізді. [29] Әлеуметтік өмірде қолданылатын интеграция ұғымы барынша кең мағынадағы анықтама және саяси, мәдени, экономикалық және басқа салалардағы процестер мен құбылыстардың бір тобын қамтиды. Интеграция топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық деп бөлінеді. Одан басқа интеграция әскери-саяси ,ғылыми-техникалық, технологиялық болады, яғни қазіргі социумның қызметінің әртүрлі жақтарын қамтиды.
Интеграция В.Белокреницкийдің түсінігі бойынша ,– бұл аймақтық саяси және (немесе) ұлттық -мемлекеттік жүйенің сақталуы мен нығаю процесі.[30]
Интеграциялық процестердің саяси негіздерін зерттеу көбінесе әртүрлі елдердегі болып жатқан ішкі және сыртқы саяси процестермен байланысты. Бізді қызықтыратын мәселе мемлекетаралық интеграциямен байланысты және халықаралық қатынастардың шеңберіне кіреді. Саяси мәселелермен байланысты проблемалардың ерекшелігін көрсету үшін елдер арасындағы интеграциялық процестерді зерттеушілер ” саяси интеграция“ ұғымын бөліп көрсетеді.
“Саяси интеграцияға” толық анықтаманы американ саясаттанушысы Э.Хаас берді. Бұл терминде ол қызмет бөлігіне өкілдік етуі барысында белгілі заңдық күші бар жаңа орталықтың жағына бағытталуға немесе оны өмір сүріп жатқан мемлекеттерге қатысты таратуға , саяси өмірдің бірнеше ұлттық жүйесінің мүшелері ұмтылатын процесті түсінді.
Саяси интеграция мәселесі бойынша әдебиеттің көп болғанына қарамастан , мамандар бұл көп қырлы процестің әртүрлі жақтарын қамтитын тұтас біріккен теорияның жоқ екенін атап өтеді. Шынында да, зерттеушілер арасында , саяси интеграцияның әртүрлі теориясының негізін қалаушылардан бастап бүгінгі күнгі ғалымдар арасында да “ саяси интеграция” ұғымының қандай да бір ортақ түсінігі қалыптасқан жоқ. Барановский айтқандай , іс жүзінде әртүрлі зерттеушілер де “саяси интеграция” түсінігімен қамтылған біркелкі емес және кейбір интуициялық суреттелген мәселелер тобын жасады.
Сонда да, Барановский интеграцияны жекелеген әр түрлі бөліктердің біртұтасқа байланысты жағдайы , сондай- ақ мұндай жағдайға әкелетін процесс деп түсінді.[31] Бұл анықтама мәні бойынша бүгінгі күнде танымал жүйелілік әдісті білдіреді.
Мысалы, құрылымдық функционализмнің негізін салушы Т.Парсонс ұсынған интеграция ұғымы негізгі екі компонентті құрайды.
Біріншіден, интеграцияның элементтерінің өзара ішкі сәйкестілігі.
Екіншіден, интеграциялық жүйе сыртқы қоршаған ортадан ерекшеленетін өзгеше жағдайларды сақтау мен қолдау.
Сол уақыта американ саясаттанушысы М.Капланның түсіндіруі ең қысқа, бірақ та біздің пікірімізше , нақты емес. Капланның көзқарасынша , интеграция - екі немесе бірнеше бөліктердің біртұтас жүйеге бірігуі немесе бір жүйенің екіншісін жұтып қоюы.
Белгілідей , халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграция, ең алдымен, жүйелілік сипатындағы қандай да бір тұтастықтың құрылуын түсіндіруі керек.Қазіргі уақытта бұл біртұтастықтың негізгі құраушы элементі халықаралық қатынастардың өту сипатын ескере отырып, мемлекет бола алады.Зерттеушілер бұл жерде халықаралық қатынастар мен мемлекетаралық интеграция жүйесі туралы бірдей тең ауқымдағы деп жалған түсінік пайда болуы мүмкіндігін ескертеді. Бұл түсініктер арасында белгілі бір айырмашылықтар бар екені сөзсіз. “ Тұтастық”пен “жүйелілік” ұғымдарының семантикалық жақындығы болғанына қарамастан , біріншісі екіншісіне қарағанда анықтама. Тұтастық осылайша, халықаралық қатынастар жүйесіндегі байланыстардың тұрақтылығының шекті қол жеткізілетін деңгейі мен белгілі бір бекітілуін көрсетеді. Барановскийдің пікірімен келісуге болады,
“кейбір мемлекеттердің халықаралық қатынастардың сол немесе басқа құрылымына қатысты барлық жағдайларда бірдей бір уақытта олардың интеграциясын дәлелдейді.Бұл жағдайда интеграция әрқашанда жүйе , ал жүйе әрқашанда интеграция емес деп айтуға болады. Құрылымдылық, иерархиялық, элементтердің автономдығы – бұлардың барлығы мақсатты маңызды параметрлер интеграция мен интеграция еместің арасында өлшем жүргізгенде маңызды емес.”
Барановский мұнымен байланысты интеграцияның үш белгісін бөлуді ұсынды. Біріншіге, кейбір мемлекеттер арасында бар байланыстар мен қатынастардың жекеленуі мен бұл мемлекеттерде бар бір тәртіпті байланыстар мен қатынастардың барлық жиынтығы жатады. Екінші белгіге, интеграциялық процестердегі іске асырылатын басқару , яғни интеграциялық комплекстегі мақсатты әрекеттер мен реттеу жатады, бұл ағымдар оқиғаның бытыраңқы дамуынан ажыратады. Үшінші белгіге , ресейлік зерттеуші біздің көзқарасымызша, барынша маңызды белгіні – интеграция комплекстегі тұтас және жеке құрылымдық элементтердің ара қатынасын жатқызады. Шынында да, сол және басқа мәселеде өзара байланыстылық пен бірін- бірі қамтамасыз ету қысқа мерзімді немесе елеусіз сипатта болса , онда интеграция да функциональды емес болады. Интеграция тек құрылымдық элементтерге(мемлекеттерге) жаңа шақырылуларға (өзгерген жағдайларға) жауап беру үшін бірін-бірі толықтыратын және үйлесімді стратегия жүргізу қажеттілігі туған кезде ғана жүзеге асырылады(орындалады).Бұл деңгейде негізгі даму үшін мемлекеттер арасында барынша тығыз, реттелетін, басқарылатын және бағытталған байланыстар , яғни интеграциялық топты құру қажеттілігі туған кезде ғана мүмкін.
Интеграциялық процестер – коммуникацияның дамуы негізінде әлемдік нарықтың жаһандануының нәтижесі.
Интеграциялық процестер әлемдік жүйенің әртүрлі элементтерінің (мемлекеттердің) бірін-бірі толықтыруымен және өзара тәуелділігінің өсуін дәлелдеп планетаның барлық бөліктерінде бір универсалды тәсіл ойлап табылған жоқ. Мұндай белгілі бір дәрежеде әлемнің саяси-экономикалық құрылымының ала-құлалығын ескергенде барынша қалыпты жағдай.
Интеграциялық процестер өркениеттің дамуының қазіргі негізгі заңдылықтарының бірі болып табылады.
Интеграция – уақыттың өлшемі. Қазіргі заманда әртүрлі ынтымақтастық пен интеграциялар қалыптасты, олар: пән бойынша интеграция ; географиялық принцип бойынша интеграция ; “кеңінен” интеграция ; “терең” интеграция.
Осымен байланысты американдық ғалым Б.Белаши интеграцияның екі түрлі талдауын енгізді: процесс және жағдай ретінде. Ол енгізген экономикалық салаға қолданылатын интеграцияны топтау сатысы соңынан барынша кең таралды.
Ең алдымен Б.Белаши “ ынтымақтастық пен интеграцияны ” ажыратуды ұсынды. Біздің көзқарасымызша , ол “интеграция” түсінігінің өзін анықтауда маңызды ескерту жасады. Егер ынтымақтасу процесі әртүрлі дискриминацияны қысқартуға бағытталған әрекеттерді жүргізуді шамаласа, ал интеграция процесі интеграция дискриминациясының жойылуын ұйғарды.
Белаши бойынша интеграцияның 5 түрі бар:
1 еркін сауда аймағы – мүше-мемлекеттер арасында сандық шектеулер мен тарифтер алынып тасталған жерде.
2 кедендік одақ – үшінші елдермен саудада ортақ тариф енгізілген жерде .
3 ортақ нарық – шектеулер тек саудада ғана емес, өндірістің факторларын (капитал мен жұмыс күші) қозғауға шектеу жойылған жерде.
4 экономикалық одақ – өндірістің факторлары мен тауарлардың қозғалыс еркіндігі бұл саясатты сәйкессіздігімен қамтамасыз етілген дискриминацияны жою үшін ұлттық саясатттың белгілі бір келісімімен толықтырылатын жерде.
5 толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясат толық үйлестірілген және наднационалдық саясат органдары құрылған , яғни саяси одақ.[32]
Ұлттық тәуелсіздіктің орталық сфералары – сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік – наднационалдық органдардың қарауына беріледі. Мұндай шектеу егер де оның маңызды элементпен толықтырылуы болмаса саяси интеграцияны сараптауға қолданылмас еді. Белаши бойынша, интеграцияны халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың басқа түрлерінен саяси-құқықтық механизмдерінің белгілі рөлі ерекшелендіреді. Бірақта Белаши ол “неолибералды”(нарықтық) көқарас пен “дирижистік”
арасында бейтарап ұстанымдарды ұстай отырып, бұл тұжырымды одан әрі дамыта алмады .
Бүгінгі күнге дейін екінші деңгейдегі сипатқа ие мәселелердің көбісі федералдық принцип бойынша шешіледі,ол Европа Одағының мемлекеттерінің терең әлеуметтік және саяси интеграциясының нәтижесі болды.
Батыс Европалық және латынамерикандық интеграция практикасы интеграцияның өзінің жолы сияқты , оның соңғы мақсаттарының да маңызды айырмашылықтары болатынын көрсетті. Осымен байланысты, Хасс интеграцияның соңғы өкілінің үш нұсқасын ұсынды: аймақтық мемлекет, аймақтық қауым және ассиметралді аймақтық бөлік.
Аймақтық мемлекет үшін (бірінші үлгі) биліктің орталықтануы мен иерархиялық тіктік тән, яғни мәні бойынша унитарлық мемлекеттің үлгісін жаңарту. Екінші модель үшін негізгі саяси ресурстық ( биліктің) бөлінуінің дистерностығы тән.
Жаһандану процесін қарқындату мен өмір сүруші ұлттық экономикалық және саяси жүйелерін соғыстан кейінгі жылдарда интернационализациялау халықаралық қатынастардағы пайда болған құбылыстарды концептуальды түсінудің қажеттілігін туғызды. Саясаткерлер мен ғалымдардың санасында пайда болған интеграция идеялары теоретикалық дайындығы мен ғылыми болжамын тапты.
Ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық потенциалын бағалай отырып , оны құраушы негізгі бірнеше элементтерді көрсетуге болады: тұрақты құқылық , институциональдық база , яғни қалыптасқан нарықтық институттар, экономикалық даму деңгейі , ресурстық потенциал ( еңбек, энергетикалық ресурстар).

1.2. АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
Аймақтық қауіпсіздік және ынтымақтастыққа негізгі ағымдарды сараптау аймақ , аймақтану , аймақтандыру ұғымдарын зерттеуді көрсетеді.
Аймақ ұғымына зертеудің әртүрлі әдістері бар. Ресей ғалымы Ю.Г.Волков былай деді: аймақ сөзінде тар (саяси –құқықтық) мағынада әкімшілік-территориялық құрылымдар түсініледі. Кең мағынасында –әкімшілік мәжбүрлеуден бос территориялық құрылымдар түсініледі. Бұл мағынада аймақ ұғымы табиғи-климаттық зонаны, географиялық территорияны, мемлекетаралық территорияны, экономикалық немесе шаруашылық-экономикалық ауданды ,тарихи-мәдени ареальды және тағы басқаны білдіреді. Сондай-ақ аймақ деп тұтас континенттер мен мемлекеттер тобының , сондай-ақ федеративті мемлекет шеңберіндегі көршілес оның субъектілерінің территориясын түсінеді. Ғалымның пікірі бойынша , саясаттануда аймақ мемлекеттер тобының интеграциялануы ретінде түсіндіріледі ,оған қоса географиялық интеграцияланушы фактор болуы керек, мысалы , теңізге шығар ортақ жол немесе табиғи транспорттық коммуникациялардың жүйесі.
В.Г.Эминнің көзқарасы бойынша, географиялық және саяси аймақтар әрқашанда сәйкес келмейді , географиялық аймаққа мысал ретінде ол Атлант мұхитынан Оралға дейінгі территорияны алып жатқан Европаны біріктіреді. Саяси мағынада бұл аймақ сондай-ақ АҚШ пен Канаданы да қамтиды, ол Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың қорытынды актісі Хельсинк құжаттарында бекітілді.
Жалпы алғанда, біздің көзқарасымызша, барлық келтірілген анықтамаларда аймақтың қауіпсіздік жүйесінің негізі бар , бірақ та аймақтық қауіпсіздікті анықтау жүйесінің негізі бар ,бірақ та аймақтық қауіпсіздікті анықтау үшін регионализм факторын түсіну мен тұжырымдау керек.
Ю.Г.Волков өз кітабында Регионовидение микродеңгейдегі және макродеңгейдегі аймақтандыру бар деп көрсетеді. Микродеңгейде оның процестері ұлттық мемлекеттер ішінде жүреді.Бұл жағдайда аймақтандыру
экономикалық немесе саяси тәртіптердің күшеюімен байланысты. Макродеңгейде аймақтандыру қандай да бір аймақ шеңберінде мемлекеттер тобы арасындағы ынтымақтастықты дамыту процесінде жүреді.В.Г.Этин регионализмді анықтауда негізгі үш проблеманы көрсетеді:
1. халықаралық-құқықтық қатынастар шеңберінде регионализм аймақ аясында әрекет ететін, және бұл аймақтың мемлекеттерінің ынтымақтастығы мен бірлестігінің түрлерін анықтайтын принциптер мен нормалардың жүйесі ретінде түсініледі.
2. Регионализм БҰҰ –ның Жарғысының ережелері , қауіпсіздіктің аймақтық жүйесінің нормалары мен принциптерінің негізінде жүзеге асырылатын, белгілі бір аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттердің әрекеті ретінде түсініледі.
3. Регионализм – бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісінде – БҰҰ-ның универсалды жүйесімен және өзара байланысты болатын аймақтық жүйелердің жиынтығы.
Аймақ , аймақтандыру регионализм ұғымдарын анықтаудың қиындығы халықаралық құқықтық мақсаттары мен нормаларын әр түрлі талқылауға алып келуі мүмкін. Бұл қауіптерді кейбір зерттеушілердің ұжымдық және аймақтық қауіпсіздік жүйесі арасындағы байланыс жүргізуге тырысқан әрекетімен бекітіле түседі. Мысалы, Г.М. Сергеев, Л.И.Шерликев аймақтың қауіпсіздігін тек осы аймақтық елдерінің күші қамтамасыз ете алмайды , сондықтан әлемдік қауымдастықтың әрекеті керек деп есептейді.
Аймақтық қауіпсіздікті зерттеудің концептуальды тәсілдері шамамен ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Ол кезде аймақтық қауіпсіздіктің бірінші концепциялары пайда бола бастады. Концепциялар комплексті болған жоқ, белгілі бір аймақтың мәселелерін қамтыды.
Ең бірінші Кедендік Одақ концепциясы болды, мүдделер балансы жүйесінен аймақтың қауіпсіздік жүйесіне өтпелі түр болды.
Кедендік Одақ концепциясы 1957 жылы құрылған Европалық экономикалық қауымдастық теориялық концепциясы болды. Бұл кезеңде Европада үстемдік өткен қауымдастыққа кіруші елдердің интеграциясын таза нарықтық түсіндіру мемлекетке , түнгі күзетші ретінде әдісіне толық сай келеді. Бұл әдіс ішкі аймақтық қатынастар саласына ауысты және саяси факторлардан толық абстрактылауға немесе оларды толық елеуге әкеледі.[33]

1.3. АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелерін зерттеудің әдіснамасы ең алдымен танымның жалпы ғылыми дістерімен бақылау ,сипаттау анализ, синтез диалектикалық және синергетикалық әдістерге негізделеді.
Әдіс объектив пен субъективтің бірлігі болып табылады.
Аймақтық қауіпсіздіктің мәселелерін алғашқы зерттеушілер өз зерттеулерінде зерттеудің объектісін түйсік арқылы көрумен бастады. Бұндай әдіс біздің көзқарасымызша, кедендік одақ теоретиктерінің зерттеулік бағытын анықтады. Олардың кейбірі бұл әдісті жалпы философияық-диаоектикалықпен қосты.
Мысалы, Б.Белаши интеграцияны процесс және жағдай деп бөлді. Сол уақытта оның интеграцияның бес сатылы дамуын зерттеулерінде себепті байланыстарды зерттеу әдісі және қалдық әдістері қолданылды. Интеграцияның барлық даму кезеңдерін ол қалдық әдісі арқылы зерттеді.
Саяси реализм мектебінің өкілдері ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздіктің концептуалды негіздерін зерттеулерінде анархиялық әлемдегі суверенді мемлекеттердің бірлесуінен халықаралық қатынастардың логикасы анықтады деген позицияны ұстанады. Жеке алғанда бұл Б.Бузан, А.Ставенхеген, А.Бттлер, У.Касенов және еңбектерінде көрінді.
Күштердің ара қатынасын біздің көзқарасымызша қандай да бір облыста элементердің бір-бірімен тәуелділігі ретінде қарастыруға болады, бұл жерде олардың бір элементтің өзгерту жағдайын өзгертуге ықпалы мен әрекеті көрінеді. Бұл құбылыстарды зерттеудің жүйелілік тәсілі, нақты айтқанда оның модификациясы - құрылымдық-функционалдық анализ Американ эксперті Каплан күштердің балансын тегіннен-тегін жүйе ретінде қарастырған жоқ, соған ол бұл жүйеде бес рет державадан кем болмау керек, әйтпесе жүйе басқа – биполярлы жүйеге ауысады деді.
Неореалистер қазіргі әлемнің құрылымын негізге ала отырып, халықаралық жүйе ретінде қарастырады. Аймақтық қауіпсіздікті зерттеудің функционалды және федералды әдістерді құрылымдық функционалдық анализді негізгі алады. Бірақ одан ерекшелігі функционалистер құрылым формасын мән облысы, ал оны құраушы элементтерді анықтама облысы ретінде қарастырды. Функционалистік пен федералдық әдістің арасындағы ерекшеліктерді келесі сөздермен мазмұндауға болады: Форма функциямен, функция формамен анықталады. Осылайша форма оларда функция болып табылады, ал федералистерде керісінше құрылымның элементтер облысы функция мән облысы. [34]
Ресей зерттеушісі Ярочкин аймақтық қауіпсіздік жүйелік категорияға жатады деп санайды.
Алдыңғы бөлімде қолданылған аймақтық қауіпсіздік концепциясын зерттеушілердің көбісі жүйелілік әдісті пайдаланды, аймақтық қауіпсіздікті комплексті жүйе ретінде елестетуге ұмтылды. Аймақтық қауіпсіздікті жүйелі әдіс тұрғысынан Г.Кельзен, Б.Бузан, А.Ставенхаген, А.Беттлер, У.Касенов, В.Ярочкин және тағы басқалар зерттеді.
Аймақтық қауіпсіздік жүйесінің қызметі ретінде біздің көзқарасымызша оның қоршаған ортаға әсерін жауабымен анықтауға болады.
Либералды-идаелистік ағымның өкілдері аймақтық қауіпсіздік мәселелерін зерттеуде аксиоматикалық әдістерді қолданды. Аксиоматикалық әдіс барлық теорияның, сондай-ақ жүйенің негізі ретінде жалпы азаматтық құндылықтарды жіберуге негізделеді. Осылайша олардың зерттеулері аксиоматикалық және жүйелі әдістің жиынтығына негізделді.
Аксиоматикалық әдістің маңызды қызметіне қарама-қайшылықсыздығы, тәуелсіздігі және бірқатар жағдайларда бұл әдіс негізінде құрылған аксиом жүйесінің көп болуы жатқызылады.
Аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың мәселелерін талдау үшін біраз көмекті контен-анализ, инвент-анализ, салыстырмалы анализ сияқты санаулы әдістер көрсетеді. Мұндай жағдайда белгілі бір жүйені картинасы қарстырылса жүйелерді әдіс ретінде қарастыру мүмкін сипатты иемденеді. Бұл диалектикалық әдістерге де қатысты, себебі құрылудың, дамудың картинасы бізге оның дамуының одан кейінгі кезеңдері туралы, өзгеоіп жатқан ортаның ықпалын ескермесек толық ақпарат бере алмайды.
Біздің көзқарасымызша аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ынтымақтастық стратегиясын талдауда үлкен көмекті стратегиялық менджмент әдісі көзқарасты SWOT –анализ көрсете алады. Ол арқылы ынтымақтастықтың әлсіз және күшті жақтарын, олардың мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтауға, сондай-ақ тұрақтылық пен аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекетаралық байланыстардың тиімділігін одан ары арттыру мақсатында қызметін жасауға болады.
Жалпы алғанда, саясаттанудағы кез-келген әдістің көмегімен алынған ақпараттың мүмкін болу сипаты, қандай да бір мәселеде бір жақты тұжырымдар жасауға негіз бермейді. Бұл аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелеріне де қатысты, мемлекеттердің белгілі бір аймақтық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға мүдделілігі автоматты түрде ірі державалардың қарсы әрекетіне алып келуге тиіс болып көрінеді. Бұл жағдайда күш балансы саясаты жүзеге асырылуы тиіс, бірақ та келісімділік факті мұндай әрекеттерді жояды.
Осылайша тек аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты ғана емес, жалпы барлық бүкіләлемдік саясаттың сауалдарының әрқайсысы туралы ақпараттың толықтығы аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру мен зерттеудің барынша нақты әдістерін бере алады.[35]
Қазіргі уақытта аймақтық қауіпсіздік жүйелері державаларға және бір-біріне қарсы тұратын блоктар құрып жатыр. Ең соңында бұл күш балансына алып келуі мүмкін.Күштердің арақатынасы бүкіләлем аймақтарына державалардың қысымымен бөлініп, өз кезегінде аймақтық соғыстар мен шиеленістердің тууына алып келуі мүмкін.
Әлемнің экономикалық жүйесін тестілеу тәжірбиесі мысалы, Доу Джонс пен Никкей индекстер сияқты негізгі индекстер қызығушылықты туғызады.
Индекс әдісі сондай-ақ мемлекеттің ішінде болып жатқан саяси процесстерді сараптау үшін қолданылады.
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі факторларды көрсетуге анализ мүмкіндік береді. Мысалы, ВВП көлемі ақпарат көлемі қарулы күштердің көлемі және тағы басқалар.
Бұл индекстердің санына экономикалық, әскери көрсеткіштер сондай-ақ азаматтық даму индекстері кіреді.
Индекстер әлемнің державаларының, халықаралық ұйымдардағы орнын, НПО ғылыми аналитикалық орталықтардың мәдени құрамдарын, этникалық көрсеткіштерді бейнелейді.
Біздің көзқарасымызша қауіпсіздік саласының жүйесін зерттеудің әдісі мен әдістемесі барлық халықаралық жүйелер контексінде қолданылуы қажет.

ІІ.ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ СЫРТҚЫ ФАКТОРЛАРЫ.

2.1 ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ФАКТОРЛАРЫ.

1990 жылдардың басында жағдай өзгерді: бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында азиялық елдердің күш-жігерін біріктіру үшін нақты алғы шарттар пайда болды. Екі державаның ғаламдық текетіресу дәуірі аяқталды. Азиядағы текетірес, бәлкім, елеулі дәрежеде әлсіремеген болар, бірақ аймақтық шиеленісті ушықтыруға жәрдемдескен көптеген факторлар бірте-бірте өзінің күшін жоғалта бастады. Сондықтан Азияда мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тетіктерін жасауға ұмтылыс жанданды. Бағдарлар алмасты. Текетірес экономикалық кооперация, комуникацияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамсыз ету сияқты салалардағы өзара іс-қимылға орын берді. Аймақ ұғымы Шығыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның жаңа экономикалық архитектурасын қалыптастыратын ірге тасқа айналды.
Азиялық елдер дамуының ортақ векторы белгіленді, оны азиялық қоғамдардың либералдық демократия мен нарықтық экономика жағдайына бейімделуі ретінде сипаттауға болады. Осындай бейімделу аймақтағы көптеген мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатының мазмұнын айқындаушы факторға айналды. Олардың жаңа геосаяси жағдайларға бейімделуі аймақтық қауіпсіздік саласында азиялық елдердің ынтымақтастығын бірте-бірте өрістетуге әкелді.
Осы тұрғыдан алғанда 1992 жылғы 30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Президент Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) өткізу туралы ұсынысын Азия құрлығындағы халықаралық қатынастарда болып жатқан сапалы өзгерістердің заңды көрінісі ретінде қарауға болады. Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздандыру мәселелері жөніндегі өзінің барлық практикалық істерінде екі принципті негізге алады. Біріншісі: қазіргі бар геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды қабылдау қажет, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдардың және тетіктерінің құрылысымен бірте-бірте айналысу керек. Екіншісі: аймақтық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, ғаламдық қауіпсіздікті нығайтудың тиімді жолдарын іздестіру сияқты міндетті де ұмытпаған жөн. Стратегиялық тұрақтылық тетегінің өзіне тән ерекшелігі оның көптарапты сипаты, яғни тиісті елдердің келісілген іс-қимылы болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда бұл ынтымақтастық. Өзара іс-қимыл жасамай, өзара түсіністік таппай және ымыраға келуге дайын болмай қауіпсіздік сияқты шетін салада елеулі табысқа қол жеткізу туралы айту мүмкін емес.[34]
Беделді мамандардың пікірі бойынша бүгінгі күні аймақ елдерінің алдында міндеттердің тұтас кешені тұр. Олардың ішінде неғұрлым басымдық берілетіндері мыналар болып табылады:
аумақтық дауларды шешу;
қарусыздану және қару - жараққа бақылау жасау саласында нақты прогреске қол жеткізу;
есірткілердің және әдеттегі қару- жарақтың заңсыз айналымына, терроризмге және халықаралық қылмысқа қарсы күрестегі шараларды келісу;
экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу;
Азиялық елдердегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету.
Реттелмеген аумақтық мәселелер проблемасы аймақтың көптеген елдерінің өзара қарым-қатынасындағы негізгі талас болып табылады. Құрылықта аумақтық талаптар қою нәтижесінде туындаған ыстық нүктелер толып жатыр. Азиядағы өзара сенімсіздік әлеуеті еуропалық құрлықпен салыстырғанда әлдеқайда көп.
(Шаңхай бестігіне) қатысушыларға тән оң сипаттағы іс-қимыл жаңа деңгейдегі қарым-қатынастаодың символына айналды, бестігіне айналды, бестікке қатысушылар аумақтық мәселелерді шешу туралы уақдаластыққа қол жеткізілді және шекара аудандарындағы сенім білдіру шараларын келісіп, қауіпсіздік саласында алға қарай үлкен қадам жасады.
1996 жылғы сәуірде және 1997 жылы тиісінше Шанхай мен Мәскеуде шекара ауданында сенім білдіру шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы келісімдерге қол қойылды.
Азиялық елдердің басым көпшілігі әлі күнге дейін қарусыздану және қару-жараққа бақылау жасау саласындағы негізгі халақаралық келісімдерге қосылған жоқ. Ең алдымен ядролық қаруды таратпау туралы шарт ( ДНЯО), ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тиым салу туралы шарт (ДВЗЯН), химиялық қаруға тиым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері
Экономикалық қауіпсіздік
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара экономикалық жүйесінің қалыптасу негіздерін анықтау
Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі
Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәртіптері
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Қазақстанның саясаты
Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең
ЕО тәжірибесінің негізінде ішкі қауіпсіздік мәселелерінің методологиялық аспектілері
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
Пәндер