Ислам банкінің Қазақстан Республикасындағы алатын орны мен құқықтық жағдайын анықтау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі және мәселенің зерттеу дәрежесі. Дипломдық жұмыстың өзектілігі қазіргі кезде Қазақстан Республикасының және жалпы әлемнің нарығына исламдық қаржы институттарының енуімен, олардың мемлекетіміздің заңнамалық аясында көрінісімен байланысты. Қазақстанның экономикалық бағытына исламдық қаржылық жүйені бейімдеуде мемлекеттік органдардың, коммерциялық банктердің және өзге де қаржылық ұйымдардың қызуғышылығы байқалады. 2009 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Исламдық банктер және исламдық қаржыландыру ұйымдарының қызметі мен оларды ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қабылданған заңы, және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен қабылданған өзге де қаулылар соған дәлел ретінде зерттеу жұмысында терең қарастырылып кеткен. Әлемнің қаржы нарығында болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты, бұл қаржылық институттарды енгізу Қазақстан үшін маңызды, әрі өзекті мәселе болып тұр, сонымен қатар, Қазақстан экономикасының қаржылық нысанына жағымды, әрі тұрақты балама болуы мүмкін. Соған байланысты Қазақстанда исламдық қаржы жүйесінің қарқынды дамуы мен қалыптасу барысында шариаттың барлық нормаларына сәйкес болу мәселелері қарастырылған. Қазақстан үлкен экономикалық жетістіктерге келіп, халықаралық мамандардың ойынша, мемлекеттің элеуметтік-экономикалық жағдайы ТМД елдерімен салыстырғанда, алдыңғы қатарда тұр. Осылайша, Қазақстан әлемдік қаржы жүйесімен қатар исламдық қаржы принциптерге бейімделуде. Біздің мемлекет үшін исламдық қаржыландыру институттарын енгізу, жаңа мүмкіндіктер мен қаржы қайнар көздерін тарту болуда.
Исламдық экономикалық модельдің қаржылық институттары, концептуалды жағынан бірдей ережелерге негізделеді. Жалпы исламдық экономикалық теориялық негізі жеке тұлғаның мүдделерінен бастап, мемлекеттік мәселелерге дейін барлық шаруашылық аяларды қамтиды. Негізгі мәні пайыздар мен белгісіздік сипаттамасы бар мәмілелерден арылуда және пайыздық бөлісу мен үлестік қатысуға негізделуде жатыр. Исламдық қаржылық институттар Ислам экономикасының бір бөлігі ретінде мұсылман құқықтанушыларының, дінтанушыларының қоғам шаруашылығы және өмірінің принциптері мен ұйымдастырылу механизміне көзқарастарының жүйесі болып табылады. Бұл экономикалық модель мен қаржылық институттарға арналған еңбектер мен әдебиеттерді қарау барысында, ислам экономикасы Исламдық Конференция Ұйымына мүше ұлттық экономикалардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Р. И. Беккин «исламдық шаруашылық жүйенің» үш элементін бөліп шығарған: жеке мұсылмандар мен мұсылман қоғамдастықтары (шариатпен тыйым салынған дәстүрлі қызметтен бас тартып, ислам типтес инструменттерге жүгіну) ; исламдық емес аяда исламдық институттың болуы (дәстүрлі қаржылық институттар басым болып келетін мемлекеттерде қызмет ететін қаржылық ұйымдар) ; исламдандыру саясаты бүкіл қоғамды қамтитын мемлекеттер.
Исламдық Конференция ұйымы 1969 жылдың 25 қыркүйегінде Рабат қаласында (Морокко) мұсылман мемлекеттерінің басшылары мен үкімен басшыларымен құралған. 1981 жылы меккалық декларация бойынша, Исламдық Конференция ұйымының негізгі мақсатына исламдық ынтымақтастықты күшейту, исламдық мемлекеттердің арасындағы қатынастарды дамыту, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жатады. Ұйымның құрамында бірнеше жеке ұйымдар қызмет етуде. Олардың бірі Ислам Даму Банкі (ИДБ) . ИДБ 1975 жылдың 20қазанында өз қызметін бастап, мүше мемлекеттерде қаржыландыру бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы олардың экономикалық, әрі әлеуметтік дамуын күшейтуді мақсат етіп алған [1] .
1970 жылға дейін исламдық экономикалық модел бастапқы кезеңдерден өткендіктен, көп мемлекеттер сенбеушілікпен қарайтын болған. Оған себеп ретінде, мұсылман мемлекеттеріндегі капиталдың тапшылығы болды. «Исламдық қаржылық жүйе» термині 1980 жылдың ортасынан пайда болып, пайыздан арылған қаржылық жүйе ретінде сипатталды. Исламдық әлеуметтік-экономикалық доктринаның бастапқа қайнар көзі болып Құран мен хадис жинақтарыныда көрініс тапқан Мұхаммедтің жүріс-тұрыс ережелері, шарыиттың жалпы нормалары.
1973 жылдың желтоқсанында Джидда қаласында мұсылман мемлекеттерінің қаржы министрлерінің конференциясында исламдық Даму Банкін құру туралы дикларацияға қол қойылды. Қазақстан өзге мемлекеттер сияқты 1995 жылдың қарашасында мүше болды. Кейіннен ИДБ-ң өкілдігі Алматы қаласында ашылған болатын. Қазіргі кезде негізгі мәселе Қазақстанның қаржылық принциптері, салық заңнамасының шариаттың экономикалық заңдылықтарымен үйлесуінде жатыр. Исламдық қаржы жүйесін қазақстанның нарығына енгізу арқылы, біздің экономикамыздың инвестициялануы мен қаржыландырылуына аңа мүмкіндіктер ашамыз.
Исламдық банктер қызметтерінің бастамасы - қоғамда кез-келген пайызға тыйым салынуы, және банкілік операциялардың табыс пен шығыстың бөлінуіне бағытталуы. Зерттеу жұмысында банктің ислам философиясы мен идеологиясына сәйкес болуы үшін қойылатын талаптары айқындалған, оларға:
Капитал аккумуляциясының басты рөлін мемлекеттің орындауы;
Банк капиталын жинақтау кезінде және банкілік операцияларды жүргізу барысында пайыздық әрекеттердің болмауы;
«Зекет» принципінің бекітілуі; және т. б.
Исламдық қаржы институттардың Қазақстан республикасының нарығында бейімделуі мен құқықтық реттелуі, құқықтық аяда алатын орны зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.
Зерттеу жұмысында жасау барысында шетелдік және отандық ғалымдардың әдебиеттеріне негізделдім, атап айтқанда: Беккин Р., Журавлев Ю. А., Манан М. А., Гариб ал-Джамал, Биллах Масум, Сюкияйнен Л. Р., Карадави Й., Сахих ал-Бухари, Крюков В. П., Роуз П. С., Присли Д. Р., Сухби Махмасани, Торнау Н., Тармиджи М., т. б.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып ислам банкінің Қазақстан Республикасындағы алатын орны мен құқықтық жағдайын анықтау.
Осы мақсаттарға жету үшін, мына міндеттерді атқару керек:
- Исламдық қаржы жүйесі мен оның институтарнының табиғатын анықтау;
- Исламдық қаржы жүйесіндегі банк түсінігі мен табиғатын зерттеу;
- Исламдық банктердің Қазақстан республикасындағы алатын орны мен құқықтық жағдайын анықтау.
Зерттеу жұмысының пәніне Исламдық қаржы жүйесі, оның құқықтық аспектілері мен Ислам банкінің Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы, орны жатады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі . Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне отандық, әрі шетелдік ғалым-экономисттерінің, дінтанушыларының мұсылман құқығы, оның қаржылық институттары, банк пен оның рөлін сипаттайтын тұжырымдамалар пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін, мұсылман құқығы мен оның қаржылық институттарын реттейтін заңнамалар, мұсылман құқығы мен оның қаржылық институттарын зерттейтін жергілікті және шетелдік басылымдағы әдебиеттер, мақалалар. Ислам Даму банкі мен өзге ресми сайттардан алынған ақпараттар пайдаланылды.
Зерттеу бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
- Мұсылман қаржы құқығы мен оның институттарының жалпы сипаттамасы мен табиғаты айқындалып, дәстүрлі қаржылық инстиуттардан қалыптасу ерекшеліктері ашып көрсетілді.
- Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесіндегі исламдық банк түсінігінің орны анықталып, исламдық банк жүзеге асыратын қызметке қойылатын талаптар тұжырымдалды.
- Қазақстан Республикасындағы ислам банкінің ұйымдастырылуының, онымен жүзеге асырылатын қызметтің құқықтық жағдайы айқындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы . Дипломдық жұмыстың құрылымы, глоссарийден, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мұсылман банкі құқығының жүйесі, оған жалпы сипаттама және оның қалыптасу ерекшеліктері.
1. 1. Мұсылман банкі құқығының жалпы сипаттамасы мен табиғаты
«Ислам» сөзі араптың «сәләм» сөзімен түбірлес болғанымен, «өзін бір аллаға беру» мағынасын білдіретін етістік нысанынан шыққан. Мұсылман мемлекетінің қазіргі өмірі, 1400 жыл бұрын Пайғамбардың тұсында болған өмірге қарағанда, тарихи- табиғи себептермен өзгеріске ұшырады. Сонымен қатар, исламда ғасырлар бойы танылып келе жатқан қалаушы принциптер бар. Бұл постулаттар өмірдің экономикалық жағын да реттеп отырады. Қалаушы принциптердің ең бастысына усул ад-дин принциптері жатады: құдайдың әділдігіне сену, дінтанудың негізі, т. б. Біздің тақырыбымызға жақын «құқық негіздерін» зерттейтін усул ал-фикх принциптері. Мұсылман құқықтанушылары мен заңгелерінің факих арасында жалпы нормалар бойынша көз қарастары әр түрлі. Сондықтан, исламдық дінтаным белгілі жағдайларға байланысты жаңарып отырады. Мұхаммад Пайғамбардың хадисінде, ұқсас мәселелерге бірнеше көзқарастың болуына тыйым салынбаған.
«Шариат-Құран мен сунналардың негізінде құралған діни және құқықтық нормалардың жиынтығы» атты энциклопедияда, шариат- ислам теологиясынан бөлінбес құқықтық ұйғарымдар деп көрсетілген[2, 48 б. ] . Мұсылман құқығы діни және моралды нормалармен тығыз байланысты. Араб халифаты мен ислам дамуының ертедегі уақытында, мұсылман діні мен құқығы біртұтас институтты құраған. Бірақ кейіннен мұсылман құқығы дінтанудан бөлініп, мұсылман құқықтық мектептерінің қызметтерінде орын тапқан. Мұсылман құқығының негізгі қайнар көзі Құран- Алланың Пайғамбарға ашылып айтылған ойлар тәрізді берілген, қасиетті кітап. «Ашылып айтылған ойлар» Мұхаммедтің сөзінен оның ізбасарларымен жазып алынған. Құран Осман халифінің тұсында бір кітап болып жиналып, өнделіп, 114 бөлімге (сүреге) бөлінді. Сүрелер үштен екі жүз сексен алтыға дейін айяттан тұрады. Жалпы құранда 6225 айят бар. Бастапқы исламда жай адамдар мен рухани тұлғалардың арасында, мұсылмандық қоғамдастық пен мемлекеттік ұйым арасында, дін мен құқық арасында айырмашылық болмады. Жетінші ғасырдың соңында мұсылман құқығының негізгі қайнар көзіне, пайғамбардың өмірлік хадистеріне Сунна қосылды. Себебі Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін мұсылмандардың көптеген шешілмей қалған сұрақтарына Құран да жауап бере алмады. Араб қоғамы дамып, өмір қиындай түскеннен кейін, иджма (танымал дінтанушылар мен құқықтанушылардың ақылдасып шешілген ойы) мен қияс (анология бойынша сот істерін шешу) пайда болды. Мұсылман құқығының негізгі қайнар көзімен бірге әдеп-дәстүрлер мен халифтердің фирмандары, мемлекеттің заңы-канундар қолданыста жүрген.
Араб Халифатының халқы сословиеге бөлінбеген. Діни белгілері бойынша, мұсылмандар мен мұсылман еместер деп бөлінген. Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік толық көлемде, тек мұсылмандарда пайда болған. Яғни өзге дінді ұстанған адамдардың мәртебесі төмен саналып, мұсылмандардың жерінде тұрғаны үшін салық төлеп отырған. Шариат нормалары оларға заңды бұзушылық не мұсылмандармен шартқа отыру кезінде ғана таралады.
Фикх-құқық пен фикх-заңның теориялық бастамаларының қайнар көзі болып: Құран, сунна, иджма, қияс табылады. Мазхабтардың шешімдері ойларынан құралатын иджтихад та құқықтық қайнар көз ретінде бола алады.
Иджтихад постулаты бойынша шариат пен фикхтің негізгі мақсаты:
- Мұсылмандардың дінін сақтан қалу;
- Олардың өмірін қорғау;
- Рухани денсаулығын қадағалау;
- Тұқым жалғасуын қамтамасыз ету;
- Мүлікті қорғау.
Иджтихад ислам құқығына кез-келген жағдайда жол табуға сілтейді. Жеке мүліктік қатынастарды қоса алғанда, исламдық қоғамның кез-келген аясы діни-этикалық постулаттарға бағытталған. Исламдық деп аталатын экономикалық модель, доктриналдық жағынан бірнеше ережелерге негізделеді. Әділдік тек экономикалық деңгей емес, жалпы экономикалық қызметтің негізгі мақсаты. Ол осы қатынастар субьектілері арқылы қамтамасыз етіледі. Фикх-құқық, қоғам субьектілері түсетін коллизияларға тәжірибелік шешім. Бұл қатынастардың барлығы исламда шарт мәміле ретінде қарастырылады. Мұсылман құқықтанушылардың ойынша шарттар, екі түрге бөлінеді: өзара ауыстыруға және қайтарымсыз әрекеттерге байланысты. Жалпы алғанда адамдардың арасында қатынастардың туындайтын кез-келген тараптарға міндеттер жүктеп, құқықтар береді. Ал сол құқықтар мен міндеттердің құрылымы шариатпен белгіленеді. Мысалы, сауда және қаржылық операциялардың тараптары өзара тиімді талаптар орнатқаны мен, бастапқа принциптер, операция механизмі құран мен суннаға негізделеді.
Исламдық экономикалық модел мен оның қаржылық құрылымы меншік мәселесін шешу кезінде «өкілетті», «орынбасар» концепцияларынан бастау алады. Бұл жеке тұлғаның нарықтық құны бар ешбір затқа ие бола алмайтынын, тек уақытша басқарушысы екенін білдіреді. Шариат бойынша, азаматтардың меншігінде бола алатын және жер, су, ауа сияқты азаматтардың меншігінде бола алмайтын заттарға бөлінген. Исламда «Харам» заттар Шариаттың нормаларында көрсетілген. Адамға берілген байлық, молшылық тек қазына ретінде сақталмай, барлық қоғамның қажетіне қарай жұмсалуы тиіс. Мұхаммедтің кезіндегі экономикалық механизм, жиналған байлықтан мұқтаждардың пайдасына зәкат салық жинауға бағытталған. Зәкаттың діни-императивті сипаты, оның бес парыздың біреуіне жататынымен айқындалады. Сонымен қатар салық арқылы әлеуметтік әлемнің тепе-теңдігі сақталып отырған. Екіншіден, исламдық экономикалық моделде «гарар» үлкен орын алады. Араб тілінен аудармасы «қауіп», «алдау», «тәуекелге беру» мағыналарын береді.
Мына көрсеткіштер шартта гарардың бар екенін көрсетеді:
- Шарт жасау кезінде тауардың сатушыда болмауы;
- Тауардың сипаттамасы туралы толық ақпарат бермеу;
- Тауардың нақты нарықтық бағасын белгілеу;
- Шартты талаптар қою.
Жаулап алынған жерлер мемлекеттік меншік болып саналып, Халифтің билігінде болған. Жаулап алынған халық жерге меншігінен айырылып, мұсылмандармен шартқа отыруға тура келген. Жер қорының үлкен бөлігі Халифаттың меншігінде болса, кіші бөлігі Халифтің отбасына берілген. Жеке меншіктегі жерлер арнаы жер қорларына жататын болған.
Құранда шарт міндеттемелерін орындауға үлкен көңіл бөлінген. Негізінен мұсылман құқығы әрекет қабілеттілігі бар адамдардың арасында жасалатын шарттар міндеттемелерін реттеп отырған. Толық әрекетқабілеттілігі жоқ адамдарға кәмелетке толмағандар, құлдар, кемістігі бар адамдар, т. б. жатқан. Әрекетқабілеттілігі шектеулі адамдарға аурулар, т. б. жататын болған. Шарттар жазбаша және ауызша нысанда жасалып, шариаттың нормаларына сай келмеуі оның жарамсыздығына алып келген.
Мұсылман құқығында сату-сатып алу, рента, сыйға тарту, серіктестік, тасымалдау шарттары көзделген. Сату-сатып алу шарты бойынша тауар, ақша үш күнде тараптарға берілуі міндетті. Мерзім мен тауардың сапасындағы кемшіліктері жарамсыздыққа әкеп соғады.
Шариат бұрыннан бері, кепілді міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі ретінде қарастырған. Төлем қабілеттілігі төмен борышкерлері құлдыққа жіберу мүмкін емес болғандықтан, олар қарыздарын еңбегімен өтейтін болған. Сонымен қатар, Араб Халифатында серіктестік шарттары да кең таралған. Олар ортақ сауда, құрылыс, жер өндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жасалған.
Әділеттіліктің бастапқы этапы Мұхаммед пайғамбармен тығыз байланысты. Пайғамбар мұсылман қоғамдастығының мүшелері арасындағы және мұсылман еместердің арасындағы дауларды өзі шешіп отыратын болған. Ол қайтыс болғаннан кейін сот билігін Халифтер жүзеге асырды. Ал оның орынбасарлары дауларды мұсылман құқықтанушыларға тапсырылып, кейіннен бұл тұлғалар кәсіби судьяларға айналды. Араб Халифатында сот билігі мен атқарушы билік бір-бірінен бөлек болмаған. Судьялар өз қызметін дінтанушылар коллегиясымен бірігіп жүзеге асырды.
Мұсылман нормалары бойынша сот отырыстары күрделі емес. Сот жария түрде мешіттерде жүргізілген. Араб Халифатында Прокурор және Адвокат түсініктері болмаған. Сот отырысы жарыссөз ретінде өтіп, екі тараптың құқықтары мен міндеттері тең болған.
Іс-жүргізуге келетін болсақ, мұсылман құқығында азаматтық және қылмыстық істердің арасында айырмашылық болмаған. Белгілі категорияларына жататын істер, құқығы бұзылған тараптың талап-арызымен қарастырылатын. Сот қарауына жататын істер судьяның бастауымен де қозғалуы мүмкін. Сегізінші ғасырға дейін сот отырыстары жазбаша нысанда рәсімделмеген, іс бойынша шешім сол уақытта атқарылуға жататын. Дәлелдеме ретінде кінәні мойнына алу, куәгер, жазбаша құжаттар, белгілі болған фактілердің негізінде қалыптасқан судьяның ішкі нанымы саналған. Мұсылман құқығында куәгердің сөзі ерекше орын алады, соның ішінде аса ауыр жаза тағайындалатын істерде тек ер куәгерлердің сөздері ғана саналатын. Қалған қылмыстық істерде бір ер адамның сөзі екі әйел адамның сөзіне теңестірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz