Мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Р. Бәшірова, Ұ. Б. Төлешева

Мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы маңызы

Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне өтуіне байланысты білімдендіру дәрежесінің жаңа сапалы деңгейге көтеру қажеттігі соңғы жылдардағы білім беруді дамытуға арналған мемлекет тарапынан қабылданған “Білім туралы заңында”, “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез-құлқын қалыптастыру”, “Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру”, “Білім мазмұнын гуманитарландыру” тұжырымдамаларында және тағы басқа ресми құжаттарында ашып көрсетілген.

Қазіргі замандағы ғылым мен техниканың даму жағдайындағы ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемінің қауырт өсуіне байланысты жоғары оқу орындары мен мектеп арасындағы сабақтастық оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Сондықтан да заман талабына сай маман дайындау жоғары сыныптарда басталып, студенттік кезеңмен ұштасып отырады.

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастар өз білімінің тереңдігімен, кәсіби білгірлігімен бағаланады. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстар істеуге қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай жоғары мәдениетті азамат дайындау.

Біздің байқауымызша оқушылардың басым көпшілігі кәсіп таңдау кезінде өз қалауынан гөрі ата-аналарының ақыл-кеңесіне көбірек сүйенетін, немесе талапкерлердің мамандықтарды таңдаудағы білімсіздігі, олардың өзінің көңілі қаламаған мамандықты таңдауына жол береді. Осы себептер олардың оқуды тастап кетулеріне, болашақта мамандықтары бойынша жұмыс істемеулеріне негіз болады. Сондай-ақ, оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмыстарының мектеп қабырғасында соңғы сыныптарда ғана қолға алынатынын ескерсек, танымдық қызығушылықты қалыптастыру жүйелі түрде мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы үйлесімділік негізінде ұдайы іске асыруды талап етеді.

Жоғары сынып оқушылары болашақ кәсіби, өзінің алдағы атқаратын ісі туралы көп ойланады. Осы тұста оның өмір жолын таңдауына игі әсер ететін факторлардың бірі оның танымдық қызығушылығы. Оқушы тұлғасында танымдық қызығушылықтың қалыптасып дамуына ұзақ уақыт мерзімі қажет.

Сол себептен оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда мектеп пен университет арасында сабақтастықтың мәні зор. Өйткені оқушының бойындағы оқуға, білімге деген қызығушылығы әрі қарай дамып болашақ мамандығына деген қызығушылығына ұштасу үшін мектеп қабырғасында атқарылған жұмыстар жоғары оқу орнында әрі қарай жаңа деңгейде жалғасын табуы керек. Оның ішінде баса назар аударатын мәселе мектеп оқушылары мен университет студенттерінің танымдық қызығушылықтарын сабақтан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру.

Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл мәселе бүгінгі күнге дейін өз шешімін толық таппаған, оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа ие болуы арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көрдік. Осыған орай

Зерттеу мақсаты. Оқушылардың танымдық қызығушылығын сабақтан тыс тәрбие жұмыстары арқылы қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықты теориялық тұрғыда негіздеп, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдістемелік кешенін жасау деп анықтадық.

Адамда сан алуан қызығушылықтардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең негізгі қызығушылығы болады. Мұндай қызығушылықтар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білім алуына көп жәрдем тигізеді. Қызығушылықтар оқушылардың оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Оқушы жастарда қызығушылықтың нақты көрінбеуі, олардың өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып, зерігіп берекесі кетеді. Қызығушылықтың мазмұнды, әрі кең өрісті болуы, оның басты ерекшеліктеріне байланысты және мұнсыз адамның өмірі дамымайды. Қызығушылығы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады және ісі әр уақытта да берекелі, табысты болады.

Адамның қызығушылығы әртүрлі істерді орындауға ұмтылудан туады. Ал, түрткі сол істерге итермелейтін күш, яғни, адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс-әрекетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш болса, білімге, оқуға мәжбүрлейтін оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда түрткілердің маңызы зор.

Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немесе іс-әрекет адамның айқындалған белсенділігінің негіздерімен байланысты болғандықтан, іс-әрекеттің себептеріне айналады және оны үш категорияларға бөлуге болады:

  1. Ішкі негіздер. Олар адамның қажеттіліктерімен анықталып, ағзаның туа біткен немесе қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіліктерді білдіретін жүре біткен сипатта болуы мүмкін.
  2. ыртқы негіздер. Олар адамның іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен анықталады. Мұндай негіздерге талаптану, үміт күту сияқты мүмкіндіктері жатады.

Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделері, ұмтылыстары, бағдарламалары, сенімімен, дүниеге, қоғамға көзқарастарымен, өзі туралы түсінігімен анықталады.

Оқушылардың өзін қоршаған әлемге деген танымдық қызығушылығының дамуы 1 суретте бейнеленген. Мұнда танымдық қызығушылыққа әсер ететін факторларды үш топқа бөлдік. Сондай-ақ танымдық қызығушылықтың дамуы үш кезеңнен тұратынын көреміз. Қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтар бірте-бірте тұрақты сипатқа ие болады да даму нәтижесінде олар қызығушылықтың іс-әрекеттегі көрнісіне ұласады.

Демек, танымға деген қажеттілік адамның ішкі қасиетіне тән бола отырып, жылдан жылға дамуына ие болып отырады.

Осы орайда мектеп бітірген оқушы қалыптасқан тұлға ретінде адамгершілігі, құндылық қасиеттері, білімі белгілі деңгейде басқа ықпалдар арқылы қалыптасады да, жоғары оқу орнына түскенде оқушының бойында кейбір қасиеттері сақталып, кәсіби, шығармашылық, мінез-құлық т. б қасиеттерінің дамуы әрі қарай жалғаса береді. Осындай мәселелерді талқылай келе төмендегі сызбада оқушылардың танымдық қызығушылықтарының даму жолдарын (1 суретте) ұсынамыз.

Әсер ететін факторлар: Әсер ететін факторлар
макро-жеке дара қасиеттері-ниет-тілек-ынта-ықылас-себеп:

макро

-жеке дара қасиеттері

-ниет

-тілек

-ынта

-ықылас

-себеп

:
меза-белсенділігі-қоршаған орта- білім:

меза

-белсенділігі

-қоршаған орта

- білім

:
микро-ұнайтын мамандығы-ата-анасының кәсібі:

микро

-ұнайтын мамандығы

-ата-анасының кәсібі

Танымдық қызығушылықтың даму кезеңдері: Танымдық қызығушылықтың даму кезеңдері
қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың алғашқы кезеңде туындауы: қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың алғашқы кезеңде туындауы
:
ұнайтын іс-әрекетке қызығушылығын тұрақтандыру: ұнайтын іс-әрекетке қызығушылығын тұрақтандыру
:
тұлғаның қалыптасуының бағыт-бағдарына, өмірлік мақсаттары мен жоспарына сәйкестендіру жүйесіне айналуы: тұлғаның қалыптасуының бағыт-бағдарына, өмірлік мақсаттары мен жоспарына сәйкестендіру жүйесіне айналуы
қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың сипаты:

қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың сипаты

:
сөйлеу: сөйлеу
:
Тұрақты қызығушылық сипаты:

Тұрақты қызығушылық сипаты

:
белсенділігі: белсенділігі
:
қызығушылықтың іс-әрекеттегі көрнісі:

қызығушылықтың іс-әрекеттегі көрнісі

:
өзін-өзі тәрбиелеу:

өзін-өзі тәрбиелеу

:
қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың сипаты: сезіну
: шығармашылығы
сөйлеу:

өзін-өзі білімдендіру

қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың сипаты:

өзін-өзі анықтау

қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың сипаты: үйрену
: ізденушілігі
сөйлеу:

өзін-өзі дамыту

қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың сипаты: талаптану
: қаблеттілігі
сөйлеу:

өзін-өзі сендіру

қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың сипаты: үміттену
: мінез-құлқы
сөйлеу:

іскерлік дағдысы мен кәсіби біліктілігін қалыптастыру

Танымдық қызығушылықтар: Танымдық қызығушылықтар

Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы

Осы суреттен: - танымдық қызығушылықты тек қана оқыту, балаларды сабаққа тарту, қызықтыру құралы деп қарамай, сонымен қатар баланың ішкі психологиялық жан-тебреністері, жекелік ішкі үрдістерін қалыптастыруда маңызы ерекше әсер деп түсінеміз;

- оқушының өзінің көңілі қалаған сабағын оқуына жағдай жасау немесе сабақты ішкі сезіммен ұнату, ұнатпауын қадағалап сол арқылы ықпал ету қажеттілігін көреміз.

Сонымен, “қызығушылық” түсінігі күнделікті қолданыста да ғылыми түсіндірмеде де, адам өмірінде де шешуші роль атқаратын, басқа да ішкі сезімдермен, рухани қажеттіліктермен, кәсіби ұштасушылықпен тығыз байланысады. Қызығушылық оқушылардың танымдық еңбектеріндегі жеке қоғамдағы іскерліктерінің негізі, тұрақты факторы және ол тұлғаның ішкі сезімдерінің белсенділігінің артуына ықпал ететін күш. Сондықтан да, іскерліктің тұрақтылық стимулына айналуы үшін қызығушылық қолдауды, бекітуді, ұштастыруды қажет етеді.

Қазіргі заманға сай еңбек адамына қажет, жеке адамның қасиеттерін қалыптастырады. Бұл қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен жоғары оқу орындары арасындағы байланыстың болуы, бірден-бір маңызды жағдай.

Еңбекке белсенді көзқарас жеке адамның көзқарасынан, сенімінен, мінез-құлқының адамгершілік сипатынан, мотивациясынан және іс-әрекеттің туындау себептерінен көрінеді. Адам бойындағы қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т. б. қасиеттер танымдық қызығушылықты құрайды. Яғни танымдық қызығушылық адамды білімге, кәсіпке, іскерлікке, іс-әрекетілікке т. б. бағытайды. Танымдық қызығушылықтың себептері мен құрылымын, 2-суреттен көруге болады. Мұнда танымдық қызығушылықтың туындауының себептеріне танымдық үрдістер (қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т. б) жатады. Ал, танымдық қызығушылықтың негізгі компоненттеріне:

  • мотивациялық құндылықтары;
  • мазмұндық;
  • технологиялық;
  • шығармашылық іс-әрекеттерді жатқыздық. Бұл аталған компоненттердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже туындайды. Бұл аталған компоненттердің қайысысы болса да мектепте басталып, жоғары оқу орнында жалғасып отыратыны белгілі.

“Білім” - жалпы, кәсіби, арнайы болып бөлінеді. Мектепте алған жалпы білімі, университетте кәсіби, арнайы, білімге ұштасады. “Кәсіп” - мамандық таңдаумен мамандықты меңгеруден тұрады да, жалпы білім беретін орта мектептерде басталып университетте, институтта, кәсіби техникалық колледждермен гимназияларда беріледі. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік

6 бет бос бөлек схема бар.

Білім алып кәсіп иесі болу үшін біліктілік қажет. “ Біліктілік”- оқу, білім, іскерлік, дағды, кәсіп, тәжірибе, ізденушіліктен туындайды. Біліктілік мектепте оқып білім алуға бағытталса, университеттегі оқу барысында түрлі тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыстарын атқаруға, болашақ мамандығы бойынша іс-шараларды орындауға қажетті дағдыларды меңгеруге бағытталады. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек. “ Іс-әрекет” - оқу әрекетін, қимыл-қозғалыс, операциядан тұрады. Бұл үрдістің орындалуын, игеріп отыру тиіс. “ Игеру” - қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту, жүзеге асыру, қолданудан тұрады. Аталған үрдіс жеке тұлғаның қалыптасуына, өмірден өз орнын табуына ықпал етеді.

Жоғары сынып оқушыларының ерекшеліктері негізінен мамандық таңдауды болашағым деп түсінуінде. Олардың еркін, ешкімнің ықпалынсыз, өз танымының, қызығуының, балалық армандарының орындалуын өзіндік еншісі деп түсінуге болады. Ата-ана нұсқауымен немесе біреудің ықпалымен таңдалынған мамандық, оқушының болашағына, оның дүниетанымы мен қызығуына кері әсер ететінін өмірде жиі кездестіреміз. Әрине, оқушының туа біткен дарынына немесе жастайынан бейімделген іскерлігіне, тіпті болмаса өзі байқамаған талантына байланысты бағдар беріп, ынталандыру ата-аналар мен мұғалімдердің борышы.

Бірақ үгіт жүргізіп, жаңадан ашылып жатқан мамандықтардың мағынасын жете түсіндірмей, оқушының танымдық қызығушылығын шет қалдыруға, болмайды. Ол оқушының танымдық қызығушылығының әлсіреуіне, кейбір жағдайларда мүлдем жойылып кетуіне әкеліп соғуы да мүмкін.

Осы тұста педагогикалық шеберлік үлкен маңызға ие бола алады.

Мектеп қабырғасында жүргізілетін негізгі пәндерге деген қызығушылық, ары қарай университетте жалғасын табуға көмектеседі. Ал мектептегі пәнге, белгілі бір іс-әрекетке қызығу міндетті түрде мұғалімнің оқушы бойындағы қызығушылықты туғызуына, терең білім, дұрыс бағдар беруіне байланысты. Кейде керісінше, мектепте ұнамаған немесе меңгере алмаған пәндер университетте басқаша мәнге ие болып, қызығушылық қайта тууы да мүмкін. Әрине, университет білімі мектептен гөрі терең, әрі көлемді.

Бүгінгі күні өркениет өресіне сәйкес менеджер, маркетолог, эколог т. б. сияқты түрлі жаңа мамандықтар мен мектеп қабырғасында негізі қаланбаған туризм, кибернетика, мәдениеттану т. б. жаңа ғылымдар қалыптасуда. Сондықтан да, оқушыға аталған мамандықтар мен ғылымдар аумағында түсініктер беріп, олардың немен айналысатындарын және қандай пәндермен байланыстылығын жете түсіндіруді қажет еттеді. Мектеп пен университет сабақтастығының бір мәні осында екендігі анық.

Әрине, тұлғаның кәсіби бағыттылығын қалыптастыру - болашақ іскер маманды тәрбиелеудің негізгі шарттарының бірі және кәсіби бағыттылықты қалыптастыру мәселесі жоғары сынып оқушылары үшін өзекті. Яғни, қызығушылық оқушылардың көзқарасы оқу, сабақтан тыс іс-әрекеттер арқылы қалыптасады. Ал, жоғары оқу орындарында білімі терең, мамандығы жоғары деңгейдегі кәсіп иесін дайындау ісінде бакалавр бөлімі мен магистратура арасындағы сабақтастықтың мәні ерекше. Осы орайда мектеп бітірген оқушы қалыптасқан тұлға ретінде адамгершілігі, құндылық қасиеттері, білімі белгілі деңгейде басқа ықпалдар арқылы қалыптасады да, жоғары оқу орнына түскенде оқушының бойында кейбір қасиеттері сақталып, кәсібі, шығармашылық, мінез-құлық т. б қасиеттерінің дамуы әрі қарай жалғаса береді.

Даму кезеңдерінің тарихи байланыстылығының мәні туралы философиялық теорияларды саралау нәтижесінде қазіргі білімдендіру парадигмасында сабақтастық пен үздіксіздік идияларының қажеттілігіне көз жеткізе түсеміз.

Э. А. Баллер еңбектерінде сабақтастықты бір деңгейдегі және әртүрлі деңгейдегі деп қарастырылады, оның біреуі сандық, екіншісі сапалық өзгерістер үшін. Сандық өзгерістерде объектінің құрылымы сабақтастықтың мазмұнын құрайды да сақталып келесі сатыға ауысады. Сапалық өзгерістер жағдайында сабақтастықтың мазмұны жеке элементтерден құралады да, ал объектінің құрылымы өзгерістерге ұшырайды. Біздің зерттеуімізде сабақтастықтың бір деңгейдегі түрі орын алады, өйткені танымдық қызығушылықтың дамуын сандық өзгерістерге жатқызуға болады. Әлемдік, отандық ғалымдардың еңбектерін сараптай келе, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған мектеп пен жоғары оқу орындарының арасындағы сабақтастық ұғымына өз тарапымыздан төмендегідей анықтама беруді жөн көрдік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі
Психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесінің теориялық зерттелуі және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарының айқындалуы
Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі
Географияны оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz