Климаттың глобальды жылынуын төмендету жолдары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
КЛИМАТТЫҢ ГЛОБАЛЬДЫ ЖЫЛЫНУЫН ТӨМЕНДЕТУ жолдары
Маханбетова Сандуғаш., 2-курс.
.
Ғылыми жетекшісі-ф-м. ғ. д., профессор А. Қ. Ершина.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
Қазіргі таңда экологиялық жағдайдың нашарлауы-атмосферада көміртегі қостотығы концентрациясының өсуімен байланысты. Бүкіл әлемдік жылыну процесі-ядролық және дәстүрлі энергетиканы пайдалануға қарсы болып отыр. Атмосферада көміртегі қостотығы және басқа да парниктік газдар жиналып, климатты өзгертетін жылудың жинақталуына әкеліп соғады. Температураның жоғарылауынан глобальдық жылынудың әсерлері байқалуда. Глобальдық жылынудың әсерлері төмендегідей:
1) Қосымша жылу ауадағы су буының құрамын арттырып, тропикке жауын-шашын көп түседі.
2) Құрғақшылық жерлерге жаңбыр жаумай, олар шөл, шөлейт аудандарға айналады.
3) Теңіз суларының температурасы көтеріліп, төмен орналасқан жағалауларды су басады және қатты дауылдар саны көбейеді.
4) Жер бетіндегі температураның жоғарылауы нәтижесінде Антрактида, Арктикадағы мәңгі мұздар еріп, теңіздер мен мұхиттардың деңгейі көтеріледі.
5) Материктердің ауданы азаяды.
6) Мұхиттардың тұзды су балансы бұзылады.
7) Циклондар мен антициклондардың қозғалыс траекториясы өзгереді.
8) Жер бетіндегі температураның көтерілуіне байланысты, климаттың өзгерісіне бейімделе алмай, көптеген өсімдіктер, аңдар мен жануарлардың жойылу қауіпі бар.
Температураның жоғарылауына байланысты теңіздер деңгейі 10-20 см-ге көтерілді, жазғы уақытта арктикалық теңіздердің мұздық қабаты 10%-ға, ал мұз қалыңдығы 40%-ға жұқарды. Азия және Африкада өте жиі және күшті шөлдер түзілді, жануарлар мен өсімдіктер географиялық мекен ортасын өзгертті.
Атмосферадағы парниктік газдарды тұрақтандыру үшін альтернативті (күн, жел, сутегі) энергия көзін пайдалану қажет. Жаңарып тұратын энергияны пайдалану әлемдегі экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартады.
Күн энергиясы жаңарып тұратын энергетика ресурсына жатады. Дәстүрлі энергия тасушылардан айырмашылығы-планетаның жылулық тепе-теңдігін сақтайды. Сондықтан күн энергиясының басқа қолданбалы түрлерден айырмашылығына химиялық,, жылулық және басқа да қоршаған ортаны ластаушы тұрғысынан таза болып келуі жатады. Күн энергиясы тұрғын үйлерді ыстық сумен, жылумен қамтамасыз етуге, қоғамдық және өндірістік ғимараттардағы ауаны салқындатуға техникалық құралдар көмегімен қолданылады. Түрлі күн сәулелік су жылытқыш қондырғы дайындаушыларының алдында тұрған мәселе-қондырғыға аз шығын жұмсай отырып жылулық энергияға айналдыру. Күн энергиясын пайдаланудың жай және арзан тәсіліне тұрмыстық суды жазық күн коллекторында қыздыру жатады. Кейбір елдерде күн сәулелік су жылытқыш қондырғылар тіршіліктің қарапайым көзіне айналған. Израильде барлық тұрғын үйлердің 80%-ы ыстық сумен қамтамасыз етіліп, елде өндірілетін энергияны 5%-дан көп үнемдейтін күн сәулелік су жылытқыштар қолданылып отыр. Күн коллекторы мен күн сәулелік су жылытқыш қондырғыларды өндіруші фирмалардың көпшілігі Европада, Америкада, Австралияда және басқа да елдерде табысты жұмыс жасап келеді.
АҚШ-та «Тәуелсіздік» атты ұлттық бағдарламаға сәйкес жалпы қуаты 1400 МВт күн сәулелік су жылытқыштар 1, 5 млн. үйлерде орнатылған. 2004 жылы Германияда «100 мың күн шатырлары» деген бағдарлама ұйымдастырылып, осының нәтижесінде энергия көзі 300 МВт-қа жетті. Қазір елде электр энергиясы мен жылу өндірілетін 500 мыңнан аса күн қондырғылары бар.
Мұнай, көмір, уран қолданылу уақыты шектеулі, сарқылатын энергия көздері. 2002 жылы әлемде энергия тасушылардың үлесі төмендегідей болды.
Осы ретте көмір мен мұнайды жаппай пайдалану атмосфераны ластап, адамдардың жоғарғы тыныс алу жолдарының сырқаттарын ұлғайтып, демікпеге, ракқа шалдықтырады, аллергиялық ауруға ұшыратады.
Таусылатын энергия қорларының шектелуі, тұтыну көлемінің өсуіне байланысты көптеген елдерде жаңа альтернативті энергия көздерін пайлалануды қажет етіп отыр. Әлемдік энергияны тұтынуда альтернативтік энергияның (күн сәулелік, жел, биогаздық) үлесі жыл сайын өседі деп болжанды, 2030 жылға қарай ол 7%-ға, 2050 жылы 50%-ға, ал кейбір елдерде-60%-ға жетеді.
Қазақстандық компания, Израильдік «Kiwin Engineering LTD» компаниясымен Алматы, Қапшағай, Тараз, Атырау, Шымкент, Қызылорда қалаларын 30 күн сәулелі су жылытқыштармен қамтамасыз етуге келісімге отырды. Қазіргі таңда Қапшағай қаласында күн сәулелі қондырғы үздіксіз жұмыс істеп отыр. Каспий өңіріндегі энергетикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ангус Миллердің айтуынша, Қазақстанның 60 %-ға жуық аумағы жел, күн, су энергиясын пайдалануға қолайлы. Сондықтан экономикамыз қарқынды дамып келе жатқанда энергия көздері жеткіліксіздігі мәселесі туындауы мүмкін. Бұл жаңарып тұратын энергия көздеріне тәуелділікті арттыра түсетіні анық. Жаңарып тұратын энергия көздерін дамыту бағытындағы бастамалар ең алдымен қоршаған ортаға пайда әкелері сөзсіз. Мемлекет басшысының бастамасы негізінде қазіргі таңда ГЭС-р жүйесін қалыптастыру мәселесі күн тәртібінде тұр.
Қазақстан аудандарының климаттық жағдайлары біртексіз. Еліміз Евразиялық материк тереңдігінде теңіздер мен мұхиттардан өте алшақ орналасқан. Сондықтан Республика климаты өте құрғақ,, қысы суық, жазы ыстық болып келеді. Қазақстан территориясы 40º және 50º солтүстік ендікте, 70º және 80º шығыс бойлықта орналасқан. Климат ашық күндердің көптігімен, жоғары ауа температурасымен және жылдық атмосфералық жауын-шашынның аз мөлшерімен сипатталады. Бұл факторлар мұнда гелиоқондырғыларды қолдануға қолайлы жағдайлар жасайды. Гелиоқондырғылардың жұмысы тура және диффузиялық радиация шамасымен, күні бойғы күннің жарқырау ұзақтығымен, жылдағы ашық күндер санымен, қоршаған ауа температурасымен анықталады.
Экология- қазір әлем жұртшылығын толғандыруда. Ауа мен судың ластануы, жасыл-желектің оталуы, жер қабатының бүлінуі, топырақтың улануы-осының бәрі өндірісі мен өнеркәсібі дамыған қазіргі заманның қасіреті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, қазір әлемдегі адам өлімінің 6 %-ы ғаламдық климаттың күрт жылынуына тікелей байланысты екен. Өйткені, мәңгі мұздықтардың еруінен табиғат апаттары (сел, топан су, тасқын) жиі орын ала бастаған. Атмосфералық қысымның жиі құбылуынан жүрек-қан тамырлары (инфаркт, инсульт), қан қысымының көтерілуі және бастың сақинасы ұстауы секілді ауру түрлері көбейді. Ғалымдар: « Егер адамзат атмосфераға таралып жатқан көмірқышқыл газын шектеуді қолға алмаса, XXI ғасырдың аяғына қарай ғаламшардағы орташа ауа температурасы 8 градусқа ысиды да, экватор сызығына жақын орналасқан аймақтарда адам баласының өмір сүруіне қолайсыз жағдай туады» деген пікір таратқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz