ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫП АЛУДЫҢ БАСТАЛУЫ


ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫП АЛУДЫҢ
БАСТАЛУЫ (XVIII ҒАСЫРДЫҢ 30-40-ЖЫЛДАРЫ)
1. ПАТІПА ӨКІМЕТІНІҢ ЕРТІС ӨҢІРІНДЕ БЕКІНІСТЕР
ОРНАТУЫМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘСКЕРИ-ОТАРШЫЛДЫҚ
ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ БАСТАЛУЫ
XVIII ғасырдың басында патшалық өкімет орындары мен орыс көпестерінің шығыста қол жеткен шептерін нығайту жөніндегі әрекеттері жаңа күшпен жаңғыртылды, бұл ретте Тара қаласынан Ертіс езенінің жоғарғы ағысына дейінгі орасан үлкен қашықтықтың бәрінде өзен бойындағы шеп алдыңғы қатарғашыкты.
Шығыс жақтағы отарлау қозғалысының күшеюіне әр түрлі жағдайлар себепші болды, Жайықшебін кенейтудің белсенді үрдісі сол Шығысқа ба-ғытталған еді, ал Гурьев қалашығы Ресейдің сауда-экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етті. Саудагерлер, дипломатиялық миссиялардың мүшелері, саяхатшылар, ел мен жер көруге құмарлар Орта Азия иеліктерінен, Шығыс Түркістаннан, Оңтүстік-батыс Сібірден орыс қалаларына кайтканда, Ертістің арғы жағында жаткан «азиялық елдер туралы» кейде аңызға бергісіз мәліметтер әкеліп, таратып жүрді. Ресейдің шығысқа карай беттеуді кеңейту саясатын нығайтуда Еркеті қаласындағы (қазіргі Жаркент каласы. - Ред. ) «алтын аралас топырақтуралы» лакаптардың кеңтаралуы елеулі рел атқарды.
Сонымен Ресейдіңалған иеліктерді қолдан шығармау қажеттігі, Орталық Азия елдерімен өзара сауда байланыстарын орнату елдің табиғи ресурстар, әсіресеалтын жөніндегі өскелең талаптарымен ұштасып, Петербург сарайын стратегиялық маңызды бағытта орналасқан жерлерді иеленуге, ең болмағанда игеруге деген ниетке ынталандырды, ал онда сол жылдарда өз қуатына жеткен Жоңғар хандығы мен маңызды мақсат - үш жүздің күштерін топтастыруға зиян келтіретін ішкі қайшылықтар араздастырған қазақ хандықтарының алысты көздеген мүдделері үнемі тайталасып қақтығысып жатқан еді. Осының бәрі алыстағы Үндістан мен Қытайға ең қысқа жол іздеген I Петр кезінде-ақ Ертістің жоғарғы жағындағы аумақты иелену жоспарын жүзеге асырудың жеделдетілген сипатын анықтап берді. Сонымен бірге Ресейдің өзінің аса зор өзгерістері үшін өте қажетті қаржы қаражаттарына асқан мұқтаждықты бастан кешіргені, оның Ресей үшін Швециямен ұзакка созылған соғысына байланысты болғаны мәлім.
Орыс патшасының азиялық иеліктерге ұмтылысы туралы айтқанда, оның өзі алдына Үндістанды немесе қандай да болсын басқа бір елді «басып алу» жоспарын қоймағандығын есте ұстау керек. I Петрдің ниеті Азияның ірі елдерімен кең көлемді экономикалық байланыстар орнатуға деген тілегінен туған еді. Алайда оның кезінде Солтүстік-шығыс Қазақстан ауданында орыс әскери-барлау отрядтары ілгерілеуінің жандана түсуі жоңғарлардың карсы қимылын туғызды, кейбір шекаралас өңірде қақтығыстар басталып, өзара дүрдараздықтар мен жанжалдар жиіледі.
Сібірдің бірінші губернаторы, Жаркент қаласын иеленіп алуға жан салған М. П. Гагариннің арандатушылық жоспарларына байланысты орыс-жоңғар қатынастары ерекше шиеленіскен сипат алды. Патшаны Тобылдан Жаркентке дейінгі жол бойында: біріншісін Ертісте, Ямышев көліне жақын және одан арғы жерде, ал басқаларын «істің барысы бойынша керек -етілетін» жерлерде «орыс бекіністерін салу» қажеттігіне иландыра келіп, губернатор сол арқылы I Петрге бекіністі шептердің тұтас тізбегін салу жоспарын ұсынды.
Патшаға өз «жоспарын» ұсына отырып, кінәз бұл аудандағы халықаралық қатынастардың қиын екенін керінеу жете бағаламады, ал ол қатынастар бұл жылдарда кершілес Жоңғарияның жаулап алушылық жоспарлары салдарынан өте шиеленісіп, саяси жағдайдың қазақ хандықтарының мүдделеріне зиян келтіретін өзгерісін туғызған еді, оның үстіне әскери-тірек базаларын салуға арналған аудан әскери басымдық салдарынан уақытша ойрат күштерінің бақылауында болатын, ал олар өздерінің жетістіктерінен айырылғысы келмейтін. Бекіністер салу мүмкіндігі көрсетілген хабарламаны алған соң, швед флотымен теңіздегі шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында «Алтынды құм бар жерлерді иеленіп алу үшін подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы» жарлыққа жеке өзі қол қойды.
I Петрдің Бухгольцке арнаулы жарлығында былай деп нұсқау берілген: « . . . Тобылға бару және онда аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен Ямышев көліне бару . . . - қала жасап, аталған адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету, мүмкін болған жерге қыстап шығатындай етіп орналастыру керек, сөйтіп сол адамдарды келесі көктемде жинап алып, Ямышевке, Еркетіге барасындар . . . сондай-ақ кейбір жерлерде, атап айтқанда өзендер маңында . . . бекіністер жасау керек . . . және сондағы тұрғындардың Дария-өзен бойындағы қандай жерлерден алтынды қалай өндіретінін де шындап біліп алындар . . . шведтер арасынан минералдарды білетін бірнеше адам табу керек». Түрлі редакциясында талай рет жарияланған патша жарлығы мәтінінің бастапқы, негізгі нұсқасы осындай болатын, Ертіс өңірінің шебі шын мәнінде сол бойынша жасала бастап, онысалу 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды.
Әскери экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Отрядты ұйымдастырушылар кұрылып жатқан отрядты қаруландыруға едәуір мән берді. Белгілі әскери тарихшы В. К. Андриевичтің деректеріне қарағанда, тек 70-ке жуық әр түрлі оқпанды зеңбірек алынған. Экспедицияның кұрамында тұтқынға түскен швед офицерлері, сондай-ақ шығысқа апаратын жаңа жолды игеруге тікелей мүдделі орыс саудагерлері де көп болды.
И. Д. Бухгольцтің қырдағы жүрісі ойраттардың қауіптенушілігін туғызбау үшін Цеван-Рабтан қонтайшыға алдын ала Сібір губернаторының арнаулы өкілдері - Василий Чередов пен Тимофей Этигер жіберіліп, оған «Ұлы мәртебелі патша жіберген адамдардан ешқандай қауіптену болмауын» түсіндіруге нақты өкілеттік берілді. Әскери-дипломатиялық сипаттағы барлық дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың шілдесінде, өз кұрамында 2797 адамнан тұратын драгундар, солдаттар, офицерлер мен жұмысшылар бар И. Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.
1715 жылғы 1 қазанда И. Д. Бухгольцгің экспедициясы Ямышев көліне жетті, оған жақын жерде ежелден жергілікті тұрғындар мен сібір татарлары, сондай-ақ Тобыл, Томск халқы арасында айырбас саудасы жүргізілетін, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.
Бекініс салынғаны және отрядтың өз жорығын одан әрі жалғастыру ниеті туралы хабар алған Цеван-Рабтан орыс экспедициясының бекініс салуына да, жерді иеленіп алуына да кедергі жасау мақсатымен, 10 000 әскермен өзінің немере інісі Церен-Дондобты аттандырды.
Күтпеген жерден шабуыл жасауда табысқа жетпей, И. Д. Бухгольцтің батыл қарсыласуы есеңгіретіп тастаған Церен-Дондоб бекіністі ұзақ уақыт қоршау арқылы қиратудың мүмкін еместігіне кезі жетіп, келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Орыс экспедициясының бастығына 1716 жылғы 2 ақпанда жазған хатында Ресей мен Жоңғар хандығы арасында біршама төзімді катынастар бар екенін айта келіп және бұл ауданда бекініс салуға қандай да бір құқығы жоқ екеніне оны қорғаушылардың назарын аударып, ойрат күштерінің қолбасы И. Д. Бухгольцке кетуді ұсынды, олай істемеген жағдайда оны бұған «аштық пен күш» арқылы мәжбүр ететінін айтып қорқытты.
Ал өз мақсаттарына жетуде бекем бол деген I Петрдің тапсырмасы мен кінәз М. П. Гагариннің нұсқауын есте ұстаған Бухгольц өзінің бекіністен кетпеуге бел байлағанын білдіре келіп, « . . . татулықты бұзуға ниетім жоқ және бекіністі патша ағзамның әмірі бойынша Жоңғарияға тиесілі емес жерде салдым, ал қоқан-лоқыдан қорықпаймын, қор жеткілікті жағдайда көмек күте отырып, Церен-Дондобтың патша ағзамның еркіне қалай кедергі жасайтынын көріп аламын» деп жауап кайтарды, сөйтіп ойрат қолбасшысына шегінуге кеңес беріп, мұны татулыкты сақтаудың бірден-бір жағдайы деп санады. Экспедиция бастығының хаты сенімділік және бір сыпыра қорқыту сарынында жазылғанымен, қоршаудағылардың жағдайы ауыр болып шықты.
1715 жылғы желтоқсан айында-ақ И. Д. Бухгольд I Петрге өзі душар болған жағдай мен киындықтар туралы хабарлама жіберген еді. 1716 жылғы 4 ақпанда Копенгагенде жүрген патша оған өзінің жеке жауабын жіберді, ол көршілес мемлекет басшысының Қазақстанға елеулі мән бергенін делелдейді; дегенмен де бұл кезенде оның қолында Ертістің оң жағасы мен Жоңғариямен шекаралас аудандарда қалыптасқан жағдай туралы анық мәліметтер жеткілікті болмауы мүмкін.
Оның бер жағында, ойраттардың Ямышевск бекінісін қоршауы жалғаса берді, ал патшаның М. П. Гагарин арқылы жібертуге уәде берген қосымша күш келіп үлгірмеді. Жағдайды жоңғарлардың Ямышевск бекінісіне жақын, Орта жүз қазақтары кешіп жүретін жерде азық-түлік және ақша әкеле жатқан керуенді тұтқындауы асқындыра түсті. Алайда керуенді ұстауға қазақтардың ешқандай қатынасы болған жоқ. 450-ден астам адам жоңғарлардың тұтқынына түсті, оның ішінде кейіннен атағы шыққан, Полтава маңында орыстарға тұтқынға түскен швед артиллериясының бұрынғы сержанты, кейіннен Жоңғария картасын жасаған Иоганн Густав Ренат бар еді.
Отряд кеп адамынан, сондай-ақ 2500 аттың 2200-інен айырылып, Тобыл керуенін күтіп алмай, солдаттар арасында тараған аурулар титықтатқан 700 адамнан тұратын Бухгольц отряды бекіністі тастап шығып, 1716 жылғы 28 сәуірде Ертіс арқылы кері карай жүзіп кетті.
Сонымен тартысты окиғалар жүріп жатқан қазақ даласының терең түкпіріне I Петрдің жеке нұсқауы бойынша жасалған әскери-барлау экспедициясы жалпы алғанда сәтсіз аяқталды, дегенмен ол өзінің мақсаттары мен мән-жайлары жағынан Хиуа жорығында толық дерлік қырып жіберілген, сұмдық зардаптары ұзақ жылдар бойы орыс қоғамының көкейінен кетпеген кінәз А. Бекович-Черкасский отрядынан ерекшелеу болды.
Экспедиция ең алдымен ойрат әміршілерін бұл ел жөнінде дұшпандық ниеттері жоқ екеніне иландыра білмеген Сібір губернаторының дипломатиялық қателіктері салдарынан өз мақсатына жете алмады. Ол былай тұрсын, мейірімсіз атыс кезінде орыс солдаттары бірнеше жоңғар жауынгерін өлтірген кезде олардын, арасында Ямышевск бекінісінің құрылысы аяқталғаннан кейін Бухгольц «Қонтайшы адамдарына қарсы соғыс бастайды» деген Ресей үшін тиімсіз сыбыс таралды. "
М. П. Гагариннің Бухгольц күштері мен қаражатын кесіп тастағаны сонша, соңғысының адам саны едәуір көп отрядында дәрігер де, дәріхана да болмады: олардың жоқтығы бекіністі ойраттардың үш ай қоршауға алуы кезеңінде айқын сезілді. Оның үстіне М. П. Гагарин I Петрдің бұйрығындағы барлықталаптарды көшіріп жазып және өз атынан: « . . . егер дұшпан бекіністі бермейтін болса, құдайдан көмек сұрап, мүмкіндігінше барлықадамдармен қарсылық көрсету керек» дегенді қосып, И. Бухгольцке өзінің жеке нұсқауын табыс етті. Экспедиция оның бастығының жат жерлік басқыншыларға қарсы үнемі кимыл жасап жүрген және бай жайылымдарын көшпелілер ежелден, ерекше мұқият қорғап келген Ертіс ауданына ойраттардың әскери күшпен келуінің кез келген көріністеріне жаулық пиғылдағы көрнекті қазақ батырларымен және олардың жасақтарымен тікелей байланыс орнату тілегінің болмауы себепті де сәтсіздікке ұшырады.
Киратылған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.
Алайда губернатор мен Бухгольц арасындағы алауыздық барған сайын өсе берді. Соның салдарынан экспедицияны жалғастырудан үмітін үзген подполковник майор Вельяминов-Зерновты Омбының коменданты етіп тағайындап, Тобылға кетті, ол жерден өзі жасаған экспедицияның сәтсіздікке ұшырау себептерін түсіндіру үшін Петербургке шақырылды, онда дала халықтары туралы, табиғи байлықтар туралы өз әңгімелерімен Сырткы істер алкасы мен Сенаттың бейтаныс өлкеге терең ыкыласын туғызып, астаналық топтарда қазақ жүздерін одан әрі игеруге және Ресейдің мемлекеттік мүдделері аясына енгізуге деген ынта-ықыласын күшейтті.
Алайда елкені отарлау, оның қыруар байлықтарын игеру міндеттері, керуен саудасын жүргізу мен содан кейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа аудандарды Ресейге бекітіп алу жаңа бекіністер мен тірек нүктелерін салған үстіне салып, көшпелі ортамен үнемі катынас жасауды мейлінше керек етті. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, демек, Ресей державасының сырткы ықпал ету аймағын да кеңейту болып табылды.
Бухгольц Петербургке кеткеннен кейін толық қожайын болып қалып, енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған М. Гагарин Кіші жүз бен Орта жүздегі оқиғалар туралы едәуір хабары болғандықтан, өлкені әскери экспедициялармен «зерттеу» саясатын жалғастыруға ниеттенді. Оның үстіне Сібір губернаторы 1716 жылдың қыркүйегінде Қайып ханның елшілері Бекболат Екешевті, Байдәулет Бөриевті кабылдап, Қазақстанның ішкі жағдайы туралы мейлінше анық хабар алғанды. Ол үшін Қайып ханның: «Соғысқа жиырма немесе отыз мындай өз адамдарымен немесе орыстардың әскери адамдарымен бірге шығу керек» деген өтініші өте үміттендірерлік болды. 1716 жылдың қазан айында М. Гагарин Қайып ханға «серіктерімен бірге» бояр тұқымы Микита Белоусовты жіберді; ол өзінің губернаторлық ақыл-кеңесінін, 9 тармақтан тұратын тапсырмасында елшіні аса толық мәліметтер жинауға, ал ең бастысы - ханға «Сібір губерниясының өз ведомствосындағы қалалардың барлық жерінде Қазақ ордасының адамдарымен ешқандай даудамайлары болмауына» өз өкімі берілгенін жеткізуді міндеттеді.
Сонымен бірге М. Гагарин дала өңіріне жаңа әскери экспедицияларды бірінен кейін бірін жабдықтап, аттандырып жатты. Федор Матигоров Ямышевск бекінісін қалпына келтіріп, кеңейте түсті, ол Ертіс бойымен жаңа отрядтардың одан әрі жылжуы үшін тірек пунктке айналды.
Қазақ-ойрат күресінің күрт шиеленісуінің жаңадан өршуі дала кеңістігінің терең түкпіріне саны аз болса да, жақсы жарақтандырылған жинақы топтар жәнелтуді тездетті, олардың алдына қазақтардың негізгі күштерінің күші басым жауға қарсы үздіксіз теке-тіреспен айналысып жатқанын пайдалану міндеті қойылды. Қол жеткізілгенімен шектелмей, М. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жіберді, соңғысы губернатордың дипломатиялық құпия тапсырмаларын орындауға жиі тартылып жүрген еді. 1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды - Железинск, В. Чередовтың отряды - Колбасин бекіністерін салды, олар көп кешікпей тұрғындардың жеткіліксіздігі салдарынан қаңырап қалды. Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс - Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді тандап алды.
Қазақ қоныстарының өмірлік маңызы бар орталықтарына барған сайын терендей еніп, қан тегіссіз табыстар желпіндірген Сібір әкімшілігі енді Петербургтен нұсқау күтпей, 1718 жылдың жазында солдаттардан, казактардан түратын отряды мен артиллериясы бар, тәжірибелі фортификатор Прокофий Ступенный басқарған ірі экспедиция жасақтады. Ойраттармен қақтығыстардың зардаптары есінде қалған кінәз тәжірибелі офицерге ойраттармен «жан-жал жасамауға» және олар тарапынан шабуыл жасалған кездің өзінде де кор-ғанып, «оларға қарсы дүшпандық ниет» жок, екеніне иландырып бағуға қатаң әмірберді.
Қазақ-ойрат күресі неғұрлым кескілескен сипат алған сайын, Зайсан көлі жағына жаңа отрядтар жіберу соғұрлым жиілей түсті. Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И. М. Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді толығырақ зерттеу, «алтын құмды» іздестіріп, ол туралы егжей-тегжейлі мәліметтер «жеткізу» міндеті жүктелді; сондай-ақ оған И. Д. Бухгольц экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егжей-тегжейін білу тапсырылды. Бұл өкім I Петрдің дала хандықтарын бағындыруға қандай мән бергенін көрсетеді, ол мұны Швециямен соғыс туғызған қиыншылыктарға қарамастан, Орта жүз жеріне Бухгольцті жіберіп, сонау 1714 жылы-ақ жүзеге асыруға ұмтылған еді.
Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар И. М. Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге мәжбүр етті. Орыс артиллериясынан едәуір зиян шеккеніне қарамастан, ойраттар өз мақсатына жетті: үш күндік атыстан кейін уақытша бітім жасасуға қол жеткізілді, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды, Цин империясының шекарасындағы Ресей әскери-инженерлік кұрылыстарының жүйесінде түпкі нүкте болған ол редуттарға, маяктарға және басқа да фортификациялық құрылыстарға сүйене отырып, едәуір аумакка бақылау жасады; нақ сол жылы Ресей тағы да бірнеше бекініс - Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, үш әскери-саяси шеп - Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады.
Абакан острогімен (1707), Бикатун бекінісімен (1709) қатар, жақсы машықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Обь-Ертіс өзендерінің аралығын Ресей иелігіне бекітуді, өзін қазақ қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті. Әлбетте, бұл орайда патша өкіметі «Қырғыз-қайсақдаласын» Ресейдің саяси мүдделері аясында ұстауға ұмтылып, қазақтардың Жоңғар хандығына бағынуына жол бермеуге зор мән берді.
КІШІ ЖҮЗ БЕН ОРТА ЖҮЗ ҚАЗ АҚТАРЫНЫҢ РЕСЕЙ БОДАНДЫҒЫН ҚАБЫЛДАУЫ
Аңырақай шайқасынан кейін қазақ билеушілері арасында жіктеліс туды. Деректемелерде шайқасқа қатысқан сұлтандардың мінез-құлқындағы мұндай келіспеушіліктің себептері туралы айтылмайды. Одан кейін көп ұзамай сұлтан Әбілмәмбеттің қазақ хандарының ордасы - Түркістанға көшіп кеткені, ал Әбілқайырдың асыға кешіп, орыс шекараларына бет алғаны мәлім. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ хандары мен сұлтандары арасындағы жікке бөлінушілікке жоғарғы билік үшін күрес негізгі себеп болды деп санаудың негізі бар. Тәукенің ұлы, қайтыс болған аға хан Болаттың орнына Орта жүзден - Сәмеке, Кіші жүзден Әбілкайыр үміттенді. Көпшіліктің тандауы Әбілмәмбетке түсті. Сәмеке мен Әбілқайыр өздерін елеусіз калдырды деп тауып, шайқас алаңынан кетіп қалды, сол арқылы казақ жерлерін жоңғар басқыншыларынан азат етудің ортақ ісіне оңдырмай соққы берді.
Жоңғар әскерлері шапқыншылық жасаған жылдар қазақтар тарихына «Ақтабан шұбырынды» жылдары болып еніп, қазақ жүздерінің экономикалық және саяси өмірінде ұзак уақыт бойы терең із қалдырды.
Қазақтар материалдық және адам жағынан шығындарға ұшырап қана қойған жоқ, сонымен қатар уақытша Жетісудағы бай жайылымдарынан айырылды. Ғасырлар бойы қалыптасқан көшіп-қону бағыттары бұзылды, Сырдария ауданы мен Жетісудағы егіншілік мәдениетінің ошақтары жойып жіберілді. Қазақ руларынын жайылым іздеп батысқа және солтүстік-батысқа ығысуы үлкен қиыншылықтарға ұштасты. Ол Жайық пен Еділ арасындағы кешіп жүретін кеңістіктуралы мәселені шиеленістірді, қалмақтармен және башқұрттармен үздіксіз қақтығыстарға әкеп соқты. Жоңғар феодалдарының Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларды басып алуының қазақ қоғамының экономикалык және мәдени өмірі үшін елеулі зардаптары болды. Қазақ рулары сауда және қол өнер орталықтарынан белініп қалды, ірі феодалдар қала халқынан алым алу мүмкіндігінен айырылды.
Жоңғарлардың шапқыншылығы қазақ жүздері арасындағы, әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің Ұлы жүзбен шаруашылык-саяси байланыстарын әлсіретті. «Ал Үлкен орда олардан алыс жерде Бұхараға қарай кешіп жүр және ол Орта және Кіші ордалармен қатыспайды, олардың хандары да бөлек». Мұндай жағдай феодалдык бытыраң-қылықтың күшеюіне және Тәуке билік еткен жылдарда бастау алған мемлекеттік билікті орталықтандыру негіздерінің бұзылуына ықпал етпей қоймайтын еді.
Жоңғар хандығына қарсы күрес барысында Кіші жүз бен Орта жүз жеке иеліктерге бөлініп кетті. Ұлы хан деп саналған Әбілқайыр өз билігін тіпті бүкіл Кіші жүзге де жүргізе алмады. Одан басқа онда Қайыптың баласы Батыр сұлтан мен Әбілқайырдың баласы Нұралы сұлтан билік етті.
Орта жүзде өз хандары болды. Олардың ішінде белгілілері - Сәмеке, Күшік. Соңғысы наймандардың едәуір бөлігінің ханы болды және орыс шекарасынан алыста көшіп жүрді. Орыс шекарасына Сөмеке ханның қоныстары жақынырақ орналасты. Олардан басқа Орта жүзде Әбілмәмбет және Барақ сұлтандардың ықпалы зор болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz