Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшелігі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1.Қиын бала дегеніміз кім
1.2.Қиын мінез.құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
1.3.Қиын балалар мәселесін туындадатын негізгі себептер

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Қиын балалар дегеніміз - ол кейбір себептермен қайсыбір балалардың мінез-құлқында қарама-қайшылыктардың пайда болуы, келіспеушілік жағдайының туындауы. Бұл дегеніміз педагогикалық іс-әрекетке бағынбау, қарсы түру деген сөз.
Қарсы тұрудың себебі — бұл тұлғаның қалыпты дамуынан қалып қоюы. Осы тұста бала бойында теріс кылықтардың пайда болуы, мінез-құлкында қарама-қайшылыктардың туындауы, тәрбиенің дұрыс берілмеуі және т.б.
«Қиын балалар», «қиын тәрбиеленушілер» категориясы шындығында өмірде кездеседі. Олар мектепке барғанға дейін де, мектепте де бар. Ал менің қарастыратыным жеткіншек жастағы қиын, девиантты балалар.
Оларды бұзақы балалардың категориясымен тенестіруге болмайды.
Бұл мектепте және қоғамдык орындарда тәртіпті бұзушы психиқалық және физикалық жағынан қалыпты бала. Көбінесе, ондай балалар бұл тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы келіспеушілік жағдайдан тұрады. Кейде бұл келіспеушілік шынайы қарама-қайшылықтардың соқтығысуынан, яғни бірін-бірі түсінбеушіліктен туындайды. Бұл тұста өмір дамуының диалектикалық құбылыс екенін түсіну керек, яғни өмірде қарама-қайшы нәрселер әркашанда кездеседі: өмір мен өлім, дені сау мен ауру, қайрымдылық пен зұлымдық. Осылардың қақтығысуынан және күрес нәтижесінде өмір дамуы жүреді, қоғам, ұжым және адам дамиды.
«Қиын бала» атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Адам өмірге келген сәттен бастап, ұлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі ұшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т. Холлдың пікірі бойынша, «бала толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет. Бұны келтіріп отырған себебіміз, баланың қиын бала атануына өз халқына тән мәдениетпен, салт-дәстүрмен тәрбиеленбеуі де, ғылыми тілмен айтқанда, этнопсихологиялық ерекшеліктердің ескерілмеуі де өз әсерін тигізуде.
1. «Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы», Алматы, 2005ж.
2. Аймауытов Ж. «Психология» Алматы 1995ж
3. Әбеуова И., Әбдіраманова Д. «Мінез-құлықында қиындық бар оқушыларды анықтау жолдары», Алматы, 2003жыл
4. Богословский т.б. редакциясымен «Жалпы психология», Алматы, 1980ж.
5. Жақыпов С. М., Бизақова Ф. «Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар», Тараз 2005
6. Жанғабылова А. «Қиын бала дегеніміз кім?» //Мектептегі психология// №5,2006
7. Жарықбаев Қ. «Әдеп және жантану», Алматы, 1996ж.
8. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология», Алматы, 2004ж.
9. Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері», Алматы, 2002ж.
10. Жарықбаев Қ. «Психология», Алматы, 1982ж.
11. Корнилов К. Н. «Психология», Алмаы, 1946ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.1.Қиын бала дегеніміз кім
1.2.Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
1.3.Қиын балалар мәселесін туындадатын негізгі себептер

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қиын балалар дегеніміз - ол кейбір себептермен қайсыбір балалардың
мінез-құлқында қарама-қайшылыктардың пайда болуы, келіспеушілік жағдайының
туындауы. Бұл дегеніміз педагогикалық іс-әрекетке бағынбау, қарсы түру
деген сөз.
Қарсы тұрудың себебі — бұл тұлғаның қалыпты дамуынан қалып қоюы. Осы
тұста бала бойында теріс кылықтардың пайда болуы, мінез-құлкында қарама-
қайшылыктардың туындауы, тәрбиенің дұрыс берілмеуі және т.б.
Қиын балалар, қиын тәрбиеленушілер категориясы шындығында өмірде
кездеседі. Олар мектепке барғанға дейін де, мектепте де бар. Ал менің
қарастыратыным жеткіншек жастағы қиын, девиантты балалар.
Оларды бұзақы балалардың категориясымен тенестіруге болмайды.
Бұл мектепте және қоғамдык орындарда тәртіпті бұзушы психиқалық және
физикалық жағынан қалыпты бала. Көбінесе, ондай балалар бұл тәрбиелеуші мен
тәрбиеленуші арасындағы келіспеушілік жағдайдан тұрады. Кейде бұл
келіспеушілік шынайы қарама-қайшылықтардың соқтығысуынан, яғни бірін-бірі
түсінбеушіліктен туындайды. Бұл тұста өмір дамуының диалектикалық құбылыс
екенін түсіну керек, яғни өмірде қарама-қайшы нәрселер әркашанда кездеседі:
өмір мен өлім, дені сау мен ауру, қайрымдылық пен зұлымдық. Осылардың
қақтығысуынан және күрес нәтижесінде өмір дамуы жүреді, қоғам, ұжым және
адам дамиды.
Қиын бала атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген
балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін
тапқан жоқ. Адам өмірге келген сәттен бастап, ұлкен әлеуметтік ортаға тап
болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі ұшін көптеген факторлар
қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар
оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т. Холлдың
пікірі бойынша, бала толыққанды дамуы үшін, өз халқының сезімдері мен
көзқарастарын басынан өткеруі қажет. Бұны келтіріп отырған себебіміз,
баланың қиын бала атануына өз халқына тән мәдениетпен, салт-дәстүрмен
тәрбиеленбеуі де, ғылыми тілмен айтқанда, этнопсихологиялық ерекшеліктердің
ескерілмеуі де өз әсерін тигізуде.
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз,
жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын
әлеуметтің сипаттарынан, тәрбиелеу – оқыту үрдістерінен және солар ықпал
еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.
Балалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен
дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің
арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.
Баланың дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың
(бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі
құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін
қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түседі.
Әлеуметтік-педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш
жастан басталады, яғни балалық өзіндік санасының, мінез-құлқының ережеге
сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар
келеді.
Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен
көріністері жинақталып қалады, олардың белгілер жинақтары – психикаынң
интеграциясы арқылы сапалы пайда болуына айналады.
Ерте зерттеу, алдын алу, түзету жұмыстары тұлғалық дамуда олардың
алдын алу маңызына және балалық кезеңнің онтогенетикалық маңызына және
балалық жастағы тәрбиелеу әсерлерінің жоғары нәтижелі маңызына ие.

1.1.Қиын бала дегеніміз кім

Осы бір сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды және жалпы жұртшылыкты
жиі толғандырады, әрі оған бір-екі ауыз сөзбен жауап бере салу жет-
кіліксіз. Өйткені баланың қиын аталуы азғана уақыттың нәтижесі емес.
Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу, даму
эволюциясынан өтеді. Сол кездерде жанұядағы тәрбиеде кеткен кем-
шіліктер мен оқу-тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың калыпты
жағдайдан ауытқуына себепші болады. Атап айтқанда, ересектер тарапынан
баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі
тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл
бөлмеу сияқты кемшіліктер байқалмай кетіп жатады.
Әсіресе, отбасында калыптасқан микроклимат (жанұя мүшелерінің бір-
бірімен қарым-қатынасы, үй тіршілігін әркайсысының шама-шаркына қарай
бөлісіп аткаруы, адамгершілік қадір-қасиеті, қоршаған ортаға көзкарасы,
дүниетанымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет-дағдылары) баланың
мінез - құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп ықпал етеді. Өкінішке
орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс жанұя болса да,
бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары да кездеседі. Біраз
жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз кылықтар орын алады.
Ендеше қиын баланың пайда болуындағы объективтік және субъектив-тік
факторлар ретінде мынадай себептерді айтқан орынды. Біріншіден, біліммен
мәдени өресі төмен ата-аналар баласының ішкі жан-дүниесіне үңілмей,
педагогикалык заңдылыққа сыймайтын талап — тілек қояды, әрі оны сөзсіз
орындауын талап етеді. Бұл жердегі қателік балаға койылған талаптың оның
жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу-келмеуін ескермеуде.
Соның салдарынан бала жанүя ортасында адамгершілік қадір-қасиеттері мен
эстетикалық сезім - талғамдары, логакалық ой өрісі жағынан өмір талабына
сай өріс ала ал-майды. Оған дәлел, педагогикалық зерттеулердін қорытындысы
бойынша үнемі ұрыс - жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын
жанүяларда өскен балалардын 40-43 пайызы, ішім-дік орын алған ортада өскен
балалардың 30 пайы-зы, жезөкшелік пен моральға кайшы әдеттермен айналысатын
ата-ана өсірген балалардың 12 пай-ызы "қиын бала" аталады. Оларға тән
қасиеттер — дөрекілік, қатыгездік, ұрлық, жалкаулык, қикарлық, тағы баска
жағымсыз мінездер.
Көптеген ата-аналар өндірістік енбектен бала тәрбиелеуге қолы
босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің көпшілігі
баласынын кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын,
кімдермен бірге жүретінін біле бермейді. Еліміз-де енбекпен айналыспайтын
адам кемде-кем, өндірістік міндетін атқара жүріп тәрбиелі, іскер, білімді,
мәдениетті ұрпақ өсірген ата-аналар да мындап саналады. Олардан үйренетін
жақсы дәстүр—баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос
сенделуге жол бермеуі (музыка, спорт, түрлі үйірме жұмыстары), әрі үйдегі
үлкенді-кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортак мүдде үшін
міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеуі.
Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14
жасқа аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора-жолдастарымен оңаша сүхбаттасуға,
әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі басталады. Сондай сәтте жолдастары
кім, кай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп режимінде
белгіленген уакыттан аспау сиякты тәртіпті ескермеген ата-анаға баласын
уысынан шығарып алу қиын емес. Ал бетімен жүрген, әсіресе түн жарымға дейін
көше торыған қаңғыбастар қоғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді, немесе
баланың сондайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес.
Психологиялық зерттеу мақсатымен ата-аналарға кешкісін баласының немен
айналысуы жайында анкета жаздырғанда олардың 54 пайызы түнде баласының
қайда жүретінін білмейті-нін, 46 пайызы кешкісін жұмыстан шаршап ке-луіне
байланысты баланы күнделікті қадағалауға мүмкіндігі жоктығын мойындайды. Ал
"қиын" бала ретінде есепке алынғандардың бос уакытын калай өткізетінін
сұрағанда, үй шаруасына көмектесетіндері 5, сабақ әзірлейтіндері 3, спорт-
пен айналысатындары 1,5, театрға баратындары 13, көркем әдебиет оқитындары
9, кино көретіндері 64, бұзыктық жасайтындары 3 пайыз болып шықты.
Мектептегі оқу бағдарламасына ілесе алмай, үлгермеушілер санын көбейтетін
окушылардың 85 пайызы осындай "қиын" балалар екені анықталды. Сондай-ақ,
жанұя жағдайында баланын кұн режи-мі дұрыс ұйымдастырылмауы, сабаққа
әзірленуге мүмкіндік жасалмауы да үлгермеуге себепші бол-ды. Бүл мәселе
бірден-бір ата-анаға байланысты, солардан талап етілетін нәрсе. Мұғалімге
қатысты жағына келетін болсак, әр оқушынын өзіне тән табиғи, физиологиялық
және психологиялық ерекшелігін ескермеуден туады. Мәселен, кейбір оқушы оқу
материалын мүғалімнің түсіндіруінен, не окулықтан оқығанда ең негізгі ұғым
- түсініктерін тез қабылдаса, екінші біреулері түйінді деген мәселелерді
есте ұстауға тырысады. Енді біреулері оку материалдарын бірден есіне
қабылдай алмай, өте баяу, немесе үй тапсырмасын орындау ба-рысында ғана
түсінеді, не нашар түсінеді, немесе тез ұмытып қалады. Баланың мұндай
ерекшелігін әдістемелік шеберлігі күшті мүғалім байқай алады да, ерекше
тәсіл арқылы оның сабақты түсінуіне көмектеседі. Керісінше, баланы тек
ұрсу, ұялту арқылы жәбірлеп, жігерін күм етіп, оны үлгермеуші ғана емес,
окудан безінетін жағдайға душар ету де өмірде кездеседі. Оған ата-анасы
қосымша болғанда мектептен де, үйден де қаңқудан басканы естімейтін бала
тыныштық өмірді аңсап, бәрінен безіп шығады, сондайда көшедегі қаңғыбастар
арасынан орын табады. Демек, кей жағдайда "қиын" баланың пайда болуына
көбіне ересектердің өздері себепші болатынын да ескеру жөн.
Тағы бір айта кететін мәселе, ерлі-зайыптылардың ажырасуының бала
психикасына кдтты әсері, соның салдарынан әсіресе ұл баланын тәрбиесіне
нұқсан келуі.
Алдында үлгі - өнеге алатын, сырласатын, үлкен адамға тән қадір-
қасиет, жүріс-тұрыс, мәнері мен әдеттерін үйренетін, шаруашылыққа
икемдейтін әкенін рөлі ер балаға ауадай қажет. Оның жетіспеуі көнілін
кұлазытып, ананың талап-тілектерін құлықсыз орындауға, немесе жүре
тындауға, томаға-тұйықтыққа, оқушылар ұжымынан оқшаулануға душар етеді.
Осындай көңіл-күйдегі ер бала өзін жұбатудың жолын темекі тартудан, шарап
ішу-ден, бос қыдырудан іздейді. Сөйтіп барып мектеп тәртібін бұзып кана
қоймай, теріс жолға икемделуі де ғажап емес.
Ата-аналар көңіл аударатын мәселенің бірі — жанұяда бір, не екі,
немесе көп бала болудың тәрбие ісіндегі орны. Белгілі педагог А.С.
Макаренко жанұяда жалғыз баланы тәрбиелеуден бірнеше баланы тәрбиелеу
әлдеқайда жеңіл екенін дәлелдеген. Өйткені көп балалы үйде ұжымдық, бір-
бірімен санасу сиякты жанұя дәстүрі ұсталып, тәрбие жүйесі жинақталады.
Ағалы-карындасты, інілі-сіңлілі бауырластар біріне-бірі көмектесіп, сүйеніш
болу арқылы бауырмалдык сезімде, шаруаны бөлісіп атқару арқылы ұжымшыл
ниетте, бір-бірлерінің кемшілігін көргіш, жақсы өнегесінен үйреніп өседі.
Ал жанүядағы жалғыз бала менменшіл, өркөкірек, ішінара еңбекке құлқы жоқ,
енжар жан болып калыптасады. Мүндай балалар алдауға тез түседі, "алақаны
ашық", керек болса жолдастарына қажет нәрсені үйінен тасып береді. Сөйтіп
жүріп "қиын" балалардың ықпалына түсіп қалады.
Енді осындай жолдармен "қиын" бала аталғандарды қайта тәрбиелеуге бола
ма деген мәселе төңірегінде ойымызды ортаға салған да жөн шығар.
1.2.Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
Әлеуметтік педагогикада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қиын балалар мәселесін туындататын негізгі себептер
Қиын мінез-құлықты жеткіншек психологиясының өзіндік ерекшеліктері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Психологиядағы зерттеу әдістері
Қиын балалар
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ пәні бойынша
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Пәндер