Коммерциялық банктерде несиелік процестерді ұйымдастыру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Коммерциялық банктерде несиелік процестерді ұйымдастыру.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ι. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Несие түсінігі, мақсаты және жіктелуі.

1. 2 Коммерциялық банктердің несиелендіру процесін ұйымдастыру шарттары.

1. 3 Несиелік процестерді жүргізудің әлемдік тәжірибесі.

ΙΙ. АҚ «КАСПИЙСКИЙ БАНК» МЫСАЛЫНДА БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ.

2. 1 АҚ «Каспийский банк» - тің несие түрлері және несиелік процесі.

2. 2 АҚ «Каспийский банк» - тің ипотекалық несиеге қойылатын талаптары.

2. 3 Несиелік процестің қаржылық көрсеткіштерін талдау.

ΙΙΙ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРЕ ЖОЛДАРЫ.

3. 1 Коммерциялық банктердің несиелік процестерінің кемшіліктері.

3. 2 Несиелік процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар.

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Коммерциялық банктер несиелік процесті ұйымдастыру барысында көптеген операцияларды жүзеге асырады. Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі несиелік процестің теориялық негізінде жазылды. Онда: несиеге жалпы түсінік, несиелік процестің алғы шарттары және несиелік процестің әлемдік тәжірибесі туралы жазылған.

Несиелік процестің барлық жан-жақты проблемалары зерттеліп, қаралды. Несиелік процесті зерттеу барысында таным әдіс ретіндегі теорияның ролі ерекше. Несиелік процес туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттілігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтерімен заңына қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланытындығы байқалады.

Әлемде экономикалық дамудың үш орталығы бар, олар: АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония. Төртінші орталық болып - Шығыс Азия қатарға қосылып келеді. Бұл орлақтарда несие процесінің қуатты нарықтары бар. АҚШ - тың несиелік процесі олардың ең қуаттысы болып есептеледі. Ол барлық сегменттердің тармақталуымен және дамығандығымен ерекшеленеді.

Батыс және Еуропаның 24 - тен астам дамыған елдерін қамтитын Еуропа Одағы АҚШ - тан несие нарығының операцияларымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.

Егер Қазақстанның несие процесіне тоқталсақ, онда оның сегменттері әр түрлі деңгейде екенін, сондай - ақ ол енді-енді қалыптасып келе жатқанын айтуға болады. Мысалы, Қазақстанда несиелік процестің жеке қорланымы банк жүйесінде жақсы дамығандығын көрсетеді. Қазақстанда несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен үкіметі ақша-несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994-1997 жж. өршіген инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.

Дипломдық жұмыстың актуалды проблемаларының бірі болып, Қазақстандағы коммерциялық банктердің несиелік процесін жетілдірудің жолдары, сонымен қатар несиелік заңдардың, реформалардың үкімет тарапынан дұрыс қадағаланып отыруы толық ашылған.

Дипломдық жұмыс АҚ «Каспийский банкінің» мысалында жазылды. Мысалға алынған банктің несиелік процесі, несие беру технологиясы, несие түрлері, әр несие түрлеріне берілетін жеңілдіктер және олардың несие беру процестері туралы екінші бөлімінде АҚ «Каспийский банк» - тің несиелік процесі толық қамтылды. Сонымен қатар, АҚ «Каспийский банк» - тің несиелік процесіне қаржылық талдау жасалды.

АҚ «Каспийский банкінің» Қазақстан Республикасында алдыңғы орындағы банктер қатарына кіруінің негізі, бұл банктің халыққа көрсететін қызмет түрлерінің қолайлы және өте тиімді болуымен байланысты. Соның ішінде, ақша аудару қызметі. Ресейдің Москва және Сібірдің 30 дан астам қалаларына 1 сағат ішінде жедел, сонымен қатар, арзан жеткізілуімен ерекшеленеді.

АҚ «Каспийский банкі» 1991 жылдан бастап көптеген қызмет түрлерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызмет түрлеріне берілетін барлық лицензияларына ие болуы жоғарғы дәрежелі көрсеткішті көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма төрағасының 2 желтоқсан 2003 жылдағы № 408 шешіміне сәйкес «Банк Каспийский» халықтық Акционерлік Қоғам атағына ие болды.

«Каспийский банкі» аймақтық жүйенің көлемі бойынша еліміздегі банктердің ішінде 6-шы орын алады. Қазінгі таңда 41 филиалы және 100 есеп-айырысу бөлімшесі халыққа қызмет көрсетуде.

Дипломдық жұмыс жазу барысында, банк несие алушы тұлғаға бастапқы тексеруді өткізудің қорытындысы бойынша несие беруге міндетті емес екендігін түсіндім. Несие алушының төлем қабілеттілігі мен несиенің қабілеттілігі туралы мәліметтер толық және шынайы болған жағдайда ғана банк несие беруі мүмкін. Коммерциялық банктер несие беру келісімшартын, клиенттке қойылатын талап шарттарды, кепілге қойылып отырған мүліктің барлық құжатын тексере отырып, мүлікті бағалау компанияларына жіберіпгеннен кейін барып банктің несиелік комитеті несие беруге деп ұйғарған жағдайда беріледі.

Экономикаға барабар үйлесімді ақша-несие қарым қатынасын жасау жойылған обьективті принциптердің қалпына келу жолымен: көптеген жүзжылдықтар ағымында жиналған есеп пен ақша айналымының, несиелендірудің, ақша мен несиенің экономикалық категорияларының жұмыс істеуі мүмкін.

Жаңа банк механизмінің құрылуы өркениетті әлемде қабылданған және нарықтық қаржы құрылымының көп ғасырлық тәжірибесіне сүйенген коммерциялық банк міндеттемелерінің өзіне тән қалпына келуін талап етеді. Сондықтан, шаруашылық дамудың әр түрлі жағдайына бейімделіп, өзінің тиімділігін әйгілеп көрсеткен, бәсекелік күрестің қатал жағдайында ұзақ тарихи іріктеудің өнімі болып табылатын несиелендіру мен есеп айырысудың, ақшалай қаражатты жұмылдыру формаларын шетел тәжірибесінен терең әрі тиянақты үйренудің мәні зор.

Ι. Коммерциялық банктерде несиелік процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері.

1. 1 Несие түсінігі, мақсаты және жіктелуі.

Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар мемлекет те, үкімет те, жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау бір тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді. Осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан бұған негіз де бар сияқты. Себебі қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде, бірақ бұл жерде ақша мен несие әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

НЕСИЕ - бұл пайыз төлеп қайтару шартында, уақытша пайдаланылған қарызға берілетін ссудалық капитал қазғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасында несиелік қатынас бейнеленеді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары, табыстары, экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның бұл формасы несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттердің көрінісі. Несиенің формаларына мыналар жатады :

Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауарлы немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыру. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіп капиталымен біріккен, ал оның мақсаты тауарды өткізуді жылдамдату. Коммерциялық несиенің сақталуының негізгі себептерінің бірі - тауарлардың ұдайы жеткізілуін талап ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі. Кемшіліктері: уақыт шектеулілігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады.

Банктік несие - бұл банктердің арнайы несие қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғалады. Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Банктік несие қоғамның барлық тараптарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді. Банктік несие әмбебап болып келеді.

Тұтыну несиесі - бұл тұғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті: тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты. Бір жағынан - тауар айналымының ұлғайуымен несиенің көлемі де өседі, өйткені, тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады. Екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі, төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Несиенің бұл түрін әртүрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді.

Ипотекалық несие - Заттай немесе тауарлы материалды құндылықтарды алатын несие Бұл несие ұзақ мерзімді несие болып табылады. Оларға, көбінесе, жылжымайтын мүліктер жатады.

Халықаралық несие - бұл бір елге немесе сол елдің кәсіпорындары жеке тұлғаларына, банктеріне басқа бір ел немесе сол елдің субъектілері арасында болатын несиелік қатынастың жиынтығы. Елдегі сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық несие жүйесімен айналысатын көптеген органдар қызмет атқарады. ОЛАР: Халықаралық валюталық қор, Халықаралық даму және реконструкциялау банкі ( жаңарту) , Ислам даму банкі, Азия даму банкі, Халықаралық қаржылық корпорация.

Халықаралық несие келесі түрлерге бөлінеді:

1) несие түрлеріне қарай: тауарлы және валюталық;

2) қарызға алған валютасына қарай : қарыз алушы елдің валютасында, қарыз беруші елдің валютасында, халықаралық валютада;

3) мерзіміне қарай: қысқа, орта және ұзақ.

Халықаралық мемлекеттік несие субъектілері : мемлекет пен барлық елдің заңды тұлғалары халықаралық несиені пайдалана отырып, әр бір мемлекет экономикасының дамуына сыртқы саудасының өсіміне ықпал етеді.

Мемлекеттік несие - заңды және жеке тұғалардың қалыптасатын несие қатынастарының жиынтығы болып табылады. Мемлекеттік несие 2 түрлі қызмет атқарады : 1) бөлініс; 2) өңдеушілік.

Бөлініс функциясы - кезінде мемлекеттік несие кейінгі қайтарымға байланысты ақша қорының қайта бөлінуін орындайды. Мемлекеттік несиені пайдалана отырып, сол мемлекеттегі көптеген шаруашылық субъектілерді өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларын дұрыстай алады.

Өңдеушідік функциясы - арқылы мемлекет өзі экономикасы әлсіз кәсіпорынға несие бере отырып, өз экономикасын реттеп алады.

Мемлекеттік несие келесі түрлерге бөлінеді:

1) ішкі несие; 2) сыртқы несие ( халықаралық несие) ; 3) шартты несие.

Ішкі несие кезінде - несиелік қатынастар үкімет жергілікті органдар шаруашылық субъектілері тұғындар арасында бір мемлекеттің арасында жүреді.

Сыртқы несие - бір мемлекет пен екінші мемлекет арасында ақшалай және тауарлай түрде жүретін несие. Несие беруші мемлекет донор мемлекет деп аталады, несие алушы мемлекет реципиент мемлекет деп аталады.

Шартты мемлекеттік несие кезінде басқа елдерден Отандық кәсіпорындар мен ұйымдар несие алады және ол кәсіпорындар несиені қайтара алмаған жағдайда мемлекет қарызды уақытша өзі төлеуге міндеттеме алады.

Мемлекеттік несиенің негізгі түрі - мемлекеттік қарыздар қайтару мерзіміне қарай : 1) қысқа мерзімді (1жылға дейін) ; 2) орта мерзім ( 1 - 5 жылдар ) ; 3) ұзақ мерзім ( 5 жылдан жоғары) . Бұл процестің барлығы ҚР - ның «Мемлекеттік және мемлекетпен кепілденген қарыз және несиелендіру туралы» заңмен реттеліп отырады.

Несиенің экономикадағы орны мен ролі оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтер атқарады:

1) қайта бөлу; 2) айналыс шығындарын үнемдеу; 3) айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру; 4) капиталдың шоғырлануын жеделдету; 5) ҒТП - ті жеделдету.

Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы, қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы яғни нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзінде іске асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттың түсуі жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржы ресурстарына деген қажеттілікті туындатады. Мұндай жағдайда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге мүмкіндік жасайды.

Қазіргі кездегі шаруашылықта айналыстағы нақты ақшалардың орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызмет іске асу барысында тек тауар айналысын емес сондай - ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чек, несиелік карточкалар, банкнота, вексель.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешу несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ҒТП жеделдету қызметі ҒТ - лық ұйымдардың қызметін қаржыландыру мен сипатталады. Сондықтанда несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының жұмысын жасау қиынға түседі. Сондай ақ несие өндіріске ҒТ - ды жаңалық ретінде енгізу үшінде аса қажет болып табылады

Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ, қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субьектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады.

Несиелеу обьектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Несиелеу обьектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымының міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық - түліктер және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

Несиелеу обьектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субьектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Ұзақ мерзімді несиелеу обьектілеріне жататындар мынадай түрдерге бөлінеді:

  • өндіріс обьектілерінің құрылысы;
  • өндіріс обьектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
  • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
  • жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
  • өндірістік емес маңызы бар обьектілерді салу.

Қазіргі кезде, екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несие жатады.

Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

  • Автомабильдік несие;
  • Ұзақ мерзімде пайдалынылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
  • Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
  • Кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және т. с. с. ) берілетін несие.

Мұнда автомабильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомабильдерді банк көмегімен алуға болады.

Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

  • Жиһаз;
  • Сантехника;
  • Аудио-видио және тұрмыстық техникалар;
  • Компьютерлер және оргтехника;
  • Басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

1. 2 Коммерциялық банктердің несиелендіру процесін ұйымдастыру шарттары.

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы обьективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберіде қатынасу нәтижелілігі және т. б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:

1 - топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

  • Несиенің мақсаттылығы;
  • Несиенің дифференциалдығы.

2 - топқа - несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:

  • Несиенің мерзімділігі;
  • Несиенің қайтарымдылығы;
  • Несиенің төлемділігі;
  • Несиенің қамтамасыз етілуі.

Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішіндегі келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындалады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды.

Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы - ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.

Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.

Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.

Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:

  • Орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
  • Банкаралық несие бойынша орталық сыйақы мөлшерлемесі;
  • Өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшерлемесі;
  • Банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соншалықты қымбат болуға тиіс) ;
  • Несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады) ;
  • Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
  • Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақы да жоғары болуы тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің валюталық тәуекелін талдау
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Банктегі несиелік процестер жайлы
Банктегі несиелік процестер
Экономиканың дамуындағы банктердің ролі туралы
«Казкоммерцбанк» ақ-ның несиелік процесті орындау тәжірибесіне талдау жасау
«Нұрбанк» АҚ-ның қаржылық қызметін талдау
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Қазақстандық банктердің маркетингтік стратегияларының бәсекелестігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz