Туберкулез патоморфозы



1. Кіріспе
1) Туберкулезге жалпы сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім
1) Туберкулездің этиологиясы
2) Туберкулездің патогенезі
3) Патологиялық анатомиясы
ІІІ. Қорытынды
1)Туберкулездің клиникалық.анатомиялық түрлері
Туберкулез созылмалы инфекциялық сырқат, ол өкпеде және басқа ағзаларда тек өзіне тән морфологиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады. Туберкулез латынша-tubercula-төмпешік, бұдыр деген мағынаны білдіреді. Осы аурумен сырқаттанған кісілерді ашып көргенде өкпесінде әртүрлі төмпешіктер табылған.
Туберкулез қазіргі күнге дейін кең тараған жұқпалы аурулардың бірі болып отыр, оның Қазақстан Республикасы үшін маңызы өте зор. 1993 жылы Қазақстанда 100000 халыққа шаққанда көрсеткіш165,1 жетті. Халықаралық ұйымдар мәліметінше 100000 адамның 50 адам ауырса, бұл ауру эпидемия болып саналады. Тек 2002 жылы Қазақстанда туберкулезден 3592 адам өлген. БДҰ мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі туберкулезбен аурушылар саны 15-20 млн. Әр жылы туберкулезден шамамен 3 млн. Адам өледі.
1.Абдуллаходжаева М.С. Основы патологии человека Ташкент 1997.

2.Ахметқалиев С.Г. Қамбаров Ж.А. Клиникалық морфологияға кіріспе. Ақтөбе,1999.

3.Саркисов Д.С., Пальцев М.А., Хитров Н.К. Общая патология человека. М. : Медицина,1997

4. Струков А.И., Серов В.В. патологическая анатомия 4-еизд. М.: Медицина, 1995.

5.Цинзерлинг А.В., Цинзерлинг В.А. Патологическая анатомия. Санкт-Петербург,1996.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Туберкулез патоморфозы.

Туберкулез созылмалы инфекциялық сырқат, ол өкпеде және басқа
ағзаларда тек өзіне тән морфологиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады.
Туберкулез латынша-tubercula-төмпешік, бұдыр деген мағынаны білдіреді. Осы
аурумен сырқаттанған кісілерді ашып көргенде өкпесінде әртүрлі төмпешіктер
табылған.
Туберкулез қазіргі күнге дейін кең тараған жұқпалы аурулардың бірі
болып отыр, оның Қазақстан Республикасы үшін маңызы өте зор. 1993 жылы
Қазақстанда 100000 халыққа шаққанда көрсеткіш165,1 жетті. Халықаралық
ұйымдар мәліметінше 100000 адамның 50 адам ауырса, бұл ауру эпидемия болып
саналады. Тек 2002 жылы Қазақстанда туберкулезден 3592 адам өлген. БДҰ
мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі туберкулезбен аурушылар саны 15-20 млн.
Әр жылы туберкулезден шамамен 3 млн. Адам өледі.

Этиологиясы. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет француз
дәрігері Вильман (1865) анықтаған болатын. Ол теңіз шошқалары мен үй
қояндарына туберкулезден өлген адамдардың ағзаларынан алынған материалды
егіп, осы жануарларда туберкулезге тән өзгерістер дамитындығын көрген. 1882
жылы Р.Кох науқас қақырығынан туберкулез қоздырушыларын тапты.
Микробактериялардың адамда, ірі қара малдарда, құстарда және салқын
қандыларда туберкулез қоздыратын түрлері бар. Адам туберкулезін осы
бактериялардың ьбірінші және екінші түрлері қоздырады. Инфекцияның қайнар
көзі науқас адам. Ауру негізінен тыныс жолдары арқылы да жұғады. Тамақ
арқылы да жұғуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік аймақтарында және Батыс
Сібір ірі қара мал арасында туберкулездің кең таралуына байланысты осы
аурумен ауыратындардың 10-20 %-на туберкулез жоғарыда айтылған алиментарлы
жолмен жұғады. Кейбір жағдайларда кәсіпке байланысты туберкулез организмге
жарақаттанған тері арқылы өтеді. Өте сирек жағдайда анадан бала жолдасы
арқылы балаға өтуі мүмкін.

Патогенезі. Туберкулез патогенезі макро- және микроорганизмнің өзара
қарым-қатынасына байланысты. Микробактерияның вируленттігінің, оның
организмде көп мөлшерде түсуінің маңызы зор болғанымен де организмнің
иммундық жағдайда шешуші рөлді атқарады. Организмнің қорғаушы күштерімен
микроорганизмнің патогенді арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда ғана
туберкулез дамиды. Кейбір жағдайларда туберкулез микробактериялы жергілікті
өзгерістер шақырмай-ақ организмге енуі мүмкін. Бұл күйді латнтті микробизм
деп атайды. Клиникада ол туберкулез интоксикациясымен көрінеді. Егер
организмнің реактивтігі жеткілікті болса, туберкулез микробактериялары
бүтіндей жойылып, ауру әрі қарай дамымайды.

Туберкулез дамуында гуморалды иммунитеттің рөлі толық анықталмаған.
Антиденелер антигеннің тіндерге шөгіп қалуына, осы жерде некроз ошақтарының
дамуына соқтырады. Антиденелердің өте көп түзілуі туберкулез дамуына кері
әсер етеді деген мәліметтер бар.

Патологиялық анатомиясы. А.И.Струков (1947) туберкулездің төмендегі
клиникалық-анатомиялық түрлерін ажыратады: біріншілік туберкулез,
гематогенді туберкулез және екіншілік туберкулез.

Біріншілік туберкулез организм туберкулез инфекциясымен алғаш рет
кездескенде пайда болады. Әдетте ол әлсіз балаларда және әртурлі срзылмалы
сырқаттармен ауыратын ересек кісілерде кездеседі. Балалар туберкулезі
негізінен біріншілік туберкулезге жатады.
Микобактерияның организмге неген жерінде біріншілік туберкулез кешені
дамиды. Ауру көбінесе ауа арқылы жұғатындықтан ол негізінен өкпеде, кейде
ішекте, бадамша бездерде, ортаңғы құлақта, көздің шырышты қабығында
кездеседі.
Біріншілік туберкулез комплексі үш құрамнан тұрады: 1. Өкпедегі
алғашқы ошақ (алғашқы аффект) 2. Әкетуші лимфа тамырларының
қабынуы(лимфангит) 3. Аймақтық лимфа бездерінің қабынуы (лимфаденит).
Алғашқы аффект әдетте оң жақ өкпенің 111 сегментінде, плевра астында
пайда болады. Өкпеге түскен туберкулез микобактерияларын әкелі лейкоциттер,
одан соң макрофагтар обып алады. Осы жерде эпителиомдты, кейін көпядролы
алып жасушалар пайда болады. Осылайша дамыған туберкулез төмпешіктерінің
арасында, микобактериялар өнімдерінің улы әсерінде организмге жоғары
сезімталдықтың жедел түрі дамуына байланысты некроз ошағы және экссудативті
қабыну пайда болады. Демек, алғашқы аффект деп казеозды пневмония ошағын
және оның айналасында дамыған арнайы емес қабынуды түсінеміз. Альвеола
қуысында серозды экссудат, көшіп тіскен альвеола эпителиі көрінеді.
Құрамында күміс бар бояулармен бояғанда казеозды некроз ошағында альвеола
мен қан тамырларының аргирофилді каркасы жақсы анықталады, яғни некроз тек
пневмонияға байланысты экссудат арасында ғана болады. Осы ошақтардың көлемі
әртүрлі, кейде тіпті өкпенің бір бөлігін түгелдей қамтиды. Қабыну плевраға
жиі өтіп серозды-фибринозды немесе таза фибринозды плеврит дамиды, оның
нәтижесінде плевра қуысында жабыспалар пайда болады.
Біріншілік аффектен туберкулез лимфа арқылы таралады. Лимфа тамырларын
бойлай туберкулез төмпешіктері еөрінеді, яғни туберкулезді лимфангит
дамиды.

Аймақтық лимфа бездерінде алғашында реактивті арнайы емесэкссудативті
реакция өрістейді, олар тез арада некрозбен және аумақты казеозды
лимфаденитпен алмасады.
Біріншілік туберкулездің нәтижелеріне: 1) оның толық жазылуы; 2) әрі
қарай өршуі; 3) созылмалы түр алуы кіреді. Біріншілік туберкулез кешені
көбінесе толығымен жазылып кетеді де оның орнында Гон ошақтары қалады. Осы
аралықтағы өзгерістер: казеозды пневмония ошағындағы экссудация үрдісінің
азайып соған сәйкес некроз ошағының кішірейуінен басталады. Туберкулез
ошағының айналасындағы жасушалы аймақтан дәнекер тінді капсула түзіледі.
Оның пайда болуында эпителиоидты жасушалар қатынасады. Туберкулез ошағы
ескірген сайын жасушалар саны азайып, дәнекер тінді капсула гиалинозданады.
Некроз ошақтарының казеозда масаға кальций тұздары шөгіп олар әктенеді.
Кейде метаплазия жолымен сүйекке айналады. Осы өзгерістерді Гон ошақтары
деп атайды. Ал лимфа түйіндеріндегі казеозды ошақ өкпедегі ошаққа қарағанда
әрдайым көлемді болады, сондықтан жазылуы біраз баяу өтеді және өкпедегі
өзгерістер толық жойылып кеткен жағдайда да олар өз белсенділігін
жоғалтпауы мүмкін. Лимфа түйіндерінде өте әлсіреген микобкатериялар,
олардың жеке бөлшектері, кейде олардың жеке бөлшектері, кейде олардың L-
формалары ұзақ уақыт сақталып қалады. Олардың маңызы мынада: біріншіден,
тіршілігі сақталған миеобактериялар организмде иммунитет жағдайын қолдап
тұрады, себебі туберкулездегі иммунитет инфекчияға байланысты иммунитет.
Екінішіден, микобактериялар организмде бүтіндей жойылып кеткенде
туберкулезбен қайта ауру қаупі төнеді, бұл жағдай кәрі кісілерде кездеседі.
Үшіншіден, осы микробактериялар организм реактивтігі төмендегенде
туберкулездің қайта қозу көзі болып табылады.

Организм үшін қолайсыз жағдайларда біріншілік туберкулез одан әрі
қарай дамып, геметогенді, лимфогенді және аралас жолдармен тарала бастайды.
Кейде туберкулез ошағының өршуі алғашқы аффектің үлкеюіне байланысты
болады. Туберкулез гематогенді жолмен жиі таралады, оның ерте ірі ошақты
және кеш, майда ошақты түрлерін ажыратады. Ірі ошақтардың үлкендігі
бұршақтай, олар өкпеде, сүйектерде, мида бірлі*жарымды казеозды некроз
ошақтары түрінде көрінеді. Өкпенің ұшында Симон ошақтары, мидың
қабықтарында туберкулезді қабыну дамиды. Милиарлы ошақтар әдетте өкпеде
көрінеді. Лимфогенді генерализация нәтижесінде туберкулез бір лимфа
түйіндерінен екіншілеріне өтеді.
Алғашқы аффектің өсуі экссудативті реакцияның басымдылығына
байланысты. Осы аймақ кпзеозды некрозға ұшырап алғашқы аффектің көлемі
ұлғаяды, кейде өкпенің бүтін ьір бөлігін алады. Некрозды заттар бронхтан
бөлініп шыққанда алғашқы каверна пайда болады.
Алалас генерализация деп туберкулездің бір мезгілде бірнеше жолдармен
таралуын айтады.
Туберкулездің созылмалы түріне науқас кейде сауығып, кейде қайтадан
ауырып отырады. Әртүрлі лимфа бездерінде. Түрлі морфологиялық өзгерістер
көрінеді: біреулерінде петрификация құбылысы басым болса, екіншілерінде
некроз ошақтары табылады.

Гематогендік туберкулез біріншілік туберкулезден кейін дамитын
құбылыс. Туберкулез организмде гематогенді, лимфогенді немесе бронхогенді
жолдармен тарайды.
Клиникада гематогенді туберкулездің: 1) генерализацияланған;2) өкпе
зақымдануының басымдығымен;3) өкпеден тыс ағзалардың зақымдануымен
сипатталатын түрлерін ажыратады.
Клиникада гематогенді туберкулездің генерализацияланған түрі аса
ауыр, сепсис түрінде өтеді. Бұл кезде әртүрлі ағзаларда өте майда
некрозданған төмпешіктер, тары үлкендігіндей туберкулездер көрінеді.

Өкпедегі өзгерістер жедел немесе созылмалы милиарлы туберкулез
түрінде, кейде ірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез(тарихы, этиологиясы, патогенезі, түрлері, диагностикасы, емі, алдын алу)
Құрсақішілік туберкулез инфекциясы
Туберкулез ауруы оның түрлері
Туберкулез – проблемалы инфекция
Туберкулездің жалпы сипаттамасы
Балалардағы өкпе туберкулезі
Туберкулез ауруы. Кезеңдері
Туберкулез ауруының негізгі себептері
Туберкулез – проблемалы инфекция. Аспектілері
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Пәндер