АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
Халықтың табысын квинтильдік топтар бойынша бөлу.
Пайызбен
Халықтың табыс үлесі
соның ішінде халықтың 20 пайыздық топтары бойынша
бірінші (табысы ең төмен)
екінші
үшінші
төртінші
бесінші (табысы ең жоғары)
100, 0
7, 7
12, 3
16, 4
22, 5
41, 0
100, 0
7, 3
11, 6
16, 3
23, 0
41, 9
100, 0
7, 7
11, 9
16, 3
22, 7
41, 4
100, 0
7, 9
12, 2
16, 7
23, 1
40, 0
100, 0
8, 4
12, 4
16, 8
22, 9
39, 6
Атаулы және нақты жалақы мен тұтыну бағаларының индекстері
Жыл сайын материалдық игіліктерді өндіру саласында қоғамдық жиынтық өнім жасалады, ұлттық табыс құрылады. Ұлттық табыс экономикалық және әлеуметтік прогрестің негізгі көзі болып табылады. Ол ең әуелі макроэкономикалық деңгейде өндіріс факторларының арасында бөлінеді, ондай бөлуді табыстың функциональды бөлінуі деп атайды. Ондай факторларға еңбек, капитал (ақшалай, немесе өндірістік) және жер жатады. Микроэкономика, яғни кәсіпорын (фирма) және әр түрлі шаруашылық ассоциациялары деңгейінде оларға сәйкес табыстың негізгі нысандары құрылды: еңбекақы (жалақы), пайда, процент және рента.
Еңбек ақы (жалақы), оны ұйымдастырудың нарықтық экономика жағдайындағы ерекшеліктері неде? Біріншіден шүбәсіз анық нәрсе - ақы төлеуде еңбектің саны мен сапасының бағалануы міндетті. Дегенмен ол негізгі анықтауыш фактор бола алмайды. Нарық жағдайында жалақының мөлшеріне өнім өткізудің көбеюі немесе азаюы, кәсіпорын (фирма) жұмысының түпкі нәтижесінің көрсеткіші белсенді түрде әсер етеді. Жұмыс берушілер мен жұмысқа жалданушылардың келісімі бойынша жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты болатын өзгерістер түзету коэффициентіне енгізіледі, сөйтіп кәсіпорынның жалпы жұмысының нәтижесінде атқарған ролдеріне қарай оның дербес буындарына, жеке жұмысшы - қызметкерлеріне берілетін қосымша ақылардың, сыйлықтардың және көтерме ақылардың шамасын анықтайды.
Нарықтық экономика жолына түскенелдерде осы көрсетілген табыс екі үлкен топқа бөлінеді: 1) еңбек етуден және кәсіпкерлік қызметтен түскен еңбекпен табылған табыс; 2) заңды негізде алынатын, бірақ еңбексізтабылған табыс. Оған дивиденттер, банкке салынған ақша бойынша проценттер меншіктен түсетін табыстар, соның ішінде қозғалмайтын мүліктерді жалға беруден де, осылармен бірге тікелей еңбектің шығынынан тәуелсіз мемлекеттен алынатын жәрдем ақшалар мен төлемдер (зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа байланысты және көп балалы жанұяларға берілетін жәрдем ақша) жатады. Бұндай табыстың мөлшері әртүрлі елдерде бірдей емес және ол шаруашылық конъюнктурасынан, кәсіпкерлік қызметтің жетістіктерінен, тағы басқа факторлардан тәуелді болады.
Қазақстан Республикасында да нарыққа өту кезеңіне арналған табысты құру, бөлу және пайдалануға байланысты шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы мемлекет иелігінен алу мен шекешелендірудің ұлттық бағдарламасында, жаппай жекешелендіру барысында Республика халқына жекешелендірудің инвестициялық купондарын кәсіпорындардың акцияларын сатып алатын инвестициялық жекешелендіру қорларының акцияларына айырбастау жолымен меншік құқығын иелену және меншіктен түсетін табысты алу мүмкіндігі беріледі. Өтпелі кезеңде әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асыру мақсатында жекешелендірудің инвестициялық купондары республиканың барлық тұрғындары үшін бірдей мөлшерде есептеледі, ал ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар үшін белгіленген тәртіппен есептелген жекешелендірудің инвестициялық купондарының сомасына 1, 2 арттыру коэффициенті енгізіледі.
Сонымен бірге нарыққа көшу жалдамалы еңбекке ақы төлеу жүйесін реформалау қажеттігіне туғызып отыр. Қазақстан Республикасының «Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасында» еңбекке ақы төлеудің ең аз деңгейі бойынша мемлекеттік кепілдіктер біртұтас тариф кестесімен мамандықтардың жалпы республикалық біртұтас жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылсын және оның нақты деңгейі біртұтас тариф кестесінде көзделген деңгейден төмен бола алмайды деп көрсетілген.
Табыс тек қана жоғарыда көрсетілген көздермен шектелмейді. Қандай да болмасын нарықты экономикада маңызды бөлігі болып есептелетін орнын толтыру төлемдерінің белгілі бір жүйесі болады. Себебі, нарықтық экономикаға көшу сөзсіз болатын адамдардың, әлеуметтік қатерінің өсуіне, ал ол түптеп келгенде халықтың өмір сүру деңгейі бойынша жіктелуіне, бірсыпыра адамдардың баюына және тұрғындардың кейбір топтарының әсіресе аз қаржымен қамтылған бұқара топтарының, зенеткерлердің, мүгедектердің, балалардың кедейленуіне, тіпті қайыршылануына әкеліп соқтырады. Сондықтан да тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың сенімді жасау қажет (еске сала кетейік, ондай механиз бірінші рет 1883 жылы Германияда жасалған болатын) . Бұл арада әңгіме қоғамдағы қалыптылықты бұзатын жұмыссыздық, инфляция, тұрғындардың кедейлігі сияқты факторларға қарсы әрекет ететін экономикалық, құқтық және әлеуметтік кепілдіктерінің заңды жолмен бекітілген тұтастай жүйесі туралы болып отыр. Ескеретін бір жайт - тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы. Олардың масылдығы, табыстарды бөлуде теңгермешілдікті тудырмауы керек. Осының есебінен, Қазақстан мемлекеттік көмекті ақылға сыйымды етіп қысқарту және бөлінген қаржыны неғұрлым тиімді пайдалану көзделіп отыр.
Қазақстан тұтыну қоржынының құрамы мен құрлымына 200-ден аса тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Дамыған елдерде, кедейліктің шегін көрсететін ең төменгі тұтыну бюджетіне 300-ден аса тауарлар мен қызмет аттары кіреді екен. Республиканың мемлекеттік статистика басқармасының мәліметі бойынша 1993 жылдың 1 сәуірінен ең төменгі тұтыну бюджетінің құны 4500 сом құрады. Ал соның өзі, жыл басына шаққандағы табысы 4500 сомнан кем келетін халықтың 71 процентіне қол жеткісіз болып отыр. Республиканың кәсіподақ федерациясының Кеңесі көрсетілген ресми мәліметтер барынша төмендетілген деп есептей отырып өздерінің есебін жасады. Оның есебі бойынша, ең аз тауарлар мен қызметтер жиынтығы 14000 сом құрайды екен. Мемлекеттік статистика басқармасы жүргізген 6 мың жанұяның бюджетін тексерудің нәтижесі - 1992 жылдың аяғына қарай, сол жылдық бірінші кварталымен салыстырғанда, халықтың ақшалай табысының 43 проценті (199 жылы - 35 процент) азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсалған екен, ал олардың киіс тіктіру қызметіне деген шығыны 2 есеге, теледидарды жөндеуге, шаштараздарға және прокат орындарына - 1, 5 есе азайған. Бұл әлеуметтік қорғау саясаты бойынша қабылданып жатқан шаралардың, шын мәнінде, бағаның шексіз өсуінің нәтижесінде лезде құны түсетінін көрсетеді. Осыдан мынадай сұрақ туады: әлеуметтік күнелту миниумын түзетуді талап ететін өмір сүру құнының деңгейі қалай өзгеруі керек?
Батыс елдерінің тәжірибесінде өмір сүру құнының жыл бойына +- 5 процентке өзгеруі қалыпты құбылыс деп есептеледі. Егер, ол көрсеткіш 5 проценттен асып кетсе үкімет жалақы мен жәрдем ақшаны көбейтуге, немесе салықтарды азайтуға мәжбүр болады. Осыған байланысты дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып жүрген табыстарды индекстеудің екі негізгі нысанын көрсетейік: а) автоматты, б) жартылай автоматты, кейде оны шартты деп те атайды. Бірінші нысан бойынша шығынның орнын толық толтыру мақсатында еңбекақы бағаның өсу индексіне пропорциональды көбейтіледі. Бірақ еңбекақының бұлай қайта есептеу жүйесі оны ұйымдастырудың тиімділігіне кері әсер етеді., себебі бұндай жағдайда еңбекке ақы төлеу оның нәтижесімен ешқандай байланысты болмайды. Осы арада инфляцияның кейбір позитивті ролін айта кеткен жөн: ол өндірістік, сауда саласындағы коммерциялық буындардағы кәсіпорындардың белгілі бір қол жеткен шепте тоқталуына мүмкіндік бермейді. Олар, бұрынғыдан да көп тауарлар мен қызметтерді өндіруге, оның сапасын жақсартуға мәжбүр етіледі, әйтпесе олардың бір нүктеде тоқтап қалған табыстарын инфляция «жеп» қояды.
Екіншіден нысан Жалпы нарық елдерінде кеңінен қолданылады. Оның мәні мынада: бағаның өсуін есепке ала отырып екбек ақының көбеюі туралы ұсынылған шаралар жалпы ел деңгейінде тұтастай қабылданады. Бұндай келісімдер әдетте кәсіподақтар, жұмыс берушілер және мемлекет, сарапшы - ғалымдардың қатысуымен жасалады. Кейін, кәсіпорын оны өздеріне тиімді шамада көбінесе ұжымдық шартқа отыру жолымен жүзеге асырылады. Бұндай тәртіп индекстеу механизімін нақты жағдайға қаржы мүмкіндігіне және еңбек қатынастарына лайықтап жүргізуге мүмкіндік береді.
Біздің еліміздің үкіметі жұмыс істеушілердің барлық категорияларына қайта-қайта төменгі жалақы деңгейін көбейтуге бара алмайды, себебі оның көтерілуі сөзсіз түрде қосымша бюджет қаражатын қажет ететін зейнетақылардың, стипендиялардың, жәрдем ақшалардың және басқа да әлеуметтік төлемдердің өсуіне әкеліп соқтырады. Ал бюджеттің мүмкіндігі өте шектеулі, сондықтан еңбекақыны тауарлар мен қызметтердің нақтылы көбеюінсіз одан әрі көтеру инфляциясының зардабын күшейте түседі. Республиканың Еңбек министірлігінің мамандарының пікірінше қалыптасқан жағдайдағы проблеманы шешудің бір жолы «адресті» әлеуметтік қорғауға көшу «яғни, халықтың деңгейі бойынша жан басына шаққанда одан төмен нақты адамдарды қорғауға көшу» болып табылады.
Басқа шаралар тұрғысында олар, жан басына шаққандағы орташа табыс белгілі бір деңгейден жоғары жанұяларда тұратын үш жастан үлкен баларға берілетін жәрдем ақшаны жою туралы да ұсыныс жасалды. Мысалы, АҚШ -та әйелдердің бір жылдық табысы 15 мың доллардан кем болмаса (ерлердің жылдық табысының 70% -ті), онда олар федералдық заң бойынша тұратын штатының заңы бойынша да ауырып қалуына немесе екі қабаттығына байланысты әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен қамтылмайды. Жоғарыдағы мамандардың пікірінше, бұрын бюджеттің есебінен қаржыландырған тұтыну қоржынына кіретін азық-түлік тауарларынан қосылған құнға салынатын салықты алып тастауда орынды болған болар еді.
ХХ ғасырдың басында итальян ғалым Вильфредо Парето (1848 - 1923) табыс бөлуде оның мөлшері бойынша елеулі теңсіздіктер болатын анықтады. Ол барлық мемлекеттерге тән және қайсыбір елде болмасын шамалас пропорцияда болады. Табыстарды бөлудің мұндай теңсіздігін көрнекті түрде былай көрсетуге болады. Жанұяның жалпы санын табыс деңгейіне қарай, жанұяның саны бойынша бір-біріне тең бес топқа бөлу керек. Сосын табыс деңгейі барынша төмен жанұя бірінші топқа, екіншісіне табыс деңгейі одан жоғарыақ 20 процент жанұяны және одан ары қарай . . . Одан кейінгі топқа барынша жоғары табыс иелері болып табылатын 20 процент жанұя кіреді. (31-ші суретті қара) .
суретте көлденең білік бойына белгілі бір табысы бар жанұя проценті орналасқан, ал тік білік бойына сол жанұяларға сәйкес болатын жиынтық табыстың үлесі орналасқан (ол да процентпен берілген) . Теория тұрғысында абсалютті тепе-теңдіктің болу мүмкіндігі Т түзу сызығымен көрсетілген, ол кез-келген берілген жанұя процентінің өздеріне сәйкес табыс процентін алатынын көрсетеді. Демек, егер барлық семьяның 20 проценті жиынтық табыстың 20 прцентін (немесе 1/5), 40 проценті 40 процентін және тағы басқалары . . . , онда А, В, С, Д, нүктелері Т түзу сызығына орналасады. Абсалютті тепе-теңдік болып табылатын Т түзу сызығы мен Лорец қисық сызығы (америка экономисі Макс Отто Лоренцтің (1876-1959) атымен аталады) . L -дің арасындағы алап М табысты бөлудегі теңсіздік деңгейін көрсетеді. М алабы неғұрлым үлкен болса, яғни L қисық сызығы Т түзу сызығынан қашық болса, соғұрлым табыстардың теңсіздік деңгейі жоғары болады. Егер нақты табыстарды бөлу абсалютті тепе-теңдікте болса, онда Лоренц қисық сызығы мен Т түзу сызығы бір-біріне тура келеді, сөйтіп олардың арасындағы алшақтық жоғалып кетер еді.
Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейін есептеп шығару үшін мынадай әдіс қолданылады: табыстарды бөлудің біркелкі және әркелкі желілермен құралған ауданы (ол 31 суретте штрихталған) . ОЕҒ үшбұрышының ауданына жатқызады. Алынған нәтиже, оны ұсынған итальян экономисі Джинни Каррадоның (1884-1965) есімімен «джинни коэффициенті» деп аталады.
Өзінен - өзі түсінікті, бұл коэффицент нөлге жақын болса қоғам абсалютті теңгермешілік жағдайында, ал коэффициент бірге тең болса «қайыршылар - көпшілік, өте байлар - азшылық» жағдайында болады. Өркениетті нарықтық экономика, табыстарды мақсатты бағытта қайта бөлу арқылы ондай біржақтылықты жаққа шығарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz