«ТОНЫКӨК» (ТОНИҚҰҚ) ЕСКЕРТКІШІНІҢ АУДАРМАЛАРЫН САЛЫСТЫРА ҚАРАҒАНДА



8 – ғасырда тасқа қашалып жазылған Көне түркі жазба ескерткіштері – біздің рухани бастау көздеріміздің бірінен, тіпті бірегейінен саналатын асыл мұрамыз.
Бүгінгі күні түркітану ғылымы түбегейлі зерттеліп болды деуге болмайды. Ең алдымен, дүниенің төрт бұрышына шашылып жатқан көне жәдігерлерді жинастырып, жүйеге келтіру жұмысы тұр. Екінші кезекте көне мәтіндерді терең тілдік сұрыптаудан өткізіп, қазіргі тілге тәржімалау мәселесі тұр. Біздің бұл жұмыста қарастыратынымыз да осы – аудармалардың сапасы мен сәттілігі туралы мәселе.
Көне түркі жазба мәтіндерін тәржімалауда зерттеу барысында кәдімгі ғылыми қателіктер де кездесіп отырады. Еуропалық, ресейлік ғалымдарды айтпағанның өзінде қазақ ғалымдарының аудармаларында өзара келіспеушіліктер кездеседі. Біз С. Е. Маловтың транскрипциясына сүйене отырып және өзіміз де ішінара аудара келе Ғ. Айдаровтың, А. Аманжоловтың, М. Жолдасбековтың, Қ. Сартқожаұлының аудармаларын салыстыра қараған едік. Мұндағы көздеген мақсат – түпнұсқадан алшақтап кеткен тұстарын атап көрсетіп, көне мәтіннің неғұрлым дәл берілуін қамтамассыз ету еді. Ал ондай алшақтықтар жоқ емес. Мәселен, Қ. Сартқожаұлы былай деп ескертеді: «Күлтегін ескерткішінде 12 қате, Тоныкөк ескерткішінде 11 қате тек қана аудармасынан болып отыр».
Бір мақалада бүкіл жазба ескерткіштерінің аудармаларын қарап шығу мүмкін еместігінен, біз Тоныкөк (Тониқуқ) ескерткішінің мәтініне тоқталдық.
Ескерткіш 1897 жылы Монғолияның орталығы Улан – Батордың оңтүстік жағынан 36 шақырым жерден табылды. Оны алғаш рет тауып, жұртшылыққа таныстырған Е.Л.Клеменц. 1898 жылы Тоныкөк ескерткішінің эстампажы мен фотосуреті жасалды. Сол фотосуреттің негізінде В.В.Радлов ескерткіштің ең ілкі аудармасын жасап, неміс тілінде баспадан шығарды. 1909 жылы Г.Рамстедт, 1920 жылы Б.Я. Владимирцев , 1957 жылы П.Аалто ескерткіш жөнінде еңбектер жазды. Тоныкөк ескерткішімен француз ғалымы Р.Жиро да шұғылданды.
Қазіргі кезде өмір сүріп отырған ұрпақтың ең бірінші міндеті - өзіне дейінгі тарихты бұрмаламай, боямай, қаз – қалпында келесі ұрпаққа аманат ету. Өкінішке орай, қазіргі тарихты әркім әр түрлі арнаға салып жіберді. Түркі халықтары үшін баға жетпес мұра болып табылатын руникалық мәтіндер де осындай құнтсыздыққа ұшырағаны құпия емес.
Сөзіміз жалаң болмас үшін, бірнеше мысалдар келтіре кетейік. Тоныкөк жазуының алғашқы жолы ... білге Тониқуқ бен өзүм табғач іліңе қылынтым... деп басталады. Осы мәтінді М. Жолдасбеков «Білге Тоныкөк, мен өзім Табғаш елінде тәрбиелендім» деп аударады. Ғ.Айдаровтың аудармасы да дәл осындай. Ал Қ.Сартқожаұлы «Білікті Тұй – ұқық мен өзім Табғач елінде қылындым /туылдым/» деп тәржімалайды. Көріп отырғанымыздай бұлар осы бір жырдың бірдей жолының аудармасы болса да, әр сөйлемнің берер ойында біраз алшақтық байқалады. Ең алдымен, Тоныкөк білікті ме, әлде түпнұсқада анық көрініп тұрғандай білге Тоныкөк пе? Білге сөзі ескерткіштің өзге мәтіндерінде де кездеседі және түпнұсқадан алшақтамай – ақ осы күйінде қолданылса да түсінікті. Бұл жерде Тоныкөктің «даналығын, ақалдылығын» көрсету үшін қолданылып тұр. Сол сияқты табғаш елінде туылу бір бөлек те, осы елде тәрбиелену тағы бір бөлек ұғым. Тарихққа жүгінер болсақ, үш бірдей қағанға кеңесші болып елеулі қызмет істеген Тоныкөк - түркі тайпаларының бір бұтағының өкілі, табғаш елінің орталығында оқып, әскери білім алған адам. Біздің ойымызша, «Білге Тониқуқ, мен өзім табғаш елінде туылдым» болуы керек. Бұл жерде, біріншіден, ол кезде түркі жерінің табғаштардың отары болып тұрғандығын көрсеткен. Ол жайлы ескерткіштің келесі жолында да жазылған. Екіншіден, «тәрбиелеу» мәніндегі қимыл атауын көне түркі сөздіктерінде ігід сөзі білдіреді. Олай болса, тәрбиеленгендігін білдірмек болса, «ігідтім» болар еді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ТОНЫКӨК (ТОНИҚҰҚ) ЕСКЕРТКІШІНІҢ АУДАРМАЛАРЫН
САЛЫСТЫРА ҚАРАҒАНДА

А. К. ТЕРГЕМБАЕВА
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті, Өскемен қаласы

8 – ғасырда тасқа қашалып жазылған Көне түркі жазба ескерткіштері –
біздің рухани бастау көздеріміздің бірінен, тіпті бірегейінен саналатын
асыл мұрамыз.
Бүгінгі күні түркітану ғылымы түбегейлі зерттеліп болды деуге
болмайды. Ең алдымен, дүниенің төрт бұрышына шашылып жатқан көне
жәдігерлерді жинастырып, жүйеге келтіру жұмысы тұр. Екінші кезекте көне
мәтіндерді терең тілдік сұрыптаудан өткізіп, қазіргі тілге тәржімалау
мәселесі тұр. Біздің бұл жұмыста қарастыратынымыз да осы – аудармалардың
сапасы мен сәттілігі туралы мәселе.
Көне түркі жазба мәтіндерін тәржімалауда зерттеу барысында кәдімгі
ғылыми қателіктер де кездесіп отырады. Еуропалық, ресейлік ғалымдарды
айтпағанның өзінде қазақ ғалымдарының аудармаларында өзара келіспеушіліктер
кездеседі. Біз С. Е. Маловтың транскрипциясына сүйене отырып және өзіміз де
ішінара аудара келе Ғ. Айдаровтың, А. Аманжоловтың, М. Жолдасбековтың, Қ.
Сартқожаұлының аудармаларын салыстыра қараған едік. Мұндағы көздеген мақсат
– түпнұсқадан алшақтап кеткен тұстарын атап көрсетіп, көне мәтіннің
неғұрлым дәл берілуін қамтамассыз ету еді. Ал ондай алшақтықтар жоқ емес.
Мәселен, Қ. Сартқожаұлы былай деп ескертеді: Күлтегін ескерткішінде 12
қате, Тоныкөк ескерткішінде 11 қате тек қана аудармасынан болып отыр.
Бір мақалада бүкіл жазба ескерткіштерінің аудармаларын қарап шығу
мүмкін еместігінен, біз Тоныкөк (Тониқуқ) ескерткішінің мәтініне
тоқталдық.
Ескерткіш 1897 жылы Монғолияның орталығы Улан – Батордың оңтүстік
жағынан 36 шақырым жерден табылды. Оны алғаш рет тауып, жұртшылыққа
таныстырған Е.Л.Клеменц. 1898 жылы Тоныкөк ескерткішінің эстампажы мен
фотосуреті жасалды. Сол фотосуреттің негізінде В.В.Радлов ескерткіштің ең
ілкі аудармасын жасап, неміс тілінде баспадан шығарды. 1909 жылы
Г.Рамстедт, 1920 жылы Б.Я. Владимирцев , 1957 жылы П.Аалто ескерткіш
жөнінде еңбектер жазды. Тоныкөк ескерткішімен француз ғалымы Р.Жиро да
шұғылданды.
Қазіргі кезде өмір сүріп отырған ұрпақтың ең бірінші міндеті - өзіне
дейінгі тарихты бұрмаламай, боямай, қаз – қалпында келесі ұрпаққа аманат
ету. Өкінішке орай, қазіргі тарихты әркім әр түрлі арнаға салып жіберді.
Түркі халықтары үшін баға жетпес мұра болып табылатын руникалық мәтіндер де
осындай құнтсыздыққа ұшырағаны құпия емес.
Сөзіміз жалаң болмас үшін, бірнеше мысалдар келтіре кетейік. Тоныкөк
жазуының алғашқы жолы ... білге Тониқуқ бен өзүм табғач іліңе қылынтым...
деп басталады. Осы мәтінді М. Жолдасбеков Білге Тоныкөк, мен өзім Табғаш
елінде тәрбиелендім деп аударады. Ғ.Айдаровтың аудармасы да дәл осындай.
Ал Қ.Сартқожаұлы Білікті Тұй – ұқық мен өзім Табғач елінде қылындым
туылдым деп тәржімалайды. Көріп отырғанымыздай бұлар осы бір жырдың
бірдей жолының аудармасы болса да, әр сөйлемнің берер ойында біраз алшақтық
байқалады. Ең алдымен, Тоныкөк білікті ме, әлде түпнұсқада анық көрініп
тұрғандай білге Тоныкөк пе? Білге сөзі ескерткіштің өзге мәтіндерінде де
кездеседі және түпнұсқадан алшақтамай – ақ осы күйінде қолданылса да
түсінікті. Бұл жерде Тоныкөктің даналығын, ақалдылығын көрсету үшін
қолданылып тұр. Сол сияқты табғаш елінде туылу бір бөлек те, осы елде
тәрбиелену тағы бір бөлек ұғым. Тарихққа жүгінер болсақ, үш бірдей қағанға
кеңесші болып елеулі қызмет істеген Тоныкөк - түркі тайпаларының бір
бұтағының өкілі, табғаш елінің орталығында оқып, әскери білім алған адам.
Біздің ойымызша, Білге Тониқуқ, мен өзім табғаш елінде туылдым болуы
керек. Бұл жерде, біріншіден, ол кезде түркі жерінің табғаштардың отары
болып тұрғандығын көрсеткен. Ол жайлы ескерткіштің келесі жолында да
жазылған. Екіншіден, тәрбиелеу мәніндегі қимыл атауын көне түркі
сөздіктерінде ігід сөзі білдіреді. Олай болса, тәрбиеленгендігін білдірмек
болса, ігідтім болар еді.
Сондай – ақ екінші жолдағы ...канын кодуп, табғачқа йана
ічікді...деген сөйлемді Ғ.Айдаров Қанын қойып, табғашқа және бағынды
десе, М.Жолдасбеков Хандығын тастап, табғашқа қайта бағынды деп,
Қ.Сартқожаұлы Ханын жойып, табғашқа қайта бағынды деп аударады. Міне,
бірде ханын қойып бағынса, енді бір жерде тастап кетіп табғашқа бағынады
да, енді бір жерде ханын жойып барып табғашқа бағынатын көрінеді. Бұл жерде
Ханын қойып (тастап деген мағынада) табғашқа және бағынды деп аударылса
және осыған Ғ. Айдаровтың аудармасы жуықтайтын сияқты.
Аталмыш ескерткіштің үшінші жолында ... түрк сір будун йарынта бөд
қалмады деген сөйлем бар. Осындағы сір сөзін Қ. Сартқожаұлы түрүк - есір
түрінде оқып, аудармасыз қалдырады. Ғ. Айдаровта да дәл осылай. Ал
М.Жолдасбеков сір халқы деп, бұл сөздің белгілі бір елдің атауы екендігін
білдіреді. Сонда Қ. Сартқожаұлының аудармасы Түркі есір тақ жерінде тақ
киесі. Бөд тақ киесі қалмады деп шықса, Ғ. Айдаровта Түркі есір
тұтқын халқы жерінде тіршілік қалмады болып аударылады. Біздіңше, Түрк
есір халқы жерінде тақ киесі (басқаратын адам) қалмады.
Біздің көздеген мақсатымыз - әр аудармашыға кінә тағу емес, қазіргі
тілімізде сақталған сөздер бола тұра, оны басқа бір синоним сөздермен
алмастырған тұстарын сынау. Өйткені синоним сөздердің өздерінің эмоциялық -
экспрессифтік бояулары әр түрлі болып келетіні белгілі. Мәселен, тағы да
Тоныкөк жазуының бесінші жолындағы ...каған му кысайын – тідім...
тіркестерін алып қарайық. Осындағы кысайын сөзін Ғ. Айдаров қысайын деп,
М.Жолдасбеков сайласам ше деп, Қ. Сартқожаұлы ұғысайын деп аударған. Біздің
ойымызша, бұл жерде ұғысайын (ақылдасу мағынасында) деп аударған дұрыс
сияқты.
Сонымен бірге жетінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштері
Күлтегін туралы жыр
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Қазақстандағы жазу тарихы
Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Түркі халықтырының жазба ескерткіштері
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Археологиялық, жазба мәліметтер, түркі тілдес халықтардың халық ауыз әдебиеті шығармашылығының ескерткіштері
Күлтегін жазбалары- түркі халықтарының баға жетпес байлығы
Пәндер