Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіндегі демографияның орны


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

УДК, 312 (574)

Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіндегі демографияның орны.

Студент: Сауытбекова М. Ж.

Аға оқытушы: Отарбаева Г.

Шымкент қаласы

М. Әуезов атындағы ОҚМУ

Қазақстан тарихи демографиясы - тарих ғылымдарының жас, бірақ болашағы да, маңызы да күшті, әсірісе егеменділік жағдайында “халықтану” жолында күрт дамыған өскелең саласы. Әрине, бұл ғылымның жетістіктерін революцияға дейінгі және әсіресе кеңес заманындағы тарихшы ғалымдардың, оның ішінде Ә. Бокейхан, М. Шоқай, М. Тынышбаев олардан кейінгі Б. Сүлейменов, П. Галузо, Е. Бекмаханов, Т. Елеуов, А. Нусіпбеков, Г. Ф. Дакишейгер және т. б. ғалымдардың еңбегіне сүйеніп, оны әрі дамыту нәтижесінде қол жеткені түсінікті.

Қазір егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылық тұзағына түскен ұлттық санамыз қаита жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез-қулқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байкалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының ұрім-бұтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен кешен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор.

Тәуелсіздігін әлем таныған, БҰҰ-ның толыққанды мүшелі Қазақстан үшін дүниенің төрт бурышындағы өзінің географиялық орны мен әлем халықтары арасындағы үлес салмағын айқын түсіне білуі керек.

Қазақстанда сонғы жылдардағы демографиялық ахуал республикада бала туудың азаюы өлім денгейінің жоғарылығы және халықтың көші-қонының едәуір ұлғаюының салдарынан қалайсыз деп бағаланып отыр.

Қазақстан Республикасы халқының саңы 2001 жылғы 1 қантарда Қазақстан Республикасынің Статистика жөніндегі агенттігінің алдын ала деректері бойынша 14841, 9 мың адам болды. Республикада 16426, 5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халық саны 1584, 6 мың адамға немесе 9, 6 пайызға азайды.

1999 жылы бала туу 1000 адамға 14, 2 баладан келіп, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы ішінде ең төменгі коэффициент белгіленді, бұл республикада бала туудың ең шырқау шыңы белгіленген 1987 жылғы деңгейдің 55, 3 пайызы болды. 2000 жылы бала туу деңгейі өсті, бала туу коэффициенті - 1000 адамға 14, 69 баладан келді!

Профилактикалық медицина академиясы мен Макро Интернэшнл Инк 1999 жылы Қазақстанда жұргізген медициналық - демографиялық зерттеуі 1989 жылдан бергі кезең ішінде бала туу жиынтық коэффициенті (БТЖК) қазақ әйелдері арасында 3, 6-дан 2, 5-ке дейін, орыс әйелдері арасында 2, 2-ден 1, 4-ке дейін төмендегенін, ал қазақстан бойынша жалпы БТЖК 2, 9-дан 2, 1-ге дейін азайғанын көрсетті. Осы орайда аулдық жерлерде және қалада тұратын әйелдер арасындағы бір әйелге шаққандағы бала туу санының арақатынасы іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр. Аулдық жердегі әйелдердің БТЖК іс жүзінде екі есе жоғары.

Бүл қазақстанның демографиялық дамыуна нақ аулдық жерлерде тұратын әйелдер неғұрлым елеулі үлес қоса алатындығын, сондай-ақ экономикалық шектеулілік жағдайында халықтың осы тобына елеулі мемлекеттік және қоғамдық қолдау көрсетілуі қажеттігін аңғартады.

Осы өткен ғасырдың соңғы онжылдығында басталған бала туу деңгейінің төмендеуі өтпелі кезеңнің залалдарынан туындап отыр.

Халықтың өсіп-өну денсаулығының көрсеткіші төмендеуде: аборт гинекологиялық аурулардың жиілігін ұлғайтады бала көтермейтін халгі келтіреді, перинаталдық ауруларды көбейтеді, анемия денсаулық сақтаудың ең басты проблемаларының бірі болып қалып отыр, еркектердің өсіп-өну жүйесі ауруларының саны көбеюі байқалады.

Халық арасында өлім денгейі жоғары болып қалып отыр өлім коэффициенті 2000 жылы - 1000 адамға 10, 1 адамнан келді, бұл 1990 жылғы деңгейден 27, 8 пайыз жоғары.

Әлі күнге дейін сәбилер өлімі мен аналар өлімінің деңгейі, сондай-ақ еркектер өлімінің деңгейі жоғары болып қалып отыр.

Халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы төмен денгейде қалып отыр 1999 жылы оның деңгейі әйелдерде 65, 5 жас, ал еркектерде небары 60, 3 жас болды.

Өлім деңгейіне және өмір сүрудің күтілген ұзақтығының қысқаруына қолайсыз экологиялық жағдай, ауыз-еудың тапшылығы және жеткіліксіз тамақ, санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталмауы уақтылы және толымды медициналық емдеуге қол жеткізудің шектеулілігі елеулі әсер етеді.

Тиісінше осы жылдар ішінде халықтың табиғи өсімінің коэффициенті айтарлықтай төмендеді және 2000 жылы 1000 адамға 4, 6-дан келді.

Демографиялық процестерді дамытуда сыртқы және ішкі көші-қон шешуші рол атқарады, көші-қон қозғалысы шырқау шыңына 1994 жылы жеткені белгілі сол жылы республикадан 480, 8 мың адам кетіп, 70, 4 мың ғана адам келген болатын. 1995 жылдан бастап халықтың көші-қон белсенділігі бәсеңдей бастады.

Халықтың көшіп кетуі, біріншіден, халықтың жалпы санын азайтады, екіншіден, еңбек және генеративтік әлеуетті төмендетеді, өйткені көшіп кетушілердің циетен екісі еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Ішкі көші-қонның жандануы жүріп жатыр. Халықтың, әсірісе жастардың қалаларға қоныс аударуы олардың өсіп-ону бағдарының өзгеруіне ықпал ететін болады.

Республикада тұратын қазақтардың саны 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8154, 4 мың адам немесе республика халқының жалпы санының 54, 9 пайызы болды. Республикада 4280, 1 мың немесе 28, 8 пайыз орыс турады.

Өткен санақпен (1989 жыл) салыстырғанда қазақтардың, ұйғырлардың, дүнгендердің, өзбектердің саны өсті. Немістердің саны 3 есе дерлік азайды. Орыстардың, украйндардың, татарлардың және басқа да ұлттардың саны азайды.

Халықтың этникалық қүрамындағы өзгеріске оның ұлтына қарай табиғи қозғалысындағы айырмашылық та, репатрианттардың (оралмандардың) көшіп келуі де, басқа ұлттардың өзінің тарихи отанына көшіп кетуі де себепші болды.

Жалпы алғанда, халық санының азаюы табиғи өсімнің мардымсыздығынан және халық көші-қонының теріс сальдосынан болып отыр.

Тек белсенді ақпараттық - насихат жұмыстарынын жүргізіп қана қоюмен шектелмей, ресурстарды, қаржы ресурсын қоса жумылдырып, пәрменді шара қолдану саналы қабылданған қажеттілік болып табылады. Қазіргі заманғы демографиялық ахуалды айқындайтын басты факторлар бала туу және өмір сүрудің күтілетін ұзақтығын ұлғайту, өсімді азайту және көші-қонның теріс сальдосын азайту болып табылады.

Қазақ халқының демографиялық дамуы туралы сөз болғанда, әр түрлі күрделі тарихи оқиғаларға байланысты оның аман қалған санының жан-жақты шоғыры мен шашырағаны жайлы, яғни қазақстаннан тыс жердегі қазақ диаспорасы туралы аитпай кете алмаймыз. Қазақстанмен жапсарлас болса да, тыс жерде саны қалың шоғыр күиінде қалған және шалғай жерлерде тарыдай шашырап кеткен барша қазақ диаспорасының 1998 жылының басындағы жалпы саны 5 млн. 500 мың деп есептеледі. Олар барша саны 13 миллионнан мал асқан туған халқымыздың 40%-ің, яғни бестен екісіне жуығын қүрайды. Қазақтың тыстағы осыншама мол шашырандысын салыстыратын болсақ, туысқан қырғыз халқынан біршама көп, ал түрікмендермен бірдей, башқурттардан үш еседен астам артық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография пәніне кіріспе
Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі
Қазақстан Республикасының көші – қон процестердің ерекшеліктері
Әлеуметтік процесс
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Қазақстанда қалуына жағдай жасау
Қазақстандағы демографиялық өзекті мәселелер
Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы
Әлеуметтік институт және процесс
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz