Қытай Халық Республикасындағы аз санды ұлттар оқу-ағарту жүйесінің дамуы мен сапа реформалары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗ САНДЫ ҰЛТТАР ОҚУ - АҒАРТУ ІСІНІҢ ДАМУЫ

Аметхан Жанат

Педагогика және психология

мамандығының 2 курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: п. ғ. д., профессор К. Ж. . Қожахметова

Қытай үкіметі Қазақ оқу-ағартуының ерекшелігі, сипаты және міндеті, аз ұлттар қоныстанған райондар мен өңірлердің іс жүзінділігіне негізделе отырып, Қытайдың ұлттық оқу-ағартуының бағытын, міндетін белгіледі.

1. Аз ұлттар оқу-ағартуының бас бағыты - аз ұлттар оқу-ағартуы басқа сипаттағы оқу-ағарту емес, қайта ұлттық ерекшеліктерге мән берілген, ұлттардың іс жүзіндігімен ұштастырылған, ұлттық, ғылыми, бұқаралық ұлттық оқу-ағарту болу керек деп белгіленді;

2. Аз ұлт оқу-ағарту қызметіне болған басшылықты күшейту; 1. Бастауыш мектеп оқу-ағартуы мен ересектердің мамандықтан сыртқы оқу-ағартуын күшейтіп, аз ұлттардың әр дәрежелі мектептеріндегі оқытушы жетіспеу қиыншылығын шешуге күш салу; 2. Аз ұлттар қоныстанған өңірлерде ұлтшылдық және тар ұлтшылдық идеяларды жойып, ұлттар ара тең ынтымақты болу; 3. Аз ұлт мектептерінің оқу-ағарту жоспарын, оқыту программасын, әр ұлттың іс жүзіндік жағдайымен ұштастырып, өзгертулер енгізу немесе толықтау; 4. Қазір өз жазуы бар ұлттар, айталық моңғол, тибет, ұйғыр, қазақ, корей т. б. ұлттар бастауыш мектептер мен орта мектептерде оқытылатын сабақтарды өзінің тіл- жазуымен оқыту;

Арнаулы қаржы ажыратып, аз ұлт мектептерінің оқыту құралдарын алуына, оқытушы-оқушы, қызметкерлердің тұрмыстық қиыншылығын шешуге көмектесу [1, 280]

Сонымен бірге, қытай тілі дәрежелік емтиханы HSK қытай ұлтынан басқа ұлттық оқушылар арасында толық орта мектеп бітіргенде сынақ ретінде жүргізілген. Кейбір ЖОО HSK емтиханын мектеп бітірерде тапсырып, сертификат алған ұлттық оқушыларды дайындық курссыз, тікелей І курсқа қабылдайды.

ЖОО қабылдауда физика, математика, химия әр пәннен жеке-жеке өлшемді балға жету белгілемесін шығарды. Осы шара арқылы ЖОО студент қабылдау сапасын арттырды [2, 350] .

ШҰАР-да сапа оқу-ағартуының атқарылуы оқу-ағартуға үйлесетін оқушыларды емес, қайта оқушыларға үйлесетін оқу-ағартуды таңдау, оқушыларды қызу сүю, нақтылы ерекшеліктеріне қарай оқыту, дарындылар көзқарасына бұрылыс жасау, тек ЖОО-ның студенттері дарынды болатын көзқарасты жою, оқытушы сыңар бағыт бойынша білім беріп, оқушылар ырықсыз күйде қабылдайтын, белгіленген жауапты соңғы әрі бірден бір қорытынды етудей оқыту формасын өзгертіп, оқушыларды үйренудің қожасы дейтін оқыту көзқарасын орнату, оқыту сапасы көзқарасына бұрылыс жасау, жалпы беттік, біртұтас, универсал бағалау өлшемін орнату, номер (балл) маңызды, бірақ бірден бір нәрсе емес, жоғарылап оқу салыстырмасына да, толымдылық салыстырмасына да қарауды өлшем етеді.

Кезекте, ҚХР-дағы сабақтарында көптеген мәселелер сақталуда: сабақ нысанасында білім беруде айрықша мән беріледі; пәннің өзі айрықша дәріптеліп, пәндік логикаға мән беріліп, оқушылардың психикалық даму заңдылығына немқұрайды қаралды, әрқайсы пән білімдерінің дербестігі мен жүйелілігі дәріптеліп, өзара ұштастырылуы кемшіл болды, сабақ мазмұны күрделі, қиын, сыңар жақтылы, көне, оқушылардың тұрмысы және осы заманғы ғылым мен техникаың дамуымен байланысы жетерсіз болды. Сабақ бағалау формасында таңдау және парақтандыру функциясы айрықша дәріптелді. Сабақ үлгісі біреу ғана болып, ауыл-қыстақ немесе қалада, дамыған райондар немесе артта қалған райондар болсын, бәріне бірдей ортақ сабақ жоспары, ортақ сабақ өлшемі, әуелі ортақ бір оқулық істетілді.

ҚХР-нда сабақ реформасын ішкерілетуде сабақ мазмұнын осы замандандыруды жүзеге асырып, оны бүгінгі замандағы ғылым-техниканың ең жаңа даму өресін бейнелеп беретін етіп, оқушыларды тұрмысқа жуықтату қажет, оқыту формасын жаңалап, белсенді, ырықтылықпен үйрену позициясы мен жаңа білімді игеру, мәселелерге талдау жасау және шешу қабілетін, білім ауыстыру, селбесу қабілетін жетілдіруге мән беру керек; қорытып айтқанда, жетекшілік ету және сәйкестендіруді күшейту сапа оқу-ағартуы идеясын шынайы дәйектілендірудің тетігі. Оқытушының тәрбиеленуі және кәсіптік жетілуі. Оқытушының кәсіптік жетілу дәрежесі оқытушының кәсіптік таным, сезім және даралық қасиеті қатарлық жақтардан қолға келтірген оқытушылық қызметіне үйлесу дәрежесін көрсетеді. Оқытушының кәсіби жетілуінің психологиялық құрылысы біршама күрделі. Ол негізінен төмендегідей бірнеше мазмұнды өз ішіне алады.

1. Оқытушылық кәсібіне қажетті білім; 2. Жауапкершілік арқалайтын тілек; 3. Мәселені шешу қабілеті; 4. Іскерлік; 5. Табысқа жету мақсаты мен жетілу сезімі.

Оқытушыларды тәрбиелеу оқытушы-оқушы қатынасын одан ары кемелдендіруге пайдалы. Оқытушы-оқушылар арақатынасында төмендегідей бірнеше түйінге көңіл бөлу керек. 1. Оқытушы оқушыларды түсінуі, оларды зерттеуі керек;

2. Оқытушыны құрметтеу, оқушыға сенім арта білу керек; 3. Оқушыларға демократиялы, әділ позиция ұстауы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның оқу-ағарту жүйесінің тарихи қалыптасуы мен реформалары
Қытай Халық Республикасындағы қазақ журналистикасының тарихы, телеарналары және ақпараттық дамуы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыздандыру жүйесінің дамуы мен реформалары
Қазақстан Республикасындағы мектептегі білім беру жүйесінің дамуы мен реформалары (1991-2009)
Қытай Халық Республикасындағы ұлтаралық саясатты жүзеге асыру ерекшеліктері
Қытай Халық Республикасының экономикалық реформалары: теориялық аспектілері, механизмдері және нәтижелері
Қытай Халық Республикасындағы қазақ журналистикасының тарихы, тележурналистикасы және даму мәселелері
ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісінің дамуы
1920-1930 жж. Кеңес Қазақстанындағы халық ағарту жүйесінің нормативтік-құқықтық негіздері мен мектеп педагогикасы
Қытай Халық Республикасының салық жүйесі мен салық саясаты: құрылымы, реформалары және қазіргі заманға бейімделу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz