Банк жүйесінің қызметтері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І. Банк жүйесінің мәні, құрылымы және маңызы
1.1. Банктердің пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Банктердің типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
ІІ. Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі
2.1. Қазақстандағы 1991 ж. бергі банктік реформа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.2. 1995 ж. Қазақстанның банктік жүйесін реформалау бағдарламасы ... ... 17
2.3. Банктік жүйенің әрі қарай реформалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
ІІІ. ҚР банктік жүйесінің қызметтерін жетілдіру жолдары
3.1. Ұлттық банк еліміздің қаржылық нарықтарының дамуына
қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
3.2. Екінші деңгейлі банктер жүйесінің одан әрі дамуы мен
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
3.3. Төлем жүйесінің жетілдірілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО – ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық ннесие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақща шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банкі, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік коперация кеңінен танылды. Ол қарыз – жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1. Ғ.С. Сейітқасымов. Ақша. Несие. Банктер
Алматы / Экономика 2001
2. С.Б. Мақыш. Ақша айналысы және несие
Алматы / Экономика 2003
3. Б.А. Көшенова. Ақша. Несие. Банктер. Валюталық қатынастар
Алматы 2002

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.Ясауи атындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ – ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШЫМКЕНТ
ИНСТИТУТЫ

ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Орындаған: Қасымбекова Л.
Тобы: 84 – 17
Қабылдаған:
Ағабеков А.

ШЫМКЕНТ – 2008
Кіріспе

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО – ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді.
Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер,
қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер
кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық
ннесие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақща
шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің
Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің
салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық
операциялардың 13 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық
эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді
ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да
несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен
мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз
капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары
дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік
мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық
банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен
мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банкі, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті
адамдарға қызмет көрсететін несиелік коперация кеңінен танылды. Ол қарыз –
жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
І. Банк жүйесінің мәні, құрылымы және маңызы
1.1. Банктердің пайда болу тарихы
Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер
мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің, мектеп пен ауруханалардың, институттар мен бала
бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, олардың іс –
жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие
беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап
іздестірейік. Банк деген ұғым италиян сөзі, bank - орындық, айырбас
орындығы – айырбас орны дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі,
мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі
VIII – V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі
Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту
кезінде тауар – ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек
XIII – XIV ғғ. сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде
банк ісі қарқынды өрістей бастаған. Орта ғасырда банк ісінің орталығы
Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында
Англия болған. Кейбір ғалымдардың пікірінше алғашқы банктер капитализмнің
мануфактура тұсында Италияның Венеция және Генуе қалаларында XIV – XV ғғ.
пайда болған.
XVI – XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте,
Ньюрмбергте саудагер – клиенттер арасында қолма – қол ақшасыз есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін жиро банктер құрылады. Жиро банктер
өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар металдардан жасалған ақша
бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиро банктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берген.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде, яғни феодализм
тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында
банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болған
дейді.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда
1587 жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әр түрлі елдер мен қалалардың
ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны
сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп
айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысумен банкирдің кітабына бір
шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай
негізде Амстердамда (1609 ж.) және Гамбургте (1618 ж.) ұйымдастырылды. Бұл
банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға
қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама
айналымымен байланысты аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған
жоқ.
Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және
сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың
ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің
маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлігін
ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны
ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: Кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта
жүргізіледі...
Сонымен қатар банктер несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін
капиталды да басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің
және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзінде
шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс
табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік
кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар
жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана
шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу, сату,
ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару
операциялары жүргізіледі.

1.2. Банктердің типтері
Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден
құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік,
аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.
Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен
артықшылықтары неде? Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар
туралы заңға сәйкес, біріншіден, аккционерлік қоғам – бұл құрылтайшылардың
(акционерлік қоғамының қатысушыларын құрылтайшылар дейді) меншік құқығын,
Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен
куәландырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен
табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің
жауапкершілігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген. Егер банк
банкротқа ұшыраса немесе өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке
акционерлерге емес, банкке қойылады.
Банкті басқаруда акционерлердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау
мен жылдық жиналыстарға банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс
берумен шектеледі.
Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарна формасы)
қатысушылардың меншік құнын куәландыратын қандай да бір формалды куәлікті
қажет етпейді.
Үлес қосушы банк қызметімен байланысты бар тәуекелді өз мойнына алады
да, оның барлық міндеттері бойынша жауап береді. Банкрот болған жағдайда
кінә банкке және де өзінің бар мүлкімен жауап беретін әрбір үлескерге де
қойылады.
Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде
банктік қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына,
біліксіздігіне банкроттыққа ұшырауына байланыссыз. Ал үлестік жарна
формасыда қатысушы өз үлесін, басқа қатысушылардың келісімінсіз бере
алмайды.
Үшіншіден, акционерлік банкте оны басқару бойынша қызметтер нақты
үлестірілген. Акционерлер басқарманы таңдайды, соңғысы – төрағаны, ал ол
басқару аппаратын, басқару аппараты өз кезеңінде мамандар мен
қызметкерлердің міндеттерін анықтайды.
Жеке банкте қатысушылар өздері тікелей банкті басқаруға қатысады да
әкімшілік қызметкерлері болады және басқарудың тиімділігі олардың жеке
бастарының жұмыс сапасына байланысты.
Банкті ұйымдастырудың кационерлік формасының кемшіліктеріне мыналар
жатады: акционерлік банкті құру қиындығы (жергілікті билік органдарынан
рұқсат алуды талап етеді), өзгермелі жағдайларға бейімделу мен икемділік
дәрежесінің төмен болуы.
Осы жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан банкті ұйымдастырудың
акционерлік формасы нарық жағдайда тиімді, қолайлы болып келеді және
нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде банктер акционерлік компания
немесе корпорация нысанында ұйымдастырылуы да кездейсоқтық емес.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады:
Бірінші деңгейлі, яғни жоғарғы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым ролін атқара отырып, Орталық
банк экономикамызда басты орын алады. Орталық банк еліміздің эмиссиялық
және резервтік орталығы ретінде ақша – несие және валюта саясатын
анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша – несие
саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге
бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі
объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма – қол және қолма – қолсыз ақша
массасы жатады. Қазақстанда Орталық банк ролін Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі атқарады.
Ұлттық банк бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса алтын –
валюта резервтерден басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге
ие болып табылатын заңды тұлға.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басты міндеті ішкі баға
тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша
міндеттер жүктеледі:
1. Ақша айналысы, несие, банктік есеп айырысулар мен валюталық
қатынастар бойынша мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу.
2. Ақша – несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
3. Банктік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдану
арқылы қарыз берушілер мен клиенттердің мүддесін қорғау және олардың
орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары төмендегідей көздерден құралады:
1. Меншіктік қаражаттар есебінде (оның жарғы капиталы мемлекет тарапынан
20 млрд. тенге көлемінде құрылған).
2. Басқа банктер тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен.
3. Арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан
қаражаттары есебінен.
Ұлттық банктің басқару органына басқарма және директорлар кеңесі
жатады.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банктің төрағасы, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана Қазақстан Республикасы президентінің алдында есеп
береді. Қазақстан Республикасының президенті парламенттің келісімімен
Ұлттық банктің төрағасын және оның орынбасарларын 6 жылға сайлайды және
қызметінен босатады.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес
басқармалары бар:
1. Зерттеу және статистика департаменті.
2. Шетел операциялары департаменті.
3. Ішкі операциялар басқармасы.
4. Монетарлық операциялық департамент.
5. Сыртқы байланыстар бөлімі.
6. Заң қызметі департаменті.
7. Әкімшілік департамент.
8. Қолма – қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма.
9. Инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі.
10. Бухгалтерлік есеп департаменті.
11. Есеп айырысу орпталықтарының департаменті.
12. Операциондық басқарма.
13. Төлем жүйесі басқармасы.
14. Бақылау және аудит департаменті.
15. Персоналдармен жұмыс жасау басқармасы.
16. Халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі.
17. Мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.
Сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық банкінің құрылымына мынадай дербес
бөлімшелер кіреді:
1. Мемлекеттік сақтау қоймасы.
2. Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттілігі.
3. Банкноттық фабрика.
4. Монета сарайы.
5. Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы.
6. Қазақстан ипотекалық компаниясы.
7. Банктік сервистік бюро.
8. Ұлттық ақпараттар технологиясы.
9. Автобаза.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мынадай негізгі қызметтерді
атқарады:
1. Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада
мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді. Монеталарды шығарады,
бағалы қағаздарды эмиссиялайды.
2. Қазақстан Республикасы үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге
қатысады.
3. Қазақстанда банктердің, еншілес банктердің, олардың филиалдары мен
өкілеттілігінің ашылуына, сондай – ақ банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыруға лицензия береді.
4. Банктердің және мемлекеттің бағалы қағаздарын эмиссиялау проспектісіне
мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді.
Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:
1. Бірінші кластық эмитенттер шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі
міндеттемелерді қайта есепке алады.
2. Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатады және сатып алады.
3. Депозиттік сертификаттар мен қайтару мерзімі бір жылға дейін борыштық
бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
4. Депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы
қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды.
5. Қаржы құралдары мен операцияларды жүзеге асырады.
6. Қажет кезінде банктерде, қаржы ұйымдарында шоттар ашады. Чектерді,
вексельдерді береді.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша – несие саясатын анықтайды
және жүзеге асырады. Ақша – несие саясаты бұл айналыстағы ақша массасын,
несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің
қызметтерін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Шаруашылық конюктура жағдайына байланысты ақша – несие саясатының екі
типі болады:
Рестрикциялық ақша – несие саясаты – бұл екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай –
ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша – несие саясаты – бұл несие беру көлемін
кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және
сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Заңға сәйкес ақша – несие саясаты Ұлттық банк тарапынан мынадай
негізгі құралдардың көмегімен реттеледі:
1. Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу.
2. Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу.
3. Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ашық
нарықтағы операцияларды жүргізу.
4. Банктерге және үкіметке несие беру.
5. Валюталық нарықта интервенциялау.
6. Кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейіне тікелей сандық шектеулер енгізу.
Екінші деңгейлі банкке барлық коммерциялық банктер жатады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы
заңның бірінші бабына сәйкес Банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге
асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік қызмет – бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Ааталған заңның 30 бабына сәйкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
1. Заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу.
2. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, шоттарын ашу және жүргізу.
3. Заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу.
4. Кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау.
5. Аударым операциялары, заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және
өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу.
6. Заемдық операциялар: ақшалай формада несиелер беру.
7. Сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және
оның мүддесіне сай оның ақшасын, бағалы металын және бағалы қағазын
басқару.
8. Клирыноктық операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, олар
бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу.
9. Төлем карточкаларын шығару.
10. Банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және
жөнелту.
11. Шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру.
12. Чек кітапшаларын шығару.
13. Ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепіл хаттарды беру.

ІІ. Банктік жүйеде реформа жүргізудің қажеттілігі
2.1. Қазақстандағы 1991 ж. бергі банктік реформа
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу
кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік
қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне
жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері,
сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберінде, оның жекелеген буындарының
арасындағы өзара қарым – қатынастаржүйесін қайта құру, яғни жаңа құбылыстар
мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің
маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі,
Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер
категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде
макроэкономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды.
Бірінші категорияға (қаржылық) орталықтандырылған экономикада мұра боп
қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үйлестіру
жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс
орналастырмау мәселесі; екінші категория мәселелеріне банктердің сапасыз
(мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады.
Бұл мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке
кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік
қаржылық ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына
кетуіне жол береді.
Бұдан басқа бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем
төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі
байқалады. 1992 жылдың І тоқсанында несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің –
11,3 % - ын құраса, ал IV тоқсанында – 29,8 % құрады. Бұл негізінен қайта
қаржыландыру және Ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз
кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокоренттік несиесімен
қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады: 1992 жылдың І
тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы
– 6,7 % - ды құраса, IV тоқсанда – 17,8 % - ды құраған. Мұндай несиелік
ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілдік үлестіру -
өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде
банктерде жұмыс жасайтын несиелердің, яғни банктердің несиелік портфелінің
нашар несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.
1993 ж. Ұлттық банктен 7,5 млрд. теңге сомасында орталықтандырылған
несие берілді, 5,6 млрд. теңгесі – үкіметке, яғни, олардың үлесі 75 % - ды
құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын сома 138,5 млн. теңгеге немесе
3,9 % - ға тең болды, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылды.
Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірибесінің
жетіспеушілігі келесіде: банктер қаржылық емес несиелерге емін – еркін кіру
мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру
ынтасынан айырылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде
орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік
ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді
орналастыруға кедергі болған тағы да бір фактор – бұл төмен пайыздық
мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген
қажеттіліктің көбеюіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған
тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің
әлсіреуіне әсер етеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе
лоарды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды
құндылықтарды жинаутау үшін пайдаланды. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк
несиесінің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992
жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда
бағаларының жылдық инфляциясы 500 % - дан жоғары болған. 1992 жылы қараша
айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65 % ға дейін жоғарылағанда, ал
инфляция 1000 % - ды құраған. Бұл кезде арзан несие алатын кәсіпорындар
өздерінің қаржылық жағдайын жақсартуға және жұмыстарын қайта құруға асыға
қоймады.
Осылайша мемлекеттік кәсіпорындарды қолдайтын тікелей несиелеу
саясатының төменгі пайыздық мөлшерлеме саясатымен берілуі несиелік
ресурстарды дұрыс орналастырмауға әкелді.
Арнайы банктердің өздерінің кәсіпорындарын олардың өтімділігін
ескермей, тікелей несиелендіру – мерзімі өтіп кеткен қарыздардың ұлғаюына
әкеліп соқтырады, ал осы кезде жаңадан пайда болған, нарықтық қатынастарға
бағытталған кәсіпорындар банктерден несие алуға қол жеткізе алмады.
Төменгі пайыз мөлшерлемесінің саясаты жинақ ақшаларды банктерге толық
мөлшерде жұмылдыруға мүмкіндік берген жоқ. Кәсіпорындар мен жергілікті
тұрғындар өздерінің жинақ ақшаларын нақты активтерге салғанды қалады.
Кәсіпорындар өздерінің тауарлар қорын арттырса, азаматтар өз қаражаттарына
жылжымайтын мүлік пен ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауарлар сатып ала
бастады. Нақты активтер ақшалай қорларды құнсызданудан, инфляциядан
қорғайтын ең басты құрал болып табылды. Салымдар үшін төлейтін банк
пайыздары инфляциядан туындайтын шығынның орнын жаппады. Мекемелер мен
жергілікті тұрғындардың жинақ ақшаларын жұмылдырудың жеткіліксіздігіне
байланысты несиелік ресурстар жеткіліксіздігі банктердің тиімді мекемелерге
несие беруге мүмкіндік бермейді.
1993 ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуімен ақша –
несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым – қатынаста
классикалық қағидаларды ендіруі, банктердің қызметтерін реттеу жүйесін
нығайтуға қатысты толық жауапкершілік жүктелді.
Ұлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық
банктің қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі
жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай – несиелік саясат жүргізу тәжірибесін
қолға алды. Бұл кезең, сондай – ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылаған ақша – несие құралдарының және факторлардың
әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995ж. 15 ақпан айында
Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен бекітілген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы
жасалынды.

2.2. 1995 ж. Қазақстанның банктік жүйесін
реформалау бағдарламасы
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейін сәтті жүзеге асырылған жағдайда
келесілерге қол жеткізу мүмкіндігі болжанған:
Ұлттық банктің негізінен классикалық орталық банктерге тән валюталық
және ақшалай – несиелік реттеулердің барлық құралдар жиынтығын енгізуді
аяқтау және оны пайдалану. Бұл өз кезегінде Ұлттық банкке тиімді ақшалай –
несиелік саясатын жүргізуге және банктік заңдармен анықталған Ұлттық
банктің белгіленген негізгі міндеттерді толығымен орындалуына мүмкіндік
береді;
Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтік реттеуді
жетілдіру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебінен барлық
коммерциялық банктер қызметінің сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың
капиталдандыру деңгейін жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын
банктер тобын қалыптастыру;
Банкаралық несиелік және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету
жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы
тұрақтылығына қол жеткізу, ал Ұлттық банк оларға тек өзінің тікелей және
жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етеді;
Республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық банктің тарапынан тікелей
несиелеуден бас тартып, оның ішкі және сыртқы қаржылық нарықтарда
инфляциялық емес әдістер арқылы қаржыландыруға көшу;
Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында төлемдердің қауіпсіз,
уақтылы және тиімді жүзеге асыру мақсатында еліміздің төлем жүйесінің
сапалы қызмет ететін жаңа деңгейіне қол жеткізу және ұзақ мерзімді ұлттық
төлем жүйесін дамыту;
Орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды инфляциялық емес
несиелеу жүйесінің негізін қалау.
Бағдарламаның өткірлігіне қарамастан, істің нақты жағдайын ескере
отырып, оны жүзеге асырды.
Ең алдымен ақша – несиелік реттеудің құралдары және әдістері дами
түсті.
Банктердің қайта қаржыландыру механизмдерінде маңызды өзгерістер
болды. 1995 ж. қаңтар айынан бастап директивті несиелерді беру тоқтатылды.
Орталықтандырылған көздер есебінен берілетін несиелердің көлемі және
мерзімі қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметі негізінен Ұлттық банктен
екінші деңгейлі банктерге көшті және олар өз кезегінде экономиканы
несиелеуді шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос қаражаттарын, халықтың
жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздері тарту есебінен
қамтамасыз етуге бейімделу. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән
қызметтерге көбірек ден қойды, оларға: банктердің өтімділігін қолдап отыру
мақсатында екінші деңгейлі банктерді несиелеу, Үкіметті несиелеу және жалпы
ақша – несиелік және валюталық реттеу жатады.
1995 ж. бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге
беретін несиелерінің негізгі массасы аукцион арқылы ресурстар 3 ай мерзімге
берілсе, екінші жартысында операциялардың барлық ауыртпалығы мемлекеттік
бағалы қағаздардың екінші нарығына көше бастады. Сонымен бірге, банкаралық
несие нарығы дамыды. Қыркүйек айынан бастап ломбардтық несиелеу жүйесі
енгізілді. Базалық ақшалардың өсуін тежеу мақсатында, жылдың әр кезеңінде
Ұлттық банк айналысқа бағалы қағаздарды шығару (нота) жолымен ақша
массасының өсімін стерилизациялап отырды.
1995 ж. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің позитивті нақты
бағытын ұстап тұрды. Инфляция қарқынының төмендеуіне байланысты ол да
төмендеді және керісінше инфляцияның өсуі қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінің жоғарылауын қарастыруға әкелді. Инфляция қарқыны 1995
жылдың қаңтарында 8,9 % - дан 2,4 % - ға дейін төмендеуін ескеріп,
қыркүйекте қайта қаржыландыру мөлшерлемесі біртіндеп 210 – нан 45 % - ға
дейін төмендеді. Кейінгі айлардағы инфляцияның өсуі (айына 4,4 %) 20
қарашадан бастап Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 52,5 % -
ға дейін арттыруына мәжбүр етті. Бұл өзгерістер өз кезегінде екінші
деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында да көрініс алды.
Ақша массасының көлемін тиімді мөлшерде ұстау қажеттілігімен
туындайтын банктің өтімділігін реттеудегі міндетті резервтер деңгейі,
1995 ж. наурыз айында, теңге және шетел валютасындағы депозиттік
міндеттемелердің деңгейінің 20% - ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің
балама тәртібіне көшкен банктердің резервтері үшін төлемдік принципін
сақтады және оған төлейтін ақы мөлшері қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің
25% деңгейде қалды.
1995 ж. Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының дамуын
қамтамасыз етті, ашық нарықтағы операциялар басталды. Бұл жерде бірінші
және екінші нарықтардың қызмет етуі қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 1995
ж. айналыс мерзімі 3 айлық қазынашылық вексельдің көлемі 4,1 млрд. теңгені
құраса, мерзімі 6 айлық қазынашылық вексельдер – 0,8 млрд. теңге көлемінде
айналысқа шығарылды. Екінші нарықтағы операциялар көлемі жыл бойы 11,4
млрд. теңге құраса, оның ішінде ашық нарықтағы операциялар – 2,2 млрд.
теңгені құраған.
Ұлттық банк жүргізген валюталық бағам саясаты нарықтық жағдайлардың
қысқа мерзімді өзгерістерінен туындайтын теңгенің алмастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк жүйесін жетілдіру жолдары
Банктер жүйесі жайында
Қазақстанның банк жүйесі жайлы
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Коммерциялық банктердің несиелендіру операциялары
Банктер жүйесі
Банктік жүйе
Айналымға несие құралдарын шығару
ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары. Даму жолдары
Пәндер