Өнер және эстетикалық дәстүрлер


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1 . Өнер туралы түсінік

2 . Өнер және эстетикалық дәстүрлер

3 . Поэзия

Өнер туралы түсінік

Өнер - көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты - дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:

  • көркем әдебиет,
  • музыка,
  • мүсін,
  • кескіндеме,
  • театр,
  • кино,
  • би,
  • сәулет өнері, т. б. түрлері бар.

Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша формасы ретіндегі ерекшелігін айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар бүкіл мәдениет тарихында тоқталған жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т. б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын тек танымдық немесе идеялдық, яки эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға қанағаттанбай өнертанушылар өнердің бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне де, рәміз сияқты көптеген мәселелер келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның көркем шығармашылдық әрекеті сан алуан қалыпта дамып, ол өнердің түрлері, тектері, жанрлары ретінде таратылады. Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:
1) мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т. б. ) яғни, көркем бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері,
2) мезгілдік (сөз және музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде құратын өнер түрлері.
3) мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған негізделген аралас түрлер - театр, кино, телевизия, эстрада, цирк, т. б. ), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт кеңістікте түзетін өнер түрлері.
Сөз өнері іштей - жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер - вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер - драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т. б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті - эпос, лирика, драма сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері - портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т. б. жанрларға бөлінеді. Өнер, жалпы алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан көркем әдісі ретінде өзіне тән ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа ие. Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, талғамдары болады. “ Өнер алды - қызыл тіл ” деген қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Қазақ фольклорының шағын жанрлары - мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты тудырған шешендік сөздер табиғатының эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын жеткізіп отырған. Осы белгісіне орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға да болады. Халық мұрасы тұсында оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері бар. Соларды саралай отырып, адамзат баласының көркем қиялмен ойлау жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз. [1] [2]

Өнер және эстетикалық дәстүрлер

Толық мақаласы: Өнер және эстетикалық дәстүрлер

«Өнер» терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, " ендіру ", " жасау ", " құру " деген негізден өрбиді. Мысалы, көне гректердің өнерді білдіретін ұғымы " поіесіс " - адам қолынан шыққан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем - " пһyсіске " қарама-қарсы қойылған. Тап мағынасында " өнер " деп көркем шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін (бейнелеу, поэзия, әуен, би және т. б. ) айтуға болады.

Поэзия (гр. поіесіс , поіео - жасаймын, тудырамын) - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет - өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады. Поэзия ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан. Қай халықтың әдебиетін алсақ та, поэзиясы ерте заманнан дамып өркендеген. Сөз өнеріндегі ертегі-аңыздар қара сөз түрінде келгенімен, поэзиямен жалғас туындады, ал көркем проза кейін қалыптасты. Сөз өнерін поэзия мен прозаға бөліп қарауданыың мәні зор. Орыс әдебиеттанушысы В. Г. Белинский: “Поэзия - тұтас өнер, онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады” дей келе поэзияны тегі мен түріне қарай лирикалық , эпикалық , драмалық жанрларға жіктеді. А. Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” атап көрсеткен дарынды сөз үлгісіндегі толғау түрі поэзия ұғымына сәйкес келеді. Зерттеуші еңбегінде толғаудың мазмұнына қойылатын ішкі және сыртқы шарттарды белгілейді:

а) шын көңілден шыққан сырлы;

ә) былғаныш пікірден таза;

б) терең күйден хабар беретін, терең із қалдыратын болуы керек.

Сыртқы шарттары:

а) көңіл күйінің бейне бір билеуі тәрізді, күй мен би үйлесімдігі;

ә) қысқа;

б) әуезді болуы тиіселосы Байтұрсынов “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласында классик.

Поэзия үлгісін Абай шығармаларынан көретіндігін айтады. Қазақ әдебиеті 19 ғ-ға дейін негізінен поэзия үлгісінде дамып өркендеді. Халық поэзиясы түрлі жанрларды қамтыды: өлең, эпостық жырлар, дастандар, т. б. Поэзия тарихи-әдеби процестің дамуына орай өркендеп, жаңа сипат-қасиеттермен толығып отырды. Қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі дәуірде Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, т. б. қаламгерлер сөз өнерін жаңа мазмұн мен образдық жүйе, көркемдік бояу-нақыштармен байыта түсті. Қазақ поэзиясында лириканың көптеген жаңа үлгілері қалыптасты, публицистикалық поэма секілді жанрлық түрлер кеңінен орын алды.

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Лтд. » ЖШС, 2010. ЫСБН 9965-26-096-6
  2. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев - Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-9

Жоспары:

І. Кіріспе

1. 1 Театр өмір бейнесі 1. 2 Театр маңызды құрал 1. 3. Ұжымдық өнер

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Театр әлемде 2. 2 Орта ғасырдағы Театр 2. 3 20 ғасырдағы Театр
  1. Қазақстанда театрдің дамуы және Абайдың театрдағы маңыздылығы

Қортынды

Театр өмір бейнесі

Театр (грекше тһеатрон - ойын-сауық орны; ойын-сауық) - сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады. Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеум. міндеттерін орындай алады. Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол - әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұның өзі сахна мен көрермендердің рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап етеді.

Театр маңызды құрал

Театр - халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады. Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез-кейіптерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-қарекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді. Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызар көңілімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің жай бейтарап, салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Түптеп келгенде театрдың қоғамдық-тәрбиелік қызметі мен идеялық-эмоциялық және көркемдік-эстетикалық әсер күші де осыған саяды. театрдағы басты тұлға, пьесадағы берілген жағдайға байланысты әрекет етіп, сахналық қаһарманның характерін жасайтын - актер. Ол сахнада шығармалық процесс кезінде пьеса материалын өзінің болмыс шындық туралы ой-түсінігімен, өмірде көріп-байқағандарымен, эстетикалық сезім-түйсігімен үнемі байытып, толықтырып отырады. Бұл тұста актердің бойынан орындаушылық өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын аңғарылады. Актер образы пьеса және спектакльді қоюшы-режиссердің (қара Режиссерлік өнер) түсінік-шешімі мен түсіндірмесі негізінде өмірге келеді. Өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейді. Ал мұның өзі спектакль бойынша жүзеге асады.

Ұжымдық өнер

Театр - ұжымдық өнер, өйткені қазіргі театр спектакльі драматург, актерлер, қоюшы-режиссер, сценограф (декоратор-суретші; қара Театр декорация өнері), композитор (қара Театр музыкасы) мен хореографиялық өнерінің және киім-кешек жасаушылар, гримшілер, жарық берушілер секілді, театрдағы т. б. көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Театр өнерінің синтездік табиғаты оның тарихи даму сатысымен тығыз байланысты. Әсіресе, театрдың өзіне тән мұндай ерекшелігі драмалық әрекет, музыка, ән мен бидің бір-бірінен бөлінбей тұрған кезіндегі кең таралған халық ойын-сауықтарынан айқын көрініс тапты. Кейінгі дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды. Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түрі қалыптасты. Енші алып, отау тігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы уақиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды. Театр - табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәдени мән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмір сүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмір құбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.

Театр әлемде

Театр өнері көрерменнің өзгелерге деген, басқа халықтар өмірі мен қоғам тіршілігіне деген ынта-ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге игі әсер етеді. Дүние жүзіндегі түрлі халықтардың географиялық-тарихи даму өзгешелігі мен олардың өмір-тұрмысы, әдет-ғұрпы, психикалық хал-жайы әр алуан театр жүйелерінің туып, қалыптасуына ықпал жасады. Осыған орай еуропалық театрларды және Шығыс елдерінің (Жапония, Қытай, Yндістан, т. б. ) театр мәдениетін, Америка, Африка, Мұхит аралдары халықтарының өзіндік сипаты бар театр өнерін де атауға болады. Театрдыңәрекет пен сауыққа негізделген мән-мағынасы тарихи тұрғыда, оның өмірге алғаш келуімен байланысты айқындалады. Адамзат тарихымен қоса жасасып келе жатқан театрдың қайнар көзі ежелгі замандағы аңшылық пен ауыл шаруашылық ойын-сауықтарына, халық мерекелері мен салт-жораларына саяды. Осы негізде пайда болған алғашқы трагедиялық және комедиялық сипаттағы дәстүрлі ойын-сауықтар мазмұнынан драмалық тартыстар мен сюжеттердің нышандары, сондай-ақ хор әндері, билер, диалогтар, киім киіп, сән-салтанат құру, маскамен бет-әлпетін өзгерту бой көрсетті. Ойын-сауық әрекетінің діни-салттық негізден бірте-бірте арылып бөлінуі, қаїарманның хор тобынан алдыңғы қатарға шығуы және көпшілік мейрамдарын арнайы ұйымдастырылған ойын-сауыққа айналдыру әдеби драмалардың тууына қолайлы жағдай жасады. Актерлер мен көрермендерге жіктеліп бөліну Т-дың аса маңызды қоғамдық қызметін айқындай түсті. Бұл процесс еуропалық театр өнерінің өркен жаюына зор ықпал жасаған Ежелгі Грекия театрында айқын көрініс тапты. Біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырдың өзінде-ақ ежелгі гректердің мемлекет-қалаларында театр қоғамдық өмірдің орталығына айналды. Бұларда ойын-сауықтар бүкіл халық мерекесі саналды. Аспан аясында, төбесі ашық алып амфитеатрларға он мыңдаған көрермендер жиналып, ойын-сауықты тамашалап отырды. Ал мұндай ойын-сауықтар маман актерлерден басқа хорға қатысатын барлық көрермен-азаматтардың өздерін де қамтитын болған. Ежелгі грек драматургтері Эсхил, Софокл мен Еврипид трагедияларында аңыз құдайлары мен қаһармандарының тұлғасы жасалды, ал Аристофан комедияларында ежелгі дәуірдің саяси және әлеуметтік күресі бейнеленіп, қоғамда орын тепкен кемшіліктер мен орынсыз жайлар өткір күлкі отына ұшырады. Грек театр мәдениетінің дәстүрі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Рим театрында (драматургтер Плавт, Сенека, Теренций, т. б. ) спектакльді қою мен театр техникасы едәуір дамып, сахна түрлері өзгерді; ойын-сауықтың жаңа түрлері, оның ішінде мифологиялық сюжетке құрылған музыка-би сауығы - пантомима пайда болды. Ойын-сауықтың көптеген алуан түрлері Ежелгі Шығыс елдерінде де, соның ішінде Жапонияда, Индонезияда, Қытайда, Yндістанда, т. б. елдерде туып, өрістей бастады.

Орта ғасырдағы Театр

Ерте кезеңдегі театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маска-типтердің тууына себепші болды.

А.

http://bits.wikimedia.org/skins-1.19/common/images/magnify-clip.png Екатеринбург қаласының Мемлекеттік оқу театрының институты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суретшілер қолөнершілер шығармашылығын зерттеу
Дәстүр мен жаңашылдықтың әдебиеттегі маңызы
Халық педагогикасы
Бейнелеу өнері сабағы
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Оқу-тәрбие процесінде эстетикалық тәрбиесінің алатын орнын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz