Сарыарқаның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын айқындау


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның орталығы мен солтүстік бөлігінде орналасқан Сарыарқаның табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, ауданаралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Сарыарқаның жер қойнауынан қазылып алынатын тас көмір, темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, еліміздің халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және Самсунг сияқты шетелдік компонияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металургияны дамыту мен қаратар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты :

  1. Сарыарқаның географиялық орны мен мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын палеозой, мезозой, майназой эраларындағы палеогеографиялық, палеоэкологиялық жағдайын айқындау;
  2. Геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктері мен неотектоникалық қозғалыстардың қазіргі жер бедері мен пайдалы қазбаларының түзілуіне әсерін анықтау;
  3. Шыңғыстау-Тарбағатай, Көкшетау-Тянь-Шань метологенді белдеулерде таралған қара, түсті және сирек кездесетін металлдардың кендерінің пайда болу жолдарын айқындау;
  4. Аймақ аумағындағы биогенді және хемогенді жолмен түзілген пайдалы қазбаларының маңызды кен орындарына шаруашылық тұрғыдан баға беру;
  5. Аласа таулар мен тау аралық ойыстардағы қара және түсті металдардың, жанғыш және кенсіз пайдалы қазбалардың ірі кен орындарын анықтау.

Жоғарыда аталған мақсаттарға сай бітіру жұмысын төменгі міндеттерді шешуді көздейді:

  • Сарыарқаның физикалық-географиялық орындарының ерекшеліктері мен геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан зерттелуін;
  • Сарыарқаның аумағының геолотектоникалық құрылысының ерекшелігі мен геологиялық даму тарихын;
  • пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтары мен металллогенді аймақтарын;
  • жанғыш және кенсіз пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен маңызды кен орындарына;
  • қара және түсті металдармен пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін, түзілу жолдары мен маңызды кен орындарына ;
  • құрылыс материалдарының кен орындарына кешенді сипаттама беріп геологиялық құрылысының негізгі ерекшелігін анықтау.

Бітіру жұмысының практикалық маңызы:

Бітіру жұмысын жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, орта мектептің мұғалімдерімен оқушылары білім көзі ретінде қолдана алады.

Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:

Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда Сарыарқаның физикалық-географиялық орны, аймақтың геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан зерттелуі бедерінің негізгі ерекшеліктері қарастырылып, геологиялық картасы мен кестелер берілген.

Екінші тарауда Сарыарқаның қара, түсті металдар мен кенсіз пайдалы қазбалардың кен орындарына сипаттама беріліп, олардың қорына шаруашылық тұрғыдан баға беру, жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе - теңдігін сақтау мәселелері қарастырылған.

Бітіру жұмысының әдістемелік - методологиялық негіздері :

Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М. И. Давыдова мен Э. М. Раковскаяның «Физическая география СССР», Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В. М. Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.

1 Сарыарқаның табиғатының жалпы ерекшелігі.

1. 1 Сарыарқаның физикалық - географиялық орнының ерекшеліктері. Зерттелу тарихы.

Сарыарқаның физикалық - географиялық орнының ерекшеліктері. Қазақтың ұсақ шоқылы аласа таулы аймағы Сарыарқа Тұран солтүстік Қазақстан Ертіс Құйынды жазықтары мен Тарбағатай тауларының аралығында орналасқан. Оңтүстік шекарасы 47 - 78° солтүстік ендігі ұлы таудың оңтүстік сілемдері мен Балқаш көлінің солтүстік жағалауымен шектесетін шыбыр тау арқылы өтеді. /1/

Солтүстік шекарасы 53° солтүстік ендіктегі Есіл, Тобыл даласы солтүстік шығыс орта Ертіс аңғарындағы ескі арналы Сілепи теңіз, жалаулы, шүрексор көлдері арқылы өтеді. Батыс шекарасы ұлы тау жыланшық таулары арқылы өтіп, біртіндеп солтүстік Торғай ойысы мен Торғай қаласына ұлысады.

Шығыс шекарасы 80° шығыс боилықтағы Сарыарқаның қолба, тарбағатай тау жоталарына ұлысатын бөлігі болып табылатын Аягөз, Шар өзендерінің аңғарлары арқылы өтеді. Қазақстанмен ресей ғалымдарынын Қазіргі кездегі зертеулерінің деректеріне сай Сарыарқа геотектоникалық құрлысы жағынан тау түзілу кезендері Пализой эрасынын каледон, герцин қатпарлығында аяқталып кайназой эрасының неогентөрттік дәуірдегі неотектоникалық қозғалыстардың әсері баяу жүрген, ұсақ шоқылар мен олардың аралығың бөліп жатқан қабатты денудациалық жазықтардан тұратың эли палеозойлық платформа болып табылады.

Материктің ішкі аймағындағы құрлықтың сектордағы орнына сай климаты шұғыл, континентті қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігіндегі дала, шөлеит және шөл зонасына тән аумақтың табиғат кешендері таралғаң ежелден мал шаруашылығы дамыған аймақ болып табылады. 61 - 85° шығыс бойлықтар аралығында аймақ 1500 шақырымға, батыс бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке 95° шығысында 350 - 400 шақырымға созылып жатыр. Қазақтын ұсақ шоқылары Сарыарқаның аумағы 700 мың шаршы шақырым. Сарарқа аумақтың тұрғыдан жербедері аталған аймаққа сәикес келетін ірі орографиалық бірлік болып табылады. Аталған аумақта қатпарлы негіздегі денудациалық жазықтармен аласа таулы алқаптар кен таралған. /2/

геологиялық тұрғыдан зерттелуі

Алматы облысына жататын Жетісу Алатауына алғашқы зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысында А. И. Шренком (1840), А. Влангали (1851), И. В. Мушкетов (1874), Г. Д. Романов (1879) және Р. Закржевсктердің (1892) аумақтың жекелеген бөліктеріне маршруттық зерттеу сапарларын жасағаннан кейін басталды. И. В. Мушкетовтың еңбегінде бірінші рет Жетісу Алатауының аса ежелгі құрылымы-гнейсті метаморфтық қабаты мен кристалды тақтатастары қаралды және Қатутау, Қалқан, Алтынемел тауларында бірқатар пайдалы қазбалардың пайда болуы ( темір, мыс, қорғасын) туралы қысқаша сипаттама берілді.

1906 жылы А. К. Мейстер Мұқыры және Лепсі өзендерінің алаптарының төменгі таскөмір кезеңіне жататын фаунаны және таскөмірдің пайда болуын (Қарасай, Мұқыры) анықтады. 1912 жылы П. А. Казанский Көксай мыс кен орнын сипаттады және Жетісу Алатауының гранитоидының варисстік кезеңі туралы өз ойын білдірді.

1906-1910 жылдар аралығында Жетісу Алатауының Пограничный көрші шығыс ауданында (Қытай территориясында) В. А. Обручев (1915) зерттеу жүргізді. Оның еңбегі Жетісу Алатауының кеңестік бөлігінің геологиялық құрылысының ерекшелігін және жер бедерінің қалыптасуы туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға көп мүмкіндік туғызды. /5/

1916 жылы Н. Г. Кассин басқарған (1927), И. Горький, П. А. Грюша, М. Ф. Крутиков, В. А. Николаев, К. Б. Терлец және А. А. Шильниковтардың атқарған еңбектері, Жетісу Алатауының оңтүстік бөлігін зерттеді және стратиграфия, тектоника, вулканизмнің алғашқы жүйесі туралы сондай-ақ осы аумақтың палеогеографиясын зерттеді.

Ұлы Қазан революциясынан кейін Жетісу жотасының геологиялық зерттелуі Түрксібті салумен байланысты болды. В. Я. Гринев (1928) Малайсары тауынан пермь кезеңінің флорасын тапты, пермь түзілімінің схемалық кескіндемесін жасады және Жетісу жотасының батыс бөлігіндегі интрузиидің пермьдік жасын анықтады. С. В. Калесник (1933) Жетісу жотасының Солтүстік жотасынан, Басқан және Тастыбұлақ өзендер бастауларынан гнейстер мен гранитті-гнейстерді анықтап, сипаттама берді. Ф. А. Макаренко (1936) Ақсу және Биен өзендерінің алабынан жоғарғы силур фаунасын анықтады және жоғарғы силур кезеңінің конгломератынан (жұмыртас) малтатас гнейстерінің жұмырланғанын кездестірді. /6/

Б. К. Терлецкий (1934) ортадевондық фаунаны анықтады және Қызылағаш өзен бассейндегі құмтасты - тақтатасты қабатты девон кезеңіне жатқызды.

1933 жылға дейін пайдалы қазбаларды іздестіру оң нәтиже бермеді, тіпті Жетісу жотасы пайдалы қазбаларға кедей деген тұжырымдар да жасалды. К. И. Постов (1931) Хоргос өзенінің бассейні алтынды екендігін анықтап, бұдан біраз алтын алуға болады деп қорытынды жасады.

Е. Д. Шлыгин (1936) Алакөл көлінен шығыс аумақта юра кезеңінде түзілген көмір белгілерін және осы территорияда мұнай бар екендігін болжам жасады.

Жетісу Жотасының батыс бөлігінің қазіргі геологиялықзерттелу негізі М. М. Юдичевпен (1933-1940) байланысты. Ол 1933 жылы Текелі полиметалл кен орнын ашты және оған жоғары баға берілді. Көксу өзені бассейндегі гнейстер мен кристалды тақтатас қабаттарды М. М. Юдичев кембрийге дейінгі кезеңге жатқызды. Текелі кен орнын ол мезотермальды типке жатқызды; кеннің түзілуіне неғұрлым қолайлы жағдай туғызған әктас және аз мөлшерде тақтатас саналады, ал негізгі кен бақылау құрылымына зонаның ендік бағыттағы тектоникалық жарылыстары жатады. 1934-1935 жылдары А. К. Жерденко, С. Н. Колова және С. С. Ларка басшылығымен Жетісу жотасының шығыс бөлігіне зерттеу-түсіру жұмыстары жүргізілді. Хоргос, Чыжын және Өсек өзендерінің алабынан молибден, вольфрам, висмут, полиметалл кендерінің қалыптасқандығы анықталды.

1933 жылы Текелі кен орындарына және оған жақын аудандардан полиметалл зерттеу, барлау жұмыстары басталады. Кен орындарын Е. А. Немов 1935-1938 жылдары, Г. Б. Роговер 1936-1938 жылдары және Г. С. Лабазин 1937 жылы зерттеді. /7/

Е. А. Немов Текелі ауданының кен орнын зерттеді және Суықтөбе, Алмалы, Ақтөбе, Желжота, Петровск кен орындарын сондай-ақ рудалардың пайда болу жолдарын анықтады. Текелі өзені жағалауындағы құмтасты-тақтатасты қабатты, ол Текелі тастопшасы деп, ал Суықтөбе тауының негізінен карбонатты құрылымын-суықтөбе тастопшасы деп атады.

Алтын-Емел жотасымен Қатутау тауынан М. С. Лизунов (1936) және Ж. А. Айталиев (1936) полиметалл және мыс рудаларының пайда болуын зерттеді.

Жетісу жотасының солтүстік жән солтүстік-батыс жоталарына М. С. Швецов пен И. И. Лякин (1936), Ф. А. Карпенко, В. С. Карпенко, М. Г. Лякин, Н. И. Хомизури (1937), В. Д. Темофеев, Г. Д. Зиновьев, Г. И. Зубков (1939), Н. М. Колпаков (1941) зерттеу жұмыстарын жүргізді.

1936-1938 жылдары Чжа және Көксу өзендерінің алаптарында И. И. Машкара геологиялық зерттеу жүргізіп, аумақтың тектоникасын және стратиграфиясын толықтыратын мол материал жинады. Ол девон кезеңінің эффузивті қабаты мен карбондық туфты қабаттарды бөлді және метаморфологиялық қабаттардың сәйкес келмейтіндігін, сондай-ақ суықтөбе және текелі тастопшаларының фауналық сипаты жоғары силур типі екендігін, фациальды аудандардың төменгі таскөмір шөгінділерін анықтады.

1940 жылы М. М. Юдичевтің «Жоңғар Алатауы» атты монографиясы жарияланды. Бұл еңбегінде автор сол кезеңдегі шөгінділер туралы материалды да енгізді және стратиграфияға, тектоникаға, вулканизмге, ауданның жалпы тарихи даму заңдылығына нақты сипаттама берді, сондай-ақ генезистік пайда болу және кейінгі геологиялық зерттеу жұмыстары туралы да айтты. /8/

Ұлы Отан соғысы жылдары полиметалл және сирек кездесетін металлдардың кен орындарын зерттеу Жетісу жотасының барлық бөлігінде жүргізілді. Оңтүстік жотада А. С. Осипов Солтүстікке - Н. М. Колпаков пен Е. В. Орлов (1941), П. П. Зотов (1941), Г. Н. Ионова (1945) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жамантас және Қызыл-Тентек кен орындары құрылыс материалына ұсынылды. Іле даласында мұнай мәселесін байланысты геологиялық және геофизикалық жұмыстарды (Костенко, Волин, Мордвилко, Проводников және т. б. 1942) жүргізді.

1949-1951 жылдары Балқаш маңы экспедициясының ВАГТ қызметкерлері М. И. Александрова, Н. А. Афоничев, А. В. Волин, Е. П. Пантелеев және М. Д. Стааль шамамен Жетісу жотасының солтүстік бөлігіне түгелдей геологиялық- түсіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ауданның стратиграфиясы мен тектоникасы нақты анықталды, көптеген пунктерде девон және таскөмірлік фауна табылды. 1950 жылы М. И. Александров, Н. А. Афоничев және А. Е. Сабичев Сарышылды өзен алаптарынан төменгі және жоғарғы сарышылдық қорғасын-мырыш кен орнын анықтады.

Осы уақытта Жетісу жотасының оңтүстік бөлігіндегі зерттеу және геологиялық түсіру жұмыстары Қазақ геологиялық басқарушылығымен жүргізілді. 1948-1949 жылдары Қатутау тауы мен Алтын-Емел жотасынан Б. Д. Бабичев және басқалары бірнеше шағын флюоритті және гематитті пайда болуларды анықтады.

1950 жылы Жетісу жотасының Оңтүстік жотасында геологиялық түсіру жұмысын А. П. Чекалов жүргізді. /9/

1951-1955 жылдары Жетісу жотасында А. И. Семенов пен Г. В. Нехорошев жұмыс істеді. Олар жоғарғы полеозой стратиграфиялық схемасын толықтырды және аумақтың тектоникасы мен пайдалы қазбаларын зерттеді. Осы жұмыс негізінде 1954 жылы А. И. Семенов аумақтың геологиялық даму тарихымен металлогендік дамуын қарастырды, сондай-ақ бірінші рет аумақтың интрузивті кешені мен рудаминералды формацияның шөгінді және вулканогендік формациясы деп бөлді. Бүкіл регионды ол құрлымдық-металлогендік зона қатарына бөлді және қазбалардың жекелеген түрлерін зерттеуге ұсыныс берді.

1953-1956 жылдары Н. А. Афаничев пен А. Е. Савичев (1958) жетісу жотасының солтүстік жотасының жалпы стратиграфиялық сызбасын жасады, құрылымдық-фацияльды зонаға және зона алдына бөлді сондай-ақ Солтүстік Жетісу жотасының геологиялық даму кезеңінің негізін қарастырды.

1953 жылы Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқарушылығы жоспарлы геологиялық жұмыстарың Оңтүстік және Батыс Жетісу жотасында жүргізуді бастады.

1954 жылы С. Е. Майрин, В. Г. Севестянов және П. П. Тихонов Жетісу жотасының Оңтүстік жотасынан силур түзілімін, карбон және пермь дәуірінің барлық үш бөлігін анықтады. 1955 жылы Сары-Өзек ауданынан С. Е. Майрин мен П. П. Тихонов бірінші рет төменгі вулканогенді түзілімді флораны Г. П. Радченконың зерттеуімен бөліп қарастырды.

1956 жылы В. А. Ботезату бұрын төменгі карбондық деп есептелінген Қатутау тауының вулканогенді-шөгінді түзілімін жоғарғы карбон мен пермь дамуына жатқызды. /10/

С. Е. Майрин, В. Д. Стеркин және т. б. (1956-1960) жұмыстарының нәтижесінде Жетісу жотасының оңтүстік бөлігінің стратиграфиялық және Қаратау тауларынан (Солтүстік жота) силурге дейінгі гранитоидтар анықталды.

И. И. Никитченко (1957-1960) төменгі таскөмір түзілімін бөлген сызбаны ұсынды, жоғарғы лудлов және девон түзілімдерінің фауна топтамаларын жасады, интрузивті фазаларды, гранитоидты фацияларды бөлді және олардың ыдырау уақыттарын анықтады. К. А. Азбель, Г. М. Фремд және т. б. (1958-1963) жоғарғы палеозой қабатының құрылымын зерттеді. Г. М. Фремд Оңтүстік Жетісу жотасынан вулкандық жыныстардың мынадай түрлерін игнимбриттер, лахаровты брекчилер және т. с. с. вулкандық аппараттардың қатарлық жағдайын зерттеді.

А. М. Жиырев және т. б. (1963) Бурақой, Қаратал өзендерінің маңынан каледондық гранитоидтар сондай-ақ ақешкі өзені маңынан жоғары силурлық фаунаны анықтады. 1957-1963 жылдары Солтүстік-Шығыс Жетісу жотасында геологиялық түсіру және ізденіс жұмыстарын ВАГТ партиясы Б. В. Алабужина, Ю. В. Борзаковск, М. Н. Барцев, В. А. Буш, В. С. Войтович, Н. М. Давыдов, В. К. Дмитриев, А. Ф. Степаненко, Ю. А. Твердислав, Н. И. Филатов және т. б. басшылығымен жүргізілді. Нәтижеде ортапалеозойлық қабаттың стратиграфиялық бөлу, ауданның осы бөлігінің тектоникалық құрылымы нақтыланды, девон және таскөмір кезеңнің фауналарын толықтыратын топтамалар жасалды, Буланбай тауынан мәскеу ярусының орта карбон түзілімінің пайда болуы зерттелді. /11/

Бұл аймақта жүргізілген 1953 жылғы геологиялық түсіру және зерттеу жұмысы барысында кен орындары мен рудалардың пайда болу жолдары көптеп анықталды. Оңтүстік Жетісу Алатауынан Көксай мыстапорфировты Біжін полиметалл және Арқарлы алтын-рудалы кен орнының (Майрин, Севастьянов 1954-1955) пайда болуы, витофирлердің өндірістік шикізаттары мырыш, мыс және алтынның пайда болу жолдары (малайсары тобы), сондай-ақ Шығыс Қатутау мысты-молибденді, жоғарғы Теректі молибденді, Қатутау мысы және т. б. анықталды. Бұрын белгілі және жаңадан пайда болған кен орындары мен рудаларда зерттеп-барлау және ревизиондық жұмыстар жүргізілді. Бұған әсіресе Текелі-Суықтөбе руда қабаты (Х. И. Мурсалимов, И. С. Бродский, В. П. Стеценко, П. А. Руденко, А. В. Орлов, И. И. Волосиков және т. б. ), Көксайлық мысты (В. В. Науменко, В. В. Березовиков, М. В. Кукарена) және Арқарлы алтын рудасы (Г. Б. Левин, К. И. Груздев, Ю. Е. Яренский) кен орындарын зерттеу жұмыстары жатады; Солтүстік Жетісу жотасында алтын кенін зерттеу жүргізілуде (Е. П. Кислицин және т. б. )

Геологиялық түсіру, зерттеу және барлау жұмысының барысы 50-жылдардың екінші жартысында аймағының геологиялық және металлогенді әртүрлі қырларын қамтитын тақырыптық зерттеуге көшті. 1956 жылы Орталық және Оңтүстік Жетісу Алатауының зерттеу тобы Қ. И. Сәтпаев атындағы геологиялық ғылыми Институттың геологтары Б. И. Вейц, П. К. Жуков, Ю. И. Казанин, А. К. Каюпов, Н. П. Крикунова, Н. А. Розыбақиева, Н. А. Пигулевский, А. Е. Шлыгин) төменгі палеозойдың руда аралас қабатын, Көксу-Текелі руда қабатын, Текелі, Көксу, Суықтөбе кен орындарының шөгінді жыныстарының минералогиясы мен руданың геохимиясын және шамалы өзгерісті руданың петрографиясын зерттеді. Б. И. Вейц, Н. А. Розыбакиева, А. Е. Шлыгин (1956-1960) Суықтөбе және Көксу руда кен орындарының минералогиялық және геохимиялық құрамын, ал Б. И. Вейц пен Н. П. Крикунова (1960-1964) Текелі және алмалы кен орындарын зерттеді. /12/

1957 жылы Н. Н. Костенко Жетісу Алатауының оңтүстігінен ақтау тастопшасының олигоцендік жасын, ал батысынан арал тастопшасының баламасы саналған (миацен) Сарыөзек тастопшасын бөліп зерттеді.

Н. А. Афоничев пен А. Е. Савичев өз зерттеу жұмыстарын 1958-1960 жылдары Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінде жалғастыра отырып, орта палеозойдың стратиграфиясын нақтылады, Жедин, Кобленц, Эйфель және Живет ярустарының фауналық түзілім сипатын анықтады, Салқынбел, Сарқан және тастау тастопшаларын бөлді. Олар сондай-ақ құрылымды - фациальды зона және зона алдын белгіледі. Олардың негізгі даму кезеңдерін регионның қатпарлы және жарылым құрылымдарына және т. б. сипаттама берді. Осы геологтардың кейінгі зерттеу жұмыстары (1960-1965) аумақтың геологиялық даму тарихына және Жетісу Алатауын геологиялық құрылымға аудандастыруға жаңа материалдар қосты. /13/

Л. К. Диденко-Кислицина, Е. П. Кислицин және т. б. (1965-1958) кайназой түзілімін бөлді және Жетісу Алатауының қазіргі тектоникалық жағдайын бірнеше қырларын және жер бедерінің қалыптасуын нақтылады. Геофизикалық зерттеу жұмыстары Жетісу Алатауында, Алакөл және Іле ойыстарының қойнауында мұнай болуына байланысты жүргізілді. Бұл региондағы геофизикалық және оған қатысты материалдармен Ю. А. Акопов, К. И. Волкова, В. И. Гольдшмидт, В. Д. Гульницкий, И. И. Ерусалимский, Н. М. Ефремова, Л. З. Злавдинов, В. В. Иванова, М. Г. Косой, Д. С. Кубарев, Г. А. Никитин, В. К. Поляков, Л. Г. Сафенрейтер, Ю. Л. Фокшанский және т. б. айналысты.

1962-1963 жылдары Қ. И. Сәтпаев атындағы геология ғылым институты және Оңтүстік Қазақстан геолгиялық басқарушылығы Жетісу Алатауының геофизикалық зерттеу материалдарына есеп беру барысында геологиялық және металлогендік мәліметтер дайындады. Осы жұмыстың нәтижесі басты жұмыстың

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарыарқаның табиғаты
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Қазақстандағы туризмнің даму тарихы
Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасына физикалық-географиялық сипаттама
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz