Зығыр дақылын зерттеу


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Әдебиеттік шолу . . .

2. Дақылға сипаттама . . .

3. Зерттеу аймағының табиғат климаттық жағдайлары . . .

3. 1. Жауын шашын мен температуралық құбылым . . .

3. 2. Топырақтық жағдай . . .

Негізгі бөлім . . .

4. Зерттеудің жоспары және әдістемесі және майлы дақылдардың тыңайтқыш қолдану жүйесін пайдалана отырып талдау жасау . . .

5. Зерттеу нәтижелері . . .

5. 1. Топырақтың орналасу тығыздығы . . .

5. 2. Зығыр дақылы өсірілген топырақтың қоректік режимінің динамикасы . . .

5. 2. 1. Зығыр дақылы өсірілген топырақтағы гумус пен минералды азоттың динамикасы . . .

5. 2. 2. Зығыр дақылы өсірілген топырақтағы жылжымалы фосфордың динамикасы . . .

5. 3. Зығыр дақылының химиялық құрамы . . .

5. 4 Зығыр дақылының өнімділігі . . .

5. 5 Зығыр дақылы өнімімен негізгі қоректік элементтердің шығымы . . .

5. 6. Зығыр дақылының дәніндегі сапалық көрсеткіштердің өзгеруі . . .

6. Зығыр дақылына тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділігі . . .

7. Қоршаған ортаны қорғау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізім і . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Өзектілігі. ҚР қазіргі кезде жыртылатын жерлердің құрылысын қайта қарастыруда және АШМ бидай егілетін алқаптардың көлемі 2, 4миллион тоннаға көтеріп, миллион гектарға азайтып, дәнді дақылдардың жалпы жинау көлемін 11 тоннаға көтеріп, сонымен қатар өнімділікті 15 центнер гектардан жоғарылатуды жоспарлауда.

Сондай - ақ республикада соңғы жылдары жүргізілген өсімдік шаруа - шылығының диверсификациясы өңделетін дақылдардың тек ыңғайлылығын ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы зоналары мен аймақтарында егілетін көлемін де анықтайды. Осылармен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері, олардың топырақ - климаттық жағдайларына бейімделуі, потенциалды өнімділігі, өндірістік рентабельділігі, топырақтың құнарлық деңгейі, бір бірімен байланысты ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасының қарым қатынасын, соңында елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуді ескереді. Бидай алқаптарынан босатылған жерлерге майлы және дәндібұршақ дақылдарын егу көзделуде.

ҚР - ның АӨК-нің тұрақты дамуының басты бағыты қазіргі қолда бар технологияны ғана емес, сондай - ақ ауылшаруашылық дақылдарының жаңа жоғары тиімді агротехнологиялық өңдеуді зерттеуді, топырақ құнарлығын және оны көтеруді бір мезгілде қарастыруда.

Республиканың оңтүстік шығыс аймақтарында бұл жоспар үлкен көрініс тапты. Бидай, қант қызылшасы, жүгері, соя, мақсары және тағы басқа дақылдармен бірге майлы дақылдар майкене, көкшіл қыша және майлы зығыр да өздерінің майлылығының жоғарылығымен және өнімділігімен ерекшеленеді. Бұлардың дәндерінің бағалылығы тек май алуда ғана емес, сонымен қатар техникалық мақсатта да қолданылады.

Ескере кететін жайт, бұл аймақта ауылшаруашылығы өндірісі негізінен табиғи құнарлығы жоғары емес қара қоңыр және сұр топырақты жағдайында құрылды. Органикалық заттардың ыдырауының қарқындылығы, аймақтардың температуралық режимінің жоғарылығы ескеріледі - топырақтағы гумус деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Бұл аймақта соңғы жылдары ауылшаруашылық дақылдарын өңдеу минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолдану деңгейі төмендеуіне байланысты, топырақтың табиғи құнарлығын пайдаланып экстенсивті негізде жүргізілуде. Мұның бәрі топырақ құнарлығын төмендетіп, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің азаюына себеп болады.

Өнімділікті жоғарылататын және дақылдардың сапасын жақсартатын, топырақ құнарлығын сақтайтын және жоғарылататын факторлардың бірі - тыңайтқыш. Сондықтан қысқа ротациялы ауыспалы егістегі бағалы майлы дақылдарға тыңайтқыш қолданудың рационалды жүйесін өңдеу өте маңызды тапсырма. Қазақстанның оңтүстік - шығысында суармалы егіс зонасында ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін жер ресурстарын тиімді пайдалану арқылы жоғарылату өсімдік шаруашылығының маңызды және актуалды бағыты болып табылады.

Зерттеулердің ғылыми және тәжірибелік мәні мынада: қысқа - ротациялы ауыспалы егісте майлы дақылдарға ғылыми негізде қолданылатын тыңайтқыштың жүйесі жасалынады. Бұл зығыр, қыша және майкененің өнімділігін минимум 3, 0 ц \га жоғарылатады, сонымен бірге Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы суарылатын қара қоңыр топырақ құнарлығын сақтауға және оны көтеруге мүмкіндік береді.

Дағдыланған дамудың бағытында бидай алқаптарының қысқартылуы мен майлы дақылдар алқаптарының кеңейтілуінде бұл дақылдардың қысқа - ротациялы ауыспалы егістігі ерекшелігін үйрену маңызды болып табылады. Әсіресе бұл республикамыздың кіші және ұйымды шаруашылықтары үшін маңызды. Осы уақытқа дейін Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ауыспалы егістіктен тыс майлы дақылдарды өңдеуде түрлі зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулер “топырақ - тыңайтқыш - өсімдік - сапа ” агроэкожүйесі компоненттерінің өзара қатысынсыз өткізілді. Сондықтан атап өтетін жайт, бұл дақылдың ауыспалы егістігі минералдық қоректенуі мүлде зерттелмеген. Ал Қазақстанның оңтүстік - шығысында майкене, қыша, майлы зығыр дақылдары бұрын соңды өсірілмеген. Сондықтан бұл майлы дақылдың өсіру технологиясын, бейімделу қабілетін, тыңайтқыштың ғылыми жүйесін меңгеру өзекті және өте маңызды мәселе болып табылады.

Әдеби шолу

Ресурстарды сақтау технологияларының өңделуі және ауыспалы егістегі майлы дақылдарға тыңайтқыш қолдану жүйесін жасау жұмысының басты мақсаты - бір уақытта топырақтың құнарлылығын сақтап, жоғары өнім алу болатын. Мұндай зерттеулер ғалымдардың қатысымен көптеген шет елдерде жүргізілген.

Көптеген жұмыстар Ресейде Пустовойта атындағы майлы дақылдар ҒЗИ - да, Кубанда ауылшаруашылық ҒЗИ, Украинада Волын ауылшаруашылық институтында, сондай ақ Венгрия, Польша, Германия, Румыния және тағы басқа елдерде жасалынды.

Қазақстанда майлы дақылдарды өңдеу технологиясын жасау жұмыстарымен ауылшаруашылық ҒЗИ (күнбағыс, қыша), ҚазҒЗИ (сафлор, соя ), А. И. Бараев атындағы ҚазҒЗИ (зығыр және қыша), Павлодарда НИИСХ ( рыжик) оқымыстылары айналысты. Бірақта ескере кететін жағдай, бұл жұмыстар Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағының табиғи - климат жағдайына сәйкес келмейді. Сонымен бірге төменде айтылатын дақылдар бұл аймақта бұрын соңды өсірілген емес.

Н. А. Сариеваның мәліметтері бойынша Волгоград облысының солтүстігіндегі құрғақ континентальді климатта қышаның тұқым нормасымен егілуіне үлкен мән берген дұрыс, яғни 1 гектардан 7кг тұқым. С3-3, 6 және СЗП -3, 6 дискілі сеялкамен қатараралығын 45см етіп егеді. Сонда бұдан алынатын өнімділік орта есеппен 10, 1 ц/га болады [5] .

Омбы облысының оңтүстік орманды даласында майлы зығырды себуге ең қолайлы уақыт - мамырдың екінші декадасының соңы мен үшінші декадасы. Оптималды себу нормасы - 8млн тұқым гектарына, Сибирск сорттары үшін 48 - 50кг, Исилькульский үшін - 60 - 65 кг [2] . Солтүстік Қазақстанда лимиттеуші фактор - қысқы аязсыз кезең мен жылудың жеткіліксіздігі болып табылады. Бұл майлы зығырдың өсу фазасын тежеуі мүмкін, басқа жағынан азжылдық және көпжылдық арамшөптермен ластану қауіпі бар. Мұндай жағдайда қатарлап себу тәсілін қолданған дұрыс (22, 8см) [3] .

И. Н. Гришанова және басқалардың егістік зерттеулерінің нәтижесі бойынша майлы дақылдарды өңдеу Солтүстік Қазақстан жағдайында тиімді. Майлы зығырдың өндірістік рентабелдьдігі 110, 9 - 135, 8% құрады. Сонымен бірге майлы дақылдардың рентабелділігінің жоғары болуына минералдық тыңайтқыштарды қолданудың септігі тиді (N60P60K40) [7] .

Н. М. Котлярдың мәліметі бойынша майкененің тұқымы топырақтың температурасына өте сезімтал. Егер 10 см - дегі топырақ температурасы 10 0 C - тан жоғары болмаса, оны екпеу керек. Сондықтан Херсон облысында майкенені сәуірдің аяғы - мамырдың басында егеді. Бұл кезде топырақ 10-12 0 C-қа жылынып, арамшөптердің біразы өліп қалады [35] . Егу СПЧ -6 сеялкасымен пунктирлі тәсілмен 5-6 тұқым 1 шаршы метрге себіледі. 1000 дәннің салмағына байланысты себу нормасы 1 гектарға 27-32 кг-ға ауытқуы мүмкін.

Майлы зығырды Өзбекстанда ерте көктемде, топырақтың беткі қабаты ылғалды және қабыршақтану қауіпі жоқ кезде еккен дұрыс. Егісті себуден бұрын жақсылап культивациялайды. Сол уақытта тұқымды 2-3см тереңдікке ексе, өсімдіктің дамуы жақсарады. Тұқымды тереңірек ексе, ол бүршіктің өлуіне әкеліп соғады. Майлы зығырды астық сепкіш сеялкамен себеді. Суарылмайтын егістікте 16-20кг (3-3, 5млн тұқым ) 1гектарға, ал суармалы егісте 25-30кг (4, 5-5, 0млн тұқым) тұқым себіледі. Тұқым арамшөптер дәндерінен тазартылған болуы тиіс [6] .

Майлы зығырдың өнімділігі агротехникалық шаралардың бірі болып табылатын егу тәсіліне байланысты. Қатарлап себу (23см) тәсілі жақсы нәтижелер беруде және сапалы, мол өнім алуға мүмкіндік береді (10, 3 ц\га) .

Ауылшаруашылығында ғылыми техникалық прогресс егіншілікте қабылданған жүйелерді әрқашан жетілдіріп, топырақ құнарлығының барлық ресурстарын оптималды қолданып, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс ұштастыра пайдаланып отырады. Осы және басқа да сұрақтар ғылыми талдау жасауды және белгілі жағдайда егіншіліктің альтернативті жүйесін қолдануды қажет етеді.

Топырақ құнарлығын қалайтын негізгі органикалық зат - гумус. Бұл топырақ құнарлық деңгейінің маңызды интегралдық көрсеткіші, яғни табиғи, әлеуметтік - экономикалық жағдайын, сондай-ақ ғылыми - техникалық прогрестің және жалпы егін шаруашылығының дамуын айқындайды [10, 11] . Елдегі және шет ел ғалымдарының көптеген зерттеулеріне сүйенсек, қарқынды қолданылатын топырақтарда гумус қорының азаюы байқалуда. Қазақстанның қара топырақтарын (кәдімгі және типті) ауыл - шаруашылығында қолданғанда жыл сайын 1, 2 - 1, 5т\га гумус жоғалады. 12 жыл бойы жиналған гумус қоры 0 - 50 см тереңдікте 222-ден 183 т\га төмендеген [12]

Канада, АҚШ, Аргентина және тағы басқа елдерде дақылдар егілген топырақтардан жылына 1, 5-1, 6 т\га гумус жоғалады екен. Ал қара топырақтарда бұл көрсеткіш 8 т\га жетеді [13] .

Егіншілік тәжірибелері және көптеген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, егіс дақылдары өсірілген жерлерде гумус мөлшері біртіндеп азаюда. Мұндай жағдайға себепші - қарқынды минерализация, ол жылына 0, 5-2т көлемінде ауытқуы мүмкін. Ал гумус түзілуі 15-20 жылда орташа 1% құрайды. Бұл бұлтартпас айғақтар гумустың жоғалуына байланысты және топырақ құнарлығын сақтауға қажетті шараларды қолдану керектігін көрсетеді. Ең бірінші кезекте бұршақ тұқымдас дақылдармен ауыспалы егіс ұйымдастыру және жасыл, органикалық тыңайтқыштарды қолдану тиімді болып табылады[14] .

Кез келген табиғи аймақта топырақтың сіңіру қабілеті, эрозиялық процестерге төзімділігі сияқты физикалық қасиеттері гумусты заттардың жиналуына жақсы әсер етеді [15] .

И. С. Кауричева мен А. Н. Лыкованың, Vers traete W, voets S. P. зерттеулері бойынша гумус мөлшері мен топырақтың биологиялық активтілігі бір бірімен тығыз байланысты [16] .

Гумусты заттар өсімдіктердің минералдық қоректенуінің реттеушісі болып табылады. Әдетте гумусты қышқылдар топырақтағы фосфорлық фиксация жағдайларын өзгертеді және аммиак пен мочевинаның азоттарын байланыстырады. [16] .

Қоректік заттардың табиғи көзі (тамыр және аңыз қалдықтары, микроб және жануарлардың қалдықтары, жауын-шашын, бұршақ тұқымдастарының азот жинаушы түйнек бактериялары және еркін тіршілік ететін микроорганизмдер, өсімдік қалдықтары ) ауылшаруашылық дақылдарының өнімдері мен қоректік элементтердің орнын толтырмайды және олардың қорларын жинамайды.

Минералдық тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін қолдану азоттың мөлшерін жоғарылатқанмен, топырақтағы гумус мөлшерін соншалықты жақсарта алмайды [18] .

N. Lampkin қазіргі уақытта егіншілік өнімділігінің жоғары деңгейі факторлардың өзара тиімді қарым - қатынасына байланысты деп ойлайды, яғни бірінші кезекте - минералдық тыңайтқыштар, ал соңында топырақты әрқашан органикалық заттармен қамтамасыз етіп отыру керек.

I. Evers интенсивті егіншіліктегі топырақтың гумус мөлшерінің бірден төмендеуімен қатар бидай, жүгері және тағы басқа дақылдардың өнімділігінің түсуі параллель жүргенін атап көрсеткен. Мысалы, Айова (АҚШ) штатында ауылшаруашылығында қолданылатын топырақтағы органикалық заттар қорының 1/3 бөлігі жоғалған.

Т. Н. Кулаковская ауыл шаруашылық дақылдары өнімділігінің деңгейі мен топырақтағы гумус қорының арасына өзара тығыз байланыс орнатты [19] .

Жоғарыдағы авторлардың мәліметтері бойынша органикалық заттардың қоры мен өнімділік арасындағы өзара байланыс коэффициенті оңтүстік Оралға - 0, 80-0, 96, ал Ақтобе, Орал және Қостанай облыстары үшін 0, 64-0, 75 [20] .

Жыртылатын топырақтардағы гумус түзілу процестерінде минералдық және органикалық тыңайтқыштардың ролі әртүрлі. Топыраққа органикалық тыңайтқыштарды қолдану тек гумус мөлшерін көбейтіп қана қоймайды, сондай ақ топырақтың тиімді құнарлығына елеулі әсер етеді. Р. Е. Елешев, Ш. У. Бекетова, Ш. Р. Даулеталиеваларлың мәліметтері бойынша парлы егісті қара - қоңыр топырақтарға еңгізілген әрбір 10т\га көң топырақтағы нитратты азот мөлшерін 0 - 40см тереңдікте орташа 2, 9 - 4, 4мг-ға, жылжымалы фосфорды - 2, 2 - 3, 3 мг-ға, алмаспалы калийді - 16, 3 - 23, 0мг\кг-ға көтерген [22] .

Топырақтағы органикалық заттардың мөлшеріне минералдық тыңайт - қыштардың әсері екі қарама - қарсы әсер етуші факторлармен анықталады. Бір жағынан, тыңайтқыш әсерінен өсімдіктің тек жер үсті мүшелері ғана емес, гумификация процесіне қатысатын тамыр - аңыз қалдықтарының көп болуына қарамастан, шаруашылық өнімдерінің өсуі негізгі өнімнің өсу қарқынынан жиі қалып қояды, яғни шаруашылық өнімдерінің өсуімен жалпы топыраққа тамыр аңыз - қалдықтарын қайтаратын биогенді элементтердің мөлшері бақыланады [23] .

Сонымен бірге N15 бірқалыпты изотопты қолдану арқылы жүргізілген тәжірибелер өсімдікті толық минералдық азотпен қамтамасыз еткен жағдайда да, дақылдардың өнімінің 40-50% топырақтағы азот қорының мөлшерінен көбейетіндігі анықталды. Гумус мөлшеріне минералдық тыңайтқыштардың әсері топырақ - климат жағдайларына байланысты әртүрлі әсер етеді [24] . И. И. Синягин мәліметі бойынша минералдық тыңайтқыштармен тыңайтылған жерлердің топырағындағы гумус мөлшері тыңайтқыш қолданылмаған топырақтармен салыстырғанда шамалы ғана көбейген [25] .

Көптеген жылдар бойы жүргізілген зерттеулерді талдай келе қызылша ауыспалы егісіне қолданылған тыңайтқыш жүйесі топырақ құнарлығына ешқандай әсер етпеген, яғни топырақтағы гумус мөлшері өзгеріссіз қалған. Сондай - ақ фосфорлы - калий тыңайтқыш жүйесін қолданғанда да еш өзгеріс байқалмаған. Тек толық минералдық тыңайтқыштар жүйесін (NPK) қолданған жағдайда ғана ашық қара - қоңыр топырақтағы қызылша ауыспалы егісіндегі гумус мөлшері сәл ғана көтерілген.

Көптеген зерттеулердің нәтижесі минералдық тыңайтқыштар қолдану топырақтың органикалық заттарының балансын жақсарта алмайтындығын, тек олардың төмендемеуіне ғана себепші болатынын дәлелдеді[26] .

Топырақтағы гумус мөлшеріне органикалық тыңайтқыштарды минералдық тыңайтқыштармен ұштастыра қолдану күшті әсер етеді. Органикалық тыңайтқыштарды минералдық тыңайтқыштармен ұштастыра қолдану әсіресе әлсіз мәденилендірілген топырақтарға тиімді болып табылады. Қырғызстанның аз гумусты топырақтарына тек минералдық тыңайтқыштарды қолдану гумус қорына әсерін тигізе алмайтыны дәлелденген. Тек минералдық және органикалық тыңайтқыштарды ұштастыра қолданған жағдайда ғана топырақтағы органикалық заттар қорының көбейюі байқалады. [26]

Белгілі болғандай, гумустың топырақ құнарлығына және оның өсімдіктерге оңтайла әсеріндегі ролі тек оның жалпы мөлшерін ғана емес, сондай - ақ әртүрлі қасиеттерге ие және гумус құрамының сапасын анықтайтын түрлі органикалық қышқылдардың (гумин және фульво қышқылдары) мөлшерімен және арақатынасымен ерекшеленеді [17, 18] .

Гумусты заттардың екі түрін ажыратады: арнайы және арнайы емес. Арнайы гумусты заттар топырақтағы органикалық заттардың қалыпты бөлігі болып саналады және арнайы гумусты заттардан тұрады. Арнайы емес заттар толығымен өсімдік қалдықтарының гумустенуінен, жануарлар мен микроорганизмдердің метоболизм өнімдерінен, жаңа пайда болған заттардан тұрмайды және олар топырақтағы органикалық заттардың мобильді бөлігін құрайды [29] .

Көптеген зерттеушілердің пікірінше гумустың мобильді бөлігіне жеке агротехникалық шаралармен (топырақ өңдеу, ауыспалы егіске тыңайтқыш қолдану, т. б. ) әсер етуге болады. Негізгі трансформация процестері мен зат алмасудың көпшілігі осы бөлікте қарқынды жүретіндіктен, ол топырақтағы органикалық заттардың бақыланатын бөлігі болып табылады.

А. В. Мелашич пен П. В. Мацко зерттеулері көрсеткендей, дәстүрлі тыңайтқыш жүйесін қолдану топырақтағы азот пен фосфордың жылжымалы түрлерінің көбейюіне әсер етеді. Нитратты азот мөлшері 4, 5-5, 6 есе, ал жылжымалы фосфор 1, 3-1, 5 есеге көбейген. Ал гумус бастапқы қалпында сақталған (2, 06-2, 08%) .

Альтернативті тыңайтқыш жүйесі дәстүрлі тыңайтқыш жүйесіне қарағанда нитратты азоттың (8, 7-15, 7% ) және жылжымалы фосфордың (5, 6-14, 5% ) мөлшерін аз дәрежеде болса да көбейткен, бірақ гумусты бастапқы мөлшерінен салыстырмалы түрде 0, 02-0, 05% өсірген. Топыраққа түсетін химиялық күш дәстүрлі тыңайтқыш жүйесімен салыстырғанда 30% кеміген, ал өнімділік тек 2-10% төмендеген.

Суарылатын аймақтағы ауыспалы егіске органикалық тыңайтқыш жүйесін қолданудың тиімділігі төмен. Салыстырмалы варианттарда дақылдың өнімділігі 31% төмендеген, ал жалпы ауыспалы егіс өнімділігі дәстүрлі тыңайтқыш жүйесімен салыстырғанда 21-27% төмендікті көрсетеді. [30] .

Н. А. Курмышева мен В. Ф. Евремовтың шымды - күлді топырақтарында жүргізген зерттеулерінде көрсеткендей, жақсы мәденилендірілген орташа құмбалшықты шымды - күлгін топырақтарында өсірілген ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуде тыңайтқыш қолданылмағанда топырақтағы гумус және бірлескен фосфор мен калийдің жылжымалы түрлерінің мөлшері азайған. Гумустың жоғалуы ауыспалы егісте қарқынды жүре бастады.

Тек минералдық тыңайтқыштар енгізу ұрық алмасу ауыспалы егісінде де гумустың балансын қамтамасыз ете алмады. Гумус балансын ұстап тұру үшін органикалық тыңайтқыштардың енгізу мөлшері ауыспалы егістің қарқынды көтерілуімен өсіп отырды. Ұрық алмасу ауыспалы егісінде бұған жыл сайын 7т\га, ал дәнді отамалы және отамалы 17-18т\га органикалық тыңайтқыш енгізу керек болады.

Ал топырақ құнарлығына комплексті әсер етуде минералдық тыңайтқыштар жүйесінің жалпы мөлшерімен салыстырғанда азоттың органикалық компоненті 40% болатын органоминералдық тыңайтқыш жүйесін қолдану әлдеқайда тиімдірек. Органикалық тыңайтқыштар жүйесінің жоғары қаныққан мөлшерін енгізу ауыспалы егісте топырақ құнарлығының жақсарғанын көрсетті, бірақ тыңайтқыш жүйесінің экономикалық тиімділігі төмендеген.

Бұл жоспарда зертеушілердің көзқарасы бойынша қазіргі заманға сай ауылшаруашылық интенсификациясының құралы органикалық компостардың жаңа түрі, яғни биогумусты қолдану болып табылады. Биогумустың көңге қарағанда аз мөлшерін қолданудың өзі топырақ құнарлығын көтереді, өңделетін дақылдардың өнімділігін көбейтеді және қоршаған ортаның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Дегенмен, минералдық тыңайтқыштарды қолданбай өсімдіктерден жоғары сапалы өнім алу ғылыми көзқараста тіпті мүмкін емес.

Ауыспалы егістегі ауылшаруашылық дақылдарының тыңайту жүйесін құруда органикалық тыңайтқыштарды қолдану органоминералдық тыңайтқыштармен салыстырғанда өнімнің сапасын жақсартуына кепіл бола алмайды. Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы өнім алу үшін қоректену негізі барлық қоректену жағдайымен қамтамасыз етілуі керек, яғни олар мынадай жағдайларда қалыптасады: өсімдіктер қоректік заттардың және микроэлементтердің жетіспеушілігінен немесе көптігінен зардап шекпегенде, тамыр жүйесінде қоректік элементтер жеткілікті болғанда, топырақ - тамыр жүйесі ауыр металдармен ластанбаған жағдайда, тыңайтқыштардың әсер етуі жақсы болғанда. Мұндай жағдай жыртылатын қабатқа макро микроэлементтерді және құрамында кальцийі бар заттарды енгізгенде қалыптасады. Танаптағы ауылшаруашылық дақылдарының оптималды минералдық қоректенуі ауылшаруашылық дақылдарынан мол және жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік береді [31] .

Жаңа экономикалық жағдайларға байланысты тыңайтқыштар қымбаттап кетті, олардың бағасы әрқашан өзгеріп тұрады. Сондықтан кейде тыңайтқыштарға жұмсалған қаржыны өнім ақтай алмауы мүмкін

Сондықтан экономикалық факторлармен бірге минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін көтерудің маңызды бір жолы - белгілі танаптың агрохимиялық көрсеткіштерін пайдалану.

Соңғы 10-12 жылда тыңайтқыш қолдану қысқартылды, дегенмен ауыл- шаруашылық дақылдарының өнімділігінің төмендеуі көп болмады және кейбір ауа райы тиімді жылдары дәнді дақылдардың өнімділігінің артқаны байқалды.

Белгілі болғандай, тыңайтқыштардың тікелей әсер етуімен кейінгі әсері де байқалады. Бұл фактіні былай түсіндіруге болады: жыртылатын жерлердің өнімділігінің төмендеуі еңгізілген тыңайтқыштар мөлшерінің кемуімен пропорционалды өтпейді [36] .

Көптеген зертеушілер өсімдік шаруашылығының сапалы өнімін бақылау құралын тыңайтқыш деп есептейді [36] .

Авторлар қатары азот тыңайтқыштарын енгізу тұқымның өнімділігін және майлы дақылдардағы майдың мөлшерін көбейтіп, ондағы майлы қышқылдардың ара қатынасын өзгертіп, майдың технологиялық сапасын жақсаратынын айтады.

Сонымен ғылыми - техникалық әдебиеттердің қысқаша талдауы бойынша, тыңайтқыштарды топырақ құнарығын, дақылдың өнімділігін, кез келген шаруашылықтан алынған өнімнің сапалылығын қамтамасыз ететін фактор ретінде көрсетеді.

2. Майлы зығыр -Лен масличный - Linum usitatissimum

Зығыр - бағалы дақыл, оның тұқымынан тамаққа және техникада пайдаланатын сапалы, кебетін май (35-42%) алынады . май өндірісінің қалдықтары (күнжара мен шрот) қорытылатын протейнге бай бағалы құнарланған мал азығы.

Майлы зығырдың сабағы дөрекі жіп, мата, қапшық жасауға пайдаланатын қалдық талшық пен қысқа талшық өндіруге жарамды болып табылады.

Қуаңшылыққа төзімділігі мен ерте пісуінің нәтижесінде майлы зығыр көбінесе Орал, Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстанның орманды дала, далалық аудандарда өсіріледі.

Майлы зығыр зығыр тұқымдасына жатады. Көптеген түрлерінің ішінде өндірістік маңызы бары мәдени немесе кәдімгі зығыр (Linum usitatissimum) .

Майлы зығыр бір жылдық аласа бойлы (40-50см), сабағы тегіс, тік өсетін бұтақты өсімдік. Ланцент тәрізді жай жапырақтары сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры - сирек шоқ шатыргүл. Гүлдері қосжынысты, бестік түрдегі ақ, қызғылт және көкшіл гүл жапырақшалары бар. Жемісі - дөңгелек келген бес ұялы жоғары қарай үшкірленген қорап. Тұқымдары жалпақ жылтыр, қоңыр түсті, 1000 тұқымының массасы - 4-6г.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысы Жетісай ауданында зығыр дақылын өңірге байланысты өсіріп-өндіру технологиясын жан жақты зерттеп, толықтырып жазу
Северный майсақ зығырдан сұрыбының сипаттамасы
Дәнді дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Егістік танаптардың структурасын негіздеу
Күнбағыс зиянкестері
Зығыр
Күнбағыстың, рапс пен қыша, зығыр зиянкестері және күресу шаралары
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Ноқат дақылын өсіру
Күнбағыстың өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz