Махмуд Қашқари Түбі бір түркі тілі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Махмуд Қашқари Түбі бір түркі тілі

Түркі халықтары мен тайпалары туралы. Түркі халықтары негізінен жиырма тайпа. Әрбір тайпаның бірталай ұқсас рулары бар. Олардың саны Ұлы Тәңірдің өзіне ғана аян. Мен солардың негізгілерін ғана жаздым.

Оғыз түріктерін білуге құмарлық аса көп болғандықтан, олардың тектері мен малдарына таңбаларына дейін нақты көрсеттім. Рұм өлкесінен тараған тәртіп бойынша шығыстағы түркі тайпаларының тұратын мекен жайларына дейін анықтап жаздым. Рұмға бәрінен жақын орналасқан тайпа бажанақ, онан кейін қыфшақ, оғұз, иәмәк, башғырт, басмыл, қай, ябаку, татар, қырғыз тайпалары. Қырғыздар Шынға жақын орналасқан. Онан бері жігіл, тохси, яғма, оғрақ, жарық, жомұл, ұйғыр, таңұт, хытай тайпалары. Хытайды шын деп атайды. Онан соң тауғаж. Бұларды Машын дейді. Бұл тайпалар оңтүстікпен солтүстіктің арасында өмір сүреді. Олардың мекен жайларын картада арнайы көрсеттім.

Түркі халықтарының тілдері туралы. Ең таза тіл - тек қана бір тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат-жұртқа барып-келіп, қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі. Екі тіл білетін шаһар халықтарымен араласып тұратын адамдардың тілдерінде шұбарлық бар. Соғдақ, қанжақ, арғу тайпалары дәл сондай екі тіл білетіндерге жатады. Жат-жұрпен араласып, шаһар, халықтарымен қарым қатынас жасайтын хотан, тұбұт халықтарымен таңұттардың кейбіреулері дәл сондай. Бұлар түркі тілдеріне кейінірек келген. Олардың тілдері туралы кезегі келгенде арнайы жазамын. Жабарқа (жапондықтар) алысқа орналасқан. Машын елі екеуін ұлы Мұхит бөліп тұрғандықтан, олардың тілдері бізге беймәлім.

Ұйғырлардың тілдері таза түрікше, олардың өзара сөйлесетін тағы бір тәсілдері бар. Жиырма төрт әріптен құралатын жазуды пайдаланады. Кітаппен хат хабарларын сол жазумен жазады. Бұл жазуды мұсылман дініне кірмеген ұйғырлар мен Шыңдардан басқалары білмейді. тілдің ең жеңілі Оғыз тілі. Іле, Ертіс, Еділ, Ямар өзендерінің онірлерінен ұйғыр Шаһарларына дейін жасайтын халықтардың тілдері де сондай анық. Ең ауыр тіл Хақанияның орталық өніріндегі халықтардың тілдері.

Баласағұндықтар соғда және түрік тілдерінде сөйлеседі. Тираз. Байза Шаһарларының халықтарының тілдеріде дәл сондай. Исбижаб қаласынан сонау Баласағұнға дейінгі барлық арху Шаһарларындағы халықтардың тілдерінде шұбарлық бар. Қашқарда кәнжәкше сөйлесетін ауылдар бар Шаһар ішіндегі халықтар Хақания түркішесімен сөйлеседі.

Рұм өлкесінен Машынға дейін орналасқан түркі елдерінің ұзындығы сегіз мың персех (бір персех 6, 24 шақырым) Олардың мекенжайларын анықтап беру үшін жер-жүзінің бедерлі картасында нақты корсеттім.

Өкіз - жейһұн. Үлкен өзендердің барлығы осылай аталады. Осы сөз оғыз тілінде жеке қолданылғанда «Банагыт-Дәрия» деген ұғымды білдіреді. Оғыз Шаһарлары дәрия жағалауларына салынып, олардың көшпенді тұрғындары сонда өмір сүреді. Түркі халықтары жасайтын өңірлердегі бірталай өзендермен дәрияларда өкүз деп аталады. Ила, Яфынж өзендерінің аралығына орналасқан бір шаһарға да Ікі өкіз деп ат қойылған.

Ісігкөл- Барсағандағы Ыстықкөл. Ұзындығы отыз, кеңдігі он персектей болады. Көрүнкөл-қашқар тауларындағы бииә көлінің қосымша аты. Айналасы отыз персехтей болады. Сізінкөл-қашқарға жақын. Иулдуз көл - күшәр мен күнүт және ұйғыр елінің шекарасында. Айкөл - ошқа жақын бір жердің аты Тәнкөл- ікіөкіз шекарасындағы көл.

Қаз - афрасиявтың қызының аты. Қазоин шаһарын сол салдырған. Бұл сөздің негізі «Қаз ойыны-қаздың ойыны». Қыз үнемі сонда тұрып, серуен құратын. Сондықтан кейбіреулер қазойын шаһарын тқркі елінің шекарасы деп те есептейді құм шаһары да шекара болып саналады. Себебі құм түркі сөзі. Афрасияптың қызы мұнда тұрақты аң аулайтын. Кейбіреулер мәруәшшаһижан шаһараның да шекара санайды. өйткені қыздың әкесі тона алып ер сол афрасияптың өзі. Афрасияп там хұрастаң үш жүз жыл кейін мару шаһарын салдырған. Кейбіреулер бүкіл Мауарауннәһрді Түрік елі деп те есептейді. Ол Янкеттен басталады. Оның тағы бір аты - Дизроин-Мыс шаһары. Беріктігіне байланысты солай аталған. Бұл Бұхараға жақын. Осы жерде Афрасияптың қызы - қыздың күйеуі- сияуыш өлтірілген. Мажусилер жыл сайын сонда бір күні жиналып, құрмандық шалып, қабіріне қанын шашады. Бұл оларға салт болып кеткен. Бүкіл Мауарауннәһр мен Янкеттен шығысқа дейінгі Түрік шаһалары дейтініміз сондықтан. Самарқанд-Сәмізкәнд, Шаш-Ташкәнд деп аталатындары сияқты Өзкәнд, Тунканд деген атауларда бар. Бұл шаһалардың барлығының аттары түрікше шаһар мағынасындағы. Канд сөзі қосылып аталған. Түріктер бұл шаһаларды салып өздері ат қойған. Сол аттар қазірге дейін қолданылып келеді. Бұл жерлерде парсылар көбейгеннен кейін олар араб шаһаларына ұқсап қалған. Қазір бүкіл Түркі елінің шекарасы Абискүн Каспи теңізінен айналып, Рұм елі мен Өзбекстан Шынға дейін созылады. Ұзындығы 8 мың персех.

Қазсууы- Ілеге құятын өзен. Афрасияптың қызы осы өзеннің бойына тағы бір шаһар салдырып, өзінің атыменен осылай Қазсууы деп аталған.

Кашөкуз- Хотан шаһарының екі жағынан өтетін өзен. Біреуі Урунқашөкүз деп аталады. Бұл жерден тұнық ақ түсті асыл тас алынуына байланысты солай аталған. Екіншісі Қарақашөкуз деп аталады. Бұл жерден мөлдір қара түсті асыл тас алыныды.

Түркі халықтарымен тайпалары Оғұз- Түрік тайналарының бірі, түркмендер. Жиырма екі ру. Әрқайсысының айрықша белгі- малға басатын таңбалары бар. Малың соған қарап ажыратады. Жетекші руы Қынық. Заманымыздың сұлтандары осы рудан шыққан.

Чаруклұғ. Тұпнұсқада соңғы рудан басқа 21 рудың бәрінің де таңба белгісі берілген. Тәрж.

- Жұртшылық оғұз тайпаларының тегін білуге көп құмартқандықтан, оларды мұқият бір-бірлеп жазып шықтым . . .

Жоғарыда санап өткендерім оғыздардың түпкі негіздері. Бұл рулардың тағы біраз ұсақтары бар. әңгімені қысқарту үшін оларды жазып отырмадым. Жоғарыда айтылған рулардың аттары оларды жаратқан өз бабаларының есімдері. Кәдімгі Арабтардың Бано Сәлім-Сәлімнің ұлдары, Бано Хафожа- Хафажаның ұлдары деп атайтындары сияқты. Оларда өз тектерін арғы ата бабаларына қарай жүргізеді.

Өзгіш- Өзкентте өмір сүретін түркі қауымы.

Ұйғыр- бір елдің аты. Бес шаһары бар. Бұл түрік хандарымен келісімге келгеннен кейін салдырған. Маған Мұхаммет Жақыр Тонқа ханның ұлы Низамидин Исрафил Тоған Тегін өз атасынан естігенін былай баяндап беріп еді.

Зұлқарнайын Ұйғыр еліне жақындап келгенде түркі хақаны оған төрт мың қол қарсы жіберген. Олардың қалпақтарының етектері лашынның қанатына ұқсайды екен. Оқты алдарына қалай атса, арттарына дейін дәл солай ататын көрінеді. Сонда қайран қалған Зұлқарнайын «Инан хузхурәнд» депті. Бұл сөз мыналар ешкімге мұқтаж болмайды деген мағынаны білдіреді. Былайша айтқанда, өз азығын өздері тауып жейді. Алдыларынан аң қашып құтыла алмайды. Қаша, қалса атып алып, ас, азық қылады. Содан бастап бұл ел Хузхурдеп аталып кетіпті. Бертін келе грамматикалық ережелерге сай Х-ның У, Ғ: З-ның И әріптеріне алмасуына байланысты Хузхур сөзі Ұйғыр болып қалыптасқан.

Бұл елде бес шаһар бар дедік. Олардың халықтары нағыз кәпірлер. Шаһарлары: Сулми, мұны Зұлқарнайын салдырған; Қожу, Жанбалық, Бишбалық, Яныбалық.

Оғрақ - шекарадағы Қарайығач-Қарағашдеген жерге орналасқан түркі тайпасы.

Арамут-Ұйғыр еліне жақын жайласқан түркі тайпасы.

Түрік-тәңір жарылқаушы Нұһ пайғамбардың ұлының есімі. Бұл есімді оған тәнірдің өзі қойған. Оның ұрпақтарыда түрік деп аталады. Мысалы, Рұм сөзі тәңір жарылқаған Ысқақ пайғамбардың Иса, Иса пайғамбардың ұлы, Рұмға есім болғанындай, бүкіл Рұм әулеттерінің аты болып келеді.

Тубут- Түркі елдерінде жасайтын бір қауым. Жұпар киік солардың жерінде жасайды. Киіктің кіндігі кесіліп алынады, ол жұпар кіндік деп аталады. Тұбұттар Сәбит деген кісінің әулеттері. Ол иемендік еді. Сол жерде бір адамды өлтіріп қойғандықтан қылмысынан қорқып, шынға кемемен қашып келеді. Бұл жер оған ұнап, тұрақтап қалады кейін үрім- бұтағы көбейіп, түркі елінен 1500 персех жер сатып алған. Бұл жердің шығысы шынға, батысы Кешмерге, солтүстігі ұйғыр еліне, оңтүстігі Индия теңізіне шектеседі. Олардың тілдерінде арабтың әсері бар. Ананы Ұма, атаны Аба дейді.

Көжәт- Хорезмде жасайтын түрік тайпасы.

Бұлақ - түріктердің бір руы. Алқа бұлақ деп атады. Болақ түріндеде жазылады.

Чаруқ - түрік тайпасы. Афрасияп шаһараларының бірі - Барчуқтың жанында жасайды. Бұл жерде Бұхту Нәссәрдің ұлы Бәдзән қамалған.

Чумақ - ұйғырлармен мұсылман болмаған барлық халық мұсылмандары Чумақ әрі - Мұсылмандардың бірі деп атайды.

Чігіл - Үш түрк тайпасының аты.

  1. Барсығанның төменгі жағындағы Құяс шаһарында жасайтын көшпенділер.
  2. Тираз «талас» - дың жанындағы кішкентай шаһарды мекендейтіндер. Бұлардың Чігіл деп аталу себебі былай:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махмұд Қашқаридің өмірі мен шығармашылығы
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи маңызы
Қос тілді сөздіктер
Топтастырушы сөздіктер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы
«Махмұд Қашқари» тіліндегі етістіктер
Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz