Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығының қалыптасу тенденциялары мен дамуы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
2. 1 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығының қалыптасу тенденциялары мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы маңызды мемлекеттік саясаттардың бірі ретінде азаматтарды қауіпсіз, сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Әр уақытта және әр қоғамның даму формацияларында тұрғын үй мәселесі өзінің өзектілігін жоғалтқан емес.
- Кеңес Одағының күйреуі, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және мемлекеттің нарықтық экономикаға өтуіне сәйкес мемлекетте жүргізілген жекешелендірумен бірге, отандық мүлік нарығының қалыптасуы тұспа-тұс келді [ 12, 15-17б. ]
Тұрғын үй нарығының қалыптасуын шартты түрде келесідей кезеңдерге бөлуге болады: 1991 - 2001 жж. -бірінші кезең; 2002 - 2006 жж. -екінші; 2007 - 2009 жж. -үшінші; 2009ж. -қазіргі уақытқа дейін -төртінші кезең.
Бірінші кезең. Мүлік саласындағы нарықтық қарым-қатынастарды заңдастыру 1990 жылдардың басындағы тұрғын үйлерді жаппай жекешелендіруден басталды. Осы уақытта отандық мүлік нарығының негізі қаланды. Нарықта бағаның қалыптасуы стихиялық сипат алды, себебі жаңа тауар - «мүлік» үшін баға белгілеудің тетіктері анықталмаған еді. Саланы реттеуге қатысты алғашқы заң актілері мен құқықтық нормативтер қабылданды (1 кесте) .
Екінші кезең. Қазақстанда нарықтық экономика дамуының қарқыны біріншілік тұрғын үй нарығындағы жағдайдың өзгеруіне әкелді. 1990-шы жылдардың ортасында тұрғын үй нарығы тоқырауды бастан өткерсе, 2000 жылдан бастап біріншілік нарық жанданып, жаңа тұрғын үй құрылысын жүргізу қарқыны үдей бастады. Мүлік нарығының дамуының екінші кезеңі жеке үйлер мен тұтас коттедждер құрылысының салынуымен ерекшеленеді. Бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі, нарықтың қалыптасуының екінші кезеңінде жалғасты. Бағаның көтерілуінің көптеген факторлары бар, яғни жеке инвесторлар мен компаниялардың мүлікті, жеке меншік капиталдарын сақтау мен өсірудегі инвестициялық құрал ретінде қолдануы және т. б. Тұрғын үй нарығының қалыптасуының екінші кезеңінің ең басты ерекшелігі, мемлекетте тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландырудың негізгі бағыттары-ипотекалық несие беру және құрылыстық жинақ жүйелерін дамыту қолға алынды.
Үшінші кезең. Мүлік нарығының дамуының үшінші кезеңі елдегі тұрғын үй саясатын әрі қарай дамыту жағдайларымен байланысты. Осы кезеңде Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Онда тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелерін реформалау, түрғын үй құрылысының құнын төмендету, тұрғын үй салынатын аудандарда әлеуметтік, экономикалық және көліктік инфрақұрылымдарды дамыту сияқты іс-әрекеттер жүргізуге қадам жасалған.
Кесте 3 - Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы даму бағытының сипаттамасы
Бірінші
кезең
(1991-1995ж. )
1992ж. ҚР тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы,
1992ж. Қазақстан Республикасының Тұрғын Үй Кодексі, Жаңа тұрғын үй саясаты, 1994ж. Тұрғын үй несиелері туралы заңдар шығарылып, 1995ж. Тұрғын Үй Құрылысы Жинақ Банкі қалыптасты;
Екінші
кезең
(1998-2001ж. )
Үшінші
кезең
(2002-2007ж. )
2002 ж. ҚР Бағдарламалар дайындау Ережелері, АҚ Қазақстан Ипотекалық Компаниясы, 2005ж. Қазақстанда ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры қалыптасып,
2006 ж. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы қарастырылды,
2007-2009 жылдарға Мемлекеттік бағдарламалар қабылданды;
бағаның өсу қарқыны бастапқы, екінші нарықта әртүрлі болды; әлемдік қаржы дағдарысына байланысты тұрғын үй нарығында да құлдырау байқалды, мемлекет саясаты банк механизміне бағытталды;
2008ж. баға өте жоғарлады,
2009ж. жылжымайтын мүлік белсенділігі, 2010ж. республика бойынша тұрғын үйлерді алып-сату көлемі төмендеді, нарықтың бәсеңсуі 70% болды;
2009 ж. Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы Заңы;
ҚР тұрғын үй нарығын, құрылысын одан әрі дамыту көзделді, екінші кезектік мемлекеттік бағдарламалар қарастырылды;
Бұл кезеңде барлық облыс және ірі қала орталықтарында байқалған тұрғындардың жасанды өсімі тұрғын үй сұранысын арттырып, қоғамда баспана тапшылығын одан әрі жалғастыра берді. Тұрғын үй нарығындағы баспана бағасының өсуі нарықтың қалыптасуының үшінші кезеңінде әрі қарай жалғасып, ең жоғарғы деңгейге жетті. Тұрғын үй нарығының қалыптасуының үшінші кезеңінің ерекшелігі ретінде ипотекалық несиелендіру жүйесінің жандануы, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тетіктерінің пайда болуын айтуға болады.
Төртінші кезең. Нарықтың қалыптасуының бұл кезеңі әлемдегі қаржылық дағдарыстың ел экономикасына тигізген әсерімен тікелей байланысты. Бұл аралықта Тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Алғашқы рет мемлекет деңгейінде баспана мәселесін шешудің жолы ретінде әлемдік дамыған мемлекеттерде бірнеше он жылдықтар бойы қолданыста болған жалдық тұрғын үй түрін дамытудың негіздері жасалып, құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.
4-кестеде отандық тұрғын үй нарығының қалыптасуы мен дамуына қатысты мәліметтер келтірілген.
Кесте 4 - Қазақстан Республикасы бойынша тұрғын үй құрылысы және
халықтың тұрғын үй жағдайы көрсеткіштерінің серпіні (2000 - 2010 жж. )
Тұрғын үйлерді
іске қосу,
жалпы
ауданы,
мың ш. м
Қаражатты
игеру
мөлшері,
млн. тг
Пәтерлер
саны, мың
Халықтың 1000
адамына шаққандағы салынған
үйлер, ш. м
- Қазақстандағы тұрғын үй рыногын талдауды үш негізгі бағыты бойынша жүргізуге болады, олар: инвестициялау, тұрғын үй нысандарын енгізу және бағалық көрсеткіш [ 13]
2000-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы бойынша тұрғын үй құрылысына инвестиция салу көлемі және қаржыландыру көздері де толық өзгерістерге ұшырады. 2010 жылы тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция мөлшері 442335 млн. тг құраған, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 9, 8 % аз, 2007 жылмен салыстырғанда 20 % артық және 2000 жылмен салыстырғанда 2659%, яғни 26, 5 есеге өскен. 2000 жылы 1132 мың ш. м тұрғын үй алаңы пайдалануға берілсе, 2010 жылы бұл көрсеткіш 6832 мың ш. м құраған. 2000 жылдан бастап 2010 жылғы дейінгі мерзім ішінде тұрғын үйлерді іске қосудың жалпы ауданы 6, 03 есеге өскен.
Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялардың өңірлердегі үлес салмағын қарастыратын болсақ, Алматы, Астана қалаларында және Алматы, Атырау, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының республикадағы тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестиция мөлшеріндегі үлес салмақтары жоғары (5-кесте) .
Кесте 5- Республика өңірлері бойынша тұрғын үй құрылысы және
құрылысқа жұмсалған инвестиция мөлшері (2010 ж. )
Тұрғын үй құрылысы,
мың ш. м.
Инвестиция,
млн. тг
Үлес
салмағы, %
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz