Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері



Кіріспе

1. Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері ... ... ... ...
1.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері..
1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі ... ..

2. «ҚТЖ ҰК» ЖАҚ ЖЭЖД .ның табыстарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... .

3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Кәсіпорын табыстылығының қазіргі кездегі мәселелері мен
оларды жетілдіру жолдары..
3.2. Кәсіпорынның табыстылығының моделін болжау және өңдеу ... ... ... .

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жүмыс істеу келмеске кетеді.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
1. Артеменко В.Г., Беленндир М. В. Финансовый анализ: Учебное пособие – М: Издательство «Дис», 2002 –128 с.
2. Алборов Р. А. Аудит в организациях промышленности, торговли и АПК. –2 – е изд., перераб. и доп. – М: Издательство «Дело и сервис», 2000 – 432с.
3. Баканов М. И, Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности.2 – е изд. М.: Финансы и статистика, 2004 – 320 с.
4. Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. Пособие. – М.: Финансы и статистика, 2003 –112 с.
5. Барнгольц С. Б.,Белобжецкий И. А. Экономический анализ хозяйственной деятельности предприятий и объединений. Учебное пособие –М.: 2004 –320с.
6. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
7. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие / К.Ш Дюсембаев.,С.К. Егембердива, З.К. Дюсембаева. – Алматы: «Каржы – Каражат», 2005 –512 с.
8. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (Теория и методология). Алматы: Экономика, 2000 – 293 с.
9. Демченко В. С., Милета В. И. Системный анализ деятельности предприятия М.: Финансы и статистика, 2000 – 400 с.
10. Ермолович Л. П.,Ермолович В. В. «Анализ эффективности промышленных предприятий и объединений »(справочное пособие) – Минск: Высшая школа, 2004 – 496 с.
11. Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия.М.: Центр экономики и маркетинга, 2003 – 380 с..

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері ... ... ... ...
1.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және
оларды талдаудың
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі ... ..

2. ҚТЖ ҰК ЖАҚ ЖЭЖД -ның табыстарын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
2.1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ..
2.2. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... .

3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1. Кәсіпорын табыстылығының қазіргі кездегі мәселелері мен
оларды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..
3.2. Кәсіпорынның табыстылығының моделін болжау және өңдеу ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-
әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой
жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық
алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот
басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына
жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу
үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін
жүмыс істеу келмеске кетеді.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар
кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын
едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз
бе-тінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы
рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен
іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыган байланысты болады. Кәсіпорындар
бұрынғыдай жоғаргы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді
(жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз
қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және
қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және
дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі
болады.
1. Кәсіпорынның табыстарын талдаудың мазмұны мен әдістері
1.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды
талдаудың міндеттері

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық
пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік
және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті
көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы
әдебиеттерде ”табыстар” ұғымы келесідей түрде анықталады:
“Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі”.
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы “ Бухгалтерлік
есеп туралы ” заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған
Жарлықтың 13-бабында былай делінген: “Табыстар - бұл есептік кезеңдегі
активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы”. Белгілі бір шығындар
шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс
алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу
мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық
нәтижелердіңабсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс,
қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын
табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше
жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі
болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқзады. Біздің ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың
қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі)
ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни
кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналады. Тек табыс қана өзара байланысқан үш
мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс
табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал
нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының
көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық
ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне
негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын
өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы
тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар
болса, олар банктердің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық
несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік
несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы
кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен
анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе
жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады.
Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен брлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму
көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі,
табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр
жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді.
Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселерінің маңыздылығы көрінеді,
оның (тәжрибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің
алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін
қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей
негізг шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің
қоғамдық қажетті шығындырын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ
еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін
ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау
жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және
өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттырда ынталандырушы
фактор болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының
жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық
салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер,
арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар,
есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы
қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.

1.2. Кәсіпорынның қаржы нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржьшық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме
хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап
отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсі-
ніктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сег-менттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері
туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарасты-рылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған
жеңілдетілген түрде толты-рып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де
төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2
қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу,
сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу ушін
жылдық табыс ҚР заңымен көрсе-тілген 10000 есе есептік көрсеткіштен
аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып журген отандық қаржылық есеп негізі
шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді,
себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге
бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол
біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа
экономи-калық жүйенің қальштасуымен, екіншіден, біздің елі-міздің әлемдік
экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру
мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті №2 Бухгалтерлік баланс
және қаржылық есептегі негізгі ашылулар деген стандартында көрсетілгендей,
-бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің
нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер
туралы пай-далы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып
табылады.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және
де кәсіпорын ушін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешім-дерді
шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы
субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыс-
тарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті
пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға эконо-
микалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды.
Қаржы есебін пайдалану-шылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің
ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалау-ды, сондай-ақ оларды
айналдыру уакытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл
нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушы-ларына ақы
төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін
анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағ-дайын,
қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін
сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен
жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының
айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны
қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды,
дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар,
аудиторлар) өкілдігі бол-ған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген
ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылар-дың
көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі
тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне,
әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара
негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептер-дің ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс
меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардын сандық
және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз
міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар
кэсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстыр-малы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр
түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден,
баланстың мазмүны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да
пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жүмыс процесінде дұрыс
шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің
сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және
әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек
алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағыгын анықгайды^ Баланс
ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің
серіктесі ретінде жүмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары
туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын
тәуекелділіктерін және берілген кәсіпо-рынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы
соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп
атайды. Бухгалтерлік баланс -қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің қүрамы мен құрылымын, ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз
көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиім-ділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгал-терлік балансты талдау үшін
және кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі
болып табылады
2. ҚТЖ ҰК ЖАҚ ЖЭЖД -ның табыстарын талдау
2.1. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы
көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің
нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар
мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату
шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есетің осы бабы
бойынша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы
керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі,
ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы себебінен болатын
жағдайлар да кездеседі.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын
өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік
партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде
қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс
мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім
шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе
басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай
нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына
байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір
салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс
салаларына да қатысты.
Кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін есептеу үшін келесі
кестені талдауға болады.
Кесте мәліметтеріне сәйкес ҚТЖ ҰК ЖАҚ филиалы Жамбыл электрмен
жабдықтау дистанциясы 2005 жылы өнімді сатудан түскен табыстың +298650 мың
теңгеге көбейгені байқалады. Нәтижесінде өндірістік өзіндік құны өткен
жылмен салыстырғанда +72325 мың тг. (235098 - 162773) көбейді.

ҚТЖ ҰК ЖАҚ филиалы Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы 2005 жылы
жалпы табыс 520332 мың тг. құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 226325
мың тг көп, нәтижесінде негізгі қызметтен түскен табыстың көлемі
жоғарылады. 2005 жылы берілген кәсіпорында негізгі

Кесте 1.
ҚТЖ ҰК ЖАҚ филиалы Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы 2004-2005
жылдардағы табыстылығының абсолютті көрсеткіштерін бағалау

№ Көрсеткіштер Өл. Нақты Абсол.
бірл. ауытқу +;-
2004 2005 ж.
ж.
1 2 3 4 5 6
1 Өнімді сатудан түскен мың тг. 456780 755430 +298650
табыс
2 Өндірілген өнімнің мың тг. 162773 235098 +72325
өзіндік құны
3 Жалпы табыс мың тг. 294007 520332 +226325
4 Мерзімдік шығындар мың тг. 38887 40103 +1216
5 Негізгі қызметтен түскен мың тг. 255120 480229 +225109
табыс (зиян)
6 Негізгі емес қызметтен мың тг. 2166 3850 +1684
түскен табыс (зиян)
7 Таза табыс (зиян) мың тг. 257286 484079 +226793

қызметтен түскен қаржы нәтижесі 225109 мың тг. пайдаға шықты. Мерзім
шығындары 2005 жылы өткен жылмен салыстырғанда 1216 мың тг көбейген.
Осыған және негізгі емес қызметтен түскен табыстың жоғарылауы есебінен
кәсіпорындағы таза табыс 2005 жылы 226793 мың теңгеге көбейіп, 484079 мың
геңгені құрады. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өткен жылмен салыстырғанда
табыстарының жоғарылап, өсіп отырғанын көрсетеді.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни
өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды
негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі
жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп
түскен төлем сомасыныңмөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген
көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның
келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір
бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда
ақшлардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай
әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша
алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді
тоқтату, оны есеп айырысуың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті
өндіріп алу бойынша банкте талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың
алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем
мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер
үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда
оның кемшіліктері де бар:
← біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
← екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау
төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет
көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
← үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті
санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін
шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді
өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде
өнімді ткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны
арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн,
сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен
айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің
бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының
әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің
маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым
қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде
табыстың сімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикамық жағдайында жалпы
табыстың өсуінің негізгі жолы-материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды
төмендету.
Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте
жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және
металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет
жасайтын кәспорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін
пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз
ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік
құндеңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші
мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі.
Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көеміне күрделі салымдар көмегімен
қол жеткізуге болады, бұл тбыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға,
жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді.
Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі
жәнеұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе
мүлде мүмкін емес.
Кесте 2.
Тауар шығару бойынша жоспардың орындалуы

Өлшем 2005 жыл 2004 ауытқу Орындалу
бірлігі жыл (+,-) пайызы

Резервтік капиталға аударымдар, 5 % 105100
Республикалық бюджетке аударымдар, 15 % 315300
Ремэнерго ЖШС пешін жөндеуге 1288072
Дебиторлық қарыздарды есептен шығаруға 16325
Ардагерлерге сыйақы 11000
Жеңіс күніне ардагерлерге 50000
Барлығы 1785797

Кестеде берілгендей, ҚТЖ ҰК ЖАҚ ЖЭЖД-да 2005 жылы 1785797 мың
теңгенің пайдасын пайдалану былай жүзеге асырылды: резервтік капиталға
аударымға, республикалық бюджетке аударылды, дебиторлық қарыздарды жабуға
т.б.
Жалпы табысқа тауарлы өнімдерді өткізу көлемінің өзгерісінің әсері
келесі есеп арқылы анықталады:
SH
1. NЖС = Š100.

Мұндағы: NЖС - өндірістік өзіндік құны бойынша өткізу көле
мі жоспарының орындалу деңгейі; SН, SЖ -
өткізілген өнімнің сәйкесінше нақты және жоспарлы өндірістік өзіндік құны.
ПЖ ŠNЖС
2. ПП = .
100
Мұндағы : ПП-тауарлы өнімді өткізу көлемінің табысқа тигізетін
әсері; ПЖ - жоспарлы жалпы табыс. Талдау
жұмысының теориясы мен тәжрибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық
өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
1) “өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша” есептелінген,
алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша
жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың
жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы; 2) “өткізу көлемінің
өзгеруі” факторының әсер ету соммасын “өткізілген өнімнің нақты
көлемінің жоспар бойынша„ есептелінген және алынуға тиісті
табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қаржы менеджмент
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Мемлекеттік қаржы туралы
Кәсіпорынның қаржы жағдайын жоспарлау және талдаудың мазмұны мен әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Кәсіпкерлік қызметтің негіздері
КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ (ЖШС Гормолзавод мысалында)
Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу және табыстар аудитінің әдістемелік тәсілдері
Қаржылық жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері
Пәндер