Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру әдістемесі



1) Ұжымдық шығармашылық іс . әрекеттің мәні.
2) Ұжымдық шығармашылық іс . әрекеттің мақсатын анықтау.
3) Ұжымдық шығармашылық іс . әрекет кезеңдері.
4) Ұжымдық шығармашылық іс . әрекетті пайдалану жүйесіндегі негізгі шарттар.
5) Ұжымдық шығармашылық іс . әрекетті жүзеге асырудың динамикасы.
6) Балалардың біріккен ерікті қоғам жағдайында ұжымдық шығармашылық іс . әрекет ұйымдастыру әдістемесі.
Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама – қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді.Сонымен бірге оқушының өзін - өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет.Осылайша іс - әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микро жүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама – қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым – қатынас,өзара әрекеттестігі және ынтымақтсатығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.Оқу процесінің субъектілерінің қарым – қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірбиесінде ұжымдық танымнық іс - әрекет ретінде түсіндіріледі.Бұл мәселелердің теориялық әдіс – тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған.Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.Ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымын қатар қояды.Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым – қатынас ұжымдық жұмыстарға жатқызылады.Жалпы ұжымдық іс - әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін,ынтымақтастықпен,қарым – қатынаспен байытуда.
1. С.Б. Бабаев «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы, 2007
2. Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы, 2004
3. О.С. Богданова, В.И. Петрова «Бастауыш кластардағы тәрбие жұмысының методикасы» Алматы, 1980
4. «Педагогика» Алматы, 2003

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың
ұжымдық шығармашылық іс - әрекетін
ұйымдастыру әдістемесі.

Жоспар.

1) Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мәні.
2) Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мақсатын анықтау.
3) Ұжымдық шығармашылық іс - әрекет кезеңдері.
4) Ұжымдық шығармашылық іс - әрекетті пайдалану жүйесіндегі негізгі
шарттар.
5) Ұжымдық шығармашылық іс - әрекетті жүзеге асырудың динамикасы.
6) Балалардың біріккен ерікті қоғам жағдайында ұжымдық шығармашылық іс -
әрекет ұйымдастыру әдістемесі.

1. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мәні.
Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына
сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі
жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама –
қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың
танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің
қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама –
қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың
араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге
асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының
қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында
оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге
үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім
көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің
өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап
етеді.Сонымен бірге оқушының өзін - өзі бағалау мен басқа да тұлғалық
қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай
өзара әрекеттестік өте қажет.Осылайша іс - әрекет пен танымның субъекті
болып табылатын микро жүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама – қайшылықтарын
шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым – қатынас,өзара
әрекеттестігі және ынтымақтсатығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.Оқу
процесінің субъектілерінің қарым – қатынасы мен өзара әрекеттестігінің
феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірбиесінде ұжымдық
танымнық іс - әрекет ретінде түсіндіріледі.Бұл мәселелердің теориялық әдіс
– тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған.Ал педагогикалық
процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу
әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.Ұжымдық жұмыс
ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымын қатар қояды.Көбінесе
оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын
және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым –
қатынас ұжымдық жұмыстарға жатқызылады.Жалпы ұжымдық іс - әрекеттердің мәні
мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін,ынтымақтастықпен,қарым – қатынаспен
байытуда.
2.Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мақсатын анықтау және
жоспарлау.
Ұжымдық танымдық іс - әрекеттер - әлеуметтік тәжірбиені игерудегі,өз
мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске
асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірбие жинақтау,бірлесе еңбек
ету,қарым – қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын
қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім
ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс -
әрекеті.Оқушылардың ұжымдық танымдық іс - әрекеттерінің оқушылардың
тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама –
қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол.Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және
оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының
нәтижелерінде көрініс тапқан.Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың
танымдық іс - әректтердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді.Ұжымдық
танымдық іс - әрекеттер барысында оқушыларда меңгерілетін материалдардың
көлемі артып,оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады.Сапалы
ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс - әрекеті өж бетінше ойлауды дамыту үшін
барынша қолайлы жағдай жасайды.Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі
жүргізген экперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған.Зерттеушілер
ұжымдық оқу іс - әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың
жоғары сатысы бірін – бірі оқыту екендігін айқындады,өйткені ол оқушыларға
оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік
туғызады.Ұжымдық танымдық іс - әректтер белгілі бір дәрежеде оқу
материалдарын меңгеруі,оқу барысындағы осал жерлер жөнінде оқушыдан кері
ақпарттарды жедел алу сияқты өзектік дидкатикалық проблемаларды шешуге
мүмкінндік жасайды:Оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін
маңызды шарт болып табылатын қарым – қатынсатың жетіспеушілігін
азайтады.Ұжымдық танымдық іс - әрекетер оқытудың тәрбиелеу жағына
тиімділігін арттырады,тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер
етеді,сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның
қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында
жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен
орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша
тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық
даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Ұжымдық
танымдық іс - әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама –
қайшылықтарды шешудің барысында пара – пар құралы болып табылады, яғни іс -
әрекетте өз бетімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты
қалыптасады, ұтымды қарым – қатынаспен өзін - өзі бағалаумен сәйкес келетін
қолайлы социометриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
3. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекет кезеңдері.
Оқу танымдық іс - әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей
ұжымдық танымдық іс - әрекеттің, өзіндік және біріккен іс - әрекеттердің
төмендегідей белгі кезеңдерін көрсетуге болады.
- Біріңғай мақсаттың, жалпы мотивтік болуы, оқушының қоғамдық маңызды
мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің
қажеттігін түсінуі.
- Ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгеруін
қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөліп
беру.
- Іс - әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және
тәуелділіктің пайда болуы.
- Жалпы нәтижелердің болуы.
1. Ұжымдық жұмыс принципімен ұйымдастырылатын фронтальды
жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту
Мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі
Бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктері
Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
«Педагогика» пәнінен дәрістік тезистері
Дамыта окыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму динамикасы
Сыныптан тыс жұмыстың міндеті
Пәндер