«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Қорғауға жіберілді»
«Информатика және ЕТ» кафедрасың меңгерушісі
М. М. Абдимомынова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : «Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері »
050111 - мамандығы бойынша - «Информатика»
Ғылыми жетекшісі
аа оқытушы
Тараз - 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
І. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗІРГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1. 1. Оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялар . . .
1. 2. Информатиканы оқытудағы педагогикалық инновациялық технологиялар . . .
1. 3. Оқушының тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық мәні . . .
1. 4. Ұлттық ойындар - мектептегі тұтас педагогикалық процесті жетілдірудің дидактикалық құралы . . .
1. 5. Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру . . .
1. 6. Информатика пәнінде зерттеулік оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.
ІІ. ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлері және оны қолдану тәсілдері . . .
2. 2. Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану . . .
2. 3. Паскаль программалау тілі курсында ойын элементтерін қолдану . . .
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық - ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
- Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
- Экономиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
- Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Қазақстан халқына арналған Жолдауында “біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады” деп көрсетілгеніндей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білім нәрі. [1]
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т. б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
- ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
- жеке оқыту маңызының артуы;
- оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т. б.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
І. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі қазіргі технологиялар
1. 1. Оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялар
Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы ең алдымен әртүрлі теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің енуімен байланысты. А. С. Макаренко бүкіл әлемдік танымал “Педагогикалық поэмасында”: “Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған. Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару”.
В. П. Беспальконың айтуынша әрбір іс-әрекет не технология; не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология - ғылым негізінде құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспроматқа қарама-қарсы, интуиция бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып табылады.
Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң европалық мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдиев, Н. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген [3] .
Қазіргі уақытта технологиялар білім берудің бір түрі ретінде қарастырылады және психодидактика, қоғамдық психология, кибернетика, басқару және менеджмент теорияларында бағаланады
Бастапқыда көрсетілген педагогтар оқыту технологиясы, оқу технологиясы және педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады. “Педагогикалық технология” термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады, ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты, педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай көріністер былай анықталады:
- өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау мүмкіндіктері;
- мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.
Педагогикалық технология - педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің т ұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Міне, осында педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” үғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.
Қоршаған ортамен оның қарым-қатынастарына қатысты балаға ғылыми негізделген әсер ету. Н. Е. Щуркова бұл жағдайда педагогикалық технология тек қана тәрбиелік жұмысқа қатысты болады және өзімен қолданбалы педагогикалық еңбекті анықтайды. Педагогикалық технология бұл көзқарастан - бұл табиғи және тепе-тең педагогтің іс-әрекеті, жетіліп келе жатқан жағдайды сипаттайды. Психологиялық-педагогикалық және оның жоғары руханилығы деңгейінде қазіргі заман мәдениетімен байланыста болады [1, 2] .
Педагогикалық технологиялар, оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін. В. В. Ликан бұл технологиялардың неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді:
- технология нақты педагогикалық ой түрінде өндіріледі, оның негізінде автордың белгілі әдіснамалық философиялық позициясы жатады. Осылайша, білім беру процесінің технологиясы және жеке тұлғаны дамыту технологиясын айыруға болады;
- педагогикалық іс-әрекеттердің технологиялық тізбегі операциялары, қарым-
қатынасы күтіп отырған нақты формадағы қорытындысы бар мақсатты
ұстанымдарға сәйкес тізбектеледі;
- диалогтік қарым-қатынас адами және технологиялық мүмкіндіктерді тиімді іске асыру, даралау және саралау принциптерін негізге ала отырып келісімді түрлі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасты іс-әрекетін технология қарастырады;
- педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан кез-келген мұғаліммен өндірілуі қажет, ал 2-ші жағынан қарағанда барлық оқушылардың жобаланған қорытындыларына (мемлекеттік стандарт) жетулерін қамтамасыз етеді;
- педагогикалық технологиялардың органикалық бөлігі болып табылатындар - диагностикалық процедуралар, іс-әрекеттер қорытындыларын өлшеудің көрсеткіштері және инструментариялар, белгілі ұстанымдар.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі - шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мүғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіпқорлығы көрінеді [3] .
Дидактикада өзара байланысқан жалпы және жеке технологияларды айыруға болады, жалпыларға конструкциялау технологиясы жатады. Мысалы, қарым-қатынас процесі және оны іске асыру; жеке бұл оқытудың, оқу іс-әрекетін педагогикалық белсендіру, оқытудың қорытындыларын бақылау және бағалау, және неғұрлым нақты - оқу жағдаятын талдау, сабақтың басталуын ұйымдастыру және т. б. типтес міндеттерін шешу технологиясы.
Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.
Қазіргі өндірілген және білім беру тәжірибесінде білімді трансформациялау, іскерліктер мен дағдылар, проблемалық, бағдарламаланған әртүрлі деңгейлік, бейімдік, модульдік оқыту және т. б. технологиялары қолданылады.
Білім, білік және іскерліктерді трансформациялау технологиясы.
Мұндай технологиялдарда оқушылардың өндірістік іс-әрекетке мүғалім тарапынан толық міндеттеме жүктеледі. Алғашқысына орындаушы ролі қалдырылады.
Білім беру технологиясы келесі процедураларды қамтиды:
- оқытушы тапсырмасының негізін, оның мақсатын, операцияларды орындау сатыларын және қорытындысын түсіндіреді;
- әрбір операцияны орындауды көрсетеді және оқушылардың зейінін белсендіреді;
- әрбір операцияны қайта түсіндіреді, оқушыдан нені ұққанын, нені ұқпағанын түсіндіру арқылы;
- оқушы әрбір операцияны, нені орындап жатқанын дауыстап айтып орындауын өтінеді;
- оқушыға әрбір операцияны, педагогтің нұсқаулары бойынша орындауды ұсынады;
- оқушылардың іс-әрекетіне баға береді және егер қажет болса жөндеулер енгізеді;
- оқушы операцияларды қате жібермегенше орындай береді;
- оқушыны берілген жұмысты орындауымен мадақтайды.
Технология негізінде оқушыға суреттелген өнімді түрдегі берілген әрекетті меңгеруді қамтамасыз ететін, орындаушы функцияларына бөлінген мұғалім іс-әрекеттерді түсіндіру, операцияларды көрсету, оқушылардың оны орындауын бағалау және жөндеумен байланысты.
Ойлау іс-әрекеттерін кезеңдік қалыптастыру технологиясы.
П. Я. Гальперин теориясының негізінде пайда болған. Оны кезеңдер қатары түрінде елестетуге болады.
1-ші кезең оқушылардың ынтасын белсендіруін анықтайды.
2-ші кезең іс-әрекеттің бақылау негізінің сызбанұсқасын түсіндірумен байланысты. Оқушылар алдын-ала іс-әрекет мінездемесімен, оның өту шарттарымен, бақылаушылық, орындаушылық іс-ңрекеттердің өтуімен танысады. Іс-әрекеттер жалпылығының деңгейі, яғни оларды басқа шарттарға ауыстыру, осы іс-әркеттерді бақылау негізінің толықтылығына байланысты. Осындай негіздің 3 типін бөліп көрсетеді:
-дайын түрде үлгімен беріледі, бақылаудың толық емес жүйесі, оперативті орындау қажет (мысалы, оқыту техникасы элементтерін меңгеру) ;
-дайын күйінде іс-әрекеттердің нақты бақылау негізінде берілуі;
-іс-әрекеттердің бақылау негізі - жалпыланған түрде беріледі.
3-ші кезең - іс-әрекетті сыртқы пішінді орындау материалды немесе материалданған, яғни кез-келген модель, сызба, схемалар және т. с. с. көмегімен орындалады. Бұл іс-әрекеттер тек бағдарлық қана емес, сонымен қатар орындаушылық және бақылаушылық функциялары. Бүл кезеңде оқушылардан олар жасайтын операцияларды және олардың ерекшеліктерін айтқызу қажет.
4-ші кезең - “сыртқы” тілді анықтайды, мұнда іс-әрекет ары қарай тілдік (ауызша немесе жазбаша) көрнекілеу және материалданған құралдардан бөлініп алынған, жалпыламаға ұшырайды.
5-ші кезең - ішкі тілдік кезең, мұнда іс-әрекет ой пішінге ие болады.
Соңында 6-шы кезең іс-әрекетті ойлау жобасында орындаумен байланысты (іс-әрекетті интериозациялау) .
Ойлау іс-әрекетін кезеңдік қалыптастыру технологиясының жетістігі, оқушылардың жекеше түрде жұмыс жасау жағдайын қалыптастыру, және оқу-танымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруын себептендіру.
Батыс философтары мен әлеументтанушыларының (К. Кларк, Ф. Махлуп, И. Масуда жене т. б. ) советтік және ресейлік (Б. М. Боголюбов, И. И. Маркел жене т. б. ), қазақстандық (Ж. М. Жусубалиева жене т. б. ) ғалымдар жұмыстарын зерттей келе тиімді оқыту технологиясының бірі деп, үлкен (ауқымды) гуманистік мүмкіншілігі бар жаңа ақпараттық, оның ішінде оқытудың компьютерлік технологиясын атауға болады.
Компьютерлік технологияларды енгізу жұмысы барысында компьютерлік қолдауы бар сабақ құрылымының алгоритмі құрылады. Оның келесі кезеңдері бар.
1. Сценарий қалыптастыру (нақты көрсетілген компьютерлік тапсырмалары бар сабақ құрылымы: экран түрі, мұғалім әрекеті, оқушылар әрекеті, нәтиже) ;
2. Сабақтың әр кезеңіне уақытты есептеу;
3. Сабақтың мақсатын міндеттерін, жүру барысын, практикалық тапсырмаларды және оларды орындау әдістерін құрастыру; қажет бағдарламалық құралдарды анықтау.
Компьютерлік технологиялардың білім-берудің гуманистік концепциясын іске асыруда үлкен мүмкіншіліктері бар, нақтырақ айтсақ:
- пәндік білім бағыттылығынан оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін игеруге ауысуы;
- шешімі шоғырландырып ойлауды қажет ететін, вербальды және бейнелі құрылымдық ойлаудың дамуын қалыптастыратын, кешенді мәселелерді шешуге бағыттау;
- оқушылардың іс-әрекетін басқаруда оның нәтижелілігін оқудан тыс оперативті бағалау мониторингін жетілдіру;
- оқушылардың іс-әрекетінің сабақтан тыс нәтижелілігін бақылау үшін дәстүрлі жүйені толықтыратын оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық белсенділігін жоғарылататын рейтингтік жүйені қолдану.
Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский оның пікірінше оқыту “технологиялық” болуы қажет. Оның мағынасы нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болды.
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда “білім берудегі технология” термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға байланысты да болды.
60-шы жылдарда америкалық және батыс Европалық білім берудегі реформаларға байланысты “оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады” мағынасын беретін “педагогикалық технология” термині пайда болды. Ал дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Педагогикалық технология ғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ғылымының мәні түрліше қарастырылады. Педагогикалық технология мәселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, Ж. А. Қараев, Т. Т. Галиев т. б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.
Педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану кейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан “технология” technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.
Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі - шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.
Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді.
Педагогикалық технологиялардың көкейтестілігін анықтауда төмендегі қайшылықтарды атауға болады:
- қоғамның педагог мамандарға қойып отырған талабының күшеюі мен кәсіби білім беруді жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтар арасындағы;
- қайта дамып отырған жекелеген педагогикалық жүйелер мен оларды жылдам өзгеріп отырған еңбек шараларына бейімдеу, білім беру жүйесінің консервативтілігі арасындағы;
- ғылымның даму деңгейі мен өндірістің оны іске асыруға мүмкіндік деңгейі арасындағы;
- мұғалімнің әлеументтік ролі және қоғамдық ақпараттық-коммуникациялық қызмет арасындағы;
- педагогикалық жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнының әдістемелік құралдары және қоғам мәдениеті арасындағы болатын қайшылықтар.
Білім ізгілігі - педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі болатын, педагогикалық процестің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі. Педагогикалық процестің негізгі мәні, мұндай жағдайда, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Теорияларды талдау мен қалыптасқан тәжірибелерді жалпылау білім ізгілігінің негізгі жолдарын анықтауға мүмкіндік туғызады.
Соның ішінде ең маңыздылары:
1. Ізгілендірілген білім мазмұнында қаралатындар:
2. Балалардың қабілеті мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық технологиясын таңдау (Ойлаудың, есте сақтаудың, назар аударудың негізгі типтері бойынша) ;
3. Мұғалімнің озық игілік дайындығы: оның оқушылармен ынтымастастығын қалыптастыруға оқушылардың дайындығы, педагогикалық процестегі шығармашылық, өзін-өзі көрсетудің қажеттігі.
Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі - білімді жинақтауда емес, бар білімді қайта қалыптастыруда. Сондықтан қазіргі заманғы мектептер оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып, білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті. Мұны П. П. Блонскийдің, Л. С. Выготскийдің, С. Л. Рубинштейннің, А. Л. Леонтьевтің, П. Я. Гальпериннің, Н. Ф. Талызинаның, Дж. Брунордың және т. б. зерттеулері дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz