Экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбие беру теориялық негізі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Бастауыш білім теориясы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 3

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 6.

1. 1 Педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде оқушылардың

экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие беру процесінің зерттелуі . . . 6

1. 2 Қазақ ғалымдарының экологиялық білімдері жөніндегі зерттеулері . . . 19

  1. Экологиялық білімді қалыптастыруда тәжірибелік әдіс негіздері . . . 29
  1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ . . . 35

2. 1 Бастауыш сынып оқулықтарында экологиялық тәрбие қалыптастыру жолдары . . . 35

2. 2 Дуниетану пәні бойынша бағдарламаға, оқулыққа талдау . . . 40

2. 3 Эксперимент жұмысы және оның нәтижесі . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

ТІРКЕМЕ А Дүнитану пәні бойынша тест жұмысы . . . 68

ТІРКЕМЕ Ә Дүниетану пәні бойынша тест жұмысы . . . 69

ТІРКЕМЕ Б Бақылау жұмысы. . 70

ТІРКЕМЕ Г Экологиялық ертегі . . . 71

ТІРКЕМЕ Д «Жануар тіршілігі» ойын . . . 72

ТІРКЕМЕ Ж Ойын73

ТІРКЕМЕ З Карточкамен жұмыс . . . 74

ТІРКЕМЕ Е Дүниетану пәні бойынша тест жұмысы . . . 75

КІРІСПЕ

Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. “Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету: олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастықтық тәрбиесінің берік дағдыларын меңгерту”, - делінген Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасы.

Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі “Білім туралы” заңының қабылдануы. Президент Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан - 2030” атты Қазақстан халқына жолдауында болашақта білім беру жүйесін баса дамытуға оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беріп, осындай-ақ аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашқта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі жалықтың мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеруі, оқу-ағарту саласыгның үлесіне тиеді. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. [1, 144] .

Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтеріміз. Дүниетану пәні қоршаған орта туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге, табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқытса, балалардың сана сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда пәннің тигізетін әсері айрықша. [2, 41] .

Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Айналдыра ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз иұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарастары қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысудың маңызы зор. [3, 317] .

Тақырыптың зерттеу мақсаты - Дүниетану сабақтарында оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие жолдарын анықтау.

Оқушыға өзін қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге бастауыш сынып оқушылардың тілін, ой-өрісін дамытып, оларды өздігінен жұмыс істеуге шығармашылыққа жетелейді.

Зерттеу міндеттері - бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық білімнің теориялық негіздерімен таныстыру:

  • бастауыш мектепті экологиялық білімді қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау;
  • дүниетану сабақтарында оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттыру мен тәрбие жолдарын зерттеу;
  • оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін тәрбиелеу жолдарын анықтау;
  • экология саласындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу;

Зерттеу объектісі: “Бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие беру саласында оқушы мен мұғалім арасындағы іс-әрекет.

Зерттеу болжамы - егер мұғалім дүниетану сабақтарында экологиялық материалдар, тапсырмаларды қолданып, тиімді пайдаланса, онда оқушылардың экологиялық білімі қалыптасады және оқушылар қоршаған ортаны қорғауға үйренеді.

Зерттеу пәні - дүниетану сабақтарында экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбие беру үрдісі.

Зерттеу кезеңдері - зерттеу үш кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде - (2004-2005ж) оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбие берудің ғылыми-әдістемелік негіздері мен практикалық мүмкіндіктер айқындалды.

Екінші кезең - (2005-2006 жж) №20 қазақ орта мектебінде іс-тәжірибелерін зерттеп, эксперимент жүргізілді.

Үшінші кезеңде - (2006ж) зерттеу нәтижесі тексеріліп, қорытындысы шығарылды.

Тәжірибелік маңызы - осы диплом жұмысының қорытындысын ұстаздар мен студенттер болашақта өздерінің күнделікті дүниетану сабақтарында және оқу тәрбие процесінде жүйелі түрде қолдануларына болады деп ойлаймыз.

Диплом жұмысының құрылымы - диплом жұмысы кіріспеден, тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі мен тіркемелерден тұрады.

Зерттеу базасы - Өскемен қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №20 қазақ орта мектебінің 3 а сыныбы.

Зерттеу әдісі - педагогикалық психологиялық әдістемелік әдебиеттер мен баспасөз материалдарын талдау, ұстаздардың іс-тәжірибесін бақылау, педагогикалық эксперимент тест, бақылау әдісі.

Көлемі - 76 бет

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде оқушылардың

экологиялық білімін қалыптастыру мен тәрбие беру процесінің зерттелуі

“Экологиялық проблемалар - ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашқ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр”, дейді заманымыздың заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов[4, 128] .

Қазіргі әледе экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Экологиялық дағдарыс жағдайы шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.

Экология - жер бетіндегі тіршілік атаулының қоршаған ортамен органикалық қарым-қатынасын жан-жақты зерттейтін биология, . Физиология, генетика, медицина, тіпті социология тәрізді көптеген ғылым салаларын біріктіретін, философиялық мәні терең, адамзат болашағы үшін маңызды зор ілім. Соңғы жылдары елімізде ортақ табиғат жайлы, экология зардаптылық жөнінде көптеген мәселелер көтеріліп, баспасөз беттерінде жиі жарияланып та келеді. Оның өзіндік сыры да бар. Алып Арал теңізінің етегі мен Байқоңыр ғарыш айлағының түбіне орналасқан елді мекендердің бірі - Қармақшы топырағына да оның зардабы тимей отырған жоқ. Суы тартылған арал теңізінен көтерілген тозаң мен Байқоңыр ғарыш айлағының ластанған ауасы адам ағзасы ғана емес жануарлармен өсімдіктер дүниесінің де еркін өсіп дамуына мүмкіндік бермей, мыңдаған гектар жердің жлаңаштанып, тұзға айналуына әкеп соқтыруда. Сонымен бірге Байқоңырдың Қазақстан азаматтарының денсаулығына кері әсерін тигізетін көлеңкелі жақтары да аз емес.

Экологиялық проблемаларды шешу үшін табиғт қорғау мен оның жұмысының құқықтық негізін қамтамасыз ету жеткіліксіз. Ол үшін кәсіпкерлерде, өндірісшілерде, мемлекеттік қызметкерлерде, барлық азаматтарда нақты экологиялық мәдениет, қоршаған орта деген ойдың орнығуын қалыптастырмай болмайды. Денсалуқтың қадірін, әдетта адам ауырғанда білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, тұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 пайызы өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20 пайызы ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен[5, 165] .

Халықтың денсаулығына қоршаған орта әсер ететіндектен санитарлық - эпидемиологиялық бақылау жүйесін одан әрі жақсарту, аз шығын жасай отырып тиімді амбулаториялық, емханалық көмек беретін денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын қалыптастыру жұмыстары көзделуде.

Қоғам байлығы - адам. Ал адамның байлығы оның денсаулығында. Денсаулықты жақсарту үшін таза ауа, таза су, құнарлы тамақ қажет [6, 42] .

Бүгінгі күннің нағыз актуалды тақырыбының бірі - табиғатты қорғау мәселесі, ол баршаның төл қізметіне айналды. бұл мәселенің құндылығын өмірдің өзі алға қойып отыр. Экологиялық жағдайдың күн өткен сайын күрделене түсуі - адамзаттардың сауатсыздығынынан. Бүкіл дүниежүзілік мәселеге айналып отырған қоршаған ортаның тазалығы мен оны қорғаудың бірден бір жолы - жас ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап экологиялық білім тәрбие беру. Мұндағы зерттеудің басты мақсаты - экологиялық білімді бойына сіңіру. Жеке адамның бойына табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып, адам - қоғам - табиғат арасындағы толық үйлеімділікті қалыптастыру және дамыту[7, 45] .

Зерттеу міндеттері оқыту процесінде білім беру тәрбиелеу және дамыту.

Зерттеудің болжамдылығы мектеп жасынан бастап оқушыларға экологиялық білімдерін қалыптастыру арқылы олардың бойында табиғатқа деген жанашырлық. Қамқорлық жіне тағы басқа қасиеттерді қалыптастыра отырып өз жерін, өз отанын одан әрі білдірмей, керісінше жандандыруға болады. Сол арқылы осы глобальды проблеманы шешуге болар еді.

Кез келген табиғи ортаны бүлдіретін ұсақ - түйек болып келетін жұмыстар үлкен апаттарға апаратынын, табиғат өзіне жасалған қиянатты еш уақытта кешірмейтінін түсінетін уақыт жетті[8, 19] .

Экология - биология ғылымының негізінде 19 ғасырдың орта шешінде айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуден, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтеріңн біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде морфологиялық, физиологиялық бейімлелушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.

Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 2 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, тағы басқа шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцоа, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формазов, Н. И. Калабухов, тағы басқалар жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Панфилов, П. Н. Крылов, т. б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.

Әсіресе осы кезеңдердегі Г. Ф. Морзовтың “Орман туралы ілімі”, Д. Н. Кашкаровтың “Орта және бірлестіктер”, “Жануарлар экологиясының негіздері”, ағылшын А. Тенслидің “Экожүйелер туралы ілім”, орыс ботанигі В. Н. Сукачевтың “Биоценоз”, В. И. Вернадскийдің “Биосфера туралы ілім”, тағы басқа ғалымдардың еңбектері

Экология ғылымының негізін қалаған болатын. Бұдан әр экология ғылымы жеке ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін айқындай түсті.

Экология ғылымы жіктеле бастады. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л. А. Зенкеевич, Г. Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Т. Ноганзян), топырақгағы организмдер экологиясы (М. С. Гиляров), насекомдар экологиясы (И. В. Кожанчиков, Г. Я. БейБиенко, В. В. Яхонтов, ГА. Викторов), паразитологиялық экология негізін салушылар (В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев), сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы (А. Т. Банников, Н. И. Калабухов, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, ГА. Новиков, С. С. Шварц), өсімдіктер экологиясы (В. Н Сукачев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко), деп танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектер жарық көрді. Мәселен, А. П. ІПенниковтың "Өсімдіктер экологиясы" (1950), Б. Г. Иоганзеннің "Экология негіздері" (1959) Н. П. Наумовтың "Жануарлар экологиясы" (1963), тағы басқа еңбектегі қазірге дейін маңызын жойған жоқ.

Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В. А. Плющевский-Плющик П. Ф. Соловьев, А. И. Радкевич, С. В. Шостик, П. . Жуков, И. К Лопатин, Л. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И. Якушев, Г. А. Новиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сущени, Л. В. Камлюк, тағы басқалар өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқгығы биік тұрды.

Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу кұралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсаның "Жануарлар экологиясы" (1926), Ч. Элтонның "Жануарлар экологиясы (1934), Шелфорд пен Ф. Клементгің "Биологая" (1939), Ю. Одумның "Экология және экология негіздері" (1975, 1986), Р. Риклефстің "Жалпы экология негіздері" (1979), Ф. Рамаданың "Қолданбалы экология негіздсрі" (1981), Н. Чернова мен А. Былованың "Экология (1988), А-Радкевичтін "Экологая (1977), Н. Ф. Реймерстің «Экологня» (1944), тағы басқа еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер қатарына жатады .

Экология ғалымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялқ және практикалық зерттеулер жүргізлуде.

Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының экологиялық педогогика (көпшілікке экологиялық тәрбие және білім беру) адам экологиясы және халыктық экология багыттары дами түсуде. Бұл - бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы - адамның ақыл-ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез туды. Сондықтан 21 ғасыр адамзаттың ақыл-ойы кемелденген - нооэкология кезеңі болмақ. Өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне тікелей қатысты[9, 45] .

Экология ғылымының негізгі мақсаты шығын сақгау үшін салауатгығына, білім дәрежесіне барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы дәрежесінің жоғары болуына ыкпал ету.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезендеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера" атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

1971 жылы Швейцарияда Европалық юнференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселелері көтерілді.

1972 жылы Стокгольмде "Қоршаған ортаны қорғау» туралы білім беру, 1977 жылы Тблиси қаласында БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары «Экологиялық білім беру» туралы 40 астам шешімдер қабылданып, оның ғаламдық стратегиялық жоспарлар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), тағы басқа конференцияларымен жалғасады[10; 32] .

Экологиялық білім берудің бұрынғы КСРО кезеңіне тоқталсақ, онда негізінен орыстың табиғат зерттеуші әрі көрнекті ағартушылары А. М. Теряев, И. И. Мартынов, В. Г. Белинский, А Н Герцен, Н. Г. Чернышевский еңбектерін атауға болады. Одан соң А. Н. Бекетов, К. А. Тимирязев. Д. Н. Кайгородов, тағы басқалар табиғатты зертгеу мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.

20 ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М Берзилин. В. М. Корсунский, тағы басқада экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуды ұсыңды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен 1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург, (Биосфера, Экология, Табигат қоргау, тағы басқа экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог-ғалымдар С. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н Захлебный, тағы басқада халықтык оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан-қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды[11, 147] .

Экология жас ғылым болып табылады. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология сөзін “Естественная история происхождения (Natural History of Creation) атты өзінің кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель (1968) . Экология “Ойкос” деген грек сөзі, “үй, баспана” ұғымын білдіреді. Э. Геккельдің айтуы бойынша, экология - зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасты зерттейді.

Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияны жасаған органикалық эволюция туралы оқудың негізін салушы, англия ғалымы Чарлз Дарвин. Ч. Дарвиннің анықтауы бойынша “тіршілік үшін күресу” ұғымы тірі жәндіктердің өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатысының көп заттардың байлнысының түйінделуі деп негізделеді.

Экологияның зерттейтін мәселелері - жанды-мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.

Сонымен, экология - тірі организмдерінің тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым [12, 170] .

Көптеген ғалымдар әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.

Экологиялық зерттеу 20 ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғаты, оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келеді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда[13, 49] .

Экологиялық білім мен төрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразия құрлығының орталық кіндігінде орналасқан. Еліміздің құрлық жүйелерр ауқымды көлемін орманды-далалы, шөл және шөлейтгі жерлер алып жатыр.

Қалыптасқан табиғи-тарихи жағдайлар және табиғатты пайдаланудағы жәйсіз күйлері жұртшылықгы ойландыруда. Қасиетті жердің ресурстық-шикізаттық қорларын өндіруші кәсіпорындарындағы ала берсем деген ниет, өнеркәсіп аймақтарында қоршаған ортаға немқұрайлы қараушылық, әскери объектілер-экологиялық талаптарды сақтамауы, т. б. жағдайлар табиғатта және оларда тұратын халыктың әлеуметтік жағдайын шиеленістіріп отыр.

Кесте 1 Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары және қорғану жолдары

Экологиялық апат түрлері: Экологиялық апат түрлері
Апаттың зардаптары: Апаттың зардаптары
Апаттан қорғану жолдары: Апаттан қорғану жолдары
Экологиялық апат түрлері:
  1. Ортаның ластануы
  2. Техногенді апат

Ресурстардың

  1. Таусылуы
  2. Топырақтың экорозиясы
  3. Озон қабатының жұқаруы
  4. Табиғат апаттары (жер сілкіну, сел, цунами, циклон, жұт, вулкандар атқылауы, теңіздер мен мұхат деңгейінің көтерілуі немесе түсуі)
Апаттың зардаптары:
  1. Адамдардың аураға ұшыруы
  2. Қаншама миллиондаған адамдардың қырылуы
  3. Ел экономикасының төмендеуі
  4. Өнімнің жетіспеуі
  5. Ультракүлгін сәулелердің зардаптары
  6. Адамдар шығынының көптігі, экономикалық шығындар
Апаттан қорғану жолдары:

Ластанудың себептерін табу

  1. Адамдарға үгіт-наисхат жүргізу керек, ондай объектілерді қаладан алыс жерге орналастыру керек.
  2. Тиімді пайдалану керек.
  3. Тыңайтқыштар беру керек.
  4. Ауаға зиян газдарды жібермеу керек
  5. Алдын-ала дайындық жүру және олардың болуын алдын-ала хабарлау керек

Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері-айғақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып әрі улы қалдықтардың жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде[14, 18] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Оқушылардың экологияны оқуға қызығушылығын арттыру
Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Үздіксіз білім берудегі экологиялық білім және тәрбие сабақтастығы
Студенттердің экологиялық білімін арттыруда инновациялық технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы
Үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мазмұндық сипаты
Химия курсын дәстүрлі оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz