“Қытай Халық Республикасының Синьцзян автономиялық ауданына қарасты Іле – Қазақ облысының экономикалық, географиялық сипаттамасы”


Реферат

Бакалаврлық бітіру жұмыс тақырыбы “Қытай Халық Республикасының Синьцзян автономиялық ауданына қарасты Іле - Қазақ облысының экономикалық, географиялық сипаттамасы”.

Бакалаврлық бітіру жұмысы 60 беттен, 5 суреттен, және 1 картадан тұрады. Жұмыс кіріспе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі сөздер: кен, астық дақылдары, жабайы аң, құстар, тарихи мұралар, көлік қатынасы, су ресурсты, ұлттар.

Бітіру жұмыстың мақсаты: Іле - Қазақ облысының географиялық сипаттамасы, оның өнеркәсібі, экономикасының даму жағдайы, түрлі жетістіктері, халқының мәдениеті және рухани өмірін жан - жақты қарастыру.

Зерттеу әдістері: статистикалық талдау, сипаттап жазу әдісі; географиялық зерттеу әдісі; экономикалық талдау әдісі.

Кіріспе

Бұл бакалаврлық бітіру жұмысыма біздің Ата - бабаларымыздың ары мен жаның, қаны мен терінің куәсіндей болып, жүрегінен терең орын алып, көңіл-күйді елжіретіп, көзіңе оттай ыстық басылатын осынау құтты мекен, ырысты аймақ туралы аздаған түсініктеме бердік бұл дарқан табиғаты күшті Іле үшін түкке тұрмайды.

Бабамыздың мекен еткен, Түстік Синьцзян мен Терістік Синьцзянның су бөлгішін дей алып Тәңір тауның Мұзартты асуларының бірі болған сонау Күнестің шығысындағы әкімшілік шекара сызығы - желді кезеңінен күн салып батысқа қарай көз салсаңыз: көк тірей көсіліп жатқан Үйсін тауы мен Көк қамыр тауларының бел - белестері, кілемдей құлпырған Дулат жазығы мен Қорғас жазығы тұтас Іленің төбесінен қарап тұрған қарауылдағы Қас батырдай Хантәңірі мен Қабанбайдың Қарашоқысы сізді тарихи - географиялық зерттеуді жүргізуге әсерін тигізеді.

Қойнау байлыққа толған Іленің көркем табиғаты, сылдырап аққан суы, көз тартар сарқырамалары, масатыдай құлпырған көк жайлауы асқар таулары т. б. табиғаттар тек қана көркем Ілеге тән көрініс секілді көрінеді. Онда тұып жатқан әр ұлт халқы өзінің төл мәдениеті негізінде қазіргі заман талабына сай білім мен ғылым-техникаға баса назар аударып өздерінің көркем болашағын жасауда. Халықтар сол өзінің туып өскен жеріндегі бар байлықты, бар мүмкіндікті іске асырып өзіндік мәдениеті мен рухани өмірін сан-алуан түске бояуда.

1. қытай халық республикасы Іле - Қазақ облысының географиялық орнымен жалпы сипаттамасы

1. 1. Іле -Қазақ облысының тарихи географиялық сипаттамасы

«Іле» деген осы бір ардақты жер есімінің шығу тегі оның мағынасы қазірге дейін адамдарды қызықтырып келе жатқан тақырыптардың бірі. Іле алқабы адамзаттың өмір тіршілігі үшін құт-берекелі жер. Оның егіншілік, мал шаруашылық, су шаруашылық, өнеркәсіп және тағы басқа салалары игілікті жұмыс беріп, халқымыз бақытты рахатты өмір өткізіп келеді. Туған жердің жанды балқытқан ыстық мейіріне не жетсін, шіркін?! өзінің сүйкімді ыстық лебізімен бізге қараған сайын көз тойғысыз - ақ көрікті келбеті мен ләззатына қам бақ емес. Туған жердің топырағы, суы, шөбі, ауасы бәрі-бәрі де асыл, бәрі де біз үшін қымбат, Іле өңірі келбетінің көріктілігімен ғана көз тартпайды. Ол өзінің адамзат үшін құнарлы да, шұрайлы қасиетімен халқымыздың игіліктенуіне өн-бойындағы нәрін беріп келе жатқан жер болуымен көз тартады. Нәрі де, майлы емшегін сүйсіне де, сүйіне иітіп емірене емізіп келе жатқан жер ана осындай бір қасиетті мекеннің жай-жапсарын, есімін мағынасын түсіну маңызды жұмыстардың бірі ғой. Тарихта өтіп кеткен жүз жылдық, мың жылдық уақытты қамтыған оқыйғалар мен өзгерістерге, оның ішінде бағызы заманғы тайпалардың қоданған сөздерімен жерлерге қойған есімдеріне назар аударып, үңілу арқылы оның анығына ұмтылуға болады. Бүгінге дейін тәрихшы, архелогтар «Іле» есімінің шығу тегі мен мағанасы жөнінде едауыр зерттеулер жүргізіп, түрлі түсіндрмелерде бар, сол сияқты бір-біріне ұқсамайтын түсіндрмелерде кезігеді. Бұл арада ұқсамайтын түсіндрмелерге тоқтала кетейік: мысалы, «Батыс өңірдің жер аттары»(西域地名) деген кітапта: «Іле дегеніміз-түрік сөзі болып «жылан»(илән) деген ұғымды білдіреді. » деп түсіндреді(осы кітаптың 34- бетінде) . Бұл сөздің төркінін «саяахат естелігі»(行记) деген кітаптағы «Илан балық»(Іле балық-таң патшалығы дәуірінде, 618-907жылдарында Іле аңғарында болған қала) тың аты «илән балық» деп жазылған. басқа кітаптарда кезікпейді. Біз тәрихи жазбалармен деректер және архелогиялық қазына жөннен дүне жүзінде алдыңғы қатарда тұратын мемлекет. Неше мың жылдық Қытай тәрихы мен дүние тәрихын қамтитын 280 томдық тәрихи шежірелер өткен күндер мен тәрихи оқыйғалардың куәсі ретінде кітап қазынасында қасқайып тұр. Осы бай қазынадан біз іздегеніміздің бәрін тауып игілкке жарата аламыз, осы қаыналардан «Іле» есімінің есімі «Таңнама»да «伊丽»(или), «иұннама» да «亦剌八里» (или балық) «Мыңнама» «亦力把里» (или балық), «Солтүстіктің елшілік естелігі» (北便记) деген кітапта «益离住城» (Или қаласы) деп жазбаға түскен. Тіпті бұл дәуірлерден де ілгері яғыни бұдан 2000 жылдың алдында өткен Хан патышалығы заманында-ақ тарихшылар Іле өзенін Қытай жазуында «伊列» (Іле) деп дыбыстық аударма жасап, жазбаға түсіргендігін көріп отырмыз, «Іле» есіміне «жылан» ұғымында мағына беріп түсіндіру ерте замандағы Түрік тілі жүйесіндегі тайпалардың қойған осы есімінің мағынасына үйлеспейді. Ал, Түрік халықының бұтақтары қазірде Түрік тілі жүйесіндегі халықтардың осыған үйлес дыбыстағы сөздерінен алып түсіндіруде екінің бірінде бола бермейді ғой. Мысалы, қазіргі заман Қазақ тіліндегі тез, шапшаң, ілезде немесе іле-шала деген ұғымдағы «іле» сөзін «Іле» есіміне тели салып, «Іле» дегеніміз-тез, шапшаң деген ұғымды білдіреді деп қарауға болмас еді. Қайта бұл есімнің ұғымын өз заманында өмір сүрген тайпалардың тілінен табуымызға болады.

Ал, кейбір адамдар Шыңғысхан империясы мен «Іле» дегеніміз - «иіл» деген Моңғұл сөзі болып, «ашық, жайдақ» деген ұғымды білдіреді деп түсіндіреді. Бұнда түсіндіру «Іле» есімінің тарихи тегіне, мағынасына тіпті де үйлеспейді. өйткені, «Іле» есімі ескі түрік тілінде «жайдақ» ұғымын бермейді де, ұлы ғалым Махмұт Қашқаридің «Түрік тілдер сөздігі» кітабінда: «айл дегеніміз-ел, мемлекет» деп түсіндіреді. (осы кітаптың 1-том 67-бетіне қараңыз) . Оның үстіне «Іле» есімінің өзі сонау Хан патышалығы дәуірінде-ақ қоланылып жазбаға түскен болатын. Шыңғысхан империясының жаулаушылық соғысы тек 13-ғасырдың бас шендерінде, яғыни 1206-жылдардан басталған тарихи оқиға. Осыдан есептегенде «Іле» деген есім Шыңғысхан империясының Іле өңіріне баса көктеп келуіне мың жылдан астам уақыт ілгері қолданылған. Шыңғысхан жаулаушылығынан ілгері Іле өңірін Моңғұл халықы мекендеген емес, ондай болғанда Іле деген Моңғұлша жер атының болуы да мүмкін емес қой. Сондықтан, Ілені Моңғұл сөзі деп қарау фактке жақын келмейді.

«Іле» есімі жөнінде халық ішінде де алуан түрлі түсіндірмелер мен аңыздар сақталып қалыпты, бір аңызда мынадай әңгімеленеді:

«Іле мен Жетісу өңірін билеген Шыңғысханның ұрпағы Тұғылық Темрхан төңірегіндегі ғұламалардың уағызнамалары арқылы Ислам дінін қаділдайды. сол кезде өзімен бірге алғаш 700 адам Ислам дініне кіреді. Осы кезде мұсылман болған мыңдаған Моңғұлдар қуанғандығынан бастарындағы киіз қалпақтарын дарияға лақтырады, сонда су бөгеліп, Күре қаласын(көне Күре) ойрандап кеткен. Шонжарлар: - қалпақтарыңды сүзіп алып тастаңдар, - дегенде Моңғұлдар «илә-илә» (бұл Моңғұл тілінде Кезқұйрық қүс деген сөз-үзінді алушыдан) деп айқайлаған. Сонымен «Илә» деген сөз суға есім болып қалған» ( «Шора» журналы, Орымбор, 1915-жыл, 3-сан 72- бетіне қараңыз), «Іле» есімінің шығу тегі жөніндегі бұл аңызда ақылға үйлеспейді. Жүздеген, неше мыңдаған адамның лақтырған қалпағымен жойқын екпінді үлкен өзен суының бөгеліп қалуы мүмкін емес қой. Тұғұлық Темір 14-ғасырда Іледе хандық құрған. Ол 160мың адаммен Исілам дінін қабылдап, Моңғұлдарды Түріктестіргені шындық, ал Іле өзенінің тасқыны көне Күре қаласын ойрандап ктуі Тұғұлық Темірхан заманында емес, 1818-жылы болған тәбиғи уақиға, қалған әңгімелердің барлығы аңіз ғана.

Журналда осы мақаланың авторы Назарқожа «Іле» есіміне мынадай түсінік береді: «Іле деген сөз алты шаһар (Оңтүстік Шин жаң) тұрғындарының (иілліқ) жағымды, сүйкімді деген сөзінен алынып қолданылып кеткені болуы мүмкін. Кейінгі кездерде Алты шаһар халықы (Іле - хо) деп атап кеткен. (хо) дегеніміз-Іле сөзінің Қытайша мағыналық аудармасы болып табылады. (іліқ) сөзі мен (хо) сөзі мағыналас сөздер есептеледі. Іленің көкжайсаң көркем жерлері олардың көзіне өте жағымды көрінетіндіктен осылай аталып кеткен болуы мүмкін» дейді (бұл да сонда 72-73-беттеріне қараңыз) .

Ал, Батыс елдері (Қазақстан) зерттеушілері «Іле» есіміне мынадай түсінік береді: Іленің басы Текестен басталып, ол өзінің ағысы барысында жол-жөнекей Күнес, Қас өзендерін іле кетеді. Осындай іліп аққандығы үшін Текестің төменгі ағары (Күнеспен қосылған жері ) «Іле» деп аталған дейді. Бұл да «Іле» есімінің дыбысталуына немесе қазіргі заман Қазақ тіліндегі дыбысталуына қарай жорамалдап мағына беру ғана болып табылады.

Іле алқабы -Тәңір тауы(矘格里山-Тян-шян)солтүстік етегіндегі Үйсін тауы мен Еренқабырға тауының ортасына орналасқан кең өңір. Бұл алқаптың салаларынан алун түрлі касіптердің қарыштап дамып отырған өндірістерін кезіктіреміз. Шүйгін шөбінен майы тамған жайылымдары ырысты өрісі болып, мыңғырып өскен әр түлік малы, Қытайға тіпті дүние-жүзіне әйгілі «Іле жылқысы» да, маң-маң басқан сиырлары да Іледе өсіп отыр. Шұға фабрикасының айызын қандырып, өрісте шөккен бұлттай көз тартқан әйгілі асыл тұқымды «Шин жаң қойының» отаны да Іле, шұрайлы қыртысынан алуан түрлі дақылдар мол өнімін беріп келе жатқан жер де Іле. Көрген көзді тамсандыра өзіне баурайтын табиғат көріністері айрықша ғой, шіркін бұл айтып тауысқысыз байлық қой. Осындай бай өлкенің қасиетіне мақтаныш етпей тұра алмаймыз, осы кең алқапты шығыстан батысқа қарай қақ жара ағып үлкен өзен жатыр. Оның басы Текес (теке ұғымында) өзенінен басталып, жол-жөнекей оған Күнес, Қас( қас тасы ұғымында) өзендері қосылып, Іле өзенін құрастырады да аяғы Көкше теңізге (балқашқа) құятын суы қысы-жазы суалмайтын, қайнары мол, мың километрлік ұзаққа созылып аққан ірі өзендердің бірі. Тегінде «Іле» деген есімде -осы өзенге беріліп қалыптасып кетіпті, қазір осы өзен де және осы өңірге орналасқан бірнеше аудан, қаланы құрамына алған акімшілік аймақ та «Іле» деп аталады. 1954-жылы құрылған Іле Қазақ автономиялы обылысына да осы есім берілген.

Іле есімінің ерте замандағы дыбыстылуына көз жүгіртіп көрейік: Іле өңірі ұзақ тарихқа ие, тарихи оқыиғаларға бай, тарихи, мәдени мұра, ескерткіштерінің молдығымен әйгілі болған жер. Қытайдың тарихикітап қазыналарында жазбаға түсіріп қалдырылған деректері бірнеше мың жылдық тарихты көз алдыға елестетеді.

Біздің жыл санауымыздан ілгері 1 -2 ғасырлармен жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында Іле өзені (оның тармақтарында қамтиды) аңғарында»Сақ» деп жалпы атаумен аталған тайпалар мекендеген . бұл тайпалық одақтың көлемі аса ірі болып, олар шығыс европа, батыс сібір, Қыпшақ даласы және орта азия өңірлерін меңгерген . Бұл қытайдың тарихи деректерінде «Сайжұң»(塞种人) деп жазбаға түскен болса, Грек тарихшылары «скиф» деп атаған . Ал, парсы тарихшылары «Сақ» деп жазбаға түсірген . бұлар сол дәуірдегі ірі тайпалық одақ құрған, Ғұндардың одағына қатынаспай, дербес, тәуелсіз өмір өткізген тайпалар болып табылады . сақ тайпалық одағының құрамына көптеген ұсақ тайпаларда кірген . солардың бірі - Иседондар (Бұлар қытай деректерінде «Сажиа» 萨迦 деп аталған) жетісудың шығыс өңірлерін яғни Іле аңғарын мекендеген, іле аймағындағы тауларда бұлардан сақталып қалған іздер, жартас сурет ескерткіштері молынан кезігеді .

Сақ тайпалық одағымен қатар, замандас өмір сүрген тайпаның бірі - үйсіндер, тарихи деректерде Үйсін есімінің дыбысталыуы алуан түрлі болып келеді . яғни:»Әсу»(啊西) «Асиой» (啊西尼) «Асани» немесе «Үйсін» (乌孙) деп аталатындығы мәлім . ( «ханнама» батыс өңір шежіресі) Ал, Сүй, Таң дәурлерінде Түріктер «Ұсан» деп қолданған . ескі түрік тілінде бұл «Бастық» ұғымындағы сөз .

Үйсіндердің біздің жыл санауымыздан ілгергі 1 - 2 ғ, асырлардағы мекені Чилиншан тауы (ертедегі Үйсіндер мен түріктер «Кеңсу» деп атаған қазіргі Гансу - дунхуаң өңірі) болып, сол өңірдегі Ғұндармен болған соқтығыс қақтығыстары салдарынан олар батысқа қарай қоныс аудара көшіп, Жетісу ( Ыстықкөл өңірі, Көкше теңіздің оңтүстік және шығыс өңірлері) және Іле алқаптары мен Еренқабырға тауының солтүстік сілемдерінде аса ірі тайпалық одақ құрған, ал Іле алқабын мекендеп келген байырғы Сақ Иседон, массагет тайпалары Үйсіндердің құрамына кіріп тоғысып, бір бөлігі батысқа қарай ауып кеткен . 630мың жан санына ие үйсіндердің тайпалық одағы 5 -ғасырға келгенде күшейіп алған Сиянби және Ауар (Жұжан) тайпаларының шабуылынан жеңіліп, тайпалық одағы ыдырайды . Іле өңірінде одақтың өмір сүрген мерзімі 600 жылдан астам болып, үйсірдерден ескерткіш ретінде олардың мол бейіттері біздің заманымызға сақталп келді . Әсіресе, Үйсіндердің жаздық ордасы, мал жайлымы болған Текес аңғарының жер - жерінде Шұғылалы бейіттері осы күнге дейін сақталып отыр . Бұдан қытайдың археологиялық зерттеу орны аса бағалы мұралар қазып алып келеді . сол сияқты Текес, Күнес аудандарынан да бағалы мұралар табылып сақталып отыр .

Жыл санауымыздың 1- ғасырында қазіргі моңғолия жерінде Сиянби тайпасы күшейіп, 154-жылы шығыс Хан патшалығының шекаралық өңірлеріне жоық жасайды . батыста Үйсіндерге килігіп, Тәңір тауының солтүстігін иемденіп алады . 2-ғасыр мен 4- ғасыр аралығында Тәңір тауның шығыс өңірлерін игеріп алады . Іле алқабы бұл дәуірде Сибанилердің қарауында болған .

4-ғасырдың соңы, 5-ғасырдың басында Ауар тайпасы күшейіп, Тәңір тауының оңтүстігі мен солтүстігіндегі және Іле өңіріндегі тайпалық одақтарға шабуыл жасап бағындырып алады . 555-жылы Ауарларды Түрік тайпасы талқандайды .

Жоғарыда айтылған Сақ, Үйсін қатарлы тайпалар өздері мекендеген жерлерге есімдер қойып қолданғандығы мәлім . Бұл есімдер тарихи ескерткіштер мен кітаптарға жазылып, біздің заманымызға жетіп отыр . Қытайдың тарихи кітаптарында ертедегі тайпалардың аттары мен жер есімдерін қытай әрпімен жазбаға түсіргенде мүмкіндігінше өзіндік дыбысталуын сақтап отырған . мысыалы: «Іле» есімін «алғашқы Ханнама» да «伊列水» (Іле суы) , «亦列» (Іле) «亦剌» (Ила) деп жазылған . Бұлар сол заманда осы өңірді мекендеген байырғы тайпалардың қойған есімі болып табылады . Осыларға сүйене отырып, біз, «Іле» деген есімді Сақ және үйсін тайпалары қойған деп межелеуімізге және тұжырымдауымызға болады . үйткені, қазіргі заман тарихшылары мен тіл тарихын зерттеуші ғалымдар олардан қалған жазба ескерткіштерге қарай зерттеу жүргізіп, олардың түрік тілі жүйесіндегі тайпа болғандығын анықтап отыр, яғни кейінгі Түрік тілі жүйесін ертеде Сақ, Үйсін қатарлы тайпалар негізін қалаған деген сөз . «Іле» деген есімді байырғы Түрік тілімен жанастырып көргенде, бұл сөздер «Ел, Елі» деген ұғым шығатындай .

Сүй және Таң патшалығы дәуірінде (581 - 907 ) Түрік тайпалары күшейіп, 550-жылдар ішінде Ауар тайпасын өзіне қаратып, ірі қағандық мемлекет құрады . Қағандықтың қарауында Моғол даласы, Алтай өңірі, Тәңір тауының оңтүстігі мен солтүстік өңірі . батыс каспи теңізінен шығыс европаға дейін батыс және шығыс Түрік қағандығына бөлініп кетеді . Төлеш (телі) сарттар дұс, ішбіи, ыұшғыл тайпалары билік жүргізеді . Бұлардан кейін бұл өңірге Түркеш тайпасы, одан кейін Қаралықтар (Алтай, Қарпықтар ) билік жүргізді . Қарлықтар тегінде Алтай, Ертіс өңірлерін мекендеп, кейін жетісу жеріне қоныс аударып келген тайпа . Бұл дәуірде ұзағырақ билік жүргізген тайпа Қарлықтар болды да, олар, 766-жылдан 940 жылға дейін мемлекет құрған . Міне, осы бірнеше леген түрік тайпаларының үстемдік еткен территориясының қамында Іле алқабы да болды .

Жоғарыдағы түрік тайпаларының ұзаққа созылған билігі және тарихи барысында, Іле алқабында қалдырып кеткен ескерткіштері мен мұралары молынан кезігеді . Мысалы, Түрік тайпалары Іле алқабының және оның тау салаларындағы жартастарға қашап сызған алуан түрлі жануарлардың суреттері, сол кезде қолданған түрік руника жазылулары жер - жерге орнатып кеткен сынтастар көптеп кезігіп ртырады .

Іле өзені аңғарын мекендеген түрік тайпаларының басты қалалары болып танылған Күнес, Іле балық, Алмалық, Қойлық қатарлы қалалардың қыйраған орны тарихи мұра ретінде қазірде сақталып отыр . Бұл қалалардың ішінде тайпалық одақтың астанасы немесе Ұлы жібек жолының сауда керуендері жүріп тұрған кезде сауда орталықтары болғандары да бар . бұлар:

Күнес қаласы : Бұл Іле өзеннің солтүстік жағасына орналасып, Түркеш тайпасының (Сары Үйсіннің ) кіші астанасы болған . (Үлкен астаеасы жетісудағы Суяп қаласы болған) «Таңнама» да ( 弓月) деп жазбаға түсірген .

Іле балық: (Ел балық депте аталады) Іле өзеннің солтүстік жағасында, қазіргі Құлжа қаласына жақын маңға орналасқан болып, негізгі ортақ қалалардың бірі болған . қаланың есімі түрлі тарихи дәуірде жазбаға түсіргенде, қытайдың әртүрлі әріптерін қолданғанымен дыбысталуы жағынан бір ғана «Іле балық» деген есімді бейнелеп отырған .

Алмалық қаласы : Көне қорғас қаласының шығысында Талқы мен Келген тауының оңтүстік етек аралығындағы Алтай деген жерге орналасқан . сондықтан кейде алтай «Алмалық» қаласы деп те аталады . «Батысқа саяхат естелігі», «юаннама» қатарлы кітаптарда «阿里麻里» (Алмалы ) деп жазылған . ол 14-ғасырдағы жетісу және Ілені билеген Тоғлұқ темір ханның астанасы болып қолөнер кәсібі мен саудасы дамыған ірі қалалардың бірі болған .

Жоғарыда аталған «Талқы» есімі Түрік тайпалары жағынан қойылғандығы байқалады . Махмұт Қашқаридың «Түрік тілдері сөздігінде» Тлқих - таулардың тұтасқан жалғасқан жері деп түсіндрме берілген . «Батыс аймақтың географиялық шежіресі» атты кітапта «塔勒夺» (Талқы) , «塔勒夺» (талқы) деп жазаылған .

Бұл дәуірлерден Ілені мекендеген тайпалар «Іле» деген есімді жалғасты қолданып, бұынғы тайпалардың атауларына мұрагерлік етіп отырғаны айқын. Мысалы, «жаңа таңнама» кітабында «伊丽» (Или) деп жазылыпты .

Махмұт Қшқаридың «Түркі тілдер сөздігінде» Іле өзеннің есімі көп жерінде кезііп отырады . мысалы, «Іле - бір дарияның есімі, щның екі жағасында түрік тайпаларынан Бағыма, Тұхмыси және бір бөлім шығылдар мекендейді» деп атап көрсетеді . және «кеме ішіне отырып, Іле суынан жүзгенбіз» . деген түрік халық өлеңдері де енгізілген .

10-ғасырға келгенде, Іле өңірін мекендеген Бағыма тайпалары барынша күшейеді . Бұларға шығыстан келген бір бөлім Ұйғұр тайпалары қосылып, төңірегіндегі тайпаларды өзіне бағындырып алған соң, бүкіл жетісу, орта азия териториясында «Қара Ханидтер» деп аталған мемлект құрады . Бұлар жетісудағы Баласағұн қаласын негізгі астана, Қашқар қаласын қосымша астае\на етіп басқарған .

10-ғасырдың басында қытайдың шығысы солтүстік өңірінен бас көтеріп шыққан қара Кидандар парсы деректерінде «Қарақытай» Араб деректерінде «Қаракидан» Қытай деректерінде «黑契丹» деп аталған . Қытайда Лиау патшалығын құрды . 12- ғасырда бұлардың ішкі Қытайдағы билігі әлсірейді де, Елұй дашы бастаған бір бөлегі орта азияға жорыққа аттанады . қара кидандардың тегеурінне төзе алмаған қара ханиттер мемлекеті әлсіреп тез жойылады да, бұл жерде қара кидандар ЛИАУ мемлекетін құрып, самарқанды астана етеді .

Батыс монғолия мен алтай тауларын мекен етіп, мемлекет құрған Наймандар Шыңғысханнан жеңіліп, 1206 жылы Күшілік ханның бастауында орта азияға жорыққа аттанып, батыс ЛИАУ мемлекетін талқандайды . орта азия, жетісу және Ілні меңгерген Наймандар біраз жыл билік жүргізген соң, Шыңғысхан империясының тегеурінне төтеп бере алмай, 1219 жылы оның мемлекеті де құлайды .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай Халық Республикасындағы қазақтардың экономикалық-әлеуметтік жағдайлары (1949 ж. аяғы 1962 ж)
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Оңтүстік Қазақстан облысының каналдарының ерекшелігі
Lиаспора сөзінің хатқа түсу тарихы мен диаспора, этнос терминдерін қолдану аясы
Шинжияңның халықаралық туризм дамуы
Басқа ұлттардың көбейгеніне қарамастан қазақ ұлтының жағдайы
Қытай халық құрамындағы түркі тілдес халықтар
Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық – географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz