Жоғары оқу орындары мен орта және арнаулы мектептегі экология пәнін оқыту барысын зерттеу және әдістемелік жүйесін жасау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Оқушыларға экологиялық білім берудегі қоғамның сұранысы мен мектептерде оқушыларға меңгертілетін экологиялық білім мазмұнының ғылыми тұрғыда негізделмеуі арасында; мектеп оқушыларына экологиялық білім беру қажеттігі мен оны жүйемен жүзеге асырудың бірыңғай тұжырымдамасының жоқтығы арасында; экологиялық білім мазмұнының мүмкіндіктері мен оларды пайдалануға байланысты әдістеме мен әдістемелік кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама - қайшылықтар бар екендігі анық байқалады. Осы қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Қәзіргі орта мектепгі экология пәнін оқыту деңгейі» де, п таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу обьектісі - орта және арнаулы мектептегі экология пәнін оққыту барысы.

Зерттеу пәні - оқушылардың экологиялық білімі.

Зерттеудің басты мақсаты: Жоғары оқу орындары мен орта және арнаулы мектептегі экология пәнін оқыту барысын зерттеу және әдістемелік жүйесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқушылардың әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтау.

2. Қазақстанда экологиялық білім жүйесінің қалыптасу кезеңдерін негіздеп, мазмұндық сипаттама беру.

3. Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастыру моделін жасау және оны жүзеге асырудың алғы шарттарын анықтау.

4. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.

5. Оқушыларға жаңа технология бойынша экология пәнін оқыту әдістемесін негіздеу және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

6. Оқушылардаң экологиялық білім мазмұны бойынша оқу-әдістемелік кешен жасау.

Зерттеудің болжамы: егер, оқушылардың экологиялық білім мазмұны теориялық-әдіснамалық тұрғыдан дәлелденіп, арнайы тұжырымдама негізінде жасалған тиімді әдістеме арқылы жүзеге асырылса және оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылса, оқушылардың экологиядан білімі артып, практикалық іскерлігі мен дағдысы шыңдалады, дүниетанымдық, адами-эстетикалық көзқарасы қалыптасады. Өйткені, бірегей сақтау әр оқушының тікелей экологиялық мәдениетіне, табиғатгы қорғаудағы сауатты көзқарасына байланысты.

Жетекші идея: оқушылардың экологиялық білімділігі, оның мектепте меңгерген жүйелі білім мазмұнының сапасына байланысты.

Зерттеудің әдіснамалық - теориялық негіздері болып табиғат пен қоғамның қарама-қайшылықтары бірлігі туралы қазіргі ғылыми идеялар; теориялық-әдіснамалық қағидалар: жеке тұлғаның үздіксіз қалыптасуы мен дамуы туралы философиялық ойлар; материалистік диалектиканың негізгі заңдары: терістсуді терістеу, қоғам мен табиғат арасындағы сабақтастық пен жалпы байланыс туралы философиялық қағидалар; экологиялық білім мен тәрбие беретін оқу жүйелеріндегі құжаттар жиынтығы саналады.

Зерттеудің көздері. Зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; ҚР Білім және Ғылым министрлігінің жоғары және көпсатылы оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқу-құралдары) ; педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ресми материалдар (ҚР Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан 2030» даму стратегиясы; ҚР «Білім» мемлекеттік бағдарламасы; «ҚР экологиялық қауіпсіздікті сақтау»; «Экологиялық білім бағдарламасы»; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арнаған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы»; «Айнала қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң және т. б. қаулы қарарлар, баяндамалар және т. б. ) автордың педагогикалық, және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық; салыстырмалы, индуктивті-дедуктивтік талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер) ; социологиялық (сауалнама) ; математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің көкейкестілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологияларымен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда (Арал өңірі), Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық Қазақстан (Саршаған, Байқоңыр, Балхаш), Оңтүстік Қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық апаттар биоортадан жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.

Рио-да-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға талпынысы т. б. ) бойынша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жеткіншектерді экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы арта түсті.

Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп біздің қоғамның приоритетті дамуының стратегиялық бағыттағы «2030» тұрақты дамуының сара жолын көрсетті. Одан кейінде Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне үн қосып «адам-қоғам-табиғат» арасындағы гормониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда «Білім туралы» Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни, нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.

Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен

ластағыштардың құрамы

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 10 18 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10" 6 -10" 5 м шамасындағы бөлшектерден тұрады.

Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалық, олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:

  • тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілуі;
  • жанартаудың атқылауы;
  • орман, дала және шымтезек өрттері;
  • теңіз бетінен судың булануы.

Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.

Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды. Заттектердің биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т. б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.

Атмосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік активтілігі жоғары химиялық ластағыштар сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1, 5 млн. км" ауданды қамтып, одан шыққан түтін 6 млн. км 2 -ге жуық аумаққа таралды.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

Атмосфераға тасталатын 52 Гт элемдік антропогендік шығарындының 90%-ін көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді) . Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақта олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері (млн. т) (Т. А. Акимова, А. П. Кузьмин, В. В. Хаскин, 2000)

Заттектер: Заттектер
Дүние жүзі бойынша: Дүние жүзі бойынша
Ресей: Ресей
Заттектер: Тұрақты көздер
Дүние жүзі бойынша: Көлік
Ресей: Тұрақты көздер
Көлік
Заттектер: Қатты бөлшектер
Дүние жүзі бойынша: 57
Ресей: 80
6, 4
3, 7
Заттектер: Көміртек оксиді
Дүние жүзі бойынша: 177
Ресей: 200
7, 6
10, 1
Заттектер: Күкірт диоксиді
Дүние жүзі бойынша: 99
Ресей: 0, 7
9, 2
-
Заттектер: Азот оксиді
Дүние жүзі бойынша: 68
Ресей: 20
3, 0
У
Заттектер: Көмірсутектері
Дүние жүзі бойынша: 4
Ресей: 50
0. 2
2, 0

Барлық ұйымдастырылған көздерден шығатын ластағыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуінікін бірге қосқанда орта шамамен 800 млн. т құрайды. Бұл көлемге жел эрозиясының, орман өрттерінің және жанар таулардың атқылау салдарынан ауаға бөлінетін ластағыштар және әр түрлі жолмен тазаланатын газдардағы зиянды заттектер кірмейді.

Атмосферанын ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда, ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бассейні.

Атмосфераға антропогендік әсер тікелей немесе жанама түрде болуы мүмкін. Жанама әсер - биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-тендіктің бұзылу салдарынан атмосфераның жағдайына әсердің тиюі. Бұған ормандар, жойылған алқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен казбаларын ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипаттамасының өзгеруі жер-атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо (беттің шағылыстырғыш қабілеті) шамасына, жер бетінің жылу сипаттамасына және осыған сәйкес атмосфераға берілетін жылу мөлшеріне, атмосфераға өтетін ылғалдылыққа әсерін тигізеді. Ал тікелей әсерге мысал ретінде өндірістерден шығатын тастанды заттектерді: күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстарын, аммиакты, көмір сутектерін, радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды, сутекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.

Қазақстан қалаларының ауа бассейні туралы мәліметтер

Қалалар
Негізгі ластаушы көздер
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер
Қалалар: 1
Негізгі ластаушы көздер: 2
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: 3
Қалалар: Алматы
Негізгі ластаушы көздер: Энергетика, автокөлік, үй күрылыс комбинаты, асфальт-бетон зауыты, ауыр машина жасау зауыты
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Бенз(а) пирен, формальдегид, шаң, көмірқыш-қыл газы, күйелер, азот оксидтері, ауыр металдар, аммиак
Қалалар: Тараз
Негізгі ластаушы көздер: Фосфор зауыттары, энергетика, автокөлік
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Бенз(а) пирен, фторлы сутек, аммиак, шаң, күкірт ангриді, азот және көміртек оксидтері, күйе, аммиак
Қалалар: Өскемен
Негізгі ластаушы көздер: Қорғасын-мырыш, титан-магний комбинаттары, энергетика, автокөлік, цемент зауыты
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Бенз(а) пирен, формальдегид, қорғасын, күкірт, көміртек, азот оксидтері, мырыш, хлор, ауыр металдар, көмір-сутектері
Қалалар: Шым-кент
Негізгі ластаушы көздер: Қорғасын, фосфор, цемент зауыттары, автокөлік, ЖЭС
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Қорғасын және т. б. ауыр металдар, шаң, бенз(а) пирен, күкірт, азот, т. б. оксидтері
Қалалар: Түркістан
Негізгі ластаушы көздер: Мақта тазалайтын зауыт, қазандықтар, темір-бетон зауыты, автокөлік, теміржол объектілері
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Көміртек оксидтері, бенз(а) пирен, ауыр металдар, пестицидтер, тұздар, күл, шаң, күйе, мұнай өнімдері
Қалалар: Балхаш
Негізгі ластаушы көздер: Тау-кен металлургая комби-наты, жылу электр орталығы
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Күкірт, көміртек, азот 1 оксидтері, мышьяк, қорғасын және т. б. ауыр металдар, шаң-тозаң
Қалалар: Ақтау
Негізгі ластаушы көздер: Атом электр станциясы, авто-көлік
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Радиоактивті заттектер, мұнай, көміртек, азот оксидтері, көмірсутек-тер
Қалалар: Атырау
Негізгі ластаушы көздер: Мұнай өңдейтін өндіріс орын-дары, химия зауыттары, гипс өндірісі, автокөлік
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Күкіртті сутек, көмірсутектер, шаң-тозаң
Қалалар: Теміртау
Негізгі ластаушы көздер: Қара металлургия (болат пен шойын өндірісі), автокөлік, синтетикалық каучук зауыты
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Фенол, шаң, көміртек, азот оксидтері, бен-з(а) пирен, сынап
Қалалар: Ақтөбе
Негізгі ластаушы көздер: Хром, ферросплав, химия зауыттары, жасанды талшық өндірісі, энергетика, автокөлік
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Хром қосылыстары, азот оксидтер, фторлы газдар, сульфаттар, кү-кіртті көміртек, күкіртті сутек, қорғасын және т. б.
Қалалар: Қостанай
Негізгі ластаушы көздер: Тау-кен өнеркәсібі, жөндеу механикалық зауыты, энергетика, машиналардың шинасын жөндейтін зауыт, түрлі түсті жасанды талшық өндіретін хи-мия
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Аммиак, көміртек оксидтері, шаң-тозаң, ауыр металдар, көмір-сутектері
Қалалар: Павлодар
Негізгі ластаушы көздер: АҚ "Қазақстан алюминиі", автокөлік, жылу электр орталығы, мұнай өндеу зауыты
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер:

Фторлы қосылыстар, көміртек, азот оксид-тері, бенз(а) пирен,

көмірсутектері, шаң

Қалалар: Жезқазған
Негізгі ластаушы көздер: Тау-кен металлургая комби-наты, жылу электр станциясы, кірпіш зауыты
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Күкірт оксидтері мен тұздары, мышьяк, ауыр металдар
Қалалар: Қарағанды
Негізгі ластаушы көздер:

Синтетикалық каучук өндіретін зауыт,

коксхимиялық өндіріс, металлургия комбинаты, автокөлік

Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Көмір қышкыл газы, аммиак, күкірт қышқылының буы, күкіртті сутек, азот оксидтері, күйелер, көмірсутектер
Қалалар: Семей
Негізгі ластаушы көздер: Цемент зауыты, автокөлік
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Азот, күкірт, көміртек оксидтері, цемент шаңы, ауыр металдар, бенз(а) пирен, радиоактивті элементтер
Қалалар: Рудный
Негізгі ластаушы көздер: Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты, асбест комбинаты, кірпіш зауыты, темір-бетон конструкциялар комбинаты, машина жасау өнеркәсібі
Атмосфераны жоғары мөлшерде ластайтын заттектер: Темір қосылыстары, шаң, күкірт, фосфор оксидтері, қорғасын, мырыш, көміртек оксиді

Атап шыққан қалалардың көбісінде кейбір ластағыштардың мөлшері ШРК-дан асқан. Жалпы зиянды заттектердің шығарындыларында негізгі үлес автокөліктерге келеді, мысалы, Алматыда шамамен 80-90%, Шымкентте - 60-65%. Жалпы соңғы жылдары ауаға автокөліктен шығарылатын зиянды заттектердің көлемі 2 млн. тоннадан асып отыр.

Қазіргі кезде атмосфераға қолайсыз физикалық әсер тигізетін факторға дыбыстар жатады. Техниканың дамуына байланысты жылдан-жылға әртүрлі күшті дыбыстар шығаратын көздер (транспорт, желдеткіштер, газтрубиналық қондырғылар, т. б. ) көбеюде. Ғалымдардың ғылыми зерттеу арқылы алған мәліметтері бойынша естілмейтін теңселісі 20 Гц төменгі дыбыстар да (яғни инфрадыбыс) адам денсаулығына қолайсыз әсер етеді екен. Инфрадыбыстар жер қозғалғанда, жер беті мен теңізде дауыл көтерілгенде және тағыда басқа жағдайларда пайда болады. Әсіресе транспорттан және өнеркәсіптен пайда болған инфрадыбыс адам организіміне қолайсыз әсер тигізеді. Инфрадыбыс толқындары компрессорлар, турбина, дизель қозғалтқыштары, электровоздар, кондиционерлік жүйелер, желдеткіштер, т. б. үлкен көлемді машина мен механизмдер жұмыс істегенде пайда болады. Мысалы, шулар үйде де, өндіріс мекемелерінде де, көшелерде де мазалайтын болды. Бұл шулар жұмыс істеуге, ойлауға, дем алуға қолайсыз әсер етеді және адамдардың денсаулығына тигізетін зияны мол. Қатты шулардың пайда болуы адамдардың есту қабілеттірінің төмендеуіне және әртүрлі нерв жүйе ауруларының көбеюіне себепші болды.

Электр магниттік аппараттардың маңындағы ауада оң зарядталған иондар көп болады. Осының әсерінен мидың істеу қабілеті төмендейді, ұйқы келеді, бас айналады, ауырады. Магнит бораны болғанда біздің абыржуымыз, ауыратынымыз да осы оң зарядты катиондардың ауада көбеюіне байланысты.

Электр магнитгі өрістер көздерін жобалау кезінде және іс жүзіндегі объектілерде адамдардың өрістің таралу зонасына түспеуін, санитарлық қорғаныс зоналарын ұйымдастыруды қадағалауды жолға қойған дұрыс. Жалпы хабарландырулар арқылы тұрғылықты халықты магниттік дауылдар кезінде құлақтандыру арқылы сақтандыруға болады.

Экологтардың есебі бойынша ауаны ластайтын ластағыш заттегінің саны 2000-ға жуық. Барлық ластағыш заттектер агрегаттық күйіне байланысты қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Газ тәрізді заттектер атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Ғалымдардың есептеуі бойынша әлемде жыл сайын адамның іс-әрекеті салдарынан атмосфераға 25, 5 млрд. т көміртек оксиді, 190 млн. т күкірт оксиді, 65 млн. т азот оксиді, 1, 4 млн. т (хлорфторкөміртек), қорғасынның органикалық қосылыстары, көмірсутектер, соның ішінде канцерогенді ауру туғызатын көмірсутектер таралады.

Ластағыштар табиғи және антропогендік бірінші реттік (тікелей ластану көздерінен шыққан түрлері) және трансформациялық екінші реттік (бірінші немесе екінші реттік химиялық реакциялар арқылы түзілетін түрлер) болып бөлінеді. Ластағыштардың көбі (пестицидтер, полихлордифениддер, пластмассалар, беттік активті заттар, т. б. ) табиғи жағдайда өте баяу ыдырайды, ал кейбір улы қосылыстар (сынап, қорғасын, т. б. ауыр металдар) мүлде залалсыздандырылмайды. Әр түрлі ластағыштардың табиғи ортаға түсуі біркатар зардаптарға үшыратады: ормандар мен өсімдіктердің өнімділігі азаяды, табиғи биогеоценоздың тұрақтылығы бұзылады, металдар, металл конструкциялары жіне сәулет ғимараттары коррозия процесінің нәтижесінде бүлінеді. Ластанған аймақтарда адамдардың, әсіресе балалардың ауруы, оның ішінде тыныс алу органдары мен қан аурулары, аллергия, бронх демікпесі, т. б. едәуір көбейеді.

Қазіргі кезде өнеркәсіп өндірістері ауаны газ тәрізді және қатты қоспалардан басқа жылу шығарындыларымен, электр магнитті өрістермен, ультракүлгін, инфрақызыл, жарық және радиоактивті сәулелермен, басқада көптегсн физикалық факторлармен ластайды.

Ауадағы қоспалардың ішінде ең қауіптісі радиоактивті заттектер. Олар жер бетіне жауын немесе қар арқылы, немесе құрғақ түрде атмосферадан түседі. Барынша қарқынды радиоактивті шөгінділер Қазақстан жерінде 1950 жылдардың басы мен соңындағы және 1960 жылдардың басындағы ауада және жер үстінде жүргізілген ядролық сынақтар топтамасынан соң байқалды. Соққы толқыны, жарық апаты, жердің сілкінуі сияқты факторлардан басқа радиоактивті заттектер 1, 7 млн. адам мекендейтін 304 мың шаршы шақырым аумаққа тарады. Ядролық қаруды сынаулар адамдардың денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға орасан зиян келтіргенін, халықтың жалпы аурушаңдығының күшейгенін, жан-жануарлардың бәрінде патологиялар болып жатқанын көрсетеді.

1986 жылы 25 сәуірде Чернобыль АЭС-дағы апатынан кейін радиоактивті шөгінділердің көптеген жерлерде түскені анықталды. Бұл экологиялық апатта атмосфераға 50 т шамасында ядролық отын тасталып, ол 1 км-ден 11 км-ге дейін биіктікте желмен тарады. Қарқынды радиоактивті шөгіндінің тиісті уақытқа сай іздері Жер бетінің барлық мұздықтарының беттерінен анық аңғарылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмысы
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру
Оқушылардың экологияны оқуға қызығушылығын арттыру
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
ГЕОГРАФИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz