Сынып ұжымында қарым-қатынас ерекшеліктерін қалыптастырудағы мектеп психологының ықпалы
КІРІСПЕ:
І ТАРАУ. Қарым.қатынас туралы түсінік.
1.1. Қарым.қатынастың адам өміріндегі маңызы.
1.2. Мектептегі психологиялық қызмет үшін балалардың қарым.қатынас ерекшеліктері
1.3. Қарым қатынас мәдениеті
1.4. Қарым.қатынас пен іс.әрекеттің бірлігі. Қарым.қатынастың түрлері мен формалары.
ІІ ТАРАУ.
2.1. Сынып ұжымында қарым.қатынас ерекшеліктерін қалыптастырудағы мектеп психологының ықпалы
2.2. Қарым.қатынастың коммуникативті жағы туралы түсінік
Вербальды қарым.қатынас. Тіл. Сөйлеу механизмдері.
2.3. Вербальды емес қарым.қатынас қызметі.
2.4. Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым.қатынас психологиясы.
ҚОРЫТЫНДЫ:
ТРЕНИНГТЕР, ТЕСТТЕР МЕН САУАЛНАМАЛАР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Кез келген адам дүниеге келісімен барлық қасиеттері басқа адамдармен қарым-қатынас барысында қалыптасады.
Сондықтан қарым –қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемаларының бірі. Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Б.Г. Ананьев,Л.И. Божович, А.Б. Добрович, Я.Л.Коломинский, И.С Кон, Т.Н.Мальковская, Л.А. Петровская, В.В.Столин, Н.И.Шевандрин,т.б ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар Э.Берн, Дж.Морено, Д.Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.
Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.
Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады».

1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-х томах. М., Педагогика, 1980. -232.
2. Божович Л.И. Проблемы формирование личности. 2-е изд. –М.,1997.
3. Шевандрин Н.И. Социольная психология в образовании. М., 1995.
4. Петровская Л.Л. Теротические методические проблемы соцально - психологического тренинга. М., 1982.
5. Ожегов С.И. Словарь русского языка. М.,1960.-с.427.
6. Буева Л.П. Человек: деятельность и общение.-М.,1978.-с.113.
7. Каган М.С. Человеческая деятельность.-М.,1974.-с.328.
8. Соковин В.М. О природе человеческого общения.-Фрунзе,1974.
9. Андреева Г.М. Яноушек Я. Взаимосвязь общения и деятельности // Общение и оптимизация совместной деятельности. М., 1985.
10. Елагина М.Г. Возникновение активной речи в процессе сотрудничества с взрослым и у детей раннего возраста: Автореф. канд. дис. М.,1977. –с 16.
11. Сорокина А.И. О некоторых индивидуально - возрастных особенностях общения детей раннего возраста // Вопросы обучения и воспитания. М.,1978.-с.142-154.
12. Ветрова В.В., Годовикова Д.В. и др.. Общение и речь: развитие речи у детей в общении со взрослыми. М.,1985.
13. Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М.,1997
14. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе.М.,1991.-с. 135-143.
15. Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми.-Алматы, 1996.
16. Леоньтев А.А. Деятельность и общение //Вопросы философии.-1979.-№1. - с. 121-132.
17. Бодалев А.А. Общение и развитие психики. М., 1986.
18. Ковалев А.Г. Личность и пути ее формирования. М.,1970.
19. Мухина В.С. Возрастная психология. М., 1998.-с. 165-237, 364-381.
20. Бобнева М.И. Социальные нормы и регуляция поведения. М., 1978.
21. Мудрик А.В. Общение как фактор воспитания школьников. М.,1969.
22. Кон И.С . Психология ранней юности. Книга для учителя. М.,1989
31. Дубровина.И.В. Настольная книга школьного психология. М,. 1996.
32. Золотнякова.А.С. Проблемы психологии общения (социальный и личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекуты) Ростов-на -Дону, 1976.
33. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ, 1981.
34. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л.,1983
35. Немов Р.с. Психология. В 3т.т.3.М.,1996
36. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под ред И.В. Дубровиной, Б.С. Кругловой. М.,1998.
37. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М.,1996.
38. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М.,2000.
39. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь. М., 1990
40. Поддьяков Н.К. К вопросу о развитии мышления. М., 1981.
41. Херсонский Б.Г., Дворяк С.В. Психология и психопрофилактика семейных конфликтов. Киев, 1991.
42. Қ. Жарықбаев. Жантану оқулығы. Алматы 2008ж.
43. Ж.И.Намазбаева. Психология. Алматы 2005ж.
44. Андреева Г.М. Социальная психология. Учебник для высших учебных заведений. – М.: Аспект Пресс, 1997. – 376 с.
45. Общая психология: Учеб. Для студентов пед. Ин-тов / Под ред. А.В. Петровского. – М.: Просвещение, 1986. – 464 с.
46. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Учебное пособие в двух книгах. – М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 1999. – 384 с.
47. Овчарова Р.В. Технологии практического психолога образования. - М.: Сфера, 2000. - 448 с.

І ТАРАУ. Қарым-қатынас туралы түсінік.
1. Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы.
2. Мектептегі психологиялық қызмет үшін балалардың қарым-қатынас
ерекшеліктері
3. Қарым қатынас мәдениеті
4. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі. Қарым-қатынастың түрлері
мен формалары.
ІІ ТАРАУ.
2.1. Сынып ұжымында қарым-қатынас ерекшеліктерін
қалыптастырудағы мектеп психологының ықпалы
2.2. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы туралы түсінік
Вербальды қарым-қатынас. Тіл. Сөйлеу механизмдері.
2.3. Вербальды емес қарым-қатынас қызметі.
2.4. Ұстаз бен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы.
ҚОРЫТЫНДЫ:
ТРЕНИНГТЕР, ТЕСТТЕР МЕН САУАЛНАМАЛАР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Кіріспе:
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат мұратына жете алмайды,
сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Өйткені оның
психикасы тек айналасындағылармен қарым қатынас жасау процесінде ғана
қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады.
Кез келген адам дүниеге келісімен барлық қасиеттері басқа адамдармен
қарым-қатынас барысында қалыптасады.
Сондықтан қарым –қатынас мәселесін зерттеу және қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру психологияда үлкен орын алатын проблемаларының
бірі. Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Б.Г. Ананьев,Л.И.
Божович, А.Б. Добрович, Я.Л.Коломинский, И.С Кон, Т.Н.Мальковская, Л.А.
Петровская, В.В.Столин, Н.И.Шевандрин,т.б ғалымдар зерттеген. Қарым-
қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын ұсынғандар
Э.Берн, Дж.Морено, Д.Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның икемделуіне
негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас функциялары
мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген. Қарым-қатынас адамзат
қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-
қатынас аса үлкен құндылық болып табылады.
Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни
индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға,
ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен
мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның)
психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.
Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең
алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті
қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік
қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: Өндірісте адамдар
тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен
өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре
алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға
түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана
олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады.
Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда
ешқандай адамзат қауымы егер өз құрамындағы адамдар арасында байланыс
орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды
бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір
нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.
Зерттеу пәні. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін
қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері.

Адам өзінің бойындағы қабілеті мен іскерлігін жетілдіруді Дзен деп
атап, оны неғұрлым өзін-өзі сынап көреді екен. Мұндай сынақ адамның денесі
мен рухани жағынан дамып жетілу жолындағы күрделі қиындықтарды жеңуге тура
келеді. Бұл сынақ бойынша адамның ешкіммен қарым-қатынас жасауына тыйым
салынып, оны 10 тәулік бойы елсіз даланың үңгірінде тіршілік етуге баулитын
көрінеді. Бұл жапон тілінде Моритао делініп, адам өзімен-өзі тілдесуге де
тыйым салынатын көрінеді. Мұндай жағдайда адамның рухани дамуы тежеліп,
жалғыздық тіршіліктің ащы дәмін тататын болады.
Тыйым салынған жағдайдан босанған адам ауыр халден құтылғандай күй
кешіп, кез-келген адаммен сөйлесіп, тілдескенде одан орасан зор ләззат
алып, жан дүниесі рахаттанғандай болып, бойындағы күш-қуаты артатын
көрінеді. Бұл жайттардан біздер адамның кез-келген іс-әрекетінде тілдесіп
сөйлеу, қарым-қатынас жасаудың шешуші маңызы бар әрекет екендігін тереңірек
ұғынамыз. Егер адамдар өзара сөйлесіп, қарым-қатынас жасамаса, онда оның
өмір тіршілігінің мән-мазмұны да болмас еді
Қарым-қатынас іс-әрекеттің тиімді болуының маңызды факторы болып
табылатындығы туралы ХІХ ғ. аяғында француз физиологы Фере, ал кейіннен Ф.
Олпорт ашқан еді. В. Меде мен В.М. Бехтерев И.Н. Лангемен бірігіп
әлеуметтік фасилитация феноменін суреттеген (ағылшынның facilitate -
жеңілдету). Индивидтің іс-әрекетінің жылдамдығы мен өнімділігінің
жоғарылауы сол индивидтің әрекетіне бақылаушының немесе бақталас түрінде
шығатын шынайы қатысушылардың немесе оның санасында басқа адам бейнесінің
болуына байланысты. Таныс емес адамдардың енжар қатысуының өзі адамның іс-
әрекетінің нәтижесіне әсер ететіндігі анықталған. Қасындағы адамдар ұқсас
жұмыс істегенде немесе олар жұмыс үстінде бір-бірімен қарым-қатынас
жасағанда мұндай әсер күштірек болады. Ұжымдық іс-әрекеттердің жекелеген іс-
әрекеттерге қарағанда анағұрлым өнімді болатындығы В.М. Бехтерев
эксперименттерінің қатарында көрсетілген. Басқа зерттеушілердің
эксперименттерінде шешім қабылдауда топтық тәсілдің жекелеген тәсілден
артықшылығын дәлелдейтін нәтижелер алынған. Алайда ғылымда басқа адамдармен
нақтылы қарым-қатынас жасаудың өзі іс-әрекетнәтижесіне кері әсер
ететіндігін дәлелдейтін басқа да фактілер анықталған. Осыған орай
әлеуметтік ингибиция феномені айқындалған. Әлеуметтік ингибиция (латынның
inhebere – тежеу, тоқтату) яғни басқа адамдардың (шынайы немесе қиялдағы)
қатысуының орындалып жатқан іс-әрекеттің сапасы мен жылдамдығының
нашарлауына әкеледі.
Сонымен, қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет
және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында
күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу
және еңбек адам іс-әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы
дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі
организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи
қажеттілігімен бірдей.
Қарым-қатынастың адамның психикалық дамуына тигізетін әсері аса
маңызды. Мұны госпитализм деп аталған құбылыстан білуге болады. Кеңес
үкіметінің алғашқы жылдарында балабақшадағы балалардың жақсы тамақтанып,
жақсы күтім жасалғанға көңіл бөлінген. Алайда жақын арада мұның жеткіліксіз
екендігі анықталды: балалар аурушаң болып даму деңгейінде артта қалды.
Олардың қимыл-қозғалысы дамымай сөйлеу әрекеті қалыптасқан жоқ. Оның себебі
тәрбие ықпалының жеткіліксіз, аз болғанында еді. Госпитализм құбылысын жеңу
жолы әр баламен жекелеп жүйелі түрде қарым-қатынас орнату, қоршаған
заттармен баланың әрекетін ұйымдастыру болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз- мазмұны хабар алмасу, оқу-
тәрбиелік ықпал ету және өзара түсіністікті ұйымдастыру болып табылатын,
педагог пен оқушылар ұжымы арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі, тәсілдері
мен дағдылары. Педагог осы процестің инициаторы болады, оны ұйымдастырады
және басқарады.
Педагогикалық қарым-қатынас бір жағынан, оқу-тәрбие процесінің
эмоционалдық фоны, ал екінші жағынан оның тікелей мазмұндық сипаттамасы
болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас – бұл педагог пен оқушылардың өзара
әрекеттесу тәсілдерінің жүйесі. Қарым-қатынастың мазмұнын ең алдымен, хабар
алмасу, мұғалімнің әр түрлі коммуникативті құралдарынаң көмегімен
оқушылармен өзара түсіністік пен өзарақатынастарды ұйымдастыруы
құрайды.Оқытушылар мен оқушылар ұжымының қарым-қатынас процесін
ұйымдастырмайынша, педагог қызметінің дидактикалық және тәрбиелік
міндеттерін жемісті түрде іске асыту мүмкін емес. Сонымен, педагог
қызметіндегі қарым-қатынас дегеніміз: біріншіден, жеке оқу міндеттерін шешу
құралы ретінде; екіншіден тәрбие процесін әлеуметтік психологиялық
қамтамассыз ету жүйесі ретінде; үшіншіден, оқытушылар мен оқушылардың оқу
мен тәрбиенің табысты болуына негіз болатын өзарақатынастарының белгілі бір
жүйесін ұйымдастыру тәсілі ретінде, төртіншіден, оқушы тұлғасын онсыз
тәрбиелеу мүмкін емес процесс ретінде көрінеді.
1.1. Қарым-қатынастың адам өміріндегі алатын орны
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас.
Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау
мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура,
жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым
–қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар
үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол
қасиеттері қарым – қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста
адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар,
білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам
түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның
психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты
былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық
процестері мен мінез - құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.
С.И. Ожегов сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім,
іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты
әлеуметтанулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас
ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада
қолданылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контексінде өзара әрекеттесуді,
қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары,
адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады. Қазіргі
кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика,
психолингвистика -осы сияқты, саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді.
Мысалы, Л.П.Буева іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты,
сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды, М.С. Каган қарым-қатынасты
адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрлым мен атрибутына тән деп
қарастырады. М.В.Соковин адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-
әрекет, қатынас, өзара түсіну және өзара әсер ретінде қарастырады.
Қазір „қарым-қатынас” және „жеке адам”, „қарым-қатынас” және
„даму” ұғымдары параллель қарастырылады да, балалардың психикалық
үрдістерінің, функцияларының, қасиеттерінің коммуникациялық
детерминациясы ғылымда жан-жақта талданады. Бұл жағдайдың өзі қарым-
қатынас бойынша теориялық және эксперименталдық зерттеулерді
интенсификациялап қана қоймай, психология пәнінің принципиалды
жаңаруына жағдай жасады. (Г.М.Андреева). Осылайша адамның психикалық
дамуы басқа индивидтермен қарым-қатынас, байланыс жасау арқылы
психологиялық жағынан бағаланып, талданады. М.В.Елагина, А.И.Сорокина,
В.В.Ветрова, Н.Н.Подьяков, М.И.Лисина, Е.Е.Кравцова, Х.Т.Шерьязданова
т.б. зерттеушілер мектеп жасына дейінгі кезең балаларының қарым-
қатынасында төрт формасының бір-бірінің орынын басып отыратындығын
анықтаған. 1) 0-0,6- кезеңінде балалардың қарым-қатынасы жағдайлық - жеке
бастық (ситуативно-личностная), 2) 0,6-2,5- жағдайлық-іскерлік
(ситуативно-деловая), 3) 2,5-5,0- жағдайдан тыс, танымдық (внеситуативно-
познавательная), 4) 5,0-7,0-жағдайдан тыс, жеке бастық (внеситуативно-
личностная) қарым-қатынас тағайындалған. Бұл формалар балалардың
ересектермен қарым-қатынасын сипаттайды. Ал, балалардың басқа
балалармен бірлескен коммуникативтік іс-әрекетінде эмоциялық -
тәжірибелік, жағдайлық –іскерлік және жағдайдан тыс іскерлік қарым-
қатынас формалары болатындығы ғылымда белгілі болып отыр.
Ал қазақстандық ғалым -психолог С.М.Жақыпов бүтіндей оқу-
тәрбие үрдісініің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және
оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен
диалогтық танымдық іс-әрекетті (совместно-диалогическая познавательная
деятельность) тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара
әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті
қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы
дәлелденеді.
Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев концепциялары қарым-қатынаста “субъект-
субъект” жазықтығында қарастыруды негіздейді, басқаша оқу-тәрбие
үрдісіндегі ұйымдастырылатын қарым-қатынас тең позициялы түрде
жүргізу басты мәселе болады. Осы тұрғыда қарым-қатынасты жетілдірудің
өзі баланы коммуникативті қарым-қатынастың субъектісі ретінде қарау,
тану, дамыту.
Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен балалар
арасындағы қарым-қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым-
қатынасты анықтауда арнайы “педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым
қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А.Бодалев, В.А.Кан-Калик,
Я.Л.Коломинский, В.А.Петровский, А.А.Леонтьев т.б. еңбектерінде
мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипаталады. Педагогикалық қарым-
қатынас педагог пен балалар арсындағы нақты психологиялық контракт деп
түсіндіріледі.
Педагогикалық қарым-қатынас негізінде балалардың мінез-құлқы,
таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі.
(Х.Т.Шерьязданова, В.Ф.Моргун т.б.)
Әрбір педагогтың қарым-қатынас сферасында барлық стилдер
қолданылғанымен бірі басымдылау болады (А.В.Мудрик, В.С.Мухина).
Педагогтың қарым-қатынас стилі мен балалардың эмоциялық қалпында
өзара байланыс болатынын А.А. Бодалев жариялаған.
Қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілері Б.Г Ананьев, Л.И
Божович, А.Б.Добрович, Я.Л.Коломинский, И.С.Кон, Т.Н Мальковская, Л.А.
петровская, В.В Столин, Н,И.Шевандрин т.б ғалымдар зерттеген.
Қарым –қатынастың бұзылу себептерін анықтап оны түзету жолдарын
ұсынғандар Э.Берн, Дж.Морено, Д. Карнеги. Олар әлеуметтік ортаға адамның
икемделуіне негіз болатын себептер және факторларды анықтап, қарым-қатынас
функциялары мен түрлерін сыныптастырып жүйеге келтірген.
Көп жағдайда адамның адаммен қабылдануы әлеуметтік перцепция
ретінде белгіленеді. Бұл сөз дәлме-дәл қолданылмаған. Әлеуметтік
перцепция термині алғаш рет 1947 жылы Дж. Брунердің мен қабылдауға жаңа
көз қарасты (New Look) өңдеу барысында енгізілген.
1.2. Мектептегі психологиялық қызмет үшін балалардың қарым-қатынас
ерекшеліктері
Мектептегі психологиялық қызмет үшін балалардың қарым-қатынас
ерекшеліктерін зерттеу және оны өңдеу көкейтесті проблема болып табылады.
Өйткені бала өзін анықтаудың күрделі проблемаларын жалғыз өзі шешпейді, ата-
анасының, құрбы-құрдастарының, мұғалімдерінің қолдауымен шешеді. Дегенмен
бала жеткіншек жас шағынан бастап өзінің есеюін сезіне бастағанннан
үлкендердің қамқорлығын теріс бағалау феномені орын ала бастайды. Олар
ата-аналарынан және басқа үлкендерден қарым –қатынасты теңдік негізінде
жүргізуді талап етеді.
Әрбір жас кезеңіне байланысты оқушылар ұрпақтар дау-дамайын
туғызатын кездер аз болмайды. Әкелер мен балалар арасындағы түсінбеушілік
олардың өзара қарым-қатынасның қалыптаспағанын және бала өміріндегі
әлеуметтік өзгерістерді үлкендердің ескермегенінен туып отырады. Қалыптасып
келе адамның өз ұмтылыс талаптарына себепсіз тежеу қою, авторитарлық
жүйеде қарым-қатынас құру отбасында дау жанжалдар туғызады.
Қазіргі психология есейген балаларда бірнеше мәселелерді басқа
адамдарға тәуелсіз шешу қажеттілігі орын алады.. оларды автономия және оның
түрлері деп белгілейді. Жасөспірімдерде автономия сезімінің келесі түрлері
анықталған:
- мінез-құлық автономиясы (жас өспірімнің жеке өзіне қатысты
мәселелерді өзі дербес шешкісі келетіні және оған құқығы бар екенін
сезінуі).
- эмоциялы автономия (ата-ансының дегенімен емес, оларды тәуелсіз
- өзі қалаған, ден қояр жайлар болу правосы және оны қажетсіну);
- моральдық және құндылық автономиясы (өз көзқарастары болу правосы
- мен қажеттілігі және осындай көзқарастарының шын мәнінде болуы)
Эмоциялық автономияның баланың болашағына тигізетін үлкен теріс
әсері бар. Жасөспірімдерге ата-аналарының бала өмірінде болып жатқан
өзгерістерді байқамаған, немесе байқағысы келмеген болып көрінеді Сондықтан
олар кей кездерде қырсық мінез көрсетіп, болмашы нәрсеге ашуланып, ешкімге
сырын айтпай ұзақ уақытқа түйіліп қалуы, немесе басқа қырсық мінездер
көрсетуге де баруы мүмкін. И.С.Конның айтуы бойынша осындай жағдайлар
мұғалімдер мен оқушылар арасында немесе оқушылардың өздерінің, құрбы-
құрдастарының арасында болуы мүмкін.
Ал жастық шақ кезінде балалар көптеген эмоциялық проблемаларды
шеше алмағандығынан ата-аналарынан психологиялық тұрғыдан жатсынып кетуі
мүмкін. Бұл жас кезеңінде балаға әкеден гөрі шешесі жақынырақ болып, әкемен
қарым-қатынас күрделеніп кетулері жиі кездесетінін көптеген зерттеулер
көрсетеді.
Оқушылар жас өспірімдік кезеңде оқытушылардың білімін, киінуін,
олардың басқалармен қарым-қатынасын үлкен сынға алып отырады. Дегенмен
олардың өздерінің алдында тұрған проблемаларға терең саяси көзқарастары,
дүниетанымының молдығы, кәсіби шеберлігі, оқушыларға дер кезінде қажетті
көмек көрсетуге даярлығы мұғалімдердің беделді болуын қамтамасыз етеді.
Осы кезде мектеп психологиялық қызметі үшін балалардың қарым-
қатынас ерекшеліктерін зерттеу және оны өңдеу көкейкесті проблема болып
табылады.Өйткені бала өзін анықтау, қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгеріп
алу, басқа балалар ортасында абыройлы болу, үлкендермен қарым-қатынас жасау
барысында қалыптасады. Басқаларға әсерлі болудың қыр-сырын әлі түсінбеген
бала оны дөрекілікпен немесе ерекше қылжыңдықпен көрсеткісі келеді. Мінез-
құлық мәдениетін меңгерудің қажеттілігін түсінгенімен ол қандай болу кере
және оны қалай сақтау керек екенін әлі түсіне алмағандығынан балалар
көптеген қателіктер жібереді. Сондықтан қарым-қатынас құруда сауатсыздықты
жоюға бірінші көмекші болатын адам- мектеп психологі.
Ұжымда статустың төмен болуы баланы алаңдатады,оның топтағы
психологиялық жағдайы нашар болып кетеді. Әлеуметтік ортадағы күнделікті
қатынаста болып жүрген адамдардың қабылдауы немесе қабылдамауы әлеуметтік
перцепциямен бағаланады.
Әлеуметтік перцепцияны адамның сыртқы белгілерін қабылдау, оларды
оның жеке-даралық мінездемелерімен ара қатынасын белгілеу, осының егізінгде
оның қылықтарын өңдеу және болжау ретінде анықтайды.
Әлеуметтік перцепцияда міндетті түрде басқа адамның бағасы және
эмоциялы, жүріс-тұрыстық тұрғыда оған деген қатынастың қалыптасуы қатысады.
Жүріс-тұрыстың сыртқы жағының негізінде бір адамның ішкі дүниесін оқимыз,
оны түсінуге және де қабылданушыға өзінің эмоциялы қатынасты тудыруға
тырысамыз. Әлеуметтік перцепцияның барысында мыналар іске асырылады: басқа
адамның эмоциялы бағасы, оның қылықтарының себептерін түсінуге және оның
жүріс –тұрысын болжамдауға әрекеттену, жүріс-тұрыстың өз стратегиясын құру.
Әлеуметтік перцепцияның 4 негізгі қызметтері бөлініп көрсетіледі:
1. Өзін тану;
2. Қарым-қатынастағы партнерді тану;
3. Өзара түсінушіліктің негізінде бірлескен іс-әрекеті
ұйымдастыру;
4. Эмоциялы қатынастарды құру.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы бір адамның басқа адамды жеке
адам аралық қабылдау процесін қосады. Басқа адам жайлы елестер өзіндік сана-
сезімнің даму деңгейіне, өзінің Мені жайлы елестеріне (Мен концепциясы)
байланысты. Басқа адам арқылы өзін жете түсінудің екі жағы бар:
идентификация (өзін басқа адамға ұқсату) және рефлекция ( адам өзін қарым-
қатынастағы партнермен қалай қабылданатындығын ұғынуы). Жеке адам аралық
перцепция аумағындағы зерттеулер маңызды (қабылдаудың субъекті мен
объектінің сипаттамалары, олардың қасиетері жәнет.с.с) және процессуалды
(қабылдау механизмдері мен эффектілерінің анализі) құрамында зерттеуге
бағытталады. Бірінші жағдайда бір-біріне әр түрлі ерекшеліктерін қосып
жазуды (атрибуциялар), қарым-қатынастағы партнердің жүріс-тұрысының
себептерін, бірінші әсердің қалыптасуында нұсқаудың ролі және т.с.с
зертеледі. Екіншіде, адамдар бір-бірін қабылдауда пайда болатын әр түрлі
эффектілері зерттеледі. Мысалы,ореол, проекция, орта қате, тәртіп және
т.с.с эффекттілер.
Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып қарым-
қатынас мәдениетіне келесідегідей анықтама бердік.
1.3. Қарым қатынас мәдениеті
Қарым - қатынас мәдениеті дегеніміз - адамдардың өз мінез-құлқын
басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің
тиімді жолын табуды айтамыз.
Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасу деңгейін, оның сапасын өлшеп
көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжірибелік
мәселелердің тиімді шешілгені қарым-қатынастың барысында барлық қатынасқан
субьектілері үшін оң жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-
шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілік сақтау негізінде, басқаларға
психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізуге байланысты болғанда ғана
қарым-қатынас мәдениеті сақталғаны анық байқалады.
Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан адам сыртқы орта жағдайына
байланысты өз мінез-құлқының моделін жасап оны жүзеге асырады. Осы модельге
көптеген психологиялық көрсеткіштер әсерін тигізді. Г.М.Андреева, Э.Берн
зерттеулерінде келесі көрсеткіштер анықталған. Адамның дүниетанымы, қарым-
қатынас обектісіне көзқарасы,өз құқығы мен міндеттерін түсінуі, өзін-өзі
бағалауы, әдеттері, қарым-қатынас тәжірибесі, мінезі, көңіл-күйі т.б. Осы
көрсеткіштерге сүйене отырып оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін жан-жақты
зерттеуге болады.
Адамның қарым-қатынас мәдениетін сақтауы жағдайға байланысты
болғандықтан оның позициясы кішкентай бала, ата-ана немесе үлкен адамдар
позициясының ұқсайтындығы мінез-құлық құрылысы ретінде ұсынған. Осы құрамды
бөліктерді талдау трансакциялық талдау деп аталады.
Трансактік талдау келесі 4 тақырыптық бөлімдері арқылы көрсетіледі:
1. Құрылымдық талдау;
2. Трансакцияны талдау;
3. Ойындарды талдау;
4. Сценарийлерді талдау;
І. Жүріс-тұрыстың,ойлардың және сезімдердің құрылымдық
талдауы үш қарапайым жағдайларға негізделген, яғни әрбір адам:
1. бір кездері кішкентай бала болған;
2. ата-анасы немесе олардың орнында болған адамдары болған;
3. егер сау болса, қоршаған болымысты адекватты бағалауға қабілетті;
Осы үш жағдайға байланысты үш құрамдастардан тұратын жеке адам жайлы
еместер қалыптасады. Сонымен қатар, олар МЕН жағдайлары ретінде де
белгіленеді:
1. Ата-аналық Меннің көріністері;
1.Қамқор ата-аналық Мен;
2.сыншыл ата-аналық Мен;
Жүріс-тұрыс ережелерінен, нормалардан тұратын ата-аналық Мен индивидке
стандартты жағдайларда ойдағыдай бағытталуға мүмкіндік береді,сананы
қарапайым, үйреншікті мәселелермен жүктелуден босата отырып, жүріс-тұрыстың
пайдалы, сыналған стереотиптерін жібереді. Ата-аналық Мен бұл біздің ішкі
комментатор және бағалаушы болып табылады.
2. Үлкендік Мен жағдайы мағлұматтың логикалық құрамдарын қабылдайды және
өңдейді, көбінесе шешімдерді ойлап алып және олардың шынайылығын
эмоциясыз тексере отырып қабылдайды. Үлкендік Мен Ата-аналыққа қарағанда
стандартты, бір мағыналы жағдайларға емес, ол бірегей, ойлануды қажет
ететін, таңдауға еркіндік беретін, сонымен қатар шешім қабылдаудың
салдарын және жауапкершілігін ұғынудың қажет ететін жағдайларға
бейімделеді.
3. балалық Мен сезімдер тіршілік принциптеріне ілеседі. Қазіргі кездегі
жүріс-тұрысқа балалық шақтағы жасырынды сезімдер әсер етеді. Сондықтан
балалық Меннің өмірдегі орны өте күрделі және ерекше қызметтерді
атқарады.(мысалы, шығармашылық қабілеттің көрініс беруі, өзінше бір
ерекшеліктерді көрсетуді, шиеленістіруді өмірге өте қажетті жағдайларды
туғызу т.б) Сонымен бірге балалық Мен адамның өз бетімен мәселені шешуге
шамасы келмеген кезде, басқа адамдардан қысым көргенде шатақ мінезбен
көрініс береді. Э.Берннің классификациясы бойынша балалық Мен 3 түрге
бөлінеді:
1. табиғи балалық Мен (қуаныш, қайғы және т.б сияқты спотандық
реакциялар)
2. икемдеуші балалық Мен (бейімделуші, құлақ қоюшы, қорқақ, кінәлі,
жалтақтаушы және т.с.с.)
3. қарсылық білдіретін балалық Мен (өзін басқаларға таныту үшін
қарсыласып, қырсықтық белгісін көрсетеді)
1.4. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің бірлігі.
Қарым-қатынастың бірлескен іс-әрекетпен байланысы айқын көзге түседі.
Бірақ, қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры, аспектісі
болып табыла ма немесе қарым-қатынас пен іс-әрекет – екі дербес, тең құқылы
процесс пе деген сұрақ туындайды.
Бірлескен іс-әрекетте адам қажет болған жағдайда басқа адамдармен
бірігуі, олармен қарым-қатынас жасауы, яғни байланыс орнатуы, өзара
түсіністікке қол жеткізуі, қажет ақпаратты алуы, жауапты хабарлауы және
т.с.с. тиіс. Бұл жерде қарым-қатынас іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры ретінде,
оның маңызды ақпараттық аспектісі ретінде, коммуникация ретінде (бірінші
түрдегі қарым-қатынас) болады.
Алайда, коммуникация ретіндегі қарым-қатынастан құралатын іс-әрекет
процесінде белгілі бір зат жасай отырып (прибор құрастыру, ойын айту,
машина құрастыру және т.с.с.) адам тек осымен ғана шектелмейді; жасалған
зат арқылы өзін, өзінің ерекшеліктерін, өзінің индивидуалдығын басқа
адамдарға трансляциялайды, өзін басқа адамдарда жалғастырады.
Жасалған зат (тұрғызылған ғимарат, нақты поэзиялық шумақ,
отырғызылған ағаш, жазылған кітап, шығарылған немесе орындалған ән) бұл,
бір жағынан, іс-әрекет өнімі, ал екінші жағынан – адамның қоғамдық өмірде
өзін шыңдауына көмектесетін құрал, өйткені бұл зат басқа адамдар үшін
жасалған құрал арқылы адамдар арасындағы қатынас іске асады, затты жасаушы
мен істеушіге де, оны тұтынушы мен игерушіге де теңдей тиесілі ортақ өнім
ретіндегі қарым-қатынас құралады.
Өзін басқаларда жалғастыру ретіндегі қарым-қатынас екінші түрдегі
қарым-қатынас болып табылады. Егер бірінші түрдегі қарым-қатынас
(коммуникация түріндегі қарым-қатынас) бірлескен іс-әрекеттің бір қыры
ретінде көрінсе, екінші түрдегі қарым-қатынастың маңызды қыры болып
қоғамдық құнды және тұлғалық мәні бар затты өндіруге байланысты іс-әрекет
табылады. Бұл жерде тәуелділік алмасады да іс-әрекет қарым-қатынастың
аспектісі, бөлігі, қажетті алғышарты ретінде болады.
Сонымен, іс-әрекет – қарым-қатынастың бөлігі, бір қыры, қарым-қатынас
– іс-әрекеттің бөлігі, бір қыры. Алайда қарым-қатынас пен іс-әрекет барлық
жағдайда бөлінбейтін бірлікті құрайды.
Қарым-қатынастың түрлері мен формалары.

Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін
емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама,
тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас,
соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық
құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі
техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін
күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-
қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда
жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп
іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және
көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай
қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін
психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-
қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық
тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет
түрлерін игеруі, жеке адам және дара адама түрінде қалыптасуы іске
асырылады. Яғни, қарым-қатынас адамның психологиялық дамуыныңы маңызды
факторы. Жалпы алғанда, қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның
бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын
жан-жақты шындық.
Д. Элькониннің айтуынша: Бала әрқашанда 2 адам – оның өзі және
ересек адам. Даму барысында бала мен ересектің сыртқы тікелей емес қарым-
қатынасы баланың ішкі психолоиялық процесіне және де баланың дербестік
ерікті іс-әрекетіне айналады.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса
маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған
екен: Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі. 30-жылдары АҚШ-
та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру
балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал
екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу
тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде – бала өлімі жоқ, ал
екіншісінде – балалардың үштен бір бөлігі шетінеген.
У. Джеймстің айтуы бойынша: Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан
тыс қалу және басқалардың оны мүлде байқамауы – ең зор жаза. Көптеген
психотерапевтік жүйелерде адамның мұндай жағдайы қолданылмаған,
бекітілмеген деген ұғым арқылы беріледі және де Сенікі жөн емес, Сен
жамансың деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің
белгілі үлесі бар), бекітілмеу Сен бұл жерде жоқсың, Сен тірі адам
емессің дегенді көрсетеді.
Атақты ағылшын психологы Р.Д. Ленг – бекітілмеу, көптеген
психологиялық ауру, әсіресе шизофренияның себебі деген қорытындыға келген.
Оның байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткеніндей, эндогенді
психозбен көбінесе ата-аналары тарапынан шеттелінген балалар ауырады екен.
Л.С. Выготский былай деген: ...адам өзімен-өзі болғанда да қарым-
қатынас функциясын сақтайды.
Сонымен біз қарым-қатынастың түрін, формалары мен функцияларын
қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке
адамаралық, тікелей қарым-қатынас түрі, ең терең зерттелгені де осы түрі.
Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың
табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі – эмоциялық негізінің болуы.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әр
түрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке
тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үл деңгейін бөліп
қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-
қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса
көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1. конъюктивті – адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс-
әрекетке итермелейтін сезімдер;
2. дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-
әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Қарым-қатынастың осы үш жағын бірлікте қарастыру қажет. Қарым-
қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа
түсушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін
ұйымдастыру, яғни, білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік).
Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы,
тануы (түсінуі), соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып
қалыптасуы.
Осы үш жақтың бірлігінде қарастырылатын қарым-қатынас бірлескен іс-
әрекетті және оған қатысушы адамдардың өзара қатынастарын ұйымдастыру
тәсілі болып табылады. Қарым-қатынастың заңдылықтарын білу және қарым-
қатынас дағдылары мен қабілеттерін дамыту әсіресе педагогтар үшін өте
маңызды, өйткені олар оқушыларды өздерімен бірлесіп әрекет етуге жемісті
түрде тарта алған жағдайда, тәрбиешінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап
беретін өзара әрекеттестік пен өзара түсінушілікті жолға қоя білгенде, яғни
толыққанды педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыра алғанда ғана кәсіби
міндетін табысты түрде атқара алады.
2.1. Сынып ұжымында қарым-қатынас ерекшеліктерін қалыптастырудағы мектеп
психологының ықпалы
Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін зерттеуге әлеуметтік
психологияда қалыптасқан әдіс-тәсілдердің басым көпшілігін қолдануға
болады. Ол әдістемелерді мектеп жасындағы балаларды зерттеуге қолданғанда
зерттеуді сынып ұжымымен жүргізудің көптеген ұтымды жерлері бар. Балалар
оқу барысында, сыныптан тыс іс-шаралар жүргізгенде, көптеген оқу-тәрбие
мәселелерін шешу барысында бір-бірімен себептес байланыста болып, қарым-
қатынас жасайды. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас
мәдениетін бағалап, қажетті болған кезде коррекциялау, тәрбиелік мәні бар
қосымша іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын
сыныпта жолдастары, достары, бірге ойнайтын бос уақытты бірге өткізетін
құрбылары бар. Осы ортада қалыптасқан сыныптағы ұжымішілік қатынас
ерекшеліктерін зерттеу арқылы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің
қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік болады.
Қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістерінің көптеген түрлері
жас өспірімдерді зерттеуге ыңғайлы етіп жасалған. Бұл жас кезеңі адам
өмірінде ерекше орын алады. Осы кезеңде жыныстық даму жөнінен жігіттер мен
қыздардың көбі бұл жаста пубертаттық кезеңде болады. Осы физиологиялық
процеске байланысты ұл-қыздардың бір-біріне көз салып, жыныстық
қызығушылығы орын ала бастайды. Жас өспірімдік кезең бала мен ересектің
арасындағы аралық жағдайда болады. Балалар материалдық жағынан әлі ата-
аналар қарауында. Мектепте оған, екінің бірінде, сен ересексің, үлкенсің
десе, екінші жағынан, одан үнемі үлкендердің айтқанын сынамастан орындауды
талап етеді. Бұл жағдай мектептен басқа жерде де анық байқалады. Сонымен
қатар, жоғары сынып оқушылары болашақта некелесуге, өз отбасын құруға
әзірлену кезеңінде. Сондықтан, психолог алдында тұрған үлкен міндеттердің
бірі-жыныстық тәрбие, болашақ отбасы өміріне даярлау, қарым-қатынас
мәдениетін тәрбиелеу болып табылады.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері- мамандық таңдау,
еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану және болашақ мамандық алатын оқу
орнын анықтау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру баладан ұзақ уақыт мақсатты
даярлықты талап етсе. Үлкендер жағынан баланың мұқтаждығын жақсы түсініп
оған кеңес беріп, қол ұшын беруді қажет етеді. Мамандық таңдау баланың
жалпы дүниетанымдық ізденістері мен өмірлік жоспарларында орнығып,
нақтыланады.
Мұнда нақты мен (қазір қандаймын), динамикалық мен
(қандай болғым келеді), мұраттық мен (өзімнің адамгершілік ұстанымдарына
байланысты сондай болуға тиістімін), қиялдағы мен (қолымнан бәрі келетін
болса, сондай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz