МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Кіріспе
Тарау I Меншік құқығы туралы жалпы ережелер.
1.1 Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны
1.2 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері
1.3 Меншік құқығының тоқтатылуы
Тарау I I Азаматтардың меншік құқығының ерекшеліктері.
2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері
2.2 Азаматтардың меншік құқығының обьектілері мен субъектілері
2.3 Азаматтардың меншік құқығын жүзеге асыру.
Тарау I I I Ортақ меншік құқығы.
3.1 Ортақ меншік ұғымы
3.2 Ортақ меншік түрлері және ерекшеліктері
3.3 Ортақ меншік құқығын тоқтату
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттері тізімі

Кез келген адамның, әсіресе ана тілінде азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивті құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың дамуу тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Егемен еліміз Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты, республикамызға құқықтық реормалар жасады. Осы жүргізілген құқықтық реформада меншік құқығы өз жүйесін тауып, қызметін жүзеге асыруда.
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтанда меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктеншығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктеу әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылым меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.
Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, заңдар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда – шын мәнінде объективті мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз. Меншік құқығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалауы бойынша – тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге кұқылы екендігін, яғни сату- сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы).

I. Заңды және нормативті актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Жалпы бөлім 1994ж; Ерекше бөлім. 1999ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін күшіне еңгізу туралы. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы 1994ж. 27 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының Заңы. "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін күшіне еңгізу туралы" 1999ж. 1 шілде.
II. Арнайы әдебиеттер
1. Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие. Издание второе. Алматы, 1999г.
2. Гражданское право. Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. т.1,2, и 3. М., 1997-1998 г.г.
3. Комментарий к Гражданскому кодексу КазССр. Алма-ата, 1990г.
4. Гражданское право в 2-х томах (отв. Ред. Суханова Е.А. М., 1998г.)
5. Гражданское право (под ред. Калпина А.Г., Маслеева А.И.) ч.1, М., 1997г.
6. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан (общая часть) Отв.ред. Сулейменова М.К., Басин Ю.Г., кн. 1 и 2, Алматы, 1998г.
7. Гражданский кодекс Республики Казахстан – толкование и комментирование. Общая часть. Вып. 1-10. Алматы, 1996-2000 г.
8. Гражданское право Росии. Отв.ред. Садиков О.Н. ч. 2, Обязательное право, М., 1997 г.
9. Қазақстан Республикасының Конституцисы мен меншік құқығы. // Алматы, 1997 г.
10. "Вещные права по гражданскому законодательству Республики Казахстан" Сборник. Алматы, 1999 ж.
11. Проблемы реализации права государственной собственности. Алматы: Қазақстан, 1994 ж.
12. Сулейменов М.К. Развитие института права собственности в законодательстве Казахстан. Научные труды. "Әділет", 1997 ж. 13-бет.
13 Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Республики Казахстан , т.1, Алматы, Санат, 1997, 372-бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗАҢТАНУ, ҚАРЖЫ және ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ ИНСТИТУТЫ
"АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР" КАФЕДРАСЫ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
"МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ"
Орындаған ЮКВ 02-2
тоб. ст-і Мырзахметова У.Ш.
Ғылыми жетекші Абуов Б.
ШЫМКЕНТ 2004
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Тарау I Меншік құқығы туралы жалпы ережелер.
1.1 Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны
1.2 Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері
1.3 Меншік құқығының тоқтатылуы
Тарау I I Азаматтардың меншік құқығының ерекшеліктері.
2.1 Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері
2.2 Азаматтардың меншік құқығының обьектілері мен субъектілері
2.3 Азаматтардың меншік құқығын жүзеге асыру.
Тарау I I I Ортақ меншік құқығы.
1. Ортақ меншік ұғымы
2. Ортақ меншік түрлері және ерекшеліктері
3.3 Ортақ меншік құқығын тоқтату
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттері тізімі
Кіріспе
Кез келген адамның, әсіресе ана тілінде азаматтық құқығын оқып,
зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің
көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт бағдары
болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивті құқықты ғана емес, сондай-ақ
азаматтық құқықтың дамуу тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана
емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Егемен еліміз Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, нарықтық
экономикаға көшуімізге байланысты, республикамызға құқықтық реормалар
жасады. Осы жүргізілген құқықтық реформада меншік құқығы өз
жүйесін тауып, қызметін жүзеге асыруда.
Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді.
Сондықтанда меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны
меншіктеншығатын экономикалық категория деп түсіну керек.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері
мен еңбекті – меншіктеу әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі
айқындауы арқылы пайда болады.[1]
Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылым меншік
құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті
жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.
Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс,
заңдар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда – шын
мәнінде объективті мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық
институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз. Меншік
құқығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалауы
бойынша – тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге кұқылы
екендігін, яғни сату- сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық
фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының
субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы).
Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік
етуі, оны өзінің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек. Яғни субъектінің
затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы. Осындай
үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген
қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті
бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар.
Нарықта өз орнын табу үшін меншік иесіне билік ету қажет. Әдетте
тауарлар ауыстыру үшін өндіріледі. Ауыстыру кезінде меншік иесінің құқығы
сатушыдан сатып алушыға ауысады. Сондықтан да сатушы тауардың меншік
ретінде меншік құқығын өзгертуге мүмкіндік алуы тиіс. Биліе ету құқығын
жүзеге асыру мақсаты меншіктің әр түрлі түрлері сәйкес келеді.
Әдетте меншік иесі өзінің билік өкілеттігін қалайда жүзеге асыруға
міндетті деген ереже жоқ. Шешімді қалай қабылдайды, қалай билік етеді-оны
бір өзі шешеді. Дей тұрғанмен, ол бұл арада заңды бұрмалауға жол беруге
тиіс емес. Әрине, кейбір жағдайда меншік иесі өзінің билік ету құқығын
қоғам мүдделі болғанда асыруға міндетті. Заң мен басқа да құқықтық
негіздерге орай меншік иесінің билік ету құқығы алынуы не тоқтатылуы
мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік ету құқығы тек мемлекеттің
келісімімен жүзеге асады. Мысалы, әрекет ету қабілеті шектеулі адамдармен
билік ету құқығын асыру үшін келісім жасаған кезде заңды өкілінің рұқсаты
талап етіледі.
Тарау I Меншік құқығы туралы жалпы ережелер
1.1. Меншік құқығы анықтамасы мен мазмұны

айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы
қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктеген соң өндіріс
барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы
құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.
Азаматтық кодекстің 188-бабында меншік құқығына мынадай анықтама
берілген: “Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,
пайдлану және оған билік ету құқығы”. Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми
жағынан толық берілген. Өйткені, субъективті “тиесілі” деген сөзбен
шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету
құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес
билік етуі, оны өзінің қалауынша[2] пайдалануы деп түсіну керек. Яғни
субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы.
Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген

бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқы бар. Затқа заң арқылы
үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені,
затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде
ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін
емес. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188- бабындағы меншік құқығын шектеу
мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз
иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы
айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін
жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мұндай құқықты
немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесу мүмкін, айталық, меншік
иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер
көзге қиянатқа жол беруі мүмкін. Міне, осындай теріс пиғылды әрекеттерге
жол бермеу үшін де осындай талап заңға еңгізілді. Меншік иесі өз құқықтарын
жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға
келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.
Азаматтық кодекстің 188 бабында қаралған меншік құқығының иелену,
пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен
қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгені құқығына тәуелді емес, меншік
иесі өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет
етпеуіне тиым салуға қақысы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда
ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын толтыруға
құқылы.
Азаматтық кодекстің 188 бабы 5 тармағына сәйкес меншік құқығының
мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген
негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және
билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Бұл өкілеттіктердің әр-қайсысы
меншік құқығының қажетті элементтері болып табылады. Меншік иесі
аталғандардың қай қайсында үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш
өкілеттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала береді.
Мысалы, ол заттардың темір жол, әуе және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне
тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді.
Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын
қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі
үш өкілеттіктен де айырылады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып
қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржы алуға
құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік
ету өкілеттігі қалпына келтіріледі.
Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай
қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік
етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғысшарт жасайды.
Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі.
Егер мүлікңті иелену заңды негізде жасалса, онда ол заңды иелену болып
табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты
(мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса,
немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі
талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі. Сондай-ақ
иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда
ол арам иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талбын дәлелдемегенше, зат
иеленуші адал алушы қатарына жатады. Ал, керісінше, егер де мүлік оны
иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе
және білге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік
иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғалтқан не мұның екеуінен де ұрланған,
не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған
ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.
Азаматтық кодекстің 188-бабында иеленудің әр түрі туралы айтылмаған,
тек аталған баптың 3-тармағында ғана бөтеннің затына құқық ретінде
иеленудің жасалу жолы мен тәуелділігі көрсетіледі. Сонымен бірге заңда
ерекше негіз бар "Иелену мерзіміне" жол беріледі. Иеленудің мұндай құқығы
меншік құқығынан тұлғаның затты өз билігінде нақты түрде ұстуымен
ерекшеленеді. Бұл иеленудің заңдық салдары болады, яғни иеленуші мүлікке
меншік құқығын алғанға дейін оны басқалардан қорғауға құқылы, ал екінші
жағынан, осы баптың нормалары негізінде өзінің иелігіндегі затты
меншіктенуге құқық алады. Сонымен, иеленудің мерзіміне мынадай белгілер
тән: а) ол иелік ететін мүлікке нақты үстемдік етеді; ә) осы тұлғаның затқа
адал, ашық және үздіксіз түрде нақты үстемдік етуі. Демек, иеленудің
мерзімі иелену құқығына меншік құқығының құрамдас бір бөлігі ретінде
ерекшелінеді. Оған қоса бұл иелену түрі заттай иелену құқығынан да
ерекшеленеді, соныменбір мезгілде затты иелену құқығын өзгеге бергенімен,
меншік иесі болып қала береді (мысалы, кепілдік шарты бойынша).
Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз-мүліктен оның пайдалы табиғи
қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз
етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы
мүмкін.
Пайдаланудың өкілеттік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек.
Пайдаланудың өкілеттік құқығы – затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін
меншік құқығы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану – осы құқықты жүзеге
асыру болып табылады, яғни заття нақты пайдаланып немес оны қашан кіріс
алғанша тұтыну.[3]
Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды
өзі шешеді. Бірақта, Конституцияның 6- бабын бұрмаламау тиіс, яғни меншікті
пайдалану қоғамдық игілікке қарсы келмеуі керек. Демек, қоғамдық маңызы бар
обьектіні пайдаланғанда, меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да
мүддесін ойлауына тура келеді. Мысалы, қазақ өнерінің көрнекті
шығармаларын, айталық, мұрагер меншік иесі ретінде білдірмеуге міндетті.
Меншік иесі басқа да тұлғағ өзінің пайдалану құқығын беруіне хақылы
(мысалы, жалға, арендаға беру т.б.). пайдалануға өкілеттік алған тұлға оны
өз үшін пайдлана бастайды (мысалы, затты пайдалану, өнім алу). Мұндай
жағдайда меншік иесі өзінің өкілеттігіне сәйкес табысты жанам жолмен
түсіреді, айталық, затты пайдланудан түскен кірісті иеленеді, немесе
белгілі бір пайзды еншіледі.
Заң негізінде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі
өкілеттігінен айырылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не
оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдай заң арқылы
асады ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 4-бабы).
Билік ету құқығы дегеніміз-мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің
заңмен қамтамасыз етілуі.
Билік етудің өкілеттілігі меншік құқығының объектілеріне қатысты
мәмілелер жасауға өкілетті. Мысалы, меншік иесі өзінің меншік құқығын
өзгеге беріп, кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол
билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы
мәмілелер жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген
түрде (мысалы, арендаторға иелік ету және пайдалану құқықтары беріледі).
Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің
мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады.
Билік ету құқығы затқа меншік иесі болып табылмайтын тұлға арқылы да
жүзеге асады. Бұл заңның арнайы нұсқауымен болады, немесе меншік иесімен
жасалған келісім-шарт негізінде (мысалы, теміржол жүкті иесіне беруге
мүмкіндік болмаған жағдайда басқа тұлғаға тапсырады) болады.
Меншік иесі өз меншігінің игілігін көріп қана қоймай, меншігіндегі
мүлікті күтіп ұстау ауртпалығы да жүктеледі. Айталық, күрделі жөндеу
жүргізіп, сақтандыру шараларын жүзеге асырады және т.б. егер заңда
қаралмаған болса, өзіне түсетін ауртпалықты үшінші біреуге жүктеуге
болмайды.
Ауртпалық жағдайы деп заттардың кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ
бүліну қабілетін айтады. Иеліктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу
немесе кездейсоқ бүліну қауіпі, егер заң құжаттарында немесе шартта ол
өзгеше белгіленбесе, сатып алушыда меншік құқығы пайда болуымен бір
мезгілде соған көшеді.
Екінші бір жағдай мерзімінің өтіп кетуіне байланысты. Мәселен, егер
иеліктен айырушы адам заттарды бері мерзімінің өткізіліп жіберілуіне
кінәлі болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қупін мерзімін
өткізіп жіберген тарап көтереді.
1.2. Меншшік құқығына және өзге заттық
құқықтарға ие болу негіздері
Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әртүрлі
негіздерде ала алады. Азаматтық кодектің 235-бабы меншік құқығына ие
болуына әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерін
түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-
бабында "тәсіл" ұғымы қолданылмайды. Меншік құқығы оның пайда болуымен
занды байланыстыратын зандык фактілер негізделуімен көрінеді.
Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін
шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір
жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді , оның соңғысына ерекше
баға беріледі.
Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын
болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат
бұрын болса, меншік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан
тәуелсіз жүзеге асады.[4]
Меншік құқығын алудың бастапқы негізіне өңдеу де жатады (бір тұлға
материалды өңдеп, одан екінші бір зат жасайды). Сонда әлгі өнәмге құқық
алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың меншік иесі ме? Азаматтық
кодекстің 237 бабына сәйкес шартта өзгеше көзделмекгендіктен, адам өзіне
тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы жаңа қозғалатын затқа меншік
құқығын материалдардың меншік иесі алады.[5] Алайда, егер өңдену құны
материалдардың құнынан едәуір асып кетсе жаңа меншік құқығын адал жұмыс
істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бұл екі жағдайда да
өңдеушіге жасаған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың
құнын өтеу мәселесі туындайды.
Иелену мерзімі бойынша меншік құқығын алудың қажетті жағдайы мынадай
болады: иелену, яғни "тура өзінің мүлкіндей көру", адалдық, ашық, үздіксіз
болуы және мерзім. "Тура өзінің мүлкіндей көру" теңеуі тек мүлікті ғана
ұстау ғана емес, оны заңға сәйкес иелену болып табылады. Мысалы,
мемлекеттік меншіктегі жерді пайдалану оны өз меншігіне алу дегенді
білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір
осы талап сақталады. Яғни, мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны
иеленуші өзіне меншіктемей, басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.
Иелену мерзімінің қажетті шартты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті
иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды. Иелену мерзімінің
тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады. Ашық
дегенді иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек,
сондықтан да ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, не әлдекімнің қолдан
жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне, сол себепті де АК-тің 240-бабының
4-тармағында тұлғада болып, оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін
мүліктер жөніндегі иелену көнелігінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап
қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.
Үздіксіз пайдалану иелену мерзімінің шарты ретінде иелену мерзімінің
уақыты бітпейінше мүлікті басқа біреуге бермеуді білдіреді. Демек, мұндай
құқық іс жүзінде де, заң жүзінде де тоқтатылмауы керек.
Иелену мерзімі меншік құқығына айналуы үшін қозғалмайтын мүліктер
үшін – 15 жыл, ал қозғалатынына – 5 жыл мерзім керек. Иелену мерзіміне
жүгінетін азамат немесе заңды тұлға өздері құқықты мирасқорлары болып
табылатын тұлғаның осы затқа иелік еткен уақытының бәрін өз иелігіне қосып
алуына болады. Мысалы, мұрагерлер мүлікке заң және өсиет арқылы ие болып,
оған иелік етуді жалғастырады.
Иелену мерзімінде виндикациялық талаптан туындайтын (өзгенің заңсыз
иеленген өз мүлкін ) талап ету талап қою мерзіміне байланысты мерзім
енбейді (АК-тің 260-263, 265-баптары).
Заң мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүлкіндей иеленуші
азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып
табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де
негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға
құқылы екендігн бекітеді (АК-тің 240-бабы).
Егер тұлғаға сотта оның меншік құқығын танудан бас тартылған ретте
мүлікті иеленуші тұлға меншік иесіне айналады (АК-тің 240-бабы, 5-тармағы).
Азаматтық кодексте иесіз заттарға меншік құқығын алу тәртібі мен
негізі көрсетілген. Меншік иесі жоқ немесе меншік құқығынан бас
тартылған зат иесіз болып есептеледі.[6]
Азаматтық кодекстің 240-бабына сәйкес иесіз қозғалмалы затқа меншік
құқығы иелену мерзімін алады. Иелену құқығы меншік иесі бас тартқан
қозғалмалы мүлік жөніндегі ережені жоққа шығармайды (АК-тің 243-бабы), атап
айтқанда олар олжа (АК-тің 245-бабы), қараусыз жануарлар (АК-тің 245-бабы)
және көмбе (АК-тің 247-бабы) жөнінде болады.
Азаматтық кодекстің 238-бабының диспозитивтік нор.ма екендігін заң
мәтінінен байкаймыз, ондағы тұжырым меншік құқығы ауысар сәтте тараптардың
келісімімен немесе арнаулы заңмен өзгертілуі мүімкін. Тараптар мынадай
келісімге келе алады: меншік құкығы (шаруашылык жүргізу кұкығы, оралым-ды
басқару кұқық) мүлік алушыда шарт жасалған сәттен бас-талады, заттың толық
қүнын төлеу жеткізілгеннен кейін жүзе-ге асады және т.б.
Азаматтык кодекстің 239-бабына сәйкес, заттардың алу-шыға тапсырылуы
сол сияқты, егер занда немесе шартта кездел-месе, алущыға жөнелту үшін
көлік үйымына өткізу және иеліктен айрылған заттарды жеткізіп беру
міндеттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін почтаға өткізу берілу деп таныла-
ды. Егер затты иеліктен айыру туралы шартты жасасу кезінде-ақ ол алушының
иелігінде болса, зат оған сол кезден бастап жіберілген деп танылатыны
тұжырымдалған.
Затқа коносамент немесе езге де өкімші қүжат беру заттар-ды беруге
теңестіріледі (АК-тің 239-бабы 2-тармағы).
Меншік күкығына ие болу негіздерінің тізбесі Азаматтык кодекстің 235-
бабында карастырылған, бірак ол бәрін бірдей қамтыды деп айтуға болмайды.
Оған алдымен Азаматтык кодекстің 235-бабында көрсетілген тізбелер қатысты:
атап айт-қанда, мына тәмендегілер жатады: тұтыну (түрғын үй-кұры-лыс,
саяжай, гараж немесе өзге) кооперативінін мүшелері, жар-на жинақтауға
кұкығы бар, пәтер, саяжай, гараж және коопе-ратив осы адамдардың
пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық
төлеген басқа адамдар аталған мүліктің меншік қүқығына ие болады. Демек,
бүл заттарды иелену үшін осы мүліктер үшін өзінін үлестік жарнасын төлесе
жетіп жатыр.
3. Меншік құқығының тоқтатылуы
Қазіргі Азаматтык кодекстің бүрынғысынан бір ерекшелігі, 14-
тараудағы "Меншік құқығы мен өзге де заттык күкыктардьщ тоқтатылуы" деген
арнайы тарау енгізілуі болып табылады. Азаматтык кодекстің 249-бабы меншік
күқығын тоқтатудың негізгі үлгі тізімін ұсынады: меншік кұкығы меншік иесі
өз мүлкін баска адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тарткан,
мүлік кираған немесе жойылған және заң құжатгарында кезделген өзге де
ретгерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.[7]
Меншік кұкығын тоқтатудың аталған негіздерінде меншік құқығынан бас
тартуды ерекше бөліп қараған жен (АК-тің 250-бабы). Меншік кұкьішнан бас
тарту болған жағдайда мына бір жағдайды есте ұстау керек, яғни меншік
қүкығынан бас тарту осы мүлікке баска тұлға меншік құқығын алған кезге
дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құкыктары мен міндеттерін
тоқтатуға әкеп соктырмайды. Айталық, азамат не-месе заңды тұлға өзіне
тиесілі жер учаскесіне меншік кұқыганан бас тарта алады, бүл жөнінде ол
жариялайды, не бұл жер учаскесіне қандай да болсын кұкыктарын сактау
ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден
шектейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Жер учаскесінің
меншік иесі немесе жерді пай-даланушы меншік немесе жер пайдалану
кұқықтарынан (бас-қа жаққа кету, учаскені ұзақ уакыт бойы пайдаланбау және
т.б.) бас тартатындығын дәлелдейтіндей іс-әрекет жасаған жағдайда, бұл
учаске иесіз мүлік ретінде есепке алынады.
Иесіз мүлік ретінде есепке алынған күннен бастап бір жыл еткен соң
мұндай жер учаскесі жергілікті аткару органының талап етуі бойынша сот
шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылады ("Жер туралы" Заңның 74-
бабы, 2 тармак)
Заң меншік иесінен мүлікті ықтиярынсыз алуға байланыс-тықатьшастарды
бүге-шігесінедейін ретгейді. Меншік кұкығын альш кою үшін: а) негіз занда
карастырылған болуы керек; ә) соттың шешімі болуы мівдетті.
Азаматтық кодекстің 249-бабы 1-тармағы меншік иесінің міндеттемелері
бойынша мүліктен ақы өндіріп алу қатынасы енгізілген. Мүндай өндіріп алу,
егер шартта өзгеше көзделмесе, тек сот шешімімен жүзеге асады (АК-тің 251
бабы, 1-тар-мағы), бірақ бұл норма диспозитивті болып келеді. Ақы өндіріп
алудың басқалай жолы шарт аркылы болуы мүмкін. Акы өндіріп алынатын мүлікке
меншік иесінін меншік кұкығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік
құқығы көшетін адамның алып койылған мүлікке меншік кұкығы пайда болған
кезден бастап тоқтатылады.
Мүлікті меншік иесінен ыктиярынсыз алып кою зан кұжаттарына сәйкес
белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын жағдайда жүзеге асады (АК-тің 249-
бабы, 2-тармағы). Егер заң құжаттарымен жол берілетін негіздер бойынша заң
күжаттарына сәйкес адамның өзіне тиесілі бола алмайтын мүлік онын
меншігінде болып шыкса, бұл мүліктің меншік иесі, егер заң күжаттарында
өзге мерзімдер белгіленбесе, осы мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден
бастап бір жыл ішінде иеліктен айыруға тиіс. Егер меншік иесі мүлікті
көрсетілген мерзімде иеліктен айырмаса, ол сот шешімімен иеліктен
ықтиярынсыз айрылуға тиіс, бұл орайда меншік иесіне мүлікті иеліктен айыру
жөніндегі шығындары шегеріліп, оның құны өтеледі.
Мұндай тәртіп мынадай жағдайға да қатысты, егер азаматтың немесе
заңды тұлғаның меншігінде заң құжаттарымен жол берілген негіздер бойынша
сатып алуға арнайы рұқсат қажет етілетін зат азаматтың немесе заңды
тұлғаның меншігінде болып шықса, ал меншік иесі оны беруден бас тартса, бұл
зат осы меншік иесіне тиесілі бола алмайтын мүлік үшін белгіленген тәртіп
бойынша иеліктен айырылуға тиіс (АК-тің 252-бабы, 2-тармағы).
Ықтиярсыз алып қою негіздеріне реквизициялау да жатады. Реквизициялау
дегеніміз дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше
сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін
мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімі бойынша заң құжаттарында
белгіленген тәртіп пен жағдайларға меншік иесінен оған мүліктің құны төлене
отырып алып қойылуы болып табылады. Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің
құны өтелген бағаны оның сот тәртібімен даулауына болады. Сондай-ақ мүлкі
реквизияланған адам ревизия жүргізуге байланысты жағдайлар тоқтатылған
кезде сақталған мүлікті өзіне қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы
екендігін ерекше атап өткен жөн(АК-тің 253-бабы, 3-тармағы).
Тәркілеу заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен
жасаған қылмысы немесе өзге құқық бұзушылығы үшін санкция түріндесот
тәртібімен тегін алуы мүмкін екендігін білдіреді(АК-тің 254-бабы). Тәркілеу
тәркіленетін барлық мүліктің бәріне қолданылады. Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің 51-бабында оған мынадай тұжырымдама берілген, мүлікті
тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін
немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу, сондай-ақ
мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді
және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген
жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Мүлікті ыхтиярсыз ақысыз сот шешімімен мемлекет меншігіне алып қою
мынадай жағдайларда жүзеге асады: егер мәміле бойынша қылмыстық мақсатқа
бағытталдып, екі тарапта да жымысқы нгиет болған жағдайда мәмілке бойынша
алғандарының немес алуға тиісті болғандарының бәрі сот шешімі немес үкімі
бойыншаи тәккіленуге тиіс. Аталған жағдайда кінәлі жақ алғанынан немесе
аларынан айырылады, сондай-ақ келісімде көзделген мүлікті пайдалануданда
құр қалады.
Жерді және басқа табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты
қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы мүмкін. Азаматтық
Кодекстің 255-бабына сәйкес мемлекеттік органның меншік иесінен мүлікті
алып қоюға тікелей бағытталмаған шешіміне, соның ішінде меншік иесіне
тиесілі үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар мен өсімдіктер бар жер
учаскесін алып қою туралы шешіміне байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік
құқығының заң құжаттарымен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана
меншік иесіне құны тең мүлік беріп және өзге де келтірілген заладарын өтей
отырып, немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдарын толық
көлемінде отей отырып, тоқтатылуына жол беріледі. Меншік иесі меншік
құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шешіммен келіспегенжағдайды оны дау
сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау
кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің барлық мәселелері де
шешіледі.[8]
Азаматтық кодекстің 249-бабының 3,4 тармақтарына сәйкес меншік
құқығының тоқтатылуы тізіміне жекешелендіру мен мемлекет иелігіне алу
көзделген. Жекешелендіру дегеніміз, мемлекет мүлкін жеке тұлғаларға,
мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдің заңды тұлғаларына сату
болып табылады,ол меншік иесі мемлекеттің еркімен, арнайы заңмен айқындалға
іс-әрекет шеңберінде жүзеге асады.
Мемлекет иелігіне алу дегеніміз, азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке
меншігіндегі мүліктерді мемлекет қарауына айналдыру болып табылады, мұндай
үрдіс заң құжаттары негізінде жүзеге асады әрі Қазақстан Республикасы
меншік құқығын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарды
қабылдау нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалдарды меншік иесіне
Қазақстан Республикасы толық көлемінде өтейді.
Азаматтық кодекс мүлктің кездейсоқ жойылуы немес кездейсоқ бүліну
қауіпі тәрізді меншік құқығын тоқтатуды және оның басқа біреуге
ауыспайтындығын да реттейді. Оған мүлікті тұтынуға байланысты мәселелер
де жатады (мысалы, құрал-жабдықтардың тозуы, азық-түліктің бүлінуі және
т.б.) заттың жойылуы әдетте біреудің кінәсінен емес, аяқ астынан болатын
жағдайларға, төтеп бергізбейтін күштерге байланысты орын алады, ондайда
оның нәтижесіне ешкім де жауап бермейді. Ал мүліктің кездейсоқ жойылуына
меншік иесі жауапты болады.
Затты құртып жіберу меншік иесінің еркімен де, еркінен тыс болуы да
мүмкін. Мысалы, мұндай жағдай табиғат күшінің әсерінен немесе бөтеннің
мүлкін жойған субъектілердің теріс қылығынан орын алады делік. Оның соңғы
жағдайында меншік миесі келтірілген мүліктік залалдың орнын толтыруды
талап етуге құқылы, ал егер сақтандырылып қойылсы және апат нәтижесінде
жойылса,онда шығынды сақтандырушы өтейді.
Меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқықтарын тоқтату
Азаматтық кодекстің 249-257 баптарындағы меншік құқығын тоқтату ережелері
арқылы жүзеге асады, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында
немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп
бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады.
Тарау II Азаматтардың меншік құқығының ерекшеліктері
2.1. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы мен Азаматтық
кодекстің 191-бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке
меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік-жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың
меншігі.
Азаматтардың меншік құқығының пайда болу жағдайына байланысты
иеленудің – жеке және ұжымдық түрлері болады. Ал оның жеке түрі екі жолмен
жүзеге асады: а)пайда түсіруді көздемей, дене және рухани қажеттілікті
қанағаттандыру үшін болатын экономикалық қызметтің меншік түрі: ә) пайда
түсіруге бағытталған жеке меншік.
Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке)
сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған
ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің атынан, оның тәуекел
етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке кәсіпкерлік заңды
құрылуымен, сондай-ақ заңды түұлға белгілерінің болмауына байланысты заңды
тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады.
Азаматтардың жеке меншігіндегі мүліктерді, егер заңда өзгеше
көзделмесе, біріктіруге болады. Онда мүлік бір мезгілде бірнеше адамның
иелігінде болып, олардың әрқайсысының үлесі айқындалады не айқындалмай-ақ
бола береді, оны былайша айтқанда, үлестңік меншік және бірлескен меншік
деп те атайды.[9]
Азаматтардың меншігі экономикалық категория ретінде жеке
меншіктенудің барлық түрлерін қамтиды. Азаматтық құқық азаматтың мүлікке
меншік қатыстылығын, оны иеленуін , пайдалануын, және билік етуін реттейді
және бұл мүлікті қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын
реттейтін нормаларының жүйеге келтіретін жиынтығы азаматтардың меншңік
құқығын құрайды, бұл обьективтік мағынадағы меншік құқығы болып табылады.
Меншік құқығы субьективті тұлғалық мағынада азамат құқығының заң нормалары
арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша
иеленуі, пайдалануы және билік етуі.
2. Азаматтардың меншік құқығының субъектілері мен обьектілері
Меншік құқығының субъектісі жеке тұлға болып табылады. Бірақ, ол
жалданған жұмысшы, жеке кәсіпкер, заңды тұлғаның кәсіпкер-құрылтайшысы
қатысушы түрінде, яғни әрқилы рөлдерде көріне береді. Азамат өзінің үлесін
қосу арқылы мемлекеттік емес заңды тұлғаны қалыптастырады. Азматтар ғана
толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық
серіктер бола алады. Азамат меншік иесі ретінде көбіне көп жеке
кәсіпкердің рөлінде болады.
Заң жеке кәсіпкерлікті жеке және бірлескен кәсіпкерлікке бөледі.
Жеке кәсіпкерлік бір адамның меншік иелігіндігі мүліктің дербес базасына
енгізіледі, сондай- ақ ол оған заң бойынша пайдалануға, билік етуге
құқылы.
Бірлескен кәсіпкерлік бір топ адамның ортақ меншігіндегі мүліктерден
құрылады, демек әрқайсысы өзінің үлесін ортаға салады, сондай-ақ олар сол
мүлікті бірлесіп пайдалану, билік ету құқықтарына ие болады.
Бірлескен кәсіпкерлік жалпы бірлескен меншік (жұбайлардың бірлескен
жалпы меншігі), шаруа қожалықтарының ортақ меншігі, жекешеленген тұрғын
үйге деген немесе оның ортақ меншігіндегі үлесті меншігі негізінде жүзеге
асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мынадай болады:
1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігін жузеге асыратын ерлі-
зайыптылар кәсіпкерлігі; 2) шаруашылық қожалығы немесе бірлесіп тұрғын
үйді жекешелендіру негіздерінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жай серіктестік, бұл орайда кәсіпкерлік қызмет меншіктің ортақ үлесіне
сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 9-10- баптарына сәйкес, егер
азамат өз мүлкін айналымға салатын болса, онда меншік иесі ретінде жеке
кәсіпкердің меншігі екі жағдайда болуы мүмкін: а) кәсіпті тіркеуді талап
етуді; ә) кәсіппен тіркеусіз шұғылдана беру. Заң азамат- кәсіпкердің
тіркеуге байланысты қызметін нақты айқындайды. Жалдамалы қызметкерлердің
еңбегін тұрақты пайдаланатын кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметтен түсетін
жылдық жиынтық табысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көрсетілген
салық салынбайтын жылдық жиынтық табыс мөлшерінен асатын жеке кәсіпкерлер
міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Осы аталған жеке
кәсіпкерлер тіркеуден өтпесе, оның қызметіне тыйым салынады.[10]
Заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтар
мемлекеттік тіркеуден өзі барып өтуі тиіс және жеке кәсіпкер ретінде ол
тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында есепке тұруы қажет.
Азаматтық кодекстің 19- бабы бойынша олардың мемлекеттік тіркеуді өз
бетімен жасауына рұқсат етілмейді ("Жеке кәсіпкерлік туралы"заңның 9-
бабы). Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру кәсіпкерлік қызметті заңды
тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын азаматты жекелеу тәсілі болып табылады.
Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, оның
осындай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясының болуы міндетті.
Лицензия "Лицензиялау туралы" заңда белгіленген тәртіппен беріледі.
Жеке кәсіпкер жалдамалы еңбекті пайдаланып , кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруға құқылы, ол бұл ретте өзінің жұмысшыларымен еңбек шартын
немесе жалға беру шартын жасайды. Бұл орайда қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес азаматқа оның енбегі арқылы түскен табыстың бір бөлігі тиесілі
болады.[11] Азамат меншік иесінің келісімімен өзі жалданып істейтін
серіктестікке салым сала алады, сөйтіп, бұл серіктестіктің тапқан табысын
салған салымының көлеміне орай алады. Еңбек шарты бойынша жалданған
жұмыскерге еңбек заңының нормалары қолданылады.
"Жеке кәсіпкерлік туралы" заңның 9- бабы 3- тармағына сәйкес азамат
өзінің кәсібін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыра алады, яғни кәсіпкерлік
қызметпен айналысу үшін субъект құқығын алу талап етілмейді. Заңда
көрсетілгеніндей, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін кедергі болып табылмайды. Сөйтіп, кез келген
жеке тұлға заңмен тыйым салынбайтын жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылдануға
құқылы. Өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге аырушы жеке кәсіпкердің
өзі мәмілелер жасасқан жағдайда өзінің кәсіпкер еместігіне сілтеме жасауға
құқығы жоқ.
Заң жеке кәсіпкердің өз атынан кәсікпкерлік қызметпен
айналысатындығын, құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге
асыратындығын бекітеді. Сөйтіп, азамат өзінің кәсіпкерлік қызметіне
байланысты мәмілелер жасаған кезде, егер мәміле жасау жағдайының өзінен
анық туындамаса, өзінің жеке кәсіпкер ретінде әрекет жасайтындығын
көрсетуі тиіс. Мұндай көрсетудің болмауы жеке кәсіпкерді тәуекел етуден
және жеке кәсіпкердің өз міндеттімелері бойынша жауаптылығынан
босатпайды.
Қазақстан Республикасының конституциясында "Қазақстан
Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке
меншігінде ұстай алады", - деп көрсетілген.
Азаматтық құқықтардың объектілері Азаматтық кодекстің 3-тарауында
реттелген. Азаматтардың меншік құқығын шектеу тек заңмен жүзеге асырылады,
оған мыналар қатысты: а) азаматтардың меншік құқығына алуға немесе
пайдалануға жарайтын мүліктердің аясын шектеу; ә) осы мүліктің саны мен
құнының белгілері бойынша шектеу; б) мұндай шектеу әдетте жер учаскесінің
аумағын белгілегенде қолданылады; в) арнайы заң құжаттарында көрсетілген
шектеулер. Мәселен, біреулерге рұқсат етілмейтін теңіз порттары мен
айлақтар және т.б. айтуға болады. Бір ескеретін жағдай, кез келген мүлік
азаматтардың меншік құқығының объектісі бола алады, біз олардың мейлінше
маңызды деп аталатындарына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz