Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің психологиялық теориясы ... ... ... 7

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ес түрлерінің дара айырмашылықтары ... ... .12

3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ес түрлерін қалыптастырудың тиімді жолдары
Мектепке дейінгі балалардың ес түрлері-нің қалыптасуы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психолог-практиктер мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау, қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін есте сақтау қабілетін дамытуымыз керек. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасауымыз қажет.
Мектепке дейінгі балалар –балалар мемлекетіндегі ерекше халық. Мектепке дейінгі кезең баланың ақыл-ойы дамуы мен әлеуметтік дярлығына ең қолайлы (сензитивті) кезең. Мұндай алғы шартты пайдаланып, оны жүзеге асыру аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтауы дегеніміз –олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.
Мектепке дейінгі баланың есте сақтауында және қайта жаңғыртуында адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Және де мектепке дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында дайын күйінде суреттерді қою сақталған бейненің салынуы және оның тапсырманы орындай білуі негізгі орын алады. Арифметикалық тапсырмаларды шешу әдісін игеруге қөмектесетін бағдарламада өңделді. Негізгі зеңдылығы тапсырма сұрақ жауап түрінде өтіледі.
Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің «жұмақ» сынды кезеңі емес. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда қөп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайыннан
ренжуге, қапалануға, қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр етеді.
Яғни, мектепке дейінгі балалар ес түрлерінің қалыптасу проблемалары жөнінде де осылай пікірлер келтірген көптеген психологтар болды. Л.Е.Выготскийдің, Д.Б.Элькониннің тұжырымдары қазіргі психологтар А.Е Смирнов пен П.М.Зинченконың, Л.Н.Леонтьевтің тәжірибелерінің қазіргі психология ғылымы үшін маңызы зор. А.А.Любшинскаяның зерттеу жұмыстары, Э.И.Маслимскердің тәжірибесі мектепке дейінгі балалар ес процесінің дамуы үшін жүргізілетін диагностикалық тәжірибелерге негіз бола алады.
1. А.А.Любминская. Мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. Алматы, 1981ж.
2. Е.И.Рогов. Психология познания . Москва, 2001г.
3. Т.Д.Марцинковская История детской психологий. Москва, 1998.
4. В.Е.Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы-1986.ж.
5. Қазақща-орысша терминологиялық сөздік. Педагогика және психология. Алматы. 2000. ж .
6. Н.В.Бабкина. Развивающие игри элементами логики. Масква. 1998.г.
7. В.Г.Каменская. Детская психологи с элементами психофизиологии Москва. 2005. г.
8. А.А.Смирнов. Проблемы психологи памяти. Москва. 1966. стр. 121.
9. А.Р.Лурия. Маленькая книжка о большой памяти. Москва. 1968. г.
10. Мұқанова Жас және педагогикалық психология
11. Петовский Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы. Алматы. 1987. ж.
12. В.А.Диль. Обучение и развитие младшие дошкольников. Москва. 1970. г.
13. А.А.Люблинская. Детская психология. Москва. 1971. г.
14. Л.А.Венгер. Восприятие и обучение, дошкольный возраст. Москва. 1969. г.
15. А.В.Патровского. Общая психология. Москва. 1970. г.
16. Д.Б.Эльконин. Детская психология (развитие ребенка от рождения да семи лет). Москва. 1960. г.
17. Т.В.Егорова. Особенности памяти и мышления дошкольников, отстающих в развитии. Москва. 1973. г.
18. Г.С.Абрамова. Возрастная психология. Москва. 2000. г.
19. В.А.Аверин. Психология развитие ребенка. Спб. 2000. г.
20. В.А.Аверин. Психология раннего детство. Спб. 2000. г.
21. Т.А.Драгунова. Возрастная и педагогическая психологя. Москва. 1973.
22. Н.В.Дубровинская. Психофизиология ребенка. Москва. 2000. г .
23. Л.Ф.Обухова. Детская возрастная психология. Москва. 1996. г.
24. Психологический словарь. Москва. 1990. г

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ф.4.7-006-01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚББ институты

Психология және дефектология кафедрасы

Психология тарихы пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары

Орындаған: Шораева Б.
Тобы: ЗФК – 04 – 3к2
Қабылдаған: Ахметова А.К.

Шымкент 2009

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің
психологиялық
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 7

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ес түрлерінің дара
айырмашылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

3 Мектеп жасына дейінгі балалардың ес түрлерін қалыптастырудың тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе

Тақырыптың көкейтестілігі: Мектепке дейінгі балалардың ес түрлері-нің
қалыптасуы қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Психолог-
практиктер мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің дамуын
жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау, қабілеті
жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін есте сақтау
қабілетін дамытуымыз керек. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде
еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасауымыз қажет.
Мектепке дейінгі балалар –балалар мемлекетіндегі ерекше халық.
Мектепке дейінгі кезең баланың ақыл-ойы дамуы мен әлеуметтік дярлығына ең
қолайлы (сензитивті) кезең. Мұндай алғы шартты пайдаланып, оны жүзеге асыру
аса маңызды проблемалардың бірі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтауы дегеніміз –олардың
қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған
нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре
қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.
Мектепке дейінгі баланың есте сақтауында және қайта жаңғыртуында
адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Және де
мектепке дейінгі балалардың суреттерінде және олардың әсіресе жұмыстарында
дайын күйінде суреттерді қою сақталған бейненің салынуы және оның
тапсырманы орындай білуі негізгі орын алады. Арифметикалық тапсырмаларды
шешу әдісін игеруге қөмектесетін бағдарламада өңделді. Негізгі зеңдылығы
тапсырма сұрақ жауап түрінде өтіледі.
Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің жұмақ сынды кезеңі емес. Балалар
өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін
проблемаларда қөп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайыннан
ренжуге, қапалануға, қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр
етеді.
Яғни, мектепке дейінгі балалар ес түрлерінің қалыптасу проблемалары
жөнінде де осылай пікірлер келтірген көптеген психологтар болды.
Л.Е.Выготскийдің, Д.Б.Элькониннің тұжырымдары қазіргі психологтар А.Е
Смирнов пен П.М.Зинченконың, Л.Н.Леонтьевтің тәжірибелерінің қазіргі
психология ғылымы үшін маңызы зор. А.А.Любшинскаяның зерттеу жұмыстары,
Э.И.Маслимскердің тәжірибесі мектепке дейінгі балалар ес процесінің дамуы
үшін жүргізілетін диагностикалық тәжірибелерге негіз бола алады.
Жұмыстың мақсаты- мектеп жасына дейінгі балалардың ес түрлерінен
қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыру. Қойлған мақсатқа байланысты
келесі міндеттерді шешуді көздейді:
а) зерттеудегі ес процесінің психалогиялық ерекшеліктерінің теориялық
негізін ашу, қарастыру.

5
ә) мектепке деінгі балаларға зерттеу жүргізіп, ес түрлерінің
қалыптасуындағы кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын
анықтау.
б) математикалық өңдеуден алынған мәліметтерді талдау.
в) ес түрлерін дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.
Зерттеу болжамы:
Мектеп жасына дейінгі баланың ес түрлерінің қалыптастырудың тиімді
жолдары арқылы алға қойылған мақсатқа қол жеткізе аламыз. Егер де жүйелі
түрде балалармен ес процесін дамыту жұмыстары ұйымдастырылса, онда ес
түрлері жақсы нәтиже береді.
Зерттеу жұмысының объектісі: мектепк жасына дейінгі балалардың ес түрлерін
қалыптастыру, қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ес түрлерін қалыптастыру-дың
тиімді әдістерді қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу әдістері:Еспроцесінің даму деңгейін анықтаушы тестермен
қалыптстыруға арналған психологиялық жаттығулар.

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ес
процесінің
психологиялық теориясы

Мектеп жасына дейінгі есте сақтаудың жүйесінде айтарлықтай өзгерістер
болды: эмоциалы-бейненің және оның еріксіз формасынан басқа ерікті сөздік
ес, есту және көрудің символдық формсы пайда болады. Мектеп жасына дейінгі
балалар бойында есте сақтаудың дамыту формасы, яғни, еріксіз көру-эмоциалы
түрі және қозғалысты ес. Еріксіз есті кейде есте сақталатын материалдың
мағынасымен байланыстық жоқтығын ескеріп механикалық деп атайды.
Уақыттың критериясына қарай есте сақтау және қабылдау бойынша ес
оперативтік, ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік болып бөлінеді.
Оперативтік ес организациясы қабылдау және бағытталған қабылдаумен
байланысты, оперативтік ес мектеп жасына дейінгі балаларда ойлаудың ерікті
түрінің негізінде қалыптасады.Оперативтік ес қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді ес аралығындағы өкпелі кезеңмен қамтамасыз ете алады.
Өмірге келген күннен бастап әрбір адамның бойына біткен көптеген
қабілеттердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі қажет кезінде алған әсерлерін
есте сақтау мен қайтадан айтып бере алу мүмкіндігі болып табылады.
Бұл қабілет есте сақтаудың қызметін құрайды. Есте сақтау қабілетінен
айырылған адамның кім болып шығатынын білу үшін, есте сақтаудың орасан зор,
еш нәрсемен салыстыруға болмайтын мәнін елестетсек те жеткілікті. Себебі
есте сақтау қабілеті жоқ адам өзіне басқа адамдар арқылы берілген,
кітаптарда, өнер мен мәдениет туындыларында жинақталған қоғамдық тәжірибені
игере алмаған болар еді. Ол өзінің жеке тәжірибесін де жинақтай алмас
еді.Оның актуалдығы қарым-қатынастың түрімен нақты шарттарына байланысты.
Ұзақ мерзімді ес-практикалық қызмет барысындағы тәжірибемен оны
оқытудың түрлерінің негізі болып табылады. Ол адам өмірге келгеннен бастап,

оның барлық өмір сүру барысында қалыптасады. Өкінішке арнайы тәжірибелік
бағыты, мектеп жасына дейінгі балалардың ерте дему периодында жоқ, бұл есте
сақталатын материалдың бойында айқын сематикалық қасиеттердің, яғни,
қабілеттілік пен іскерлікті дамытатын қасиеттердің болмауына байланысты
9,170.
Мектеп жасына дейінгі балаларда қалыптасатын ұзақ мерзімді есті басқа
да түрлерінен бөліп тұратын уақытша шекара бірқалыпты емес, сондықтан да
осы сауал бойынша әдебиеттерде айтарлықтай пікір араздықтар бар. Ақпаратты
сол күйінше ұзақ мерзімді есте сақтаудың ұзақтығы мектеп жасына дейінгі
балаларда емес, тіпті ересек адамдарда да толық зерттелмеген.
Балалар үшін де ұзақ мерзімді ес үшін есте ұстау қабылдау және
ұмыту, жадында сақтау процестерінің нақты функциялық бөлінеді қалыпты
жағдай, әр процестің өзіндік психофизиалогиялық жүйесі бар. Ақпаратты есте
сақтау процесі қысқа мерзімді естің қалыптасуымен, эмоциалы әрлеумен,
субъективті
мағыналы оқиғалардың қатысымен, немесе вербалды қайталану негізінде жүзеге
асады.
Көрсетілген есте сақтау амалдары саналы және санасыз механизімдердің
әртүрлі салымдары арқылы ерекшеленеді. Мектеп жасына дейінгі жастар бойында
ерте кезеңнің өзінде өмірлік тәжірибелер жинақталуы мүмкін, олардың кейбірі
эмоциалы жаралағыш мазмұнда болып келеді. Олар есте ұстау механизімі
бойынша жануарлар әлемінің психикасына жақын, өйткені бұл процесс ақыл-ес
механизімін еске қосуды қажет етпейді. Мұндай эмоциалы жаралағыш ақпараттар
ақыл-естің белгілі бұрышында сақталып, өз кезегінде жеке адам үшін күтпеген
жерден бас көтеруі мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі балаларда ақпаратты сақтау процесі оның қандай
мазмұнда екеніне қарамастан биохимиялық және момекурмерлік механизмдерде
қалыптасады, олар өз кезегінде ұзақ мерзімді естің бойында, диксацияланған
мәліметтің трансформациясы кезінде байқалады. Ұзақ мерзімді естің
құрамындағы жазбалардың трансформациясы-қабылдауда кеткен қателік пен қатар
творчествалық білімнің, қабілеттілік пен іскерліктегі қателердің себебі
болып табылады. Мектеп жасына дейінгі жастарда трансформациялау
экспериментті зерттелмеген, бірақ, елестету қабілеті оларда жақсы
дамығандықтан бұл процестің өзіндік орны бар 1.297.
Ұзақ мерзімді еске қарағанда қысқа мерзімді ес барлық сенсорлы
үлгілерімен бірге мектеп жасына дейінгі жастарда кеңістікте көру
материалының есте сақталуы қиындық туғызбайды, оларда логикалық және
елестей байланыстар болмайды. Айта кету керек, балалар қиындықсыз және
қатесіз қабылдайтын материалдар көлемі жас ерекшелігімен анықталады.
Мысалы, мектеп жасына дейінгі 6-7 жасарлық бала 9 объективті кеңістік
материалын есте сақтауға қабілетті. 5 жасар бала 10 локамерзациялық
көріністің ішінен 6-7 дұрыс позициясын таңдай алады, 4 жасар балада
мнематикалық қабілет нашар дамыған 11,93.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ес саласындағы дара айырмашылықтар

Ес және ес түрлерінің қалыптасуын мектеп жасына дейінгі балалардың
даму дәрежесімен ұйымдастыруға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте
сақтау қабілетін дамыту Выготскийдің сөзімен айтсақ, баланың даму өрісінде
ес процесі бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде
ынталандыра білуіміз шарт. Ол әрбір жаңа күнді ақ қағаздай мөлдір жанымен
қарсы алған болар еді. Ол ешнәрсеге үйрене де, игере де алмаған болар еді.
Бала күнделікті кездесетін заттарды, айтылған сөздерді, табиғат
құбылыстарын, жаңа тұған нәрестеге тән байқамдықпен, ешқандай әсерленіп,
ойланбастан қабылдап, оларға көңіл қоймаған болар еді.4.166.
Ойда сақтап қалудың, қабылданған материалды сақтау мен қайтадан
қалпына келтіру прцестері есте сақтап қалу процесінің үш бөлімін құрайды.
Адамның есінде нені және қалай сақтап қалу мен нені айтып бере алуы және
қалай ұстап қалуына байланысты болғандықтан, бұл бөлімдер өзара байланысты
және өзара шарттас болады.7.75.
Есте сақтау мен оның механизмін білуге құштарлық өте ерте кезде пайда
болған. Ежелгі Грецияның біздің эрамыздан 4 ғасыр бұрын өмір сүрген ұлы
философы – Аристотель естің жұмысы туралы арнайы еңбек жазған болатын.
Содан бері ғалымдар адамның осы бір таңғажайып қабілетін түсіндіруге
сан рет ат салысты. Алайда оны нағыз ғылыми тұрғыдан түсіндірудің мү
кіндігі басқа ғылымдардың, атап айтқанда, жоғары нерв қызметі
физиологиясының – адам миы мен оның қызметі туралы ілімнің дамуына
байланысты туды.
Ассоциялар есте сақтаудың материалдық негізі болды және қабылданған
материалды есте сақтау, ұмытып қалу және қайтадан қалпына келтірудің
көптеген құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі балалар өздеріне таныс емес шет тілі сөздерін,
тақпақтар мен өлеңдерді, үлкендердің қолданатын қалжың сөздерін, әрі түрлі
футбол командалары қақпақшалары мен ойыншыларының фамилияларын тез
естерінде сақтайды. Ересектермен салыстырғанда, ұқса материалдарды еске
сақтап қалу балада тез де, жеңілдірек, өте берік болады.
Бірақ кішкентай балалардың есте сақтау қызметін көңіл қоя
зерттегенде, балалардың бұл есте сақтауы көрер көзге ғана сондай болып
көрінетіні анықталды. Ең алдымен балалар шындығында, кез-келген материалды
емес, өздерін қызықтыратын, олардың дұрыс әсер ете алатын материалды ғана
жеңіл естерінде сақтайды. Бұған қоса, есте ұстаудың шапшаңдығы – бүкіл есте
ұстау процесінің бір ғана сапасын, бір ғана бөлімін қамтиды. Есте ұстаудың
беріктігі, яғни қабылданған нәрсенің сақтаулу мерзімінің ұзақтығы, әртүрлі
жағдайда оны қайталаудағы саналылық ересектерге қарағанда балаларда
анағұрлым әлсіз болып келеді. Баланың есте сақтай білуін, оның ойындағы
материалды жаңа жағдайларда ойдағыдай табысты қолдана білуіне, яғни бұрын
жинақтаған білімін жемісті қолдана білуіне қарап бағаланатындықтан толысқан
ересек адамның есте сақтауы, баланың есімен салыстырғанда, анағұрлым
жетілгендігін байқауға болады. Балалар қажетті материалды таңдап алып, оны
көңіл қоя қабылдай, топтастыра білуді меңгермеген. Баланың есте сақтауының
толық дамымағандығы оның нені есінде ұстап қалатындығынан да көрінеді. П.
П. Блонский балалардың жас шамасының әртүрлі дәрежесіне сәйкес, олардың
әрқайсысына әртүрлі мазмұн түсінікті болады деп есептеген. Сөйтіп, мектепке
дейінгі балалардың бәрінен бұрын өздері орындаған қимылды, онан соң бастан
кешкен сезімдерін, көңіл күй сәттерін есте сақтайды.
Қимылдық ес барлық қабілет пен дағдыланудың қалыптасып дамуына, ең
қарапайым қимылдар – жүру, заттарды қолмен ұстау, онан соң жүгіру, секіру
сияқты күрделі қозғалыстардың қалыптасуына негіз болып табылады. Бала бетін
жууды, түймесін салуды, аяқ киімінің бауын байлауды үйренеді. Есейген
кездерде де қимылдық жұмыс өзгермейді, қайта бұрынғысынан анағұрлым
күрделене түседі. Мектеп жасына дейінгі бала жаңа, анағұрлым күрделірек
дағдыларды игереді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтауы, әсіресе олардың бір
кезде көріп, қабылдаған нақты заттарының образдарымен байи түседі. Бала
білгенін топтап қорыту дәрежесіне көтерілмей-ақ, заттардың белгілі бір
тобына тән алдымен олардың біреуінде ғана бар ортақ белгілердң, сонымен
бірге бала
өзі белгілерін жекелеген образдарды қолдана бастайды. Балалар түсінігінің
бұл ерекшеліктері қазіргі кезде көптеген педагогтар мен психологтар бала
дамуының түсініктерінің ерекшеліктері ретінде көңіл қоя, зерттеп жүрген
балалар салған суреттерден ерекше көрінеді.
Балалар салған суреттердің олардың жасына қарап өзгеріп отыратындығын
зерттеген В.Штерн, Г.Фольккельд, К.Бюлер, Дж.Селди, Л.Мак-Картн тағы басқа
авторлар өз еңбектерінде төмендегідей шешімдерге келді.:
1. 5-7 жастағы балалардан өздеріне жақсы танысзарттардың қате, көбіне
барынша кеміс етіп салынған байнелерін ала отырып, авторлар осы
суретер балалардың барынша қате түсінігінің дәл жаңғыртылуы, яғни
бейнелеу бейнелеу мен теңестіріледі деп дәлелденген.
2. Балалардың заттарды бейнеленуіндегі тұрақты процесті байқай отырып,
В.Штернге ілесе, балалар салған суреттер бойынша олардың түсінігінің:
дүниедегі бар заттарды бейнелеудің барынша ұсақ салынған, схемаға
құрылған және осыған тән символикалық белгілерінен бастап, заттардың
шын суреттеріне дейінгі даму сатыларын анықтайды, яғни бала дұрыс
түсінікке өсіп жетілетіндей.
3. Заттарды бейнелеудегі әрбір жаңа кезеңнің тууы және олардың өмір сүру
мерзімі баланың жас шамасына сәйкес анықталады, яғни биологиялық
факторлардың әрекетіне байланысты. Үйрету баланы бейнелей білудің
жоғары сатысына көтере алмайлы.
Әрине, заттарды қабылдай білмеуіне байланысты балалар түсінігінің
өзіне тән көптеген ерекшеліктері болады, сондықтан да баланың, әсіресе
бұрын таныс емес зат туралы елесі көбінесе көмескі, дәл емес және әлсіз
болып келеді.
Бала есінің үзінді түрінде болатындығы – олардың қабылдауындағы
бөлшектеушіліктің біріктірілмейтіндіктің нәтижесі. Бүтін заттың кейбір
детальдрын белгілей отырып, оның мәнді құрамдас бөліктерін қабылдамай
және олардың арасында балатын өзара байланысты ерекшелемей-ақ балалар
қабылдаған заттары туралы үзінді түріндегі елесін сақтайды. Уақытқа
байланысты кейбір мәліметтер түсіп қалады, кейбіреуі өзіне жақсы таныс,
бірақ басқа бір жақтан білгенімен бұрмаланылып немесе алмастырылып
жатады.
Есте сақтаудағы мұндай қателіктер балалр қабылдауының пісіп-
жетілмегендігінің және балалардың есінде бар материалды пайдалана
алмауының тікелей нәтижесі.11.176
Есете сақтаудың ерікті және еріксіз түрлері болады. Осыдан біраз ғана
бұрын еріксіз есте сақтауға ешқандай айтарлықтай мән берілмеген. Бұл
процестің негізінде мектепке дейінгі баланың көңіл күйіне кездейсоқ
ерекше анықтығымен ерекшеленіп көкейіне қонып әсер ететін, әрекеттің
ұзақ уақыт немесе тұрақты қайталануы жатады. Зерттеулер балалардың
еріксіз еске қалдыруы кейде тіпті әдейі ерікті еске сақтаудан әлдеқайда
тиімді, әсерлі болатынын көрсетті.
М. Истамина мұны 5-7 жастағы балалардың белгілі бір сөздерді ір
түрлі жағдайларда айтылуына байланысты естерінде сақтап қалуынан көрсетіп
берді. Егер тапсырма лабораториялық тәжірибе жағдайында берілсе, 5-6
жастағылар-1,5, жеті жастағылар-2,3 сөзді, есіне ұстап қалғаны анықталды.
Ал енді осы сөздер ойынға немесе еңбек әрекетіне кірістіріліп, дүкеннен
сатып алуға тиісті немесе белгілі бір тапсырманы орындау үшін әкелінуге
тиісті белгілі заттарды білдірсе, онда әсіресе жастағылар үшін есте қалар
сөз қоры ерекше көбейетіндігі байқалды. Бұлай еткенде, кейбір жеті
жастағы балалар, дүкеннен сатып әкелінуге тиісті тағамдардың атын толық
білудің қажеттілігін түсініп, есте сақтаудың кейбір тиімді жолдарын
қолданатындығы байқалады. 7. 182.
Себептің ролі Т. Н. Баларичтің еңбегінде жақсы көрсетілген.
Зерттеуде себеп есте сақтаудың нәтижесін ғана өзгертіп қоймай, ерікті
және еріксіз есте сақтаудың тәсілдерінде түбегейлі өзгертіп жіберетіндігі
белгілі болды. Балалар психологтары: Баланың есте сақтауы оның
қызығушылығы,-дейді.
Есте қалғанды мағыналық түсінудің жолдары әр түрлі. Мысалы,
кез-келген әңгіменің, ертегінің тексін есте
сақтап қалу үшін жоспар құрудың мәні бар.
Мектепке дейінгі балаларға жоспарды суреттердің орналасу реті
бойынша жасауға болады. Мұндай иллюстрациялар болмаған жерде бала ертегінің
басында және аяғында қандай суреттер салуға болатындығын ғана айтып бере
алады. Қабылданған текстің жоспарын жасау жолында жүргізген осындай жұмыс
оны есте сақтауда ғана емес, жалпы ой қызметін дұрыс жолға қойып,
жаттықтыруда да аса пайдалы болып шығады.
Іс-әрекет мақсатына байланысты ес ырықты және ырықсыз болып бөлінеді.
Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс
мақсатты бағдарланған болса ырықты сипатқа ие боллады. Мектепке дейінгі
балалаық шақ ырықсыз зейін және естіңбасым болатын шағы. Бала өзі үшін
тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және
назарын аударып өзі есте қалатынды есінде сақтайды. Сөздік пікірлерден гөрі
көрнекі бейнелер әлдеқайда оңай есте қалады. Тіпті тексті есте қалдыруда
мазмұнынан гөрі ырғақ пен ұйқастың көбірек маңызы бар. Алайда бұл мектеп
жасына дейінгі балада ырықты зейін мен әдейі еске сақтауға қабілетсіз деген
сөз емес. Мектепке дейінгі шақтың соңында зейінді ұзағырақ ырықты басқару
мүмкіндігі қалыптасып, жеті (7) жасқа қарай бейнелік еспен теңелетін сөздік
мағыналы ес дами бастайды. Нақты қызметтік ес адамның нақты іс-әрекет
мезетімен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты
іске қосылады.
Ес күрделі прцесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады.
Бұлардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Ол арнайы есте
қалдыру және еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.
Есте қалдырудың басты формасы – ниеттелмеген миемикалық әрекет, яғни
мақсатты болмаған арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру.
Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына
бағынады. Есте сақтау динамикалық және статикалық түрде көрінуі мүмкін. Ес
қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы астарында психологиялық талдауды
қажет ететін әртүрлі жағдаяттар жатыр. Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес
бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл-ес сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды
есте қалдыруға қажет болған ырықсыз естің бұзылуымен байланысты, яғни адам
жаңа ғана көрген білгенін қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ
өткендегілермен түгелдей, жақсы болжастыра алады.
Ес дәрежесі бірдей екі адамды табу қиын. Естің дәлдігі – ешбір
жаңылмай ойдыңтәртібін бұзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті. Мектепке
дейінгі шақта есте сақтау қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке
дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту туралы Л. С. Выготскийдің
сөзімен айтсақ: баланың даму өрісінде ес процесі бір деңгейде көрініс
бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт-дейді.
Естің жақсы сапаларының бірі – даярлығы. Естің қорынан кез-келген
уақытта қажет нәрсені миына тоқи алатын есінің өрісі кең адамдарда болады.
Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер құлағымен естігендерді жақсы
қалдырады. Осындай ерекшеліктер балалар арасында жиі кездеседі. Оларды
мынадай етіп жіктеуге болады:
1. Есте қалдыруы шапшаң. Есте қалдырғанын көпке дейін ұмытпайтын
балалар.
2. Есті баяу қалдырғанымен ұмытпайтын балалар.
3. Есінде қалдыруы тез болғанымен тез ұмытатын балалар.
Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты.
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын
алады. Мектепке дейінгі балалардың тәрбие процесінің негізгі мақсаттарының
бірі-баланың есте сақтау қабілетін үзіксіз дамытып отыру. Әр жастағы
балалардың есінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде
жақсы көрсетілген, олардың біразы заңдылықтар ретінде қарастырылған. Осы
заңдылықтарға сүйеніп, баланың есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау әрбір
тәрбиеленушінің міндеті. Бала есінің дамуына жүру, айналасындағылармен
қарым-қатынас жасауға талпыну, ойын елеулі орын алады. Бес жастан бастап
балада естің жоғары түрлері (ерікті есте қалдыру, қайта жаңғырту) көрінеді.
Балабақша мектепке дейінгі балалардың логикалық есін дамытуда үлкен
роль атқарады. Балалардың есін тәрбиелеуде тәрбиеші олардың жас және дара
ерекшеліктерін қажетті ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Алғашқы образдың
есте берік және барлық жағынан сақталып қалуының ерекше мәні бар, - дейді
К. Д. Ушинский, - өйткені балалардың есінде алғашқы образдар неғұрлым
берік, оп-оңай сақталатындығын көреміз. 3. 90-101.
Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау қабілеті біршама
дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін
дамыту, Л. С: Выготскийдің сөзімен айтсақ, баланың даму өрісінде ес процесі
дір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра
білуіміз шарт.
Д. Б. Эльконин: мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның
ойлай білу және есте сақтау дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті
дамыту үлкен өзгеріс сәті – бала алдында есте қалдыру мақсатын қойып, тиіс
тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше
рет қайталауды (арнайы миемикалық іс-әрекеттің пайда болуы дейді.
Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін
Л. С. Выготский мен Л. Н. Леонтьев кеңінен қарастырды. Л. С. Выготский
пиктограмма деген тәсілін ұсынды.
Ал орыс психологы Нечаев мектеп жасына дейінгі балалардың есте
сақтауы дегеніміз – олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен
естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы
рецепторлардың бәрін біріктіре қолданған да ғана тиісті мағлұматты есте
қалдыру деген тұжырымдама келтірілген.
Зерттеушілер назарында мектеп жасына дейінгі балалардың ерікті және
еріксіз есте сақтаудың дамуы болды. Д. Б. Эльконин өз еңбектерінде мектеп
жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің дамуындағы негізгі өзекті
бағытты қарастырады. Ерікті және еріксіз есте сақтаудың эффектілік деңгейі
бірдей, 5 – 7 жас аралығына дейінгі жас аралығының еріксіз есте сақтау
эффектілігі ерікті есте сақтаудан жоғары.
Бірақ, бес жастан төмен мектеп жасына дейінгі жас аралығындағы ерікті
есте сақтаудың эффектілік еріксізден жоғары болады деді.
А. Н. Леонтьев өзінің жұмыстарында мектеп жасына дейінгі балалардың
есте сақтауының дамуындағы жоғары формасы туралы сөз қозғайды. Оның
позициясы бойынша адамзат атаулысының филогенетикалық дамуымен есте
сақтаудың жоғарғы формасының дамуы да қатар жүреді. Бала жасындағы есте
сақтаудың даму формасының заңына сүйеніп, А. Н. Леонтьев паралелограмм
принципін ұсынды. 8. 121-124.
Леонтьевтің сөзіне сүйенсек, бұл процесті бала бойындағы тәртіптің
социализициялық прцесі деп қысқаша сипаттауға болады. Процесс түйіні есте
сақтаудың жоғары биологиялық сипаты, тәртіптің даму жолындағы күрделі
функциялық жүйесінің, психологиялық процестердің құрылымы жоғары дәрежеде
болады, оның ішінде баланың социалды жетілуінің шарттарын орындау функциясы
және келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі
балалардың жас аралығының есте сақтау процесі табиғи және кіршіксіз
қалпында қалады деуге болады. Балалар тәжірибе жүзіндегі ұсынылған ішкі
қатарының әрекеттерін қалыпты қолдануға қабілетті.
Баланың жеке басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын
алады. Мектепке дейінгі балалардың тәрбие прцесінің негізгі мақсаттарының
бірі – баланың есте сақтау қабілетін үздіксіз дамытып отыру. Әр жастағы
балалардың есінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде
жақсы көрсетілген, олардың біразы заңдылықтар ретінде қарастырылған. Осы
заңдылықтарға сүйеніп, баланың есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау әрбір
тәрбиеленушінің міндеті.
Бала есінің дамуына жүру, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға
талпыну ойын елеу орын алады. Бес жастан бастап естің балаларда жоғары
түрлері (ерікті есте қалдыру, қайта жаңғырту) көрінеді.
Ес – бір-бірімен ұштасқан бөліктерден құралған күрделі психикалық
процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъекті жеке
басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап соңғғы пайдасына жаратады. Ес
дегеніміз сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының адам миында сақталып
қайтадан жаңғыртылып танылып, ұмытылуын бейнелейтін прцесс. Сонымен бірге
ес күрделі психикалық прцестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту,
тану, ұмыту секілді прцестерден тұрады. Бір нәрсені еске сақтау оны
байланыстыру деген сөз. Ес прцесінің негізі болып табылатын байланыстарды
психологияда ассоциация деп атайды.
Ес еске сақталған қабілетті яғни есте сақтау қабілеті аз зерттелген
қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық тұрғыдан үш бөліктен тұрады:
ақпараттарды қабылдау, оны сақтау және мерзімінде қайтадан жаңғырту, еске
түсіру. Бұл үшеуі еске сақтаудың үш кезеңі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетінің
физиологиялық негізі туралы академиа М. Ливанов пен оның шәкірттері
зерттеген. Қорыта келсе естің дамуы баланы оқыту, үйрету барысында пайда
болатын нейрондардың қозуды өткізуі. Ойда қалдырылатын не қайта
жаңғырылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді. Олар: қозғалыс,
образдық сөз логикалық және эмоциялық естер.
Қозғалысы есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын
қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қапйта жаңғыртып отыруды айтады.
Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда
қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды.
Ойдың түрлі формаларын еске қалдыра ала қабілеті сөз – логикалық ес
деп аталады.
Балабақша мектепке дейінгі балалардың логикалық есін дамытуда үлкен
роль атқарады. Балалардың есін тәрбиелеуде тәрбиеші олардың жас және дара
ерекшеліктерін қатты ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Алғашқы образдың есте
берік және барлық жағынан сақталып қалуының ерекше мәні бар, - дейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
Сөйлеу - акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы
Жас балаға ойлау тым ауыр
Балалардың дамуы мен тәрбиеленуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестеріне талдау беруге көшелік
Пәндер