Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ 7

1. 1. Қазақстан Республикасы Президентінің институтының құрылуы және дамуы 7

1. 2. Қазақстан Республикасы Президенті - адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі 21

1. 3 Қазақстан республикасы Президентінің сайлануы және қызметінен босатылу тәртібі 30

2 Қазақстан Республикасы Президентінің атқаратын қызметтері 44

2. 1. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері 44

2. 2 Қазақстан Республикасы Президентінің актілері 48

3 ТМД ЕЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 54

3. 1. ТМД елдеріндегі президенттік институтының қалыптасуы 54

3. 2. ТМД елдері президенттерінің сыртқы саяси өкілеттіктері 57

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік басқару нысаны объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде Қазақстанға президенттік институтты енгізу посттоталитарлық уақыт пен өтпелі кезеңнің талабына сай келіп, қиыншылықтан шығудың дұрыс жолы болды.

Сонымен қатар, басқару нысанынан елдін, тарихи -ұлттық ерекшелігі, қоғамның саяси- мәдени дәстүрі, халық менталитетінің белгілері орын алуы керек. Тек осы жағдайда ғана оның барлық қолайлы, жағымды сипаттары толығымен айқындалып, нәтижесінде мемлекеттік билікті толықтай тиімді қамтамасыз етеді. Керісінше, ұлтқа жат идеялар мен саяси институттарды күштеп будандастыру қоғамдық қатынастарды шиеленістіруге, қоғамды түсініксіз мемлекеттік нысанның көлеңкесінде қалдырып, тоқырауға әкеліп тірейді.

Екі ғасырдан астам өмір сүрген Америка континентінде пайда болған президенттік институт бірте-бірте жаңа кеңістікті жаулап алды. Дегенмен, бір континенттен екінші континентке, бір елден екінші елге, бір тарихи кезеңнен келесісіне өтуде ол неше түрлі өзгеріске ұшырады, яғни, демократияның өзіндік ұғымын бейнелейтін, қоғамдағы тұлғалық рөлі мен орнын білдіретін жаңа ерекшеліктер мен сипаттарға ие болды.

Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға деп атап көрсетті Ата Заңымыз [1] .

Тарихи тұрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [2, 159б] . Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.

Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысынан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру өзекті әрі өте қажет мәселе.

Академик Н. А. Сахаровтың «Жалпы айтқанда, президенттік институтты талдауға байланысты мәселе келешекте кеңінен және әр алуан және жан-жақты анық зерттеуді қажет етеді» [3, 173б] деген пікірі көңілге қонатындай.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл жұмыста қолданылған теориялық материал жұмыстың тақырыбының ғылыми өңделу жағдайы біздің тақырыбымыздың тек жеке бөліктерін бейнелейтінін көрсетті: жалпы президенттік институттық бағытта ғылыми зерттеулерді көптеген отандық ғалымдар: Олардың қатарына, елімізге белгілі ғалымдар: С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, М. Т. Баймахановтың, З. Ж. Кенжалиевтің, В. А. Кимнің, Ө. Қ. Қопабаевтың, А. К. Котовтың, С. Н. Сабикеновтің, Ғ. С. Сапарғалиевтің, А. А. Черняковтің, М. Х. Матаеваның, А. Т. Ащеуловтің, Ж. Н. Баишевтің, С. К. Амандықованың, Э. Б. Абдрасуловтың, Ж. Д. Бусурмановтың, К. К. Атхожиннің және т. б. зерттеулерін жатқызамыз.

Ресейлік және басқа да шетелдік ғалымдар: А. С. Автономов, О. Е. Кутафин, В. Д. Мазаев, Н. А. Михалева, Б. С. Эбзеев, Т. Е. Хабриева, В. Е. Чиркин, В. О. Лучин, Л. В. Лазарев, Н. И. Марышева, И. В. Пантелеева, Н. Н. Тартаковская, Л. А. Лунц, В. П. Звеков, және т. б. еңбектерінде белгілі дәрежеде сөз етілді.

Бұл бітіру жұмысында қолданылған талдау құқықтық, сондай-ақ тәжірибелік және басқа теориялық материал осы зерттеуді жүргізуге негіз болып табылады. Алайда қазіргі кездегі халықаралық аренадағы саяси және экономикалық өзара қатынастың, құқықтық, демократиялық қарым-қатынастың даму кезеңінде таңданылған зерттеу тақырыпнамасы Қазақстан Республикасындағы Президентінің конституциялық-құқықтық жағдайына қатысты жеке мәселелерді тереңірек түсінуде жаңа түрткі болады.

Зерттеу пәні . Зерттеу жұмысының пәні Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесін, ТМД елдері Президенттерінің құқықтық мәртебесін, олардың өкілеттігін бейнелейтін атаулы мемлекеттердің негізгі заңдары, осы тақырыпта атқарылған ғылыми еңбектер мен тәжірибелік материалдар.

Диплом жұмысының объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық-құқықтық жағдайы жағдайының негізгі теориялық мәселелері жатады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенттің конституциялық-құқықтық жағдайы мен өкілеттіктері ерекшеліктерінің қалыптасуының себеп-салдары мәселелерін зерттеу болып табылады.

Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді:

- «президенттік институт», «президенттің өкілеттігі», «президенттің функциялары» ұғымын сипаттайтын анықтамаларды талдау және мазмұнын ашу.

- Президенттің мемлекеттік биліктің әр түрлі тармақтарымен өзара байланысы мен қарым-қатынасын ашу;

- ТМД елдеріндегі президенттік институттың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашу, президент өкілеттіктеріне сипаттама беру;

- президенттік институттың мемлекеттік-құқықтық мәртебесінің алуан түрлі үлгісінің қызметтік мазмұнын анықтау;

- Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу
кезеңін негіздеу;

- президенттік республиканың қазақстандық үлгісінің конституциялық- құқықтық ерекшелігін көрсету;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы проблеманың маңыздылығымен де, сондай-ақ, осы мәселені көтерудің тарихи мәнділігімен және өңдеу дәрежесін есепке ала отырып, оны зерттеуді кешенді түрде жүргізумен анықталады. Қазіргі заманғы мемлекеттердегі президенттік басқару нысаныныд пайда болуынын, және Президент өкілеттіктерінің ерекшеленіп қалыгггасуы мен дамуының тарихи-құқықтық аспектілерін зерттеуде әртүрлі пәндердің методологиялық мүмкіндіктерін, оның сындарлы элементтерін президенттік институттьщ қазақстандық үлгісін талдауға енгізуарқылы интеграциялауға ұмтылысы жүзеге асырылған.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Президенттік институт демократиялық мемлекет үшін қуатты атқару билігі идеясының неғұрлым жарқын көрінісі ретінде тарихи қалыптасты.

2. Президенттік институттың әр түрлі елдерде қызмет ету тәжірибесі
оның қоғам дамуының тұрақты кепілі болуға қабілетті екендігін,
қажетті жағдайда азаматтардың негізгі құқықтары мен
бостандықтарын, бір қалыптан екінші қалыпқа айналуды жүзеге
асырудың ықпалды құралы екендігін дәлелдейді.

3. Қазақстан Республикасы Президенті шығаратын заңға сәйкес
актілер негізінен атқару билігі органдарының қызмет аясына
қатысты болуы тиіс.

4. Президент функциясы оның дамуының әр түрлі кезендерінде мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттарға, мемлекеттік басқару жүйесіне байланысты (президенттік, жартылай президенттік және парламенттік) қойылып, осы мақсаттарды жүзеге асырудың құралы болып табылады.

5. Президент функциясының мазмұны әр түрлі ішкі және сыртқы факторларға байланысты анықталады.

Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Бітіру жұмысты жазу барысында, ғылыми нәтижелерді алуда жалпы ғылыми әдістер мен арнайы ғылыми танымдар: диалектикалық, салыстырмалы талдау, функционалды жіктеу және т. б. қолданылды

Зерттеудің теориялық маңызы диплом жұмысының нәтижелері мына төмендегідей теориялық қорытындылар мен ережелердің қалыптасуына ықпал етеді:

- Президенттік институт біздің еліміздегі және әлемнің барлық
елдеріндегі мемлекет пен қоғам өміріндегі тұрақтылықтың, қоғамның
саяси дамуының кепілі болып табылады;

- Заңнама шығармашылық ролін жүзеге асырудың кұралы болып
табылады;

- Азаматтарға демократиялық құқықтары мен бостандықтарын толық
пайдалануға мүмкіндік береді;

- Ол заңға, құқыққа негізделеді, құқықтық ой тудырып, дамытады,
құқықтық сананы қалыптастырады, осыдан барып мемлекеттік
басқарудың субъектісі ретінде тұлғаның мінез-құлқының әлеуметтік
негіздерін қалыптастырады;

- Президенттік институт демократиялық мемлекеттердің құрылуының
аса маңызды факторы болып саналады;

- Президенттік институт мемлекеттін, әлеуметтік-құқықтық жағдайының барлық жиынтығының ықпалымен қалыптасады және
белгілі бір дәрежеде мемлекеттің тарихи дамуымен негізделетін
қоғамның психологиялық және интеллектуалдық нышанына
байланысты болады;

- Президенттік институтты құрудың маңызды алғышарттарының бірі
қоғамда өз азаматтарымыздың көпшілігінің экономикалық және
саяси мүдделерін білдіретін және олардың мемлекеттің саяси
өміріндегі белсенділігін көрсететін жетекшісі болып танылуы;

- Әлеуметтік тұрақсыздық жағдайында демократиялық мемлекет үшін тарихи күшті атқару билік идеясын көтеруде қоғам мен мемлекет ісін басқарудың жаңа нысандарын іздестіру;

- Осы шеңберде жүргізілетін іс-қимылдар, келешекте Қазақстанда президенттік институт үлгісінің қалыптасуы мақсатқа сай болуын көздейді. Сондай-ақ елдегі президенттік басқару жүйесінің республикалық мәнінің конституциялық біртұтастығы сақталады.

Диплом жұмысының құрылымы зерттеу объектісі мен пәні және мақсатымен айқындалып, кіріспеден, үш тараудан, жеті бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бітіру жұмысының көлемі: 69 беттен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

1. 1 Қазақстан Республикасы Президентінің институтының құрылуы және дамуы

1991 жылдың желтоқсанында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрамына кірген одақтас республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес мемлекеттер құрды. Кеңестік Социалистік қазақ республикасы жойылды. Оның аймағында қазақстан республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар: қазақ КСР- нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация, қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 жылы және 1995 жылы Конституциялары. Аталған конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, құқықтық мемлекет құру туралы ойларды алға салды [4] .

«Халықтың билік етуі жарияланды Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден - бір қайнар көзі - халық Халыққа негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес, сонымен басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс беру арқылы (референдум), талқылау арқылы, сондай - ақ Парламент депутаттарына сайлау арқылы тікелей және жанамалап мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Халық тікелей мемлекет басшысын - Президентті сайлады» [5, 74б] .

Егеменді және тәуелсіздікті жариялау. Қазақстан Республикасының Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізгі белгілері аталған. Оларға жататындар: өзінің аумағындаболуы, оның тұтастығы, қол сұғылмау және бөлінбеуінің жариялануы; өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдар жүйесінің болуы; өзінің дара азаматтылығының болуы; Халық Парламент, Президент және үкімет қабылдайтын өзінің заңдарының болуы; Қазақстан Республикасының жер жүзі мемлекеттер жүйесінде терезесі тең жағдайы болуы. Тәуелсіздік, егеменді деген сөз - қазақстан көрші мемлекеттерден, басқа елдерден біржола тәуелсіз деген емес. Жер жүзі мемлекеттерінің барлығы бір - біріне белгілі сәттерден тәуелді, өзара қатынастырып анықтайтын принциптерін мойындайды, бейбітшілік негізінде өмір сүруге талпынады, қарым - қатынас жасады, адамның құқығын құрметтейді, т. с. с. Осы тұрғыдан Қазақстан Конституциясы адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттарының талаптарына толығынан сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын баянды етеді. Оған дәлел - Конституцияның адам және азаматты алдыңғы қатарға қоюы.

Әрине, қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі; Конституцияда құқықтар мен бостандықтар жариялануымен ғана анықталмайды. Азаматтарға оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындай жағдай туғызу керек. Ол үшін мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтқысыз, адам орындаулары қажет. Сонымен қатар әрбір адам өзінің көптеген құқықтар мен бостандықтарға ие бола отырып, қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында міндеттері бар екенін түсінуі қажет.

Конституцияда адамдардың ұлтына қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі баянды етілген. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Ұлттардың теңдігі туралы ой Конституцияның барлық қағидаттарында нық орын алған.

Қазақстан Республикасының егемендігінің маңызды белгісі - онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілік орган - Қазақстан Республикасының Парламенті. «Мемлекет басшысы - Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды» [6, 15-19бб] .

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазлғандай, Қазақстан Республикасы - біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтатығы - оның әкімшілік - аумақтық бөлшектерінде құралатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік - аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихи және қазіргі замандағы ерекшеліктері бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституциясы бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында ала ауыздық болмауына қамқорлық жасайды.

Мемлекет биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша мемлекет басшысы ретінде нақ Президент билік тармағының әрқайсысының қызметіне белсене араласады. Президент деген ұғым конституциялық құқылық мағынада «мемлекет басшысы» дегенді білдіреді. Бұл қызмет сөл үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған.

Президент қызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалады, онда алғашқы Президенті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайланады деп белгіленеді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды [7] .

Кейін 1991 жылғы 16 қазанда президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президент Республика халқының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлануы көзделді. Осы Заң негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант қабылдады. Республика Президенті: Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардын құқытары мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін-деп халқына ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі - деп есептелінеді әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде болу мерзімін есептеуінің басы болып табылады.

Соңынан 1998 жылғы 7 қазанда Конституцияға енгізген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды [8] .

Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы Қазақстан Республикасының Президенттік биліктің төртінші тармағы ретінде қарауымыздың мәні мынада. Шын мәнінде Президент барлық билік тармағынан оқшау тұр. Себебі, Конституциялық тұжырымдарға сәйкес -ол -мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтайтын, ел ішінде және халық аралық қатынастарда

Қазақстан атынан өкілеттік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуінің және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп - ол халық пен мемлекеттің билік бірлігін, Конституцияның адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында көрсетілген міндеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіліктер бергенін атап айтатын болсақ: Президент атқарушы билік саласында Парламенттің келісімімен Республика Премьер - Министрін қызметке тағайындады: оны қызметінен босатады: Республика Премьер - Министрінің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрамын белгілейді; оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Республиканың Үкімет құрамынакірмейтін орталық атқару органдарынқұрады, таратады, қайта құрады, Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелері бойынша отырыстарында төрағалық етеді: Үіметке Заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады: Республика Үкіметінің және обылыстағы, республикалық маңызы бар қалалар мен астанасы әкімдерінің актіленрінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады. Республика Премьер-Министрінің ұсынумен Республика ммемлекетік бюджеті есебін ұсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қажыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді. Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үіметтің өкіліттілігі, н тоқтатуға шешім қаблылдауға және оның кез- келген мүшесін қызметтен босатуға құқылы. Премьер - Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғандығын білдіреді.

Сонымен қатар Президент Үкіметтің орнынан түсуі туралы шешім үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай - ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылдайды. Республика Парламенттінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды: Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депуттарының Қазақстан халқына берілетін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады. Парламент сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күн ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекеленген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады.

Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырып, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Жоғары әскери атақтармен өзгеде атақтар береді. Республикаға агрессия жариялаған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекеленген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды. Қауіпсіздік кеңесін құрады. Президенттің басты міндеті - ел ішінде және халықаралық қатынастарда Президент елді халықаралық қатынастың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келісөз жүргізеді Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген өкілдерінің сенім және кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды.

Конституцияда Президент Республикасының мемлекеттік бағдарламасын бекітеді деп көрсетілгенмен, заңдарда әзірге оны әзірлеуге қатысты мәселелер регламенттілмеген Президент республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды. Республикалық референдум өткізу жөніндегі мәселеге Президент, Палаталары бірлескен отырысында бірлескен Парламент, Үкімет, азаматтар бастамашы бола алады. Референдумға Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдармен, заңдарын қабылдау және оларды өзгерту.

Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері.

Қазақстанда президенттік институт билігінің қалыптасуы ең алдымен тарихи объективтік факторлар жиынтығынан және субъективтік алғышарттардан тұрады. Бұл алғышарттардың екеуі де жақындап қалған КСРО-ның ыдырауының әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және идеологиялық шарттармен және қоғамда саяси түбірлі өзгерістер қажеттігінід өсуімен, бұдан әрі мемлекетті басқарудың жаңа, кеңестік дәуірден кейінгі нысанына ауысу шарттарымен тығыз байланыста болды.

Қазақстанда президенттік басқару нысанының басым болуы бірнеше факторлардан: атап айтқанда, шынайы саяси процесс және қалыптасқан азаматтық қоғам жағдайында саяси партиялардың болмауынан; мемлекеттік органдардың қоғамды, оның тұрақтылығы мен дәйекті дамуын ыңғайлы басқаруға қабілетсіздігінен; өкіметтің күш-жігерін жұмылдыруды қажет ететін құқықтық мемлекеттің бастапқы кезеңінің қалыптасуынан; елдің экономикасын қайта кұру жөнінде жедел де қажетті шешімдерді қабылдау арқылы экономикалық процесстерді реттеу; сондай-ақ азаматтардың елді бір адамның басқаруына үйреншікті мінез-құлқынан тұрады. Сондықтан да Қазақстанда президенттік институттың пайда болуы объективті де, субъективті де факторлардан тұрады. АҚШ Конституциясында белгіленген "билікті бөлудің" классикалық қағидасы мен Европа елдеріндегі "тежемелік пен тепе-теңдік" жүйесінің америкалық үлгісі қазіргі тавда жеткіліксіз. Сондықтан да билікті бөлу қағидасын тереңдете түсіп, атқарушы билікті екі күшті билікке - мемлекет басының билігі мен үкімет билігіне бөліп қана қоймай, саяси-мемлекеттік өмір құрылымын өзгерту де қажет болды.

Қоғамның саяси-құқықтық болмысын адам мен азаматтың жеке өмірінің құндылығьша айырықша назар аударылатын ізгіліктіліктіктің жалпыәлемдік бағытына сай даму талаптарына сәйкес болғандықтан оның құқығы мен бостандығы қазіргі тавдағы кез-келген конституцияның негзін қалауда. Бұл қағида Қазақстан Республикасы Конституциясының да негізін құрайды. Осы орайда Қазақстан Конституциясы президенттік институтты жеке адамның құқығы мен бостандығының кепілі ретінде белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МӘРТЕБЕСІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесі
Азаматтар және қоғамдық бірлестіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz