Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны



1. Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны.
2. Болашақ муғалімдерді әдістемелік дайындау.
3. Мектептегі информатика ж/е ЕТ курсының тақырыптарын оқып.үйрену әдістемесі. Информатика негізін оқытудың құрылымы. Информатика бойынша мектептік білім берудің стандарты.
4. Сабақ . информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі
5. Информатика курсындағы кіріспе сабақтардан ұйымдастыру
6. Программалау тiлiн оқыту әдiстемесi
7. Диалогты сызықтық алгоритмді программалау.
8. Ензізу барысындағы жіберілетін қателерден қорғау.
9. Ақпаратттандырудағы информатика пәні мұғалімнің ролі.
10. Информатика курсындағы модульдік оқытуды пайдалану және оны іске асыру.
11. Информатика курсында оқулық элементтерді пайдалану әдістемесі.
12. Информатика курсында оқытушы . бақылаушы программаларын құру
13. Информатика оқытушысына қойылатын талаптар: әдістемелік, арнайы білім және нормативті ұйымдастыру.
14. Информатикадан өткізілетін кластан тыс жұмыстар. Кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және әдістемесі
15. ЭЕМ математика үйренудің математика облысында ғылыми зерттеудің құралы
Жалпы білім беретін орта мектепте "Информатика және есептегіш техника негіздері " курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мүнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылды. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі. Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
1. Оқытудың мақсаты (He үшін оқытамыз)
2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз)
3. Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз)
4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз)
5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз)

Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектептердегі информатиканы оқытудың мақсаттары. Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты- әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздөрінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл - ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. Сонымен информатиканы оқытудың білім беру дамытушылық мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін, жеке түлғалық қасиөтін қалыптастыруға, ақыл - ойын, ойлау өрісін ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған. Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдыларын және іскерліктермен қаруландыру. Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар қүру, оларды ЭЕМ-да оырндау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жаупкершілікпен қарау, сенімді тәртәптә болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритімді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді. Информатиканы мектепте оқытудың алғашқы кезеңінде компьютерлік сауаттылықты ғана қалыптастыру мәселесі қойылды, ал мүның мағынасының тар екенін тәжірибе көрсетіп, дәлелдеп отыр. Ал қазіргі кезеңде информацилық мәдениөтті қалыптастыру қажет екені керінеді. Олай болса, информациялық мәдениет дегеніміз не? Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдындағы түрған міндет оқушыға әлемнің информациялық бейнесіне түсіндіру. Информациялық бейне дегеніміз не? "Ол оқушыға езін қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретін информациялық байланыстар мен сигналдар, бөлгілер жүйесінің жиынтығы; информациялық ағымды ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмүнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси - әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымын жетілдіру," - деп түсіндіреді Н.Ф. Талызина. Әрине, бұл міндөтті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгөрту арқылы шешілөтіні бөлгілі. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, оқушының информациялық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни информациялық мәденитті қалыптастыру болып табылады. Ал, бүл мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог, оқушылар қауымы информациялық мәдениетпен қарулануы тиіс.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімінің кәсіптік
дайындығы, оның білім беру жүйесіндегі орны.
Жалпы білім беретін орта мектепте "Информатика және есептегіш техника
негіздері " курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа
саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі
деп аталады. Мүнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы
оқытудың заңдылықтары қарастырылды. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының
нақты кезеңіне сай зерттеледі. Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына
қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына
қойылады.
1. Оқытудың мақсаты (He үшін оқытамыз)
2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз)
3. Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз)
4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз)
5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз)

Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектептердегі информатиканы
оқытудың мақсаттары. Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты-
әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздөрінің алғашқы фундаментальды
білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың
негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Информатика ғылымының жалпы білім
берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру
оқушылардың жалпы, ақыл - ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық
қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. Сонымен информатиканы оқытудың
білім беру дамытушылық мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін, жеке
түлғалық қасиөтін қалыптастыруға, ақыл - ойын, ойлау өрісін ынтамен
дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты оқушылардың еңбекке
және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен
кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдыларын
және іскерліктермен қаруландыру. Мектептегі информатика курсының тәрбиелік
мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа
саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны
ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу
сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы
оқытудағы алгоритмдер мен программалар қүру, оларды ЭЕМ-да оырндау оқушыдан
ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете
білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат
қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жаупкершілікпен
қарау, сенімді тәртәптә болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты
қасиеттерін дамытады. Алгоритімді жазуға дағдылану жауапкершілікпен
қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді. Информатиканы мектепте оқытудың
алғашқы кезеңінде компьютерлік сауаттылықты ғана қалыптастыру мәселесі
қойылды, ал мүның мағынасының тар екенін тәжірибе көрсетіп, дәлелдеп отыр.
Ал қазіргі кезеңде информацилық мәдениөтті қалыптастыру қажет екені
керінеді. Олай болса, информациялық мәдениет дегеніміз не? Дәл қазіргі
уақытта педагогиканың алдындағы түрған міндет оқушыға әлемнің информациялық
бейнесіне түсіндіру. Информациялық бейне дегеніміз не? "Ол оқушыға езін
қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретін информациялық
байланыстар мен сигналдар, бөлгілер жүйесінің жиынтығы; информациялық
ағымды ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмүнын
сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында тура және
кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси - әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық құрылымын жетілдіру," - деп түсіндіреді Н.Ф. Талызина. Әрине,
бұл міндөтті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгөрту арқылы шешілөтіні
бөлгілі. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік
сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, оқушының информациялық қоғамда өмір
сүруге дайындау, яғни информациялық мәденитті қалыптастыру болып табылады.
Ал, бүл мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог, оқушылар қауымы
информациялық мәдениетпен қарулануы тиіс.

Болашақ муғалімдерді әдістемелік дайындау.
Әлемдегі болып жатқан өзгерістер қоғамды информатикаландыру мен
компьютерлендіру жаңа информациялық технолгия құралдарының жаппай енгізілуі
адамзаттың кәсіптік қызметіне елеулі өзгеріс әкелетін сөзсіз. Мұндай
өзгерістер мамандарды дайындауда жетілдіру қажеттілігін көрсетеді . Осыған
байланысты болашақ муғалімдерді дайындау мәселесі жай - тегнейлі зерттеу
жұргізуді талап етеді, өйткені жеке тұлғаны ізгілендіру, тұлғаландыру,
дамыту, қалыптастыру көпнесе мұғалімдерге тәуелді екені белгілі. Мұғалімді
кәсіптік дайындау жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясында
айтарлықтай орын алды. Педагогикалық кадрларды дайындық сапасын арттыру
көпдеген ғалымдардың еңбектерінен орын алады. Атап айтсақ мұғалімдердің
теориялық және методикалық дайындығын арттыру, ғылыми педагогикалық ойлауын
қалыптастыру, мұғалімнің кәсіптік маңызды сапасын қалыптастыру кәсіптік
құндылық бағаттарын қалыптастыру, жаңа технологияны пайдалану, мұғалімнің
іс-әрекет объектісіне бағдарын қалыптастыру мәселелері толы зерттелген.
Аталған мұғалімнің кәсіптік педагогикалық дайындығы мәселелерін шешуде
жетекші орын алады. Бірақ қоғам дамуының қазіргі кезеңі, дәлірек айтсақ,
адамзат өркенетінің жаңа белесіне аяқ басқан кезде бұл мәселе жаңаша
көзқараспен қарауды талап етеді. Кәзіргі уақытта өқу тәрбие процессін
компьютерлендіру жағдайында мұғалімнің кәсіптік қызметіне дайындығын жан-
жақты зерттеуге арналған бағыттар бар: мұғалімнің технологиялық дайындығын
жандандыру, оқушылардың танымдық іс- әрекетінің белсенділігін арттыру оқу-
тәрбие процессін ұйымдастыру мен басқару, оқытуды интенсивтендіру ,
компьютерлермен информатикалық технолгияны пайдалану, мұғалімнің
информатикалық әдістемелік іскерлігімен и нформациялық мәдениетін
қалыптастыру мұғалімнің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру, мектеп
пәндерін оқыту барысында компьютерді пайдалану. Енді жоғарыда аталған
мәселелерге орай болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелерін қарастырайық.
Жаңа информациялық технолгияны (ЖИТ) педагогикалық прпоцесте пайдалану ұшін
мұғалімнің белгілі бір денгйге қалыптасқан информациялық моделі болуы тиіс
және мұғалім моделінеде бұл денгей кәсіптік, жалпы білімдік, дүние танымдық
біліммен іскерліктер жиынтығы түрінде көрінуі қажет.
Бұл жиынтық мұғалімдік информатикалық (моделінің ) мәдениетінің моделі
болып табылады, ол аталған теориялық денгей мұғалімнің информатикаландыру
саласындағы дайындығы мен мақсатын анықтайды. Информатика мұғалімінің
кәсіптік дайындығының үлгісі негізгі үш бөліктен тұрады (құрылады);
1. Мұғалімнің, психологиялық педогогикалық және әдістемелік ойларын арттыру
;
2. ЖИТ-мен жұмыс істеуде іскерлігін, бейімділігін, шеберлігін арттыру.
3. Информатика және ЕТ саласында базалық білімін, ғылыми дайындығын
арттыру.

Мектептегі информатика же ЕТ курсының тақырыптарын оқып-үйрену
әдістемесі. Информатика негізін оқытудың құрылымы. Информатика бойынша
мектептік білім берудің стандарты.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде “Информатика Және
есептеуіш техника негіздері” курсы 10-11 сыныптарда оқытылуда. Орта
мектептің сатылары бша “Информатика” курсын оқыту 3 кезеңге бөліп
қарастырамыз.
1. Пропедевтикалық кезең (1-6 сынып.) жаңадан танысу, бірінші ақпарат
мәдинеттілік элементі оқу – ойын бағдарламасын, компютерлік треножерлерді
пайдалану арқылы қалыптасады
2. Базалық курс(7-9 сынып ) бұл міндетті тұрде жалпы орта білім беретін
деңгеиде дайындау үшін.
3. Профильдік курс (10-11 сынып). Оқушының таңдауы бойынша міндетті түрде
профильдік түрде өткізіледі
Информатика пәні бойынша типтік бағдарлама –информатика курсын оқытуда
тікелей басшылыққа алатын 1-кезектегі құжаты, қазіргі кезде информатика
пәні бойынша әр-түрлі варианттары бағдарламалар үсынылып жұр.
Типтік бағдарлама: Курстың структурасы беріледі, курстың қысқаша мазмұны,
әр тақырыптың сұрақтары, оқушының біліміне және біліктілігіне қойытын
талаптар көрінеді.
Информатика базалық курсының негізгі бөлімі төмендегі мәселелерді қамтиды:
Ақпарат. Ақпараттық процестер бөлінуі:
• ақпараттық информациялық, ақпараттық процестер және басқару
процестері ақпараттық негіздер түсініктерімен;
• ақпаратты өңдеу, сақтау же беру тәсілдерін қамтитын мағлұматтармен
байланысты,
Алгоритм және програмалау бөлімінде:
➢ алгоритм мәні, оны бейнелеу тәсілі мен құрлымы;
➢ компьютермен есеп шығару кезеңі;
➢ программалау тіл құрылымы, командалар мен операторларға байланысты
мәселелер қарастырылады; Логика және программалық функциялар;
➢ логика және сөйлем түсінігімен;
➢ ЭЕМ-ң логикалық негіздері және логикалық операциялармен байланысты
мәселелер қарастырылады;
'' Ақпараттық технология '' бөлімінде:
▪ операция жүйе түсінігімен;
▪ әр түрлі редактциялардың жұмыс жасау түрлерімен;
▪ Электрондық, кесте және МҚБЖ
“Модельдеу” бөлімінде:
• формальдау әдісімен;
• нақты объектілер мен құбылыстарды зерттеу үшін арнаулы ЭЕМ-н пайдалану
мәселелері;
“ЭЕМ – ді пайдаланушылар ” бөлімінде:
• Windows ОЖ жалпы түсінігімен;
• әр түрлі редакторлармен ;
• әр түрлі кестелермен;
• МҚБЖ байланысты мәселелер қамтылады;
“Әлемдік ақпараттық қоғам ” бөлімінде;
• жаңа типті ақпараттық технология;
• ақпараттық қоғам; глобальды ақпарат: желі,интернет же әлемдік байланыс
туралы мағлұмат;

Сабақ - информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
негізгі түрі сабақ болып қалыптасады. Мектептегі сабақ класс-сабақ
жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар: 1) оқу
топтарының құрамы; 2) әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау; 3) оқу
сабақтарының нақты белгіленген кестесі; 4) оқушылар жұмыстарының жекелей
және бірлескен түрлерін ұштастыру; 5) мұғалімнің жетекші ролі; 6) оқушылар
білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс-
сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі
болып келеді. Өзінің тарихында оқыту процесін ұйымдастыру түрлері әлемдік
тәжірибеде өзгеріссіз қалған жоқ. XIX ғасырдың басынан бастап бүгінгі
дәуірге дейін шетелдік тәсілдер жинақталды. Солардың ішінде
белльланкастерлік түрі, мангейм жүйесі, дальтон жоспары, Трамп жоспары
сияқты түрлері бар. Ал, информатика негіздерін оқыту дидактиканың
қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің
ерекшеліктерімен толықтыра түседі.
Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері
пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал,
дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған мақсатын көрсетеді. Соған
сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар: 1) жаңа сабақ (тың
хабарлар айту, түсіндіру сабағы); 2) оқушылардың шеберліктерін және
дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы); 3) оқушылардың білімін,
шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы. Көптеген жағдайларда мұғалім осы
аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды,
олардың бірнешеуіне немесе барлығына тұтастай сүйенеді. Сол себепті
тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады. Аралас сабақтың
құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың
түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды,
кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді,
оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Дегенмен, информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық
ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән
ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ,
М.П. Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ – ді қолдану
мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лабораториялық
жұмыс және практикум. Осы уақытқа дейінгі қалыптасқан тәжірибелер
информатикадан оқу сабақтарын дидактикалық функциясы бойынша топтауға
мүмкіндік береді.

Информатика курсындағы кіріспе сабақтардан ұйымдастыру
Информатика курсына кіріспеде курстың іргелі ұғымдары информация,
алгоритм және ЭЕМ талқыланады.
Сабақтың мақсаты: пәнге деген оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып,
бекіту; информатика пәнін жалпы мазмұнымен таныстыру; ЭЕМ жөніндегі
оқушылардың ұғымын кеңейтіп, қалыптастыру; компьютер класындағы жұмыс
ретімен және жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Курстың іргелі ұғымдарын түсіндіруде нақты анықтама беруге ұмтылмау
қажет.
Информация ұғымы қарапайым мысалдар арқыл түсіндіріледі.
Оқушыларға информатика пәні нені зерттейтіндігі және информацияны
пайдалануға байланысты адам қызметінің негізгі салалары туралы әңгіме
айтылуы қажет. Адам қызметінде, табиғатта, қоғамда және техникада
информацияны алуға, жеткізуге, сақтауға және өңдеуге мысалдар келтіре
отырып, информациялық процесстер туралы үғым қалыптастырылады.
Сонымен қатар, алгоритмдеуге арналған қарапайым есептер қарастырылады,
мысалы, "ешкі, қасқыр және капустаны" өзеннің екінші жағасына алып өту
тәрізді рөльмен орындалатын есептер келтіруге болады. Мұндағы есекеретін
негізгі мәселе, сызықтық алгоритм мысалдармен шектелген дұрыс. Алгоритм
ұғымын түсіндірірудің алғашқы кезеңінде тармақталған және қайталану
алгоритмдерінің мысалдарымен шатастырмау қажет. Мысалы, оқушыға күнделікті
тұрмыстық алгоритм деп көше қиылысынан бағдаршаммен өтуді талдауды ұсынуы
мүмкін. Әрине, тармақталу командасымен әлі таныспаған оқушының шатасуы
әбден мүмкін.
Сондай-ақ, кіріспе сабақта алғаш рет атқарушылармен: адам атқарушыдан
бастап, копьютерлік атқарушыға (Работ, табысқа және т.б.) дейін танысады.
Оқушылардың зейінін атқарушылардың командалар жүйесінің шектелуі болатынына
аудару қажет. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және алгоритм
ұғымын нақтылай түсу үшін қызықты есептерді мысал ретінде алған дұрыс,
мысалы, "ойлаған санды табу" алгоритмi және т.б.
Электронды есептегіш машинаның құрылымы.
ЭЕМ құрылымына жалпы сипаттама.ЭЕМ-нің құрылымын оның жеке
бөліктерінің атқаратын қызмет бойынша топқа бөліп , әрқайсысына толық
сипаттама беріледі.
Копьютерлер - информацияны өңдеу, тарату, жинақтауға арналган әмбебап
электронды есептегіш машина. Қазіргі уақатта кеңінен таралған компьютерлер-
жеке жұмыс істеуге арналған дербес компьютерлер. Дербес компьютерлер - кез-
келген жұмыс орынға тағайындалатын кіші габаритті есептегіш машиналар. Ең
танымал дербес компьютерлерге IBM PC және MACINTOSH жатады.
ЭЕМ-ның құрылымы мен қызметінің жалпы сипаттамасы (Архитектураға
компьютердің техникалык, физикалық құрылғыларының сипаттамасы кірмейді).
ЭЕМ архитектурасынынң негізгі құрылымдары: процессор, ішкі зерде,
сыртқы зерде, енгізу және шығару құрылғылары жатады. Қазіргі дербес
компьютерлердің архитектурасының барлық үлгісі магсистральді принципке
негізделген.
Процессордың қызметі:
1.Берілген программа бойынша ЭЕМ-ның жұмысын басқару;
2.. Информацияны өңдеу амалдарын орындау.
Компьютердің зердесі ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі зерде оперативті еске сақтау (ОЕС) мен тұрақты еске сақтау (TEC)
құрылғысынан тұрады. ОЕСҚ- жылдам, жартылай өткізгішті энергияға тәуелді
зерде. Оперативті есте сақтау құрылғысында осы мезеттегі орындалатын
программада тікелей жұмыс істеуге қажетті мәліметтер сақталады . Оперативті
есте сақтау құрылгысы информацияны оқуға және сақтауға пайдаланылатын
зерде. (Электор тогы өшірілген кезде оперативті есте сақтау құрылгысындағы
информация да өшеді).
Тұрақты есте сақтау құрылғысы ~ жылдам энергияға тәуелсіз зерде.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы- тек информацияны сақтауға арналған.
Информация бір рет енгізілсе үнемі сақталады.
Компьютердің құрылымдары арасындағы информациялық байланыс
информациялық магистраль арқылы жүзеге асырылады (басқаша жалпы шина).
Магистраль -дегеніміз өткізгіштер жиынтығынан тұратын кабель.
Өткізгіштердің әр бір тобына өңделетін информация беріліп, ал басқа бір
тобына зерделер адресі немесе сыртқы құрылғығылар жалғасады.
Магистральдің үшінші бөлігі бар- оны басқару шинасы дейді. Ол арқылы
басқарылатын сигналдар беріледі (мысалы: құрылғының жұмысқа дайындығы
туралы сигнал). Шина бойынша бір мезгілде жіберілетін биттің мөлшері -
шиннің разрядтығы деп аталады.
Процессорда басқа құрылғыға жіберілетін кез-келген информация,
шинадағы мәліметтер адресі арқылы жіберіледі. Бұл оперативті зердедегі
ұяшықтың адресі немесе перефериялық құрылғылардың адресі болуы мүмкін.
Компьютер процессорының негізгі сипаттамалары. Процессор- компьютердің
ортаңғы құрылғысы. Микропроцессор дегеніміз- бүл дербес компьютер
процессорының қызметін атқаратын аса жоғары интегралды схема.
Микропроцессор күрделі микроэлектроника технологиясынт қолдану жолымен
жартылай өткізгіштік кристалдарда құрылады.
Информациямен жұмыс істейтін универсал атқарушы ретіндегі компьютер
мүмкіндіктері процессордың командалар жүйесі арқылы анықталады. Бұл
командалар жүйесі машиналық командалар тілін береді. Машиналық командалар
тілінің командаларының компьютерінің жұмысын басқару командалары құрылады.
Әрбір жеке команда компьютердің әрбір жеке әрекетін анықтайды.
Машиналық командалық тілінде арифметикалық, логикалық амалдарды,
командалардың орындалу тізбегін орындалу амалын, мәліметтерді зерденің бір
құрылғысынан баска құрылғыларына тарту амалдарын атқаратын командалар бар.
Басқару құрылғысы берілген программа бойынша компьютердің барлық
құрылғыларын жұмысын басқарады. Арифметикалық логикалық құрылгы
-процессордың есептегіш қүралы. Бүл құрылғы программаның командалары
бойынша арифметикалық, логикалық амалдарды орындайды.
Регисторлар - бұл процессордың ішкі зердесі. Әрбір регисторлар
черновик ретінде пайдаланып, процессордың орындаған есептеу жұмыстары
арқылы шамалардың нәтижелері сақталады. Әрбір регистордың анықталған
қызметі бар. Команда есептегіш регистірінде программаның команданың кезекті
атқарылатын командасы сақталатын ЭЕМ зердесі ұяшығының адресі орналасады.
Командалар регисторде атқарылып жатқан команда сақталады.
Алғашқы мәліметтер мен команданың атқарылуы нәтижесі сақталатын регисторлар
бар. Алынған нәтиже регисторда оперативті есте сақтау зердесінің ұяшығына
жазылуы мүмкін.
IBM PC дербес компьютерлерінде INTEL фирмасының процессорлары
пайдаланылады. Компьютерлердегі INTEL 286,386,486, ал жоғарғы модельді
PENTIUM процессорларының сериялары: PENTIUM, PENTIUM MMX, PENTIUM PRO,
PENTIUM 2 т.б. MACINTOSH дербес компьютерлерде MATAROLO фирмасының
процессорлары қолданылады.

Программалау тiлiн оқыту әдiстемесi
Праграммалау тілін оқытудың мақсаты. Жалпы білім беретін орта мектепте
программалау тілін тереңдетіп оқыту информатиканы оқытудың мақсаттары болып
табылмайды. Мұның айтарлықтай себептері бар.
1 Оқушылардың ұғымдық аппаратын байытып, білімін бекітуге ұмтылу. Бұл
жағдайда МҚБЖ, Паскаль, QBASIC және т.б. тілдердің бірі болуы мүмкін, бірақ
машинасыз кәсіптілікті кеңейту мүмкін емес.
2) Олимпиадаға дайындық. Егер олимпиада ескі дәстүр бойынша үлкен
комбинаторикалық есептерді программалау ретінде өтетін болса, онда мықты
программалау тілісіз жүруі мүмкін емес.
Қазіргі Турбо жүйелер программаны тек аударып, орындап қана қоймайды,
сонымен бірге көрнекі диалогты ортада жұмыс істеуге үйретеді. Бұл оқу іc-
әрекетінің қуатты да, әдістемелік жүйесін тапқан құралы болып табылады.
Мұндай ортада программа тексіне синтаксистік талдау эксперттік жүйедегідей
орындалады, ал программаның қадам бойынша орындалуы-экспертік жүйедегі
шығару процесін демонстрациялауға үқсас.
Сонымен, программалау тілін оқу бірінші немесе екінші, кей жағдайда
үшінші деңгейдегі тілмен шектелуге тиіс: тіл- есеп шьіғарудың тиімді
құралы; тіл тұжырымды аса маңызды құрал - оқу объектісі болып табылады.
Оқыту құралы. Оқыту құралы бұл синтаксистік талдаушысымен бірге
орнатылған, текст енгізуге арналған редакторы бар компилятор. Ал
әдістемелік құралға тілдің баяндалуы жатады. Егер қателер туралы
хабарламалар ағлшын тілінде болатын болса, онда нұсқаудың бөлігі ретінде
оның ана тіліндегі аудармасын беру қажет.
Оқыту әдісі мен түрлері. Мектептік алгоритмдік тілден кейінгі
қарастырылатын екінші тіл тасымалдау, салыстыру және ұқсастыру жолымен
оқытылады. Сөзбен түсіндіру барынша азаяды. Мысалы, Паскаль тіліндегі атау
мектепгік, алгоритмдік тілдегідей құралады. Егер бірінші тіл машинасыз
оқытылса, онда екінші тіл бірінші тілден машинаға алгоритмдерді аударып;
оны жүзеге асыратын құралдың қызметін атқарады. Мүндай жағдайда бірінші
тіл, егер оның деңгейі жоғары болса, қызықты болып көрінеді. Онда оқушылар
МАТ-де алгоритмді ойланып жазып, одан кейін оны ешқандай ойланбастан
программалау тілінде аударады.
Алгоритмнің жазылуынан практикаға көшкенде МАТ-дегі командалар тексіне
түсіндірмелері бар ашық программалар әдісін пайдалану өте ыңғайлы.
Мұндағы аса маңызды тәсіл - бірінші тілдің құрылымдарын толық
түсіндіріп немесе сол бірінші тілдегі алгоритммлен есепті шығару. Оқушы
тілді меңгеріп қана қоймайды, сонымен бірге екі тілді өзара салыстырып
отырып түсінеді. Бұл жерде екінші тіл алдыңғы алған біліміне қосымша
толықтыру немесе оны екінші жағынан қарастыруға болады.
Тағы бір айта кететін мәселе - кейбір есепті шығаруға бірінші тілдің
жеткіліксіздігі немесе қолайсыздығы болып табылады. Қазіргі уақытта
автоматтандырьлған оқыту жүйелері арқылы тідді әдісі жиі қолданылатыны
белгілі.
Мұнда оқушылардың белсенді іс-әрекеті тіл ортасында тұрақтысөздік
талқылауға алмасады. Ізденімпаз оқушылар міндетті түрде үйретуші
программаның қалай құрылғанын көргісі, яғни оның қаншалықты
ашықтылығын білгісі келеді. Ашық программалармен жұмыс істеу
барысында алдымен, программаның жібірілуі, тоқтатуы және үзілуі жөнінде
қысқаша түсініктеме беріледі. Бұдан біртіндеп нақты дербес есептерді
шығаруға көшеді.
Тілді баяндау тәсілдері бірінші тілмен салыстырғанд екінші тілде
баяндау формальды болып келеді. Баяндаудың алғашқы тәсілдерінің
бірі - металингвистикалық формулалар мен олардың ұқсастығы .
Бұдан синтаксис оқылатын тілде келтірілмеген белгілеулердің
көмегімен жалпыланған түрде. яғни "метатілдердің * пайдаланылуымен
сипатталады. Мысалы .
Атау:=Әріпілитер...3
мұндағы бұрышық белгі арқылы объектінің атауы, квадрат жақша
ненің болмайтын ,"...*— қайталанатынын көрсетеді. Бұл қатаң, әрі
*артық * көрнекілік тәсіл . Түсініктілеу болу үшін мұны диаграмма түрінде
көрсетуге де болады.
Есептердің типтері. Программалау тілін үйренуге байланысты
есептерді былай топтауға болады:
▪ Тілдің құрылымы мен олардың арасындағы байланысқа тәуелді
{ циклдағы тармақталу т.с.с ;
▪ Информация типіне қарай {сан, текст, кесте, файлдар);
▪ Оқушылардың іс-әрекетінің түріне қарай: дайын програмаларды
меңгеру , дайын алгоритмді аудару (MAT- ден программалау
тіліне немесе керісінше) . Дайын программаны түрлендіру . ашық
программадағы бос орындарды толтыру , оқушылардың өздерінің жасаған
програмалары .
Енді есептерге байланысты үйретілетін тілдің енгізу тәсілдерін
қарастырайық. Бұл жерде есеп тілдік құралды пайдалануға түрткі
(себеп ) ретінде қарастырылады .

Диалогты сызықтық алгоритмді программалау.
Егер компьютерде МҚБЖ немесе МАТ болмаса, онда Бейсикпен жұмыс істеуге
тура келеді. Алгоритмнің бірыңғайлығы үшін Бейсик тіліндегі алгоритмді
қарастырайық.
Оқыту мақсаты:диалогты программалар логикасын түсіну, комакданы
атқаруды меңгеру, дискіге жазу және катологгы қарау.
Ұсынылатын командалар: енгізу, шығару командалары, түсіндірмелердің
жазылуы. Оқыту әдісі:дайын программа мысалы, ары қарай өзінің жалғастыруы.
Мазмұны: формула бойынша есептерді программалау. Диалогты тілдерде оқушылар
бірден дисплеймен жұмыс істеп кетеді, өйткені текстінің үлкен бөлігін олар
тікелей режимде өздері дайындайды. Есеп былай тұжырымдалады: формула
бойынша есептеуте арналған сызықтық алгоритмді құрыңдар;
берілгендерді диалогпен енгізіңдер.

Ензізу барысындағы жіберілетін қателерден қорғау.
Диалогты программа құрып үйренген окушылардың белсенділігі арта түседі.
Мағынасыз мәліметтер енгізуден программаны қорғау әлі күнге дейін жүзеге
асырылған емес (ондай қателердің түріне үшбұрыштың қабырғаларының
ұзындығына теріс мән беру, т. с. с. жатады).
Енді мысал келтірейік. 'Кейін" пайдалану командасын адамның
араласуымен тексеру қажет болсын. Программа мәліметті қабылдағаннан кейін
шартты тексеру, егер ол шарт сақталмаса, мәнді қайтадан енгізеді.
Программа фрагменті Паскаль тілінде былай жазылады:
REPEAT
WRITE (Ракетаның старт алғандағы массасын енгізіңіз МО0):');
READLN МО; ('массаны енгіз")
UNTIL МO0;
Жұмыс мазмұны: жалған мәліметтерді енгізуден программаны қорғауға
қажетті тілдің командаларын меңгеру.
Жұмыс түрі: программадағы қателердің жіберілуі жайлы ауызша әңгімелеу,
қорғауға арналған мысалды талдау, содын ала дайындалған программаны оны
қорғау максатында түрлендіру бойынша оқушылардың дербес жұмысы.
Командалар: көшіру командалары, қайталану командасы, логикалық өрнек.
Оқыту әдісі: өзінің дербес жұмысындағы ашық программа мысалын талдау,
жалпылау және нақтылау.
Оқушыларға циклмен мәліметтерді енгізудегі осындай түрлендіруден кейін
жалған мәлімет енгізіп, программаның жүрмейтіндігіне көз жеткізуге
болады. Енгізуге арналған мәліметтердің дұрыстық шарты программадағы
нұсқауға енгізілген, енгізуде қате болған жағдайда нұсқаумен бірге
қайталанады.
Бейсик тілінде одан ары қарай IF және GOTO операторларының көмегімен
циклды ұйымдастырудың құрылымдық тәсілін беруге болады.
Мұндай цикл екі команданың да қарапайым жөне жалпыланған құрылымын түсінуге
жеткілікті.
Программалаудағы диалог оқушылардың қызығушылығын едәуір арттырады.
Егер бірінші тіл диалогты болмаса, онда бақылауы бар циклдың үлкен
дидактикалық міндеті бар:
қайталану санын оқушылардың өзі басқарады, сондықтан
қайталану саны белгісіз циклдың жұмысын түсіндіруді нақтылау қажет;
цикл ЭЕМ- ның ішінде жасырынып тұрған жоқ, ол циклдың шартын тексеру
үшін мәліметтерді сұраумен, қадаммен және кідіріспен орындалады.

Оқушылардың білімін тексеру және бақылау түрлері және әдістемесі.
Есепті шешудің этаптары. Математикалық модельдерді құру. Сөз және кестелік
алгоритмді құру.
Білім тексерудің оқу процесіндегі орнын анықтау үшін оның атқаратын
қызметін білу қажет. Информатиканы оқыту кезінде білім тексерудің
үйретушілік, диагностикалық, баақылаушылық, түзетушілік, дамытушылық,
болжаушылық, бағалаушылық, тәрбиелеушілік жөніндегі қызметі көрсетеді.
Білім тексерудің үйретушілік қызметі бұрын меңгерген материалдар мен
игерген іскерліктің басын қосып жинақтайтын, қайталайтын және одан әрі
пысықтай түсетін жаттығулар мен есептер жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Диагностикалық қызметі білімдегі жетістіктер мен кемістіктерді дер
кезінде анықтауға, соның нәтижесінде тапсырмаларға т.үзету енгізу, сабақтың
барысы мен мазмұнын өзгертуге, жалпы оқу процесін қайта қарауға мүмкіндік
туғызады.
Бақылаушылық қызметі оқушылар білімінің күйжатын, олардың ойлау
қызметінің даму деңгейін анықтауға, оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру
машықтарын зерттеуге мүмкіндік береді.
Білім тексеруде диагностикалық және бақылаушылық тығыз байланыста.
Білім тексеруге қойылатын талаптар:
1. Әділдігі. Тексерудің әділдігі деп оның нәтижесінің шындыққа сәйкес
келуі.
2. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Алғаш білімді объективті бағалау-
оқытушылық педагогикалық қабілеттілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты.
3. Білім тексерудің тәсілдері: Аызша тексеру-оқушылардың біліміндегі
олқылықтарды оларға кездесетін қиындықтарды толық анықтауға және жою
жолдарын көрсетуге мүмкіндік туады. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру.
Оқушылардың білімін компьютерде тексеру.
Бақылау түрлері: ағымды, периодикалық, қортынды.
Периодикалық бақылау - программаның үлкен тарауларын оқып үйренген кезде.
Периодикалық бақылау болып бақылаужұмысы.
Модель - нақтылы объектіні қандай да бір түрде бейнелейтін жасанды
құрылған объект.
Математикалық объект - деп берілген процестерді зерттеу үшін физикалық
мәні әртүрлі болса да, ұқсас математикалы өрнектермен бейнеленетін
құбылыстарды қарастыру тәсілі аталады.
Сөздік алгоритмді және кестелік алгоритм құру.

Мысалы: S= формула. D- диаметр, H- биіктік бойынша цилиндрлік дененің
бетінің ауданын есептеу.
D H ПD ПD2 ПD22 ПDH S
Сөздік алгоритм. Мыс: Y=формула
1. оқы X
2. егер X(1, 5 – ке бар
3. Y := 1 – X
4. 6 – ға бару
5. Y := формула
6. Y – ты шығару
7. соңы
1 – есеп СССҮ табу.
1. a,b – ны оқы
2. егер a (b, 5 – ке бар
3. M := b
4. 6 – ға бар
5. M := a
6. M – ды шығару
7. соңы.
Білімді қадағалап бақылаудың үш тәсілдері бар:
Ауызша сұрау, жазбаша бақылау сұрақтары, текстік жұмыстар.
1. Ауызша сұрау әр сабақта жүргізіледі, әуелі өткен материалды текесеру
және қайталау, соңында білімді бекіту. Ауызша сұраған кезде құралдар,
үлгілер, кестелер қолданылады. Оқушы әрбір сабақта өткен материал бойынша
өз білімі мен біліктілігін шындай отырады.
2. Бақылау жұмыстарында әдетте 3 мәселе енеді:
a. Теорияны білуі.
b. Білімді керек жағдайда қолдана білуі.
c. шешімге шығармашылықпен қадам жасауы.
3. Текстік жұмыстар. Текстік бақылау әдісі оқушылардың білім деңгейін
тексерудің өте тиімді.
Дифференциалдап оқытуда білімді бақылау.
Дифференцация дегеніміз - оқушыларды қандай да ерекшеліктерінің
негізінде топтастырып оқыту.
Дифференциалдап оқытудың негізгі бағыттары:
1. оқушыларды қабілеті бойынша топтау;
2. кәсіби бағадар бойынша топтау;
3. сынып ішінде дифференциалдау.
Қазіргі кезде жоғарғы білім беретін мектептерде дифференциалдап
оқытуда әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде дифференциалдың маңызды
түрі - деңгейлік дифференцация. Оның негізгі ерекшелігі оқушыларға
берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі
мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың дифференциалдануы бөлінеді.

Ақпаратттандырудағы информатика пәні мұғалімнің ролі.
Қазіргі уақытта Қазақстан дамудың индустриялық кезеңінен ақпараттық
кезеңіне біртіндеп аяқ басуға бет бұрды. Адам өмірінде компьютерлердің
белсенді орын алуы осыған байланысты. Сондықтан жаңа технологияларды
игеруге қажетті білім мен дағдының жаңаруы өндіріс құрылымын өзгертудің
маңыздылығын арттыра түсті. Мұндай жағдайда елдің одан ары дамуы үздіксіз
білім беру жүйесін тиімді ұйыдастырумен тығыз байланысты. Үздіксіз білім
беру қоғамның әрбір мүшесінің білімін көтеруге немесе мамандығын арттыруға
жағдай жасап, оны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындайды. Бұл орайда
жаңа ақпараттық технолгиялар мен оларды пайдаланудың жаңа әдістемелік
құралдарын дайындаудың ролі зор. Олар бір жағынан, халық шаруашылығының
түрлі салаларындағы жаңа технологияларды игеруге жағдай жасайды, екінші
жағынан, білім таратушы ретінде оқыту құрылғылары болып шыға алады.
Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп - көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі
информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады.
Жаңа ақпараттық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы,
әсіресе, дербес компьютерлер көмегі арқылы, информацияны дайындау, жинау,
жеткізу және өңдеу технологияларын айтады. Информациялық процестер -
адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық
өмірде информацияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Қазақстанның білім беру жүйесін 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшірудің негіздемесі
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
12-жылдық білім беруге көшуде информатиканы оқытудың теориялық негіздері
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Педагогикалық технологияны талдау сызбасы
Пәндер