Құрсақ ішінде ұрық дамуына биологиялық ықпалдардың әсері



1 ҚҚұрсақ ішіндегі ұрық дерттері дамуында
Анасының дұрыс қоректенбеуінің маңызы
2 Құрсақ ішінде дамитын дерттердің жалпы
Патогенезі
3 Анасында эндокриндік бездердің қызметтерінің Бұзылыстары
Аталық жасуша мен аналық жасушаның бірігуінен пайда болатын зиготадан туылғанға дейінгі ұрық дамуының қалыптыдан ауытқуларының барлық түрлері пре немесе антенатальдық дерттерге жатады. Бұлардың көріністері болып организм функцияларының бұзылыстарына әкелетін туа біткен ағзалар мен жүйелердің даму ақаулары есептеледі. Олар нәрестелердің туылу кезіндегі шетінеуінің көптнген мөлшерін құрайды.
Дерт туындатқыш әсерлерге аталық және аналық жыныстық жасушалар, олардың бірігуінен пайда болған бластоцистер, жатырдың қабырғасына жабысатын эмбриондар және ұрық ұшырайды. Осыған байланысты құрсақ ішіндегі дерттер гаметопапиялар, бластопатиялар, эмбриопатиялар және фетопатиялар деп ажыратылады.
Гаметопатиялар- ұрықтануға дейінгі жыныстық жасушалардағы дерттік өзгерістер. Олар аяқ астынан түсік тастауға, тұқым қуалайтын аурулар дамуына әкеледі.
Бластопатиялар- ұрықтанудан кейінгі алғашқы екі апта кезіндегі зиготалардың бүлінуі. Бұл кезде дерт туындатқыш әсерлерден хромосомалардың ажырауы бұзылуы немесе зиготаның жатыр қабырғасына енуі кешеуілдеуі мүмкін.
Бірінші жағдайда бластопатия қрықтың жалпы дамуы мен оның тұла бойының қалыптасуының бұзылыстарыменкөрінеді. Осыдан қосымша тұтас организм немесе оның жекелнген мүшелерінің артық дамуы, өзара біріккен егіз балалардың туылуы байқалады. Екінші жағдайда негізінен нәресте өлі туады.
Эмбриопатиялар- ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуінен бастап бала жолдасының қалыптасуына дейінгі бүлінуі. Эмбрион даму ерекшклігінің бала жолдасымен көпшілік ағзалардың қалыптасуы ерекшеленеді.
1. Ю.Афаносьев. Гистология.

2. Ж.О.Аяпова. Гистология, цитология, эмбриология.

3. С.А.Ажаев. Гистология, цитология және адам эмбриологиясы.

4. Е.О.Қуандықов, С.А.Әбілаев. Медициналық биология және генетика.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
.

Аталық жасуша мен аналық жасушаның бірігуінен пайда болатын зиготадан
туылғанға дейінгі ұрық дамуының қалыптыдан ауытқуларының барлық түрлері пре
немесе антенатальдық дерттерге жатады. Бұлардың көріністері болып организм
функцияларының бұзылыстарына әкелетін туа біткен ағзалар мен жүйелердің
даму ақаулары есептеледі. Олар нәрестелердің туылу кезіндегі шетінеуінің
көптнген мөлшерін құрайды.
Дерт туындатқыш әсерлерге аталық және аналық жыныстық жасушалар,
олардың бірігуінен пайда болған бластоцистер, жатырдың қабырғасына
жабысатын эмбриондар және ұрық ұшырайды. Осыған байланысты құрсақ ішіндегі
дерттер гаметопапиялар, бластопатиялар, эмбриопатиялар және фетопатиялар
деп ажыратылады.
Гаметопатиялар- ұрықтануға дейінгі жыныстық жасушалардағы дерттік
өзгерістер. Олар аяқ астынан түсік тастауға, тұқым қуалайтын аурулар
дамуына әкеледі.
Бластопатиялар- ұрықтанудан кейінгі алғашқы екі апта кезіндегі
зиготалардың бүлінуі. Бұл кезде дерт туындатқыш әсерлерден хромосомалардың
ажырауы бұзылуы немесе зиготаның жатыр қабырғасына енуі кешеуілдеуі мүмкін.
Бірінші жағдайда бластопатия қрықтың жалпы дамуы мен оның тұла
бойының қалыптасуының бұзылыстарыменкөрінеді. Осыдан қосымша тұтас организм
немесе оның жекелнген мүшелерінің артық дамуы, өзара біріккен егіз
балалардың туылуы байқалады. Екінші жағдайда негізінен нәресте өлі туады.
Эмбриопатиялар- ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуінен бастап бала
жолдасының қалыптасуына дейінгі бүлінуі. Эмбрион даму ерекшклігінің бала
жолдасымен көпшілік ағзалардың қалыптасуы ерекшеленеді.Бала жолдасы мен ана
плацента ұрық жүйесі қалыптасуының бұзылуы ұрықтың өліміне немесе
эмбрионның жалпы дамуы кідіруіне және оның тіршілік қабілеттілігі
төмендеуіне әкеледі. Ағзалардың қалыптасуы бқзылуы жекелеген ағзаларда
ақаулардың дамуымен көрінеді.
Фетопатиялар- құрсақ ішінде дамудың 76- тәулігіне немесе
жүктіліктің 12-аптасынан туылуға дейінгі ұрық днрттерінің жалпылама аты.

Құрсақ ішінде ұрық дамуына
Биологиялық ықпалдардың әсері.

Жаңа туған нәрестелердің шетінеуінде құрсақ ішінде дамитын
жұқпалардың маңызы зор. Құрсақ ішінде дамитын дерттердің пайда болуында
әртүрлі жұқпалардыңмаңызы әртүрлі. Бұл кезде анасының жұқпалы аурулармен
сырқаттану жиілігімен ұрықтың бүліну жиілігі бірдей болмайды. Мәселен,
анасында жиі кездесетін тұмау ұрықтың бүлінуіне сирек әкеледі.
Құрсақ ішінде ұрық дамуының соңғы сатыларында вирустардың енуі
әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің бұзылыстарымен сипатталады.
Мұндай жағдайларда жаңа туған нәрестелердің толық жетілмеушілік белгілері,
қоршаған ортаның жағымсыз ықпалдарына бейімделу мүмкіншіліктерінің
жеткіліксіздігі, ақыл есі мен дене құрылымдары дамуының кешеуілдері
байқалады.
Қызамық, цитомегалия, ұшық, өызылша, қарамық, полиомиелет және
инфекциялық гепатит вирустарының әсерлерңнен құрсақ ішінде ұрық дамуының
бұзылыстары жақсы зерттелген. Қызамық туындатқыш вирустың тератогендік
әсері болатыны белгілі болды. Оның әсерінен ұрық тіршілігін жоғалтуы мүмкін
немесе жүректе, мида, есту ағзаларында ауытқулар пайда болады. Сондықтан
әйелдерде бұл дерт жүктілітің 12-

16апталарында болғанда, іштегі ұрықты жасанды түрде тусік тастауға ұсыныс
жасау қажет.

Құрсақ ішіндегі ұрық дерттері дамуында
Анасының дұрыс қоректенбеуінің маңызы.

Іштегі баланың дамуы үшін шешесі тамақтың құрамы мен мөлшері
бойынша дұрыс тамақтануы керек. Шешесінің тамағында әсіресе нәруыздар мен
витаминдердің тапшылығы ерте түсік тастауға, баланың өлі тууына немесе
эмбрион дамуының дерттеріне әкеледі. Жүкті әйелдердің құрамында
нәруыздардың жетіспеуі құрсақ ішінде ұрық дамуының барлық кезеңдерінде оның
өсуі мен сақталуына қажетті жаңа құрылымдар қалыптасуын тежейді. Нәруыздар
анасының организмінде эндокриндік бездердің қалыпты секрециясы үшін қажет.
Сондықтан олар тағамда аз болуынан анабездердепрогестерон түзілуі азаяды,
бластоцистердің жатыр қабырғасына бекуі нашарлайды. Шешесінің организиінде
нәруыз тапшылықты анемия, іштегі ұрықта гипоксия дамиды. Жүкті әйелдердің
ішетін тамақтарында А,Е витаминдерінің қатты тапшылықтары өз беттерінше
құрсақ ішінде бала дамуын баяулатып, даму ақауларының пайда болуына
әкеледі.А, Е витаминдерінің жетіспеуінен іштегі баланың қол саусақтарының
сүйектері дұрыс қалыптаспайды, көзінде, терісінде, жүрегінде қалыптыдан
ақаулар пайда болады.

Құрсақ ішінде дамитын дерттердің жалпы
Патогенезі.

Ауру туындататын себепкер ықпалдар ұрыққа тікелей әсер етуі
мүмкін. Мәселен, радиация, жұқпалар, мутагендер,. Сонымен бірге олар жатыр
мен бала жолдасының арасындағы қан айналым бұзып әсер етуі мүмкін.
Бала жолдасы тасымалдық, тыныстық, зат алмасулық, тосқауылдық
және эндокриндік қызмет атқарумен қатар өз жүйесіндегі иммундық қатнастарды
реттейді.Оның:
ТАСЫМАЛДЫҚ- қызметінің бұзылуы нәтижесінде ұрыққа қажетті қоректік заттар
түспейді де нәрестенң гипотрофиясы байқалады.
ТЫНЫСТЫҚ- бұзылудан ұрықта және жаіа туған нәрестелерде оттегәнің
жеткіліксіздігі болып, құрсақ ішінде дамудың кешеуілдеуі, гипоксиялық
энцефалопатия дамиды.
ТОСҚАУЫЛДЫҚ- бұзылудан ұрық организмінде әртүрлі уытты заттар, вирустар мен
микробтар, канцерогендер жеңіл өтіп кетеді. Оның эндокриндік қызметінің
бұзылуынан ұрықтың ішкі сөлденіс бездерінің қалыптасуы, жетілуі, өзара
реттелуі бұзылады. Бала жолдасында қан айналымның бұзылыстары оның негізгі
атқараиын қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.Туар алдындағы кезеңде бала
организмі бүліністерінің дамуында бүлдіргіш ықпалдың әсер ету күшінің
маңызы үлкен. Тым күшті әсерлердің нәтижесінде, ұрықтың шетінеуіне
әкелетін, оның дамуы қатты баяулайды немесе бала туғаннан кейін тіршілікке
өте қауіпті ауыр даму ақаулары байқалады.Мұдай жағдайды физиологиялық
жетілмеу деп атайды.

Анасында эндокриндік бездердің қызметтерінің
Бұзылыстары.

Анасында ішкі сөлденіс бездері қызметтерінің бұзылуы жыныстық
жасушаның, ұрық даму кешеуілдеуінің себебі болады. Ұрықтың қалыпты дамуы
үшін тиреоидтық гормондар мен инсулиннің маңызы өте зор.Сонымен бірге
анасында соматотропин мен андрогендердің жеткіліксіздігі де оған белгілі
мөлшерде әсер етеді. Гипофиз бен гипоталамус ядроларының бүліністері
гонадотропин өндірілуін бұзып, жыныстық жасужалардың ондірілғһуін азайтады.

Анасында гипотиреоз дерті болғанда иіштегі баланың пішін
қалыптастыруы және туған балалардың ақыл есінің дамуы бұзылады. Өйткені
анасында тиреоидтық гормондар жетіспеуінен іштегі баланың қалқанша бездері
артық қызмет атқарады. Артынан олардың қалжырауынан гипотиреоз
дамиды.Гипертиреозы бар әйелдерде жүктіліктен уыттану, іштегі баланың өлімі
жиі байқалады, тірі туған балаларында эндокриндік, әсіесе қалқанша,
бездерінің қызметтері бұзылады. Анасының организмінде тиреотропин көп
болса,ол бала жолдасы арқылы ұрыққа өтіп, оның қалқанша бездерін
сергітуден, жаңа туған нәрестелерден гипертреоз дамиды.Мұндай балаларда
негіздік алмасу артып, тотығу процесімен фосфорланудың ажырауы,
катаболизмдік процестерінің басымдығы байқалады.

Ұрық пен ана организмінің иммундық өзара
Қатынастарының бұзылуы.

Ұрықтың дұрыс дамуына, өсуіне және тіндердің нақтылануына қажетті
анасы мен баласының арасында күрделі иммундық өзара қатынастар болады.
Осыдан иммунитет дамуын сергітетін және иммундық шыдамдылыққалыптастыратын
механизмдер дамиды.
Бала жолдасында оның тосқауылынан өтіп кете алатын анасының ұрыққа қарсы
бағытталған антиденелері де бейтарапталынады.Бала жолдасының
иммуноглобулиндердің бөлшегіне көптеген рецепторлар болады. Солар арқылы
антиденелерді байланыстырып, оларды ьала организміне өткізбейді. Осындай
жағдай ұрықты қоршаған сұйықта да болады. Бала жолдасында иммундық
процестердің әртүлі тізбектерін тежейтін біршама медиаторлар өндіріледі, ал
трофобласттар бөгде заттарды фагоцитоздық жолмен жойып жібереді.

Іштегі ұрыққа иондағыш сәулелердің әсері.

Жүктліктің ерте сатыларында анасына иондағыш сәулелер әсер еткенде
дамитын радиациялық эмбриопатия арнайы белгілермен көрінбей,
бейспецификалық түрде өтеді.Бұл кездерде үлкен мөлшердегі сәулелер ұрықты
бүліндіріп, микроцефалия, гипоплазиямен көрінетін эмбриопатиядамытады,
артынан баланың ақыл есі мен құрылымының ауыр ақаулары байқалады. Ересек
адамдарға қарағанда туар алдындағы барлық кезеңдерде сәулеленудің нерв
жүйесі дамуының бұзылыстары болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрсақтағы ұрыққа ананың шылым шегуінің әсері
Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы
Ісіктердің жіктелуі
Протозоа дүние тармағы
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Дамудың қатерлі кезеңдері
Омыртқасыз жануарлардың түрлерінің таралуы, шығу тегі
Қошқарлардың піштіруден кейінгі асқынулары
Жыныс клеткаларының көбеюі
Пәндер