Жалпы экология, оның даму тарихы


ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ Экожуйелердің түрактылығы мен дамуы.

Жер кеңістігінде жүретін табиғи процестерге әсер тигізетін тіршілік екені туралы XIX және XX ғасырлар аралығындағы еңбектерінде пікірін айтумен қатар дәлелдеген орыс ғалымы В. В. Докучаев.

XX ғасырдың 20-шы жыддарында В. И. Вернадскийдің еңбек-терінде биосфера Жер шарының. тірі организмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе екенін ғылыми түрде негіздеді және ол бірінші рет тірі организмдердің геологиялық ролі туралы биосфера ілімін үсынды. Ол еңбекгерінде топырақ түзу процесі ауа райынан басқа осімдіктер мен жануарлардың жиынтық әсеріне байланысты екенін көрсетті; тірі организмдердің іс-әрекеті жер қыртысының кейпін озгертетін ең негізгі фактор екенін де дәлелдеді.

В. И. Вернадский биосфера заттегі геологиялық жағынан кез-дейсоқ емес әр түрлі 7 бөлшектен түратынын атап айтты: тірі зат-тек, тіршілік (биогенді) заттегі, олі (енжар) заттек, биологиялық енжар заттек және т. б. Ол ғаламшардағы барлық организмдердің жиынтығын тірі заттек ден атай отырып, оның негізгі қасиеті ре-тінде жалпы массасын, химиялық қүрамын және энергиясын қарастырды. В. И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша өді (енжар) заттек деп түзілуіне тірі организмдер қатыспайтын био-сферадағы заттектер жиынтығы айтылады.

Бяотеңщ заттектер организмдердің тіршілік әрекеті нәтиже-сінде пайда болған химиялық қосылыстар, тіршілікпен қүрылған және енделген заттектер. Олар өте күшті потенциадцы энергия көзіне жатады, тірі организмдердің тіршілік әрекеті онімдерінен түрады немесе олардың шіріген қаддықтары (әктас, ақбалшықты жыныс, жаңғыш тақтатастар, қазба көмірлер, мүнай және т. б. ) болып табылатын органогенді шогінді жыныстар.

'Биологияшк енжар заттектер ерекше топтың бірі. Олардың түзілуіне биосферада бір мезгілде тірі организмдер мен өлі зат-тектерде жүретін процестер қатысады. Енжар заттектерде жүретін процестерге организмдердің қосатын үлесі өте зор. Ғаламшардың енжар заттектеріне топырак, желге мүжілетін топырақ жамылғысы, барлық табиғи сулар жатады, олардың қасиеттері жер бетіндегі тірі заттектердің әрекетіне байланысты келеді.

Биосфера, сонымен, заттектер айналымын үзбей сүйемелдеп түратын ғаламшардың ең үлксн экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-осіп, кобеюіне мүмкіндік бар қабат. Оның шекарасы Жер бетіндегі 20-25 км деңгейден (атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км мүхит терендігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылып таралған.

Биомасса, өнімділік және биосфераның негізгі функциясы. Биосфераның жалпы биомассасы (қүрғақ заттекке есептелінген) шамамен 2 трлн. т, ал биомассаның әр жылдық өнімі осыдан 10 есе аз келеді. Биосфераның тірі заттегінің 99, 5% жер бетіндегі өсімдіктердің биомассасынан қүрылады. Биосфера биотасының жалпы онімділігіне сипаттама 2. 1-ші кестеде берілген.

Биосфера биотасының арқасында жылына озгеріп отыратын жалпы энергияның мөлшері 10 22 Дж. Күн энергиясының химиялық энергияға түрленіп отыруы осімдіктер мен басқа организмдердің қабілетіне, яғни олардың ғаламшар колемінде биогеохимиялық функцияларды орындауына байланысты. Биосфера арқылы алына-тын және өндіргіштермен игерілетін энергия таралып кетеді немесе олардың биомассасы арқылы бірінші реттік түтынушыға, содан соң екінші реттік түтынушыға, тағы да сол сияқты кезекпен беріліп кете береді. Энергия экожүйе күйінің мәнді функциясының бірі болып табылады.

Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель Е. Варминг, К. Мебиус т. б ғалым биологтар Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Д. Н. Кашкаров, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Н. И. Калабуков, жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізді. Н. Ф. Леваковский, С. И. Коржинский, А. Я. Гордягин, Г. И. Танфильев, П. Н. Крылов жануарлар менөсімдіктер физиологиясын зерттеп, экология ғылымының дамуына үлкен үлес қосады. Әсіресе Г. Ф. Морозовтың «Орман туралы ілімі», Биолог - ғалымдар оны орман-тоғайын зерттеушілердің атасы деп атайды. Д. Н. Кашкаровтың «орта және бірлестіктер» «Жануарлар экологиясының негіздері» ағылшын ғалым биологы А. Тэнслидің «Экожүйелері туралы ғылымы» және тағы басқа ғалымдардың ғылыми еңбектері экология ғылымдарының дамуының негізгі ұясы болып есептелінеді.

Бұдан кейін экология ғылымы дара ғылым деңгейінде көтеріліп өзінің зерттеу салаларының мақсат пен міндеттерін жетілдіре түсті. Жоғары дәрежеге көтерілді. Әсіресе суларда тіршілік ететін ағзалардың экологиясы жан-жақты зерттеліне түседі. Олардың экологиясын зерттеуге өте үлкен үлес қосқандар Л. А. Зекеевич, Г. Г. Винберг, Г. В. Никольский, Б. Г. Иоганзен болатын. Топырақта тңһіршілік ететңін ағзалардың экологиясын зерттеген ғалымдарда бар. Олар: Меркурий Сергеевич Гиляров, И. В. Кожанчиков, Г. Я. Бей-Бейсенко, В. В. Яхонтов, Г. А. Викторов насекомдар экологиясы және басқа эколог ғалымдар: В. В. Догель, Е. Н. Павловский, В. Н. Беклемишев, сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясын зерттеген ғалымдар (А. Т. Банников, Н. И. Калабуков, Н. П. Наумов, А. Н. Формозов, Г. А. Новиков, С. С. Шварц) болды. Өсімдіктер экологиясын (В. Н. Сукачаев, Б. А. Келлер, П. Д. Ярошенко және тағы басқа зерттеуші ғалымдар екенін айтпай кетуге болмайды. Осы уақытта жоғарыда аты атлған зертттеуші ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі бөлімдеріне теориялық зерттеулер жүргізіліп, олардың қорытындыларын жинақтап, аса құнды-фундаментальды ғылыми еңбектер жазылып, олар жарық көрді. Сөйтіп, бұл еңбектер студенттердің экология ғылымдары саласынан тұрақты түрде білім және тәрбие алуына септігін тигізуде.

Экология ғылымдарының әр түрлі бөлімдері бойынша көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде неше түрлі аса құнды монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар, түсіндірме сөздіктер көптеп шығарыла бастады. Александр Петрович Щенников, өзінің «Өсімдіктер экологиясы»(1950) жарыққа шықты. Б. Г. Иоганзеннің «Экология негіздері» (1959), Н. П. Наумовтың «Жануарлар экологиясы» (1963), А. Пирсанның « Жануарлар экологиясы» (1926), Ч. Эльтонның « Жануарлар экологиясы» (1934), В. Щелфорд пен Ф. Клементтің «Биология» (1939), Ю. Одумның «Экология» және « Основы экологии- экология негіздері», Р. Риклефстің « Жалпы экология негіздері» жарыққа шықты.

Ал кейінгі кезде Н. Чернова мен А. Былованың «Экология», В. А. Радкевичтің «Экология», Н. Ф. Реймерстің «Экология» және тағы басқа экология проблемаларына арналған оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Олар студенттердің экология ғылымынан нағыз білім алатын қайнар бұлағына айналып отыр. Бұл оқулықтар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Қайта қазақ және басқа ұлттар тіліне аударылып, жеткіншектердің экологиялық білім және тәрбие алуына мүмкүншілік туып отыр.

Қорытынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Экология ғылымының қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz