Қазақстанның табиғи ортасына әсер етудің әлеуметтік – экономикалық алғы шарттары



Қазақстан ландшафттарының өткен жуыр уақыттағы кезеңдеріне жоғарыда жасалған талдау, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету қарқыны ұлғайып бара жатқанын айқын дәлелдейді. Адамның іс-әрекеті өзінің көлемі мен интенсивтілігі жағынан Қазақстан табиғатының табиғи себептерге байланысты өзгеру процесінен әлдеқайда асып түсуде. Осыған байланысты табиғаттың болашақ даму тенденцияларын болжап, анықтаған кезде антропогендік әсердің формалары мен бағыты жан-жақты ескеріліп, есепке алынуы тиіс.
Қазақстан Совет Одағының жоғары дәрежеде дамыған индус-триялық-аграрлық республикасы. Күрделі қаржының абсолюттік мөлшері жағынан ол әліде 3-орын алып отыр. Қазақстан өнеркәсіптің өсу қарқыны мен урбанизация көлемі (қалалардың өсуі) жөнінде
алдыңғы орындардың бірінде.
Өнеркәсіптің құрылымында жетекші орынға түсті және қара металлургия мен машина жасау өнеркәсібі ие болып отыр. Респуб-ликаның бүкіл өнеркәсіп өнімінің 1/4 бөлігі осылардың үлесінде. Сол сияқты отын өнеркәсібінің, энергетиканың, құрылыс материалдары өндірісінің, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің үлес салмағы да елеулі.
Ауыл шаруашылық өндірісінің қоғамдық балансында Қазақ ССР ауыл шаруашылығының маңызы орасан зор. Бүкіл елдегі ауыл шаруашылық жерлерінің 37 проценті, оның ішінде егістік жерлердің 15,6 проценті, шабындықтардың 16,3 проценті, жайылымдар мен өрістердің 54,7 проценті Қазақстанның үлесіне тиген. Қазақстан астық пен мал шаруашылық өнімдерін өндіруде ТМД-нің аса маңызды ауданы болып отыр және таяу болашақта солай болып қалмақ.
Айнала қоршаған ортаға әсер етудің маңызды факторы - халық. Халқының саны жағынан республика Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында тұр. Республикада 2005 жылы 16,2 миллион адам тұрды, бұл — ТМД-ның бүкіл халқының 5,6 проценті. Халқының орта-ша тығыздығы ТМД-дегі әрбір шаршы километрдегі 11,9 орнына 5,5 адамнан келеді. Қазақстанның жекелеген бөліктері мен облыстары бойынша халықтың тығыздығы мейлінше әркелкі. Ол Қазақстанның шөл зонасы территориясында және таулы аймақтарында бәрінен де аз. Халықтың ең тығыз орналасқан аймақтары Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан. Ал Батыс пен Шығыс Қазақстан аймақтарына тән нәрсе халық тығыздығының мейлінше аздығы. Республиканың табиғат ландшафттарының әркелкі өзгеру дәрежесі де осы көрсеткіштерге сай келеді.

Қазақстанның табиғи ортасына әсер етудің әлеуметтік – экономикалық алғы
шарттары

Қазақстан ландшафттарының өткен жуыр уақыттағы кезеңдеріне жоғарыда
жасалған талдау, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету қарқыны ұлғайып
бара жатқанын айқын дәлелдейді. Адамның іс-әрекеті өзінің көлемі мен
интенсивтілігі жағынан Қазақстан табиғатының табиғи себептерге байланысты
өзгеру процесінен әлдеқайда асып түсуде. Осыған байланысты табиғаттың
болашақ даму тенденцияларын болжап, анықтаған кезде антропогендік әсердің
формалары мен бағыты жан-жақты ескеріліп, есепке алынуы тиіс.
Қазақстан Совет Одағының жоғары дәрежеде дамыған индус-триялық-аграрлық
республикасы. Күрделі қаржының абсолюттік мөлшері жағынан ол әліде 3-орын
алып отыр. Қазақстан өнеркәсіптің өсу қарқыны мен урбанизация көлемі
(қалалардың өсуі) жөнінде
алдыңғы орындардың бірінде.
Өнеркәсіптің құрылымында жетекші орынға түсті және қара металлургия мен
машина жасау өнеркәсібі ие болып отыр. Респуб-ликаның бүкіл өнеркәсіп
өнімінің 14 бөлігі осылардың үлесінде. Сол сияқты отын өнеркәсібінің,
энергетиканың, құрылыс материалдары өндірісінің, жеңіл және тамақ
өнеркәсібінің үлес салмағы да елеулі.
Ауыл шаруашылық өндірісінің қоғамдық балансында Қазақ ССР ауыл
шаруашылығының маңызы орасан зор. Бүкіл елдегі ауыл шаруашылық жерлерінің
37 проценті, оның ішінде егістік жерлердің 15,6 проценті, шабындықтардың
16,3 проценті, жайылымдар мен өрістердің 54,7 проценті Қазақстанның үлесіне
тиген. Қазақстан астық пен мал шаруашылық өнімдерін өндіруде ТМД-нің аса
маңызды ауданы болып отыр және таяу болашақта солай болып қалмақ.
Айнала қоршаған ортаға әсер етудің маңызды факторы - халық. Халқының
саны жағынан республика Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында
тұр. Республикада 2005 жылы 16,2 миллион адам тұрды, бұл — ТМД-ның бүкіл
халқының 5,6 проценті. Халқының орта-ша тығыздығы ТМД-дегі әрбір шаршы
километрдегі 11,9 орнына 5,5 адамнан келеді. Қазақстанның жекелеген
бөліктері мен облыстары бойынша халықтың тығыздығы мейлінше әркелкі. Ол
Қазақстанның шөл зонасы территориясында және таулы аймақтарында бәрінен де
аз. Халықтың ең тығыз орналасқан аймақтары Оңтүстік және Солтүстік
Қазақстан. Ал Батыс пен Шығыс Қазақстан аймақтарына тән нәрсе халық
тығыздығының мейлінше аздығы. Республиканың табиғат ландшафттарының әркелкі
өзгеру дәрежесі де осы көрсеткіштерге сай келеді.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2000 — 2005 жылдарда 22—25
процент өседі. Электр энергиясы, қара және түсті металлургия, машина жасау,
көмір, химия, мұнай-химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері одан әрі
өркендетіледі.
Республикада пайдалы қазбалардың жаңа кендері: Ақтөбе облысында хромит
рудасының, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды облыстарында темір рудасының
кендері игеріледі. Орталық Қазақстандағы Жәйрем мен Бозшакөл кендерін
игеру есебінен түсті металлургияның шикізат базасы елеулі түрде
нығайтылады. Көмір, мұнай шығару, электр энергиясын өндіру күрт артады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 11—13 процент өседі. 400 — 420
мың гектар суармалы жерлер пайдаланылуға беріледі, 15 миллион гектар шөлейт
және шөл жерлер суландырылады. Қой саны 1990 жылы 50 миллион басқа жетеді.
Қазақстан экономикасын таяу жылдарда және оданда ілгерілекте дамытудың
перспективалары, демек оның айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерінің
көлемі көп жағдайда табиғи ресурстардың, атап айтқанда минералдық
шикізаттың болуымен айқындалады.
Табиғи ресурстармен, әсіресе минералдық шикізаттын әртүрлерімен
қамтамасыз болу экономиканы өркендетуде шешуші роль атқарады. Одақтағы
хромит қорларының 94 проценті, вольфрамның 58 проценті, қорғасынның 47
проценті, мырыштың 40 проценті, мыстың 36 проценті, бокситтің 27 проценті
фосфориттердің 24 проценті, темір рудасының 14 проценті, көмірдің 10
проценті, мұнайдың 7 проценті Қазақстанда шоғырланғаны белгілі.
2000 жылға дейін осы табиғи ресурстарды пайдалану негізінде Қазақстан
халық шаруашылығының энергетикасы, отын өнеркәсібі, түсті және қара
металлургия, химия өнеркәсібі сияқты салалары одан әрі өркендеді. Мұның
бәрі көптеген пайдалы қазындылар түрлерін шығару көлемін одан әрі ұлғайтуды
талап етеді. Олардың арасында темір рудасы, хромиттер, қорғасын, мырыш,
мыс, бокситтер, тас көмір, мұнай мен газ т.б. айрықша маңызды болмақ.
Темір рудасы. Қазақстанда барланған темір рудасының жалпы қоры 7,6
миллиард тонна. Қара металлургияның шикізат базасы өркендетілетін негізгі
аудан бұрынғысынша солтүстік және Орталық Қазақстан (Лисаковск, Аят кендері
т. б.) болмақ.
Xромиттер. Хромит рудаларының қоры мен шығарылуының жалпы одақтық қорының
90 проценттен астамы Батыс Қазақстанда. Ақтөбе облысының территориясындағы
осы ресурстар келешекте де соншалықты интенсивті пайдаланылатын болады.
Түсті металдар. Мыстың, қорғасынның, мырыштың және басқа түсті
металдардың қоры мен шығарылуы жағынан Қазақстан елімізде жетінші орын
алады. Орталық Қазақстанда және Алтайда орналасқан ірі кен көздері
бұрынғысынша қорғасын, мырыш және мыс шығарылатын негізгі аудан болып қала
береді.
Көмір. Қазақстандағы көмірдің геологиялық жалпы қоры 283 миллиард
тоннадан асады, ал балансты қоры 39 миллиард тонна. Көмір шығарылатын
негізгі аудандар бұрынғысынша Қарағанды мен Екібастұз бассейндері болады.
Көмірдің едәуір бөлегі жергілікті жерде пайда-ланылып, Екібастұз ауданында
салынып жатқан қуатты төрт электр станциясының оттықтарында жағылатын
болады.
Мұнай мей газ. Қазақстанның жер қойнауында едәуір көп мұнай мен газ бар.
Онбірінші бесжылдықта мұнай мен газ шығаруды едәуір арттыру көзделіп отыр.
Ол әсіресе Батыс Қазақстан аудандарында, оның ішінде Бозашы түбегінде көп
шығарылмақ.
Металсыз шикізат. Қазақстанда металсыз пайдалы қазынды-лардың алуан
түрлері, оның ішінде борлы рудалар, фосфориттер калий тұздары, барит,
асбест, балқымалы шпат, саф күкірт, металлургиялық рудасыз шикізат,
наолинит, корунд, сода шикізат, ас тұзы, әртүрлі құрылыс материалдары, кен-
рудалық және химиялық шикізаттың басқа да турлері кеңінен тараған. Олардың
қоры орасан көп, сондықтан Қазақстанның алуан түрлі аудандарында
өнеркәсіптік көлемде өндірісті өрістетуге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы минералдық-шикізат базасын нығайту бірінші дәрежелі міндет
болып табылады. Бұрыннан кеңінен белгілі руда көздері сарқылып барады,
пайдалануға пайдалы компонепттері біршама кедей кен көздерінің қамтылуы
жиілей түсті. Мұндай жағдайда минералдық шикізат кен көздеріне шаруа
қорлықпен қарап, оларды өнеркәсіп үшін неғұлым толық пайдалану қажет.
Қазақстанның пайдалы қазындыларын пайдалануды одан әрі интенсивтендіру, сөз
жоқ, республиканың қазіргі бар және дамып келе жатқан көптеген кен рудалары
аудандарындағы коршаған ортаның елеулі түрде өзгеруіне әкеліп соктырады.
Оларда жаңа индустриялық ландшафттар пайда болады, кен өнеркәсіпті
аудандарда ауданның, су ресурстарының және топырақтың ластануы мүмкін.
Қазақстандағы қоршаған ортаның келешегі көп ретте ауыл шаруашылығының
өркендеуіне байланысты болады. Ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі 223,4
миллион гектарға тең болды, бұл — оның барлық жерлерінің 81,9 проценті. Осы
жерлердің 35,3 миллион гектары егістік, 5,4 миллион гектары шабындық, 191,2
миллион гектары табиғи жайылымдар. Орман шаруашылығының кәсіпорындары 2,2
миллион гектар, елді мекендер, өнеркәсіп орындары мен транспорт
магистралдары 15,8 миллион гектар жерді, немесе республиканың бүкіл
территориясының 6,5 процентің алып жатыр. Мемлекеттік жер қоры 14,5 миллион
гектар.
Қазақстанның бірқатар облыстарында едәуір көлемді жерлер жыртылған.
Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында бүкіл жердің 67,6 проценті, Көкшетау
облысында 55,5 проценті, Қостанай облысында 54,4 проценті жыртылған. Ал
оның бер жағында, шөлді Қызылорда облы-сында бүкіл ауыл шаруашылық
жерлерінің тек 0,6 проценті ғана жыртылған.
Республикада едәуір көп жер ресурстарының анықталғаны ауыл шаруашылығын
өркендету үшін қолайлы кәміл мүмкіндіктер ашады. Қазақстанда егістік
көлемін қосымша 42,7 миллион гектарға дейін, оның ішінде суармалы егістікті
2,4 миллион гектарға дейін ұлғайтуға бо-латынын ғалымдар қазірдің өзінде
есептеп шығарды. Бұлар қандай жерлер? Қазақстанның Солтүстік және Батыс
облыстарындағы құнары шамалы сортаң топырақты және тыңайған жерлерді игеру
есебінен жыртуға жарайтын жерлердің көлемін одан әрі ұлғайтуға болады. Сол
сияқты Сібір өзендерінің ағысының бір бөлігін Орта Азияға бұру аймағындағы
жерлерді суару есебінен де егістікті едәуір ұлғайтудың мүмкіндігі бар.
Құнарлы топырақты басқа жер резервтері түгел сарқылған. Ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіруді арттыру тек суармалы егіншілік негізінде ғана мүмкін.
Жыртылатын жерлерді елді мекендер үшін алып қою есебінен жер қорының
(оның ішінде егістіктің) едәуір ысырап болып жүргенін айтқан жөн.
Каръерлер, руда қалдықтарының үймелері, қайтадан қалпына келтіріп
құнарландыруды қажет ететін басқа да территориялар әлі де елеулі көлемді
жерлерді алып жатыр. Эрозия салдарынан, суармалы жерлерге қайтадан мекендер
орналасуы себепті ысырап болған жерлер аз емес. т.т.
Жерді басқа мақсаттарға арнап алып қою алдағы уақытта да кездесіп
отыратыны сөзсіз, бірақ мұны өнімділігі шамалы жерлерді игеру есебінен
жүргізген жөн. (Мысалы, сайларды, батпақтанған жерлерді игеру қажет).
Қазақстанның табиғат байлықтарын игерудің келешегі орасан зор дәрежеде
халық шаруашылығының су ресурстары жөніндегі барған сайын артып отырған
қажеттерін қамтамасыз ету ісіне байланысты. Шығарылған есептерге қарағанда,
Қазақстандағы өзендердің бәрінің бір жылғы ағыны 109,5 текше километр, оның
55,6 текше километрі республиканың өз территориясында, ал 53,9 текше
километрі одан тыс аймақтарда қалыптасады. Осы су ресурстарының едәуір
бөлегі Қапшағай, Шардара және басқа су қоймалары арқылы реттеліп отырады.
Сырдария, Шу, Талас өзендерінің бассейндерінде қазірдің өзінде беткі су
ресурстарының тапшылығы байқалуда. Ертіс өзені бассейінінде және Іле —
Балқаш бассейінінде әлі де біраз бос су ресурстары бар. Келешекте
гидроэнергетикалық және ауыл шаруашылық мақсаттары үшін су ресурстарын
Қазақстанның дәл осы Шығыс және Оңтүстік аудандарында пайдалану көзделіп
отыр. Бұл үшін Алтайдағы кейбір өзендер ағынының бір бөлегін Ертіс өзеніне
қосымша бұру қажет, бұл Шульба ГЭС-нің салынуына байланысты мүмкін болады.
Қазақстанның көпшілік бөлігіндегі су ресурстары тапшылығының есесін Сібір
өзендері ағынының бір бөлігін бассейндер арасында бір-біріне беру арқылы
қайтаруға болады, сондай-ақ жер асты суларының ресурсын неғұлым толық
пайдаланса кейбір қосымша мүмкіндіктер ашылады.
Айнала қоршаған ортаның келешегі өсімдік ресурстарын пайдалану сипатына
көптен-көп байланысты. Әсіресе ормандар мен жайылымдарды дұрыс пайдаланудың
зор манызы бар.
Қазақстанда ормандар 8,6 миллион гектар жерді алып жатыр. Республиканың
ормандылығы өте төмен, ол тек 3,1 процент қана. Алайда нақты ормандылық
бұдан да кем, егер шел зонадағы сексеуіл ормандарын есепке алмасақ, ол бар
болғаны 1,7 процент қана. Қазақ-стан ормандарының көпшілігінің су қорғау,
топырақ қорғау, бальнеологиялық, реакциялық маңызы бар. Өнеркәсіптік
көлемде ағаш дайындау тек Алтайда ғана жүргізіледі.
Қазақстан экономикасында табиғи жайылымдардың жемшөп ресурстарының зор
маңызы бар. Жайылым-шабындық ресурстарын пайдалану туралы айтқанда
мыналарды да ескерген жөн. Республикада табиғи жайылым жерлердің көлемі
едәуір көп (178,8 миллион гектар) болса да олардың өнімділігі өте төмен
(гектарына 1,5—3 центнер). Қазақстанның шөл және шөлейт зонасындағы табиғи
жайылымдар мен шабындықтардың жемшеп ресурстарын тек оларды суландырғанда
және мал жаюды қатаң түрде реттегенде ғана тиімді пайдалану мүмкін.
Қазақстанның жоғарыдағы қарастырылған табиғи ресурстарының негізгі
түрлері алдағы таяу болашақта республиканың халық шаруашылығын өркендету
үшін қолайлы мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан экономикасының келешегі қандай? Оның өркендеуі айнала қоршаған
ортаның жайына болашақ ландшафттардың бейнесіне қандай әсер етпек?
Әлеуметтік-экономикалық болжамдар бойынша, таяу жылдарда Қазақстан
территориясында халық шаруашылығының төменде аталатын мына салалары одан
әрі өркендейді. Олар қазірдің өзінде қалыптасқан, сондай-ақ әлі де
қалыптасып келе жатқан территориялық-өндірістік комплекстер (ТӨҚ)
шеңберінде шоғырланады.
Темір өнеркәсібі мен электр энергетикасы ірі тас көмір мен қоңыр көмір
кендері негізінде одан әрі дамиды. Өнеркәсіптің бұл салалары өркендейтін
негізгі аудандар: Орталық Қазақстандағы Қарағанды-Теміртау, Солтүстік
Қазақстандағы Павлодар-Екібастұз және Торғай, оңтүстікте — Оңтүстік
Қазақстан (Шымкентке жақын) территориялық-өндірістік комплекстер болады.
Кен шығаратын өнеркәсіптің ландшафтқа тигізетін әсері ең алдымен жер
қойнауының сарқылатын ресурстарын пайдалану түрінде көрінеді. Кеннің бетін
ашу және пайдалы қазындыларды шығару процесінде рельефтің елеулі түрде
өзгеретіні байқалады. Мұндайда карьерлер, рудниктер, шахталар, ойылып
кеткен апан-шұңқырлар, террикондар және солардан туатын антропогендік
территориялық табиғат комплекстері пайда болады. Геологиялық құрылым мен
рельефтің бұзылуына қоса жер асты және грунт суларының қоры, дебиті, режимі
мен химизмі, табиғи өсетін өсімдіктердің сипаты мен табиғи фаунанын жайы
елеулі түрде өзгереді. Кен және көмір өнеркәсіп орындары орналасқан
ландшафттардың атмосфералық ауасы өте ластанған-дығымен ерекше көзге
түседі, өйткені онда шығарылған және террикондар мен карьерлердегі бос кен
жыныстарының тозаң бөлшектері ауаға тарайды.
Топырақ та елеулі өзгеріске ұшырайды, оның үстіңгі құнарлы қабаты көп
ретте бос кен жыныстары астында көміліп қалады немесе кеннің бетін ашқанда
бүлінеді. Ал өнеркәсіптің үйме қалдықтары сай-салаларды және басқа осындай
қолайсыз жерлерді тегістеу үшін пайда-ланылатыны бар, мұны кен шығару және
көмір өнеркәсібінің қолайлы әсері қатарына жатқызуға болады.
Энергетиканың табиғатқа әсері ең алдымен мынадай көрінеді: ірі жылу
электр станциясында өте көлемді жерді алып жатады, атмосфераны,
төңіректегі территорияның топырағы мен өсімдіктерін күшті ластайды. Сол
сияқты қатты отын жағатын электр станциялардың күл қалдықтарын төгу үшін
көп жер бөлінеді, бұлда жыртуға жарамды жер ресурстарының азаюына
бастайды. Жылу электр станцияларының технологиялық қажеттер үшін едәуір
мөлшерде суды пайдаланатыны, сумен жабдықтаудың қайталама жүйесі жоқ көп
жағдайларда беткі және жер асты су көздерінің ластануына әкеліп соқтырады.
Аса ірі жылу электр станциялары атмосфера ауасын ластайды, сөйтіп
өнеркәсіпті орталықтардың эколо-гиялық ортасына елеулі түрде теріс әсер
етеді.
Мұнай шығару мен мұнай өңдеу өнеркәсібі Атырау — Индер және Маңғышлақ
территориялық-өндірістік комплекстер аймағында одан әрі өскелең қарқынмен
өркендейтін болады, онда мұнай мен газдың едәуір көп ресурсы бар.
Мұнай шығару өнеркәсібі ландшафттардың беткі және жерасты суларына
жайсыз әсер етеді. Мұнай шығару үшін көп мөлшерде су қажет екені мәлім.
Мұндайда оның бір бөлегін мұнай ластайды, ол осы күйде су қоймаларына
жетсе балық пен су құстарының қырылуына себепші болады. Ондай су
шаруашылық үшін және тұрмыста пайдалануға жарамсыз.
Химия өнеркәсібі — Қаратау-Жамбыл, Шымкент-Кентау, Атырау-Индер, Ақтөбе
территориялық-өндірістік комплекстерде ірі фосфорит, тұз және басқа кендер
негізінде одан әрі өркендейді.
Бұл кәсіпорындар төңіректегі ландшафтқа едәуір әсер етеді, ол
атмосфераның, су көздерінің және топырақтың ластануынан көрінеді.
Қазақстанда түсті металлургия келешекте осындағы ірі полиметалл кен
көздері мен түсті металдардын мол қоры есебінен мықтап өркендейді. Түсті
металдар шыға ру мен қорыту негізінен Өскемен, Балқаш, Жезқазған, Жәйрем
территориялық - өндірістік комплекстер шеңбе-рінде, сондай-ақ Алтай мен
Успенск (Орталық Қазақстанда) рудалы белдеулердің перспективалы кен
көздері шеңберінде дамиды.
Түсті металлургия кәсіпорындары айнала қоршаған ландшафтқа алуан түрде
әсер етеді. Кен-металлургия кәсіпорындары өндірісінің атмосфераға тарайтын
өнеркәсіп тастандылары айнала қоршаған ортаның жайы мен адамдардың
денсаулығына теріс әсер етеді. Өнеркәсіп тастандыларының тозаң бөлшектері
айналадағы ланд-шафттың топырағын ластайды, оны ауыл шаруашылығында
пайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Аймағында кен шығаратын өнеркәіп
орындары бар ландшафтардын табиғатын қорғау жөніндегі шараларда жер
қойнауының бгшланыстарын үнемді пайдалану, жердің құнарын қайтадан қалпына
келтіріп отыру, бос породаны төгуге бөлінген жер қорын ұтымды жұмсау ауа
және су ортасының тазалығын сақтау көзделуі қажет.
Темір рудасын шығару және қара металлургия. Экономиканың аса маңызды бұл
салалары Қарағанды-Теміртау және Қостанай терри-ториялық-өндірістік
комплекстері шеңберінде одан әрі өркендеңді. Халық шаруашылығының бұл
саласының табиғи ортаға әсері, негізінен, табиғатқа түсті металлургияның
тигізетін әсеріне ұқсас.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Бұл салалардың және жергілікті ауыл
шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты басқа да өнеркәсіп салаларыңың
өркендеуі Қазакстан облыстарының көпшілігінде-ақ орын алады. Бұл салалар
әсіресе Алматы, Семей, Орал, Көкшетау және басқа өнеркәсіпті тораптар
шеңберінде айтарлықтай дамиды.
Жеңіл өнеркәсіп орындары көбіне жергілікті ауыл шаруашылық шикізатын
өңдеуге бағдар ұстайды. Олардың қатарына жүн, киіз-пима, былғары, аяқкиім
фабрикалары тағы басқалары жатады. Бұл кәсіпорын-дардын табиғатқа әсері
оған сулар мен беткі суларға, содалы және басқа ертінділер ағызып
жіберетіндігінде.
Келешекте Қазақстанның табиғи ортасына ауыл шаруашылығы белгілі дәрежеде
әсер ететін болады.
Қазақстанның топырақ ресурстары ұланғайыр және алуан түрлі. Бүкілодақтағы
қара топырақты жердің 10,2 проценті, каштан топырақты жердің 70 проценті,
коңыр және сұрғылт-қоңыр топырақты жердің 56,0 проценті таулы аймақтағы
топырақты жерлердің 31,4 про-центі республиканың үлесінде. Алайда мынаны
айтқан жөн: республикада төлімі жерлер үшін жарайтын топырақты жердің бос
жатқан резерві қазірдің өзінде жоқ. Ауыл шаруашылығы өндірісін одан әрі
интенсивтендіру тек жерді ирригациялау мен егін шығымдылығын арттыру арқылы
мүмкін болатын іс.
Орталық, Батыс және Оңтүстік Қазақстан территорияларындағы жаңа жерлерді
игеру есебінен егіншілікті одан әрі дамытуға болады. Ғалымдар Қазақстанда
суаруға жарайтын 80 миллион гектардан астам жер бар екенін есептеп шығарды.
Бұлар, негізінен аздап қана табиғи құнары болатындығымен өзгеше сортандар
мен сортаң топырақты жерлер. Оларды игеру тек суару жағдайында ғана мүмкін.
Сібір өзендері ағынының бір бөлегін келешекте Арал теңізі ауданына бұратын
каналға іргелес территорияларда (Торғай, Ақтөбе, Қызылорда және басқа
облыстар) мұндай жерлерді пайдалану үшін ерекше қолайлы мүмкіндіктер
ашылады.
Таяу болашақта астық проблемасы біздің елде Торған қаласында және
Солтүстік Арал бойында орналасқан кең байтақ шөлейт - және шөл жерлерде
шешілетін болады деп кәміл сеніммен айтуға болады. Аса көлемді суармалы
жерлер дәл соларда орналасады, онда жаңа совхоздар, ірі елді мекендер
орнайды.
Сырдария өзенінің төменгі және орта ағысы бойында күріш пен мақта өсіруге
жарайтын жаңа жерлер игеріледі. Бірақ жергілікті су ресурстарына үміт
артуға болмайды. Сырдария мен Амудария өзендерінің ағыны іс жүзінде толық
пайдаланылуда, сондықтан Арал теңізі шұғыл саяздап барады. Амудария мен
Сырдария өзендері аралығында және Оңтүстік Қазақстанның тау етегіндегі
жазықтарында суармалы егіншілік Сібір өзендері ағынының бір бөлігін осылай
қарай бұру негізінде ғана мүмкін. Солтүстік Қазақстанда тың игеру кезінде
игерілген егістік жерлерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам экологиясы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Дамыған елдердегі нарықтың түрлері және инфрақұрылымы
Қоғам және мемлекет
Шетелдік түлғалар мен азаматтардың табиғат пайдалану құқығы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі, ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі
Пәндер