Іле Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы мен жіктелуі
Кіріспе.
І.тарау
Іле Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы мен жіктелуі..
1.1Орографиясы.
1.2 Климаты.
1.3 Гидрографиясы.
1.4Топырақ және Өсімдік жамылғысы
1.5 Геоморфологиясы және геологиясы..
ІІ.тарау Іле Алатауы және Жетісу Алатауының
Мұздықтануы мен жіктелуі..
2.1 Мұздықтардың пайда болуы және олардың түрлері...
2.2 Мұздықтардың морфологиялық типтері..
2.3 Мұзданған аймақтардың метеорологиялық жағдайы және Кіші Алматы өзендерінің алабындағы өзендер...
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын Шарын өзені арқылы жүргізген.
Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігіндегі нақты бейнеленген шекаралары – Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенімен және сол атаудағы асу мен шектеуге болады, одан кейін ол орографиялық жағынан да, геологиялық құрылымдық қатынаста да жеке массив болып есептегенде 90 км-ге жетеді. Шығысында жота Шарын өзенімен шектеледі. Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260км., Алматы қаласы меридианы бойынша ені-45км., ал тау етегі жазығымен қоса есептеген де 90 км-ге жетеді. Қарастырылып отырған аумақтың жалпы ауданы 18000км шаршы шамасында.
Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді. Жотаның ең биік шыңдары оның орталық бөлігінде орналасқан, 130км ара қашықтықтағы теңіз деңгейінен 4000 м-ден асатын белгілерге ие. Орта сілеміне жалпы ұзындығы 90км-ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне ара қашықтығы 50км-ге жететін Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тауаралық ойыстарын шектейді.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І-тарау
Іле Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы мен
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1Орографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
1.3
Гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
1.4Топырақ және Өсімдік
жамылғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5 Геоморфологиясы және
геологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ-тарау
Іле Алатауы және Жетісу Алатауының
Мұздықтануы мен

...
2.1 Мұздықтардың пайда болуы және олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Мұздықтардың морфологиялық
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Мұзданған аймақтардың метеорологиялық жағдайы және Кіші Алматы
өзендерінің алабындағы
өзендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
І. Іле Алатауы және Жетісу Алатауы жоталарына физикалық – географиялық
сипаттама
1.1 Орографиясы
Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік
таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40
км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген
өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м).
Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста
Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті
дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының
(құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан
түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан,
сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты
тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты
Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді.
П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында
Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек
асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын Шарын өзені арқылы жүргізген.
Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігіндегі нақты
бейнеленген шекаралары – Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары болып
табылады. Батысында жотаны Қастек өзенімен және сол атаудағы асу мен
шектеуге болады, одан кейін ол орографиялық жағынан да, геологиялық
құрылымдық қатынаста да жеке массив болып есептегенде 90 км-ге жетеді.
Шығысында жота Шарын өзенімен шектеледі. Аталған шекаралардағы жотаның ара
қашықтығы 260км., Алматы қаласы меридианы бойынша ені-45км., ал тау етегі
жазығымен қоса есептеген де 90 км-ге жетеді. Қарастырылып отырған аумақтың
жалпы ауданы 18000км шаршы шамасында.
Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді. Жотаның ең биік
шыңдары оның орталық бөлігінде орналасқан, 130км ара қашықтықтағы теңіз
деңгейінен 4000 м-ден асатын белгілерге ие. Орта сілеміне жалпы ұзындығы
90км-ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне ара қашықтығы
50км-ге жететін Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті,
Жалаңаш, Асы және Жіңішке тауаралық ойыстарын шектейді.
Көріп отырғанымыздай, Іле Алатауы алты жотадан және кең тау аралық
ойпаттардан тұратын, таулардың толық жүйесін құрайды. Сонымен қатар, оның
солтүстік беткейінде тау алды, яғни екі аласа таулы – қырқалы саты
бөлінеді, ал төменде еңкіш тау етегі жазығы орналасқан.
Іле Алатауының таулары және тау бөктерлері адамзат кеңінен қолданатын,
сарқылмайтын табиғи ресурстарға бай. Ол құнарлы жерлер, тұщы су, таза ауа,
әр түрлі топырақ - өсімдік жамылғысы, ал кей жерлерде пайдалы қазбалар
кездеседі. Жотаның барлық тау алды зонасын адамзат жақсы игерген. Іле
Алатауы 8-9 балдық жер сілкіну аймағына жатады. Сондай-ақ эрозиялық
процестердің қарқындылығын күшейтетін қауіпті сел құбылыстары болып тұрады.
Жотаның оңтүстік беткейі тік және аз тілімделген, солтүстік беткейі
көлбеулеу, өзен аңғарлары терең шатқалдармен тілімделген.
Жетісу Алатауы Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау
жүйелерінің бірі. Оның солтүстігінде Балқаш Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле
аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Ені
батысында 100 км-дей, шығысында 250 км-ге жетеді. Жетісу Алатауы Сарқан мен
Бежін тауларының басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік
Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Олар өзара Көксу және Бортола
өзенінің аңғарларымен шектелген. Оңтүстік Жетісу Алатауының Сарышоқы мен
Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Таулар күшті
тілімденген, өзара үлкенді-кішілі өзен аңғарларымен жіктелген. Солтүстік
Жетісу Алатауының өзімен бағыттас орналасқан аласа келген Қоңыртау,
Марқатау, Күнгейжота, Тастау, Бұлантау сияқты жоталары бар. Басқантаудың
негізгі жотамен қиылысқан жерінде Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан
орналасқан. Солтүстік Жетісу Алатауы жер бедерінің ерекшелігі – тау
жоталарының кертпештеліп баспалдақ түзілуі. Жетісу Алатауының баспалдақты
құрылымы тау төбөсінің ұзақ уақыт бойы мүжіліп, тегістеліп тауүсті
жазықтарына айналуы нәтижесінде пайда болған. Оның оңтүстігінде Алтынемел
және Қоянтау жоталары жатыр. Қатынтау және Долантау жоталары Іле өзеніне
тіреледі. Жетісу Алатауының жер бедері күрделі болып келеді. Оның көлбеу
жазыққа айналған тау етегі аридтік климаттық жағдайда қалыптасқан. Адырлы –
төбешікті пішіндермен сипатталса, жоғары қарай нағыз таулы кешен айқындала
түседі. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған.
Мұнда тауаралық кең жазықтар көп. Таудың биік жоталарын мұздықтар басып
жатыр. Олардың жалпы саны 724, көлемі 1120.3 км. Олардың ішіндегі ең
ірілері Берг мұздығы (ұзындығы 8км), Жамбыл мұздығы (ұзындығы 5.5км).
Мұздықтардың көпшілігі дерлік жоталардың солтүстік беткейлерінде
орналасқан.
1.2 Климаты
Бұл аймақтың климаты айқын көрсетілген континентальдылығымен
ерекшеленеді. Тау етегі зонасында жаз өте ыстық, ал қысы жиі жылымықты
қоңыржай жылы болып келеді. Тауға жоғарылаған сайын ауаның температурасы да
төмендейді, қар мөлшері де көбейеді, ал биік таулы зонада қарлар қатты
түрде түзеді және тұрақты қарлар мен мұздықтарды құрайды. Ауа
температурасының күрт тербелуі, нивальді белдеуде қарқынды үгілудің пайда
болуына себеп болады. Сонымен қатар, солифлюкциялық құбылыстар және тау
беткейлерімен қиыршық тастардың жаппай жылжуы тән. Тау етегі жазығында да,
үгілу процестері белсенді байқалады: шаңды дауылдар, топырақ құрғақшылығы,
құмдардың үрлену мезгілімен болып тұрады, қойтасты малтатасты материал
біртіндеп бұзылуға ұшырайды. Геоморфологиялық жағынан алсақта, қысқы теріс
мағыналы температура су ағындары эрозиясының, беткейлік процестердің,
материалдың өзендер арқылы тасымалдануын бәсеңдете отырып, грунттың және
өзеннің қатуына, қар жамылғысының пайда болуына алып келеді.
Тау жыныстарының үгілу процесіне өте үлкен әсерін тигізетін, климаттың
негізгі элементтерінің бірі – ауа температурасы. Ауа температурасына
аймақтың ендігі мен биіктігі, күн радиациясының қарқындылығы, атмосфера
циркуляциясы және т.б. көптеген факторлар әсер етеді. Іле Алатауының
материктік режимі, тәуліктік және жылдық температурасының үлкен
амплитудасы, жылдың жылы мезгілінің суық мезгілден басым болуы тән. Ең
төменгі орта айлық температура барлық станцияларда қаңтар айында
белгіленген – 3.7 градустан бастап (Каменка үстірті) – 12.7 градусқа дейін
(Алматы әуежайы). Таулардағы ауаның температурасы жазыққа қарағанда төмен
болып келеді. Бұл жерде қыс біршама жұмсақ, жылымықтар жиі болып тұрады.
Мұндай күндері ауаның орта тәуліктік температурасы 2500 м биіктіктің өзінде
2-ден 10 градусқа дейін құбылады. Бірақ, бұл жерде де 20-30 градусқа
жететін өте қатал аяздар болып тұрады. Сонымен қатар, тауларда қыста
температураның өсуін белгілі биіктікке дейін қамтамасыз ететін орографиялық
өзгерістер дамыған. Сондықтан, жартастар мен тау беткейлерінде ойпатты
жерлерге қарағанда жылырақ болады. Мұндай өзгерістер жиі байқалады, кейде
таулардағы көпжылдық орташа температура тау етегіне қарағанда жоғары болады
(Алматы әуежайы – 6.6 градус, Каменка үстірті – 8,1 градус). Биік таулы
белдеуде төмен температураға байланысты жауын-шашын тек қатты түрде болады,
соған байланысты тұрақты қарлар және мұздықтар жиналады. Мәңгі тоң басым
болып келеді. Тауларда күн радиациясы өте күшті, ультракүлгін сәулелер 2-4
есе көп.
Жер беті жер бедерін қалыптастыруда жауын-шашынның ролі өте жоғары. Іле
Алатауында олардың екі түрлі шығу тегі бар. Ең алдымен, атмосфераның жалпы
циркуляциясы кезінде ауа массаларымен әкелінетін жауын-шашын, яғни
адвективті жауын шашын. Олар әдетте батыстан, солтүстік батыстан горизонтты
ауа массаларымен алып келінеді және жылдың баллансындағы негізгі массаны
құрайды. Оларға таулар механикалық тосқауыл болатындықтан, жотаның
солтүстік-батыс беткейі қарсы беткейге қарағанда өте көп жауын-шашын алады,
қарсы беткейге ылғалды аз ауа жетеді. Сонымен қатар жауын –шашын жылы жыл
мезгілінде жер бетінің қызуы нәтижесінде пайда болып, жергілікті
циркуляциясы нәтижесінде біртекті ауа массаларының ішінде қалыптасады.
Қызған ауа тауға көтеріле отырып, жауын-шашын бөлетін қалың түйдек
бұлттарды құрайды. Бұл жердегі ылғал қоры өзен және су қоймаларынан
алынады. Қарастырылып отырған аумақтың әр аймағындағы жауын-шашын мөлшері
көрсетілген. Көріп отырғандай, минимальды орта жылдық жауын-шашын мөлшері
жотаның тау етегі зонасының шығыс бөлігінде орналасқан, Шілік (198 мм) және
Малыбай станциясында белгіленген. Батысқа қарай жауын-шашын мөлшері
көбейеді: Түргенде – 506мм., Алматыда – 557мм. Сонымен қатар, жауын-шашын
мөлшері солтүстіктен оңтүстікке, тауларға қарай өсу ылғалды, ал қысы –
қатал және суық. Бұл тұрақты аяз, қар және мұз зонасы болып табылады. Іле
Алатауының солтүстік беткейінде биік таулы беткейлер жақсы байқалады.
Бөктеріндегі қуаңдала жоғарырақта бұталы-далалық өсімдік жамылғысына, одан
әрі шалғынға, орманға ұласады.
Жотаның климаттық жағдайлары тау жыныстарының қарқынды үгілуіне себеп
болады. Таулардағы жауын-шашын мөлшерінің көптігі,жиі болатын жауын-шашын,
мұз бен қардың тез еуі өзендердің тасуына алып келеді. Олар мен апатты
селдер де байланысты. Сонымен қатар жауын шашынның біркелкі түспеуі
эрозиялық процестерді тудырады.
Тауаралық қазаншұңқырда сонымен қатар таулардың беткейлерінде қыс
қоңыржай суық, бұл жерлерде қар көп жауады және боран жиі болып тұрады. Ең
суық айы қаңтар айы, бұл айда күндізгі ауаның температурасы 5-10 градус
аралығында, ал түнде 15-25 градус аралығында ауытқиды, аязды күндері ауаның
температурасы 30 градусқа төмендейді. Қаңтар айында жылы күндер болмайды.
Желтоқсан және ақпан айларында күн жылы болады. Жауын-шашын айына 5-10 рет
түседі, көбнесе қар түрінде. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының аяғында,
желтоқсан айының басында түседі және бүкіл қыс бойы жатады, оның қалыңдығы
30см-ден аспайды. Қатты аязды күндері және қар жамылғысы аз болған кездері
грунттар қатып қалады. Тауларда 1500-2000м биіктікте және одан жоғарырақ
қыс өте суық болады. Қараша айынан науырыз айының аяғына дейін созылады.
Бұл жердің ауа райында қарлар және желдер басым болады. Ауаның
температурасы күндіз 10-20 градус аралығында, ал түнде 25-35 градус
аралығында ауытқиды. Жауын-шашын көбнесе құрғақ қар ретінде түседі,
қалыңдығы 50 см-ге дейін жетеді. Тау аралық аңғарда, сонымен қатар
таулардың 1500-2000 м биіктеген беткейлерінде көктем наурыз айлардың
басынан мамыр айының ортасына дейін созылады. Көктем айы жылы, ашық жауын-
шашын аз түседі. Күндізгі ауаның температурасы 10-18 градус аралығында, ал
түнде әлсіз аяздар болып тұрады. Ауаның температурасы -10 градусқа
төмендейді. Қар наурыз айының соңында ериді. Мамыр айында жауын-шашын өте
көп жауады. Тауларда көктем сәуір, мамыр айынан маусымға дейін созылады.
Бұл жердегі ауарайы тұрақсыз, күшті желдер жиі соғады. Жаз айына өту
ақырындап және білінбей өтеді. Тауаралық қазаншұңқырларда сонымен қатар
1500-2000м абсолюттік биіктік жерлерде, мамыр айының ортасынан қыркүйек
айының ортасына дейін созылады. Ауарайы жылы және жауын-шашынсыз болады.
Күндізгі температура 20-25 градус аралығында максимум 40 градусқа дейін
жетеді, ал түнде 3-8 градусқа төмендейді. Жауын-шашын әсіресе жаздың екінші
айында аз түседі. Таулы аймақтарда жаз өте қысқа болады. Бұл жердің жазы
салқын көбінесе тұманды жауын-шашынды болады. Күндіз қоңыржай жылы, түнде
салқын және ылғал жауын-шашын нөсер болып түседі. Тауаралық аңғарларда
сонымен қатар биік тауларда күз айы қыркүйектен қараша айына дейін
созылады. Күз айы жылы құрғақ және жауын-шашын аз түседі. Әдетте ауаның
температурасы 5-15 градус аралығында болады. Жауын-шашын күзде аз түседі.
Әдетте сіркіреп жауады, ал күз айларының екінші жартысында қар түседі.
Тауларда күз қыркүйектен қазанға дейін созылады. Бұл жердің ауарайы суық,
құрғақ, желді болып келеді. Ауаның температұрасы тез төмен түседі, ал айдың
аяғында суық болып қар жауады. Жыл бойы көбнесе солтүстік және солтүстік-
шығыс, сонымен қатар батыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдер соғып
тұрады. Желдің жылдамдығы 2-3 м секунд. Қатты желдер көбнесе қыс және
көктем айларында соғады. Тауаралық қазаншұңқырлар жылы жерлерді ал басқа
аумақтарда тауаралық аңғарлық желдер соғады. Таулық аңғарлақ желдер жаз
айында қатты соғады, қыста азаяды.
1.3. Гидрографиясы
Іле Алатауының гидрографиялық торы көбнесе Балқаш көліне құятын Іле
өзені алабына және жартылай ағынсыз Шу өзені алабына жатады.
Іле Алатауының өзендері – көлденең қимамен және белсенді түрдегі
тереңдік эрозиямен өңделмеген, екпіні жылдам, әдеттегі жас таулы су
тасқынына жатады. Жазық бөлігінде олар аз сулылығымен және бір қалыпты
ағысымен ерекшеленеді. Іле Алатауында тұрақты ағысы бар өзендер жүз
шамасында есептелінеді, егер мерзімдік су ағындарын қоса алатын болсақ,
онда бұл өлшем біршама жоғарылайды.
Бастауларының орналасуына, қоректену сипатына және су режиміне
байланысты, қарастырылып отырған аймақтың барлық өзендері үш типке
бөлінеді: таулы, тауалды және жазықтық.
Жазықтық типке тауалды жазығында 700-800м биіктікте ысырынды
перифериясында, грунд суларының ену нәтижесінде қалыптасатын ұсақ өзендер
жатады. Олардың жалпы жиынтық аты – қарасу. Оған Соқырбұлақ, Балтабай,
Қарасу, Жиренайғыр және тағы басқа жатады.
Тауалды типіне атмосфералық жауын-шашын және жерасты суларымен
қоректенетін Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендер жатады. Көп
жағдайда олар бастауын мұздықтық белдеуден, яғни 3000м-ден төмен орналасқан
бастаулардан алады. Оларға: Қараш және Бақай тауларынан ағатын өзендер,
яғни Талдыбұлақ, Белшабдар, Қаратұрық, Теректі, Сүгір; жотаның орталық
бөлігінде - Рахат, Қайназар, Қотырбұлақ, Қырғауылды; батыс бөлігінде –
Майбұлақ, Шатайбұлақ, Қастек, Қыртобылғы және т.б. Негізінде бұл тік
құламалы және ағысы жылдам, аса үлкен емес таулы өзендер. Олардың ұзындығы
15-20км тасқындары қысқы қарлардың еруімен көктемде болады, өте екпінді,
бірақ қысқы мерзімді. Жазда мұндай суы аз өзендер тау етегі жазығында
тұйықталған сағамен бітеді. Сонымен қатар, жотаның барлық беткейлерінде
көктемде ғана суы толатын, ал жазда құрғап кететін мерзімдік және уақытша
өзендер бар.
Таулы өзендердің суы мол, ірі және біршама су жинау алаптары бар.
Олардың бастаулары 3000м-ден астам биіктікте жатыр. Қоректенуі негізінен
мұздықтық, бірақ олардың режимінде атмосфералық жауын-шашын және жер асты
сулары өте үлкен маңызға ие. Бұл типке жотаның ең ірі өзендері жатады:
Шілік, Түрген, Есік, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелең және т.б.
Ең ірі өзен – Шілік өзені. Ол өзінің бастауын жотаның оңтүстік
беткейінде, 3750м биіктікте орналасқан Жаңғырық мұздығынан алады. 20км-ден
төмен ол оңтүстік Талғар өзенімен қосыла отырып, Тоғызтарау деп аталатын
өте кең жайылманы құрайды. Төменде өзен Таушілік кең мұздықтық аңғар
бойымен, шығысқа қарай жылдам ағып, 40км-де терең, өткелсіз шатқалға енеді.
Жалаңаш ойысына шыға отырып, ол Шілік атауына ие болады және солтүстікке
қарай күрт бұрылып, Суықтоғай мекеніне енеді. Екі таулы массивті (Торайғыр
және Сөгеті) кесе отырып, тау етегі жазығына шығады. Бұл жерде Шілік өзені
бірқалыпты кең аңғар бойымен ағады,суы аз болады және шамамен таудан 45 км-
де екі саламен Іле өзеніне құяды. Тауда оған 45 сала құяды, оның біршама
бөлігі мұздықтық болып келеді, ал жазық жерде мүлдем саласыз болады. Барлық
оң жақ салалары ағыстың ендіктік бөлігінде шоғырланған және Күнгей Алатауы
жотасының солтүстік беткейінен ағады. Оған Сүтбұлақ, Күрметі, Саты және
тағы басқа жатады. Осы бөлікшеде солтүстік жағында Шілік өзеніне Түлкісай,
Аманжол, Майбұлақ өзендері құяды. Меридиандық бөлікшеде Шілік өзенінің оң
жағында салалары жоқ, ал сол жағында үш саласы бар, яғни Жіңішке,
Сарыбұлақ, Асы. Шілік өзенінің су жинау алабының ауданы – 5300км шаршы
шақырым, жалпы ұзындығы – 281 км.
Шілік өзені екпінді ағысты, тік құламалы, таулы өзен; арнасының ені
жоғарғы ағысында 3-4 м., орта ағысында 10-15 м., кеңейген жерлерінде 100 м-
ге дейін жетеді, максимальды тереңдігі 1.5-2м. Бұл өзен мұздықтық типпен
қоректенеді, орта жылдық ағымы 32.7 мсек. Шілік – Іле Алатауының ең лайлы
өзені болып табылады: таудан шығар жеріндегі орта жылдық лайлылығы 571 гм.
Іле Алатауының солтүстік беткейінің барлық ірі өзендері (Түрген, Есік,
Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Шамалған, Қаскелең және т.б.) бір типті
және 3300-3500м биіктікте мұздықтардан бірнеше саламен басталады. Төменде
олар жеке өзендер арналарына құяды, ал олар түпкі моренамен бітетін кең
трогты арналармен ағады. Орта таулы белдеущде барлық өзендердің ағысы
екпінді, аңғарларының тереңдігі 800-1000м-ге жететін шатқалдарға айналады.
Тау етегі жазығында судың көп мөлшері инфильтрацияға, булануға және
суғаруға жіберіледі. Сондықтан кейбір өзендер (Түрген, Талғар) Іле өзеніне
тек ерекше ылғалды жылдары ғана жетеді. Созылған су тасқындарына қарамастан
нөсерлі жаңбырлар немесе мұздықтардың тез еруі нәтижөсіпде өзендердің
деңгейі күрт көтеріледі және тасқындар су бұзылуына айналады. Мысалы,
Н.Н.Польговтың (1947ж) бақылаулары бойынша 1921 жылы 8 шілдеде Кіші Алматы
аңғарында болған нөсерлі жаңбыр орасан зор бұзылуларды туғызған.Су тасқыны
бұзған Пугасов көпірінде өзен 4м-ге көтерілген. Талғар өзені сол кезде, сол
атаудағы селода 8м-ге көтерілген, ал оның шығыны максимальді орта айлығынан
жүз есе көп болды. Аталған өзендердің минимальді шығындары наурыз айында
болады.
Шоңкемен – жотаның оңтүстік беткейінің батыс бөлігінің ең негізгі
өзені. Оның бастауы 3800м биіктікте Іле Алатауын Күнгей Алатауымен қосатын
таулы мойынның оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Өзен біршама деңгейде
суы мол, салалары шоғырланған Күнгей Алатауы ағыны есебінен құралады. Іле
Алатауының оңтүстік беткейінен бастау алатын өзендер қысқа және суы аз
болып келеді. Төменгі ағысында Шоңкемен өзені оңтүстікке қарай ауытқиды
және зерттелген аймақтың шегінен асып Шу өзеніне құяды. Оның ұзындығы 110
км, су жинау ауданы 2100 км шаршы шақырым, орта жылдық шығыны 22.1 мсек,
максимальді шығыны шілде-тамызда, ал минимальдісі науырызда болады.
Шарын өзені орта ағысында Жалаңаш ойпатының шығыс бөлігін кесіп өтеді,
ал төменде Торайғыр тауларында орасан зор каньонды құрайды. Одан кейін,
солтүстік-шығысқа біршама ауытқи отырып, Іле өзеніне құяды. Жалпы ұзындығы
255км, су жинау ауданы 8000км шаршы шақырым, орта жылдық шығыны 36.6 мсек.
Бұл суы мол өзен атмосфералы жауын-шашынмен қоректенеді. Сондықтан оның
режимі мұздықтық өзендер режимінен біршама айрықша болады. Негізгі шығыны
атмосфералық жауын-шашынның максимальді түсу кезеңі мамыр-шілде айына
келеді. Қантбастау (4647м), Мұзтау (4555м), Богатырь (4626м), Көпір
(4670м), Ақтау (4760м), Металлург (4800м) және т.б. кіреді. Осы жердегі
барлық жотаның ең биік нүктесі Талғар шыңы көтеріледі. Оның биіктігі 5017м-
ге жетеді. Бұл орталық бөлікше Талғар таулы тізбегі деген атқа ие. Кіші
Алматы өзенінің жоғарғы ағысынан оңтүстік – шығысқа қарай, Іле Алатауын
оған параллель Күнгей Алатауымен қосатын, ұзындығы 12км-ге жететін тар
меридиандық айдар созылып жатыр. Бұл айдардың биіктіктері 4700-4800м-ге
жетеді, беткейлері тік, шыңдары тұтастай мұзбен жамылған. Ол Шілік Кемен су
айрығы болып табылады.
Батысында Іле Алатауы орталық бөлігінен Қаракестек өзенінің жоғарғы
ағысына дейін 3000м биіктікті сақтайды. Ал одан ары ол шетіне қарай 2000-
1500м-ге төмендейтін Жетіжол тауларына жалғасады. Шілік өзеніне дейінгі
шығыс бөлігінде жота 3000м-ден асатын биіктікке ие болады. Торайғыр тауының
ең жоғарғы биіктігі 2468м, ал Сөгеті тауынікі 1858м.
Іле Алатауының солтүстік тау етегі жазықтығынан салыстырмалы биіктігі
орталық бөлігінде байқалады, орташа 3500м., ал шығысында -2100м. Және батыс
бөлігінде 1800м-ге жетеді. Жотаны оңтүстігінен шектейтін Шілік және
Шоңкемен өзендерінің аңғарлары 2000-3000м. биіктікке дейін көтерілген.
Сондықтан, оның оңтүстік етектен етектен көтерілуі аса үлкен емес, 1500-
2000м шамасында. Жотаға тән негізгі морфологиялық ерекшеліктердің біріне,
солтүстік беткейінде сөрер деп аталатын айқын бейнеленген екі сатыны көруге
болады. Дұрысын айтқанда, Іле Алатауы жотасы Түрген өзеніне дейін жетеді.
Одан кейін ол кулиса тәрізді үш сілемге тармақталады. Олардың солтүстігі
шығысқа қарай екі аса үлкен емес массивке Сөгеті және Бұғыты тауларына
ауысатын, Қарашаш және Бақай тауларынан басталады.
Іле Алатауының таулы өзендері ылғалды үлкен аумақты қамтиды. Суының
молдығымен ерекшеленеді, барлық биіктік геоморфологиялық және ландшафтық
белдеулерді кесіп өтеді. Таулы бөлікте олардың құламалылығы өте тік 1км
арақашықтықта 50-100м, тау етегі жазығында орташа 5-8мкм. Мұздықтық
өзендердің сулы режимі тұрақсыз. Екі су тасу – көктемгі және жазғы кездері
байқалады. Ол әр түрлі биіктік белдеудегі қарлардың біркелкі емес еруінен,
сонымен қатар, жаңбыр кезеңдерімен де байланысты. Өзендердің ағысының
орташа жылдамдығы таудан шығар кезінде 0.5-1.2 мсек, ал су тасқыны
кезеңінде 3-4мсек. Жазықта жылдамдығы 0.3мсек төмендейді. Сонымен қатар
таулы өзендерді сулылығының жотаның жоғарғы белдеуінен төменгі бағытқа
қарай ұлғаюы тән. Сондықтан қарқынды өсу көптеген салалар есебінен орта
таулы белддеуде байқалады. Соның есебінен тау етектерінде өзендер
максимальді жылдамдыққа ие болады, бірақ жазыққа шыққан кезде салаларынан
айрылады. Ысырынды конусында көп болатын фильтрация және булануға деген
шығындардың орны толтырылмайды. Соңында судың өте үлкен мөлшері егістік
аудандарына жұмсалып, өзендер сағаларына сусыз келеді. Өзен торының
аймақтық таулы бөлігіндегі орташа жиілігі 0.8-1.0 кмкм шаршы шақырым, ал
жазықта 0.3кмкм шаршы шақырым. Жауын шашын молдығының, жер бетіндегі
ылғалды топырақ сіңдіруге септөсіп ормандардың, мәңгі мызғымайтын қар мен
мұздықтардың арқасында таулардан талай өзен жылғалар ағып жатады. Ағыны
қатты бұл асау өзендер тастан –тасқа орғып, арқырап-сарқырап су тасқынын
селдетеді.
Іле Алатауындағы өзендердің көпшілігі қар мен мұздықтардан бұлақтанып,
тек тау жотасының батыс және шығыс тұмсықтарында ғана мұздық
болмағандықтан, қар және жаңбыр суынан бастау алады. Іле Алатауының
неғұрлым ірі өзендері мыналар: Ұзынағаш, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Үлкен
және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шілік.
Іле Алатау өзендерінің ені – төменгі кемерінде 10-15 м, тереңдігі 30-
50см. Олардың бәрі де Іле өзеніне құяды, бірақ жазда түгелдей дерлік егін
суаруға алынады. Мұздықтан бастау алған өзендер екі рет тасиды: бірінші рет
– көктемде қар еріген кезде, екінші рет – шілдеде мұздықтар еріген кезде.
Бұларда су тасуы жазық жерлердегі өзендердің тасығанындай емес, аса күшті
тасқынды бола қоймайды, өйткені қардың еруі ұзақ уақытқа созыла қоймайды.
Алдымен тау етегіндегі, содан соң сәуірде – таулардың төменгі
белдеулеріндегі, мамырда – орта шендегі тау белдеулеріндегі, маусымда –
шырқау биік тау белдеулеріндегі қар ериді. Мұздықтық белдеуде , әдетте,
жазда да суық болғандықтан, мұздықтар бірте-бірте ериді.
И.Н.Пальгов (1959ж) Кіші Алматы өзенінің жалпы су мөлшерінің 82.7 пайыз
жауын-шашыннан 17.3 пайыз қар күбіртіктері, мұздақ жүлгелерінің
ерітіндісінен құралатындығын анықтады.
Қар, қарлы жаңбырдан басталатын өзендер Іле Алатауының шығыс және батыс
қиырларында кездеседі. Бұлардың суы аз және тау бөктерлерінде ағаш, бұта,
шөп өсімдіктері өсетін болса, сумен азды –көпті қамтамасыз етіледі. Жылдың
ыстық маусымында бұларды су мұлде азаяды, ал кейбіреулері таудан шыға бере-
ақ құрғап қалады. Қар мен мұз еріген кезде судың едәуір бөлігі жер тереңіне
сіңіп, жер астындағы шыңырау құдықтардағы суларды толықтырады. Бұл су содан
соң жер бетіне жіңішкелеп шығып, топырақ суынан басталатын кішігірім жылға
өзеншелерге бастау болады.
Тау етектерінде осындай қара сулар анағұрлым жиі кездеседі, бұлар
мұздық өзендеріндей емес, көбіне аз сулы біркелкі ағынды сулы болып келеді.
Бұларды жұрт көбінесе қолдан бөгеп, тоғандар мен көлдер жасайды. Бұлардан
егін суаруға сулар алынады. Іле Алатауының өзендері баға жеткісіз. Өзендер
шөлдегі көгал қоры, ал таулар өз тұсынан жауын шашынды көбейтеді, қарды
сақтап молайтады, олардан мұздақ пен мұздар шыңдайды. Тау бөктерлеріндегі
ормандар жер бетіндегі ылғалды жер астына өткізіп, жыл бойына өзендерге
судың біркелкі келуін қамтамасыз етеді. Өзендер мен көлдердің
жағалауларында адамдар мекендейді содан тау етектерінде селолар мен
қалалардың жаппай тізбегін құрайды. Таудан құлаған судың орасан мол су
энергетикалық қорлары бар. Осы тұрғыдан алғанда біздің таудағы өзендеріміз
тіпті де толық пайдаланып отырған жоқ. Мысалы, Үлкен және Кіші Алматы
өзендеріндегі құлама күркіреуіктер де осындай. Шілік, Шарын өзендерінде де
ірі су электр станцияларын салу ісі жоспарланып отыр. Алайда таудағы
өзендер 20-25км өң бойында 200м-ден астам биіктіктен құлайтындықтан,
бұлардың адам айтқысыз жойқын күштері де баршылық. Мұздықтардың, қасат
қардың қауырт еруіне, мұздықтардағы көлдердің суы тасып, ернеуін бұзып
кетуіне әкеп соқтыратын күшті нөсерлер мен шыжыған ыстық күндер аптабы
ойраңды тасқындар немесе сел апаттарын туғызуға себепкер болуы мүмкін.
Мұндай дүлей тасқындар біршама сирек кездеседі, әйтседе өзендерде де, тіпті
құрғақ сай арналарында да қатты жаңбырдан кейін судың молайып кететінін
әрдайым есте ұстауымыз жөн.
Іле Алатауының жоталарында мұздықтардан, өзендерден, жер астындығы
сулардан бастау алатын тектоникалық, үйінді-бөгеттік, мұздықтық – қойтастық
және бөгеттік- тоғандық сипаттағы көлдер бар.
Үйінді – бөгеттік сипаттағы көлдер өзендердің алаптарында және жер
сілкінген кезде тау жыныстарының опырылып, құлауынан пайда болған. Бұлардың
жағалаулары жартасты, жарқабақты, тереңдігі бірнеше ондаған, жүздеген
метрлік болып келеді. Суы тап-таза, тұщы, жер бетінде, жер астындағы ағып
жатқан сулардан құралады. Іле Алатауының інжу-маржаны – Үлкен Есік көлі
осындай көлдердің қатарына жатады. 1963 жылы 7- шілдеде бұл көл үлкен
ойранға ұшырады: биіктігі 307м-лік табиғи бөгетті сел тасқынын бұзып кетіп,
көлде болмашы ғана су қалды.
Мұздың қозғалысынан пайда болған ежелгі тау жыныстары сынықтарының
үйіліп-үйіліп қалғандары, опырылып құлаған аса үлкен кесек тастар Үлкен
Алматы өзенінің алқабын бөгеп тастағандықтан, оның нәтижесінде пайда болған
Үлкен Алматы көлі Іле Алатауының жотасындағы ең ірі үйінді - бөгеттік көл
саналады. Бөгеттің түп негізі ірі кристалды жанартау негізіненжер бетіне
шыққан жартасты тау жыныстарынан құралған. Бөгеттің биіктігі – 500м-ге
жуық, ұзындығы – 1000м-ге жуық, кеңдігі 500м, көлдің ең терең тұсы 38м, су
мөлшері 8млн. текше метрден астам. Суы таза, тұщы, өте суық. Көлдегі су
деңгейінің өзгеру амплитудасы 111 см-ге жетеді. Судың ең төменгі деңгейі –
наурыз айында, ең жоғарғы деңгейі шілде, тамыз, мұздықтардың қауырт еру
кезеңінде болады. Қысты күні көлік қатып қалады. Көлге Үлкен Алматы өзені
келіп құяды, ал оның бастауы көлденең 12км қашықтықта мұздық ішінде.
Бірсыпырат су көлге кішігірім Серкебұлақ өзеншесінен құйылады, бұл өзенше
қуысты мұздақтан ағып шығып мәңгілік мұздықтардың қары еріген кезде аздап
толыға түседі.
Мұздықтардан нәр алған барлық көлдер Іле Алатауының анағұрлым жоғары
3200-3500м биіктегі жоталарында, ал үйінділер арасындағы көлдер
мұздықтардан аяқталар тұсынан төменіректе орналасқан. Есік өзенінің бас
жағындағы Ақкөл, Бөзкөл деп аталатын көлдер және басқалары өзендерден
біркелкі бастау алып тұруында елеулі рөл атқарады. Бірақ қаупі де бар,
өйткені су тасқыны кейде мұздықтық және үйінді бөгеттерді бұзып кетеді де
сел тасқындарын бастап береді.
1.4. Топырақ және өсімдік жамылғысы
Топырақ. Тау етегіндегі шөл далалық белдеу. Мұның өзі тау етегінде
нақты 450-650м биіктікте орналасқан кәдімгі топырақ. Жауын-шашын мөлшері
орта есеппен 150-350мм. Осының арқасында мұнда тек көктемде ғана өркен
жайып, жазда қурап қалатын эфемерлі (раң тәріздестер) өсімдіктер өседі. Тау
етегіндегі сұр топырақта 1.4-1.6 процент қара шірік, 0.11-0.30 пайыз азот
болады, суарған күнде мол өнім алынады.
Іле өзені бойындағы белдеу тау етегінен бастап Қапшағай су қоймасына
дейін толық игерілген және суармалы егіншілікке (қарбыз, қауын, жүзімдік,
темекі, дәнді-дақылдар, қызылша, бақша егуге ) арналған. Су қоймасының
оңтүстік жағалауының өң бойындағы 10 км-лік алқап қана мал жайылымына және
шағындыққа пайдаланылады. Сортаңданған топырақ астында судың жақын жатуы
және жауын – шашыннан кейін бірден жаппай буланып кететіндіктен бірсыпыра
реттерде шамадан тыс суарылғанда топырақтың қайра сортаңдануына әкеп
соқтырады. Сондықтан бұл белдеуде топырақты суарғанда суды бетондалған
астау мен ағызу немесе артылған.
Бұталы әр түрлі шөпті дала белдеуі. Қазір бұл мәдени немесе бау-
бақшалық белдеу (теңіз деңгейінен 650-1300м биікте) деп аталады. 650-900м
биікте үстіңгі қыртысы сары топырақ тәрізді шаңдақтау-құмдауыт балшық
топырақпен көмкерілген қойтатасты-малтатасты пролювиальдік шөгінділерде
ашық қызылқоңыр және қою қызылқоңыр топырақ кездеседі. Құрамында қарашірік
2-3.3 процентке дейін, жалпы азот – 0.24 процент. Ауа райы ұдайы жылы
болғанда (орта тәуліктік жылы температұра қосындысын 2510-3140 градус) және
суарылғанда бұл топырақта дәнді дақылдардан, қант қызылшасынан, темекіден,
жүзімнен мол өнім алынады.
Биіктігі 900-1300м тау етегіндегі жазықтарда және тау сөрелерінде
қуаттылығы 60-100см-лік орташа және шағын мөлшерлі қара шірікті таудың қара
топырағы кездеседі. Құрамында қара шірік – 9.5 процент, азот – 0.61
процент, құрылымы түйіршіктілеу, таулы жерлердегіт егіншілік жағдайында
таңдаулы топырақ деп танылады. Бұл белдеуде атақты Алматы апорты, жидектік,
жүзімдік өсірілетін бау-бақшаларда, дәнді және көкөніс дақылдарында ірі-ірі
алқаптары шоғырланады. Жер ыңғайының едәуір еңістеу болып келетіні, әсіресе
сөрелерде суару жұмыстары жүргізілген.
Жапырақты ормандар белдеуі. (1300-1600м) алма-долана ормандарының
орнында пайда болған құлдырма қара топырақтарға және қайың-көктерек
ормандары өскен жердегі қоңырқай-сұрғылт орман топырақтарына орналасқан.
Құлдырма қара топырақтың қуаттылығы 100см-ге дейін, құрамында 13.2 процент
қара шірік, 0.72 процент азот болады. Осы белгілеріне қарай мұның өзі аса
құнарлы қара топырақ деп аталады. Бұл жерде жауын-шашын жиі болғандықтан
(жылына 600-700мм) бақша суғарылмай өседі.
Таулық – ормандық қоңыр-сұрғылт, асты күлденген топырақ анағұрлым
жайпақтау бөктерлерде көктерек, қайың ормандары өскен жерлерде пайда болады
және құрылымы түйіршікті –жаңғақты болып келетін, қара шірікті жинағыш
горизонтты 50см-лік шаңдақтау сары балшық түріндегі делювиадағы қырқалардың
шыңдарынан пайда болады. Бұл шырайлы топырақ, бұларда тамаша табиғи
ормандар, қайың мен қарағай екпелері өседі. Жайпақтау бөктерлер мен
ормандарға картоп мол өнім береді.
Шыршалы – ормандық немесе төменгі альпілік белдеу. Іле Алатауында теңіз
деңгейінен 1600-2800м биікте орналасқан, мұнда солтүстік экспозициялар
беткейінде бітік бітегейлі шалғындармен орайласа Шренк шыршасы қалың өскен.
Солтүстік экспозициялардың жарқабақты бөктерлерінде шырша ормандар өскен
жерде қоңыр түсті таулық-ормандық топырақ кездеседі, анағұрлық жайбар
беткейлеріндегі шалғындықтарда таулық-шалғындық, қарақошқылдау топырақ
басым. Оңтүстік экспозициялар бөктерлерінде шалғындық-далалық өсімдіктер
өседі, олардың астында қызыл-қоңыр шалғындық-далалық топырақ қалыптасқан.
Іле Алатауының жоталарында, әсіресе шыршалық – ормандық белдеуде
топырақ пен өсімдіктің қалыптасуына әсер еткен. Мұның себебі тау жотасы
оңтүстікке, шөлмен жапсарлас шекараға орналасқан. Алтай мен Саянның
анағұрлым солтүстіктегі тау жүйелерінде бөктерлердің экспозициясына
байланысты үлкен айырмашылық онша байқалмайды. Іле Алатауында ағаш
өсімдіктері тек анағұрлым ылғалданған солтүстік бөктерлерде ғана өседі.
Альпілік белдеу шыршалы ормандардан жоғарырақта, 2700-3500 м-ге дейінгі
биіктікте орналасқан, мұнда аласа бойлы астықтектес түрлі шөптер шалғыны
арасында ойдым-ойдым төселмелі жатаған арша бұталары қарауытады.
Жоғарырақта кобрезиялық шалѓын кездеседі. Бұл өсімдіктер астында таулық-
шалғындық альпілік топыраќ, қалыптасқан, қуаттылығы кемдеу, қыртысы тым
шөптесіи, қарашірігі аса көп. Бұл жайылымдар тек жазда ғана мал баѓуѓа
пайдаланылады.
3500 метрден жоѓары биікте альпілік белдеу мұздық белдеуге — мәңгі
мызғымайтын қар, мұз, шын, жартастар әлеміне ұласады. Алайда осы бір
үнсіздік әлемінде де мұздықтар еритін шекара маңында тау жыныстарының жел
мүжіген ќарапайым кеміктерінде өсімдіктер де кездеседі. Сонымен, Іле
Алатауының солтүстіктегі мол бөктерлеріндегі топыраќ, белдеулері өзгеруінің
жалпы заңдылығын анықтадық, енді шырша ормандары есетін жер топыраќтарына
егжей-тегжейлі тоқталайық.
Қ о ң ы р т ү с т і т а у л ы қ -о р м а н д ы ң т о п ы р а қ, М. А.
Глазовскаяның пікірінше (1049), Оңтүстік Алтай мен Сауырдың солтүстік
экспозицияларының бөктерлерінде жапырақты ормандар өсетін жерде дамыѓан.
Бүл топырақтың астыңғы жаѓы аздап күлденген шымтезекті өзгеше бір түрі
Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шаньнің шырша ормандарына лайықталған.
Тянь-Шаньнің, соның ішінде Іле Алатауының да шырша ормандарыынң,
топырағъның құрылымында органикалыќ, заттар мол, қара шірікті горизонтының
жоѓары бөлігінде шымтезектенген және салыстырмалы түрде алѓанда,
қарашірікті қабаты өте қалың, осының бәрі бұл топырақты таулық-ормандық
қоңыр түсті топыраќтардыњ; дербес тұрпаты деп бөле ќарауы мызға дәлел бола
алады.
Топырақ горизонтының жоѓары бөлігінің құрамы ауыр балшыќ, топыраќты
болып келеді, Төменірекке таман тастаќ, және құмдақ фрак-циялардың арта
түсуіне байланысты орташа балшықты топыраққа айналады. Бөктердің етегінен
шыңына қарай жоѓары көтерілген сайын топыраќ, горизонтының қуаттылығы
орташа есеп бойынша мүкті шыршалықтар астында 85-теп 30 сантиметрге дейін
кемиді топырақтың тастылығы 16-дан 40 процоентке дейін артады.
Топырақтьң шымтезектегі жоѓары горизонтында қара шірік қүрамы 25
процентке жетеді. Бұлардың астында құрылымы түйір-түйір қоңыр-қызғылт сары
қабат (горизонт) жатыр. Бұл горизонтта бөктердің; төменгі бөлегніен жоғары
бөлегіне дейін қарашірік құрамы 8,3-тен 3,9 процентке дейін кемиді. Топырақ
реакциясы шамалы ғана қышқыл, бейтарап деуге жақын. Құрамында натрий
мөлшері аз ғана, ал кальций мөлшері едәуір болатындықтан, түйір-түйір
топырақ құрылымының қалыптасуына және топырақтың су-физикалық қасиеттерінің
жақсара түсуіне еептеседі.
Қ о ң ы р т ү ст і т а у л ы қ-о р м а н д ы қ топырақтар өз қабаттарының
қуаттылығы бойынша үшке бөлінеді, бүлар: қалыңдығы 60 сантиметр және одан
да тереңіректегі терең профильді (түзілісі) ауыр саздық топырақтар, бұларда
жарлауыт бөктерлердің төменгі бөлегінде аса өнімді, бағалылығы 1І-кластық,
биіктігі 28 метрге дейін, 100 жастан астам мүкті-шөптесінді шыршалықтар
өседі; қалыңдығы 30—60 сантиметрлік орташа профильді ауыр саздақ
топыраќтар, бұларда жарлауыт бөктерлердің жоѓарѓы бөлігніде өнімділігі
орташа, ба-ғалылығы III-кластық, биіктігі 24 метрге дейінгі мүкті
шыршалықтар өседі; және жекелеген тастар беткейге шыѓып жататын, қуаттылығы
10—30 сантиметр келетін ұсақ профильді, тым тастақты топыраќтар, бұларда
өнімділігі төмен, бағалылығы ІV-кластық, биіктігі 20 сантиметрге дейін
келетін тастақты, мүкті-шөптесінді шыршалықтар өседі.
Іле Алатауының шырша ормандары көбінесе қоңыр түсті таулық-ормандық
топырақта өседі. Алайда біздің зерттеулеріміз бойынша, бұлар басқа
топыраќтарда да кездеседі.
Ормандық -шалғындық топырақтың қыртысы қалың (80 сантиметр және одан да
терең), тастаѓы кемдеу, құрамында жай ауыр балшыќ, басым.
Бұларда жайбарлау бөктерлерде өнімділігі жоѓары, бағалылығы I кластыќ,
ұзындыѓы 30 сантиметр және одан да әрі парктік шыршалықтар өседі.
Қоңыр түсті шымтезектілеу ормандық-шалғындық топырақтың қалыңдығы 20—40
сантиметр, тастағы көбірек, ауыр саздақты, астына тау жыныстарының
дөрекілеу кетілген қиыршықтары төселген. Бұларда өнімділігі өте төмен,
бағалылығы V-кластық, биіктігі 15 сантиметрден кем шыршалықтар өседі.
Бұл арада — орманның ең жоғарыдағы шекарасы; мұнда топырақтың құнарсыз
әрі жұқа, ауа райының өте суыќ, болуына байланысты. Жартастар мен жай
тастар арасындаѓы, қалыңдығы 5—10 сантиметр келетін кристалды тау
жыныстарының жел жеп, қопарғннан қалған үгінділері аралас, кетінді-сынық
қурама топыраќтарда өсетін, өнімділігі өте төмен, бағалылығы V а-кластық,
биіктігі 10—12 метрге дейін келетін жартастық шыршалықтар кездеседі.
Алқаптық, жағалаулық шыршалықтар толық профильді шалѓындық
аллювиалъдік құмайт топыраќтарда немесе қатты топыраќ, астындағы ағып суы
жақын жатқан жерлердегі, өзен бойларындаѓы ұсақ, жас тосап үйінділерінде
өседі. Таулардың төменгі және орта тұстарындағы өзендердің жайылма
алаптарында өнімділігі жоѓары, бағалылығы I — II -кластық, биіктігі кейде
40 метрге жететін шыршалықтар да ұшырасады.
Біз топырақтың ерігіш, өсімдіктерге сіңетін азотпен, фосформен,
калиймен қаншалықты қамтамасыз етілгендігін де зерттедік. Бұл зерттеулер
Іле Алатауының ормандарындағы айырмашылыќтары әртүрлі топырақтардың бәрі —
терең профильдісі де, ұсақ профильдісі де — гидролиздендірілетін азотпен
жеткілікті мөлшерде (топырақтың әрбір 100 грамына 23,2 миллнграмға дейін)
қамтамасыз етілгенін көрсетіп отыр. Айырбас калийі жөнінде де тапшылыќ,
байқалмайды, топырақтың әрбір 100 грамына 48 миллиграмға дейін калий
келеді.
Алайда орман топырақтары азотпен, калиймен жақсы қамтамасыз етілгенімен
бұларда фосфор өте аз (топырақтың әрбір 100 грамына 1,2 миллнграмнан 5
миллиграмға .дейін келеді, ең жақсы қамтамасыз етілген жерлерде - әр 100
грамына 12 миллиграмнан сол көбірек). К. Д. Мухамедшиннің деректері бойынша
(1967 ж.), Батыс Тянь-Шаньнің арша ормандарының топыраѓында фосфор
құрамалары аз екені байқалады.
Тұтас алғанда Іле Алатауы ормандары өскен топыраќ, жұқалығын әрі
тастылыгына қарамастан, солтүстік экспозицияларының бөктерлерінде ағаш
өсімдіктерінің, алуан түрлі шалѓындыќ; балауса шөптердің өсуіне, ал оңтүс-
тік бөктерлерінде шалғындық-далалық өсімдіктердің өсуіие толық жарамды.
Өсімдік жамылғысы
Іле Алатауын тұңғыш рет П.П.Семенов Тянь-Шанский (1867), Н. А. Северцов
(1867), Р. И. Аболин (1930) және басқа да көптеген адамдар зерттеген
болатын. Мұндағы өсімдіктерді неғұрлым толық түрде академиктер Н. В. Павлов
(1940, 1948) пен Б. А. Быков (1950) суреттеп жазған. Бұл ѓалымдар мынадай
биік-климаттық орман-өсімдік белдеулерін бөліп көрсеткен.
Тау етегіндегі шөл - д а л а л ы қ белдеу Іле өзенінен Алматыньң
солтүстік шетіне дейін, теңіз деңгейінен 450-ден 700 метрге дейін. Іле
өзенінің алқабындағы және одан 10-30 километр шамасындаѓы жерлер бұрын шөл
іспетті болатын: құм, жеңіл құмдасын, ақ және қара сексеуіл бұталықтары,
жүзген, жыңғыл, жантаќ, шеңгел өсетін. Іле Алатауының солтүстік
бөктерлерінде 700 метр биікке дейін көбінесе тар жарнақшалы жусан, аќшыл
жусан, боз, бетеге, тағы басқа шөп есетін бүр-шік жусанды, шолді дала
орналасқан. Семенов-Тян-Шанский зерттеген кездегі тау суреті осындай
болатын. Қазіргі уақытта бұл жерлер игерілген, суарылады, бұларда астыќ,
ќант қызылшасы, бақшалық, темекі, тағы басқа дақылдар егіледі. Тек Іле
езені маңындағы құм шағылдарда және сай-жырадағы, өзектердегі жыр-тылмаған
танаптарда жабайы шөл даланы кездестіруге болады.
Қазіргі күндерде бау-бақшалы белдеу деп аталатын б ұ т а л ы-т ү р л і
шө п т і да л а белдеуі (700-1300 м) даланың танаптарын адамдар ағашты-
бұталы нулармен кезектестіруді игергенге дейін осындай болатын. Мұнда сұ-
лама жусан, құртқашаш, тарғақшөп, арпабас, қысқаяқ, далалық атқонақ және
өсімдіктің басқа түрлері кездеседі. Алайда кей-кейде дала орнында арам
шөптер: қьмыздық, қалақай, жабайы кендір, жусан, қалуен, таѓы басқа
шөптерден құралған қурай нулары да ұшырайды.
Суармалы егіншілікпен шұғылдануға мүмкін болмайтын ойлы-қырлы жерлерде,
оңтүстік бөктерлерде ерте көктемде жергілікті бәйшешек, құртқашаш, қазжуасы
гүлдейді. Сәуір мен мамыр айларының бөктерлерде сары, қызыл-сарғыш
қызғалдақ, сарѓалдаќ, гүлдері қаулай өседі. Көлеңкелі бөктерлер мен
өзендердің алаптарында түрлі бөріқарақат, итмұрын, түйесіңір, итшомырт
кездеседі. Сайларда кей жерлерде жабайы алма, долана бұталықтары сақталған.
Тау-лардың бөктерлерінде негізінен алѓанда өрік, өзектерде шығанақ еседі.
Топыраѓы құнарлы әр түрлі шөпті-бұтақты және суармалы су кезі мол
белдеулерді адамдар баяѓыда меңгеріп алѓан. Қазіргі уақытта ол жерлерде
жеке қожалық иелерінің, фермерлердің, бау-бақша, егістік пен жеміс-жидек
өсіретін аймақтарына айналѓан.
Әлі тың күйінде тұрған бел-белес, тебешіктерге көктемде қала жұртшылыѓы
қызғалдақ, тау гүлі, сарғалдақ сияқты гүл теруге шығады. Тау бөктерлері
көктем мен қыста таптырмас жайылымѓа айналады.
О р м а н - ш а л ғ ы н д ы — шалғынд ы б е л д е у г е (1300—2800 м),
Алтай мей Саянның солтүстіктік таулы жоталарына қарағанда, жаппай орман
өсіп тұрмайды. Оның солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс
беткейлерінің кейбір учаскелерінде ғана ағаш еседі. Солтүстік беткейдің
жайдақ жерлері мен тау асулары бітік шалғынды келсе, ал оңтүстік, оңтүстік-
батыс, оңтүстік-шығыс, батыс және шыѓысында құрғақ далалы белдеу
өсімдіктері өседі. Белдеудің орта және жоғары бөлігінде дәнді-шалғынды әр
түрлі шөп еседі. Жапырақты орман өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде және
теңіз деңгейінен 1300-1700 м биіктікте көп кездеседі. Онда көбінесе жабайы
алмасы, өрік, Семенов үйеңкісі, тобылѓы мен әр түрлі басқа да ағаштар бар.
Жапырақты орман белдеуінің орта және жоғары жақтарында алдымен көлеңкелеу
тұсында, ал жоѓары қарай ашық шығыс және батысында Тянь-шань аққайыңы мен
жабайы алма аралас өседі.
А. Ж. Жанғалиевтың деректеріне қарағанда (1977) Іле Алатауының 3064
гектарында жабайы алма гүлдесе, оның 2400 гектарында аталѓан жеміс ағашы
жиі тамырланѓан. Жабайы өрік 1300 га жерді алып жатыр. Соңғы 15 жыл ішінде
орман шаруашылыѓы бұл жерлердің 550 гектарына мәдени алма аѓаштарын және
таудың 786 гектарына Апорт пен оның қысқы және күзгі сорттарын отырѓызды.
46 гектарѓа өрік егеді.. Соңғы кездері ѓалымдар жабайы алманың бәрін жаппай
мәденилендіру тәсілін тиімсіз деп тауып отыр. Олардың тұқымын сақтап қалу
мақсатында аналыќ, ұрық беретін учаскелерді күтуге алды. А.Ж. Жанѓалиевтыњ
зерттеулері бойынша (1977), біздің тауларда ерте, кеш және аралыќ, уақытта
гүлдеп, ұрығы жетілетін, тозаңдануы да әр кезеңде өтетін аѓаш сорттары
өсуде. Олардың жемістері де бірі ұсақ, бірі үлкен және орташа формалы,
сондай-ақ ақ, сарѓыш және қызғылтым түсті болып келеді. Сонымен бірге ағаш
діңдері ұзын, қысқа және бұтақты, олар қысқа шыдамдылыѓы, жемістілігі және
ауруѓа беріктілігімен ерекшеленеді. Егер Сиверес алмасы түр-түрі бойынша 10-
нан 100 грамга дейін, кейде одан да салмақтылау болса, ал олардың
дәмділігі тіпті ерекше. Тәтті, қышқылтым-тәтті, тәтті-қышқылтым, қышқыл,
қышқыл-ащы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz