Давыдов бойынша дамыта оқыту


Давыдов бойынша дамыта оқыту
В. В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқытудың қазіргі жүйесіне ең алдымен, оқушынын танымдық әрекеті, танымның бағыты бойыынша қарама-қарсы қойылған. Қазіргі оқыту көп жағдайда жекеден, нақтыдан, жалғыздан - ортаққа, абстрактіліге, тұтастыққа бағытталған жағдайдан, фактіден - жүйеге; құбылыстан - мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай оқытудың барысында дамитын баланың ойлауы В. В. Давыдов бойынша, эмпирикалық деп аталады. Л. С. Выготский мен Д. Б. Элькониннің ж. ұмыстарының жалпы теоретикалық контексінде В. В. Давыдов оқытудың жаңа жүйесінің дәстүрліден гөрі: жалпыдан жекеге, абстрактіден нақтыға, жүйеліден жалғызға бағытталған теоретикалык әзірлемелеу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Осындай оқытудың процесінде дамитын баланың ойлауын В. В. Давыдов теоретикалық, ал осындай оқытудың өзін - дамытушы деп атады. Бұл жерде В. В. Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың жетекші маңыздылығы, ең алдымен, меңгерілетін білімдердің мазмұны арқылы көрінеді деген Л. С. Выготский мен Д. Б. Элькониннің негізгі ережелеріне сүйенеді, одан оқытуды ұйымдастырудағы әдістер (немесе тәсілдер) туады.
В. В. Давыдов эмпирикалық және теоретикалық білімнің алты негізгі айырмашылықтарын келтіреді (бұл жерде «білім» термині «абстракция», «жалпылау», «ұғым» үшін ортақ) [63, 129-130 б. ] .
Эмпирикалық білім
1. Білім заттарды, олар туралы ұғымдарды салыстыру барысында пайда болады; нәтижесінде оларда ортақ қаситтер бөлінеді.
Теоретикалық білім
- Білім тұтас жүйенің ішіндегі кейбір ерекшелік қарым-қатынастардыңпайда болады, , қарым-қатынастар генетикалық тұрғыдан жүйенің барлык көріністерінің бастапқы негізі болып табылады
- Салыстур барысында заттардың белгілі бір класқа қатысты бірқатар жиынтығы бөлінеді (олардың ішкі байланысын ашпай ортақ қасиеттерінің негізінде )
2. Талдау барысында генетикалық бастапқы қатынас, жалпыға ортақ негіздеме, біртұтас жүйенің мәні ашылады.
3. Байқауға негізделген білім, затты елестетуде оның сыртқы қасиеттерін бейнелейді.
3. Заттарды ойша қайта құру ретінде пайда болатын білім түсінік шеңберінен «шығып», олардың ішкі қатынасы мен байланыстарын бейнелейді.
4. Ортақ қасиет формалды түрде ерекше және жеке дарамен қатар қойылады.
4. Із-жүзінде өмір сүретін біртұтас жүйе мен оның әртүрлі нышандарының байланысы жалпыға ортақ және жеке дараның байланысы ретінде саналады.
5. Білімді нақтылау пәндердің берілген класына кіретін мысалдар мен иллюстрациялар таңдаудан тұрады.
5. Нақтылау біртұтас жүйенің жалпыға ортақ негіздемелерінің ерекше және бірегей нышандарының бөліп шығару, түсіндіруден тұрады.
6. Білімді зердеге түю құралы термин сөздер болып табылады.
6. Білім ақыл-ой әрекетінің құралдарында, содан соң символ-таңбалық құралдар арқылы көрінеді.
В. В. Давыдов мазмұнды абстрагирлеу және жалпылау барысында алынатын теоретикалық біліммің сипаттамасын келтіреді. Ол дамыта оқытудың негізін қүрайды. Генетикалық бастапқы негіздеме, ой-еңбек әрекетінің жалпыланған тәсілін анықтау, қайта өңдеу үшін барлық қасиеттердің байланысын белгілеу үшін салыстыру және қайта өңдеудің ғана емес, анализдің ойлау әрекетінің (сәйкес синтездің де) маңыздылығы аталып өтеді. Теоретикалық білімнің тағы бір маңызды айырмашылығы: оның қалаптасуы барысында біртұтас жүйе ішінде жалпыға ортақ және жекенің байланыстары орнатылады, оның мәнін түсіну, ол белсенді ойлау әрекетін ұйғарады (тек қана түсінік емес), үшінші, оны да ерекше атап өту қажет, теоретикалық білімнің өмір сүру түрі. В. В. Давыдовтың теориясында бұл, ең алдымен, ой-еңбегі қызметінің әдістері, әрекеттің жалпыланған тәсілдері.
Теоретикалық білімнің және оқытудың иегізгі бағытын осылайша түсіну, яғни абстрактіден нақтыға, қолданыстағы дидактикалық принциптердің басқа, психологиялық тұрғыдан түсіндірілуіне ұғынымдылық, ғылымилықтың жалпы дидактикалық принциптерін қарастыра келе, олардың басқа, психологиялық-педагогикалық табиғаты бар екені жөнінде айтады [61] .
Біріншіден, сабақтастық принципі оқыту кезеңдерінің сапалық айырмашылықтары принципіне өзгертіледі, олардың әрбіреуі психикалық дамудың әр түрлі сатыларымен байланысты. Екіншіден, ұғынымдылық принципі дамыта оқыту принципіне өзгертіледі, ол жаңа мазмұнмен толықтырылып, «дамудың жылдамдығы мен мазмұнын заңды тұрғыдан білім берушінің әсер етуді ұйымдастыру көмегімен басқаруға болады». Үшіншіден, саналылық принципінің әрекет принципі ретінде жаңа мазмұны бар. Оқушылар бұл жағдайда мәліметтерді дайын түрде алмайды, олардың әрекет құралы ретінде өту шарттарын анықтай отырып қана алады. Бұл үшінші принцип (В. В. Давыдов, В. В. Рубцов) оқушылардың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекеті ретінде оқытудың жаңа моделін қалыптастыру үшін негіз рөлін атқарды. Төртіншіден, көрнекілік принципін В. В. Давыдов заттық принципі ретінде қарайды. Бұл принципті жүзеге асыра келе, оқушы оның затын анықтап, оны модель түрінде ұсынуы тиіс. Бұл оқытудың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекетінің маңызды сипаттамасы, бұнда процесс пен нәтиженің модельдік, таңбалық-символикалық көрінісі маңызды орын алады.
Оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру негізінде оқу әрекетіндегі дамыта оқыту оның құрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес зерттелінуі тиіс. В. В. Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы пәндерді игеру барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де тұжырымдайды:
- «Жалпы және абстрактілі сипаттағы білімдерді меңгеру, оқушылар, оған қарағанда, жеке және нақты білімдермен танысуалдындажүреді; соңғысында оқушылар өзінің бірыңғай негізі ретіндегі жалпы және абстрактіден шығарады.
- Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі тарауларын белгілейтін білімдерді оқушыларолардың пайда болуының шарттарын талдаупроцесінде меңгереді, солардың арқасында олар қажетті болады.
- Оқушылардың қандайда болмасын білімдерінің заттылық көзінанықтауда оқушылар оқу пәнінде ең алдымен берілген білімобъектінің мазмұны мен құрылымын , мәнді, жалпыға ортақ қатынасынанықтай алугақабілетті болулары тиіс.
- Бұл қатынасты оқушылар ерекше заттылық, графикалық немесе әріптікмодельдерде қайта жаңғыртады, ол оның қасиетін таза түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
- Оқушылар зерттейтін объектінің осындай бірлікте, ол туралыжеке білімдер жүйесінде, генетикалық бастапқы, жалпыға ортақ қатынасыннақтылай алу қабілетіболуы қажет, ол жалпыға ортақтан жекеге және ойша кері ауысуларын қамтамасыз етеді.
- Оқушылардың әрекетттерді орындаудаой-еңбектік тұрғыдансыртқы тұрғығажәне кері орындауғаауыса алу қабілеттеріболуы тиіс» [63, 164 6] (өзімнің белгілегенім. - И. З. ) . Мектепте білім беру практикасына енгізілген Д. Б. Эльконин
мен В. В. Давыдовтың жүйесі бойынша дамыта оқытуға Л. И. Айдарова, А. К. Маркова, В. В. Рубцов, А. З. Зак, В. В. Репкин. М. М. Разумовский, Г. Г. Граниктің және т. б. еңбектерінде түсінік беріледі. Дамыта оқытудың идеясының өзі Д. Н. Богоявленский, С. Ф. Жуйков, М. Ф. Косилова, И. Я. Каплунович, Б. Е. Хаевтің оқьпудың эксперименталдық жүйелерінде [толығырақ 231 қараңыз], сонымен қатар, Т. В. Некрасова, Г. Н. Кудина, Р. Г. Мильруд және т. б. жұмыс тәжірибелерінде қысқаша көрініс тапты. Л. В. Тарасованың ұсынғған «Жалпы білім берудің жаңа үлгілері. Экология және диалектика» еңбегінде, негізінен, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқытуының негізгі ережелері пайдаланылады. Осының барлығы дамыта оқытуды мұғалімнің оқыту практикасына кеңінен енгізудің мүмкіндіктері мен болашағына ие бола отырып, шын мәнінде, оқушының психикалық дамуын басқаратынын көрсетеді.
Адамның әлеуметтік ортада, арнайы білім беру мекемелерінде жеке тәжірибесін жинақтауы - бұл дамыту, оқыту, тәрбие берудің күрделі өзара әрекетінің нәтижесі, бұл жерде дамыту - оқытудың түпкі мақсаты, ал оның өзі (тәрбие берумен бірге) - дамудың шарты мен негізі болады, оның өзінің деңгейлері, сызықтары мен бағыттары бар. Дамыта оқыту, Л. С. Выготский бойынша, алдын алушы дамудың принциптерін табысты жүзеге асыру болып табылады.
Өзі н-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- «Үйрету», «оқу», және «оқу әрекеті» деген ұғымдар арасындақандай айырмашылық бар?
- Оқу пәнінін мазмұны, бағдарлама, оқыту әдісі және оқушыныңойлау типі өзара қалай байланысты?
- «Абстрактіден нақтыға көтерілу» формуласы нені білдіредіжәне дамудың жалпы заңымен қалайша байланысты?
- Л. В. Занков және В. В. Давыдов бойынша дамыта оқытудыңортақ принциптері қандай?
- Эмпирикалық және теоретикалық білімдер өзара қалайшаажыратылады?
- Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда дамыта оқытудың артықшылығы неде?
Ә д е б и е т
Возрастнай и педагогическая психология. 2-е изд. / Под ред. А. В. Петровского. М., 1979.
Выготский Л. С. Детская психология. Ч. 2: Вопросы детской (возрастной) психологии// Собр. соч. В 6 т. М, 1984. Т. 4.
Давыдов В. В. Проблемы развивающего обучения. М., 1986.
Ильясов И. И. Структура процесса учения. М., 1986.
Лингарт Й. Процесс и структура человеческого учения. М.,
Мухина В. С. Возрастная психология. М., 1997. С. 9-97.
Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии // Под ред. И. И. Ильясова, В. Я. Ляудис. М., 1981.
Чуприкова Н. И. Умственное развитие и обучение // Психоло гические основы развивающего обучения. М., 1996.
Субъект категориясы Субъект категориясының жалпы сипаттамасы
Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда, негізгі орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель) . Ол қазіргі кездегі психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С. Л . Рубинштейн, К. А. Абульханова-Славская, А. В. Брушлинский, В. А. Лекторский) . С. Л. Рубинштейннің айтуынша, «философияның (онтологияның) негізгі мәні . . . түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың түрлі формаларын ашу» [193, 275 б. ] . Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді. Білім беру іс-әрекетінің, яғни, өзіне оның екі өзара байланысты - педагогикалық және оқу формаларын қамтитын іс-әрекеттің субъектілерін талдау-жалпы философиялық және нақты педагогикалық міндеттер арнасында жатыр.
Жалпы философиялық позиция бойынша субъект сипаттамасы қандай? Осы сипаттамаларды С. Л. Рубинштейн бойынша келтірейік.
Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен сәйкестендіріледі. Осыған орай, С. Л. Рубинштейн, болмысты танып білуге, «болмыстың танымға ашылуына», осы «танылып отырған болмыстың» танып білуші адамға қатынасына екі өзара байланысты жақтарды қояды: 1) болмыс объективтік шындық ретінде, адам тарапынан саналы түсіну объектісі ретінде; 2) адамды болмысты танушы, ашушы, оның өзіндік сана-сезімін іске асырушы субъект ретінде» [193, 326 б. ] .
Екіншіден, танушы субъект, немесе «ғылыми таным субъектісі -бұл өзі танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан формаларда саналы түсінуші қоғамдық субъект» [193, 326 б. ] . Осы жерде А. Н. Леонтьевтің жалпы субъективтік пен объективтік арасында қарама-қайшылық абсолютті емес деген қағидасын атап өту маңызды. «Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды, тіпті бүкіл оның даму барысында олардың арасындағы, «біржақтылықты» жоюшы, өзара өтулер сақталады»
Үшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид болмысында да тіршілік құрып, жүзеге аса алады.
Төртіншіден, «Мен» және басқа адам проблемасы мәселесін қарастыра отырып С. Л. Рубинштейн келесі жағдайға назар аудартады: «Мен» қандай да бір іс-әрекетті ұйғарады және керісінше, «ырықты, басқарылушы, саналы түрде ретгелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам (лицо), осы іс-әрекеттің субьектісі - берілген индивидтің «мені» тиісті ұйғарады» [193, 334 б. ] . Бұл қағида тек субъектінің ғана емес, сонымен қатар іс-әрекеттің өзінің де негізгі сипаттамаларының бірі ретінде болады.
Бесіншіден, субъект - саналы әрекеттенуші - оның өзіндік сана-сезімі - бұл өзін дүниені саналы түсінуші және оны өзгертуші тіршілік иесі ретінде түсіну, оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші субьект ретінде - практикалык және теоретикалық, сондай-ақ саналы түсіну іс-әрекетінің субъектісі ретінде түсіну» [193, 335 б. ] . Бүл анықтама С. Л. Рубинштейн теориясында «Адам өмір субъектісі ретінде» афоризмі формасын алады.
Алтыншыдан, әрбір нақты субъект өзінін басқаға қатынасы арқылы танылады (мұны тағы А. Смит, К. Маркс айна теория сында атап өткен, бұл теория бойынша Петр деген адам Павелге айнага қарағандай қарап, оның бағалауын қабылдай отырып, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады) .
Жетіншіден, әрбір «Мен» жекеше де, қоғамдық та болғанымен, ұжымдық субъект болып табылады. «Әрбір «мен», ол «мендердің» жалпылығы болғандықтан, ұжымдық субъект, субъектілер ынтымақтастығы, «субъектілер республикасы», тұлғалар ынтымақтастығы болып табылады; бұл «мен» іс жүзінде «біз» болып табылады» [193, 337 б. ] .
Субъектінің сегізінші сипаттамасы - іс-әрекет, субъекті осы іс-әрекеттің өзінде өзі қалыптасып, жасалатынында болып табылады, оның пән мазмұнын ашуда субъектінің өзін айқындап және анықтауы мүмкін. С. Л. Рубинштейн бойынша, «субъект өзінің істерінде, өзінің шығармашылық дербестік акттерінде тек қана табылып және көрініп қоймайды ол мұнда жасампаздалады және анықталады. Сондықтан оның не істегеніне қарап, оның кім екенін білуге болады; оның іс-әрекеттің бағыты арқылы өзін анықтап және қалыптастыруға болады. Тек осыған ғана педагогиканың мүмкіншілігі жоқ дегенде, үлкен стильдегі педагогиканың мүмкіншіліктері сүйенеді» .
Субъектінің тагы бір, тоғызыншы сипаттамасын атап өтейік, ол бейнелеу процесін гносеологиялық және өзіндік психологиялық талдаудан, «субъективтік» бейне категориясынан туындайды (А. Н. Леонтьев бойынша) . А. Н. Леонтьев пікірінше танымда иіыи бейнесінде үнемі белсенді субьект болады («құмарланған»), ол өзі орналасқан объектімен байланыстарды модельдейді. Іс-әрекеттің мотивтермен, эмоциялармен, субъект ұстанымдарымен шарттастығының жалпы психологиялық тезисіне негізделе отырып, А. Н. Леонтьев бейнелеудің «құмарланғандығы» түсінігін оның іс-әрекет субъектісіне тиістілігі ретінде енгізеді [112. 125-126 б. ] .
Субъект түсінігінен басқа операционалдық позициялардан келе отырып,
Ж. Пиажеде белсенділікті оның жетекші сипаттамаларының бірі ретінде қарастырғанын айта кету маңызды. «Объект субъектіге дайын күйде «берілмеген», ол тек сонғысы тарапынан жаңа білім құрылымында жаңғыртылады, оны өзі ушін «тұрғызатындай», тура сол сияқты субъектіде өзіне өзінің барлық ішкі құрылымдарымен «берілмеген»; өзі үшін обьек тұйымдастыра отырып, субъект өзінің жеке операцияларында конструкциялайды, яғни өзін-өзі шындық жасайды» [104, 50 б. ]
Ж. Пиаже бойынша, субъект үнемі қоршаған ортамен өзара әрекеттесуде болады; оған бейнелеудің функционалды белсенділігі тән, оның көмегімен субъект өзіне әсер етуші ортаны құрылымдайды. Белсенділік әрекеттерден байқалады, олардың арасында әр түрлі өзгертулер, объектілерді түрлендіру (орын алмастыру, комбинациялау, жою, т. б. ) және құрылымдар жасау жеттекші болып табылады. Ж. Пиаже, обьект пен субьект арасында қашанда, субъектінің алдыңғы өзара әрекеттесуі, алдыңғы реакциясы контексте жүретін өзара әрекеттесу бар екеніне қатысты педагогикалық психтрлогия үшін маңызды ойды атап көрсетедіі Ж. Пиаженің және бүкіл Женева мектебінің осы позициясын талдай отырып, Л. Ф. Обухова келесі жағдайды атап өтеді: «стимул- реакция» формуласы, Ж. Пиаже бойынша, «стимул - субъект іс-әрекетін ұйымдастыратын реакция» ретінде болуы керек [150, 23 б. ] . Басқаша айтқанда, әрекеттердің, іс-әрекетгін және одан да кең мағынада - өзара әрекеттесу субъектісі, объектімен ара қатынаста болып, өз тарапынан белсенді, жаңғыртушы және түрлендіруші бастама болып табьшады. Бұл әрқашан да әрекеттенуші болады [181, 5 тарау қараңыз] .
Субъект және тұлға
Субъектілік проблемасы соңғы он жылдықтарда, тұлға психлогиясында арнайы зерттеу объектісі болуда (К. А. Абульханова, А. В. Брушлинский, В. И. Слободчиков, В. А. Петровский) [1; 181 б., 9 тарау қараңыз] . Адамның « . . . дүниедегі болмысының өзін-өзі детерминациялау қасиетін» саналы түсінуші субьектілігі идеясын (В. А. Петровский), берілген психология аймағы үшін демеушісі ретінде қарастырылады. В. А. Петровский, осы категория арқылы тұлғалық пен субъектік арасындағы ішкі байланысты қарастыра отырып: «Тұлға болу дегеніміз . . . іс-әрекеттің, қарым-қатынастын, өзіндік сана-сезімнің субьектісі болу», - деп көрсетеді.
В. А. Петровскийдің дәлелдерін келтірейік:
«Біріншіден, тұлға болу - өз өмірінің субъектісі болу, дүниемен өзіндік виталды (кең мағынада) қатынастарын құру». Бұл адамның табиғатпен және әлеуметтік ортасымен өзара қатынастарының физикалық, психофизикалық, психологиялық, әлеуметтік жақтарын қамтиды.
«Екіншіден, тұлға болу - өзі әрекеттенуші ретінде болатын заттың, іс-әрекеттің субъектісі болу».
«Үшіншіден, тұлға болу - ол қарым-қатынастың субъектісі болу», мұнда В. А. Петровский бойынша, өзара әрекеттесуші жақтардың өзара көрінулерін қамтамасыз ететін ортақ нәрсе қалыптасады. В. А. Петровский, осы категориялардың байланысын ұғыну үшін маңызды ойды атап етеді, яғни « . . . қарым-қатынас субъектісі ретінде тұлға болу - адамның басқа адамдар өмірінде қандай да бір мөлшерде идеалды бейнеленуінсіз мүмкін емес».
Төртіншіден, В. А. Петровский бойынша, тұлға болу дегеніміз-өзіндік сана-сезім субъектісі болу, мұның өзі өзін-өзі бағалауды, өз «Менің» ашуды және де басқа өзіндік-тұлғалық конституенттерді қамтиды. Субъектілікті тұлғаны құрастыратын сипаттамасы ретінде қарастыра отырып, В. А. Петровский педагогикалық психология үшін маңызды түсініктерді енгізеді: «виртуалды субъект» түсінігін қалыптасу, осы күйге өту мезеті ретінде, бұл адамдағы тұлғалықтың пайда болуымен байланыстырылады; «бейнеленген субъектілік» түсінігін - «нағыз субъект өз-өзі үшін субъект және сонымен біріге алмайды және сонымен бірге басқа біреу үшін өзінің болмыс субьектісі болмай қалмайды» [171, 42 б. ] .
Субъектілік сипаттамалардың психологиялық-педагогикалық көрінісі
Субъект категориясының білім беру процесіне, барлық мүмкін кескіндеріне талдау жасау мақсатында оның (субъектінің) негізгі сипаттамаларын тағы да бір рет атайық. Бұл келесі сипаттамалар (көрсетудің елеулі ырықты, іс-жүзінде бағдарланған формалары) :
1) субъект объектіні ұйғарады; 2) субъект өз әрекеттену формасы (құралдары, тәсілдері) бойынша қоғамдық; 3) қоғамдык субъект жүзеге асудың йақты да, даралық формасына ие; ұжымдық субъект әрбір индивидте көрінген және керісінше; 4) саналы реттелінетін іс-әрекет әрқашан да субъектілі, онда субъектінің өзі де қалыптасады; 5) даралық іс-әрекет субъектісі - саналы әрекеттенуші; 6) "субіектілік басқа адамдармен қатынас жүйесінде анықталады, ол - белсенділік, құмарланғыштық; 7) субъектілік қарым-қатынастың, іс-әрекеттің, өзіндік сана-сезімнің және болмыстың ажырамас тұтастығы; 8) субъектілік - бұл жаралатын және жойылатын, өзара әрекеттесуден (тұлғааралық, әлеумеггік, іс-әрекеттік) тыс болмайтын динамикалық бастама; 9) субъектілік - бұл интерпсихикалық категория. Адамның осы субъектілік сипаттамаларына, субъект түріндегі тұлға ретіндегі сапаларын да қосу керек. Ол Н. А. Климов бойынша, бағыттылықты, мотивтерді қамтиды; қоршағандарға, іс-әрекетке, өзіне қатынасты; жинақылық, ұйымдасушылық, шыдамдылық, өзіндік тәртіп сияқты сапалардан: көрінетін өзін-өзі реттеуді; креативтілікті, даралықтың интеллектуалдық қырларын; эмоционалдылықты қамтиды [90, 89 б. ] . Осы сипаттамалардың барлығы толықтай немесе жинақталған формада білім беру субъектілеріне де тән. Білім беру процесінің субъектілеріне тән ерекшеліктер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz