Ежелгі герман тайпалары мен Рим империясының тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ежелгі герман тайпасы және Рим

Рим бұдан 2000 жыл бұрын Рим елінің даңқы бүкіл әлемге жайылды. Өзіне көрші елдерді жаулап алып қыруар құл мен мал, алтынға иелік еткен римдіктер өзінің ұлы жеңістерін тойлап, оны мәңгі есте қалатындай етіп алып ғимараттар салдырды. Олар салдырған ғимараттардан мемлекеттік айбын мен қаһарман жауынгерлік сипат аңғарылу жатты. Мына суреттегі Римде әулие Петр соборы мен алаңын салу ұзақ жылдарға сызылған. Собор пансион үлгісінде 16 ғасырда салынып біткен.

Римнің қала өмірі. Рим империясы дамуының негізгі белгісінің бірі қалалардың өсу. Солардың ішіндегі ең әсем де, әрі әдемісі Рим болды. Рим қаласы өзенінің екі жағалауына орналасқан. Рим қаласының көшелері ежелгі орталық форумға түйіскен. Форум (латын сөзі) - ежелгі Римдегі базар алаңы. Оның іргесі б. з. б VI ғасырда қаланды.

Форум шаруашылық қана емес, саяси да орталық болды. Ежелгі Римдегі өте көп тараған ескерткіштердің бірі - салтанатты қақпалар мен арқалар еді. Мұнда үнемі жорықтан жеңіспен оралған қаһарман батырларды зор қошеметпен қарсы алып отырған.

Қалалардың өмірінде театр үлкен орын алған. Қаланың ерікті адамы театрға көп барған. Көптеген қалаларда үлкен театр ғимараттары тұрғызылды. І ғасырда Римде аса үлкен Калызей амфитеатры салынды. оның ортасында дөңгелек шайқас алаңы - арена болды. Ал көрермендердің орындары шайқас алаңы тұйық шеңберленіп, сатылай көтерілетін. Ежелгі Римде 123 күнге созылатын мереке ұйымдастырылатын.

Осы мереке күндері амфитеатрына жыртқыш аңдар жіберіп солардың шайқасын қызықтайтын. Сонымен қатар гладиаторлар шайқасы римдіктердің сүйікті ермегіне айналып отырған. Бұл шайқас б. з. б. ІІІ ғасырдан бастап қадірлі адамдардың құрметіне ұйымдастырылды. Ал б. з. б. І ғасырда ойын сауық түріне айналды. Амфитеатр иесі мұндай ойын - сауықтан көп пайда тапқан. Форумның жанында Палатин жотасы болған. Осы жерде императордың алтын жалатқан мәрмәр сарайлары орналасқан. Жотаның оңтүстігіндегі жазықта ат жарысы өткізілген. Мұнда ондаған мың көрермен сиятын үлкен цирк - ипподром болды. Ипподромда император мен бекзадаларға арналған лоджалар болған. Цирк алаңында төрт ат жегілген жеңіл арбалар жарысы өткізілген. Көптеген римдіктер мереке күндері мен демалыстарда әр түрлі ойындар мен жарыстарды қызықтайтын болған. Императордың бұйрығы бойынша, барлық ерікті адамдар үшін термдер-моншалар салынды, оның саны Римде мыңға жеткен. Термдердің жанында демалыс залдармен кітапханалар жұмыс істеген. Мұнда жақын жолдастарымен кездесіп соңғы жаңалықтарды білуге болатын еді. Осы жерде әр түрлі шайханалар да орналасты. Сонымен қатар шаштараз бөлмелері де болды. Рим шонжарлары ауасы жақсы, қаланың көрікті жерлеріне жеке - жеке орналасқан әдемі де, әсем үйлер тұрғызған.

Үйлердің ауласында саялы бақтар мен аллеялар болған. Ортасында фонтан атқылап тұрған. Римдіктердің жаулап алған жерлері. Рим бүкіл Италияға өзінің үстемдігін орнатады. Италиядан кейін римдіктер Сицилия мен металы көп Испания жері үшін жаңа жорыққа әзірленді. Бұған Карфогендіктер қарсы болды. Римдіктер карфогендіктерді пундар деп атады. Бірінші пуни соғысы б. з. б. 234 жылы басталып, б. з. б 241 жылы Римнің жеңісімен аяқталды. Сицилияда Рим үстемдігі орнап, оны рим тағайындаған әкім басқарды. Рим Сицилияға грек қалаларын азаттыққа жеткізіп, оларды салық төлеуден де босатты.

Римдіктер бұл соғыста зиян шекті. Олар 600 жүз кемесінен айырылп, отыз жастан асқан халқының саны 20 мыңға кеміді. Әскерді басқару ганибалға жүктелді. Ол өз әскерін мұз басқан Алпі таулары арқылы Италияға небәрі 15 күнде алып барды. Асу кезінде 38 пілдің 12-сі ғана қалды. Сөйтіп б. з. б. 218 жылы екінші пуни соғысы басталды. Б. з. б 216 жылдың тамызында болған шайқастан Римнің 50 мың әскері қырылды.

Б. з. б 201 жылы екінші пуни соғысы аяқталды. IV ғасырда Рим империясы әлсірей бастады. Оның бірнеше себебі болды. Ең басты себеп - құлдар еңбегінің тиімсіздігі еді. Валенттің өзі басқарған Рим әскерін талқандады. Бұдан кейін Рим империясы оңала алмай 410 жылы Алер бастаған вестюгтар Римді жаулап алды. Алерих Римді 3 күн бойы тонады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим империясының экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстары мен Батыс Рим империясының құлауы
Ежелгі Римнің саяси-құқықтық құрылымы, саяси ілімдері және Батыс Рим империясының құлауы
Рим империясының тарихы: жазбаша деректер мен материалдық мәдениет ескерткіштері
Ежелгі Грекия, Рим және Франк мемлекеті: мемлекеттік институттар мен құқықтың даму тарихы
Ежелгі Рим театрының тарихы мен ықпалы
Ежелгі Рим өнері: тарихы мен көркем мұрасы
Рим империясының қоғамдық және мемлекеттік құрылымы: Шығыс Рим (Византия) және Батыс Римнің құлауы
Ежелгі Рим тарихы мен өнері: этрустардың ықпалы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің тарихы мен ерекшеліктері
Еуропа мен Американың орта ғасырлар тарихы: феодализм, кезеңділік және III-V ғғ. Рим империясының дағдарысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz