Әбіш Кекілбаевтың өмір



1 Ә. Кекілбаевтың творчестволық жолы
2 Ә. Кекілбаевтың тарихи тақырыпқа жазған повестері
3 Ә. Кекілбаевтың жазушы ретіндегі ең сүйікті тақырыптарының бірі
4 Ә. Кекілбаевтың повестері
Осыдан жиырма жылдай бұрын, қазақ әдебиетінің ұлы көшіне біраз даңғаза-дабырмен жамырай келіп қосылған бір топ жас талантты замандастар ортасынан бұйра бас, қара торы, өңді өспірім жігіт бірден жұрттың назарын аударған еді. Асықпай, айшықтап шешен сөйлейтін, барынша білімдар жігіттің биязы мінезі мен дәлелді пікірлеріне әркім-ақ ден қоятын.
Кейбір өрекпіме тұрғыластарымыз өзгені тыңдаудан гөрі өзінің ішіне сыймай жүрген ойларын жариялауға асығып жар салып жатса, бұл ерекше байсалды мінезбен бұрын біз естіп-білмеген кейбір кітаптар мен авторларды алдымызға көлденең тарта бастаушы еді, сонда біздің арамыздағы небір даукес-білгіштеріміз де бәсеңсіп қалатын. Оның үстіне, бұл жігіттің сонау алыс түкпірдегі, түрікмен даласымен шектес жатқан шағын ауылдан, Маңғыстау түбегінен келгендігі де біз үшін біраз қызғылықты жағдайдай көрінетін.
Ол қазақ жерінің өзге аймақтарына ұқсай қоймайтын осы түбектегі өмір, тірлік, салт-сана туралы, ежелгі аңыз-әңгімелер, ата-бабалар тағдыры жайында, даланың қым-қуыт бояулары төңірегінде қызыға, қызына әңгімелейтін, сол сәтте бізге ол туған жерінің шежірешісі секілді көрінетін-ді. Ол кезде Әбіштің баспадан алғашқы өлеңдер жинағы шығып, баспасөзде алғашқы мақалалары жарияланып жатса да, мұны білетіндер келешекте әдебиетте ол өзіне тиісті сөзін айтады ғой деп сенер еді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Осыдан жиырма жылдай бұрын, қазақ әдебиетінің ұлы көшіне біраз даңғаза-
дабырмен жамырай келіп қосылған бір топ жас талантты замандастар ортасынан
бұйра бас, қара торы, өңді өспірім жігіт бірден жұрттың назарын аударған
еді. Асықпай, айшықтап шешен сөйлейтін, барынша білімдар жігіттің биязы
мінезі мен дәлелді пікірлеріне әркім-ақ ден қоятын.
Кейбір өрекпіме тұрғыластарымыз өзгені тыңдаудан гөрі өзінің ішіне
сыймай жүрген ойларын жариялауға асығып жар салып жатса, бұл ерекше
байсалды мінезбен бұрын біз естіп-білмеген кейбір кітаптар мен авторларды
алдымызға көлденең тарта бастаушы еді, сонда біздің арамыздағы небір даукес-
білгіштеріміз де бәсеңсіп қалатын. Оның үстіне, бұл жігіттің сонау алыс
түкпірдегі, түрікмен даласымен шектес жатқан шағын ауылдан, Маңғыстау
түбегінен келгендігі де біз үшін біраз қызғылықты жағдайдай көрінетін.
Ол қазақ жерінің өзге аймақтарына ұқсай қоймайтын осы түбектегі өмір,
тірлік, салт-сана туралы, ежелгі аңыз-әңгімелер, ата-бабалар тағдыры
жайында, даланың қым-қуыт бояулары төңірегінде қызыға, қызына әңгімелейтін,
сол сәтте бізге ол туған жерінің шежірешісі секілді көрінетін-ді. Ол кезде
Әбіштің баспадан алғашқы өлеңдер жинағы шығып, баспасөзде алғашқы
мақалалары жарияланып жатса да, мұны білетіндер келешекте әдебиетте ол
өзіне тиісті сөзін айтады ғой деп сенер еді.
Шынында да Әбіш Кекілбаев осы жылдар ішінде тынымсыз, табанды еңбек
етіп, талантын әр қырынан таныта білді. Өлеңдер жинағынан басқа повесть,
әңгімелердің, сыни еңбектерінің бірнеше кітабын шығарды. Аңыздың ақыры,
Үркер, Елең-алаң аталатын романдар жазды.
Г. Мопассанның Өмір, Пьер мен Жан романдарын, Л. Толстойдың Соғыс
және бейбітшілік романының тарауларын, шет ел авторларының әлденеше
пьесаларын, әңгімелерін қазақ тіліне аударды. Мұның бәрі әрине, аз еңбек
емес. Бірақ мен Әбіштің қаламын оншалық жылдам деп айтпас едім. Ол бағзыдан
сыр шертетін көне көз шежірешілер секілді асықпай, баппен жазады, бәлкім,
қиналып та жазатын болар. Ең жақсысы — оның қаламынан шыққан дүниелер
оқушыны да, сыншыларды да немқұрайды қалдырған емес, оның творчестволық
ізденістері әрдайым ден қойдырып, кейде әр түрлі талас пікірлер де
тудырып жүр. Ол шығармалардың орыс, неміс, венгер, болгар, чех,
эстон тілдеріне аударылуы да кездейсоқ құбылыс емес.
Әбіш Кекілбаевтың шәкірттік үйрену дәуірі пәлендей ұзаққа созылған
жоқ. Өзінің алғашқы өлеңдері, мақалалары, әңгімелері арқылы ол
творчестволық мүмкіндігінен хабар берсе, кейінгі жылдары жазған шағын
көлемді повестері автордың жазушылық қарымын, өзіне тән қолтаңбасын,
қалыптасқан стилін айқын танытты. Бір шөкім бұлт, Дала балладалары,
Бір уыс топырақ кітаптарына енген прозалық шығармалар оның творчестволық
мұрат-мақсаттарының ауқымын анықтап, оның стиліндегі эпиктерге тән байсалды
баяндау, философиялық, психологиялық тереңдіктерге бару, кең тынысты,
бейнелі, иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерін
байқатты.
Кекілбаевтың творчестволық жолы қазақ әдебиетшілері өз халқының өткені
мен тарихтың көмескі беттерін жапа-тармағай жаза бастаған тұсқа сәйкес
келді. Романтикалық ерлік, өнегелерге толы сол бір құпия заманаларға үңіле
отырып, өздеріне қажетті материалдар мен шабыт көзін тапқан базбір авторлар
қаламынан туған ондаған романдар мен повестерді қазір сыншыларымыз жанрлық
жағынан іріктегенде бірде тарихи, бірде тарихи-этнографиялық, бірде
хроникалық деп атап жүр. Ал шынында, соның көбісі өткен өмірді құрғақ
қызықтайтын арзан экзотика, беллетристикаға айналған этнография дәрежесінен
аспай жатты.
Прозашы Әбіш Кекілбаев, біздіңше, тарихқа басқадай жолмен барды.
Күй, Ханша-дария хикаясы, Шыңырау, Бәсеке атты повестерінде автор
ежелгі аңыз-әңгімелерді шебер пайдалана отырып, өткен күннің жарқын да
қаһарлы бейнесін, моральдық бейнесін жасайды, бүгінгі күннің көкейтесті
мәселелерін қозғайды. Москваның Молодая гвардия баспасынан шыққан
Ә. Кекілбаевтың Дала балладалары (1975) кітабына жазған алғы сөзінде
Әбдіжәміл Нұрпейісов былай дейді: Ол өзінің шығармаларында атақты тарихи
тұлғалар есімін саудаға салмайды. Ол өз халқының өткен тұрмысын әспеттеу,
әйтпесе мансұқ ету секілді мінезден де аулақ. Адам өмірінің әлеуметтік сыр-
сипаттарын философиялық, психологиялық тұрғыдан терең көрсетуі бұл
повестердің шыншылдық қасиетін ерекше көтере түскен.
Ә. Кекілбаевтың көркемдік палитрасының қуаты мен қасиеті де осында —
ол ежелгі аңыз-әңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізіп, тарихи-
философиялық тұрғыдан екшеп отырады, сол аңыз-әңгімелерден күллі адам
баласына ортақ адамшылық тамырларды тауып отырады. Өткен күндер шындығына
бүгінгі күннің жарық сәулесін түсіреді. Кекілбаевтың суреткер ретіндегі.
ерекшелігінің бір парасын осы төңіректен іздеуіміз керек. Демек,
сыншыларымыздың оның тарих пен бүгінгі күннің маңызды мәселелерін
(Ш. Айтматов) ұтырлы қозғап, әлеуметтік ірі идеяларды өзек ететінін
(Ә. Нұрпейісов) адам баласының болмысы мен оның іс-әрекетінің себеп-
салдарын іздеп, үнемі ой толғайтынын (А. Руденко-Десняк) атап көрсетуі
шындыққа әбден сай келеді.
Күй повесін — ежелгі тайпалар арасындағы талас-тартыс, араздық,
туралы, қатыгездік пен надандық, жайлаған замандағы кейбір ұсқынсыз әдет-
ғұрыптар туралы жазылған шығарма дейміз. Ата-бабадан мирас болып келе
жатқан абырой-атақ, ар-намысты қайткенде аяққа таптатпау, дұшпан сөзін
бастан асырмау секілді ежелгі ұғымдарды арқаланған батырлар мен дуалы
ауыздардың барша өмipi py намысын жыртудан аспаған заманның кескінін
көреміз. Автор қазақ даласы мен түрікмен құмдарының ғажайып суреттерін
салуға құнарлы тіл де, ұтырлы детальдарды да таба біледі, бipaқ, осынау күн
нұрына шомылған зеңгір аспан астын мекендеген екі бауырлас жұрт ол кездерде
өзара сыйыса алмай, ұғыса алмай талай тауқыметті бастан кешіріпті. Талай
замандар бойы осы далада зорлық-зомбылықтың неше алуан түpi: алып кету,
шауып кету, жер дауы, жесір дауы патшалық құрған. Жаулықтың тамыр жайып
кеткені соншалык, жазықты мен жазықсызды айырып жату мүмкін емес-тi. Жұрт
аузында кек қайтару деген қатал сөз бар. Осы сөз елдің есін алып, ішін
мұздатқан, кеудеде шер-шемен боп қатқан. Tiпті аза-қаза үстінде де еркек
атаулы қарына қанжар байлап жүруді әдет еткен. Той-томалақта ән айтып,
домбыра шертүді ұмыта бастаған. Түрікмен ру-басы Жөнейіттің қатал қабағынан
жақыны да, жаты да қорқады... Жөнейіттің iніci Kөкбөpi де қан аңсаған
қатыгездің өзі, мұның да бар өмірі жортуыл үстінде өткен.
Екі тайпа ел осылай жаулықта өмip cүpiп жатты. Жөнейіт хан болса, өз ісінің
дұрыстығына әсте шубәланып көрген жан емес. Жамандықты балалатып отырып,
бұл өз халқының данқы мен дақпыртын асырдым деп біледі, ата-баба аруағын
қорламауды қатты қадағалайды, өзін ел намысы мен әділеттің жоқтаушысы
санатына қосады, осьның бәріне ол шын көңілімен иланады. Ғасырлар бойы
жасап келе жаткан әдет-ғұрыптан аттап өтіп, адамшылыққа қиғаш көрінетін
әрекет құрсауын бұзып шығуға шалдын шамасы жоқ. Жөнейіт даланың қатал
заңдарының құлақ кесті құлындай. Қартайғанына бip қынжылса, тайпаласында
бас көтерер батырлардың азайып бара жатқанын көріп тағы күйзеледі. Аттың
құлағында ойнап, қанжар мен қылышты қапысыз қатар сермейтін үлкен улы
қыршын кетсе, тещрегше твбелеспен аты шыккан ортаншысы да бугшде жат жерд1н
топырагын жастанып жатыр. Ал кенже ұлы Даулеттің — елдін бәріне сүкімді
көрінетін cepi жіптін — бала жастан қолына дутар ұстап, ан-күйге әуес
болғанын Жөнейіт мүлдем түсіне алмас еді. Осы ұлыньң көкірегіне жауға
деген өшпенділік отын тұтату үшін Жөнейіт оны Темір бабасының моласының
басына түнетуге алып барады. Ұрыс-керіске әуел бастан икемі жоқ талантты
бозбала әкесінің айтқанын істеймін деп ақыры мерт болады...
Жөнейіт қартайған шағында алыс-жұлыспен өткен өмірінің пәлендей опа
бермегеніне, адам баласының өшпенділікпен, кекшілдікпен, ызақорлықпен,
жікшілдікпен баянды өмip сүре алмайтынына көзi жете бастайды. Бірақ қапа-
қайғыға белшесінен батқан, ыза-кектен ақылынан алжасқан кәрінің бұдан әріге
өpeci жетпейді. Қолға түскен күйші қазақ та осы жөнінде қинала ойлайды. Бұл
да адам баласының айуандық істер үшін емес, өз нәсілін көбейтіп, тыныштықта
емір кешу үшін жарық дүниеге келгенін күй тілімен марапаттайды. Өзінін
көнілі қүлаған осы ақиқатты Жөнейіттің де көкірегіне қүюға тырысады.
Сөйтіп, екеуі де домбыра үніне - екеуіне де түсінікті бола бастаған жойқын
күй сазына - құлақ түреді.
Рас, өшпенділік тек қана өшпенділікті тудырады екен. Осыны ұққан
Женейіт қатты толқып, бүрынгы иланым-сенімінен айрыла бастайды, жапанда
жалғыз қалғандай беймаза халді басынан өткереді. Ыза-кекке, қайғы-
қасіретке, қарғыс-налаға толы домбыра үні Жөнейіттің тынышын кетіреді, енді
бірде құдай алдында да, адам алдында да түк жазығы жоқ, Дүйімқараның
зорлығына ұшырап, лажсыз пенде болған осынау сырт пішімі аса жұпыны,
бейшара домбырашыға кәдімгідей жаны аши бастайды. Қайғы-қапа соңынан мәңгі
көз жұмуға бет алғанда да ол әдеттегідей көкжебенің ысқырығын, көк
семсердің суылын естімейді - домбырашы қазақтан немересі Құрбан үйренген
сол зар ызыңы келеді құлағына... Қазақ, орыс, шет ел сыншылары тарапынан
талай жылы сөз естіген Күй повесінің мазмұны мен идеялық пафосы, міне,
осындай.
Өткен күндердің ащы шындығын керсету арқылы келешекке де жарық сәуле
түсіруге болады. Ә. Кекілбаевтың тарихи тақырыпқа жазған повестерінің
өзекті ойы, біздіңше, осындай. Осыған назар аударған сыншылар, сонымен
қабат, қазақ жазушысы көтеріп отырған адамгершілік мәселелер ұлттық тар
шеңберде қалмай, жалпы адам нәсіліне ортақ мұраттармен үндесіп жататынын
ескертеді. Мысалы, Л. Теракопян былай деп жазады: Өткен өмірдің көне
беттерін аша отырып, тарихи шындықтан ауытқымаса да, Әбіш Кекілбаевтың бұл
повесі бүгінгі күннің көкейтесті мәселелеріне жауап берелі. Бұл шығарма
адам бойындағы творчестволық бастау көзін, өзінше ойлау хүқын әспеттейді.
ГДР-дің Фольк унд вельт баспасында екі рет қайта басылған совет
жазушыларының таңдаулы повестері туралы жазған мақаласында белгілі неміс
сыншысы Герберт Кремпиен де осы жайларға назар аударады: Адайлар мен
түрікмендер арасында жүздегеп жылдарға созылған алауыздықтан хабардар
ететін осы оқиғалар көшпенді халықтарда бұрын тарих болмады деген қауесетті
жоққа шығарады, мұндай қауесет бұрын қазақтарға да таңылып келген еді...
Сонымен қатар, Орта Азия даласында өткен кіші-гірім қақтығысты суреттеу
арқылы да үлкен қоғамдық мәні бар гуманистік хикая жасауға болатынын
дәлелдейді. Қазақ жазушысы ертедегі ұлттық тарихқа үңілсе де, бүгінгі
заманда мысалы, Африка халықтары үшін айрықша мәні бар өте
көкейкесті жайларды қозғайды.
Ә. Кекілбаевтың жазушы ретіндегі ең сүйікті тақырыптарының бірі -
әділет пен сүйіспеншілікке, адамшылық пен қайырымдылыққа қарама-қарсы
суреттелген, көпшілікті өлшеусіз қасірет-қайғыға, алапат ойран-сұмдықтарға
бастайтын шегі-шеті жоқ билік пен қарақан басының қамын күйттеген сол билік
иесінің ештен кеш болса да, райынан қайту кезеңі, рухани қайыршылық
көріністері оның көпшілікке белгілі Ханша-дария хикаясы повесінде жан-
жақты сипатталады. Бұл повесть Шыңғыс хан туралы көне аңызға құрылған: өз
кеудесінің желіне өзі семірген Ұлы әмірші таңғұт елін түп-түгел қырып
тастаса да, осы елдін ханшасы гүрбелжін сулудың аппақ тәнінен сусындай
алмай, ақыр соңында әйел қолынан мертігеді. Автор көне аңызға философиялық
мән-мағына қосып, өркөкірек адам рухының қайсарлығын дәріптейді: халықтарды
қанға бояған, айналасына қаһар шашқан әміршілердің әлсіздігін, жер бетіне
зұлымдықтын үрығын еккен әрбіреудің Әлінің қылышынан бәрібір қашып қүтыла
алмайтынын, ондай қанқүйлы жауыздарды аспандағы алла емес, адам қолының өзі
жазалайтынын айтады.
Ал жазушының Шыңырау, Бәсеке атты повестері ондағы оқиғалар мен
әлеуметтік ой-пікірлер жағынан біздін заманымызға жақын тұр. Мұнда да Ә.
Кекілбаевтың о бастағы философиялық, аналитикалық суреттеу тәсілінен
айнымағанын көреміз, дегенмен, бұл жолы ежелгі аңыз-әңгімелердің бірін
тандап алып, соны өзінше байытып жатпайды, қайта керісінше — өткен ғасырда
қазақ аулында өткен бірер қарапайым оқиғаны тілге тиек етеді де, соны шебер
реалистік мәнерде трагедиялық коллизиялар дәрежесіне көтереді, сөйтіп,
бүгінгі күннің қажетіне асарлық адамшылық, этикалық мәселелерді күн
тәртібіне қояды.
Шыңырау повесіндегі құдықшы Еңсептің тағдыры аса қайғылы. Бұл —
өзінің тауқыметке толы қысқа ғүмыры ішінде жапан түзде талай құдық қазған,
талайдың мейірін қандырған, өзіне осыншалық бейнет пен зейнет болған
осыншама қауіп-қатерге толы еңбегіне ерекше қадір-қасиетпен қараған адамның
тарихы. Бірақ ол заманда Еңсеп секілді адамдардың еңбегі көбіне еш болатын,
ақыры ол да өз өмірінің ішіндегі ең терең шыңырауды қазып жүріп қазаға
ұшырайды.
Ал Бәсеке повесінде дала шонжарының ару қызы феодалдық заманның
қанды құрсауынан құтыла алмай, есірік біреудің қолына түскені баяндалады.
Шыңырау, Бәсеке повесінде кейін суреткердің біздің заманымызға арналған
шығармаларында айқынырақ керінген қолтаңбасы бар еді, ол ерекшеліктер;
композициялық шымырлық, тұрмыстық және этнографиялық детальдардың дәлдігі,
терең психологизм, кейіпкерлердің әрекет-қимылдарын жан-жақты талдап
көрсету, кейде сатиралық, кейде жеңіл күлкі шақыратын сыпайы, сұлу баяндау
тәсілі деп білеміз.
Осы аталған повестердегі көркемдік-эстетикалық, әлеуметтік-
философиялық қасиеттер Аңыздың ақыры атты күрделі романда әрі қарай
жалғасып, дами түсті. Ә. Кекілбаевтың тарихи балладалар циклі, біздіңше,
осы романда өзінің толық көркемдік шешімін тапқан. Бұл шығармалар, сөз жоқ,
суреткердің творчестволық өсу жолындағы маңызды белес болып қалмақ.
Аңыздың ақыры романында автор тағы да өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы әдеби түс көру
Жазушының публицистік шеберлігін қазақтың шешендік дәстүрі аясында қарастырып, болмысты көркем бейнелеу ерекшеліктерін зерделеу
«Әбіш Кекілбаев – жазушы, қоғам қайраткері»
Қазақ әдебиеті
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Ә. Кекілбаев өмірі және алғашқы шығармашылық қадамдары
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Әбіш Кекілбаев - шежіре
Пәндер