Кәсіпорын қаржысы және оның ресурстарының қалыптасу көздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
I. Кәсіпорын қаржысы және оның ресурстарының қалыптасу
көздері . . . 5-14
1. 1. Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметі мен принцип -
тері . . . 5-7
1. 2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының пайда болу
көздері . . . 8-11
1. 3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі және
экономикалық қорлар . . . 12-14
II. Кәсіпорынның табыстылығын талдау . . . 15-34
2. 1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерін тал-
дау . . . 15-16
2. 2. Табыстылықтың абсолютті көрсеткішінтерін тал -
дау . . . 17-25
2. 3. Табыстылықтың салыстармалы көрсеткіштерін тал -
дау . . . 26-34
III. Кәсіпорынның қаржылық ресурс көздерін арттыру
мақсатындағы іс - шараларды жетілдіру . . . 35-39
Қорытынды . . . 40-41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігіміздің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізілді және сайып келгенде әрбір еңбектердің мүдделерін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсендігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жадайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорындарда ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес - жоспар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компонентпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай - күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Курстық жұмысым үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады:
Бірінші бөлімде қаржы, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі, кәсіпорын қаржыларының атқаратын қызметтері, кәсіпорын қаржыларын ұйымдастыру негіздері, қаржылық қатынастар, қаржы тетігі, қаржы әдістері, қаржы ресурстары, кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалануды; инвестиция, инвестор, инвестициялық процесс, инвестициялық жобаның жіктелуі, инвестициялық саясат; қорлар және оның түрлері, қорларға деген сұраным, қорлар ұсынымы қарастырылған.
Екінші бөлімде жалпы кәсіпорынның табыстылығы зерттеледі, яғни абсолютті көрсеткіші, өнімді өткізуден түскен түсімі, жалпы табысын, негізгі қызметтен түскен табысы, салық салынғанға дейінгі қызметтен түскен табысы, салық салынғаннан кейінгі қызметтен түскен түсімі, таза табысы және есептеу формулалары қаралады. Сонымен қатар 2005 жылғы кәсіпорынның жалпы табысы зерттеледі және өткен жылмен салыстырғандағы олардың қандай өзгерісте болғаны қарастырылған.
Үшінші бөлімде ресурстардың қамтамасыз етілуі, ресурстар нарқының ерекшеліктері, ресурстарға сұраныстың ерекшеліктері, ресурстарды сақтау саясаты, материалдық ресурстарды үнемдеудің халық шаруашылығындағы маңызы, кәсіпорында барлық ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі, кәсіпорында қаржы ресурстарының құрылымы мен көздерін тиімді пайдалану мәселелері қарастырылған.
I. Кәсіпорын қаржысы және оның ресурстарының қалыптасу көздері
1. 1. Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері мен принциптері
Қаржы - ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:
- мемлекеттік қаржылар (республикалық бюджет, халықты әлеуметтік сақтандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар: зейнетақы қоры, халықты жұмыспен қамту қоры және т. б)
- жергілікті қаржылар (жергілікті бюджетке түсетін қаржылар) .
- кәсіпорын қаржылары.
Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің бірыңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.
Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгйінде қалыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігігің 70 - 80 проценті салық түсімдері есебінен құралады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:
- бөліп - тарату;
- бақылау.
Қаржының бөліп - тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп - тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан тұрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құрылады.
Бақылау маңызды екі мәні бар:
- бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері;
- қаржылай ықпалдар.
Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық - жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т. б) жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
- қаржылық - шаруашылық қызметтегі дербестік;
- өзін - өзі қаржыландыру және басқару;
- жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
- қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
- қаржы резервтерін жасау;
- қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;
- мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау;
- кәсіпорын қызметтеріне қаржылықбақылау жасау.
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады:
- контрагентпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану (жарғылық капиталы, өндірісті дамыту қор, көтермелеу, ынталандыру қорлары және т. б) жөнінде;
- кәсіпорындармен - қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім - шарт міндеттерін бұзған жағдайда айып пұлдар төлеттіру және төлеу, әртүрлі пай жарналарын енгізу, бірлесіп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде девидендтер алу және т. б) ;
- өнімді тұтынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорында келісімдерді нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырады және жеткізушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;
- сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
- банктер жүйесімен алынған соммаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу - кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
- мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттағы жұмысы бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға әртүрлі ссалықтар, алымдар, жарналар жүйесін енгізу арқылы жүргізіледі;
- бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде «тікелей» және «көлденең» өзара байланыста болуы.
- Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұныны құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістік жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.
Қаржы механизмі - бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі 5 элементтердің жиынтығы:
- қаржы әдістері;
- қаржы тетіктері;
- құқықтық қамтамасыз ету;
- нормативтті қамтамасыз ету;
- ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржы әдістері - бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады:
- бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі,
- екінші нарықтық қатынастар бойынша.
Қаржы тетігі - бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс - әрекеттерінде қолдана білу.
Құқықтық қамтамасыз етуге:
- заң актілерінің;
- қаулылардың;
- жарлықтардың;
- басқа да құқықтық құжаттардың орындалуы жатады.
Нормативті қамтамасыз ету мыналар арқылы көрінеді:
- инструкция;
- нормативтер;
- нормалар;
- тарифтік ставкалар;
- әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштер
Ақпараттық қамтамасыз етуге:
- экономикалық;
- коммерциялық;
- қаржылай;
- басқа да ақпараттар беру кіреді.
Қаржылық ақпараттарда:
- қаржы тұрақтылығы жөнінде мәліметтер;
- әріптестер мен бәсекелестердің төлем қабілеттілігі, бағасы, курсы, дивиденттері;
- тауарлар мен қорларда және валюта нарығындағы проценттері;
- биржалық жәен биржадан тыс нарықтағы істері жөнінде;
- шаруашылық субъектілерінің қаржылық және коммерциялық қызметтері жөнінде хабарлар болуы керек.
Ақпаратты иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бірден - бір пайдалы септігін тигізеді.
1. 2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының пайда болу көздері
Қаржы ресурстары - бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Сонымен қатар қаржы ресурстары:
- өндірістен тыс саланың объектілерін дамытуға;
- тұтыну;
- жинақтау;
- арнайы резерв қорларын толықтыруға жұмсалады.
Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып құрылған, яғни жарғылық капитал жинаған кезіне сай келеді.
Жарғылық капитал - бұл құрылтайшылар үлесінің негізінде құрылған кәсіпорынның мүлкі.
Қаржы ресурстары негізінен пайданың есебінен қалыптасады. Сонымен қатар:
- тозығы жеткен (істен шығарылған) мүліктерді сатудан түскен түсімдер;
- тұрақты пассивтер;
- әр түрлі мақсатты түсімдер;
- ұжым мүшелерінің әртүрлі жарналары мен үлестерінен құрылады.
Тұрақты пассивтерге қатыстылар:
- жарғылық, резервтік және т. б капиталдар;
- ұзақ мерзімді қарыздар;
- кәсіпорынның айналымдағы несиелік қарыздар.
Қомақты қаржы ресурстары:
- кәсіпорынды құру немесе оны қайта құру кезеңінде;
- акция, облигация және басқа да құнды қағаздарды сату;
- құнды қағаздар және басқа да эмитенттердің дивидендтері мен проценттерінен;
- қаржы операцияларынан түскен табыстар мен несиелерден пайда болады.
Кәсіпорын қаржы ресурстарын:
- өздері мүше ассосиациялары мен концерндерден;
- өздері бағынышты ұйымдардан;
- мемлекеттік басқару органдарынан бюджеттік жәрдем түрінде;
- сақтандыру ұйымдарынан алуы мүмкін.
Қайта бөлу кезінде қалыптасқан қаржы ресурстарының бұл топтарында сақтандыру қорынан түскен төлемдердің көлемі барған сайын артып отырады, ал түсімнің шығындар тізімі қатаң шектелетін бюджеттік және салалық көздері азайып отырады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану мына бағыттарда жүзеге асады:
- өнімдерді (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатуға қатысты ағымдық шығындар;
- өндірісті ұлғайтуда және оны техникалық жағынан жаңғыртуда, материалдық емес активтерді пайдалануда инвестицияланған қаражаттарды капиталға қосу;
- құнды қағаздарға қатысты қаржы ресурстарын инвестициялау;
- қаржылық, банктік төлемдер, бюджеттен тыс қорларға тиісті жарналар төлеу;
- әр түрлі ақша қорларын және олардың резервтерін құру, сыйлықтар беру және басқа сол сияқты әлеуметтік сипаттағы төлемдерді жасау;
- қайырымдылық мақсаттағы демеушілік көмектер беру.
1- сурет Қаржы ресурстары
Амортизация-
лық аударым-
дар
Айнал-
ымда-
ғы қа-ражат-
тары
Мате-
риал-
дық
шығын-
дар құ-
рамын-
дағы тө-лемдер
Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар
(әлеуметтік салық)
Халықтан алынатын салықтар
Қарыздар мен лотореялар
Ерікті жарналар
Жанама салықтар
( қосылған құнға
салынатын салық,
акциздер,
басқалары)
Роялти, бонустар
Табиғи ресурстар үшін төлемдер
Баждар, лицензиялар үшін төлемдер
Тіркеу алымдары Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер
Кәсіпорындарда қаржы ресурстарының құрылымы
2 - сурет
- негізгі қызметінен түскен пайда
- кеткен мүлікті сатудан түскен пайда
- өткізуден тыс операциялар пайдасы
- орнықты пассивтер
- мақсатты түсімдер
- ұжым мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары
- меншікті құнды қағаздарын сату
- дивидендтер және құнды қағаздар проценті
- несие
- сақтандыру өтемі
- концерн, ассоциация, салалық құрылымдардан түсетін қаржы ресурстары
- үлестік жарналарды қалыптастырудағы қаржы ресурстары
- бюджеттік демеу қаржысы
3 - сурет Кәсіпорындарда қаржы ресурстарының құрылымы мен көздері.
Қаржы ресурстарының көздері қоғамдық өнім құнының барлық 3 элементі: «с», «v», «м», болып табылады (1-суретте көрсетілген), бірақ олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі әртүрлі. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, «С» элементін кеңейту үшін қосымша қаржы ресурстар тарту керек. «V» элементі қызметкерлердің жеке табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытты көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін) ; сақтық төлемдері (сыйақылар) ; басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар) . «М» элементі табыс, өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылады.
Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде және микродеңгейде іс - әрекет ететін көздер болып бөлінеді:
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері болып:
- Жалпы ішкі өнім
- Ұлттық байлық
- Тартылған ресурстар
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері болып:
- меншікті қаржы ресурстарының көздері
- өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді) .
1. 3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі және экономикалық қорлары
Инвестиция - алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портфельді болып негізгі материал мен тауар - материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын - үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) - бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал - жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:
- капитал салымын қаржыландыру;
- инвестициялау объектілерін анықтау;
- аталғандардың орындалуын бақылау.
Инвестициялық жобалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Жобалау класына қарай:
- мегожоба;
- мультижоба;
- моножоба деп бөлінеді.
Мегожоба, бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден тұратын мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады және басқарылады. Мысалы:
- халық шаруашылығының құрылымдық реформа жасау;
- нарыққа өту және нарық үлгілерін таңдау;
- сондай - ақ экономиканың жекелеген секторлары мен түрлі өрістерін дамыту бағдарламалары.
Бағдарламалар:
- халықаралық;
- салалық;
- салааралық;
- аймақтық болуы мүмкін.
Мультижоба - ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберінде жүзеге асырылатын жоба.
Моножоба - бұл нақты міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:
- техникалық;
- ұйымдық;
- экологиялық;
- әлеуметтік жобалар.
Ивестициялық принциптер:
- салым қаржысын әрбір бірлігіне келетін пайданың артып отыруы;
- инвестициялау тәуекелін азайту;
- шығынды өтеу мерзімін есепке алу.
Инвестициялық шығынның өтелуі - бұл салынған қаржыны қайтару мерзімі. Қаржы салымдарының шығынды өтеу мерзімі мемлекеттің инвестициялық саясатына тікелей байланысты.
Инвестициялық саясат - бұл халықшаруашылығын дамыту мақсатында қабылданған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін экономика өрістерінде капитал салымдарын пайдаланудың негізгі бағыттарын сипаттайтын ұстаным.
Шығынды өтеу мерзімі - бұл капитал салымдарының нәтижелі болуына қажетті уақыт, яғни инвестициялық жобаларды табыс табу тұрғысында жүзеге асыру. Ол мына формуламен айқындалады:
Т ш. ө = К/П
Т ш. ө - шығынды өтеу мерзімі
К - капитал салымы
П - жылдық табыс
Мәселен жоба бойынша 12млн. тг көлемінде инвестиция тарту көзделген. өндірілген өнімдерді сата бастаған кезде күтілетін жылдық табыс 35 млн. тг. Сонда салымдар неше жылда өтті?
Тш. ө = Алғашқы инвестиция / жылдық табыс = 120 млн. тг / 35 млн. тг = 3, 4 ж
Сонда инвестициялық шығын 3 жыл 4 айда өтеледі екен.
Қорлар - бұл экономикалық игіліктерді өндіруде пайдаланылатын қажетті құндылықтар. Экономикалық қорлар өндірістер мен атқарылатын қызметтерде қолданылатын табиғи және адамдар өндіретін қорлардан тұрады.
Капитал немесе инвестициялық қорлар кәсіпорынның барлық жұмсалған қаражаттары, өндірісте тауарлар мен қызметтерді пайдалану және оны түпкі тұтыну деңгейіне жеткізу (ғимарат, құрылыс, құрал - жабдықтар) .
Қорларға сұранымның ерекшеліктері:
- Ол дайын өнімге деген сұранымды, пайдаланылатын қорларды іске асыру болып табылады. Сондықтан біреуінеің өзгеруі екіншісіне де әсер етеді.
- Қорларға деген сұраным еңбек өнімділігімен тікелей байланысты. Еңбек өнімділігінің артуы экономикалық қорларға сұранымның өсуінің кепілі.
- Қорларға деген сұраным сұранымның басқа да қорларға өсуімен байланысты, яғни қосымша қорлар мен қорлардың орнын толтыратын элементтер бағаларының өзгеруі.
Өндірісте қорлар орнын толтыру процесінде кәсіпорын тиімділіктің мына екі түрімен кездеседі:
- орнын басатын тиімділік, өйткені бір қорды ауыстыру екіншісінің бағасы мен сұранымын өзгертеді;
- өндіріс көлемінің артуынан туындайтын тиімділік. Капитал шығынның өсуі өндіріс көлемін арттырудың негізі, ал бұл, сайып келгенде, қорларға деген сұранымды азайтады.
Жалпы қорытынды ретінде мыналарды атап көрсктуге болады.
Қорларға деген сұраным негізінен мына жағдайларда артады:
- өнімге деген сұраным артса, тұтынуға дайын өнімді өндіруде еңбек өнімділігі жоғарыласа;
- қорларды ауыстыру жұмысының бағасы төмендеп немесе көтерілсе;
- қосымша қорлардың бағасы төмендесе.
Бұл айтылғандардан қорлар сұраным икемділігі деген түсінік туындайды, ал оны анықтайтындар:
- Дайын өнімге сұраным икемділігі неғұрлым көп болса, соғұрлым қоларға сұраным икемділігі жоғары (тауарларға баға жоғарыласа, оған деген сұранымның төмендеуіне әкеледі, қорларды тұтыну да төмендейді) .
- Қорлардың алмасымдылығы: оған деген сұраным икмділігі жоғары болса, егер баға өскен жағдайда, олардың орнын қосатын басқа қорларға мүмкіндік берілсе немесе жақсы жетілген технологиялар енгізілгенде жүзеге асады.
- Жалпы шығында қорлардың үлесі: егер қорлардың үлес салмағы жалпы шығындарда көтеріңкі болса, онда қорларға деген баға өседі, бұл сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғады.
Демек өндірістің жалпы шығындарында қорлар үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.
Кәсіпорынның өндірістік қорлары
1- кесте
Еңбек құралдары (техника, құрал жабдық)
Еңбек заттары (шикізат, материалдар)
Дайын өнім (тауарлар запасы)
Өндірістің табиғи жағдайы (жер, пайдалы қазбалар)
Қорлар
Еңбекке ақы төлеу қоры
Негізгі қор
Айналыс қоры Айналымдағы ақшалар (есеп айырысу шоттары, есеп айырысу, касса)
Жарғылық
Өзгермелі капитал
Негізгі капитал
Айналым капиталы Айналыс жүйесіндегі айналым капиталы
Ақшалай нысандағы айналым капиталы
Негізгі капитал
II. Кәсіпорынның табыстылығын талдау
2. 1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның таабыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz